- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •2 Курс студенттері (магистранттары) үшін
- •Сөз варианттары
- •Антонимдер
- •Сөздің қосалқы аталымдары
- •Эвфемизмдер
- •Дисфемизмдер
- •1.Қазақ тіліндегі кірме сөздер, олардың түрлері
- •2. Араб-парсы тілдерінен енген сөздер
- •1.Қазақ тілі мен моңғол тілдеріне ортақ сөздер
- •1.Қазақ төңкерісіне дейін енген сөздер
- •2.Қазақ төңкерісінен кейін енген сөздер
- •1. Қазан төңкерісіне дейін енген сөздер
- •2.Қазан төңкерісінен кейін енген сөздер.
- •1.Диалект сөздер, оның ерекшелігі
- •2. Аймақтық сөздердің түрлері
- •Термин сөздер, ерекшелігі, зерттелуі.
- •1.Эмоционалдық-экспрессивті сөздер
- •2.Кітаби лексика
- •Стильаралық бейтарап лексика
- •Сөйлеу тілінің лексикасы
- •Кітаби лексика
- •Экспрессивтік-эмоционалды лексика
- •«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» пәні практикалық сабақ мазмұны: (15 сағат )
- •«Ассоциация» әдісі
- •«Ассоциация» әдісі
- •1.Мәтіндегі асты сызылған сөздерді мағыналық қатысына қарай талдаңыз:
- •«Тоғысқан пікірталас» әдісі:
- •«Кластер» әдісі
- •1.Мәтіннен омонимдер мен синонимдерді бөлек топтаңыз:
- •2.Синонимдес қосымшалы сөзді бір бөлек, омонимдес қосымшалы сөздерді бір бөлек теріп жазыңыздар.
- •«Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі
- •«Тоғысқан пікірталас» әдісі:
- •1.Сөйлемдерден неологизмдер мен терминдерді төмендегі кестеге салып, толтыр.
- •13 Тапсырма тақырыбы: Қазақ тілінің фразеологиясы, түрлері.
- •«Ассоциация» әдісі
- •Төмендегі жыр жолдарындағы мағынасы түсініксіз сөздерге этимологиялық талдау жасаңыз.
- •Сөздіктердің түрлері, олардың қалыптасу тарихи атты баяндама жасаңыз.
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •5В012100-қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- •Пәнді оқытудағы әдістемелік ұсынымдар
- •Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы курсы бойынша емтихан сұрақтары:
- •13 Мамандандырылған аудиториялар ( кабинеттер ) лабораториялардың тізімі
1.Қазақ тілі мен моңғол тілдеріне ортақ сөздер
Қазақ тілінің монғол тілдерімен қарым-қатынасы екі түрлі жағдайда қарастырылады. Бірінші, қазақ тіліндегі монғол тілдерінен тікелей ауысып кірген сөздер жайында. Бұған ең алдымен екі халықтың ғасырлар бойы көршілес тұрып, бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасауы себеп болған. Сонымен бірге XII ғасырда монғолдардың Қазақстан және Орта Азия жерін жаулап алып, ол жерлерде Шыңғыс әулеті билеген ұлыстар мен ордалардың ХV ғасырға дейін үстемдік етуінің әсері тиген. Тіпті қазақ хандықтары құрылған XV—XVIII ғасырларда да монғолдармен тегі бір Жоңғар қалмақтары (олар тарихи деректерде ойрат тайпаларынан тұратын батыс монғолдар деп аталады) қазақ жеріне үнемі шапқыншылық жорықтар (құба қалмақ заманы) жасап отырғаны тарихтан белгілі.
Қазақ тіліне монғол тілдерінен кірген сөздер негізінен әкімшілік, ел билеуге байланысты: ұлыс, нөкер, жасақ, ноян, құрылтай, аймақ, жарлық т.б. Жер-су атауларына байланысты сөздер көп кездеседі: Тарбағатай (суырлы), Қандағатай (бұғылы), Толағай (бас), Катонқарағай (катон-қайың д. м.), Баянаул (Баин ола—Бай тау), Долаңқара (жеті тау), Зайсан (жақсы), Нұра (жыра), Мұқыр (шолақ, қысқа), Қорғалжын (хорһолджин—қорғасын), Қордай (қарлы), Алтай (алтын тау), Нор (көл), Нарынқол.(жіңішке. өзен) т.б.
Екінші, қазақ тіліне монғол тілдерінен ауысқан сөздерден басқа олардың бірінен біріне ауысты деуге келмейтін, екеуіне де ортақ сөздер жайыңда. Қазақ лексикасына монғол тіліңдегі сөздермен түр-тұрпаты, мағыналары ұқсас, үйлес сөздер, әсіресе зат есім, сын есім, етістіктер көп табылады. Мысалы, малға байланысты: қой (қон), қойшы (кончын), төл (төл), бұқа (бух), бура (буур), баран (бараан), дөнежін (дөнөжин), құнан (хунан), құнажын (гунжын), тұсамыс (туша), тоқым (тохом) т. б.; аңға байланысты: бұғы (буга), барс (барс), аң (ан), өлекшін (өлөгчин), қақпан (кавх), аулау (авлах), жым (жим) т. б. шаруашылыққа байланысты: әбдіре (абдар), тебен (тэбю), алтын (алтан), темір (төмөр), жез (зес), балта (балт), бауырсақ (боорцог), балшық (балчиг), жапсар (завсар), домбыра (дамбор) т. б. Туыстық атаулар: құдағи (худагы), ер (эр), абысын (авьсан), төркін (төргем) т. б.; сын есімдер: ала (алаг), қап-қара (хап-хар), көкпенкөк (хов-көк), күрең (хурэн), сары (шар), тентек (тэюг) т. б. Бұл сияқты сөздер тек қазақ тіліне емес, түркі тілдерінің көбіне тән, олар түркі тілдеріне монғол тілдерінен ауысты ма, әлде керісінше, монғол тілдеріне түркі тілдерінен енді ме — оны дәлелдейтін мәлімет тіл ғылымында жоқ. Сондықтан оңдай сөздерді түркі (қазақ)-монғол тілдеріне ортақ сөздер деп атауға болады. Түркі-монғол тілдеріне ортақ сөздер бар екенін Ш. Уәлиханов айтқан болатын.
Түркі (қазақ)-монғол тілдерін салыстырмалы түрде зерттеп жүрген Б. Базылханның пікірінше, «Монғолша — қазақша сөздікке» енген 40.000 сөздің 24.000 сөзі 1500 түбірден тараған, яғни 60%-і екі халыққа ортақ желілес туынды сөздер болып табылады.
Монғол тілдері мен түркі тілдерінің үйлестігі негізгі сөздік қордағы сөздермен қатар, олардың грамматикалық кұрылысынан да айқын көрінеді. Түркі тілдері сияқты монғол тілдері де жалғамалы тілдердің қатарына жатады.
Осындай ұқсастықтарға қарап, кейбір ғалымдар (Б. Я. Владимирцов, Н. Ф. Катанов, Г. Д. Санжеев т. б.) бұл тілдерді түптің түбіңде негізі бір тілдердің қатарына жатқызуды қолдайды. Тарихи тұрғыдан қарағанда ол жақыңдықтың тегі біздің заманымыздан көп бұрын Алтай заманыңдағы түркі-монғол бірлестігінде жатыр.
№14-15 дәріс тақырыбы: Орыс тілі және орыс тілі арқылы Еуропа тілдерінен енген сөздер енген сөздер
Жоспары:
