- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •2 Курс студенттері (магистранттары) үшін
- •Сөз варианттары
- •Антонимдер
- •Сөздің қосалқы аталымдары
- •Эвфемизмдер
- •Дисфемизмдер
- •1.Қазақ тіліндегі кірме сөздер, олардың түрлері
- •2. Араб-парсы тілдерінен енген сөздер
- •1.Қазақ тілі мен моңғол тілдеріне ортақ сөздер
- •1.Қазақ төңкерісіне дейін енген сөздер
- •2.Қазақ төңкерісінен кейін енген сөздер
- •1. Қазан төңкерісіне дейін енген сөздер
- •2.Қазан төңкерісінен кейін енген сөздер.
- •1.Диалект сөздер, оның ерекшелігі
- •2. Аймақтық сөздердің түрлері
- •Термин сөздер, ерекшелігі, зерттелуі.
- •1.Эмоционалдық-экспрессивті сөздер
- •2.Кітаби лексика
- •Стильаралық бейтарап лексика
- •Сөйлеу тілінің лексикасы
- •Кітаби лексика
- •Экспрессивтік-эмоционалды лексика
- •«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» пәні практикалық сабақ мазмұны: (15 сағат )
- •«Ассоциация» әдісі
- •«Ассоциация» әдісі
- •1.Мәтіндегі асты сызылған сөздерді мағыналық қатысына қарай талдаңыз:
- •«Тоғысқан пікірталас» әдісі:
- •«Кластер» әдісі
- •1.Мәтіннен омонимдер мен синонимдерді бөлек топтаңыз:
- •2.Синонимдес қосымшалы сөзді бір бөлек, омонимдес қосымшалы сөздерді бір бөлек теріп жазыңыздар.
- •«Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі
- •«Тоғысқан пікірталас» әдісі:
- •1.Сөйлемдерден неологизмдер мен терминдерді төмендегі кестеге салып, толтыр.
- •13 Тапсырма тақырыбы: Қазақ тілінің фразеологиясы, түрлері.
- •«Ассоциация» әдісі
- •Төмендегі жыр жолдарындағы мағынасы түсініксіз сөздерге этимологиялық талдау жасаңыз.
- •Сөздіктердің түрлері, олардың қалыптасу тарихи атты баяндама жасаңыз.
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •5В012100-қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- •Пәнді оқытудағы әдістемелік ұсынымдар
- •Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы курсы бойынша емтихан сұрақтары:
- •13 Мамандандырылған аудиториялар ( кабинеттер ) лабораториялардың тізімі
1.Қазақ төңкерісіне дейін енген сөздер
2.Қазақ төңкерісінен кейін енген сөздер
1. Қазан төңкерісіне дейін енген сөздер
Қазақ пен орыс халықтары қонысы мен өрісі ежелден іргелес, көрші елдер. Сол себептен бұл елдердің арасындағы сауда-саттық, шаруашылық пен мәдени байланыстар өте ерте кезден дами бастағандығы белгілі. XVI—XVII ғасырларда қоныс араласуымен, сауда-саттықпен байланысты қарым-қатынастар күшейсе, XVIII ғасырдың 30 жылдарынан бастап, Қазақстанның Ресей империясына бағынуы бұл байланыстарды одан әрі нығайта түскен. Осыңдай ұзақ уақыт үздіксіз қарым-қатынаста болу нәтижесінде орыс тілінен қазақ тіліне көптеген сөздер ауысқан. Бірақ біздің тілімізге енген орыс сөздерінің сыр-сипаты мен игерілу дәрежесі әрқашан да біркелкі болмаған. Сол себепті орыс тілінен ауысқан кірме сөздерді екі кезеңге боліп қараймыз: а) 1917 ж. Қазан революциясына дейінгі кезең, ә) Қазан революциясынан кейінгі кезең.
Революцияға дейінгі кезеңде ауысқан орыс сөздері баспасөз арқылы жазба түрде тарамаған, көбінесе ауызша сөйлеу тілі арқылы енген. Сондықтан болса керек, бұл кезеңдегі кірме сөздер түгелдей дерлік қазақ тілінің дыбыстық зандарына бағынып өзгерген. Қазіргі әдеби тілімізде революцияға дейін ауысқан орыс сөздері (бірлі-жарым терминдік мәні бар сөздерді қоспағанда) негізінен қазақ тілінің емлесіне сай, өзгерген қалпыңда жазылады. Бұл сөздерді мынадай топқа бөліп қараймыз:
а) Тұрмыс қажетіне қатысты сөздер. Мысалы: жәшік (ящик), кереует (кровать), бөтелке (бутылка), бөшке, мөшке (бочка), лампы (лампа), көшір (кучер), сиса (ситец), бәтеңке (ботинки), калош (галоши), барқыт (бархат), әшмөшке, әшмөңке (восьмушка), шайнек (чайник), сіріңке (серники), мәтке (матица), кілет (клетъ), күршек (крючок), сөтке (сутки), өшірет, шірет (очередь), пар (пара), гармон (гармонь), аршын (аршин), порым (форма), күмәжнек (бумажник), мөшек (мешок), тұрба (труба), рысқұт (расход), божы (вожжи), кәмпит (конфеты), бедре (ведро), самауыр (самовар), сөмке (сумка) т. б.
ә) Әкімшілік басқару ісіне байланысты сөздер.
Мысалы: ояз (уезд), шен (чин), мінәпас (манифест), болыс (волость), старшын (старшина), сот (суд), түрме (тюрьма), уйез (уезд), губерне (губерния), атпекет (адвокат), ауылнай (ауыльный), жандарал (генерал), поштабай (почтовой), майыр (майор), кантор (контора), сияз (съезд), пртокол (протокол), іштрап (штраф), пірговор (приговор), бүбірнай (выборный) т. б.
б) Ғылым мен мәдениетке, техникаға қатысты сөздер. Мысалы: зауыт (завод), пабрік (фабрика), мәшине (машина), пароход, минөт (минут), секөнт (секунд), газет (газета), жорнал (журнал), агроном, кемназия (гимназия), класс, парта, ентфнат (интернат), молотелка, сеялка, банік, ләпке (лавка), семенария, пәнер (фанера), училище, пансион, учет, алгебра, карта, кінеге (книга) т. б.
в) Қоныс аударуға қатысты сөздер.
Мысалы; учаске (участок), пылан (план), заимка, колония, землемер, қотыр (хутор), әренда (аренда), десетине (десятина), ысклад (склад), загон, сажен (сажень) т. б.
Революцияға дейінгі ауысып келген орыс сөздерінің кейбіреулері тек түр-тұрпатын ғана емес, ішкі мағынасын да өзгерткен. Мәселен, орыс тілінде гиря деген сөз бір нәрсенің салмағын өлшегенде таразыға салынатын тастарды білдірсе, қазақ тілінде таразы сөзінің синонимі болып қабылданылады. Мысалы: санақтағы сиырлар кірге түсірілді ме? (Ж. Тілеков). Кір деген сөзден кірші, кірлеу, кірлету, кірлесу, кірге тарту, кірге түсу сияқты жаңа сөздер туыңдап, қазақ лексикасын байытқан. Рет (ряд) деген сөздің білдіретін ұғымы қазақтың қатар деген сөзіне дәл келеді. Ал қазақ тілінде бұл сөз орыс тіліндегі мағынасын бүтіндей өзгертіп, басқаша мән алған. Мәселен, Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі (мақал) дегендегі рет сөзі орыстың раз деген сөзінің орнына жүріп тұр. Кеше немістер бізге үш рет шабуыл жасады (Б. Момышұлы). Бұл сөйлемде рет сөзі мәртебе деген сөзбен синоним болып жұмсалған. Сөзін ретпен айтты дегеңдегі ретпен сөзі белгілі тәртіппен, жүйемен дегенге келеді. Егер ісім өнсін десең, ретін тап (Абай). Мұнда рет сөзі қисын, жөн, ыңғай мағынасында қолданған. Демек, орыстың ряд деген сөзі қазақ тіліне енген соң, түр-тұрпатын да, мән-мағынасын да өзгерткен. Сонымен қатар семантикалық ұғымын кеңейте отырып, жаңадан бірнеше сөз тудыруға ұйытқы болған. Мысалы: ретті, реттік, реттілік, ретсіз, ретте, реттегіш, реттеу, реттеуші, реттету, реттестіру, реттеңкіреу, реттелу, реті бар, реті жоқ, реті келмеу, ретін табу, рет саны, реттік сан, реттік сан есім т. б.
Қазан революциясына дейінгі қазақ тіліне енген орыс сөздерінің бірсыпырасы қазақтың төл сөздерімен синонимдік қарым-қатынаста жұмсала жүріп, көп жағдайда төл сөздерден басым түсіп, жалпыхалықтық сипат алып отырған. Мәселен, орыс тілінен ауысқан бөтелке, бөшке, гармон, божы, кәмпит, бишік, кірпіш, сіріңке, көшір тәрізді сөздер қазіргі әдеби тілден мықтап орын тепкен де, бұлардың ана тіліңдегі сыңарлары сөйлеу тіліне қарай ығысқан, сөйтіп пассив сөзге айналған. Қазір сіріңке деген сөз тұрғанда оның орнына оттық, күкірт, шақпақ деген сөздерді қолдану әдеби нормаға жатпайды. Сол сияқты гармон деген сөз тұрғанда, сырнай, керней, ал кірпіш тұрғанда қыш әдеби тілде қолданылмайды. Демек, бұл сияқты орыс сөздері сөздік қорға басыбүтін кіріп, әбден орнығып алған.
Еңді бір жағдайда қазақтың тума сөздері орыс тілінен ауысқан сыңарларын сөйлеу тіліне ығыстырып жіберген. Мәселен, шыт, тәулік, кезек, құлақшын, шам, ілгек, ие, кесе деген сөздер әдеби тілдің шеңберінде жалпылама қолданыла береді. Ал бұлардың орыс тілінен келген сыңарлары: сиса, сөтке, өшірет, малақай, лампа, қожайын, күршек, пияла сияқты кірме сөздер көбінесе сөйлеу тілінде, көркем шығармада кейіпкерлердің тілінде кездеседі. Орыстың пара деген сөзі біздің тілімізге пар болып ауысқан. Пар деген сөзден парластыру, парласу, парлату, парлау тәрізді туынды сөздер жасалып, сөздік құрамды байытуға ат салысқан. Сол сияқты мәнерлі сөз, мәнерлеу тәрізді жаңа ұғымның тууына орыстың манера деген сөзі себепкер болса, межелі жер, межелеу деген тың сөздердің жасалуына да орыстың межа деген сөзі ұйытқы болған.
Ертеде ауысып келген орыс сөздерінің ішіңде әр түрлі стильдік мән тудырып жүргеңдері де бар. Мәселен, шен (чин) деген сөз орыс тілінде әскери атақ, дәреже дегеңді білдірсе, қазақ тіліңде мансапқұмар, атаққұмар адамға кекесін ретіңде айтылады. Шен деген сөзден шен алу, шен-шекпен, шендес, шеншіл, шен құмар деген жағымсыз мәңдегі сөздер туып қалыптасқан. Сонымен, революциядан бұрынғы кезеңде кірген орыс сөздерінің қалыптасуы мен тілге сінісуі бір дәрежеде емес екендігі байқалады.
