- •7 .Дәрістер кешені
- •1.Жаңа топты құру.
- •2. Анықтаманың жаңа элементтерін құру.
- •3.Анықтама топтары мен элементтерін көшіру.
- •4.Анықтама элементтері мен топтарын өзгерту.
- •5. Жою таңбасын және анықтама элементтерін жою.
- •6. Жою таңбасын келесі мүмкіндіктер арқылы жүзеге асады:
- •7. Элементтерді көшіру
- •8. Таңдама және іріктеу
- •4.Анықтамалар
- •Тақырып 3. Ақшалай қаржылар есебі
- •3.1.Анықтамалар
- •3.2.Кассалар анықтамасы
- •3.3 Ұйымның банктік шоттары
- •Тақырып 4. Қорлар есебі
- •Тақырып 5. Негізгі құралдар мен меа есебі
- •Тақырып 6. Контрагенттермен бір-бірімен есеп айырысу есебі.
- •Тақырып 8. Өндірістің есебі
- •Тақырып 9. Ққс есебі және табыс салығының есебі
- •Тақырып 10. Есептілік
7 .Дәрістер кешені
Тақырып 1. Ақпараттық жүйедегі «1 С Бухгалтерия».
Дәріс жоспары:
1.Негізгі түсінік және объектілер.
2.Анықтамалар
3.Құжат пен есеп регистрлері
4.Есеп беру және нысандар мен жұмыс істеу.
1.1. 1991 жылы ресейлік фирмада ең алғаш «1 С» бағдарламасы қолданыла басталды,бұл әр түрлі жобалар мен бағдарламаларды іске асырды, сонымен қатар оқитын бағдарламалар мен компьютерлік ойындар шығарылды.
Фирманың танымалдылығын «1 С: Кәсіпорын» жұртқа әйгілі етті.Бухгалтерлік есептің негізі болып «1С Бухгалтерияның 8» бағдарламасы саналады. «1 С Бухгалтерия 8»- бұл әмбебап бағдарлама,ол автоматтан-
дырылған бухгалтерлік және салық есебінің толығымен есептейді.Бұл дайын жоба мекемелерге есепті әр түрлі коммерциялық жүйелерге, яғни соның ішінде: өндіріс,құрылыс,халыққа қызмет көрсетуге,сатудың әр-түрлі түрлерін жатқызуға болады.Сонымен қатар «1 С Бухгалтерия 8» бағдарламасының көмегімен жеке кәсіпкерлер салық есебінің екі түрлі жүйесін жүргізуге болады:
тікелей салық
жалпы салық
«1 С бухгалтерия 8» бағдарламасындағы бухгалтерлік есеп шот Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің №185 бұйрығымен 23 мамыр 2007 жылы «Бекітілген бухгалтерлік есеп шоттың үлгісі».
«1С Бухгалтерлік» бағдарламаның көмегімен бір ақпараттық базамен бірнеше мекемелерді жүргізуге болады және практикалық негізінде бухгалтерлік және салық есептерін есептейді:
Ақшалық операциялар;
Қорларды;
Негіздерді және материалдық емес активтерді;
Өндірістерді және қызмет көрсетуді;
Контагенттермен есеп айырысуды;
Есеп айырысу міндеттемелерді;
Кадрлық есепті іске асыру жіне т.б.
«1С Бухгалтерия» ақпаратын еңгізу әр-түрлі дәрежедегі жағдайда автоматты түрде іске қосылуы мүмкін:
Операцияны қолмен іске қосу бағыты;
Түрлі операцияның бағыты;
Құжат бойынша бағытты автоматтық түрде операцияны нысанға келтіру;
«1С Бухгалтерия» жүйесі екі бағытпен жұмыс істей алады:
Конфигуратор бағыты – автоматтындырылған жүйені,негізгі базада сақтайды.
«1С Конфигурация» барлық мекемелерді ақпаратты түрде жүргізуге болады, сонымен қатар, өңдеп, сақтап нақты ақпаратты кәсіпорынға бере алады.
Конфигурацияны өңдеудегі ақпаратты өңдеуге әр түрлі алгоритм атауының жазылуынан басқа ақпарат базасын әкімшілік функциясы қолданылады.
Жүйені конфигурациялағанда пайдаланушының рөлін және интерфейс жүйесін құруға болады. Әр бір пайдаланушы үшін арнайы интерфейс пен оған арналған рөлі қондырылады.
Әкімшілік функцияларына келесілері жатады:
Активті пайдаланушылардың тізімі;
Пайдаланушылардың әрекетін тіркейтін журнал жүргізу;
Ақпарат базасын шығару;
Ақпараттық базаны тестілеу және дұрыстау;
Пайдаланушылар тізімін енгізу жүйенің әр бір пайдаланушы ақпаратқа еркін кіре алады, олар анықтамалар, тұрақтылар және т.б.
Бір жағынан әр бір пайдаланушы тек өзіне қатысты ақпаратпен жұмыс жасауы керек.
1С:кәсіпорын жүйесінде, бұл жүйелік жұмыс жасайтын пайдаланушылардың тізімін жасауға болады. Бұл тізім пайдаланушының жүйемен жұмысын авторизациялауға қажет,әр бір пайдаланушының паролі болуы керек.
Пайдаланушының тізімін өңдеу үшін конфигуратор тәртібінде мәзірді ашып, «Әкімшіліктеу – пайдаланушылар» командасын орындау керек. Жаңа пайдаланушыларды келесідей жағдайларда енгізуге болады:
Мәзір командасында «әрекет тақтасы – қосу»;
Құрал-саймандар тақтасында пиктограмманы басу арқылы;
«Insert» командасын басу;
Мәзір командасын тышқанның оң жағын басу арқылы «қосу» командасын таңдау.
Ашылған терезеде келесідей деректерді толтыру қажет.
Аты – пайдаланушының қысқа аты. Ақпарат базасында оның атына басқа пайдаланушылардың ерекше болуы керек. Пайдаланушының атауы 1С:кәсіпорын жүйесіне енгізген негізгі ақпаратты енгізгенде жазылуы керек.
Толық атауы – пайдаланушылар туралы толық ақпарат алу мүмкіндігі. Ол үшін тек пайдаланушыны таңдамағанда мүмкіндік береді.
1С:кәсіпорынды аутентификациялау – 1С:кәсіпорын пайдаланушысы оның аты мен паролін енгізгеннен кейін аутентификациялау керек.
Пароль – пайдаланушы жұмысқа кіру үшін пароль енгізуі қажет. Ол тек, 1С:кәсіпорын аутентификациясы қосылып тұрмағанда қолданылады.
Парольдің дұрыстығы – аутентификациялау үшін пайдаланушының паролі. Парольді теріс жазбау үшін, бірдей парольді 2 рет енгізу қажет.
Рольдерге қол жеткізу – бұл конфигурациядағы белгіленген рольдердің тізімі. Арнайы пайдаланушыға арналған рольдер таңбалануы керек.
Негізгі интерфейс – белгіленген конфигурация ішіндегі пайдаланушының негізгі интерфейсі.
Тіл – бұл пайдаланушылармен жұмыс жасағанда тілдер мен елді мекенін өзгерту.
Интерфейстермен жұмыс жасау үшін конфигурацияда бірнеше бағыттар көрсетілген. Басқару есебіндегі есептерді шешу:
Бухгалтерлік – бухгалтерлік есепті жүргізу үшін қажет. Әр бір мәзірдің интерфейсі нақты есепке сәйкес келеді және керекті бухгалтерлік және салықтық есеп объектілеріне кіруге мүмкіндік береді.
Әкімшілікті – бухгалтерлік интерфейсте енгізуге болмайтын, берілген мәліметтерді енгізуге және конфигурацияның барлық объектісіне кіруге мүмкіндік береді.
Әкімшілікті интерфейсі- мәзірдің бір пунктінен құрылады, ол операциялар «операциялар» мәзірі, өз кезегінде бірнеше мәзір ішіндегілерден тұрады. Олар: анықтамалар, шот жоспары, мәлімет регистрлері.
Толық – «Бухгалтерлік» және «әкімшілікті» интерфейстің қосымшасынан құрылады, негізінен бұл интерфейстің «операция» мәзірінің көшірмесі.
Интерфейсқа өту «Сервис- интерфейсқа өту» мәзірі арқылы жүзеге асады.
Белсенді пайдаланушының тізімін қарау – 1С:кәсіпорын жүйесінде 1С:кәсіпорын 8.1 жүйесінде жұмыс жасап отырған белседі пайдаланушының тізімін көруге болады. Тізімді алу үшін бұл тәртіпте «конфигуратор» пунктінен «әкімшіліктеу» -белсенді пайдаланушылар немесе белсенді пайдаланушылар журналын қарауға мүмкіндік бар.
Пайдаланушылардың әрекетін тіркеу журналын енгізу;
1С: кәсіпорын жүйесімен жұмыс жасағанда пайдаланушыны белгілі бір мерзім мен уақытты қандай іс-әрекет орындағаның білу қажет. Ол үшін тіркеу журналы қолданылады. Тіркеу журналын ашу үшін мәзірдің «әкімшіліктеу – тіркеу журналы» пунктын таңдау қажет.
Ақпарат базасын шығару
Ақпараттың жойылуына байланысты, мәліметтер базасындағы ақпаратты әлсін-әлсін сақтау керек. Ақпараттың базасының мұрағатты көшірмесін сақтау үшін «әкімшіліктеу – ақпараттық базасын шығару командаларын орындау қажет. Ашылған терезеде сақталатын файлға атау қойып, ақпарат базасының шығару жолын көрсту қажет. Архивтерді сақтау үшін арнайы бөлек тізімдеме жасау керек, онда сақталған мұрағаттың аты белгіленуі қажет.
Ақпараттық базаны енгізу
Керек уақытта мұрағаттағы мәліметтерді қайта қалпына келтіруге болады. Ол конфигуратор бағытында қайта құрылады, яғни ондағы «әкімшіліктеу –ақпарат базасының жолымен, қайта қалпына келтірілетін файлды таңдау қажет.
Ақпараттық базаны дұрыстау және тестілеу
1С: кәсіпорын жұмыс жасағанда ауытқулар болуы мүмкін, яғни ол компьютер желілерінің өшіп қалуы, операциялар жүйесінің жасалмай қалуы т.б. Бұл жағдайлар ақпарат базасының дұрыс жасалмауына алып келеді. Бұл жағдайды түзету үшін ақпарат базасын тестілеу қажет. Ол конфигуратор тәртібінде мәзірден «әкімшіліктеу – тестілеу және дұрыстау» командалары арқылы жүзеге асады.
Тестілеу процесінде ақпарат базасының кестесіндегі өзгерістерді қайта өзгертуге келмейді, яғни сол қалпына қалады.Сондықтан тестілеу рәсімінде іске асырылмас бұрын, ақпарат базасының резервті базасының резервті көшірмесін жасау керек.
1.2. 1С: кәсіпорын жүйесінде анықтамының шексіз мөлшерін жүргізуге мүмкіндік болады. Анықтама элементтерін оңай қолдану үшін, арнайы қағидаты бойынша топтамаларға жіктеле аладу. Мысалы, номенклатура анықтамысында келесідей топтар құрылуы мүмкін:
● Дайын өнім;
● Шикізат пен материалдар;
● Сатуға арналған тауарлар;
● Қызмет көрсету;
● Және т.б.
Бұндай топтарды құру анықтама конфигурациясында «Иерархиалық» объект арқылы жүзеге асады. Бұл жағдайда анықтамадағы элемент өзінде көрсетілген топтардың ең басты элементі болып саналады. Бұл иерархия түрін «иерархия топтары және элементтері» деп атайды.
Басқа иерархия түрі бар. Ол элементтер иерархиясы. Бұл жағдайда басты элементтер, бұл анықтамалардың элементі мен топтары емес, тек анықтаманың ішіндегі элементтердің бірі болып саналады. Мысалы, бұл иерархия түрін»номенклатура» анықтамасын жасағанда қолданылады.
Иерархия тізімінің тәртібін қосу және өшіру жолымен жүзеге асырылады.:
● Мәзір командалар панелінен әрекет ету – иерархиялық көрсету;
● Құрал-саймандар панелінде пиктограмманы ашу;
● Тышқанның оң жағын басып, мәзір тізімінен иерархиялық көрсету командалары арқылы.
Анықтаманы қараудың 2 тәртібі бар:
1. Иерархиялық – бұл тәртіпте 1-ші деңгейдегі топтар мен элементтерді, ал белгілі бір топтарды таңдағанда 2-ші деңгейдегі топтар мен элементтерді көруге болады.
2. Иерархиялық емес – бұл тәртіпте барлық элементтер мен топтар бір үлкен тізімде көрсетіледі.
Анықтамалармен жұмыс істегенде басты функционалдық мүмкіндіктерін қарастырайық.
