- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •2 Курс студенттері (магистранттары) үшін
- •Сөз варианттары
- •Антонимдер
- •Сөздің қосалқы аталымдары
- •Эвфемизмдер
- •Дисфемизмдер
- •1.Қазақ тіліндегі кірме сөздер, олардың түрлері
- •2. Араб-парсы тілдерінен енген сөздер
- •1.Қазақ тілі мен моңғол тілдеріне ортақ сөздер
- •1.Қазақ төңкерісіне дейін енген сөздер
- •2.Қазақ төңкерісінен кейін енген сөздер
- •1. Қазан төңкерісіне дейін енген сөздер
- •2.Қазан төңкерісінен кейін енген сөздер.
- •1.Диалект сөздер, оның ерекшелігі
- •2. Аймақтық сөздердің түрлері
- •Термин сөздер, ерекшелігі, зерттелуі.
- •1.Эмоционалдық-экспрессивті сөздер
- •2.Кітаби лексика
- •Стильаралық бейтарап лексика
- •Сөйлеу тілінің лексикасы
- •Кітаби лексика
- •Экспрессивтік-эмоционалды лексика
- •«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» пәні практикалық сабақ мазмұны: (15 сағат )
- •«Ассоциация» әдісі
- •«Ассоциация» әдісі
- •1.Мәтіндегі асты сызылған сөздерді мағыналық қатысына қарай талдаңыз:
- •«Тоғысқан пікірталас» әдісі:
- •«Кластер» әдісі
- •1.Мәтіннен омонимдер мен синонимдерді бөлек топтаңыз:
- •2.Синонимдес қосымшалы сөзді бір бөлек, омонимдес қосымшалы сөздерді бір бөлек теріп жазыңыздар.
- •«Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі
- •«Тоғысқан пікірталас» әдісі:
- •1.Сөйлемдерден неологизмдер мен терминдерді төмендегі кестеге салып, толтыр.
- •13 Тапсырма тақырыбы: Қазақ тілінің фразеологиясы, түрлері.
- •«Ассоциация» әдісі
- •Төмендегі жыр жолдарындағы мағынасы түсініксіз сөздерге этимологиялық талдау жасаңыз.
- •Сөздіктердің түрлері, олардың қалыптасу тарихи атты баяндама жасаңыз.
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •5В012100-қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- •Пәнді оқытудағы әдістемелік ұсынымдар
- •Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы курсы бойынша емтихан сұрақтары:
- •13 Мамандандырылған аудиториялар ( кабинеттер ) лабораториялардың тізімі
Термин сөздер, ерекшелігі, зерттелуі.
Жоспары:
1. Терминология саласының зерттелу тарихы
2. Қазақтың мемлекеттік терминология комиссиясы 1933 жылы профессор Қ.Жұбановтың басшылығымен құралды. Бірақ бұл осы уақытқа дейін Қазақстанда терминология мәселесі зерттелген жоқ деген сөз емес. Қазақстанда терминологиямәселесі революцияға дейін де зерттелген және ол А.Байтұрсыновтың ілімімен тығыз байланысты. Тіл мен әдеби саласында терминдердің қалыптасуы мен дамуында Байтұрсыновтың еңбектері зор. (Зат есім сын, яғни сөз топтарының атауы). Бұл жақсы бастаманы Қ.Жұбанов,Аманжолов, сауранбаев, Кеңесбаев т.б. Осы сияқты әріптестері мен шәкірттері одан әрі дамыта түсті. «Термин» деген ұғымның өз басына тоқталсақ, күні бүгінге дейін бірегей пікір қалыптаспаған. Латын тілінде шекара, шеек деген ұғымды білдіреді. Кез келген сөз термин бола алады, бірақ бұл оның ерекше қызметіне байланыста болады. Өндіріс жағдайында терминдер белгілі бір мамандар тобының өзара қарым-қатынас құралы есебінде пайдаланылады, яғни арнаулы әдебиетте қолданылады.Ахманова «Термин дегеніміз арнайы ұғымдар мен арнайы заттарды дәл белгілеу үшін жасалған тілдегі арнайы сөздер мен сөз тіркесі дейді. Бұл анықтамада терминнің шегі, шеті, яғни мағынасының шектеулі болуы керек екенін айтады». Академик Кеңесбаев пен Жанұзақов та терминнің о баста латын тілінің шеек, шекара деген сөздерінен пайда болғанын айта келіп: «Ғылым мен техниканың, көркемөнер мен қоғам өмірінің алуан түрлі саласына байланысты қолданылатын тиянақты, тұжырымды ұғымды білдіретін сөздер мен сөз тіркестері, атау сөз деп түйін жасайды.»
2. Кәсіби сөздер. Арнаулы сөздердің бір түрі — кәсіби сөздерге жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейтін, белгілі кәсіп я шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдардың арасында ғана айтылып, соларға түсінікті сөздер мен сөз тіркестері жатады. Мысалы, балық шаруашылығына байланысты қабадан ау (талдан иіп жасалған аудың бір түрі), ақаншы (қызыл балық аулаушы адам), инелік (ау тоқитын ағаш ине), азына (адам отыру үшін қайыққа салынған көлденең тақтай) т. б. сөздер осы кәсіппен айналыспаған басқа жердің адамдарына түсініксіз. Бұл жағынан кәсіби сөздер термин сөздерге жақын. Термин сөздерді белгілі бір ғылым, техника саласыңдағы мамаңдар ғана болмаса, басқа көпшілік қолданбайды. Бірақ ол екеуінің жасалуында түбірлі айырмашылығы бар. Термин сөздер ғылым, техника салаларының дамуына байланысты ғалымдар, мамаңдар жасап қалыптастырған сөздер. Ал кәсіби сөздер олай емес, белгілі кәсіп түрлерімен шұғылдануға байланысты жергілікті халықтың өз арасыңда туған сөздер. Кәсіби сөздерді белгілі бір территорияны мекендеуші тұрғыңдар қолданса, терминдердің қолданылуында оңдай территориялық шек болмайды. Термин сөздер әдеби тіл лексикасының құрамына кіреді, ал кәсіби сөздердің бәрі бірдей оған кіре бермейді.
Қазақ тілінде кәсіби сөз мол кездеседі. Оларды кәсіби-өңдірістік мәніне қарай, екі үлкен салаға бөлуге болады. Бір саласы әр түрлі шағын кәсіпке (балташылық, ұсталық, өрімшілік, тоқымашылық, зергерлік, ою-өрнек т. б.) байланысты сөздер. Мысалы, темір ұстасының құрал атаулары: тарақ балта (жүзі кедір-бұдыр балта), керме ара (жүзінің ортасыңда тірегіші бар ара), пышқы (араның бір түрі), шербек (үлкен ара), аталғы (ойық жүзді шот), ыңғуыр (ағаш оятын құрал), үскі (кереге көгін тесуге арналған біз), тышуыр (бұрап тесетін құрал), пәрбі (шойын тескіш), сапсалғы (шаттауық), аттіс (темір қысатын аспап), кемпірауыз (балықауыз), атауыз (шеге суырғыш құрал) т. б.
Кәсіби сөздердің екінші саласы ірі кәсіпшілікке байланысты. Оған мал, астық, балық, аңшылық, бау-бақша, күріш, темекі, мақта, қызылша шаруашылықтарына байланысты арнаулы сөздер жатады. Мысалы, мақтаға байланысты сөздер: қоза (мақта өсімдігі), шиіт (мақтанын тұқымы), ақ шиіт (түгі алынбаған түбітті шиіт), терімші (мақта теруші), арам шақа (мақта бермейтін бұтақ), балдақ (мақтаның сабағы), көсек (мақта дәнінің қабығы), құлақ (мақта қауашағының бір бөлігі), пәрік (мақта жапырағы), өсім су (мақтаға берілетін екінші су), ызғар су (мақтаға берілетін бірінші су), шиіт майы (мақта майы) т. б.
Кәсіби сөздер таралу сипаты жағынан да біркелкі емес. Осыған орай кәсіби сөздер екі топқа бөлінеді: жалпыхалықтық кәсіби сөздер, диалектілік (говорлық) кәсіби сөздер.
Жалпыхалықтық кәсіби сөздерге бүкіл халық тілінде қолданылып, әдеби тіл лексикасына еніп кеткен сөздер жатады. Бұларға ертеден белгілі жүгері, қарбыз, арпа, бидай, сұлы, мақта, шортан, табан, жайын т. б. сөздерді былай қойғанда, неғұрлым кейін тараған дақыл, беде, танап, көшет, атыз, көмей, қияр т. б. сөздерді жатқызуға болады.
Диалектілік (говорлық) кәсіби сөздерге белгілі бір аймақ (облыс, аудан) көлеміндегі кәсіпке қатысты, негізінен, сол жердің тұрғындары ғана қолданатын сөздер жатады. Мұндай кәсіби сөздер белгілі бір жерде ғана айтылып, таралу аймағы шектеулі болғандықтан, диалектілік (говорлық) сөздерге ұқсайды. Әдетте ондай сөздердің таралу шегі белгілі бір диалект я говор көлемімен деңгейлес келіп отырады. Диалектілік кәсіби сөздердің бірқатарының әдеби тілде жалпы-халықтық баламалары бар: аскелді — әдеби асқабақ; бәдірең — әд. қияр; көмбеқонақ, борми / порми — әд. жүгері т. б. Сол себепті мұңдай сөздер әдеби тілге енбейді. Ал диалектілік кәсіби сөздердің көбіңде әдеби балама жоқ, жалпыхалықтық қолданыста болмағандықтан, әлі әдеби тілге енбей келеді. Мысалы, жер сулаңдыруға байланысты үлкен арық атаулары: айғыр жап, әнер, желке арық, қазына арық, оман арық, өстен арық; кішкене арық атаулары: бал, бау арық, жап, жандарма, желі,жоя, жүйек, қарық, қол арық, қол жап, қолшық, құлақ арық т. б.;
Негізгі әдебиеттер:
Айғабылұлы А. Қазақ тілінің лексикасы. А., 1988; 1995.
Аханов К. Қазақ тілінің лексикасының мәселелері. А., 1956.
Болғанбаев Ә. Қазақ тілі лексикологиясы. А., 1979; 1988.
Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. А., 1976.
Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. А., 1962; 1975.
Қазақ тілі. Энциклопедия. А., 1998.
Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. Грамматика. А., 1954.
Қалиұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2004.
Малбақов М. Қазақ сөздіктері. Алматы, 1995.
Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. 1-бөлім. А., 2003.
Қосымша әдебиеттер:
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973; 1978; 1993.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1999.
Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. Алматы, 1987.
Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. А., 1988.
Қайдаров Ә. Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері. А., 1998.
Қалиев Ғ., Оралбаева Н., Хасанова С., Шалабаев Б. Қазіргі қазақ тілі. А., 1992.
Қалиұлы Б. Қазақ тілінің көкейкесті мәселелері. А., 1997.
Қордабаев Т. Түркология және қазақ тіл білімі. А., 1998.
Сағындықұлы Б. Қазақ тілінің лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. А., 1994.
Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі өзекті мәселелері. А., 2000.
Тіл білімі сөздігі. А., 1998.
Хасенов Ә. Тіл білімі. А., 1996.
23-24-дәріс тақырыбы: Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері
Жоспары:
