- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •2 Курс студенттері (магистранттары) үшін
- •Сөз варианттары
- •Антонимдер
- •Сөздің қосалқы аталымдары
- •Эвфемизмдер
- •Дисфемизмдер
- •1.Қазақ тіліндегі кірме сөздер, олардың түрлері
- •2. Араб-парсы тілдерінен енген сөздер
- •1.Қазақ тілі мен моңғол тілдеріне ортақ сөздер
- •1.Қазақ төңкерісіне дейін енген сөздер
- •2.Қазақ төңкерісінен кейін енген сөздер
- •1. Қазан төңкерісіне дейін енген сөздер
- •2.Қазан төңкерісінен кейін енген сөздер.
- •1.Диалект сөздер, оның ерекшелігі
- •2. Аймақтық сөздердің түрлері
- •Термин сөздер, ерекшелігі, зерттелуі.
- •1.Эмоционалдық-экспрессивті сөздер
- •2.Кітаби лексика
- •Стильаралық бейтарап лексика
- •Сөйлеу тілінің лексикасы
- •Кітаби лексика
- •Экспрессивтік-эмоционалды лексика
- •«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» пәні практикалық сабақ мазмұны: (15 сағат )
- •«Ассоциация» әдісі
- •«Ассоциация» әдісі
- •1.Мәтіндегі асты сызылған сөздерді мағыналық қатысына қарай талдаңыз:
- •«Тоғысқан пікірталас» әдісі:
- •«Кластер» әдісі
- •1.Мәтіннен омонимдер мен синонимдерді бөлек топтаңыз:
- •2.Синонимдес қосымшалы сөзді бір бөлек, омонимдес қосымшалы сөздерді бір бөлек теріп жазыңыздар.
- •«Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі
- •«Тоғысқан пікірталас» әдісі:
- •1.Сөйлемдерден неологизмдер мен терминдерді төмендегі кестеге салып, толтыр.
- •13 Тапсырма тақырыбы: Қазақ тілінің фразеологиясы, түрлері.
- •«Ассоциация» әдісі
- •Төмендегі жыр жолдарындағы мағынасы түсініксіз сөздерге этимологиялық талдау жасаңыз.
- •Сөздіктердің түрлері, олардың қалыптасу тарихи атты баяндама жасаңыз.
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •5В012100-қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- •Пәнді оқытудағы әдістемелік ұсынымдар
- •Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы курсы бойынша емтихан сұрақтары:
- •13 Мамандандырылған аудиториялар ( кабинеттер ) лабораториялардың тізімі
2.Қазан төңкерісінен кейін енген сөздер.
Бұл кезеңде қазақ тілі үздіксіз байып, кемелденіп, жетіліп отырды. Оған орыс тілінің тигізетін ықпалын атап өтпеске болмайды. Орыс тілі бұл кезенде бұрынғы Кеңес Одағындағы барлық ұлт тілдерінің фонетикасы мен фразеологиясына, морфологиясы мен синтаксисіне, стилистикасына, бір сөзбен айтқанда, тілдердің барлық жағынан дамуына үлкен ықпал жасап келді. Кеңес дәуіріңде орыс тілінің өзі жаңа қоғам мен өндірістің, жаңа мәдениет пен ғылым, техниканың дамуына байланысты кемеліне келіп байыды да, сол арқылы басқа тілдерге ықпал жасап отырды. Соның нәтижесіңде бұрын негізінен күнделікті тіршілік пен қарым-қатынастың ғана құралы болып келген қазақ тілінде қоғамдық, саяси, ғылыми терминология қалыптаса бастады. Біздің тілімізге енген интернационалдық терминдер тек орыс тілі арқылы келіп сіңісті (ол туралы «Арнаулы сөздер» деген тақырыпта да айтылады). Сондықтан олардың бәрін де орыс сөздері деп есептейміз. Өзге шет тілдерінен бұл дәуірде тікелей сөз ауысқан жоқ.
Қазақ тілі революциядан бергі кезеңде өзінде жоқ, жетіспеген сөздердің бәрін орыс тілінен (немесе осы тіл арқылы) алды. Бұрынды-соңды тілімізде айтылып көрмеген қыруар термин сөздер ауысып келді. Олар бір-бірлеп кірген жоқ, қаптап лек-легімен енді. Бұлардың басым көпшілігін орыс тіліндегі қалпында, түр-тұлғасы мен мағынасын өзгертпей қабылдадық. Терминдердің айтылуы мен жазылу принципі де сол келген тілге бүтіндей бағындырылды. Бірқыдыру термиңдік ұғымдағы сөздер калька жолымен қазақша сөзбе-сөз аударылып алынды да, қазақтың байырғы төл сөзіңдей етене болып, мүлдем сіңісіп кетті.
Әрбір ұлт тілінің терминологиясын жасауда қандай да бір ғылыми принципке негізделеді. Қазақ тіліңдегі терминологияны қалыптастыруда негізінен екі түрлі принцип бар. Бірінші, терминологияны қалыптастыруда қазақ тілінің өз мүмкіншілігін пайдалану. Орыс тіліндегі терминдердің қазақша баламасын жасау мынадай жолдармен іске асқан:
Орыс тіліндегі терминдерге қазақтың төл сөздері және олардан жасалған туынды сөздер балама етіп қалыптастырылған. Мысалы: ұшқыш (летчик), қондырма (надстройка), ереуіл (забастовка), қолжазба (рукописъ), алғы сөз (предисловие), түйсік (ошущение), амал (действие), бөлінгіш (делимое), жұрнақ (суффикс), тербеліс (колебание), буын (слог), қышқыл (кислота), мүше (член), мүсін (скульптура), жарыс (соревнование), отар (колония), одақ (союз), айтыс (дискуссия), сыншы (критик), жіктеу (классификация), ұяңдау (озвончение), одағай (междометие), етістік (глагол), есімше (причастие), жаттығу (тренировка), орынбасар (заместитель), сүрлеу (силосовать) т. б.
Орыс тіліңдегі сөздерге лайықты балама іздеп табу нәтижесінде кейбір дублет сөздерге дербес мағына теліп, олар бір-бірінен сараланып отырған. Мәселен, білім—ғылым—ілім сияқты бұрынғы синонимдес сөздер қазір жеке-жеке мағынаға ие болып, өзара сараланып отыр. Мысалы: білім—знание, ғылым — наука, ілім—учение. Сол сияқты ту (знамя) мен жалау (флаг) қолғап (рукавица) пен биялай (перчатка), темекі (табак) мен шылым (папироса), кінә (вина) мен күнә (грех) тәрізді жарыспа сөздердің жігі бір-бірінен ажырап, нақтылана түсті.
Орыс тіліндегі термин сөздерді қазақша аударып алуда кейбір аз мағыналы сөздер активтеніп, олардың белсеңділігі арттырылған. Соның нәтижесінде дара мағыналы сөздер көп мағыналы болып қалыптасты, яғни кейбір сөздердің семантикалық шеңбері кеңіді. Мәселен, орыстың фонд, запас, резерв деген үш түрлі сөзі қазақтың қор деген бір ғана сөзімен аударылып жүр. Сол сияқты орыс тіліндегі строй, стройка, строение, устройство, стройтельство, постройка тәрізді бірнеше терминге қазақша құрылыс деген жалғыз сөз балама болып алынған. Каникулы, отпуск дегеңдер қазақша демалыс; вывод, заключение дегеңдердің мағынасы қорытынды деген бір сөзбен берілген.
Орыс тіліндегі терминдерге лайықты атаулық баламалар табу үстінде қолданысқа түспей қалтарыста қалып жүрген ана тіліндегі кейбір көнерген сөздер мен жергілікті сөздер активтеніп қайтадан іске қосылған. Мәселен, терминологиялық сөздікте стрелка деген сөз тіл, жебе болып екі түрлі сөзбен берілген. Здание—ғимарат, уй; клеймо—табра, таңба; тиф—сүзек, кезік; перепонка—жарғақ, желқабық; мочевой—несеп, тынжы болып аударылған.
Осыңдағы жебе, ғимарат дегендер — архаизмдер, табра, кезік, желқабық, тынжы дегендер жергілікті сөздер. Қажетті жеріңде бұлар да әдеби тілдің кәдесіне жараған.
Орыс тіліңцегі терминдерді аударып алуда казақтың кейбір төл сөздері бұрынғы негізгі мағынасының үстіне терминдік жаңа мағына қосып алған. Мәселен, сыбаға деген сөз бұрынғы мағынасының үстіне орысша удел (сыбағалы салмақ) деген терминдік мағына; жеу, құрбан ету дегендер орысша жертва деген спорт терминінің орнына қолданылады. Мешел деген сөз медицинада рахит, ал теміреткі—экзема деген сөздердің орнына балама етіп алынған.
Орыс тіліндегі терминдерді қазақшаға аудару барысында тіліміздегі көптеген жұрнақтар, әсіресе -у, -лық, -лік, -ыс, -іс, -ма, -ме сияқты жұрнақтардың сөзден сөз тудыру қабілеті мейлінше кеңейгендігі байқалады. Мысалы: созревание — пісу, жетілу; увольнение — босату, шығару; отравление — улану, ұшыну; поошрение — мадақтау, көтермелеу, кружок — үйірме, надстройка — қондырма, колебание — тербеліс, литье — құйма, плавка — қорытыс, доказательство — дәлелдеме, решение — шешім, донесение — хабарлама т. б.
Көп мағыналы терминдердің лайықты балама табылған мағынасы аударылып қазақша берілсе, баламасы жоқ мағынасы орысша қалпында берілген. Мәселен, фаза сөзінің қоғамдық ғылымда қолданылатын мағынасын кезең десек, физика ғылымындағы мағынасы фаза деген қалпыңда алынған. Блок та сол тәрізді бірде одақ, бірде блок болып қолданылып жүр.
Орыс тіліндегі көп мағыналы термиңдер қазақ тіліне ауысқанда, әрдайым бір мағынасында ғана ауысып қолданылады. Мәселен, операция, ассимиляция, база, варвар, балласт, вассал сөздері орыс тілінде көп мағыналы болғанымен, қазақ тілінде көбінесе дара мағынада жұмсалады.
Орысша туынды терминдерді қазақ тіліне қабылдау қажет болған жағдайда, олардың түбірі сол қалпында алынып, орысша қосымшасы қазақ тілінің қосымшасымен алмастырылады. Мәселен, нормироватъ, наградить, газификация, электрификация, цементировать тәрізді терминдер қазақша нормалау, наградтау, газдандыру, электрлендіру, цементтеу болып аударылады.
Кейбір сөздер қазақша бір ғана емес, әлденеше сөзбен аударылып жүр. Мәселен, тело — дене, кейде тән; способ — тәсіл және жол; смысл — мән, мағына; изображение — кескін, сурет; картина — көрініс, сурет; рукоятка — сап, тұтқа; руководитель — басшы, жетекші; протокол — хаттама, мәжілісхат; позиция — ұстаным, айқындама; клоун — масқарапаз, мейрампаз, мәздем; микрорайон — мөлтекаудан, ықшамаудан, шағынаудан т. б. болып әр түрлі аударылып жүр. Кейбір термин сөздердің орысшасы мен қазақшасы жарыса қолданылып жүр. Мысалы: метод—әдіс, форма—түр, тұлға т. б.
Екінші принцип — термиңдерге қазақ тілінде балама болмаған жағдайда оларды орыс тілінен алып пайдалану. Бұларға негізінен интернационалдық терминдер жатады.
Қазақ тіліндегі терминдік мәндегі сөздерді саралап, жіктеп көрсек, оларды қолданудың аясы әрқалай екенін көреміз. Көптеген терминдер белгілі бір тілдегі ғылым мен өндірістің немесе шаруашылық пен кәсіптің бір саласына ғана меншіктеліп тар көлемде өмір сүреді. Кейбір терминдер жалғыз бір тілдің аясыңда шектелмей, көптеген тілдерге ортақ кең шеңберде қолданылады.
Көптеген тілдерге ортақ, халықаралық сипаты бар сөздер интернационалдық терминдер деп аталады. Мысалы: биология, химия, атом, театр, графика, конституция, революция, демократия, архитектор, циклон, роман, поэзия, пейзаж, контшент, аптека, эксперимент, электр, экономика, грамматика, виктория, базис, металл, алфавит, климат, магнит, планета, хор, арена, автор, экзамен, цирк, доктор, градус, депутат, цирк, фотография, хирургия, операция т. б.
Интернационалдық терминдердің шығу тегін іздестіріп қарасақ, көбінесе грек пен латын тілдерінен тарағаңдығы байқалады. Мәселен, антология, кафедра, музей, драма, стадион, гармония, графика, автомобиль, телефон, телеграф, синтаксис, диалект, филология, зоология дегендер грек тілінен шықса, диктатура, эскпедиция, архив, цензура, формула, операция, агрессия, материализм, террор, объект, конституция дегендер латын тілінен тараған. Сонымен бірге басқа тілдерден де көптеген интернационалдық сөздер шыққан. Мәселен, қазіргі казақ тіліндегі танк, комбайн, трактор, блок, бойкот, бокс, футбол, баскетбол, хоккей, раунд, клоун, вокзал, рекорд, клуб, торт, сквер, гол, тренер, финиш, матч, бюджет, лидер т. б. ағылшын сөздері; ансамбль, буржуазия, бюро, люстра, портфель, компот, билет, гектар, пальто, мебель, шовинизм, раса, авангард, бюллетень, капитал, жаргон, салют, десант, атака, такси, машина, аванс, массаж, наркоз т. б.; француз сөздері: папка, шляпа, цех, кран, штраф, слесаръ, танец, штаб, штурм, бухгалтер, курорт, вахтер, балетмейстр, парикмахер т. б.; неміс сөздері; опера, ария, балкон, лоджия, бас, дуэт, тенор, квартет, контата, соната, студия, касса, валюта т. б.; итальян сөздері: матрос, флот, якорь, вымпел, компас, каюта, конвой, катер т. б. голланд сөздері: алгебра, бедуин, алкоголь, суфизм т. б. араб сөздері: совет, спутник, колхоз, совхоз, большевик т. б. орыс сөздері дүние жүзіңдегі көптеген елдерге тараған.
Сөйтіп, революцияға дейін орыс сөздері қазақ тіліне негізінен ауызекі түрде ауысса, революциядан бергі кезенде кең көлемде баспасөз арқылы еніп отырды. Бірінші кезенде енген сөздердің ішінде әкімшілік, ел билеуге, тұрмысқа қатысты сөздер көбірек болса, екінші кезенде терминдік сипаты бар сөздер басым болды. Қазақ тілі өзінде жетіспеген жоқ сөздің бәрін Кеңес дәуірінде орыс тілінен (немесе осы тіл арқылы) алды да, өзінің сөздік құрамын жетілдіріп, байытып отырды.
1950—1960 жылдардан бері қарай қоғамдық жұртшылық санасында тілімізге кіріп кеткен орыс сөздерінің қолданылуын реттеу, мүмкіңдігінше бұлардың қазақша баламасын табу, егер баламасы болмаса, оны жасанды түрде беру талабы көрініс бере бастады. Мәселе бұл арада тілімізге әбден кірігіп, ана тілінің өз сөзіңдей болып кеткен (самауыр, зауыт, бедре, бәтіңке т. б.), болмаса баламасын қазақша беру мүмкін емес орыс сөздері (пойыз, пароход, паровоз, бригада, молотилка т. б.) жайында емес. Жоғарыдағыдай жұртшылық талабы ол кезде негізінен ғылыми, техникалық терминдерге жатпайтын, қазақша атауға бола тұра орысша аталып келген күнделікті тіршілікке, тұрмыс-салтқа байланысты нақты зат, бұйым атауларына қатысты болды. Соның нәтижесінде остановка — аялдама, холодильник — суытқыш, мороженое — балмұздақ, дача — саяжай, простыня — ақжайма т. б. болып казақша аталатын болды.
Республика тәуелсіздікке ие болған 1991 жылдан бастап, күнделікті тіршілікке, тұрмыс-салтқа байланысты сөздермен бірге енді халықаралық мәні бар терминдік сөздерге балама табу талабы күшейе бастады. Ол үшін қазақ тілінің ішкі қорыңдағы мүмкіңдіктер пайдаланып, қаншама терминдердің қазақша баламалары қалыптасты.
Бірінші, 1920—30 жылдарда жиі қолданылып, кейін қолданылудан шығып қалған бірқатар сөз кайта жаңғыртылды. Мысалы: кеңес — совет, төраға — председатель, хатшы— секретарь, жал — аренда, құқық — право, сарапшы — эксперт т. б.
Екінші, орыс сөздерінің баламасы жасаңды сөздер арқылы берілетін болды. Мысалы: ақпарат — информация, сұраным, сұраныс — спрос, әнұран — гимн, елтаңба — герб, ұшақ — самолёт, көкөніс — овощ, бағдарлама — программа, өркениет — цивилизация, ресімдеу — оформление, демеуші — спонсор, өтем — компенсация, отбасы — семья, жекешелендіру — приватизация, пікірсайыс — дискуссия, саяжол — аллея, қуғын-сүргін — репрессия, көпсайыс — многоборье, мұражай — музей, жүктеме — нагрузка, әуежай — аэропорт, төлқұжат — паспорт т. б.
Бұл сияқты баламалық жаңа сөздер көбінесе сөзге жұрнақ жалғау, сөздерді біріктіру, тіркестіру тәсілдері арқылы туған.
Үшінші, бірқатар орыс сөздеріне балама ретінде жергілікті және байырғы, көне сөздер пайдаланылды. Мысалы: кеден — таможня, қолтырауын — крокодил, егемен — суверенитет, әмбебап — универсал, кешен — комплекс, жарғы — устав, тәргілеу — конфисковать, асаба -— тамада, нарық — рынок, бап — статья, әкім — администратор, ғарыш — космос, ғимарат — сооружение, әділет — юстиция (Әділет министрлігі — Министерство юстиции), мәртебе — статус, март — наурыз, мамыр — май, қазан — октябрь, қараша — ноябрь, қаңтар — январъ, сәрсенбі — среда, жұма — пятница, жексенбі — воскресенье, мәздем — клоун, ұлан — гвардия т. б.
Орыс
сөздеріне қазақша балама қалыптастырудың
жоғарыдағыдай
нәтижелі мүмкіншіліктері арқылы сөздік
қазынамызды
жетілдіру ісі бұдан былай да жалғаса
бермек. Бұл арада әрқашан есте болатын
жәйт, Р.Сыздықова айтқандай,
«ана тіліміздің
дұрыс, жақсы қолданылуы, табиғи
заңдылықтарының бұзылмауы,
ұлттық колоритінен айырылмауы» болуға
тиіс.
Сонымен бірге орыс тілі арқылы кірген сөздерге балама іздестіруде жөнсіз ауытқу да жоқ емес. Мысалы, кейбіреулер ұсынғаңдай, планета сөзін — ғаламшар, чемпионды — дүлдүл, рецепті — ішірткі, конференцияны — алқа жиын, газетті — үнқағаз, радионы — үнжария, телефонды — үнсандық, магнитофонды — үналғы, министрді — уәзір, стадионды — ойынжай, роботты — көктемір, награданы — мадақнама т. б. деп атауды құптау қиын. Осыған байланысты Р. Сыздықованың «Мұндай ұғымдардың халықаралық тұлғаларының орнына жасаңды сөздерді ұсынып, төл-тұлғамен шектеліп қалғанымыз әлемдік білім-ғылымға араласуымызға салқынын тигізбей ме? Біз үшін ғылым мен техника саласында оқшаулана түскеннен гөрі ортақ терминологиямен етене араласу қажеттігі тиімдірек болмас па? деген сияқты сан алуан сауал алдымыздан шығады. Сондықтан терминология проблемасының әрбір тұсын жеке-жеке айырып, терминдерді топ-топқа бөліп қарап, әр топтың жасалу принциптерін нақты түрде айқындап ұсыну керек» — деген пікірінің орыңды екенін айтуға тиіспіз
Негізгі әдебиеттер:
Айғабылұлы А. Қазақ тілінің лексикасы. А., 1988; 1995.
Аханов К. Қазақ тілінің лексикасының мәселелері. А., 1956.
Болғанбаев Ә. Қазақ тілі лексикологиясы. А., 1979; 1988.
Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. А., 1976.
Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. А., 1962; 1975.
Қазақ тілі. Энциклопедия. А., 1998.
Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. Грамматика. А., 1954.
Қалиұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2004.
Малбақов М. Қазақ сөздіктері. Алматы, 1995.
Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. 1-бөлім. А., 2003.
Қосымша әдебиеттер:
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973; 1978; 1993.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1999.
Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. Алматы, 1987.
Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. А., 1988.
Қайдаров Ә. Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері. А., 1998.
Қалиев Ғ., Оралбаева Н., Хасанова С., Шалабаев Б. Қазіргі қазақ тілі. А., 1992.
Қалиұлы Б. Қазақ тілінің көкейкесті мәселелері. А., 1997.
Қордабаев Т. Түркология және қазақ тіл білімі. А., 1998.
Сағындықұлы Б. Қазақ тілінің лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. А., 1994.
Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі өзекті мәселелері. А., 2000.
Тіл білімі сөздігі. А., 1998.
Хасенов Ә. Тіл білімі. А., 1996.
№16-17 дәріс тақырыбы: Қазіргі қазақ лексикасының стильдік мәні және қолданылу шеңбері.
Жоспары:
1. Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік ерекшеліктері
2. Бейтарап, сөйлеу тілі,кітаби лексика
Жалпылама лексика адам баласының күнделікті күн көріс тіршілігіне ең қажетті заттар мен құбылыстарға қатысты жалпы танымал сөздерді қамтиды. Бұлар бір тілде сөйлейтін адамдардың бәріне түсінікті ортақ болғандықтан, жалпылама лексика деп аталады. Мысалы: ауа, су, тамақ, үй, мал, нан, ағаш, көру, істеу, ішу, жеу, қоректену, суару, үлкен, кіші, жақын, ақ, қызыл, мен, сен, бес, он, жүз, мың, алға, кейін, төмен, жоғары, озық, үшін, дейін, сияқты т. б.
Бұл сияқты сөздер малшыға да егіншіге де, жұмысшыға да, аңшыға да, балықшыға да, ақынға да, ғалымға да, бір сөзбен айтқанда, қазақша тіл білетіңдердің бәріне бірдей қызмет етеді. Жалпылама сөздердің негізіңде стильдік мәні жағынан бейтарап лексика қалыптасады. Оларға қолданылу жағынан ешқандай шек қойылмайды, барлық стильге бірдей, ортақ мәнді қызмет атқарады. Бұл топқа енетін сөздер дүниедегі зат, құбылыс атауларын, қимыл-қозғалыстарды, сан-сапа мөлшерін ешбір қосымшасыз нақ болған күйіңде алып дәл көрсетеді. Жалпылама лексикаға тән сөздер негізінен өзінің тура мағынасыңда жұмсалады. Мысалы: Мәскеуден ұшқан ұшақ Алматыға дәл уақытында келіп қонды. Мал биыл қыстан күйлі шықты. Бүгін ауа райы ашық болды. Дәурен өткен жылы бесінші класты бітірді деген сөйлемдердегі әрбір сөз тек өзінің тура мағыналарында ғана қолданылып тұр. Сонымен қатар осында қанша сөз болса, соның бәрі де қазақ тіліңдегі жалпылама лексикаға жататын сөздер. Жалпылама лексика бүкіл сөздік құрамдағы сөздердің сан жағынан ең көбі, тілдегі сөз байлығының негізін құрайды. Бұл сөздер жазба тілде болсын, сөйлеу тіліңде болсын жалпы халыққа өте-мөте түсініктілігімен, анық-айқыңдылығымен, табиғи да қарапайымдылығымен бірден көзге түседі. Сол себепті жалпылама лексика әдеби тіл сөздігінің негізгі қоры болып табылады.
