Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лексикология кешен .docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
291.7 Кб
Скачать

«Тоғысқан пікірталас» әдісі:

Күтілетін нәтиже. .

Студент жасай алады:

  • проблемаға қарама - қарсы көзқараста қарай алады;

  • идеялар ұсын;

  • шешімді өлшей қабылдау дағдысын қалыптастыру;

  • пікірлестер мен қарсыластарды есту және тындай білу;

  • қарама- карсы көзқарастарды талдау және түсіну;

  • қарсыластардың ұстанымын түсіну мақсатында сұрақтар

қою және тұжырымдау;

  • дәлелдемелер арқылы сөйлеу дағдысын дамыту;

  • таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі

Жүзеге асыру қадамдары:

  1. -қадам: «кірме сөздер қазақ тілінің дамуына әсер ете ме?» проблемалық сұрағының қойылымы.

  2. - қадам: «Т- сызбасы» немесе «Пікірталас карта» бойынша жұмыс (әр студент жеке жазба жұмысы):

Ия

Жоқ

Дәлелдемелер

Дәлелдемелер

2-деңгей тапсырмалары:

Түртіп алу» әдісі

Күтілетін нәтиже.

Студент жасай алады:

• окылған ақпарат туралы өз түсінігін қадағалау;

• ойлаудың іске асуын белгілеп отыру (маркердің көмегімен);

  • бұрыннан таныс мәліметгі жаңа мәліметпен ұштастыру;

  • берілген ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау;

  • мәтін мен оқылған проблемаға сұрақ қою, тұжырымдау;

  • алда оқылатын проблеманың бағытын анықтау;

• таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі

Жүзеге асыру қадамдары:

1 - қадам: мәтінді оку, мынадай белгілермен:

«V» -маған таныс;

«+» - мен үшін жаңа;

«-» - мен білетін түсінікке сәйкес келмейді;

«?» - бұл туралы тереңірек білгім келеді.

2-қадам: өз бетінше оқыған мәтіннің нәтижесін әуелі жұпта, сосын топта талқылау.

Мәтін: Тілдің сөздік құрамының толығып кемелденуі бір ғана өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы болып қоймайды, Сонымен қатар өзінде жоқ сөзді өзге тілдерден ауысып алу арқылы да тіл өзінің сөздік құрамын байытып, жетілдіріп отырады. Қазақ халқының ертедегі даму тарихына көз жіберсек, көптеген елдермен үнемі тығыз байланыста болғаңдығын көреміз. Бұл жайында «Қазақ ССР тарихында» былай деп жазған: «Қазақстан жеріндегі халықтардың Қытаймен, Орта Азиямен, Волга Булгариясымен және Киев Русімен сауда байланысы өрістеген. Қазақстанның, әсіресе батыс, солтүстік-батыс аудаңдарының халқы Русьпен өте-мөте берік байланыс жасап тұрған. Русьпен, Шығыс Еуропаның басқа халықтарымен арадағы осы сауда байланыстарында негізгі делдалдыққа жүргендер булгарлар, хазарлар, онан кейін печенегтер мен половецтер болған. Византияның деректемелері Орта Азия халықтары мен Шығыс Еуропа халықтарының арасыңда біздің заманымыздың VI ғасырынан бастап-ақ керуен саудасы болғанын айтады. Осындай айырбас пен мәдени өзара байланыстар Қазақстан тайпалары мен халықтарының мәдениетінің дамуында үлкен роль атқарған».

Ел мен елдің арасындағы ежелгі достық қарым-қатынастың болғаңдығы ана тіліміздің сөз байлығының құрамынан да айқын байқалады. Бір халық пен екінші халық ертеде тек мал-мүлік пен киім-кешек, ыдыс-аяқ сияқты жалаң заттарды ғана алмастырып қоймаған, соған қоса рухани байлық та бір-бірінен молынан ауысқан. Әсіресе бір тілден екінші тілге кептеген сөздер кірген. Осымен байланысты тіліміздегі қыруар кірме сөздерді қоғам тарихымен, қазақ халқының басынан кешкен даму тарихымен тығыз байланыстырып зерттеген жөн. Кірме сөздер (заимствование) дегеніміз тілдің өзіндік сөзжасам тәсілімен емес, басқа тілдердің ықпалымен жасалған немесе олардан енген сөздер. Яғни сездің дыбыстық тұлғасы да, мағынасы да өзге тілге қатысты сөздер кірме сөздер делінеді. Жер шарында өмір сүріп келе жатқан үлкенді-кішілі халықтардың қай-қайсысында болсын өзге тілдерден ауысып келген кірме сөздер кептеп кездеседі. Мәдениеті кенжелеп дамыған ұсақ халықтарды былай қойғанда, мәдениеті гүлденіп өскен ең озат деген халықтардың сөздік құрамы да таза тума сөздерден құралмайтындығы дәлелденген. Зерттеушілер ағылшын тілінің сөздік құрамының не бары 30 проценттейі ғана өзінің төл сөздері, ал қалғаны өзге тілдерден ауысып келген дегенді айтады. Түркі тілдері мен басқа тілдердің арасыңда да сөз ауысу тек бір жақты болмай, екі жақты болып отырған. Ғ. Мұсабаевтың пікірінше, аң атаулары, әсіресе, құс атауларының көпшілігі иран тіліне түркі тілдерінен ауысқан. Сонымен қатар араб-парсы тілдеріндегі мынадай сөздер түркі тілдерінен ауысқаның атап айтады. Мысалы: ата, аталық, адырна, орда, ақша, елші, адас, ұлы, құрылтай, бүлдіршін, қылыш, қонақ, бұғау, ту, темір, шабар, сорпа, тоқпақ, қаймақ, құл, ұлус, олжа, өлік, өлекшін, жылқы, қаз, қарға, қарақұс, сұңқар, қызыл, қылшық, қалпақ, қамшы, қосын, қарауыл, қарақшы, қайық, аю, арыстан.

Орыс тілінің сөздік құрамындағы айран, алтын, апара, аул, балбес, башка, болван, ералаш, қабырга, қаймақ, қараул, кишлак, кочевать, кумыс, кунак, очаг, сайга, серьга, сургуч, табун, тамга, тумақ, урман, тюбетейка, чекмень, чий, чубарый, чулан, тютюн тәрізді сөздер ертеде түркі халықтарынан ауысқан. Н. К. Дмитриевтің пікірінше, түркі тілдерінің ықпалы славян тілдерінің тек лексикасына әсер етіп қоймаған, славян тілдерінің грамматикасы мен фонетикасына, бір сөзбен айтқаңда, жалпы тілінің жүйесіне күшті ыкпал еткен. Бұған қарағаңда өзге тілдер түркі халықтарының тілдеріне қаншалықты игілікті әсер еткен болса, түркі халықтарының тілдері де сол тілдерге кем ықпал етпегендігі байқалады.

3-деңгей тапсырмалары:

Көркем шығармадан кірме сөздерді анықтап, мағыналарына талдау жасаңыз (сөздікпен жұмыс).

Екі-екіден қатар тұрған жігіттер балыққа толы носилкаларды көтеріп әкеліп, шаландадағы терең шаңдарға төгіп жүр.

Шаланда қабырғасында тіркеулі тұрған қайық-кемелерде бір топ жігіт үлкен сүзгелерін толтыра носилкаға балық құйып жатыр.

Екінші тобы оларды тары шелектердің жанына апарып төгіп жатыр.

  • Ал, ал, төмен басыңдар, бірге қимылдайық,- дейді Одырбай, қолындағы сүймен ұшын бөген табаны мен тақтайдың арасын қудалай қадап,- басыңдар төмен.

Екі басында екі екі пұттық гирьдей домалақ темірі бар жом тұтқасын айналдырып тұрған жалпақ бетті, қошқар мұрынды, қалың ерінді зор қара жігіт Матвей Степановичтің әніне қосылмақ болды.

Орта арқалықтарын ашалармен тіреген ұзын балшық үйдің іші бөлшексіз тұтас екен. Әр жерде терезеге қойылған кәрәсін шамдардың бәрі бұқтырылып, қызғылт оттарының қылтиған сүйрік ұштары ғана жылтырайды, одан үйдің іші күңгірт. Кәрәсіннің және кір-қоңның иісінен сыртқы еркін ауадан келген менің тынысым тарылып жүре берді (ҚТС, 56.).

11-тапсырма тақырыбы: Қазіргі қазақ лексикасының стильдік мәні және қолданылу шеңбері.

Жоспары:

1. Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері:жалпылама лексика

2. Аймақтық сөз, оның ерекшелігі

3.Арнаулы лексика және түрлеру

1-деңгей тапсырмалары:

Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлеріне презентация жасау

2-деңгей тапсырмалары:

Диалект, кәсіби, термин сөздердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы кесте жасау

3-деңгей тапсырмалары:

Төмендегі мәтіннен диалект, кәсіби сөздерді тауып, мағыналық талдау жасаңыз:

Үйден шыққан ыңғайда тесік- тесік болып тұрған лапастан соққан жел Егеубайдың маңдайындағы шәйдің шығарған терін жойып жіберді. Қабағын жиырыңқырап лапастың алдында тұрып, ақ сырмақтың үздік бауын байлады. Тысқа шығып бір- екі жүре берем дегенде, жапырайған қорасының құлап жатқан бұрышы көзіне шалынды. «Мынаны оңдап тастамаса болмас»- деп темір күрегін алып, құлаған шомды үйе бастады. Албарда тұрған көк шолақ ат күректің тықырымен Егеубайды танып, жем ізденіп оқыранып қойды. «Е, жем керек екен, сен түгіл балалрға да нан жоқ!»- деді күбірлеп. Өзі шомына айналып тастаған көңін үске шығып жайлап жатқанда, біреу келіп «Ассалаумағалейкум!»- деді. Егеубай шомның басынан түсіп, күрегін таяна тұрып сұрай бастады.

Екі-екіден қатар тұрған жігіттер балыққа толы носилкаларды көтеріп әкеліп, шаландадағы терең шаңдарға төгіп жүр.

Шаланда қабырғасында тіркеулі тұрған қайық-кемелерде бір топ жігіт үлкен сүзгелерін толтыра носилкаға балық құйып жатыр.

Екінші тобы оларды тары шелектердің жанына апарып төгіп жатыр.

  • Ал, ал, төмен басыңдар, бірге қимылдайық,- дейді Одырбай, қолындағы сүймен ұшын бөген табаны мен тақтайдың арасын қудалай қадап,- басыңдар төмен.

Мәтіндердегі терминдерге талдау (мағыналық, құрылымына) жасаңыз. Терминдердің қай салаға қатысты екенін анықта.

1.Темперамент дегеніміз жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.Темперамент– ағзаның физилогиялық өзгешеліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан (мәселен,біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу, керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т.б.) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады.

12 тапсырма тақырыбы: Қазақ тіліндегі актив және пассив сөздер.(көнерген сөздер, жаргон сөздер, неологизмдер).

Жоспары:

  1. Көнерген сөздер және оның түрлері

  2. Неологизмдер, жаргон, арго т.с.с.

1-деңгейдегі тапсырма

1. Көнерген сөздер мен жаңа атауларға қатысты ғалымдардың пікірлерін келтіре отырып, олардың пікірлеріндегі айырмашылықтарды анықтаңыз.

2-деңгейдегі тапсырмалар:

1.Көнерген сөздер мен жаңа атауларға қатысты глосариий жасаңыз.

2. Төмендегі мәтіннен жаңа мағынаға ие болған көне сөздерді анықтап, оны дәлелдеңіз.

Аламанға дем берген, Азды көпке теңгерген. Алдынан шықты Қазан ер («Қобыланды батыр») Ханның кірген ақ орда, Бұзуын ойлап кеңестік, Аламанға жел бердік, Аса жұртты меңгердік (Махамбет) Қазақ, қырғыз, қарақалпақ, түркімен, азербайжан, ұйғыр т.б. түркі моңғол халықтарының сөздіктерінде аламан сөзі кездеседі. Ж. Досқараев: «Түркі тілдерінде аламан сөзінің бір мағынасы салт атты тобыр, екінші мағынасы шайқас, жау» дегенді білдіреді. Қырғыз тілінде бұл сөздің «дүркірей шабу, шапқылау, қауым» деген мағынасы бар. Бұл 1955 жылы шыққан «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінде» берілген анықтама, ал енді 2008 жылы шыққан «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» І. Атжалман, алақоржын тышқан тұқымдасына жататын кеміргіш жануар. ІІ.1.Біреуді шабуға, олжалауға сайланған қарулы топ. 2.Ауысп. Қарқынды, қаһарлы. Аламан бәйге-аты, құнаны, тайы аралас жаппай жарыс деп түсіндірілген. Ал енді осы Аламан сөзі қазір белгілі бір шайдың атауы.

Ордабұзар көшбасшылар он бес миллионымызды даэкономикамызды да өрге тартпақ. (Нұр Астана, 2008 №16). Көші-қон туралы жаңа заң қажет. (Заң, 2009 №41). Жүзге жуық тұрғын үй кешені жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. (Егеменді Қазақстан, №74-77). Кеңшарлар мен ұжымшарлар тарқап, барлығы жекешеленіп кеткенде сумен қамту жүйелері иесіз қалған. (Айқын, 2008 №155). Ендігі міндет –осы замануи жоспарды орындауға жалпы халық болып ұмтылу, ұлт болып ұйысу. (Айқын, 2008 №155). Құзіреттіліктің заман талабына сай кез келген саланың маманы болуға мүмкіндік беретін басты екі түрі белгіленіп отыр. (Егеменді Қазақстан, №74-77). Қазақ қаражаы құмарханаларға құйылуда. (Заң, 2009 №41). Қамауға алынған лаңкестердің берген түсініктемесінде жарылысты ұйымдастыруға жергілікті әкімшіліктің 15 адамы көмектескен көрінеді. Айқын, 2009 №204). Бағаның шарықтап өсуіне өтемақы төлеуді түсіну үшін макраэкономика саласында арнайы маман иесінің болудың қажеті жоқ. (Жас алаш, 2008 №24).

3-деңгейдегі тапсырмалар:

Мәтіннен көнерген сөздерді тауып, мағыналық талдау жасаңыз.

Жиырма шақты шәкірт орталарынан ат жалдап, алты арбамен Семейге елдетіп, төтесімен тартты. Түскен жеріне отрядтай- ақ қорқынышты. Лаудан ығыр болған ел арбалылардың қарасы көрінгеннен-ақ жылқысын іннен- інге тығады. Лау мінбейтін шәкірттер екенін білген соң ғана жүрегі орнына түседі.

Баян төңірегіндегі айдабол, қаржас, қозған, күліктің малы дөңгеленіп қалыпты. Ең бай деген ауылдан өрген сиыр 60-70 тен аспайды. Қотан боларлық қой қадау-қадау ұшырайды. Көбінесе жазықтың қоянындай бытырап, үркердей шошайған сандырамалар. Түндікке (атағозы бойы) құлап, орманды қаракесек ішіне кірген соң ғана қара мал қоқырланып көріне бастады. Айғыржалдың найманына кіргенде мал тағы селдіреді. Кейбір ауылдың қыстаулары иесіз қорадай, маңайы жым-жылыс болып, қуарып, сорайып тұрады. Төңірекке мойын созып, дөңеске шыққанда, адырдың саласында, әйтпесе татырдың құлағында, құдық жақтағы ойпаңда айғыр үйір жылқы, таздың шашындай қыдырынды сиыр көзге түседі. Малсыз ауылсақал- мұртсыз ауыздай, жылмырайып жараспайды екен. Жерінде не шабындық, не егіндік, не бір биік тау, не бір көл, өзен жоқ, кер бетегелі кедір- бұдыр жалтаң, сортаң, шөлейт, құба жол. Дуадақ отырмаса, адам қоныс қылар жер емес (Ж.А., 130).

Мәтіннен жаңа атауларды тауып, түрлерін анықтаңыз:

Әсіресе, қаланың оңтүстік-шығысындағы Абылай хан даңғылы абаттанып шыға келді. (Айқын, 2008 №167). Демек адам денесіне қажетті кальций, фосфор, калий, натрий құрамдары жарқылдауық шаянның ағзасынан табылды. (Егеменді Қазақстан, №74-77). Қазақстан Республикасы Президентінің Ақордасының ресми тұсаукесері 2004 жылдың 24-желтоқсан күні өтті. (Дала мен қала, №26-27). Кредит жолымен алынған ақшаның орнынан ақшаның орнынан кепілге ешқандай мүлік қойылмағандықтан немесе борышкерлердің мекен-жайларын жиі ауыстыруынан, бұл санаттағы жұмыстар кедіргеге тап келуде. (Астана ақшамы, 2008. №170). Аграрлы қоғамда сақталуды ғана мұрат тұтып, ғаламдастыру жағдайына бейімделе дамудың жолын таппай, аңтарылу байқалады. (Айқын, 2008 №155). Сонымен бірге қазір банк өкілдерімен коллекторлық агенттіктер қарызгерлерді жүргізуші куәлігінен айыру, шетелге шығуға, ғаламорды және ұялы телефонмен сөйлесуге тыйым салу жөнінде мәселелер көтерілуде. (Айқын, 2008 №155). Қазақстандық бітімгершілерге ризашылығын білдірді. (Егеменді Қазақстан, №74-77).

Практикалық тапсырмалар