Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лексикология кешен .docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
291.7 Кб
Скачать

Сөз варианттары

Тілдегі синонимдер мағыналық жағынан болсын, тұлғалық жағынан да әрқайсысының өзіндік дербестігі бар жеке-жеке сөздер деп танылады. Бұларды белгілі бір сөздің әр түрлі вариантымен шатыстыруға болмайды.

Сөздің лексикалық бірлігінде ешқандай өзгешелігі жоқ, морфемдік құрамы ұқсас (үйлес) құрылымдарды сөз варианттары дейміз. Мысалы: рыза-разы-ырза, дәнеме-дәнеңе, ештеме-ештеңе. әжім-ажым, әжуа-ажуа, үлгіру-үлгеру, суару-суғару. түгендеу-түгелдеу, жубану-жуану-уану, ұқсау-ұсау, тырнақтау-тірнектеу, айқай-айғай, қария-кәрия, абдыра-әбдіре, жазғытұры-жазғытұрым, бешпет-бешпент, әне-әні, мүлде-мүлдем, гөрі-көрі, сонан-содан, осынан-осыдан, бөле-пөле, бірдеме-бірдеңе. түңлік-түндік, ертек-ертегі, әшейін-әншейін, көне-көні. балуан-палуан. бекіре-мекіре, пияз-бияз, азар-әзер, обжылан-абжылан. дайын-даяр, мұнша-бұнша, барабар-парапар, екіншілей-екіншілей, зыту-жыту, жылылай-жылыдай, зәлім-залым, қане-кәне, қазір-кәзір, сөйтіп-сүйтіп, бана-мана-бағана, найзағай-нажағай, үйіткені-өйткені, кемзал-қамзол, таяу-тақау, бақай-башай-башпай, баған-бағана, дөңгелек-доңғалақ, лазым-ләзім, жаю-жәю т. б.

Осы тәріздес фонетикалық варианттар бір сөздің дыбыстық құрылымы жағынан түрленуі деп есептеледі. Бұл сияқты түрлену сөздің лексикалық мағынасын өзгертуге пәлеңдей себеп бола алмайды. Сондықтан да бұлар әр басқа сөз емес, неше вариант болса да, бір сөз ретінде танылады.

Сөз варианттары мынадай үш түрлі белгі арқылы ажыратылады: а) сөздің түбірлерінде ортақ ұқсастық болуы қажет, ә) лексика-семантикалық жалпылығы (ұқсастығы) сақталу керек, б) дыбыстық өзгешелігі лексика-семантикалық өзгеріс тудырмауға тиіс.

Шеттен кірген сөздердің кейбіреулері басқа тілге ауысып келгенде, екі не одан да көп вариантта айтылады да, жүре-жүре сол варианттардың әрқайсысы әр түрлі мағына алып, бір-бірінен сараланып бөлініп, өз алдына дербес сөз болып қалыптасады. Бір кезде қазақ тіліне араб-парсы тілдерінен ауысқан көптеген сөздер бірнеше вариантта айтылып келген болса, қазір сол варианттар жеке-жеке сөз болып, дараланып бөлінді. Мысалы; әл-хал, қисап-есеп, қарекет-әрекет, ғылым-ілім, ғаділ-әділ, ғазиз-әзиз, сағат-сәт, қазір-әзір, оқиға-уақиға, абырой-әбуйір, қаржы-қаражат, қате-кәте, мақсат-мақсұт, мағлұм-мәлім, кінә-күнә, ауа-әуе, пұл-бұл, хайуан-айуан, табиғат-тәбет т.б.

Бір түбірден таралған, дыбысталуы бір-біріне өте ұқсас келген сөздердің бәрін вариантты сөздер тобына жатқыза беруге мүлдем болмайды. Түбірлес синонимдер мен сөз варианттарын бір-бірінен дұрыс ажырата білу қажет. Мәселен, садақа-садаға, күзеу-күзек, қыстау-қыстақ, жаңқа-жоңқа, шұңқыр-шұқыр, сұрау-сұрақ, қоңырсу-көңірсу, пысылдау-пышылдау дегендердің әрқайсысына тән өзіндік сәл мағыналық ерекшеліктері бар сияқты. Сонымен бірге мынадай түбірлес синонимдердің нұсқалары бар екеңдігін еске түсіре кетейік. Мысалы: егін-егіс, бау-бақ, кез-кезең, жара-жарақат, сарылу-сарсылу, еліру-елеуреу, көгеру-көктеу, аңқаю-аңыру, қызықты-қызғылықты, қорғаншақ-қорғалақ, барлық-барша, қайта-қайыра, салақ-салғырт, маң-маңай, ортала-ортайт, ақта-ағарт, қапылыста-қапыста қапелімде-қапияда т. б. Кейде бір түбірге бірнеше қосымшалар қосып, түрлеңдіріп айта беруге болады. Мәселен, аға деген сөзден ағатай, ағеке, ағашым деп айтсақ, қалқа деген сөзден қалқам, қалқаш, қалқатай, қалқажан, қалқабас деп құбылтып,әр түрлі көңіл күйді білдіреді.Бұл тәрізді құбылыстардың бәрін сөз варианттары деп қарауға болмайды.

Қазақ тілінде сөз вариантгары өте көп. Бұлардың көпшілігі әлі күнге іштей сараланбаған. Соңдықтан да варианттар жайында бізде дау да, талас та баршылық. Әсіресе вариант сөздерді сөздікте беруде кереғар пікірлер бар. Кейбіреулер варианттардың әдеби нұсқасың сөздікке ендірейік те, қалғандарын ескіртіп барып қолданыстан мүлдем жояйық дегеңді айтады. Мүның дұрыс жағы да, бұрыс жағы да бар. Нормативті орфографиялық сөздікте вариант біткеннің бәрін қаптата бермей, оларды іштей саралап, ең қажетті дегеңдерін ғана көрсету жөн сияқты. Ал көп томдық түсіндірме сөздікте вариант біткендерді барынша мол қамтып, оларды стильдік белгілер арқылы саралап көрсеткен жөн. Мұның өзі, бір жағынан, тілдегі варианттардың есебін алу болып шығады. Көп томдық түсіңдірме сөздікке бүгінгі ұлт тілінде айтылып жүрген сөздер мүмкіңдігінше түгелге жуық қамтылуға тиіс.