- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •2 Курс студенттері (магистранттары) үшін
- •Сөз варианттары
- •Антонимдер
- •Сөздің қосалқы аталымдары
- •Эвфемизмдер
- •Дисфемизмдер
- •1.Қазақ тіліндегі кірме сөздер, олардың түрлері
- •2. Араб-парсы тілдерінен енген сөздер
- •1.Қазақ тілі мен моңғол тілдеріне ортақ сөздер
- •1.Қазақ төңкерісіне дейін енген сөздер
- •2.Қазақ төңкерісінен кейін енген сөздер
- •1. Қазан төңкерісіне дейін енген сөздер
- •2.Қазан төңкерісінен кейін енген сөздер.
- •1.Диалект сөздер, оның ерекшелігі
- •2. Аймақтық сөздердің түрлері
- •Термин сөздер, ерекшелігі, зерттелуі.
- •1.Эмоционалдық-экспрессивті сөздер
- •2.Кітаби лексика
- •Стильаралық бейтарап лексика
- •Сөйлеу тілінің лексикасы
- •Кітаби лексика
- •Экспрессивтік-эмоционалды лексика
- •«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» пәні практикалық сабақ мазмұны: (15 сағат )
- •«Ассоциация» әдісі
- •«Ассоциация» әдісі
- •1.Мәтіндегі асты сызылған сөздерді мағыналық қатысына қарай талдаңыз:
- •«Тоғысқан пікірталас» әдісі:
- •«Кластер» әдісі
- •1.Мәтіннен омонимдер мен синонимдерді бөлек топтаңыз:
- •2.Синонимдес қосымшалы сөзді бір бөлек, омонимдес қосымшалы сөздерді бір бөлек теріп жазыңыздар.
- •«Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі
- •«Тоғысқан пікірталас» әдісі:
- •1.Сөйлемдерден неологизмдер мен терминдерді төмендегі кестеге салып, толтыр.
- •13 Тапсырма тақырыбы: Қазақ тілінің фразеологиясы, түрлері.
- •«Ассоциация» әдісі
- •Төмендегі жыр жолдарындағы мағынасы түсініксіз сөздерге этимологиялық талдау жасаңыз.
- •Сөздіктердің түрлері, олардың қалыптасу тарихи атты баяндама жасаңыз.
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •5В012100-қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- •Пәнді оқытудағы әдістемелік ұсынымдар
- •Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы курсы бойынша емтихан сұрақтары:
- •13 Мамандандырылған аудиториялар ( кабинеттер ) лабораториялардың тізімі
1.Мәтіннен омонимдер мен синонимдерді бөлек топтаңыз:
Енді бөгет атаулы жапырылып болған соң барлық қолдары жан-жақтан қыстауға лап берді. Күн түстіктен ауа Аққұмнан шыққан үш атты Тартүбекке қарай бет алды. Осы ауылдарын көшіріп, жөнелтіп болған соң, Құнанбай дәл бүгінгідей, Шыңғыс өңіріндегі әбігер мен қарбаласты тез пайдаланбақ болды. Абай өз әкесінің өзге атқамінер атаулыдан мықты, қайратты екенін сезді.
2.Синонимдес қосымшалы сөзді бір бөлек, омонимдес қосымшалы сөздерді бір бөлек теріп жазыңыздар.
Қызметкер, мақтан, барды, тікши, көрпешік, көнік, кітапты, келеді, қызметші, тікшірей, обық, ақши, кекірей, ақырай, ақшырай, кекшірей, сауық, молық.
3-деңгей тапсырмалары:
Синоним, антоним, омонимге қатысты ұғымдарға глосарий жасаңыз.
№9-тапсырма тақырыбы: Қазақ тілінің сөздік қоры мен құрамы.
Түркі тілдеріне ортақ сөздер, қазақ тілінің байырғы сөздері
Жоспары:
1.Сөздік қор және сөздік құрам және олардың негізгі белгілері
2. Жалпытүркілік қабатқа тән атаулар
3. Қазақтың байырғы сөздері
1-деңгей тапсырмалары:
«Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі
Күтілетін нәтиже.
Студент жасай алады:
Өз бетінше ойлап, ақпаратты менгере алады;
Мәтінмен өз бетінше жұмыс жасау дағдысы дамиды;
Ақпаратпен ықыласты жұмыс жасайды;
Мәтінге сұрақ қою, белгілеу, тұжырымдау;
Топ студенттерінің жауаптарын ықылас қоя тыңдау және сұрақтар қою;
Өз оқуына және топтағы студенттердің оқуына жауапкершілікпен қарау;
таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі
Жүзеге асыру қадамдары
1-қадам: мәтінді толық немесе бір бөлігін оқыту (мәтіннін
күрделілігіне карай, балалардың жас және даму ерекшелігіне карай),оқылған мәтіннің мазмұнына әр деңгейлі сұрақтар қою – сұрақтарды мәтін бойынша остуденттердің өздері немесе оқытушының өзі қоюына болады.
