Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лексикология кешен .docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
291.7 Кб
Скачать

1.Мәтіндегі асты сызылған сөздерді мағыналық қатысына қарай талдаңыз:

Жабай жиырма беске жаңа толған өрімдей жас жігіт еді. Жұманның жылқысын бағуға он бесінде түсіп еді, содан бері осы есікте. Боран ұлып, қар құрсап жатқан жатқан өлік даламылқау да керең. Оның қаһарына іліксең үмітіңді үз де, кете бер. Күш-қуатына, азаматына сенген жандардың да құралақан қалғаны бар. Жазда ұжмақ болса, қыста дозақтың өзі сол.

3-деңгей тапсырмалары:

Сөздердің мағыналық қатысына қарай жіктелуіне байланысты глосарий жасаңыз.

4 тапсырма тақырыбы: Сөз мағынасының дамуы мен өзгеруі.

Жоспары:

1. Сөз мағынасының эволюциясы

2. Сөз мағынасына әсер етеін факторлар

1-деңгей тапсырмалары:

«Тоғысқан пікірталас» әдісі:

Күтілетін нәтиже. .

Студент жасай алады:

  • проблемаға қарама - қарсы көзқараста қарай алады;

  • идеялар ұсын;

  • шешімді өлшей қабылдау дағдысын қалыптастыру;

  • пікірлестер мен қарсыластарды есту және тындай білу;

  • қарама- карсы көзқарастарды талдау және түсіну;

  • қарсыластардың ұстанымын түсіну мақсатында сұрақтар

қою және тұжырымдау;

  • дәлелдемелер арқылы сөйлеу дағдысын дамыту;

  • таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі

Жүзеге асыру қадамдары:

  1. -қадам: «Қоғамның дамуы сөз мағынасына әсер ете ме?» проблемалық сұрағының қойылымы.

  2. - қадам: «Т- сызбасы» немесе «Пікірталас карта» бойынша жұмыс (әр студент жеке жазба жұмысы):

Ия

Жоқ

Дәлелдемелер

Дәлелдемелер

2-деңгей тапсырмалары:

Сөз қоғаммен бірге өзгеріске түсіп отырады,яғни оның мағынасы дамиды. Оның мағынасы жағынан дамуына сыртқы және ішкі себептер ықпал етеді. Сөз мағынасының дамуына негізінен сыртқы факторлар әсер етеді. Сөз мкағынасының ішкі өзгерістерінің бір себебі жаңа сөз немесе жаңа мағына сөздік құрамға келіп қосылғанда бұрыннан тілде бар сөздің мағыналары мен өзара қарым-қатынасқа түсіп солармен синонимдік байланысқа түседі. Сөз мағынасының даму нәтижесінде мағына кеңейіп, немесе тарылып отырады. Сөз мағынасы жөнінде Р.Сыздықова: « Сөз мағынасының эволюциясы тек дамудан,яғни жақсару сипатында ілгері жылжымай тұрмайды сонымен қатар сөз мағынасы күңгірттенуі,ауысуы, тарылуы » тағы сол сияқты құбылыстар сөз табының қозғалғанын танытады.

Сөз мағынасының кеңеюі деп- сөздің тұлғасын өзгертпей-ақ бұрыннан белгілі, жаңа мағынаға ие болуын айтамыз. Бұл негізінен метафоралық,синехдохалық тәсілдер арқылы жүзеге асады. Мысалы; кұн, айдар т.с.с.

Сөз мағынасының тараюы деп - тарихи,қоғамдық,әлеуметтік тағы басқа жағдайларға байланысты сөздің кейбір мағыналарының қолданыстан шығып қалуын білдіреді.

«Түртіп алу» әдісі

Күтілетін нәтиже.

Студент жасай алады:

• окылған ақпарат туралы өз түсінігін қадағалау;

• ойлаудың іске асуын белгілеп отыру (маркердің көмегімен);

  • бұрыннан таныс мәліметгі жаңа мәліметпен ұштастыру;

  • берілген ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау;

  • мәтін мен оқылған проблемаға сұрақ қою, тұжырымдау;

  • алда оқылатын проблеманың бағытын анықтау;

• таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі

Жүзеге асыру қадамдары:

1 - қадам: мәтінді оку, мысалы, «Мектеп. Мектеп ұжымы» мынадай белгілермен:

«V» -маған таныс;

«+» - мен үшін жаңа;

«-» - мен білетін түсінікке сәйкес келмейді;

«?» - бұл туралы тереңірек білгім келеді.

2-қадам: өз бетінше оқыған мәтіннің нәтижесін әуелі жұпта, сосын топта талқылау.

3-деңгей тапсырмалары: