Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лексикология кешен .docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
291.7 Кб
Скачать

Кітаби лексика

Қазақ тіл біліміңде «кітаби лексика» деген ұғым тек өткен дәуірлердегі жазба әдеби тілде («кітаби тідце») қолданылған сөздер мәнінде түсіндіріліп келеді. Бұл мағынада «кітаби лексика» термині қазіргі жазба әдеби тіл лексикасынан ерекшелеп, ертедегі жазба әдеби тіл дәстүріндегі лексиканы білдіру мақсатында шартты түрде қабылданған еді. Шын мәнінде, «кітаби лексика» термині жалпы жазба тілде (әдебиетте) қолданылатын сөздерді білдіреді. Жазба тілсіз әдебиет, жазба әдеби тіл болмайтыны белгілі. Демек, жазба тілде қолданылатын сөздер әдеби лексикаға жатады. Кітаби лексика дегеніміз әдеби лексика. Әрине, әдеби тіл дамуының барлық дәуірлерінде әдеби лексика бірдей болуы мүмкін емес, сол себепті ол өзінің даму, қалыптасу тенденциясына қарай іштей жіктеліп отырады. Мәселен, қазақ тіліндегі кітаби лексика тарихи және қазіргі тұрғыдан екі салаға бөлінеді: 1) ескі дәуірдегі кітаби лексика, 2) қазіргі кітаби лексика.

Экспрессивтік-эмоционалды лексика

Сөздер зат, құбылысты, олардың белгі-қасиетін, болмаса іс-әрекетін ғана атап білдіріп қоймайды, сонымен бірге адамның сезіміне әсер ететіндей стильдік мәнге ие болады. Адамның сезіміне әсер ететін сөздер тобы экспрессивтік-эмоционалды лексика деп аталады. Сөздің экспрессивтік сипаты оның бейнелі, мәнерлі айтылуынан, ал эмоционалдығы оған қоса адамның бір затқа, құбылысқа өзіңдік көзқарасын, көңіл күйін, сезімін білдіруінен көрінеді. Сөздің бейнелі, мәнерлі айтылуы мен сезімге әсер ету қасиеті бір-бірімен тығыз байланысты. Эмоция бар жерде экспрессивтік болады. Ол эмоционалдық бояуы бар сөздер арқылы білдіріледі. Әсіресе сүйіспеншілік, масаттанушылық, мақтанушылық, есіркеушілік, еркелік, таңырқаушылық, жағымпаздық, қошаметшілік, өшпенділік, үрейлену, сес көрсету сияқты адамның жағымды-жағымсыз қасиеттерін білдіруде жиі кездеседі. Экспрессивтік-эмоционалды сөздер барлық стильде бірдей қолданыла бермейді, олар негізінен сөйлеу тілі мен көркем әдебиетке тән.

Экспрессивтік-эмоционалды лексика әр түрлі жолмен пайда болған:

1. Бірқатар сөз ешбір қосымшасыз-ақ жеке тұрып эмоционалдық бояуға ие болып тұрады. Мысалы: масқара, әттең, тамаша, шіркін, есіл, сабаз, марқұм, ғажап, мыстан, сайқал, айналайын, жексұрын, сұмпайы, жайсаң, дарқан, ербию, тыртию, қылқию, шілтию, үрпию т. б.

Мысалдар: — Уа, кемпір, шүйінші-шүйінші! Сатан келді, Сатан! — деп қозы тартқыш Үйрекбай айғайлады (I. Жансүгіров).

  • Қайран азамат, керкеткеннің босағасында шіріп жүр ғой (М. Әуезов).

  • Ғажап!... Айтары жоқ! — деді Қабанбайға қарап. — Шүкір қазақ жерінде әлі де тұлпардың тұқымы үзілмеген екен (Қ. Жұмаділов).

2. Кейбір сөздер белгілі бір текст ішінде эмоционалдық бояуға ие болады. Мысалы:

Қарағым, неткен сұлу ең!?

Деп таңырқап, тандаңды.

Неткен мойын, неткен көз!

Осыдан артық дейсіз бе.

Морфологиялық жолмен пайда болған эмоционалды сөздер. Мұндай сөздер еркелету, менсінбеу, елемеу, кішірейту т. б. қосымшалары арқылы жасалады. Мысалы: құлыншақ, ботақан, інішек, балақай, ағеке, ағатай, ағажан, қылдырықтай, алпамсадай т. б.

Экспрессивтік-эмоционадды сөздер бұдан басқа фонетикалық жолмен (дауыс ырғағы, пауза арқылы) жасалады: — Ойпыр-о-о-ой, не деген шабыс еді!... (С. Мұқанов). — А-а-йт-а-а-й-а-ай! — деп қоңырлатып бастап, шырқатып көтеріп, төмендетіп түсіріп, қоңыр қайырыспен жайлап тоқтады (I. Жансүгіров).

27-28 дәріс – тақырып. Қазақ тілінің фразеологиясы, түрлері.

Жоспары:

1. Тұрақты тіркес пен еркін тіркес

2. Фразеология

3. Фразеологизмдер (түйдектер)

Тұрақты тіркес пен еркін тіркес құрылым-құрылысы жағынан бір-біріне жақын (ұқсас). Бірақ айырмашылықтары да жоқ емес. Еркін тіркес құрамындағы сөздер бір-бірімен синтаксистік (сөз тіркесімдік) тәсілдердің бірімен (қабысу, жанасу, меңгеру, матасу) байланысса, тұрақты тіркес құрамындағы сыңарлардың арасында ондай байланыс болмайды. Болса да олар ешқандай мән-мағына, қызмет атқармайды. Әрине, тұрақты тіркеске негіз болып тұрған еркін тіркестің астарында халықтың наным-сенімі, салт-санасы, таным-түсінігі жатады.

2. Фразеология – тіл білімінің тұрақты тіркестерді зерттейтін саласы. Сол сияқты фразеологияның бір тілдегі тұрақты тіркестердің жиынтығы деген де мағынасы бар. Қазіргі тәжірибеде фразеология жеке пән ретінде бөлек оқытылып жүр. Бұрын ол лексиканың ішінде оқытылатын.

3. Фразеологизмдер (түйдектер) – тілдегі тұрақты тіркестер. Олардың үш түрлі басты белгісі бар: 1. даяр күйінде жұмсалады (тұлға тұрақтылығы); 2. мағынасы тұтас болады (мағына тұтастығы); 3. тіркес тиянақты болады (тіркес тиянақтылығы). Осы үш қасиет бірдей болса ғана ол түйдек (фразеологизм) бола алады. Бұл белгілердің екеуі болып, біреуі болмаса ол түйдек бола алмайды. Тұлға тұрақтылығы дегеніміз – «тіркес еркін емес, тұрақты; яғни оны құбылтуға, өзгертуге болмайды», – деген сөз. Күрделі сөздер де фразеологизмдер сияқты 2-3 сөздің тұрақты тіркесінен тұрады: құрылымы жағынан ол да сөз бен сөздің тұрақты тіркесінен құралған. Айырмашылықтары: күрделі сөзге – сөздену (лексикалану) тән де, түйдектерге – идиомалану тән. Яғни күрделі сөздердің құрамындағы сөздер, біріншіден, өз мағыналарын (тура мағыналарын) сақтайды, екіншіден, олардың мағыналары құрамындағы сыңарлардың мағыналардың қосындысынан тұрады. Ал фразеологизмдердің мағыналары олардың құрамындағы сыңарлардың мағыналарына қатысы болмай, мүлде басқа (ауыс, туынды, бейнелі) мағына береді. Ал тіркес тиянақтылығы (яғни ондағы сөздердің орын тәртібінің, тұлғалық құрамының тұрақтылығы, реті) дегенге келсек, ол – «фразеологизм құрамындағы сөздер қалыптасқан тұрақты орын тәртібін сақтап (ауыстырмай), сол қалпында, әр қайсысы өз орнында тұру арқылы жасалынады», – деген сөз. Өйткені тіркес тиянақтылығын бұзу – түйдектің мән-мағынасын өзгертіп жібереді де, тұрақты тіркес еркін тіркеске айналып кетеді. Кейде тіпті жалғыз дыбыстың бір өзі-ақ тұрақты тіркестің мән-мағынасын өзгерте алады.

Фразеологизмдер – тіліміздің бөлінбес бір бөлігі. Ол – өз алдына дербес, жеке пән. Фразеологизм дегеніміз – тіркес құрамындағы сөздер әуел бастағы негізгі, тура мағыналарынан айырылып, бәрі жиналып (түйдегімен) бір ғана ұғымды білдіретін тілдік бірліктер. Бүтіндігі (тұтастығы) жағынан түйдектер сөзге өте-мөте жақын. Жеке тұлға ретінде сөздерге қандай қасиеттер тән болса, түйдектерге де сондай қасиеттер тән. Сөздер сондай-ақ, бір-бірімен мәндестік (синонимдік), қарсымәндестік (антонимдік), тұлғаластық (омонимдік), түрпеттік (варианттық), көп мағыналылық қатынастарға түсе алатын болса, фразеологизмдер де дәл осындай қатынастарға түсе алады. Бұл – фразеологизмдердің ішінде де түрпеттес, мәндес түйдектер(тұрақты тіркестер) болады деген сөз.

2. Сырт қарағанда фразеологизмдер құрылым-құрылысы жағынан еркін тіркеске ұқсайды. Өйткені фразеологизмдер өздерінің жасалуы жағынан о бастағы еркін тіркестерден бастау алады. Алғаш жай (еркін) тіркес түрінде жасалып, оның әр сөзі өздерінің мағыналық дербестіктерінен сақтап тұрса, кейіннен әлгі тіркес мағынасын өзгертіп, мүлде басқа мағына беретін, дәлірек айтсақ, ауыспалы немесе бейнелі мағынаны білдіретін тұрақты тіркеске айналды. Содан бастап, тіркес өзгертіп айтуға, араларына сөз қосуға болмайтын тұрақты қалыпқа көшеді; сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқаратын болады. Қысқасы, тұрақты тіркестер (түйдектер) әуел бастағы еркін тіркестердің ауыспалы, бейнелі мағынада қолданылуы (идиомалануы) арқылы жасалды.

Мағына тұтастығының деңгейіне қарай (яғни тұрақты тіркес мағныларының тасалану-тасаланбау дәрежесіне қарай) фразеологизмдерді В.В.Виноградовтың ізімен үш түрге бөліп қарастыру дағдыға айналған. Олар: 1) фразеологиялық тұтастық; 2) фразеологиялық бірлік; 3) фразеологиялық тізбек. Бұл үшеуі тұлға тұтастығы мен тіркес тиянақтылығы жағынан, басқаша айтқанда, тұлғалық құрамдарының тұрақтылығы мен орын тәртібі жағынан бірдей, яғни олар ұқсас, сәйкес. Ал үшеуінің бір-бірінен айырмашылықтары – мағына тұтастығының деңгейінде. Анығырақ айтсақ, мағына тұтастығы, біріншісінде (тұтастықта) – өте күшті, екіншісінде (бірлікте) – сәл бәсеңдеу, үшіншісінде (тізбекте) – солғындау. Фразеологиялық тұтастықтың құрамындағы сөздер бір-бірінен ажырамастай болып тұтасып, бір ғана мағына береді, сөйлемнің бір ғана мүшесі болады. Ол мағынаның тіркес құрамындағы сөздердің тура мағыналарына ешқандай қатысы болмайды. Тұрақты тіркестің бұл түрі – тіл білімінде идиом деп те аталады.

2. Фразеологиялық бірліктің фразеологиялық тұтастықтан айырмашылығы: фразеологиялық бірлік құрамындағы сөздердің мағыналарының тасалануы сәл бәсеңдеу.

3. Фразеологиялық тізбектер еркін тіркестердің ауыспалы мағынада қолданылуы арқылы жасалады.

Фразелогизмдерде де мағына болады. Олардың мағынасын жеке сөздердің мағынасымен салыстырсақ, тұрақты тіркестердің мағынасы – түйдектік мағына да, ал жеке сөздің мағынасы – лексикалық мағына. Сөз алдымен негізгі, тура мағынада қолданылып, одан кейін барып, келтірінді, ауыспалы, бейнелі мағынада жұмсалатын болса, түйдектер әр уақыт тек келтірінді, ауыс, бейнелі, экспрессивтік мағынада ғана қолданылады. Сөздің тура (негізгі) мағынасы фразеологизмнің мағынасын ашып бере алмайды. Сөз түрпеттері сияқты фразеологизмдердің де түрпеттері (варианттары) болады. Фразеологиялық түрпеттер деп – мағыналарында ешқандай айырмашылық жоқ, ал құрылым-құрылысында азды-көпті өзгерістері бар фразеологизмдерді айтамыз. Фразеологиялық түрпеттерді фонетикалық түрпеттер және лекикалық түрпеттер деп, шартты түрде екіге бөлуге болады.

2. Мәндес сөздер сияқты тілімізде мәндес фразеологизмдер де болады. Олардың тұлғалары әр түрлі болғанымен, мән-мағыналары жағынан бір-біріне жақын. Бірақ ол жақындық тепе-тең жақындық емес. Мұндай құбылысты тіл білімінде фразеологиялық мәндестер деп те атайды. Фразеологиялық мәндестер бір-бірінен мағыналық реңкі мен стильдік бояуы жағынан сәл ерекшеленіп тұрады. Мағынасы, тұлғасы жағынан мәндес фразеологизмдер фразеологиялық түрпеттерге жақын. Бірақ олар тең дәрежеде емес. Фразеологиялық түрпеттерде құрылым-құрылысы негізінен бірдей болып, бір-бірінен тек бір сыңары (бір дыбысы немесе бір сөзі) арқылы ғана айырықшаланып тұрса, мәндес фразеологизмдерде ешбір сыңар қайталанбай, тек мағыналық жақындықтары жағынан ғана жуықтап тұрады. Қазақ тілі лексикалық мәндес сөздерге қандай бай болса, мәндес түйдектерге де сондай бай.

3. Фразеологизмдер бір-бірімен мәндес болып жұмсалатындығы сияқты, олар сыртқы тұлғасы жағынан да, ішкі мазмұны жағынан да бір-біріне қарама-қарсы болып та қолданыла береді.

4. Тұлғалас фразеологизмдердің – айтылуы бірдей, бірақ мағыналары мен шығу тегі бөлек-бөлек тұрақты тіркестер. Қазақ тілінде тұлғалас фразеологизмдер онша көп емес. Дегенмен ондайлар ара-тұра болса да кездесіп қалады.

5. Тілдегі жеке сөздер сияқты тұрақты тіркестердің де кейбіреулері көп мағыналы болып келеді. Тұлғалас фразеологизмдердің айтылуы бірдей, бірақ мағыналары мен шығу тегі бөлек-бөлек болса, ал көп мағыналы фразеологизмдердің шығу тегі бір болып, мағыналары бір-біріне жақын болады. Көп мағыналылық фразеологиялық тұтастықтарда емес, фразеологиялық бірліктер мен тізбектерде жиірек кездеседі.

Негізгі әдебиеттер:

Айғабылұлы А. Қазақ тілінің лексикасы. А., 1988; 1995.

Аханов К. Қазақ тілінің лексикасының мәселелері. А., 1956.

Болғанбаев Ә. Қазақ тілі лексикологиясы. А., 1979; 1988.

Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.

Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. А., 1976.

Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. А., 1962; 1975.

Қазақ тілі. Энциклопедия. А., 1998.

Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. Грамматика. А., 1954.

Қалиұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2004.

Малбақов М. Қазақ сөздіктері. Алматы, 1995.

Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. 1-бөлім. А., 2003.

Қосымша әдебиеттер:

Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973; 1978; 1993.

Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992.

Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1999.

Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. Алматы, 1987.

Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. А., 1988.

Қайдаров Ә. Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері. А., 1998.

Қалиев Ғ., Оралбаева Н., Хасанова С., Шалабаев Б. Қазіргі қазақ тілі. А., 1992.

Қалиұлы Б. Қазақ тілінің көкейкесті мәселелері. А., 1997.

Қордабаев Т. Түркология және қазақ тіл білімі. А., 1998.

Сағындықұлы Б. Қазақ тілінің лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. А., 1994.

Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі өзекті мәселелері. А., 2000.

Тіл білімі сөздігі. А., 1998.

Хасенов Ә. Тіл білімі. А., 1996.

14-дәріс тақырыбы:. Қазақ тілінің этимологиясы, принциптері.

