Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИМУЛЬСТІҢ САҚТАЛУ ЗАҢЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
94.72 Кб
Скачать

Имульстің сақталу заңы

IV Нұсқа

  1. Жылдамдығы 5,0 м/с балғаменшегені ұру керек. Балғаның массасы 0,80кг. Егер соққының ұзақтығы 0,10 с болса, онда оның орташа күші қандай?

  1. Массасы 100 кг арба теп – тегіс горизонталь жазықтықта 3 м/с жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келеді. Оған массасы 50 кг жүк тік төмен құлайды. Егер жүк одан сырғып түспейтін болса, онда арба қандай жылдамдықпен қозғалады?

  1. Массасы 100 г дене еркін түсе отырып, 80 м/с жылдамдық алады. Денеге осындай жылдамдық беруші күштің импульсін анықтаңдар.

  1. Массасы 2 кг материялық нүктенің қозғалысы x= 5-8t+4t2 теңдеуімен өрнектеледі. Оның 2 с және 4 с өткеннен кейінгі импульстерін анықтаңдар.

  1. Массасы mо=3000 кг зымыран υо=200 м/с жылдамдықпен ұшады. Старттық бөліктің отыны жанып болғаннан кейін одан массасы m=1000кг старттық бөлігінің сауыты бөлініп қалады да, қалған бөлігінің жылдамдығы 20 м/с – ке артады. Бөлініп қалған сауыттың жылдамдығы қандай?

  1. Айнадай тегіс А шары υо жылдамдықпен қозғала отырып, дәл өзіндей бір – біріне жанасып тұрған В және С екі шармен бір мезгілде соқтығысады. Шарлардың соқтығысын абсолют серпімді деп есептеп, олардың әрекеттесулерінен кейінгі жылдамдықтарын анықтаңдар.

    ИМУЛЬСТІҢ САҚТАЛУ ЗАҢЫ

V Нұсқа

  1. Болаттан және қорғасыннан жасалған көлемдері бірдей екі дене бірдей жылдамдықпен қозғалып келеді. Денелердің импульстерін салыстырыңдар.

  1. Массасы 100 кг жүзгіш бассейн ернеуінен 2,5 кН күшпен серпіле қозғала алады. Осындай серпілісте 0,1 с ішінде қандай жылдамдық алуға болады? Не себептен жүзгішке 0,3 с ішінде серпіле қозғал деп ұсыныс бере алмаймыз?

  1. Массасы 10 кг балға 1,25 м биіктіктен төске еркін құлап соғылады. Соққы күші 5,0 кН. Соққының ұзақтығы қандай?

  1. Массасы 22 кг бала 2,5 м/с жылдамдықпен жүгіріп келе жатып, массасы 12 кг жылжымалы платформаға қарғып шықты. Бала мен платформаның жылдамдығы қандай?

  1. Массасы mшар горизонталь ұшып келе жатып, теп – тегіс үстел бетіндегі массасы М призмаға тиеді де, тік жоғары қозғалады. Соққыны абсолют серпімді деп есептеп, соққыдан кейінгі призма мен шар жылдамдықтарының қатынасын анықтаңдар. Үйкеліс ескерілмейді.

  1. Массасы М кішкене арба горизонталь рельс бойымен υо жылдамдықпен үйкеліссіз қозғалады. арбаның алдыңғы жағына массасы m денені бастапқы жылдамдықсыз қояды. Дене арба бойымен біраз қозғалады да, тоқтайды. Егер дене мен арба арасындағы үйкеліс коэффициенті μ болса, онда дене қанша жол жүрген?

    ИМУЛЬСТІҢ САҚТАЛУ ЗАҢЫ

VI Нұсқа

  1. 72 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан массасы 1000 кг машинаның моторы өшіп қалса, ол қанша уақыттан кейін тоқтайды?Ортаның орташа кедергі күші 0,20 кН.

  1. Бір – біріне қарама – қарсы бірдей υо=3,0 м/с жылдамдықпен қозғалған екі дене соқтығысқаннан кейін бірігіп u=1,5 м/с жылдамдықпен қозғалады. Осы денелердің массаларының қатынасын анықтаңдар. Үйкеліс ескерілмейді.

  1. Массасы 10 г оқ қабырғаны тесіп өткенде жылдамдығы 800 м/с – тен 300 м/с – ке дейін кемиді. Оқ импульсінің өзгерісін табыңдар.

  1. Массалары m1 және m2 екі шар бір түзудің бойымен υ1 және υ2 жылдамдықтарымен қозғалады. Соққы абсолют серпімді және центрлік. Соқтығысудан кейін өзгерген жылдамдықтар u1 және u2 – ге тең. Шарлардың соқтығысудан кейінгі жылдамдықтарын анықтаңдар.

  1. Массасы m1=2 кг дене υ1=3 м/с жылдамдықпен қозғала отырып, υ2=1 м/с жылдамдықпен келе жатқан массасы m2=8 кг денені қуып жетеді. Соқтығысуды центрлік деп есептеп, соқтығысудан кейінгі денелердің жылдамдықтарын: а) серпімсіз; ә) серпімді соқтығысулар үшін анықтаңдар.

  1. Айнадай тегіс А шары υо жылдамдықпен қозғала отырып, дәл өзіндей бір – біріне жанасып тұрған В және С екі шармен бір мезгілде соқтығысады. Шарлардың соқтығысын абсолют серпімді деп есептеп, олардың әрекеттесулерінен кейінгі жылдамдықтарын анықтаңдар.

    ИМУЛЬСТІҢ САҚТАЛУ ЗАҢЫ

VII Нұсқа

  1. Материялық нүктенің қозғалысы x=20+2t-t2 теңдеуімен өрнектеледі. Оның массасын 2 кг деп алып, қозғалыс басталған соң 2 с және 5 с өткендегі импульстерді анықтаңдар. ьОсы өзгерісті туғызған күштің модулі мен бағыты қандай?

  1. Автоматтың ұңғысынан массасы 10 г оқ 300 м/с жылдамдықпен ұшып шықса, онда автоматтың кері тебілгендегі иыққа түсіретін қысым күшінің орташа мәні қандай? Автоматтың ату жиілігі минутына n=300.

  1. Массасы 10 кг снаряд зеңбірек оқпанынан ұшып шығады. Оқ – дәрі газдарының орташа қысым күші 1,2 МН, ал снарядтың оқпан ішіндегі қозғалу уақыты 0,005с. Зеңбіректен снаряд қандай жылдамдықпен ұшып шығады?

  1. Мұз үстінде тұрған массасы 60 кг горизонталь бағытта 20 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан массасы 0,5 кг допты қағып алды. Егер үйкеліс коэффициенті 0,05 болса, онда адам горизонталь бетте доппен бірге қандай аралыққа шегінеді?

  1. Оқу – жаттығу мақсатында пайдаланылатын “ Жер – Жер” зымыранының оқтұмсығының орнына сомтемір алынған. Зымыран атылғаннан кейін массасы 100 кг сомтемір теміржол бойымен горизонталь бағытта 500 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатып, массасы 10 т құм тиелген вагонға тиеді де, онда тұтылып қалады. Егер вагон “ оқтұмсыққа” қарсы 36 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан болса, “оқтұмсық” тигеннен кейінгі оның жылдамдығы қандай болады?

  1. Массасы М кішкене арба горизонталь рельс бойымен υо жылдамдықпен үйкеліссіз қозғалады. арбаның алдыңғы жағына массасы m денені бастапқы жылдамдықсыз қояды. Дене арба бойымен біраз қозғалады да, тоқтайды. Егер дене мен арба арасындағы үйкеліс коэффициенті μ болса, онда дене қанша жол жүрген?

    ИМУЛЬСТІҢ САҚТАЛУ ЗАҢЫ

VIII Нұсқа