Қазіргі қазақ тілі лексикасы эмоциональді-экспрессивтік бояулы болу,болмауына қарай ғана бөлінбейді,стильдік тармақтарға қарай да икемделеді. Мысалы, іскер,ысылған, тіс қаққан, қақсал,әккі,тәжірибелі деген синонимдес сөздерді алсақ, тәжірибелі, ысылған, іскер сөздері бейтарап болады да, барлық стильде қолданыла береді. Ал тіс қаққан көркем әдебиет, публицистикада, ал қақсал, әккі сөйлеу тілінде қолданылуға бейім келеді. Тіліміздегі сөздердің қай стильде қолданылуына байланысты саралануы қайтып өзгермейтін, түпкілікті жәйт емес. Ол әр түрлі қолданылыста өзгеріп, бірінен-біріне өтіп отыруы да немесе бейтарап лексика ретінде қалуы мүмкін. Керісінше бейтарап лексика құрамынан шығып, белгілі стильге тән мән-мағынаға ие болуы да мүмкін. Сондықтан қазақ лексикасы стиль жағынан
1. стильаралық \ бейтарап\ лексика
2. стильдік тармақтарға тән бейімделген лексикалар деп бөлінеді.
Бейтарап лексика. Бейтарап лексика деп стильдік тармақтың белгілі бір түріне ыңғайланбаған, қай тексте де қолданылуға келе беретін сөздерді айтады. Оған су, нан, теңііз, көл, дала, ағаш, өсімдік, жапырақ, жоғары, төмен, ой, қыр, қырат, жау, ойпат, отыз, қырық, кет, кел, жоқ, қазір, ертең, бүгін, қыс, жаз, көктем, күз т.б. сөздер жатады. Стильдік тармаққа сараланған сөздерге белгілі бір стильде қолданылып қалыптасқан сөздер жатады. Сондықтан қазақ тілі лексикасын
1. сөйлеу тілі лексикасы
2. кітаби лексика деп екі топқа бөлуге болады.
Сөйлеу тілі лексикасы -сөйлеу тілі лексикасы ауызша қолданылғандықтан кітаби \ жазба\ лексикаға салыстырып қарастырылады. Сөйлеу тілі лексикасы әдеби тіл нормасында да,әдеби тіл нормасынан тыс қалыпта да емін-еркін қолдыныла береді. Мысалы ояқ \ ол жақ \, бұяқ \ бұл жақ \, порым \ пошым\, кәдулігі \ кәдімгі \, таламақай \ талау\, гүждену \ күшею\, табаныңды жалтырат \ кет\, тайып тұр \ жоғал,кет\, құйтымдай, титімдей \ кішкентай\.
Сонымен бірге сөйлеу тілі лексикасынан диалект, кітаби сөз, жаргондарды да бөлуге болмайды. Сондықтан сөйлеу тілі лексикасын әдеби сөйлеу тілі лексикасы, бейәдеби сөйлеу тілі лексикасы деп бөлуге болады.
Кітаби лексика. Кітаби лексикаға әдеби нормаға енген, ғылыми публицистикалық, іс қағаздар, көркем әдебиет стильіне қолданылатын сөздер жатады.
А) Ғылыми стильге тән сөздер \ терминдер \: меридиан, ендік, етістік, бастауыш, үшбұрыш т.б.
ә) Публицистикалық стильге тән сөздер: жеңімпаздар, алдыңғы қатарлы, биік меже, еңбек адамы, еңбеккер, бастама, еңбек мерекесі, еңбек өнімділігі, мақала, очерк, бас мақала т.б.
б) іс-қағаздар стильіне тән сөздер: жиналыс,отырыс, шешім, ақпар, орындалсын, іске қосылсын, міндеттеме, жоспар, ұйым, ұсыныс, мәжілісхат т.б.
в) поэтикалық лексика: сүмбіл шаш, ғарыш \ космос\, бұраң бел, оймақ ауыз, ақ білек т.б.
№18 дәріс тақырыбы: Диалектілік лексика және оның тілде алатын орны
Жоспары:
