Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лексикология кешен .docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
291.7 Кб
Скачать

«Кластер» әдісі

Күтілетін нәтиже

Студент жасай алады:

  • оқылып жатқан проблема бойынша білімді актуалдандыру;

  • проблема жайлы өз білімдерін ұсыну;

  • Проблеманың қойылуын көрнекі сызбамен көрсету (оқылып

жатқан ақпарат бойынша);

  • Тақырыпаралық проблемаларға өзара байланыс орнату;

  • Ұсынылған проблема бойынша толыққанды түйіндеме жасау;

  • таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі.

Жузеге асыру қадамдары:

Сөз мағынасының тараюы

1-қадам: «Сөз эволюциясы » тақырыбына тақтада кластер жасау; «Сөз мағынасының дамуы», «Сөз мағынасының тараюы», «Сөз және қоғам», «Сөз және тарих», «Сөз қарым-қатынас құралы».

Сөз мағынасының дамуы

дамуы

Сөз эволюциясы сы сысы циясы циясы

Сөз эволюциясы

Сөз және қоғам

Сөз –қарым-қатынас құралы

Сөз және тарих

2-қадам: оқушыларға осы бағыттағы тақырып бойынша жеке өз

дәптерлеріне таныс, соны жазғыза беру;

3-қадам: жеке жазуды топта талқылауға салу, жалпы топтың атынан жауап

дайындау;

4-қадам: кластер бойынша топтың жауабын жалпы тақтаға жазу.

5-6тапсырма тақырыбы: Сөздің көп мағыналылығы. Метафора, метониния, синекдоха.

1. Көп мағыналы сөздердің пайда болуы

2. Көп мағыналылықты тудыратын тәсілдер.

1-деңгей тапсырмалары:

Ротация» (ауыстыру) әдісі

Күтілетін нәтиже:

Студент орындай алады:

  • өз білімдерін ұсынылған тақырыпқа актуаландырады;

  • проблемалық сұрақтар талдауға қатысады;

  • бір сұрақ және басқа сұрақ төңірегінде өз тобының бағыты мен өзге топтардың бағытын салыстырады;

  • өз бағытын қысқаша мазмұндау қабілетін дамытады;

  • ұсынылған проблема бойынша басқа топтардың бағытымен келісетінін немесе келіспейтінін дәлелдемелер арқылы білдіреді;

• таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі

Жүзеге асыру қадамдары

1-қадам: сұрақтар дайындау (1-ден 8-ге дейін), сұрақтарды нөмірленген ватмандарға жазып, аудиторияның әр бұрышына іліп қою:

2-қадам: топты 4 (8) топқа бөлу әр топқа түс бөліп беру (қызыл, көк, жасыл, сары), әр топ 5-6 минутта ватманға өз түсінің маркерімен өз сұрағына жауап береді. (әуелі жеке, сосын топтама):

  1. Көп мағыналы сөздердің пайда болу себептері?

  2. Ауыспалы мағыналы тудыратын тәсілдер?

  3. Метафораның жасалу жолдары?

  4. Метонимияның сөздің құрамның дамуына әсері?

  5. Синекдоха мен метонимияның ұқсастықтары мен айырмашылықтары?

2-деңгей тапсырмалары:

Сөздің көп мағыналығы, метафора, метонимия, синекдоха тақырыптарына байланысты презентация жасаңыз.

3-деңгей тапсырмалары:

Берілген мәтіннен метонимия, метафора, синекдоха тауып, түсіндіріңіз:

Сонан соң не үшән екен осынау Алатау жоталарын осыдан жүз жыл, мың жыл, тіпті миллион жыл бұрын да дәл осылай асқақтап тұрғанын, бұдан кейін де тұра беретінін, мына бір соқтықпалы, бұралаң жолдармен бұларға дейңн де талай ұрпақтың жүріп өткенін есіне алды. Олардың да өз мұқтаждарын шешу үшін, бір-бірімен алысқанын, тартысқанын, кей арманға қол жеткенмен, көпшілігін орындап үлгермей, дүниеден көшкенін ойлап өтті. Осынау табиғат қандай көне, қандай мәңгілік болса, жақсылық пен жамандық арасындағы талас-тартыс та сондай мәңгілік сияқтанды (Қ.Ж.).

Әсіресе, сол ақ отаудың іші, бота көз аққұба, екі бетінің ұшы қызыл шақпақ ата, қара қасы қиылған, сұңғаш бойлы Ыраш келіншектің көркі көздің жауын алады.

7-тапсырма тақырыбы: Синоним, антоним, омоним

Жоспары:

1.Қазіргі қазақ тіліндегі синонимдер, жасалу жолдары

2.Қазіргі қазақ тіліндегі антонимдер, жасалу жолдары

3.қазіргі қазақ тіліндегі омонимдер, жасалу жолдары

1-деңгей тапсырмалары:

«Ротация» (ауыстыру) әдісі

Күтілетін нәтиже:

Оқушы орындай алады:

  • өз білімдерін ұсынылған тақырыпқа актуаландырады;

  • проблемалық сұрақтар талдауға қатысады;

  • бір сұрақ, және басқа сұрақ төңірегінде өз тобының бағыты мен өзге топтардың бағытын салыстырады;

  • өз бағытынқысқаша мазмұндауқабілетін дамытады;

  • ұсынылған проблема бойынша басқа топтардың бағытымен келісетінін немесе келіспейтінін дәлелдемелер арқылы білдіреді;

• таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі

Жүзеге асыру қадамдары

1-қадам: сұрақтар дайындау (1-ден 8-ге дейін), сұрақтарды нөмірленген ватмандарға жазып, аудиторияның әр бұрышына іліп қою:

2-қадам: класты 4 (8) топқа бөлу әр топқа түс бөліп беру (қызыл, көк, жасыл, сары), әр топ 5-6 минутта ватманға өз түсінің маркерімен өз сұрағына жауап береді. (әуелі жеке, сосын топтама):

  1. Синонимдердің жасалу жолдары

  2. Контекстік антонимдер, олардың ерекшелігі?

  3. Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің ұқсастығы мен айырмашылығы ?

2-деңгей тапсырмалары: