- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •2 Курс студенттері (магистранттары) үшін
- •Сөз варианттары
- •Антонимдер
- •Сөздің қосалқы аталымдары
- •Эвфемизмдер
- •Дисфемизмдер
- •1.Қазақ тіліндегі кірме сөздер, олардың түрлері
- •2. Араб-парсы тілдерінен енген сөздер
- •1.Қазақ тілі мен моңғол тілдеріне ортақ сөздер
- •1.Қазақ төңкерісіне дейін енген сөздер
- •2.Қазақ төңкерісінен кейін енген сөздер
- •1. Қазан төңкерісіне дейін енген сөздер
- •2.Қазан төңкерісінен кейін енген сөздер.
- •1.Диалект сөздер, оның ерекшелігі
- •2. Аймақтық сөздердің түрлері
- •Термин сөздер, ерекшелігі, зерттелуі.
- •1.Эмоционалдық-экспрессивті сөздер
- •2.Кітаби лексика
- •Стильаралық бейтарап лексика
- •Сөйлеу тілінің лексикасы
- •Кітаби лексика
- •Экспрессивтік-эмоционалды лексика
- •«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» пәні практикалық сабақ мазмұны: (15 сағат )
- •«Ассоциация» әдісі
- •«Ассоциация» әдісі
- •1.Мәтіндегі асты сызылған сөздерді мағыналық қатысына қарай талдаңыз:
- •«Тоғысқан пікірталас» әдісі:
- •«Кластер» әдісі
- •1.Мәтіннен омонимдер мен синонимдерді бөлек топтаңыз:
- •2.Синонимдес қосымшалы сөзді бір бөлек, омонимдес қосымшалы сөздерді бір бөлек теріп жазыңыздар.
- •«Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі
- •«Тоғысқан пікірталас» әдісі:
- •1.Сөйлемдерден неологизмдер мен терминдерді төмендегі кестеге салып, толтыр.
- •13 Тапсырма тақырыбы: Қазақ тілінің фразеологиясы, түрлері.
- •«Ассоциация» әдісі
- •Төмендегі жыр жолдарындағы мағынасы түсініксіз сөздерге этимологиялық талдау жасаңыз.
- •Сөздіктердің түрлері, олардың қалыптасу тарихи атты баяндама жасаңыз.
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •5В012100-қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- •Пәнді оқытудағы әдістемелік ұсынымдар
- •Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы курсы бойынша емтихан сұрақтары:
- •13 Мамандандырылған аудиториялар ( кабинеттер ) лабораториялардың тізімі
Антонимдер
Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапасын, артық-кем қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады. Мысалы: Кейі сараң. кейі мырза, Кейі қапа, кейі ырза. Барша жұртты сынадың (С. Сейфуллин). Кейде қайғы, кейде шат, Кейде тұнық, кейде ылат, Кейде қорқақ, кейде өжет, Кейде тірі, кейде өлет (I. Жансүгіров). Болысекең кейде паң, кейде мүләйім, кейде жұмсақ, кейде қатты, кейде береген, кейде сараң (Ғ. Мұстафин). Мұны әлділер әділет деп қуанса, әлсіздер қиянат деп қынжылады (Ә. Сәрсенбаев). Түймедей затқа өкпелесеңіз, түйедей көретініңіз қалмаған мырза! (К Оразалин).
Осыңдағы сараң-мырза, қапа-ырза, қайғы-шат, тұнық-ылат, қорқақ-өжет, тірі-өлі, паң-мүләйім, жұмсақ-қатты, береген-сараң, әлді-өлсіз, әділет-қиянат, түймедеи-түйедей дегендер жағымсыздық пен ұнамдылықтың, жақсылық пен жаманшылықтың, үлкен мен кішінің кереғар ұғымдары бір-біріне қарама-қарсы қойылып айтылып тұр. Екі жағының салмақ-мөлшері бірі артық, бірі кем емес, тепе-тең. Сонда антоним дегеніміз мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер болып шығады. Антонимдер өзара алшақ қарама-қарсы ұғымды білдіретіңдіктен, бұлардың әр сөз табына қатысы нақ бірдей емес, ала-құла деген сөз. Бір сөз табы антонимге соншама бай да, еңді біреулері соншалықты кедей, не болмаса тіптен кездеспеуі де ғажап емес. Қазақ тіліңде антонимдер көбіне-көп сын есімдерден болады, онан соң етістіктер, зат есімдер, үстеулерден азды-көпті кездеседі. Ал қалған сөз таптарынан жасалған антонимдер тым тапшы, жоқтың қасыңда.
Сын есімге төн антонимдердің мынадай түрлері бар: а) түбір күйінде кездесетіндер: ауыр-жеңіл, кең-тар, ыстық-суық, үлкен-кіші, жас-кәрі, биік-аласа, ұзын-қысқа, артық-кем, аш-тоқ, жақсы-жаман, қалың-жұқа, терең-саяз, арық-семіз, оңай-қиын, араз-тату, ащы-тәтті, көп-аз, оң-теріс, түзу-қисық т. б.; ә) туыңды түбір күйінде кездесетіндері: ашық-жасырын, өзімшіл-көпшіл, ашық-жабық, тілазар-елгезек, екпінді-жалқау, қатты-ақырын, орнықты-шилағай, олақ-іскер, оңқай-солақай, сүйкімді-жексұрын, бүтін-жыртық, жүрдек-шабан т.б.
Қазақ тіліңде сыңдық мағынадағы туынды антонимдер көбінесе -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, ті жұрнақтары арқылы антонимнің жағымды сыңарларын жасайды да, ал жағымсыз мағыналары сыңарларын -сыз, -сіз жұрнақтары жасайды. Мысалы:
1. Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз,
Арғымақ бірде жалды, бірде жалсыз.
2. Өнерлі жігіт өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.
3. Ақылдыны алысым деме,
Ақылсызды жақыным деме.
4. Куәлі істі куә табар,
Куәсіз істі күмән табар.
Етістікке тән мынадай антонимдер бар: а) түбір күйінде кездесетіндері: озу-қалу, күту-келу, қону-ұшу, шашу-жинау, бару-қайту, жату-тұру, ашу-жабу, кіру-шығу, ұту-ұтылу, жеңу-жеңілу, қуану-ренжу , мақтау-даттау, көшу- қону, күлу-жылау, сату-алу, ысу-суу, шабу-ілбу, даму-тоқырау, қату-жібу, ауыру-сауығу т. б. ; ә) туыңды түбір күйінде кездесетіндері: қартаю-жасару, жоғарылау-төмендеу, татуластыру-араздастыру, ақтау-қаралау, елдестіру-жауластыру, айырылу-қосылу, күшею-бәсеңдеу, баю-кедейлену, арықтау-семіру, жаңару-ескіру т. б.
Зат есімге тән антонимдер де негізгі және туынды түбір күйінде кездеседі: а) түбір күйінде кездесетіндері: өтірік-шын, обал-сауап, алғыс-қарғыс, рақат-бейнет, бақ-сор, өмір-өлім, өң-түс, алды-арты, шарапат-кесапат, асты-үсті, пайда-зиян, бай-кедей, жаз-қыс, күн-түн т.б.;
ә) туынды түбір күйінде кездесетіндері: аласы- бересі, байлық-жоқтық, кісілік-иттік, аштық- тоқтық, тарлық-кеңдік, жеңіс-жеңіліс, ұтыс- ұтылыс, азшылық-көпшілік, кіріс-шығыс, алыс-беріс, сыпайыгершілік-арсыздық т.б.
Үстеуге қатысты антонимдер: ерте-кеш, ақырын-шапшан, ілгері-кейін, жоғары-төмен, алыс- жақын, әрі-бері, жылдам-жай, сылбыр-тез т.б.
Есімдікке қатысты: анау-мынау, әне-міне, осы-сол тәрізді бірен-саран антонимдер ғана ұшырасады. Тілде қарама-қарсы ұғыммен қатар кейде аралық ұғым да кездеседі. Мәселен, ескі мен жаңаның арасында көне (көнетоз), шикі мен пісінің арасында дүмбілез, суық пен ыстықтың арасында жылы, ұтыс пен ұтылыстың арасында тең, ерте мен кештің арасында дәл, біткен мен бітпегеннің арасында шала, жеңу мен жеңілудің арасында итжығыс деген аралық ұғымдар бар. Бұлар антоним біткеннің бәріне тән емес, кейбіреулеріңде ғана ұшырайды. Аралық ұғым — кереғар екі ұғымды тең ұстап тұрады.
Тілдегі антонимдер қарама-қарсы кұбылыстарды біріне-бірін шеңдестіріп салыстыру арқылы күшті стильдік мән тудырады. Сол себептен антонимдер өте-мөте мақал-мәтелдерде жиі қолданылады. Антонимдерді қолданудың негізінен үш жолы бар:
Антонимдер бір сөйлемнің өз ішіңде салыстырылып айтылады. Мысалы: Қорлық өмірден ерлік өлім артық. Ер бақыттың қонғанын білмейді, ұшқанын біледі. Еріншек егіншіден, елгезек масақшы озады. Ақымақ бұзуға бар, түзеуге жоқ. Өлі арыстаннан тірі тышқан артық. Досыңның асын қасындай іш.
Антонимдер іргелес сөйлемде қарама-қарсы қойылып шеңдестіріледі. Мысалы: Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі. Тоқшылықта жеген тоқпан жілік Ашаршылықта көзіңнен бір-бір ұшар. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Жаңаны күтіп жалаңаш үйден шықпай қалғаннан, Ескіні жамап киіп, жаңаны іздеп тапқан артық. Көп ақымақтың ағасы болғанша, бір ақылдының інісі бол. Жауластырмақ жаушыдан, Елдестірмек елшіден.
Антонимдер ыңғайласып, кезектесіп қатар жұмсалады. Мысалы: Арымақ, семірмек көңілден. Палуанға оң, терісі бірдей. Ылдисыз ор болмайды. Ит үрер жақсыға да, жаманға да, Қылмағы бірақ залал құдайдан-ды (Ы. Алтынсарин). Ащы менен тұщыны татқан білер, Алыс пенен жақынды жорытқан білер. Бір суып, бір ысып, Барады іш пысып (Абай).
Қарсы қойылып айтылғанның бәрін антоним деп тануға болмайды. Кейде синоним сөздер де бір-біріне салыстырылып айтыла береді. Мысалы: Гүрілдеп келген жаудан, Күлімдеп келген қас жаман. Қауіп бар жерде қатер бар. Қауіп қайдан болса, қатер содан. Әлім бар жерде қаза бар. Бет көрсе жүз ұялады.
Жан-жақты дамып, кемелденген тілде белгілі бір ойды әр түрлі мақсат-мүддеге қарай неше саққа жүгіртіп, сан алуан тәсілмен қолдануға болады. Қазақ тілі синонимге қаншалықты бай болса, антонимге соншалықты кедей емес екендігін байқаймыз.
