- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •2 Курс студенттері (магистранттары) үшін
- •Сөз варианттары
- •Антонимдер
- •Сөздің қосалқы аталымдары
- •Эвфемизмдер
- •Дисфемизмдер
- •1.Қазақ тіліндегі кірме сөздер, олардың түрлері
- •2. Араб-парсы тілдерінен енген сөздер
- •1.Қазақ тілі мен моңғол тілдеріне ортақ сөздер
- •1.Қазақ төңкерісіне дейін енген сөздер
- •2.Қазақ төңкерісінен кейін енген сөздер
- •1. Қазан төңкерісіне дейін енген сөздер
- •2.Қазан төңкерісінен кейін енген сөздер.
- •1.Диалект сөздер, оның ерекшелігі
- •2. Аймақтық сөздердің түрлері
- •Термин сөздер, ерекшелігі, зерттелуі.
- •1.Эмоционалдық-экспрессивті сөздер
- •2.Кітаби лексика
- •Стильаралық бейтарап лексика
- •Сөйлеу тілінің лексикасы
- •Кітаби лексика
- •Экспрессивтік-эмоционалды лексика
- •«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» пәні практикалық сабақ мазмұны: (15 сағат )
- •«Ассоциация» әдісі
- •«Ассоциация» әдісі
- •1.Мәтіндегі асты сызылған сөздерді мағыналық қатысына қарай талдаңыз:
- •«Тоғысқан пікірталас» әдісі:
- •«Кластер» әдісі
- •1.Мәтіннен омонимдер мен синонимдерді бөлек топтаңыз:
- •2.Синонимдес қосымшалы сөзді бір бөлек, омонимдес қосымшалы сөздерді бір бөлек теріп жазыңыздар.
- •«Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі
- •«Тоғысқан пікірталас» әдісі:
- •1.Сөйлемдерден неологизмдер мен терминдерді төмендегі кестеге салып, толтыр.
- •13 Тапсырма тақырыбы: Қазақ тілінің фразеологиясы, түрлері.
- •«Ассоциация» әдісі
- •Төмендегі жыр жолдарындағы мағынасы түсініксіз сөздерге этимологиялық талдау жасаңыз.
- •Сөздіктердің түрлері, олардың қалыптасу тарихи атты баяндама жасаңыз.
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •5В012100-қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- •Пәнді оқытудағы әдістемелік ұсынымдар
- •Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы курсы бойынша емтихан сұрақтары:
- •13 Мамандандырылған аудиториялар ( кабинеттер ) лабораториялардың тізімі
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Оқу түрі күндізгі
2 Курс студенттері (магистранттары) үшін
5В01205– Қазақ филологиясы
мамандықтың шифры мен атауы
KKTS2206 – Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы пәні бойынша
пәннің коды мен атауы
оқу-әдістемелік кешен
Ақтөбе қ.
2014 ж.
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛДІ
Орындаушылар:
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қарағұлова Б.С.
« ___» қыркүйек 2014 жыл
Жауапты орындаушы- кафедра меңгеруші
Филология ғылымдарының докторы,,
профессор _______ К.К.Садирова
« ___» қыркүйек 2014 жыл
ІІ КАФЕДРАНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕКЦИЯ ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
Хаттама № ____ « __ » __________________ 20 __ ж.
ІІІ РЕЦЕНЗЕНТ
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент _________ А.Қ.Айтбенбетова
« ___» қыркүйек 2014 жыл
ІҮ ФАКУЛЬТЕТТІҢ ОӘК БЕКІТІЛУІНЕ ҰСЫНЫЛДЫ
Хаттама № ____ « __ » __________________ 20 __ ж.
Ү Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ ОӘК ОТЫРЫСЫНДА БЕКІТІЛДІ
Хаттама № ____ « __ » __________________ 20 __ ж.
