Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лексикология кешен .docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
291.7 Кб
Скачать

1.Эмоционалдық-экспрессивті сөздер

2.Кітаби лексика

Сөйлеу я жазу үстінде сөз қалай болса солай қолданылмайды. Адам қашаңда өзінің айтайын деген ойына, мақсатына лайық сөздерді халықтық лексикадан іріктеп, талғап-таңдап қолдануға тырысады. Мысалы, сөздердің күңделікті ауызекі сөйлеу тілінде айтылуы мен жазба тілде қолданылуы бірдей емес. Жазба тілде ой әр стильдің өзіне тән, оған телінді сөздерімен жүйеленіп, бір беткей баяндалып отырса, сөйлеу тілінде тындаушыларға лайықталып, жазба тілдік үлгіден ауытқып отырады. Сол сияқты қарапайым заттық-логикалық ұғымы бар сөздер мен адамның сезіміне әсер ететін бояулы-мәнерлі сөздердің стильдік қызметі де бір-бірінен ерекше. Осыдан барып сөздердің функционалдық-стильдік қызметіне байланысты түрлері пайда болады. Сөздердің қызметіне қарай жіктелуі функционалдық стильдердің түрлерімен үйлес келіп отырады.

Стильаралық бейтарап лексика

Стильаралық лексикаға функционалдық стильдердің ешқайсысына да жатқызуға болмайтын сөздер жатады. Мысалы, нақты заттар мен құбылыстарды білдіретін: еңбек, күнкөріс, кемшілік, көпшілік, ауа райы, банк, базар, келісім, сауда-саттық, көше, кітап, жаратылыс, трамвай, машина, жәрдем, пенсия, қоғам, ғылым т. б.; белгі, сапа, қасиетті білдіретін: байыпты, икемді, пайдалы, зиянды, сулы, таулы, малды, даусыз, білімді, қоғамдық, азаматтық, пікірлес, қызметтес, жатық, ширақ, ортақ, өнерпаз, мәдени, алғыр, білгір т. б.; қимыл-әрекетті білдіретін: көтеру, аудару, күресу, қуану, ренжу, жарқырау, күркіреу, илану, ойлау, ілгерілеу, ұмтылу, жаңару, сауығу, мойындау, жүгендеу, есептеу т. б. Жалпыхалықтық сөздердің стильаралық сипаты бар. Бұл тәрізді сөздер функционалдық стильдердің бәріңде де қолданылады, олардың қолданылуына стиль жағынан шек қоюға болмайды. Керісінше, көптеген сөздер белгілі бір стильге телулі болады да, қолданылуы жағынан шектеліп отырады.

Сөйлеу тілінің лексикасы

Сөйлеу тілі лексикасына функционаддык сөйлеу стиліне тән сөздер жатады. Сөйлеу лексикасының өзіңдік ерекшелігі бар. Оған қатысты сөздер: 1) адамның күнделікті тікелей қарым-қатынасы кезінде, емін-еркін сұқбат әңгіме үстіңде қолданылады, 2) алдынала ойланылып сұрыпталмай, сөйлеу үстінде әңгіменің желісіне қарай туып отырады, 3) тақырыптық аясы өте кең, яғни тақырып жағынан шек қойылмайды, қоғам, табиғат, адам өмірінің барлық жағын да қамтуы мүмкін.

Сөйлеу стилінің лексикасы лексика-семантикалық, экспрессивтік-стилистикалық сипаты жағынан өз ішінде бірыңғай емес. Соңдықтан іштей мынадай топтарға бөлінеді: 1) тұрмыстық-қарапайым лексика, 2) варваризмдер, 3) әдеби-сөйлеу лексикасы.

1. Тұрмыстық-қарапайым лексика. Бұған күңделікті өмірде, тұрмыстық қарым-қатынаста қолданылатын жалпы халыққа белгілі, сөйлеу тілінің аясындағы сөздер жатады. Тұрмыстық-қарапайым сөздердің ішіңде бір нәрсенің бағасын кеміту, құнын төмеңдету мақсатыңда қолданылатын, стилистикалық бояуы бар сөздер, дөрекі, тұрпайы сөздер, қарғыс-алғыс мәнді сөздер көп кездеседі.

2. Варваризмдер тілге етене болып сінбеген соншалықты зәрулігі жоқ бөтен тілдің сөзі деген ұғымды білдіреді. Варваризмдерді қолданудың әр түрлі жолдары бар:

  1. Кейде бір халықтың шынайы өмірін, тұрмыс салтын суреттеп көрсетпек болғаңда, сол елдің ұлттық ерекшелігін бейнелеу мақсатымен варваризмдер саналы түрде әдейі қолданылады. Мәселен, неміс халқының өмірін суреттегеңде фрау, кухен, кайзер сияқты сөздерді, ағылшын өмірін суреттегеңде сэр, мистер тәрізді сөздерді, француз өмірін суреттегенде мадам, франк, мосье сияқты сөздерді, Орта Азия халықтарының өмірін суреттегенде чайхана, шашлық, пәранжа, қышлақ тәрізді сөздерді қолдану орыңды деп есептеледі.

  2. Тыңдаушыға ерекше әсер етіп, күлдіру үшін халық акындары да варваризмдерді пайдаланады. Мысалы:

Қалқатай, кари глаз екі көзің,

Никогда не забуду айтқан сөзің.

3. Ауызша әдеби сөйлеу лексикасы. Сөйлеу тілінің лексикасы тек тұрмыстық-қарапайым, дөрекі, тұрпайы сөздерден, болмаса соларға жақын варваризмдерден тұрмайды. Адамдардың күнделікті қарым-қатынасы қарапайым-тұрмыстық деңгейде ғана бола бермейді, өмірдің әр түрлі жағын қамтиды. Осыған орай сөйлеу лексикасында тұрмыстық-қарапайым, дөрекі, тұрпайы сөздерден басқа әдеби (кітаби) сөздер де аз қолданылмайды. Олардың қолданылу дәрежесі сұқбаттасушы адамдардың ой-өрісінің кеңдігіне, инабатты, салиқалы, салауаттылығына байланысты. Мәдениеті жоғары, білімді, парасатты адамдар ауызекі сөйлегенде әдеби тілдің нормалық белгілерін сақтап, тұрпайы, дөрекі, былапыт сөздерді араластырмай, өз ойын мәдениетті түрде жеткізіп отыруға дағдыланады. Ондай адамдардың ауызша сөйлеу мәдениеті салауаты төмен, дөрекі адамдардың сөйлеуінен әлдеқайда жоғары.