Жоспары:

1. Сөз төркіні (этимология)

2. Сөз мағынасын анықтаудағы принциптер.

Этимология – гректің «шындық», «сөздің негізгі мағынасы» және «ілім» деген сөздеріне жасалған термин. Этимология белгілі бір тілдегі сөздердің шығу тегін, олардың туыстас тілдердегі сәйкес келетін сөздермен генетикалық байланысын айқындап белгілейді. Этимология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу тілдің тарихын, оның тарихи фонетикасы мен тарихи грамматикасының заңдарын, зерттелетін тілдің басқа туыстас тілдермен ара қатысын, семасиология мәселелерін жақсы білуді, салыстырмалы-тарихи методты жете меңгеруді талап етеді. Сөздердің шығу тегін айқындау үшін, ғылыми этимологияда геноглогиялық, фонетикалық, морфологиялық, семантикалық, этимологиялық деп те аталатын принциптер қолданылады. Енді осы принциптердің әрқайсысына арнайы тоқталайық.

1. Генеологиялық принцип. Бұл принцип сөздің шығу тегін айқындауда тілдердің генеологиялық классификациясына, яғни тілдердің шығу тегінің бірлігіне қарай топтастырылуына, негізделуді талап етеді. Белгілі бір тілдегі төл сөздердің этимологиялық байланысын айқындау үшін, оларды сол тілмен туыстас, бір негіз тілден тараған тілдердегі сөздермен салыстыру қажет

2. Фонетикалық принцип. Бұл принцип сөздердің шығу тегін айқындауда фонетикалық заңдарға сүйенуді, туыстас тілдердегі дыбыстардың өзара сәйкестілік заңдылығын арқау етуді талап етеді. Мысалы, ұйғыр, тува, әзірбайжан т.б. түркі тілдердегі сөз аяғындағы (ғ) дыбысына қазақ тілінде (у) дыбысы сәйкес келеді: ұйғырша – тағ, тувайша, әзірбайжанша-дағ, қазақша – тау.

3. Морфологиялық принцип. Тілдің тарихи даму барысында сөздің морфологиялық құрылымы, оның құрамындағы морфемалардың бастапқы арақатысы, жігі өзгеруі мүмкін. Морфологиялық принцип сөздің этимологиясын айқындауда оның құрамындағы мұндай морфологиялық өзгерісті есепке алуды талап етеді.

4. Семантикалық принцип. Бұл принцип этимологиялық зерттеулерде сөз мағыналарын, сөздің семантикалық жақтан өзгеруін, даму жолдарын есепке алуды талап етеді. Этимологиялық зерттеулерде сөз мағынасына, оның семантикалық жақтан өзгеруі мен дамуына әрі тарихи тұрғыдан әрі туыстас тілдердегі сөздердің мағыналарымен салыстыру тұрғысынан қарау басты шарттардың бірі болып саналады.

5. Этимологиялық принцип. Бұл принцип белгілі бір сөздердің тууына себепші болған тарихи жағдайларды жете білуді талап етеді. Этимологиялық зерттеулердің тек тіл білімінің ғана емес, сонымен бірге тарих пен фольклордың, археология мен этнографияның және т.б. ғылымдардың деректеріне сүйенуі өте-мөте қажет.

Сонымен, жоғарыда аталған принциптерді этимологиялық зерттеулерде қолдана білу сөздердің шығу тегін дұрыс бағытта айқындауға көмектеседі. Этимология зерттеліп отырған тілге онымен сол дәуірде қарым-қатынаста болған халықтардың тілдерінен еншген сөздерді, олардың қалдырған ізін есепке алады.

Негізгі әдебиеттер:

Айғабылұлы А. Қазақ тілінің лексикасы. А., 1988; 1995.

Аханов К. Қазақ тілінің лексикасының мәселелері. А., 1956.

Болғанбаев Ә. Қазақ тілі лексикологиясы. А., 1979; 1988.

Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.

Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. А., 1976.

Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. А., 1962; 1975.

Қазақ тілі. Энциклопедия. А., 1998.

Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. Грамматика. А., 1954.

Қалиұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2004.

Малбақов М. Қазақ сөздіктері. Алматы, 1995.

Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. 1-бөлім. А., 2003.

