- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •2 Курс студенттері (магистранттары) үшін
- •Сөз варианттары
- •Антонимдер
- •Сөздің қосалқы аталымдары
- •Эвфемизмдер
- •Дисфемизмдер
- •1.Қазақ тіліндегі кірме сөздер, олардың түрлері
- •2. Араб-парсы тілдерінен енген сөздер
- •1.Қазақ тілі мен моңғол тілдеріне ортақ сөздер
- •1.Қазақ төңкерісіне дейін енген сөздер
- •2.Қазақ төңкерісінен кейін енген сөздер
- •1. Қазан төңкерісіне дейін енген сөздер
- •2.Қазан төңкерісінен кейін енген сөздер.
- •1.Диалект сөздер, оның ерекшелігі
- •2. Аймақтық сөздердің түрлері
- •Термин сөздер, ерекшелігі, зерттелуі.
- •1.Эмоционалдық-экспрессивті сөздер
- •2.Кітаби лексика
- •Стильаралық бейтарап лексика
- •Сөйлеу тілінің лексикасы
- •Кітаби лексика
- •Экспрессивтік-эмоционалды лексика
- •«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» пәні практикалық сабақ мазмұны: (15 сағат )
- •«Ассоциация» әдісі
- •«Ассоциация» әдісі
- •1.Мәтіндегі асты сызылған сөздерді мағыналық қатысына қарай талдаңыз:
- •«Тоғысқан пікірталас» әдісі:
- •«Кластер» әдісі
- •1.Мәтіннен омонимдер мен синонимдерді бөлек топтаңыз:
- •2.Синонимдес қосымшалы сөзді бір бөлек, омонимдес қосымшалы сөздерді бір бөлек теріп жазыңыздар.
- •«Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі
- •«Тоғысқан пікірталас» әдісі:
- •1.Сөйлемдерден неологизмдер мен терминдерді төмендегі кестеге салып, толтыр.
- •13 Тапсырма тақырыбы: Қазақ тілінің фразеологиясы, түрлері.
- •«Ассоциация» әдісі
- •Төмендегі жыр жолдарындағы мағынасы түсініксіз сөздерге этимологиялық талдау жасаңыз.
- •Сөздіктердің түрлері, олардың қалыптасу тарихи атты баяндама жасаңыз.
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •5В012100-қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- •Пәнді оқытудағы әдістемелік ұсынымдар
- •Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы курсы бойынша емтихан сұрақтары:
- •13 Мамандандырылған аудиториялар ( кабинеттер ) лабораториялардың тізімі
Сөздің қосалқы аталымдары
Ғылымға белгілі: заттың, құбылыстың ең басты, ең мәнді деген белгілері сол затқа, құбылысқа атау ретінде бекітіледі. Сондай-ақ, дерексіз ұғымдарда санада әбден қалыптасқаннан кейін сөз сипатын алады. Алайда бүкіл халықтың дініне сінген осындай атаулардың бір бөлегі сан алуан себептердің әсерінен тарихта қайта атау алып, басқа сөзге айналады. Соңғы атаулар алғашқы атауларды қолданыстан мүлдем ығыстырып жіберген кездерде аз болмаған. Өз заманында айтылуға тыйым салынғандықтан, кейбір сөздер қазір де ауыстырылған атауларымен айтылады. Тыйым салынған сөздердің, оның қосалқы сипаты төменгідей.
Табу
Таубдың анықтамасы. Ете замандарда адамдар әр түрлі қате түсінік, теріс ұғымның, дінге сенушілік салдарынан кейбір заттардың аттарың тікелей атауға тыйым салып оларды басқаша атайтың болған. Бұл құбылыс, әдетте, табу деп аталады. [Табу – полинизей тілінің ta – «белгілеу» және pu – «күллі, түгелімен» деген сөздерінен жасалған термин]. Басқаша айтқанда табу дегеніміз – атын турасынан айтуға болмайтын зат, құбылыс, қимыл, іс-әрекет, оларды ым-ишарамен, өзге сөзбен білдірудің тәсілі. Табу – жай ғана тыйым емес, киелі нәрсені аяқ асты етуге болмайды, әйтпесе оның киесі атады деген қорқыныштан туындайтын тыйым. Мысалы, түрік шаруаларының арасында қалыптасқан наным бойынша, бос бесікті шайқауға болмайды. Бұл тыйым бұзылса, ондай үйде еш уақытта бала тумайды, туа қалса, шетінеп кетеді-міс.
Табу бірыңғай ескі наным-сенімге, мифологиялық көзқарастарға ғана емес, дидактикалық ақыл-кеңестерге, тәлім-тәрбиеге, гигиеналық тазалыққа, тағы басқаларға да негізделеді: жағынды таянба, аузыңды кере ашпа, ішегіңді тартпа, жер таянып отырма, қолыңды төбеңе қойма, қолыңды тарақтама, бейітке қолыңды шошайтпа, дәм мен дастарханды баспа, дастарханнан аттама, астын аузын ашық тастама, түннен қалған тамақты ішпе, нанды бір қолыңмен үзбе.
Тыйым заттарға да, өсімдіктерге де, жан-жануарларға да, адамдарға да, іс-әрекеттерге де, сөз бен тілге де салынған. Зиян келтіретін қас күштердің ешқайсысын өз атымен атамай, басқадай сөздермен алмастырып отырған. Мысалы, қошқарды азбан, алтыны бестен бірі артық, сарыны шилік, тышқанды қап тесер деп атау да зат пен оның атауының арасында табиғи байланыс бар деген қате түсініктен пайда болған.
Әр түрлі наным-сенімдер, мифтер, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, т.б негізінде қалыптасқан этнографиялық ұғымдарды этнографиялық табу деп, тыйым салынған атауларды алмастыратын сөздерді лингвистикалық табу деп атау дәстүрі тіл білімінде бар. Алайда, этнографиялық табудың мағыналық ауқымы кең болса, лингвистикалық табудың өрісі тар, ол – этногрифиялық табудың бір бөлігі ғана. Кеңестік тіл білімінде бұларға тиісінше табу және эвфемизмдер деген терминдер телінді. Табуды ауыстыратын, тыйым салынған ұғымдардың орнына жүретін, рұқсат етілген сөздер эфемизмдер деп аталды.
Қате қолданыстан бұл термин екі түрлі лексикалық мағынаға ие болды: 1)тыйым салынған сөздердің орнына жүретін жасанды сөздер, 2)сөздің ұғымы дөрекілеу, қолайсыздау, көңілге тиетіндей болып келген жағдайда оны жұмсартып, жеңілдетіп жеткізетің сыпайы, жұмсақ сөздер. Кейбір терминдер көп мағыналы болып келеді; ол – терминдердің кемшілігі.
Осы айтылғандарды ескере келе біз жаңа термин ұсынғалы отырмыз: этнографиялық табуды ділдік табу, лингвистикалық табуды тілдік табу деуге болады. Себебі ділдік табу да, тілдік табу да ақшаның екі беті сияқты, бір түсініктің аясында қарастырылады, ал ділдік, тілдік дегендер – анықтауыштар.
Сөйтіп, табу іштей екіге бөлінеді: 1) ділдік табулар, 2) тілдік табулар. Тікелей айтуға, хабарлауға тыйым салынатын этнографиялық ұғымдар ділдік табуға жатады. Ділдік табулардың орнына жүретін, яки оларды алмастыратын қосалқы, жанамасөздер тілдік табулар болып есептеледі.
Табудың түрлері. 1) Дәстүрлі наным-сенімдерге байланысты қалыптасқан табулар. Табулардың үлкен бөлегі діни ұғымдардың, наным-сенімдердің негізінде қалыптасқан қорқыныштан, үрейден туындайды. Олардың қай-қайсысының да астарында әрбір өлім, сәтсіздік, бақытсыздық немесе кез келген пәле-жала адамдардың тарапынан белгілі бір тыйымдарды бұзудан болады деген наным тұрады. Мысалы, ертеде адамды да, малды да санамайды, егер бұл тыйым бұзылса, оба жайлайды деген түсінік болған.
Дәстүрлі наным-сенімдерге байланысты қазақ арасында қалыптасқан ырымдар мен тыйымдардың бірқатары мыналар:
жұма күні көшуге болмайды, егер көше қалса, не қатыны өледі, не қазаны сынады;
сенбі, жексенбі, сейсенбі күні шаш алуға болмайды, бұл күндері шаш алдырса, басынан бәле кетпейді,
үй ішінде қазан асса, есікке қисайтып аспайды. Есікке қисайтып асса, несібе төгіліп қалады.
2) Мифологияға байланысты қалыптасқан табулар. Дүние жүзі халықтарының мифологиясы анимистік, магиялық, тотемдік, шамандық ескі нанымдармен қатар, осы заманға көп тараған буддизм, христиан, ислам, иудаизм діндері негізінде пайда болды. Мысалы, иудаизм дініне табынатындардың құдайы – Яхве.
3) Ауру атауларымен байланысты қалыптасқан табулар. Тез тарайтын әрі адамдар мен малдарды жаппай қырғынға ұшырататың қатерлі дерттердің атын атау сол ауруларды шақырады немесе олардың иесін шамдандырады деген нанымдар көптеген халықтарда кездеседі. Мұндай ауруларға оба, шешек, қызылша, безгек, топалаң, мәлік т.б жатады. Дәл қазір аса қатерлі аурудың санатында болмағанымен, ертеректе қазақ арасында балалар қызылшадан өте көп шығынға ұшыраған.
4) Тотемдік нанымдар негізінде қалыптасқан табулар. Әлемге кең тараған ескі нанымдардың бірі – тотемизм. Солтүстік Америка үндістері тілінде тотем «оның тегі» деген ұғымды білдіреді. Америка, Африка, Австралия, Азия құрлықтарын мекндейтің халықтар өздерінің арғы тегін жануарлар, құстар, балықтар деп таныған.
5) Сөздің сиқырлы қуатына сенуден пайда болған табулар. Адам мен оның есімі арасында материалдық байланыс бар деген түсінік сөз магиясына деген сенімнің бір айғағы болып табылады. Бұл наным бойынша, кез келген адам кез келген басқа адамның есімін біліп алса, сол есімді жадылау арқылы оның иесін қинауға немесе мерт қылуға болады деп есептеген.