2 -қадам: студенттер оқығандары бойынша бір-біріне сұрақ кояды және
талқылайды.
Мәтін: Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам немесе лексика деп аталады. Сөздік құрам белгілі бір халықтың тұрмыс жағдайын, күнкөріс-тіршілігін, кәсібін түгел қамтып көрсетеді. Белгілі бір халыктың коғамдық, шаруашылық, мәдени-түрмысы неғұрлым күрделі болса, соғұрлым сол тілдің сөздік құрамы да бай болады деген сөз.
Қоғам өміріндегі болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер тілге әсер етіп отырады. Әсіресе оның лексикасы өзгеріске неғұрлым бейім, неғұрлым сезімтал келеді. Тіл адамның барлық жұмыс сатасыңдағы іс-әрекетімен түгелдей байланысты болғандықтан, сөздік құрам қоғам өмірінде не бар соны дереу және тікелей көрсетіп отырады. Мәселен, Кеңес өкіметі жылдарыңда қазақ тілінің сөздік құрамыңда мынадай басты өзгерістер болды:
1. Қазақ тілінің лексикасы қаншама жана сөздермен толығып байыды. Бұлар өндіріс, ауыл шаруашылығы, техника мен ғылым салаларындағы жаңалықтармен байланысты еді. Соның нәтижесінде қазақ лексикасында неологизмдер, терминология салалары пайда болды.
2. Ескі салт-сана, әдет-ғұрыпқа қатысты, көне құрылыс жүйесіне байланысты бірқыдыру сөздер күнделікті қолданыстан шығып қалды. Сөйтіп, сөздік құрамдағы пассив сөзге айналды.
3. Сөздік құрамдағы бірқыдыру сөздердің мағыналары түрлі өзгеріске ұшырады: а) Көптеген сөздер бұрынғы мағынасының үстіне жаңадан үстеме мағына қосып, көп мағыналы болып қалыптасты. Мәселен, тап деген сөз революциядан бұрын ел, ру, ата (тек) ұғымында ғана жұмсалатын еді. Қозғамбайдың табы Бәйнеке атанған. Бір жерде 12—13 үй қыстайтың (К. Тайшықов). Бұл сөздін бұрынғы тар мағынасы кеңейіп, орыстың класс деген термин сөзінің қазақша баламасы болумен бірге, тіл біліміндегі сөз табы деген терминді жасауға негіз болды. Сонымен тап деген сөз қысқа мерзімінің ішіңде актив көп мағыналы сөзге айналып кетті.
ә) Бұрынғы мағынасынан қол үзіп, басқадай мағынаға ие болған сөздер де кездеседі. Мәселен, бұрын ұран деген сөз ел мен ел, ру мен ру жауласқаңда, ат жарыстырып, балуан күрестіргенде ата-бабасының аруағын шақырып рухтаңдыруды білдірген сөз болса, кейін қоғамдық мәні бар үндеу, шақыру дегенді білдіретін болды.
2-деңгей тапсырмалары:
Сөздің қор, сөздік құрам тақырыбына презентация жасаңыз.
3-деңгей тапсырмалары:
Көркем шығармадан түркі тілдеріне ортақ және қазақтың байырғы сөздерін жинақтап, мағыналарына талдау жасаңыз.
І.1.Орай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?
Туырлығы жоқ тұл үйге
Ту байласаң тұрар ма?
Ту түбінде тұлпар жығылса,
Шаппаған нәмәрат оңар ма?
Қарындастың қамы үшін,
Қатын менен бала үшін
Беркініп садақ асынбай,
Біріндеп жауды қашырмай,
Білтеліге оқ салмай,
Қорамсаққа қол салмай,
Қозы жауырын оқ алмай,
Атқан оғы жоғалмай,
Балдағы алтын құрыш болат
Балдағынан қанға боямай,
Қасарысқан жауына
Қанды көбік жұтқызбай,
Халыққа тентек атанбай,
Үйде жатқан жігітке
Төбеден тегін атақ болар ма?! (М, 30).
№10-тапсырма тақырыбы:Қазақ тіліндегі кірме сөздер
Жоспары:
1.Қазақ тіліне араб-парсы тілдерінен енген сөздер
2.Түркі-монғол тілдеріне ортақ сөздер
3.Қазақ тіліне орыс және орыс тілі арқылы Еуропа тілдерінен енген сөздер
1-деңгей тапсырмалары:
