- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •2 Курс студенттері (магистранттары) үшін
- •Сөз варианттары
- •Антонимдер
- •Сөздің қосалқы аталымдары
- •Эвфемизмдер
- •Дисфемизмдер
- •1.Қазақ тіліндегі кірме сөздер, олардың түрлері
- •2. Араб-парсы тілдерінен енген сөздер
- •1.Қазақ тілі мен моңғол тілдеріне ортақ сөздер
- •1.Қазақ төңкерісіне дейін енген сөздер
- •2.Қазақ төңкерісінен кейін енген сөздер
- •1. Қазан төңкерісіне дейін енген сөздер
- •2.Қазан төңкерісінен кейін енген сөздер.
- •1.Диалект сөздер, оның ерекшелігі
- •2. Аймақтық сөздердің түрлері
- •Термин сөздер, ерекшелігі, зерттелуі.
- •1.Эмоционалдық-экспрессивті сөздер
- •2.Кітаби лексика
- •Стильаралық бейтарап лексика
- •Сөйлеу тілінің лексикасы
- •Кітаби лексика
- •Экспрессивтік-эмоционалды лексика
- •«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» пәні практикалық сабақ мазмұны: (15 сағат )
- •«Ассоциация» әдісі
- •«Ассоциация» әдісі
- •1.Мәтіндегі асты сызылған сөздерді мағыналық қатысына қарай талдаңыз:
- •«Тоғысқан пікірталас» әдісі:
- •«Кластер» әдісі
- •1.Мәтіннен омонимдер мен синонимдерді бөлек топтаңыз:
- •2.Синонимдес қосымшалы сөзді бір бөлек, омонимдес қосымшалы сөздерді бір бөлек теріп жазыңыздар.
- •«Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі
- •«Тоғысқан пікірталас» әдісі:
- •1.Сөйлемдерден неологизмдер мен терминдерді төмендегі кестеге салып, толтыр.
- •13 Тапсырма тақырыбы: Қазақ тілінің фразеологиясы, түрлері.
- •«Ассоциация» әдісі
- •Төмендегі жыр жолдарындағы мағынасы түсініксіз сөздерге этимологиялық талдау жасаңыз.
- •Сөздіктердің түрлері, олардың қалыптасу тарихи атты баяндама жасаңыз.
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •5В012100-қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- •Пәнді оқытудағы әдістемелік ұсынымдар
- •Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы курсы бойынша емтихан сұрақтары:
- •13 Мамандандырылған аудиториялар ( кабинеттер ) лабораториялардың тізімі
1.Сөйлемдерден неологизмдер мен терминдерді төмендегі кестеге салып, толтыр.
неологизмдер |
терминдер |
|
|
1.Кеден, кеден болды, кедергі неден болды? (М. Әуезов) Өйткені осы ЕурАзЭҚ саммитінің аясында оңаша бас қосқан Н.Назарбаев, Д.Медведев және А.Лукашенко ортақ кеден кеңістігін құруға байланысты соңғы кездері пайда болған түйткілдердің тінін сөгіп, Кедендік одақ Беларусь Республикасының қатысуымен үш елдің аумағында шілденің 6-сынан күшіне енетіндігін жариялады («Егемен Қазақстан» газеті). Дәркембай соңғы кездері Оралбайдың малын қалаға апарып сатысып, делдал болып, ортасынан аз-кем ақша тауып, үйінің ішін біраз жаңартып тастаған екен (Сара Мыңжасарова). Немесе мынадай мақал— мәтелдер де бар «сата білмесең, делдалға бер», «екі естіге делдал керек емес» 2) қазір ол неологизм ретінде брокердің аудармасы болып қолданылып жүрген сөз. Көкшетауда жылу төлемақысын жинау ісін атқаратын абоненттік қызметке делдал компания килігіп отыр. Оның бұрынғы мағынасы байға жалданып жұмыс жасайтын малшы-жалшы болатын. Қазақта «жалшы жұмсаған жарымас» деген мақал да бар. Орысша түсіндірме сөздікте ол жалшы—наемный работник, батрак деп түсіндірілген
13 Тапсырма тақырыбы: Қазақ тілінің фразеологиясы, түрлері.
Жоспары:
1. Фразеология және оның өзіндік белгілері
3. Фразеологизмдердің түрлері
1-деңгейдегі тапсырмалар:
1.Фразеологимзнің түрлерін және олардың өзіндік белгілілерін кестеге түсіріңіз.
2.Фразеологимзмдерге қатысты ғалымдардың еңбектеріне шоду жасап, басты айырмашылықтарды анықтаңыз.
2-деңгейдегі тапсырмалар:
Фразеологимздерге қатысты тест дайындаңыз.
Көркем шығармадан фразеологимзнің түрлеріне мысалдар жинақтап, талдау жасаңыз.
3-деңгейдегі тапсырмалар:
Төмендегі мәтіндерден фразеологизмдердің түрлерін анықтап, мағыналық талдау жасаңыз.
Мидай дала. Ай десе аузы, күн десе көзі бар. Бірақ сенің жолың тым оңай болмас. Әркім өз лағын текешік қойғысы келетін, алты бақан ала ауыз елің мынау. Ежелгі салты бойынша, қазақты адам орнына санамайтын, керауыз, керден жағдайларың анау. Түбінде осы екі оттың ортасында шыжықтай шыжғырылатын сен боласың ба деп қорқам. Қорыққанын сыйлайтын Керімбайдың баласы деп, сенен де ығып жүретіндей еді. Менің көзім жұмылса, тағдырдың талқысына сен қаласын ба, қайдан білейін? Тек бір айтарым: «бай – бір жұттық, батыр – бір оқтық» деген сөз бар. Содан бері бұл жаққа ат ізін салуды қойды.
№14 Қазақ тілінің этимологиясы, принциптері.
Жоспары:
1. Этимология саласының зерттеу обьектісі
2. Сөз мағынасын анықтаудағы принциптер
1-деңгей тапсырмалар:
«Ассоциация» әдісі
Ассоциация әдісін пайдалана отырып, этимология саласы туралы баянда.
2-деңгей тапсырмалар:
Этимология саласы, оның принциптері туралы глосарий жасаңыз.
3-деңгей тапсырмалар:
Төмендегі жыр жолдарындағы мағынасы түсініксіз сөздерге этимологиялық талдау жасаңыз.
Мұнар да мұнар күн,
Бұлттан шыққан шұбар күн,
Буыршын мұзға тайған күн,
Бура атанға шөккен күн,
Ұлқысып жүрген ерлерден
Бұрынғы бақыт тайған күн,
Қатарланған қара нар
Арқанын қиып алған күн,
Алма мойын аруды
Ат көтіне салған күн,
Бұлаңдай ерді кескен күн,
Буулы теңді шешкен күн,
Сандық толы сары алтын
Сапырып судай шашқан күн-
Түс қыла гөр, құдайым,
Біздей тақ мейманасы тасқанға
Біздің ер Исатай өлген күн!
Он сан байтақ бүлген күн!
Орта белін сырлаған
Оқ жаңбардай жауған күн;
Оң қанатын теріс жайып,
Лашын қуға төнген күн,
Желпілдеген ала ту
Жиырылып ойға түскен күн;
Жез қарғылы құба арлан
Жез қарғыдан айрылып,
Қорашыл төбет болған күн,
Аса шапқан құлаша ат
Зымырандай болған күн,
Арқаулының бойынан
Теріскей дауыл соққан күн;
Сағағы болат қылыштың
Балдағынан сынған күн.
Хас бәйтерек жығылып,
Жығылғаны естіліп,
Алыстағы дұшпанның
Қуанып көңілі тынған күн! (М, 64).
ІІ.2. Қаласы Шәушектің жақын еді,
Абылай хан әкіміне қағаз берді.
Елшілер рұқсат алып жолға кіріп,
Шәушек қаласына барып енді.
Әкімге Әділ кіріп ұшырасып,
Көрсетті оған жазған хатты ашып.
Қағазға ылау басшы адам бер деп,
Абылай хан жазған еді мөрін басып.
Айтқанын ол әкім де қабыл көрді,
Бір басшы ылау мінуге бұйрық берді.
Почтаға байлап қойған аттан мініп,
Елшілер кеше күндіз жүрер ерді.
Ешбірі айтпас еді қарсылық сөз,
Даярлап ат береді болғанда кез.
Патшасы тұратұғын пайтахты,
Пекінге тұнбай жүріп жеттілар тез (ТЖ, 246).
№15 практикалық сабақ Қазақ тілінің лексикографиясы.
Жоспары:
1.Лексикография ғылымының зерттелуі
2.Сөздіктің түрлері, ерекшеліктері.
1-деңгейдегі тапсырма:
