- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •2 Курс студенттері (магистранттары) үшін
- •Сөз варианттары
- •Антонимдер
- •Сөздің қосалқы аталымдары
- •Эвфемизмдер
- •Дисфемизмдер
- •1.Қазақ тіліндегі кірме сөздер, олардың түрлері
- •2. Араб-парсы тілдерінен енген сөздер
- •1.Қазақ тілі мен моңғол тілдеріне ортақ сөздер
- •1.Қазақ төңкерісіне дейін енген сөздер
- •2.Қазақ төңкерісінен кейін енген сөздер
- •1. Қазан төңкерісіне дейін енген сөздер
- •2.Қазан төңкерісінен кейін енген сөздер.
- •1.Диалект сөздер, оның ерекшелігі
- •2. Аймақтық сөздердің түрлері
- •Термин сөздер, ерекшелігі, зерттелуі.
- •1.Эмоционалдық-экспрессивті сөздер
- •2.Кітаби лексика
- •Стильаралық бейтарап лексика
- •Сөйлеу тілінің лексикасы
- •Кітаби лексика
- •Экспрессивтік-эмоционалды лексика
- •«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» пәні практикалық сабақ мазмұны: (15 сағат )
- •«Ассоциация» әдісі
- •«Ассоциация» әдісі
- •1.Мәтіндегі асты сызылған сөздерді мағыналық қатысына қарай талдаңыз:
- •«Тоғысқан пікірталас» әдісі:
- •«Кластер» әдісі
- •1.Мәтіннен омонимдер мен синонимдерді бөлек топтаңыз:
- •2.Синонимдес қосымшалы сөзді бір бөлек, омонимдес қосымшалы сөздерді бір бөлек теріп жазыңыздар.
- •«Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі
- •«Тоғысқан пікірталас» әдісі:
- •1.Сөйлемдерден неологизмдер мен терминдерді төмендегі кестеге салып, толтыр.
- •13 Тапсырма тақырыбы: Қазақ тілінің фразеологиясы, түрлері.
- •«Ассоциация» әдісі
- •Төмендегі жыр жолдарындағы мағынасы түсініксіз сөздерге этимологиялық талдау жасаңыз.
- •Сөздіктердің түрлері, олардың қалыптасу тарихи атты баяндама жасаңыз.
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •5В012100-қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- •Пәнді оқытудағы әдістемелік ұсынымдар
- •Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы курсы бойынша емтихан сұрақтары:
- •13 Мамандандырылған аудиториялар ( кабинеттер ) лабораториялардың тізімі
1.Диалект сөздер, оның ерекшелігі
2. Аймақтық сөздердің түрлері
Диалектілік (гр. dіаlекtоs— сөйлеу ерекшелігі) лексикаға белгілі бір жердегі (аймақ, облыс я аудан) жергілікті тұрғындардын сөйлеу тілінде қолданылатын сөздер жатады. Диалектілік сөздер бүкілұлттық лексиканың құрамына кіреді, бірақ олар жалпыхалықтық болып есептелмейді, өйткені олардың басым көпшілігінің жалпыхалықтық тілде баршаға түсінікті баламалары бар.
Диалектілік сөздер тілдің әр түрлі деңгейіне қатысты болып келеді.
Фонетикалық ерекшеліктер түрінде кездеседі: үгей — өгей, күміскі — көмескі, құрытынды — қорытынды, дұмалау — домалау, маңлай — маңдай, тыңла — тыңда, полат — болат, тоғару — доғару, малчы — малшы, бұяқ — бұл жақ, шаңғырақ — шаңырақ, құдағай — құдағи т. б.
Морфологиялық ерекшеліктер түріңде: малдаршылық — мал шаруашылығы, кішірт — кішірейт, әшкерт — әшкереле, пойызбынан — пойызбен, атпан — атпен, барулы — барды, барған, келулі — келді, келген, алажақ — алашақ, бережақ — берешек, келелі — келейік, баралы — барайық, барғым бар — барғым келеді, айтқым жоқ — айтқым келмейді, барың — бар, келің — кел т. б.
Лексикалық ерекшеліктер: ақыр — оттық, бойлай — үнемі, жамбарласу жарамсақтану, көдек — икемсіз, ебедейсіз, бейсәубет — бет алды, жар — қабырға, жарын — келер жыл, сой — тұқым, тек, шалт — жылдам, рабайда — анда-саңда, кейінжі — кенже, күн баю — күн бату, баз кешу — күдер үзу, жуалдыз — тебен ине, кеуірт — күкірт, таға — нағашы, етмал – ықтимал, бақуат — қуатты, ашық-машық — топса, әтешкер-қысқаш, үскі біз — жуан біз, бігіз — біз, чербек — үлкен ара, жоян — үлкен, дәу, борми — бұршақ, жүгері, ақзон — ақ шыт, айылдап келу — ауылшылау т. б.
Диалектілік лексика өзінің құрамы жағынан өзара бірыңғай емес. Олар нағыз лексикалық, этнографиялық және лексика-семантикалық диалектизмдер түрінде кездеседі.
Нағыз лексикалық диалектизмдер дегеніміз мағынасы жағынан әдеби сөздермен сәйкес келетін, бірақ дыбысталуы (айтылуы) одан басқа сөздер. Сол себепті олар әдеби сөздермен синонимдік қатынаста болып келеді, яғни бір зат ұғымы Қазақстанның әр жеріңде әр түрлі аталады. Әдеби батамалары болғаңдықтан, нағыз лексикалық диалектизмдер әдеби тілге енбейді. Мысалы: әдеби кебек сөзі — диалектілер мен говорларда ұрпақ, буызы, күрпі; әд. сіріңке — диал. кеуірт, кәуірт, оттық, шырпы, шақпақ, спешке; әд. үлкен, зор — диал. дырау, нән, нәнбай, дығал, әйдік, жоян, чон/шоң т. б. түріңде айтылады.
Лексика-семантикалық диалектизмдер — дыбысталуы әдеби сөздермен бірдей, бірақ мағынасыңда ерекшелік бар сөздер. Оңдай сөздер өздерінің әдеби түрлерімен омонимдік қатынаста болып келеді. Мысалы: әдеби тәртіп сөзі — Оралда нұсқау, бұйрық; әд. шалбар — Алматы облысыңда сым; әд. долы (ашулы, ызақор) — Шымкент облысында бұршақ аралас нөсер жауын; әд. құлақ — Шымкентте мақтаның қауашағы, кішкене арық т. б. мәнінде айтылады. Лексика-семантикалык диалектизмдер де әдеби тілге енбейді.
Этнографиялық диалектизмдерге белгілі бір жерге тән заттар мен құбылыстарды білдіретін сөздер жатады. Ондай сөздердің әдеби тілде баламалары болмағандықтан, мағыналары сөздіктерде тек түсіндіріліп беріледі. Мысалы: жозы (Алматы облысы) — аласа дөнгелек үстел; шырыш (Жамбылда) — үй төбесін жапқанда арқалықтың үстіне салынатын жіңішке ағаштар, Семей жақта оны салдау ағаш деп те атайды. Қасқарша (Кызылорда) — мойны ұзын жезқұман, әттік (Каспийде) — қармақтын тілі, алақшын (Түрікмен қазақтарында) — пештің алдына шоқ жаю үшін жасаған орын, сыдырғай (Өзбекстан қазақтарыңда) — түтін бетіне шығармай тоқыған кілем т. б.
Негізгі әдебиеттер:
Айғабылұлы А. Қазақ тілінің лексикасы. А., 1988; 1995.
Аханов К. Қазақ тілінің лексикасының мәселелері. А., 1956.
Болғанбаев Ә. Қазақ тілі лексикологиясы. А., 1979; 1988.
Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. А., 1976.
Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. А., 1962; 1975.
Қазақ тілі. Энциклопедия. А., 1998.
Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. Грамматика. А., 1954.
Қалиұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2004.
Малбақов М. Қазақ сөздіктері. Алматы, 1995.
Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. 1-бөлім. А., 2003.
Қосымша әдебиеттер:
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973; 1978; 1993.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1999.
Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. Алматы, 1987.
Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. А., 1988.
