Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лексикология кешен .docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
291.7 Кб
Скачать

«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» пәні практикалық сабақ мазмұны: (15 сағат )

№№ 1 практикалық сабақ Қазіргі қазақ тілі пәнінің зерттеу объектісі. Тіл білімінің лексикологиямен шектес салалары.

Жоспары:

1. Қазіргі қазақ тілі лексикология пәнінің мақсаттары мен міндеттері.

2. Бұл пәннің диалектология, фразеология, терминология, ономастика т.б. салаларымен байланысы.

«Ассоциация» әдісі

Күтілетін нәтиже.

Студент жасай алады:

  • білімді проблема бойынша актуалдандыру;

  • проблема туралы өз білімін ұсыну;

  • проблеманың сызбасын көрнекілікпен көрсете білу (оқыған тақырьш бойынша алынған ақпаратты);

  • ұсынылған проблема бойынша толыққанды түйіндеме жасау;

таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі

Лексикология

2-тапсырма тақырыбы: Сөз, мағына, ұғым

1. Сөз, оның қасиеті

2. Сөздің мағына мен ұғыммен байланысы

1-деңгей тапсырмалары:

«Ассоциация» әдісі

Жүзеге асыру қадамдары:

1-қадам: шеңбер сызып, ортасына тақырыптың атын жазу, мысалы, «Сөз ».

Сөз

2-қадам: Сөз, мағына, ұғым салыстыру, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын толтыру.

Ұғым

Сөз

Мағына


2-деңгей тапсырмалары:

«Түртіп алу» әдісі

Күтілетін нәтиже.

Студент жасай алады:

• окылған ақпарат туралы өз түсінігін қадағалау;

• ойлаудың іске асуын белгілеп отыру (маркердің көмегімен);

  • бұрыннан таныс мәліметгі жаңа мәліметпен ұштастыру;

  • берілген ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау;

  • мәтін мен оқылған проблемаға сұрақ қою, тұжырымдау;

  • алда оқылатын проблеманың бағытын анықтау;

• таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі

Жүзеге асыру қадамдары:

1 қадам: мәтінді оку, мысалы, «Сөз - тілдік бірлік» мынадай белгілермен:

«V» -маған таныс;

«+» - мен үшін жаңа;

«-» - мен білетін түсінікке сәйкес келмейді;

«?» - бұл туралы тереңірек білгім келеді.

Сөз – бір нәрсенің (заттың, құбылыстың, оның сынының, санының, қимыл-қозғалысының) атауы. Ол – тілдік бірлік. Әрбір атау (сөз) белгілі бір ұғымды, мағынаны білдіреді. Сөздің екі жағы болады: бірі – оның сыртқы тұлғасы (дыбыстық жағы), екіншісі – ішкі мазмұны (мағынасы). Бұл екеуі тығыз бірлікте. Яғни сөздің сыртқы тұлғасы бар жерде оның ішкі мазмұны (ұғымы, мағынасы) болады, ішкі мазмұны бар жерде оның сыртқы тұлғасы болады. Бұлар бірінсіз бірі болмайды, екеуі ылғи бірге жүреді. Тіліміздегі сөздер сан алуан. Олардың біразы – заттық ұғымды білдіреді. Біразы – сын есімдер мен сан есімдер. Енді біраз сөздер – іс-әрекетті, қимылды білдіреді. Басқа бір топ сөздер іс-әрекеттің мезгілін, иесін және көңіл-күйі мен қорқынышын, өкінішін, қимыл-қозғалыстар мен дыбыстардың бейнесін білдіреді. Бұлардың бәрінде лексикалық мағына, өзіндік ұғымдар бар. Тілімізде бұлардан басқа шылаулар да кездеседі. Бұлар да сөздер. Шылаулардың жоғары сөздерден айырмашылықтары – бұларда атауыштық (бір нәрсені атағандық) мән, бір нәрсе туралы ұғым жоқ. Олар бір сөзді екінші сөзбен байланыстырады. Сөздер бір нәрсені атайды, белгілі бір ұғымды білдіреді. Ұғым екеу: жалпы ұғым және жеке (нақты) ұғым. Бір сөзде осы екі ұғымның біреуі немесе екеуі де болуы мүмкін. Сөздердің аталған жалпылық және жекелік қасиеттері олардың ең басты қасиеттері болып табылады. Сөздер, сондай-ақ, деректі және дерексіз сөздер болып та бөлінеді. Деректі сөздерге нақты зат атаулары, заттың сыны мен саны, қимылы сияқты ұғымдарды білдіретін сөздер жатса, дерексіз сөздерге жалпыланған (абстрактылы) ұғымдарды білдіретін сөздер жатады.

3-деңгей тапсырмалары:

  1. Сөз - қарым-қатынас құралы екенін дәлелдеңіз.

  2. Сөздің негізгі белгілерін көрсетіңіз.

  3. Төмендегі кестені «сөз, мағына, ұғым» тақырыбына байланысты толтырыңыз:

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

3 тапсырма тақырыбы: Сөздердің мағыналық қатысына қарай жіктелуі.

1. Сөздердің мағыналық топтары

2. Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтері.

1-деңгей тапсырмалары:

1.Тақырыпқа қатысты тест сұрақтарын дайындаңыз.

2-деңгей тапсырмалары: