Кинематика
VII нұсқа
Бірқалыпты қозғалатын нүктенің жылдамдығы 2 м/с. Қозғалыс графигін салыңдар.
Тік жоғары лақтырылған дене жерге 3 с – та түседі. а) Дененің бастапқы жылдамдығы қандай? ә) Дене қандай биіктікке көтеріледі? Ауа кедергісі ескерілмесін.
Тас жоғары қарай 10 м биіктікке лақтырылды. а) Тас қанша уақыттан кейін қайта түседі? ә) Егер тастың бастапқы жылдамдығын екі есе арттырсақ, онда тас қай биіктікке көтерілер еді?
Тыныштық қалыптан қозғалған велосипедші алғашқы 4 с – та 1 м/с2 үдеумен жүріп келіп, содан соң 0,1 мин бірқалыпты қозғалды да, соңғы 20 м аралықта бірқалыпты баяу қозғала отырып тоқтады. Барлық жолдағы орташа жылдамдықты табыңдар. Жылдамдықтың уақытқа тәуелділігінің υ(t) графигін сызыңдар.
Биіктігі 5 м тұғырдан секірген жүзгіш 2 м тереңдікке дейін суға сүңгіп кетті. Суда ол қанша уақыт және қандай үдеумен қозғалады?
Бастапқы жылдамдықтары бірдей (50 м/с) екі дене тік жоғары лақтырылды. екінші дене бірінші денеге қарағанда 2 с кеш лақтырылса, олар қанша уақыттан кейін қандай биіктікте кездеседі?
Кинематика
VIII нұсқа
Ұзындығы 60 м ылди бойымен шана 10 с сырғанады. Шана қандай үдеу алады және төбенің етегінде оның жылдамдығы қандай болады?
Қозғалыс басталғаннан кейін автомобиль 3 с ішінде 90 м жол жүрді. Ол 7 с ішінде қандай жол жүреді?
Құздан құлаған тас оның етегіне 6 с ішінде жетті. Құздың тереңдігі қандай?
Пойыз екі бекет аралығын t=20 мин ішінде 72 км/сағ орташа жылдамдықпен жүріп өтті. Үдеу алу мен тежелу уақыты 4 мин – қа созылды, ал басқа уақытта пойыз бірқалыпты қозғалды. Бірқалыпты қозғалыстағы пойыздың жылдамдығы қандай?
Велосипед дөңгелегінің диаметрі 70 см. Жетекші дөңгелекте 48, ал жетектегі дөңгелекте 18 тіс бар. Егер педаль 60 айналым жасаса, онда велосипедші қандай арақашықтықты жүріп өтеді?
Дене жер бетінен 2 м биіктікте тұрған тұғырдан 30 м/с бастапқы жылдамдықпен тік жоғары лақтырылды. ауа кедергісін ескермей 1) дененің ұшу уақытын; 2) максимал көтерілу биіктігін; 3) жерге түсер кездегі соңғы жылдамдығын табыңдар.
Кинематика
IX нұсқа
Троллейбус аялдамадан 0,6 м/с2 үдеу ала қозғалып, 30 м жол жүрді. Осы жолдың соңында троллейбус қандай жылдамдық алады?
Қозғалыс басталғаннан кейін автомобиль 3 с ішінде 90 м жол жүрді. Ол 7 с ішінде қандай жол жүреді?
Мылтықтың оғы қалыңдығы 35 см қабырғаны тесіп өтіп, өз жылдамдығын 800 м/с – тан 400 м/с – қа дейін кемітті. Оқтың үдеуі қандай?
Жүк пойызы бекеттен 36 км/сағ жылдамдықпен өте шықты. 30 мин өткен соң сол бағытта 72 км/сағ жылдамдықпен жолаушы пойызы шықты. Қанша уақыттан кейін және қандай қашықтықта жолаушы пойызы жүк пойызын қуып жетеді?
Дөңгелек араның диаметрі 600 мм. Араның өсіне диаметрі 300 мм шкив кигізілген. Ол электр қозғалтқышының білігіне кигізілген диаметрі 120 мм болатын шкив арқылы қайысты беріліспен қозғалысқа келтіреді. Егер қозғалтқыш білігінің айналу жиілігі 1200 айн/мин болса, онда ара тістерінің қозғалу жылдамдығы қандай болар еді?
Түзусызықты қозғалған дене жылдамдығының Ох осіндегі проекциясының уақытқа тәуелділігінің графигі төмендегі суретте көрсетілген. Үдеудің Ох осіндегі проекциясы мен х координатасының уақытқа тәуелділік графигін сызыңдар.