Қайдаров Ә. Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері. А., 1998.
Қалиев Ғ., Оралбаева Н., Хасанова С., Шалабаев Б. Қазіргі қазақ тілі. А., 1992.
Қалиұлы Б. Қазақ тілінің көкейкесті мәселелері. А., 1997.
Қордабаев Т. Түркология және қазақ тіл білімі. А., 1998.
Сағындықұлы Б. Қазақ тілінің лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. А., 1994.
Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі өзекті мәселелері. А., 2000.
Тіл білімі сөздігі. А., 1998.
Хасенов Ә. Тіл білімі. А., 1996.
№19-20-дәріс тақырыбы:. Қазақ тіліндегі актив және пассив сөздер (көнерген сөздер, кәсіби сөздер, жаргон сөздер, неологизмдер).
Жоспары:
1. Көнерген сөздер, кәсіби сөздер,диалектизмдер, жаргон сөздер.
2. Жалпыхалықтық лексика, неологизмдер
Тіл – тарихи құбылыс. Ал лексика халық өміріндегі барлық өзгеріс, өсупроцесін белгілеп беретін айна іспеттес. Біз сөз байлығымызды үйрене отырып, одан халық тарихын да үйренеміз.
Халық тұрмысындағы өзгеріске байланысты кей ұғымдар ескіріп, оны аңғартатын сөздер қолданылудан қала бастаса, жаңа сөздер дүниеге келіп жатады. Сондықтан да бұл екі жағдай лексиканың тіл-тілде екшелеу және баю деген жолдарын көрсетеді. Сөйтіп лексикада көнерген сөз және неологизм қабаттары да пайда болады. Бұлардың бірі ескіленген, екіншісі жаңалығынан жалпы халық тілінде сирек қолданысқа түседі. Сондықтан оны лексиканың пассив қабаты деп атайды.
Ал қазақ тілінің лексикасында көнерген белгі мен жаңа пайда болғандығын көрсететін бояуы жоқ көп сөз, негізгі сөздік құрамы актив қабат деп аталады.
Актив қабаттар
Актив қабаттар халықтық қатынас құралы ретінде қызмет етіп тұрған жалпы халықтық лексикадан тұрады. Бірақ актив лексикаға жататын сөздердің белгісі тек жалпы халық тілінде қолданылатындығында ғана емес. Мысалы, терминдер жалпыхалық тілінде қолданылмайды, тек маман, кәсіп иелері тілінде ғана кездеседі. Соған қарамай ол актив қабатқа жатады. Немесе іс қағаздарына тән сөздер өзге стильде қолданылмағанына қарамай актив сөздерге жатады.
Сонымен қатар актив қабат дегенде жиі қолданылуы жағынан бірдей сөздер емес,көнерген немесе жаңа пайда болғандай реңк жоқ сөздің бәрі де жатқызылады. Сондықтан кейде актив қабатты қазірге қазақ тілі лексикасы деп атайды.
Көнерген сөздер
Тілдегі сөздің көнеруі не біржолата жоғалуы – күрделі құбылыс, ол өте ұзақ уақытты қажет етеді. Белгілі ұғымның көнеленуіне байланысты оны аңғартатын сөздің де қолданысы сирей бастайды. Демек актив қабаттан пассив қабатқа көшеді деген сөз. Одан әрі бірте-бірте ұмыт болып, тілде бүтіндей қолданылудан қалады, бірақ бұл процесс әр кезде дәл осындай бірқалыппен жүре береді деуге болмайды. Кейде сирек қолданысқа түскен сөз актив қабатқа қайта оралуы да мүмкін. Мысалы, әулет сөзі бұрын « бір атаға жататын үрім-бұтақ , тұқым зәузат » деген мағына беріп, рулық дәуірде актив қабатқа жатса. Қазан революциясынан кейін сирек қолданылатын, тек өткен дәуірді суреттейтін шығармаларда кездесетін сөзге айналып еді. Қазір шахтерлер әулеті, қойшылар әулеті сияқты тіркестерде жиі қолданылып жүр.
Көнерген сөздерді түсінікті, түсініксіздігіне қарай көне сөз, көнеленген сөз деп бөлуге болады.
А) Көне сөздердің мағынасы түсініксіз, олардың мағынасын тек этимологиялық талдау арқылы ғана анықтауға болады. Ондай сөздер сөз тіркестерінде жиі кездеседі. Мысалы: түмен басы \ он маң\, көз шырымын алу, кежегесі кейін тарту, сазасын тарту \ жаза\,кебін киген келеді, көбенек киген келмейді, аунап –қунап \ сергу\, қару-жарақ асынып \ құрал\.
ә) Көнеленген сөздердің қолданылудан қалғанмен мағынасы аздап түсінікті болып тұрады. Мысалы, сауға \араша\, ұлу \ балық \, садақ, жақ, жебе,сауыт, берен т.б.
Бұл топқа кейінгі дәуірде ғана архаизм қатарына ауысқан қызыл әскер, саужай \ ликбез\, кедейлер комитеті сөвдеп, рабфақ, МТС т.б. сөздерді де жатқызуға болады. Көнерген сөздер екі топқа бөлінеді. Олар тарихи сөздер,архаизмдер.
Қоғам дамуының барысында көптеген ұғым ескіріп, оны аңғартатын сөз де актив лексика қатарынан қала бастайды. Бұндай сөздер негізінен тарихқа байланысты болып келеді. Мысалы: құл, бай, манап, шонжар, жалшы, күң, хан, уәзір. Бұл сөздер халқымыздың өткен өмір тарихын, қоғамдық құрылысын көрсетеді. Тарихты ол сөздерсіз білу мүмкін емес. Сондықтан да көнерген сөздердің бұл түрін тарихи сөздер деп атайды.
Тарихи сөздер мағыналарына қарай бірнеше топқа бөлінуі мүмкін:
1. Ел басқаруға байланысты тарихи сөздер: хан, патша, уәзір, би, қазы, датқа, старшын, сұлтан, аға сұлтан, болыс, жанарал, ояз губернатор, халық комиссариаты, совнархоз.
2. Әдет-ғұрып, тұрмысқа байланысты тарихи сөздер: бәйбіше, тоқал, қалыңмал, қырық жеті, тоғыз, сырға салу, отқа салар, ат ұстатар т.б.
3. Діни ұғымдарға байланысты тарихи сөздер: азан, підия, ишан, молда, қажы, қары, құдайы, тасадтық т.б.
4. Құрал , қару-жараққа байланысты тарихи сөздер: жерағаш,шақпақ тас, ашамай, садақ, адырна, алдаспан, ай балта, найза т.б.
5. Киім-*кешек, үй-жиһаздарына байланысты тарихи сөздер: кимешек, жарғақ дамбал, шекпен, шапан т.б.
Тарихи сөздердің қазіргі қазақ тілінде синонимдері болмайды, ал архаизмдерде ол бар. Олар негізінде көне дәуірге қызмет еткен, сол кездің ұғымын ғана бере алады. Дегенмен тарихи сөздер кейде жаңа ұғым үшін жаңа мағынада қолданылып, актив лексикаға енуі мүмкін. Мысалы, би сөзі дойбы ойында дамқа ұғымында қолданылады. Қазы сөзі жюри ұғымында айтылып жүр.
Тарихи сөздер ғылым және көркем әдебиет стильінде қолданылады. Ғылыми стильде ғылым тарихы, қоғам тарихын баяндау үшін қолданылады. Ал көркем әдебиетте көбінесе тарихи тақырыпта жазылған шығармаларда әлеуметтік тұрмысты ашып суреттеу үшін қажет. Мысалы. Ораз-Мұхамедхан,-дейді. Есеней әміршісінің алдын орап. Кері кеткен заманда қара бақыр алтын таразыны тең басса, есеней бек неге Итемген Исмайл пақырмен белдеспейді. /М.Мағауин\
Архаизмдер
Тарихи сөз зат- ұғымның ескіруіне байланысты болса, архаизмдер ұғымының емсе, атаудың ескіруіне байланысты қалыптасады. Мысалы: ұлыс \халық\, тілмаш \ аудармашы\, бодан \ халық\ т.б.
Архаизмдердің аңғартатын ұғымы жойылмайтындықтан, оның жаңа атауы синоним болып келеді. Мысалы: қараша-ноябрь, желдтоқсан-декабрь, ақпан- январь, поезд- отарба, ұшақ-самолет, кеңес-совет, төңкеріс- революция т.б.
Тарихи сөздердің актив лексикадан шығу себебін білу оңай, өйткені түгелдей өткен өмірдегі қажетсіз зат, құбылыс, ырым, дінге байланысты сөздер. Ал архаизмнің актив лексикадан шығу себебін түсіндіру біршама күрделілеу. Өйткені бұдун- сөзінің орнына араб тілінен енген халық, тілмаш сөзінің орнына аудармашы деген сөздердің келуін тілдің ішкі және сыртқы заңдылықтарымен дәлелдеу керек болады.
Архаизм лексикалық және семантикалық архаизмдер болып екіге бөлінеді. Лексикалық архаизмдерге бітік \ жазу, хат\, б удун \ халық\, қолаң \ бел,белбау салыстыр:\ қолаң шаш\, сын \ мола, қорған: салыстыр: сын тас –мүсін \ тр.б. қазіргі тілімізден ұмыт болған сөздер жатады. Ал семантикаклық архаизмдерге бұрын да, қазіргі актив лексикада жиі қолданылады, бірақ бұрынғы мағынасында емес, жаңа мағынада қолданылатын сөздер жатады. Мысалы, ару, сағын, өң, қылық, қарындас, алып сияқты сөздер қазіргі тілімізде көпшілікке толық түсінікті. Бірақ бұрынғы ару \ таза,күнәсіз\,сағын \ ойлау,еске алу\,өң \ алды,әуелі\ қылық \ мінез,тәртіп\, қарындас \ туысқан\, алып \ үлкен\.
Архаизмдердің қолданылуы. Архаизмдердің бүгінгі қолданыста жүрген синонимі болғандықтан шығармаларда тек стильдік мақсатта ғана қолданылады. Егер өткен дәуірдің ұғымын бүгінгі сөзбен \ жаңа синониммен\ берсе, көркем әдебиеттің әсерлі де айшықты шығуына көлеңкесін түсірген болар еді.
Архаизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы үш түрлі стильдік мақсатпен жүзеге асады:
1. Ең бірінші, автор суреттеп отырған белгілі бір дәуірдің колоритін жасау, анық тарихи шындықты оқырманның көз алдында елестету үшін қолданылады. Мысалы, сол қанатта- Таң дария етегінде, оң қанатта. Үзе шоңғалдрынан төмен қазақ ұлыстары пайда болды. \ М.Мағауин. Аласапыран \ деген сөйлемде қазіргі. Дон, Днепр өзендері бұрынғы қазақша атаулармен. Таң, Үзе болып беріліп отыр.
2. Архаизмдер автордың көтеріңкі стиль жасау мақсатымен де қазіргі дәуірде суреттеген шығармаларда қолданылуы мүмкін. Мысалы, Абыз бабаң, аңыз бабаң қолдасын, Болайық та кәдімдідеп болғасын, жанарларды бір таңғалтпай дүниеде, өмір сүріп не керек, жолдасым. \ Т. Молдағалиев\. Қылышы емес пе едім қынаптағы. Жоғалттың неге мені, пайғамбарым. \ М.Мақатаев\.
3. Кейде архаизмді ирония, сатира, сарказм, комедия туғызу үшін арнайы тілдік құрал ретінде жұмсайды. Мысалы, тоқтатып көр толассыз қозғалысты,Түссең-дағы тәңірдің кіндігінен. \М.Мұқатаев\.
Тарихи сөздер мен архаизмдердің бір-біріне ұқсастығы мен өзгешелігін анықтап саралып шықса, мынадай қорытынды жасауға болады.
1. Архаизмдер қазірде бар зат не ұғымдардың ескі атауы да, тарихи сөздер дәуірі өткен, қазір жоқ заттар мен құбылыстардың атауы.
2. Архаизмдердің актив лексикада синонимі болады, ал тарихи сөздердің синонимі болмайды.
3. Архаизм жаңа атаудың пайда болуына байланысты қалыптасса, тарихи сөздер зат пен құбылыстың қазіргі заманда жоқ болуына байланысты пайда болады.
4. Тарихи сөз тек номинативтік, әрі стильдік бояуға ие. Сондықтан да тарихи сөзщдер өткен дәуірді баяндау мақсатында қолданылса, архаизм сонымен бірге көркем шығармада кейіпкер тілін даралу ойнақы- ирония туғызу үшін пайдаланылады.
№21-22 дәріс тақырыбы : Неологизмдер, олардың түрлері. Терминдер мен кәсіби сөздер
Жоспары:
Қазақ тіліндегі жаңа атаулар, олардың түрлері, пайда болу жолдары
Термин, оның қасиеттері
Кәсіби сөздер, олардың жасалу жолдары
Тіл- тілде жаңа пайда болған және оның жаңа сөз екендігі аңғарылып тұратын лексика қабатын неологизмдер деп атайды.
Неологизмдердің актив лексикадан өзгешелігі тек жаңалығымен өлшенбейді. Кей сөз пайда болысымен актив лексика қатарына өтіп, жиі қолданысқа түседі. Енді бірі неологизм қалпын ұзағырақ сақтайды. Мұның өзі неологизмдердің қандай ұғымды аңғартатындығында болса керек. Спутник, космос сөздері ұғымымен бірге бүкіл әлемді тандандыра келді. Ол ауызша да, баспа беттерінде де жиі қолданылып тез актив лексикаға айналды. Телевизор сөзі де дәл осылай халықты жатырқатқан жоқ. Тіпті 1980 жылдары пайда болған мердігер сөзі \ подрядтың баламасы\ күнделікті баспасөз беттерінде жиі қолданылып, актив лексика қатарына өту процеесін бастан кешіріп жатыр. Бірақ кей неологизмдерн өзінің жаңа қолданысқа түскендік белгісін ұзақ сақтауы да мүмкін. Мысалы, жемшөп, құранды жем, пішендеме сияқты сөздер қолданысқа түскенініе біршама уакқыт болса да, көпшілікке түсінікті болатындай дәрежеге жете алған жоқ. Себебі олар мал шаруашылығымен шұғылданатын адамдардың ғана қажетін өтеуде. Пассив лексика қатарындағы неологизмдер мен көнерген сөздері өзара салыстарсақ, әрдайым неологизмдер аз кездеседі. Оның себебі көнерген сөздердің ұмытылу процесі мен неологизмдердің актив лексика қатырна өту процесі бірдей емес. Мысалы, Қазан революциясынан кейін енген колхоз совхоз,селсовет сияқты сөздер актив лексикаға қосылып, төңкеріс,саужой \ ликбез\, МТС т.б. неологизмдер актив лексикадан шығып үлгерді. Тілімізге енген жаңа сөздердің қай-қайсысы да халық өміріндегі жаңалық белгісі іспеттес колхоз,совхоз, бесжылдық, тың, тыңгер, спутник, космос т.б. сөздер өздері неологизмдік дәуірді бастан кешкен уақытымен елімізде болған жаңалықтарды еске түсіреді.
Сонымен неологизмдер дегеніміз- актив лексика қатарына енбеген жаңа сөздер.
Неологизмдердің бір түрі ретінде қаралып жүрген жеке автор қолданысындағы жаңа сөздердің жайы басқашалау. Себебі жеке автордың стильдік мақсатта қолданған өзіндік жаңалығы сол күйінде неологизм болып қала беруі, актив лексика қатрына енбеуі әбден мүмкін. Мысалы: С.Сейфуллиннің « Негізін сап, қызыл сарай
Жүрміз міне қаласып »
деген өлең қатарындағы жаңа қоғамды көтеріңкі стильде образды айту үшін қызыл сарай сөзін қолданған. Бірақ ол актив лексикаға кірмейді.
М.Әуезов шығармаларында да қарсылау, миландыру сияқты жаңа сөздер кездеседі. Ол да жазушының өз қолданысы болып қалды.