ҮІ АЛҒАШҚЫ ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ 20 жыл
ТЕКСЕРУ МЕРЗІМДІЛІГІ 2 жыл
ПОӘК мазмұны:
1 Пәннің оқу бағдарламасы;
2 Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
3 Білім алушыларға арналған силлабус (syllabus);
4 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі (Қосымша 3);
5 Пәннің оқу- әдістемелік қамтамасыз етілу картасы (Қосымша 4);
6 Дәрістік кешен (дәріс тезистері, иллюстрациялық және үлестірмелі материалдар, ұсынылатын әдебиеттер тізімі);
7 Практикалық сабақтардың жоспары (Қосымша 5);
8 Пәнді оқытудағы әдістемелік ұсынымдар (Қосымша 6);
9 Білім алушылардың өзіндік жұмыстарына арналған материалдар: үй тапсырмаларының мәтіндік жиынтығы, әрбір тақырып бойынша өзін–өзі бақылау материалдары, жұмыстың ағымдағы түрлерін орындау бойынша тапсырмалар, мәнжазбалар және басқа да үй тапсырмаларының еңбек сыйымдылығының өлшемін көрсету және әдебиеттер;
10 Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау және бақылау материалдары (жазбаша бақылау тапсырмалары, тест тапсырмалары,өзіндік дайындық сұрақтары, емтихан билеттері);
11 Өлшеуіш - бақылау материалдары:
- дифференциалдық сынақ сұрақтары және емтихан сұрақтарының тізімі;
- тест тапсырмалары;
12 Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеу ( пәннің мазмұнына қарай енгізу);
13 Мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер, лабораториялардың тізімі (Қосымша 11);
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ
Авторы, әдебиет аты, шыққан жылы |
|
Саны |
|
|||
Студенттің саны |
Кітапханадағы саны |
Кафедрадағы саны |
Электронды нұсқасы |
|||
НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР |
|
|||||
Болғанбайұлы Ә., Қалиев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы: Санат, 1997. – 5-64 бб. |
9 |
30 |
|
|
||
Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. – Алматы, 1975. – 6-16 бб. |
|
63 |
|
|
||
Болғанбаев Ә. Қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы: Мектеп, 1988. – 6-28 бб. |
|
40 |
|
|
||
Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы: Мектеп, 1976. – 5-21 бб. |
|
10 |
|
|
||
Жанпейісов Е. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі. |
|
3 |
|
|
||
Алматы: Ғылым – 1976. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. Алматы: Санат – 1994. |
|
5 |
|
|
||
Мусаев К.М. Лексикология тюркских языков. Москва: Наука -1984. |
|
|
|
|
||
Қарағұлова Б.С. Қазақ ескіліктерінің тілдегі көрінісі. Ақтөбе -2004. |
|
10 |
|
|
||
Қосымша әдебиеттер |
|
|
|
|
||
Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 3 томдық. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998, 1999, 2001. |
|
2 |
|
|
||
Кто есть кто в казахстанской науке. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. |
|
3 |
|
|
||
Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы заң (11 шілде, 1997 жыл). |
|
84 |
|
|
||
Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1996. – 6-31; 236-239 бб. |
|
3 |
|
|
||
Хасанұлы Б. Ана тілі – ата мұра (Қазақ тілінің жер жүзі тілдері жүйесінде алатын орны». – Алматы: Жазушы, 1992. |
|
29 |
|
|
||
Қордабаев Т. Түркология және қазақ тіл білімі. – Алматы: Санат, 1998. |
|
11 |
|
|
||
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (14 ақпан, 2001 жыл).
|
|
5 |
|
|
||
ДӘРІС КЕШЕНІ (дәріс тақырыбы мен жоспары, дәріс тезистері, ұсынылатын әдебиеттер тізімі).
№ 1 дәріс тақырыбы. Қазіргі қазақ тілі лексикология пәнінің зерттеу объектісі. Тіл білімінің лексикологиямен шектес салалары.
Жоспары:
1. Қазіргі қазақ тілі лексикология пәнінің мақсаттары мен міндеттері.
2. Бұл пәннің диалектология, фразеология, терминология, ономастика, этимология т.б. салаларымен байланысы.
Дәріс тезисі:
1. Лексика 2 түрлі мағынада қолданылады: 1. Белгілі бір тілде қолданылатын барлық сөздердің жиынтығы. 2. Жеке ақын-жазушы шығармаларында қолданылатын барлық сөздердің жиынтығы. Лексика лексикология, лексикография, семасиология, этимология және фразеология деп аталатын салаларға бөлініп қарастырылады. Лексикология – сөз туралы ілім. Ол тілдің сөз байлығын, яғни тілдегі барлық сөздерді бір-бірімен байланыстыра, бір тұтас жүйе құрамында қарастырады; тілдегі сөздердің құрамдық, тұлғалық, мағыналық түрлерін саралайды, тарихи арналары (шығу көздері) мен қат-қабаттарын (әдеби, диалект, көне, жаңа т.б.), сондай-ақ қолданылу аясы мен қызметтерін көрсетеді. Лексикология сөздің сөздер жүйесіндегі алатын орнын, қолданылу қабілеттілігін, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісі мен сан қилы сипаттарын зерттейді.
2. Сөз – бір нәрсенің (заттың, құбылыстың, оның сынының, санының, қимыл-қозғалысының) атауы. Ол – тілдік бірлік. Әрбір атау (сөз) белгілі бір ұғымды, мағынаны білдіреді. Сөздің екі жағы болады: бірі – оның сыртқы тұлғасы (дыбыстық жағы), екіншісі – ішкі мазмұны (мағынасы). Бұл екеуі тығыз бірлікте. Яғни сөздің сыртқы тұлғасы бар жерде оның ішкі мазмұны (ұғымы, мағынасы) болады, ішкі мазмұны бар жерде оның сыртқы тұлғасы болады. Бұлар бірінсіз бірі болмайды, екеуі ылғи бірге жүреді. Тіліміздегі сөздер сан алуан. Олардың біразы – заттық ұғымды білдіреді. Біразы – сын есімдер мен сан есімдер. Енді біраз сөздер – іс-әрекетті, қимылды білдіреді. Басқа бір топ сөздер іс-әрекеттің мезгілін, иесін және көңіл-күйі мен қорқынышын, өкінішін, қимыл-қозғалыстар мен дыбыстардың бейнесін білдіреді. Бұлардың бәрінде лексикалық мағына, өзіндік ұғымдар бар. Тілімізде бұлардан басқа шылаулар да кездеседі. Бұлар да сөздер. Шылаулардың жоғары сөздерден айырмашылықтары – бұларда атауыштық (бір нәрсені атағандық) мән, бір нәрсе туралы ұғым жоқ. Олар бір сөзді екінші сөзбен байланыстырады. Сөздер бір нәрсені атайды, белгілі бір ұғымды білдіреді. Ұғым екеу: жалпы ұғым және жеке (нақты) ұғым. Бір сөзде осы екі ұғымның біреуі немесе екеуі де болуы мүмкін. Сөздердің аталған жалпылық және жекелік қасиеттері олардың ең басты қасиеттері болып табылады. Сөздер, сондай-ақ, деректі және дерексіз сөздер болып та бөлінеді. Деректі сөздерге нақты зат атаулары, заттың сыны мен саны, қимылы сияқты ұғымдарды білдіретін сөздер жатса, дерексіз сөздерге жалпыланған (абстрактылы) ұғымдарды білдіретін сөздер жатады.
Негізгі әдебиеттер:
Айғабылұлы А. Қазақ тілінің лексикасы. А., 1988; 1995.
Аханов К. Қазақ тілінің лексикасының мәселелері. А., 1956.
Болғанбаев Ә. Қазақ тілі лексикологиясы. А., 1979; 1988.
Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. А., 1976.
Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. А., 1962; 1975.
Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. Грамматика. А., 1954.
Қосымша әдебиеттер:
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973; 1978; 1993.
Әбдірахманов А. Топонимика және этимология. А., 1975.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992.
№ 2 дәріс тақырыбы. Сөз, мағына, ұғым.
Жоспары:
1. Сөз, оның қасиеті
2. Сөздің мағына мен ұғыммен байланысы
Сөз тілдегі заттар мен құбылыстарды олардың қасиеттерін өмірдегі қатынастарды атап білдіретін негізгі бірлік.Сөз жеке тұрып та басқа сөздермен тіркесіп те тарихи қалыптасқан ұғымдарды білдіріп ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады.Оның осы қасиеті оның лексикалық единица екенін көрсетеді.Сөздің барлығы тілдегі дыбыстардан жасалады. Сөзді жасайтын дыбыстар немесе олардың жиынтығы қалай болса солай емес тілдің фонетикалық заңдылығына сәйкес қалыптасқан. Сөз дыбыстық құрылымынан жасала отырып зат,құбылыс,іс-қимыл жайында жалпыға түсінікті қоғамдық дәрежеде қалыптасып,қауым таныған ұғымды білдіреді.Сөздің дыбысталуы оның материалдық сыртқы көрінісі болып табылса,ал ұғымды білдіріп,мағынаға ие болуы оның ішкі мазмұнын білдіреді. Сөздің дыбысталуы мен білдіретін мағынасы оның лексикалық единица екенін білдіретін екі жақты қасиеті болып табылады. Бұл екеуі үнемі байланысты. Сөз грамматикалық тұрғыдан қарағанда сөз таптарына тікелей қатысты болады. Сөз таптары да біртұтас сөз тұлғаларын жасап,грамматикалық единица бола алады. Бұл оның сөз тіркестерінен ерекшелігін көрсетеді. Сонымен бірге сөз түбір морфемадан және қосымша морфемадан тұрады. Бұл айтылғандардан сөздің құрылымдық сипатын,тілдің фонетикалық, семантикалық, грамматикалық заңдылықтарын байланыстырып қарағанда ғана толық түсініп қарауға болатындығын аңғартады.
