Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КИНЕМАТИКА.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.11 Кб
Скачать

Кинематика

I нұсқа

  1. Екі дененің қозғалысы мынандай теңдеулермен берілген: х1=5t; х2=150-10t. x(t) тәелділігінің графигін салыңдар. Олардың кездесетін жерін және уақытын табыңдар.

  1. Бала допты 20 м биіктікте орналасқан терезеден горизонталь лақтырды. Егер доп үй іргесінен 6 м қашықтыққа түссе, доп қанша уақыт ұшқан және ол қандай жылдамдықпен лақтырылған?

  1. Дене 20 м/с жылдамдықпен тік жоғары лақтырылған. Дененің көтерілу биіктігінің уақытқа тәуелділігінің у(t) теңдеуін жазыңдар. Дене қандай уақыт аралығы өткенде 20 м биіктікте болатынын табыңдар.

  1. Жүк машинасының қозғалыс теңдеуі х1=-270+12t, ал осы жолдың жиегімен келе жатқан адамның қозғалыс теңдеуі х2=-1,5т. Бақылау басталар мезеттегі машина мен адамның орындарын табыңдар. Олар қандай жылдамдықпен және қандай бағытта қозғалады? Олар қашан және қай жерде кездеседі?

  1. Доп горизонталь бетке 30о бұрыш жасай 14 м/с жылдамдықпен лақтырылды. Доп лақтыру нүктесінен 11 м қашықтықта тұрған қабырғаға абсолютті серпімді соғылса, ол қабырғадан қандай қашықтыққа кері ыршып түседі?

  1. Өзеннің жағасына орналасқан Ажәне В беттерінің арасын моторлы қайық 3 сағ, ал сал 12 сағ жүзіп өтеді. Ол осы аралықты кері бағытта жүзіп өту үшін қанша уақыт жұмсайды?

Кинематика

II нұсқа

  1. Екі дененің қозғалысы мынандай теңдеулермен берілген: х1=3+2t; х2=6+t. Денелер қай уақытта кездесетінін графиктің көмегімен анықтаңдар.

  1. Горизонталь бетке 30о бұрыш жасап доп лақтырылды. Доптың бастапқы жылдамдығы 100 м/с болса, доптың көтерілу биіктігін, ұшу уақытын және ұшу қашықтығын табыңдар.

  1. Белгілі бір биіктіктен υо=10м/с жылдамдықпен горизонталь лақтырылған дененің ұшу қашықтығы лақтыру биіктігіне тең болса, ол қандай биіктіктен лақтырылған?

  1. Екі велосипедшінің қозғалысы х1=5t; х2=150-10t теңдеулерімен берілген. Жолдың уақытқа тәуелділігінің х(t) графиктерін бір сызбаға салыңдар. Олардың кездесетін жерін және уақытын табыңдар.

  1. Дене горизонталь бетке α бұрыш жасай υо бастапқы жылдамдықпен лақтырылды. Дененің ең жоғарғы көтерілу нүктесіндегі жылдамдығын және жерге қандай жылдамдықпен түсетінін анықтаңдар.

  1. Денені υо бастапқы жылдамдықпен горизонталь лақтырады. t уақыт өткеннен кейінгі дененің нормаль және жанама үдеулерін табыңдар.

Кинематика

III нұсқа

  1. Қозғалыс х1=4+0,5t және х2=8-2t теңдеулерімен берілген. Денелер қай уақытта кездеседі? Графигін салыңдар.

  1. Автомобиль радиусы 40 м болатын дөңес көпір үстімен қозғалып келеді. Оның центрге тартқыш үдеуі еркін түсу үдеуіне тең болуы үшін ол көпірдің ортасынан қандай жылдамдықпен өтуі тиіс?

  1. Зеңбіректен горизонталь бетке бұрыш жасай атылған снаряд 12 с ұшты. Снарядтың ең үлкен көтерілу биіктігі қандай?

  1. Пойыздың жылдамдығы 20 с ішінде 72 км/сағ – тан 54 км/сағ – қа дейін кеміді. Жылдамдықтың уақытқа тәуелділігінің формуласын жазыңдар және тәуелділік графигін салыңдар.

  1. Дененің көтерілу биіктігі ұшу қашықтығына тең болуы үшін, оны горизонталь бетке қандай бұрыш жасап лақтыру керек?

  1. Тыныштық қалпынан лифт 2 с бойы үдемелі қозғала отырып, жылдамдығын 2 м/с жеткізеді, ары қарай 4 с бірқалыпты және 3 с кемімелі қозғала отырып тоқтайды. Лифт қандай биіктікке көтерілген? Есепті графиктік тәсілмен шығарыңдар.