Кинематика
IV нұсқа
Қозғалыс х1=12t және х2= 120-10t теңдеулерімен берілген. Денелер қай уақытта кездеседі? Графигін салыңдар.
Сағаттың секундтық, минуттық және сағаттық тілдерінің бұрыштық жылдамдықтарын табыңдар.
Автомобильдің жылдамдығы 72 км/сағ, ал дөңгелегінің айналу жиілігі 8 с-1. Жерге тиіп тұрған дөңгелек нүктелерінің центрге тартқыш үдеуін табыңдар.
Бірінші дене Н1 биіктіктен еркін түседі. Онымен бір мезгілде екінші дене одан жоғарырақ Н2 биіктіктен қозғала бастайды. Екі дене бір мезгілде жерге түсуі үшін екінші дененің бастапқы жылдамдығы қандай болуы тиіс?
Мұз айдынындағы шайбаны таяқпен ұрғанда, ол 20 м/с жылдамдық алады да түзусызықты қозғала отырып, 20 с – тан соң тоқтайды. Осы уақыт ішінде шайба қандай үдеумен қозғалады және қанша жол жүреді?
Суретте берілген жылдамдықтардың уақытқа тәуелді өзгеру графиктері бойынша υ=f(t) теңдеулерін жазыңдар.
Кинематика
V нұсқа
Екі дененің қозғалыс теңдеулері мына түрде берілген: х1=1,5t; х2= -300+10t. а) Денелердің бастапқы координаталары қандай? ә) Қандай жылдамдықпен, қай бағытта қозғалады? б) Қай уақытта кездеседі?
Дөңгелектің бұрыштық айналу жылдамдығы 8π рад/с болса, дөңгелектің айналу периоды және жиілігі қандай?
2 мин ішінде 240 айналым жасайтын дөңгелектің бұрыштық айналу жылдамдығы қандай?
Еңіске қарай ұзындығы 100м жолды шаңғышы 0,3 м/с2 үдеумен қозғала отырып, 20 с ішінде жүріп өтті. Шаңғышының бастапқы және соңғы жылдамдықтары қандай?
Егер еркін түскен дене соңғы 2 с ішінде 60 м жол жүрсе, оның еркін түсуіне қанша уақыт кеткен?
Екі елді – мекеннің арасы 54 км. Осы аралықты пойыз 1 сағ – та жүріп өтсе, онда оның орташа жылдамдығы, ең үлкен жылдамдығы, бастапқы және соңғы үдеулері қандай болады? Алғашқы үдемелі қозғалысқа кеткен уақыты 3 мин, соңғы кемімелі қозғалысқа кеткен уақыты 1 мин, қалған уақытта пойыз тұрақты жылдамдықпен қозғалған.
Кинематика
VI нұсқа
Екі велосипедшінің қозғалысы х1=2t және х2=4+2t теңдеулерімен сипатталады. Осы қозғалыстардың графиктерін бір сызбаға салып, денелердің қай бағытта және қандай жылдамдықпен қозғалатынын анықтаңдар.
Тас биіктігі 20 м көпірден тік төмен тасталған. Су бетіне 1 с – та жету үшін оның бастапқы жылдамдығы қандай болу керек?
40 м/с жылдамдықпен тік атылған жебе нысанаға 2 с өткенде тиеді. Нысана қандай биіктікте орналасқан және оқтың нысанаға тиген кездегі жылдамдығы қандай?
Бала шанамен тау етегіне қарай ұзындығы 40 м жолды 10 с – та өтті де, жолдың горизонталь бөлігіне 20 м сырғанап барып тоқтады. Таудың етегіндегі жылдамдықты, әрбір жол бөлігіндегі үдеуді, жалпы қозғалыс уақытын және барлық жолдағы орташа жылдамдықты табыңдар.
Дене 80 м биіктіктен еркін түседі. Түсудің соңғы секундында оның орын ауыстыруы қандай болады?
Екі машина бір – біріне қарама – қарсы қозғалып келеді. Біреуінің бастапқы жылдамдығы 36 км/сағ, үдеуі 0,2 м/с2. екіншісінің бастапқы жылдамдығы 54 км/сағ, үдеуі 0,4 м/с2. машиналардың алғашқы арақашықтығы 200 м болса, онда олар қай уақытта кездеседі? Кездескенге дейін әрқайсысы қандай жол жүреді?
