- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •2 Курс студенттері (магистранттары) үшін
- •Сөз варианттары
- •Антонимдер
- •Сөздің қосалқы аталымдары
- •Эвфемизмдер
- •Дисфемизмдер
- •1.Қазақ тіліндегі кірме сөздер, олардың түрлері
- •2. Араб-парсы тілдерінен енген сөздер
- •1.Қазақ тілі мен моңғол тілдеріне ортақ сөздер
- •1.Қазақ төңкерісіне дейін енген сөздер
- •2.Қазақ төңкерісінен кейін енген сөздер
- •1. Қазан төңкерісіне дейін енген сөздер
- •2.Қазан төңкерісінен кейін енген сөздер.
- •1.Диалект сөздер, оның ерекшелігі
- •2. Аймақтық сөздердің түрлері
- •Термин сөздер, ерекшелігі, зерттелуі.
- •1.Эмоционалдық-экспрессивті сөздер
- •2.Кітаби лексика
- •Стильаралық бейтарап лексика
- •Сөйлеу тілінің лексикасы
- •Кітаби лексика
- •Экспрессивтік-эмоционалды лексика
- •«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» пәні практикалық сабақ мазмұны: (15 сағат )
- •«Ассоциация» әдісі
- •«Ассоциация» әдісі
- •1.Мәтіндегі асты сызылған сөздерді мағыналық қатысына қарай талдаңыз:
- •«Тоғысқан пікірталас» әдісі:
- •«Кластер» әдісі
- •1.Мәтіннен омонимдер мен синонимдерді бөлек топтаңыз:
- •2.Синонимдес қосымшалы сөзді бір бөлек, омонимдес қосымшалы сөздерді бір бөлек теріп жазыңыздар.
- •«Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі
- •«Тоғысқан пікірталас» әдісі:
- •1.Сөйлемдерден неологизмдер мен терминдерді төмендегі кестеге салып, толтыр.
- •13 Тапсырма тақырыбы: Қазақ тілінің фразеологиясы, түрлері.
- •«Ассоциация» әдісі
- •Төмендегі жыр жолдарындағы мағынасы түсініксіз сөздерге этимологиялық талдау жасаңыз.
- •Сөздіктердің түрлері, олардың қалыптасу тарихи атты баяндама жасаңыз.
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •5В012100-қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- •Пәнді оқытудағы әдістемелік ұсынымдар
- •Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы курсы бойынша емтихан сұрақтары:
- •13 Мамандандырылған аудиториялар ( кабинеттер ) лабораториялардың тізімі
Эвфемизмдер
Эвфемизмдердің анықтамасы. Белгілі ғалым, лексолог Ә.Болғанбаев эвфемизмдер туралы былай деп жазады: «Бір затты, құбылысты өз атымен тура атамай, басқаша атаумен атау тек табу мен ғана байланысты емес. Сөздің ұғымы дөрекілеу, қолайсыздау, көңілге тиетіндей болып келген жағдайда да тілге бір сөз бір сөзбен алмастырыла береді. Мұндай құбылыс тіл білімінде эвфемизм деп аталынады.
Эвфемизм – гректің euphemismos – жақсылап, сыпайылап айтамын сөзінен алынған термин. Қазақ тілінде эвфемизм тәсілімен сөз алмастырудың мынадай жолдары бар:
1)Ауру аттары алмастырылады. Мысалы, құрт ауру деудің орнына өкпе ауруы,соз деудің орнына жіңішке ауру деу әлдеқайда жұмсақ, сыпайы естіледі.
2) Адамның дене мүшесіндегі кем-кетік атаулары алмастырылады. «Ауру, жарымжан, мүгедек» сөздерді дімкәс деп ауыстыруға болады.
3) Мағынасы айтушы мен тыңдаушыға бірдей ерекше, жағымсыз, дөрекі сөздер алмастырылады. Сөйлеу тілінде кейбір тұрпайы, дөрекі сөздердің орнына түзге шығу, үлкен дәрет, кіші дәрет, несеп сияқты сыпайы мәндегі сөздер пайдаланылады.
4) Үйлену мен тұрмыс құруға байланысты сөздер алмастырылады. Мысалы, қызын ұзатқан кісіге балаңды құтты орнына қондырыпсың десе, ұлына әйел алып берген кісіге балаңды аяқтандырыпсың, келін түсіріпсің деп құттықтау айтады.
5) Қоғам өміріндегі адамдардың бір-біріне жағымсыз қарым-қатынастарына қатысты сөздер алмастырылады. Халық сыпайы сөйлеген адамды қыз мінезді, қыздай сызылып тұрады деп мақтайды.
Эвфемизмдердің жасалу жолдары. Эвфемизмдердің жасалу жолдары мен тәсілдері сан алуан.
1) Эвфемистік метафоралар. Метафора сөздердің тура мағынасынан емес, ауыспалы мағынасынан туындайды. «Қос түйме омырауға жарасып тұр» деген сөйлемдегі қос түйме поэтикалық мағыналы метафора болу мен бірге астарлы мағыналы эвфемизм де болып тұр.
2) Эвфемистік метонимиялар. Метонимиялық мағына тудыру үшін заттардың немесе құбылыстардың арасында азды-көпті қарым-қатынас, белгілі бір байланыс болуы шарт.
3) Эвфемистік синекдоха. Бұл құбылыс тіл білімінде метонимияның бір түрі ретінде де қарастырылады. Қазақ тілінде бала көтермеген әйелді бедеу деумен қатар тұшпағы қанамаған, өкшесі қанамаған сияқты тұрақты тіркестер арқылы да білдіреді.
4) Эвфемистік символ. Символ – айтылмақшы ойды турасынан гөрі белгілі бір образдар арқылы бейнелеп әрі астарлап жеткізу тәсілі. Мысалы, қазақ халқында ежелден қалыптасқан дәстүр бойынша, қыз айттыра немесе құда түсе келген жақ болашақ құдаларға сұрай келген бұйым-тайын еш уақытта ашық айта алмаған.
5) Эвфемистік ирония. Ирония дегеніміз – сөздің не сөйлемнің тура мағынасы мен оның астарлы мазмұнының қайшы келуі. Ол өз нысаның сырттай құптап, немесе мақтап-мадақтап тұрғандай әсер қалдырғанымен, ауыспалы, астарлы мазмұны арқылы оны түйрей шымшып, түкке алғысыз етіп кемітіп, кекетіп, жермен жексен етеді.
6) Эвфемистік парафраза. Парафраза деп білгілі бір ұғымды тура атамай, оны басқа сөздер арқылы сипаттап түсіндіруді айтады. Эвфемистік парафраза мағынасы суық, дөрекі, ыңғайсыз, қолайсыз ия анайы ұғымдарды майдалап жеткізу үшін қолданылады.
7) Эвфемистік фразеологизмдер. Фразеологизмдер де дөрекі, тұрпайы, анайы ұғымдарды атамай-ақ майдалап немесе сыпайылап жеткізу үшін қолданылады. Мысалы, біреуді-біреудің балағаттағаның жерден алып, жерге салды,ит терісің басына қаптады сияқты тұрақты тіркестер арқылы жеткізіледі.