Қосымша әдебиеттер:

Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973; 1978; 1993.

Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992.

Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1999.

Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. Алматы, 1987.

Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. А., 1988.

Қайдаров Ә. Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері. А., 1998.

Қалиев Ғ., Оралбаева Н., Хасанова С., Шалабаев Б. Қазіргі қазақ тілі. А., 1992.

Қалиұлы Б. Қазақ тілінің көкейкесті мәселелері. А., 1997.

Қордабаев Т. Түркология және қазақ тіл білімі. А., 1998.

Сағындықұлы Б. Қазақ тілінің лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. А., 1994.

Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі өзекті мәселелері. А., 2000.

Тіл білімі сөздігі. А., 1998.

Хасенов Ә. Тіл білімі. А., 1996.

29-30 – тақырып. Қазақ тілінің лексикографиясы.

Жоспары:

1. Лексикография ғылымының зерттелуі

2. Сөздіктің түрлері, ерешкеліктері.

.Сөздікжасам дегеніміз – сөздік жасаудың теориясы мен ұстанымдары, сөздік жасау ісі мен тәжірибесі. Сөздікжасам жалпыхалықтық тілдің байлығын, нормаларын қалыптастырады, тіл мәдениетін арттырады. Сөздікжасамның екі саласы бар: бірі – теориялық сөздікжасам, екіншісі – тәжірибелік сөздікжасам. Теориялық сөздікжасам сөздіктердің типтерін, жасалу ұстанымдарын, құрылымын анықтайды; әр түрлі сөздіктердің мақсаттары мен міндеттерін көрсетеді. Ал тәжірибелік сөздікжасам негізінен сөздіктер жасаумен, сөздерді тілдік тұрғыдан сипаттаумен және оларды нормаға түсірумен шұғылданады; тіл байлықтарымен қарулануға ат салысады. Тіліміздің сөз байлығы тұтас бір жүйе. Ендеше сөздік жасауда мына мәселелер ескерілуге тиісті: 1) Алынуға тиісті сөздердің сөздікте түгел қамтылуы; 2) Сөздерді сипаттауда оларды басқа сөздермен, тілдің басқа салаларымен (морфологиямен, грамматикамен, стилистикамен) байланыста, бірлікте алып қарастыру, яғни сөздерге грамматикалық, этимологиялық, стильдік белгілер қою, сөз мағыналарын өзі қатысты лексикалық топтардағы басқа сөздермен байланыстыра ашу т.б.; 3) Сөз мағыналарын түгел қамтуға, саралауға, даралауға тырысу (сөз мағыналарының ретін, даму сатыларын көрсету т.б.); 4) Сөздердің тіліміздегі грамматикалық байланысын, қолданылатын орнын көрсету (сөздерді сөз тіркесі немесе сөйлем құрамында алып көрсету) т.б.

3. Сөздік – белгілі бір тілдегі сөздердің немесе сөздер тобының жиынтығын көрсететін анықтамалық құрал. Сөздікте сөздер әліпби тәртібімен орналасады да, олар не мағыналары жағынан түсіндіріледі, не екінші тілге аударылады. Сөйтіп, сөздік тіл туралы, сол тілдегі сөздер, олардың сыр-сипаты туралы әр түрлі танымдық хабар береді. Сөздіктердің мақсаты мен міндеті: тіліміздің сөз байлығын түгел жинап, оларды ретке келтіру, сөздікке ендіру; сөйтіп әрбір сөзге, әрбір тұрақты тіркеске тілдік тұрғыдан жан-жақты сипаттама беру болып табылады. Сөздіктегі сөздерге сипаттама екі бағытта беріледі. Бірі – тілдік бірліктердің сыртқы құрылымы жағынан, екіншісі – олардың мазмұны жағынан. Мазмұны жағынан тілдік бірліктердің мағыналары ашылып, сараланады, оларға анықтама берудің типтері анықталады. Ал құрылымы жағынан әрбір сөз бен тіркес туралы оқырманға неғұрлым мол тілдік (лексикалық, грамматикалық, стильдік, фразеологиялық, этимологиялық) мәліметтер беріледі. Сөздіктердің түрлері көп. Олар бір-бірінен мынадай белгілері арқылы ажыратылады: 1) Сөздердің сипатталу мазмұнына қарай: түсіндірмелі сөздік, аударма сөздік, энциклопедиялық сөздік; 2) Сөздердің сипатталу мақсатына қарай: жазылымдық (орфографиялық) сөздік, айтылымдық (орфоэпиялық) сөздік, этимологиялық (сөзтөркіндік) сөздік, мәндес сөздердің (синонимдер) сөздігі, тұлғалас сөздердің (омонимдер) сөздігі, қарсымәндес сөздердің (антонимдер) сөздігі т.б.; 3) Сөздіктердің неге, кімге арналғандықтарына қарай: терминдік сөздік, жергілікті сөздердің (диалектілер) сөздігі, көне сөздердің сөздігі, жаңа сөздердің сөздігі, қысқарған сөздердің сөздігі, шет тілдері сөздерінің сөздігі, кісі аттарының сөздігі, жер-су аттарының сөздігі, жазушы тілінің сөздігі т.б.; 4) Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай: морфологиялық (тұлғалық) сөздік, сөз тіркестерінің сөздігі, фразеологиялық сөздік т.б.; 5) Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай: әліпбилік сөздік, идеографиялық сөздік, жиілік сөздік, кері сөздік т.б. Өзінің типі жағынан сөздіктер, ең алдымен, бір тілді сөздіктер және екі (немесе көп) тілді сөздіктер болып, екіге бөлінеді. Бір тілді сөздіктерге – түсіндірме сөздіктер, екі тілді сөздіктерге – аударма сөздіктер жатады. Бұлардың ішіндегі негізгісі – түсіндірме сөздіктер. Түсіндірме сөздіктердің ана тілінің сөз байлығын халыққа насихаттауда, оларды нормаға түсіруде, қалыптастыруда, тілді оқып-үйренуде, зерттеуде әлеуметтік маңызы өте зор. Екі тілді сөздіктердің де атқаратын қызметтері айрықша. Дүниежүзі халықтары бір-бірмен жақындасып, қоян-қолтық тірлік ету көзделіп отырған қазіргі заманда екі тілді сөздіктерді жасап шығару – тілдерді оқып-үйренуде, бір халықтың тілін екінші халық өкілдері игеруде, аударма ісін дұрыс жолға қоюда үлкен рөл атқаратындығы сөзсіз. Түсіндірме сөздіктердегі анықтама мен энциклопедиялық сөздіктердегі анықтамалар бір емес. Энциклопедиялық сөздіктерде негізінен зат немесе ұғым сипатталып, олардағы анықтамалар әрі жан-жақты, әрі толық болып келетін болса, түсіндірме сөздіктерде сөздердің тек мағыналары ғана ашылуға тиісті. Бірақ бұл анықтама әрі қысқа (ықшам), әрі дәл, сонымен бірге, әрі жеткілікті дәрежеде толық болып шығуы қадағаланады.

Негізгі әдебиеттер:

Айғабылұлы А. Қазақ тілінің лексикасы. А., 1988; 1995.

Аханов К. Қазақ тілінің лексикасының мәселелері. А., 1956.

Болғанбаев Ә. Қазақ тілі лексикологиясы. А., 1979; 1988.

Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.

Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. А., 1976.

Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. А., 1962; 1975.

Қазақ тілі. Энциклопедия. А., 1998.

Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. Грамматика. А., 1954.

Қалиұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2004.

Малбақов М. Қазақ сөздіктері. Алматы, 1995.

Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. 1-бөлім. А., 2003.

Қосымша әдебиеттер:

Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973; 1978; 1993.

Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992.

Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1999.

Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. Алматы, 1987.

Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. А., 1988.

Қайдаров Ә. Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері. А., 1998.

Қалиев Ғ., Оралбаева Н., Хасанова С., Шалабаев Б. Қазіргі қазақ тілі. А., 1992.

Қалиұлы Б. Қазақ тілінің көкейкесті мәселелері. А., 1997.

Қордабаев Т. Түркология және қазақ тіл білімі. А., 1998.

Сағындықұлы Б. Қазақ тілінің лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. А., 1994.

Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі өзекті мәселелері. А., 2000.

Тіл білімі сөздігі. А., 1998.

Хасенов Ә. Тіл білімі. А., 1996.