Сөздің негізгі қасиеттері:
1. Сөз құрылымның тұйықтығы;дербес сөз болу үшін оның құрлысына өзгеріс енуіне басқаша өзгертуге келмейтіндей болу шарт,яғни сөздің құрылымдық тұйықтығы толықтай сақталуы қажет;
2. Сөздің басқа зат я құбылысқа атау болып қалыптасу себебін көрсету мүмкін емес,бірақ сөз тудыратын қасиетке ие;
3. Сөздің сөйлеу үстінде даяр қалпында үнемі қайталанып отыратындығы;
Жалпы сөз дегеніміз-белгілі мағынасы бар,құрылымдық жағынан тұтас,бір сөз табына тән болып келетін дыбыстар тіркесі.
Негізгі әдебиеттер:
Айғабылұлы А. Қазақ тілінің лексикасы. А., 1988; 1995.
Аханов К. Қазақ тілінің лексикасының мәселелері. А., 1956.
Болғанбаев Ә. Қазақ тілі лексикологиясы. А., 1979; 1988.
Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. А., 1976.
Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. А., 1962; 1975.
Қазақ тілі. Энциклопедия. А., 1998.
Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. Грамматика. А., 1954.
Қалиұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2004.
Малбақов М. Қазақ сөздіктері. Алматы, 1995.
Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. 1-бөлім. А., 2003.
Қосымша әдебиеттер:
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973; 1978; 1993.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1999.
Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. Алматы, 1987.
Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. А., 1988.
Қайдаров Ә. Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері. А., 1998.
№ 3 дәріс тақырыбы. Сөздердің мағыналық қатысына қарай жіктелуі.
Жоспары:
1. Сөз топтары
2. Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтері.
1950 жылы сөз мағынасы семантикалық тұрғыда топтастырылды.Семантикалық топтастырылу ұғымы бірыңғай сөздердің мағыналық типтерін анықтауға негізделеді. Алайда,бұлай топтастыру сөздің лексикалық мағынасының типтері мен оның лексика-семантикалық мағыналарын ажыратуда туған кемшілік.1950 жылдың орта тұсынан бастап кеңес тіл білімінде сөз мағынасын топтастырудың академик В.В.Виноградов жаңа классификациясын ұсынды,яғни сөздің лексикалық мағынасын 3 типке бөліп көрсетті:
1.Тура және номинативті мағына;
2.Фразеологиялық байлаулы мағына;
3. Синтаксистік шартты мағына.
Қазақ тіл білімінде сөз мағынасын топтауда В.В.Виноградов ұсынған классификацияға сүйенеді (К.Аханов,Кеңесбаев).Сонымен бірге тіл білімінде сөздің лексикалық мағынасына қатысты басқа да пікірлер баршылық.Н.М.Шанский сөздің лексикалық мағынасының қалыптасуын оның ұғымды білдіру сипатымен, белгілі бір лексико-грамматикалық топқа қатыстылығымен байланыстырылады. Ал, М.И.Фомина лексикалық мағынаның типологиясын ұғымды заттық қатынастарымен басқа сөздің бір-бірімен байланыстылығы мағынаның мотивтілігі қалыптасуынын тарихи себептері және сөз мағынасының атқаратын қызметі (номинативті-экспрессивті) тұрғысынан қарастырады. Сөз мағынасын топтастыруға қатысты бұл сияқты белгілер бір-бірімен өзара байланысты. Бірақ, ең негізгі белгі сөз мағынасының шындық болмыстағы объектілерге қатысты болып табылады. Сөздің атауыштық номинативті ол тура мағына деп те аталады. Лексикалық мағынаның бұл түрін шындық болмыстағы құбылыстарға олардың белгілеріне қатыстылығымен байланысты болған. Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін қабілеті атауыш (номинатив) мағына деп аталады. Атауыш мағына әр заттың өз алдына дербес мағынасы болып табылады. Сол арқылы оларды бір-бірінен ажыратамыз. Мысалы: Боран,жел, өзен, сөздің атауыштық мағынасы болып табылады. Ол зат пен құбылыстың атауын жанама түрде емес тікелей білдіреді. Сөздің тура мағынасы деген ұғымға заттар мен құбылыстардың,ауыз немесе басқа туынды мағыналары кірмейді. Сөздің атауыш мағынасы толық мағыналы дербес сөздердің бәріне қатысты.
Сөз мағынасы дамып жетіліп отыратын құбылыс.Сондықтан сөздің негізгі мағынасы атауыш немесе тура мағынамен шектелмейді.Сөз әрқашан тек атауыш мағынада айтыла бермейді. Сөздің атауыш тура мағынасының негізінде өрбіген нақты абстрактілі – деректі меңзеу мағынасы болады. Лексикалық мағынасының бұл сияқты түрлерін В.В.Виноградов туынды номинатив мағына деп атаған.
Тіліміздегі сөздердің бәрі бірдей бір атауыш лексикалық мағынаны білдіріп қоймайды.Олардың ішінде бірнеше атауыштық мағынаға ие болатындар аз емес. Нақты және абстракті мағынаның бір-бірінен айырмашылығы ол сөздің затты қандай дәрежеде білдіре алатындығына байланысты.Егер сөз затты оның белгілерімен іс-әрекетін дәл қалпында айқын түрде білдірсе онда оның мағынасы нақты болып табылады. Егер сөз затты оның нақты белгілерінен қасиеттерінен ажыратып ойша дерексіздендіріп берсе онда абстрактілі мағына туады. Мысалы:адамгершілік
Сөздің шығу тегіне байланысты туған лексикалық мағынасына сөздің түпкі және туынды мағынасы жатады.
Түпкі мағына деп-тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарағанда ары қарай бөлшектенбей түбір ретінде танылатын дербес сөздердің мағынасын айтамыз. Түпкі мағынаның пайда болу себебі көп жағдайда белгісіз болып келеді.Олардың шығу пайда болу тарихы туралы пікірлер тек этимология зерттеулерінде кездеседі.
Туынды мағына - түпкі мағынадағыдай емес,басқа бір мағынаның қатысымен туған,пайда болу себебінің сөздің кейінгі мағынасы. Туынды мағынаны қашанда тікелей түпкі мағынадан туып отыруы шарт емес,түбір сөздердің түпкі мағынасынан өрбіген туынды мағынанын өздерінен де туындайды. Сөздердің тіркесу сипатына байланысты туған лексикалық мағынада сөздердің еркін және байлаулы ( еркін емес ) мағыналары жатады.
Сөздердің еркін мағынасы оның атауыш мағынасының негізінде пайда болады.Атауыш мағынадағы сөздердің шындық өмірдегі заттар мен құбылыстарды білдіретін басқа көптеген сөздермен еркін қарым-қатынасқа түсіп, олармен тіркесіп отырады. Атауыш мағынадағы сөздер қарым-қатынасы белгілі бір сөздермен ғана шектелмейді, әр түрлі сипаттағы сөздермен тіркеске түсе береді.
Сөздердің басқа сөздермен тіркесімділігі тек заттың логикалық қатынасымен шектеліп қоймайды,сонымен бірге тілдің ішкі заңдылығына байланысты. Осыдан барып сөздің байлаулы мағынасы пайда болады. Байлаулы мағынадағы сөздер шындық болмыстағы заттар мен тікелей емес жанама түрде байланысады. Байлаулы мағынаға фразеологизмнің мағынасы жатпайды.
Фразеологиялық байлаулы мағынада-сөздердің белгілі ғана сөздермен тіркесуі арқылы,яғни фразеологиялық тіркестерде берілетін лексикалық мағынасы.
Синтаксистік шартты мағына-сөздің сөйлемде өзіне дағдылы емес қызмет атқаруынан туындайтын ауыспалы мағынасы.
Синтаксистік шартты мағына сөздердің ауыспалы мағынаның бір түрі. Бірақ ол лексикалық ауыспалы мағынадағыдай бір заттың тура мағынасын басқа бір затқа атау етіп ауысуынан туған мағына емес,сөздің сөйлемде белгілі бір синтаксистік құрылымда қолданылуынан туған мағына.Мысалы: Байлар біздің еңбегіміздің қаймағын жесе, біз әлі өз еңбегіміздің қаспағына да қол қолымыз жете алмай жүр.
Қазақ тілінде сөздер синтаксистік шартты мағына көбінесе эмоцияға байланысты айтылады.Мысалы:тарлан,сұңқар,лашын сөздер түлкі,жылан-жағымсыз. Бұл мағынада әр түрлі экспрнсивті эмоциялық мән тудырып отырады. Бұл сияқты ауыспалы тиянақсыз мағыналар белгілі контексте болғандықтан синтаксистік шартты мағынасы деп аталады.
Сөздің стилистикалық қызметіне байланысты үшке бөлінеді:
бейтарап,бейнелі және терминдік мағыналар болады.
Бейтарап мағына- зат,құбылыс пен сапалық белгілерді атап білдіретін жалпылама лексикалық мағына.
Бейнелік мағына-бейнелі мағынада адамдардың сезімімен көңіл-күйіне байланысты эмоциональды айтылатын сөздің мағынасы жатады. Олар стилистикалық байлаулы мағынасы деп аталады. Бұл мағынаның жағымды, жағымсыз түрде баяндау, бағалау тағы сол сияқты сезімдер айқындалады.
Терминдік мағына- ғылым, техника, өнер саласында қолданылатын арнаулы сөздердің лексикалық мағынасы. Бұл сөздерде ауыспалы эмоциялық реңктер болмайды. Халықтардың тіліндегі кәсіби сөздер мен терминдердің лексикалық мағынасында ұқсастық бар.
Сөздердің стилистикалық қызметінен туатын мағына көркем әдебиеттегі поэтикалық мағынамен ұштасады. Поэтикалық мағына троп, фигураның түрлері сияқты поэтикалық тәсілдерді қолдануарқылы сөздердің айрықша көркем мәнермен көтеріңкі айтылуынан туған мағына.
Негізгі әдебиеттер:
Айғабылұлы А. Қазақ тілінің лексикасы. А., 1988; 1995.
Аханов К. Қазақ тілінің лексикасының мәселелері. А., 1956.
Болғанбаев Ә. Қазақ тілі лексикологиясы. А., 1979; 1988.
Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. А., 1976.
Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. А., 1962; 1975.
Қосымша әдебиеттер:
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973; 1978; 1993.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1999.
Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. Алматы, 1987.
Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. А., 1988.
4–дәріс тақырыбы: Сөз мағынасының дамуы мен өзгеруі.
Жоспары:
1. Сөз мағынасының эволюциясы
2. Сөз мағынасына әсер етеін факторлар
Сөз қоғаммен бірге өзгеріске түсіп отырады,яғни оның мағынасы дамиды. Оның мағынасы жағынан дамуына сыртқы және ішкі себептер ықпал етеді. Сөз мағынасының дамуына негізінен сыртқы факторлар әсер етеді. Сөз мағынасының ішкі өзгерістерінің бір себебі жаңа сөз немесе жаңа мағына сөздік құрамға келіп қосылғанда бұрыннан тілде бар сөздің мағыналары мен өзара қарым-қатынасқа түсіп солармен синонимдік байланысқа түседі. Сөз мағынасының даму нәтижесінде мағына кеңейіп, немесе тарылып отырады. Сөз мағынасы жөнінде Р.Сыздықова: « Сөз мағынасының эволюциясы тек дамудан,яғни жақсару сипатында ілгері жылжымай тұрмайды сонымен қатар сөз мағынасы күңгірттенуі,ауысуы, тарылуы » тағы сол сияқты құбылыстар сөз табының қозғалғанын танытады.
Сөз мағынасының кеңеюі деп- сөздің тұлғасын өзгертпей-ақ бұрыннан белгілі, жаңа мағынаға ие болуын айтамыз. Бұл негізінен метафоралық,синехдохалық тәсілдер арқылы жүзеге асады.
Мысалы; кұн, айдар т.с.с.
Сөз мағынасының тараюы деп-тарихи,қоғамдық,әлеуметтік тағы басқа жағдайларға байланысты сөздің кейбір мағыналарының қолданыстан шығып қалуын білдіреді.
Мысалы: қол, тон, тары т.с.с.
Негізгі әдебиеттер:
Айғабылұлы А. Қазақ тілінің лексикасы. А., 1988; 1995.
Аханов К. Қазақ тілінің лексикасының мәселелері. А., 1956.
Болғанбаев Ә. Қазақ тілі лексикологиясы. А., 1979; 1988.
Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. А., 1976.
Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. А., 1962; 1975.
Қазақ тілі. Энциклопедия. А., 1998.
Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. Грамматика. А., 1954.
Қосымша әдебиеттер:
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973; 1978; 1993.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1999.
Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. Алматы, 1987.
Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. А., 1988.
Қайдаров Ә. Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері. А., 1998.
5, 6- дәріс тақырыбы: Сөздің көп мағыналылығы. Метафора, метонимия, синекдоха.
Жоспары:
1. Көп мағыналы сөздердің пайда болуы
2. Көп мағыналылықты тудыратын тәсілдер.
Тілдің дамуы сөздік құрамдағы сөздердің санымен де сапасымен де өлшенеді. Сөздердің сапа жағынан дамығандығын көрсететін белгі сөздердің көп мағыналығы. Сөздердің екі я одан да көп мағынадағы негізінде сөздік қордағы сөздерге тән қасиет. Себебі бұл сөздер тілде жаңа сөз тілде тың мағыналар жасауға ұйтқы болып келе жатқан байырғы тума сөздер.
Тіліміздегі сөздер ең алғаш пайда болған кезде сөз мағынасы болған кезінде аз мағыналы болғандығын аңғартады. Уақыт өткен сайын,олар бұрынғы мағынасының үстіне бір немесе бірнеше қосымша, туынды мағынаға ие болған.
Туындап тұрған жаңа мағына басқа жақтан пайда болмайды. Әр сөздің сыр-сипатынан, ерекшеленіп келіп шығады. Егер сөз өзінің білдіретін ұғымын барлық ерекшеліктерін түгел жинақтап, бірден көрсеткен болса онда сөз ауыспалы мағынада айтылмас еді. Ауыспалы мағынада жұмсалған болса,онда тілде көп мағыналы сөздер кездеспес еді. Адам бір затты алғаш көргенде ең алдымен оның сыртқы қасиетімен таныстырады. Сол қасиеттер кісінің сезім мүшелеріне әсер етіп өзінің ізін қалдырады. Адам санасындағы белгілі бір зат туралы түсінік басқа бір затпен ұқсасып байланысып тұрады. Соның нәтижесінде екі заттың сапасының атқаратын қызметінде жалпы ұқсастық пайда болады. Сол ұқсастықтардың нәтижесінде бір атаумен аталған.
Омонимдер.
Көп мағыналы сөздер меномонимдердің сыртқы формасы жағынан ұқсастығы бар. Дыбысталуы жағынан бір – біріне ұқсас. Бұл екеуінің айырмашылығы тұлғасында емес мағынада жатыр. Көп мағыналы сөздердің екі я одан да көп мағынасы болады. Бірақ бұлар бір сөз табына жатады. Осыған байланысты көп мағыналы сөздердің бір негізден шыққандығын,мағыналардың өзара жақындығынан,ұқсастығынан білуге болады. Ал омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын бірақ ұғымы бір сөз табына да әр сөз табына да қатысты болады. Мағына жағынан әр ұғымның өзара жақындығы,ұқсастығы байқалады.
Тілдің даму барысында сөздің мағынасында өзгеріс болып жатады. Сөз семантикалық жақта үздіксіз дами келе мағынасы бір-бірінен алшақтай бастайды. Бара-бара ондай мағынаның бір негізден шыққандығы мүлде ұмытылып тұлғасы бірдей, бірақ мағынасы алшақ омоним сөздер сияқты өмір сүре береді. Осы тұрғыдан көпмағынадағы сөздер мен омонимді ажырату қиындық туғызады.
Омонимнің жасалу жолдары:
1. Тілдегі көп мағыналы сөздердің есебінен сөздің семантикалық даму жағынан келіп шыққан омонимдер. Бұл тіліміздің ең өнімді тәсілдері.
Мысалы:Аспан – көк аспан
Көк – түс
Көк – шөп
2. Афикстер жалғану арқылы жасалған омонимдер:-ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе,-ық,-іс,-с,-ың,-ің.
3. Өзге тілден ауысқан сөздердің қазақтың төл сөздері мен дыбысталуы бірдей болған сөз.
Мысалы: Қайрат-күш, жігер. Қайрат – пышақты қайрат ( етістік )
Қазақ тіліндегі омонимдер мағыналары мен формаларына қарай лексикалық, лексикографиялық және аралас болып бөлінеді.
Лексикалық омонимдер табындағы сөздер бір ғана сөз табына қатысты болып барлық жағдайда бірыңғай мағынаға ие болады. Мысалы: Кеден. Бекет. Ұрыс-қағыс.
Лексикографиялық омонимдер- әр сөз табына қатысты болғандықтан түбір тұлғасында омоним болады да, қалған уақытта әр сөз тұлғасына қарай түрленіп,өзгере береді.
Аралас омонимдер жоғарыдағы екі топқа жататын олардың қасеттерін бірдей қамтиды.
Мысалы: Құр – үстеу,одағай,етістік,зат есім.
Лексикалық омонимдерге ұқсас басқа да тілдік құбылыстар бар. Соның бірі омофондар ( гр. бірдей дыбысталу )
Омофон дегеніміз – айтылуы бірдей, бірақ жазылуы әр түрлі сөздер.
Мысалы: Көнбе –көмбе, болады-Болат
Омонимдерге ұқсас құбылыстың бірі омограф ( гр. бірдей жазу).Омографтар жазылуы бірдей, айтылуы басқа сөздер.
Метафора-белгілі бір зат немесе құбылыс атауы,басқа зат немесе құбылыстың түрі,тұлғасы,қимыл-әрекет қозғалысына қарай ауысып аталуын айтады. Метафоралық тәсілдер арқылы пайда болатын мағынаның барлығы жалпы халыққа түсінікті,байырғы сөздерден жасалады.
Мысалы: өткір пышақ, өткір сөз, өткір ой т.с.с.
Бірақ метафора тәсілі арқылы, жасалатын материалдар жалпы халыққа түсініктілігімен қолданылуы жағынан бірдей болып келе бермейді. Көркем әдебиеттегі метафоралар жалпы қалықтың тілінде метафорадан бөлек болады. Көркем әдебиеттерде күнделікті қолданылып жүрген метафорадан әлдеқайда образдылы, әрі халыққа таралған күйде келеді.
Мысалы: Әлсін-әлсін жүрмейді дыр еткізіп,санада,сағыныш әл болмайды ( салыстыру ). Олай болса метафоралар өзара жіктеледі. Қазақ әдебиетінде қолданылатын метафоралар образдылығымен қатар тұрақты және индивидуальды болып бөлінеді. Сонымен қатар тіліміздегі метафора арқылы ауыспалы мағына туғызу тәсілі үш түрге бөлінеді.
1. тілдік метафора. Бұл метафоралар жалпы халық тілінде сөйлесу,жазу, оның ішінде әдеби шығармаларда кеңінен қолданылады, бірақ олар әдетте көркем образ,суреттеу құралы ретінде емес, стилистикалық лексика түрінде қолданылады.
Мысалы: Таудың басы
2. Тұрақты метафоралар- жалпы халық тілінде қолданыланылады. Бірақ суреттеу құралы ретінде образдылығымен қолданылады. Мысалы: сары алтын ( бидай ), қара алтын ( көмір )
3. Индивидуальдық метафора- бұл топқа сөз шеберлерінің тәсілі қолданылады.Көпшіліктің қолдануында жоқ метафоралар қолданылады. Ақын-жазушылардың жиі қолданысындағы стильдік-ерекшеліктер.
Метонимия- іргелес екі заттың немесе құбылыстың бір-бірінің атауын екі немесе ауысып айтылуынан пайда болды.
Қазіргі қазақ тілінде метонимияның түрлері көп және олардың жасалу жолдары бар. Қимыл-әрекет атауының нәтижесінде ауысу арқылы пайда болатын мағыналар.
1. Ою-қимыл атауынан шыққан
2. Қимыл-әрекет атауы сол қимылдың құралы болып табылады.
3. Заттың материялдын атауы. Сол материялдан жасалған бұйым атауына ауысады.
Мысалы: үкі, құндыз
4. Ыдыс-аяқ атаулары. Сол ыдысқа салынған затқа ауысып айтылады.
Мысалы: көрен пісті ме?
5. Мекеме, елді-мекен атауы. Сол мекемеде немесе елді мекенде тұратын халықты айтады. Жалқы есімдердің оларға қатысты қимыл-әрекет атауының байланыстылығы. Кейбір кісі аттарымен,жер-су атаулары жалпы есімге айналып, контексте синоним ретінде жұмсалады.
Мысалы: Шығайбай, Қожанасыр т.с.с.
6. Сапалық сын есімдер мен олардың заттанған мағынасына байланысты.
Мысалы: Көре қарайған зат, реңк, сөйлеу
7. Автор мен оның шығармасының болмаса, шығарма атымен оның ішкі мазмұнының байланыстылығы.
8. Жалқы есімдердің бір-бірімен байланыстылығы.
Синекдоха- сөздерді ауыстырып қолдану арқылы көп мағыналы сөздер тудыру ( гр. бірге жобалап, түсініп). Зат пен құбылыстың іргелес шектес келіп бір атауға ортақталып, ауысып қолданылуы жағынан синехдоха метонимияға бір табан жақын болып келеді. Мұндағы басты белгі бүтіннің орнына бөлшек, көпшенің орнына жекеше,жалпының орнына жалқы немесе керісінше алмасып,отырады. Синекдоха тәсілі арқылы сөздердің мағыналық жағынан түрленіп өзгеруіне ықпал етеді.
Мысалы: бас екеу болмай, мал екеу болмайды. ( бүтіннің орнына бөлшек қолданылады).
Негізгі әдебиеттер:
Айғабылұлы А. Қазақ тілінің лексикасы. А., 1988; 1995.
Аханов К. Қазақ тілінің лексикасының мәселелері. А., 1956.
Болғанбаев Ә. Қазақ тілі лексикологиясы. А., 1979; 1988.
Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. А., 1976.
Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. А., 1962; 1975.
Қосымша әдебиеттер:
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973; 1978; 1993.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1999.
Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. Алматы, 1987.
Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. А., 1988.
Қайдаров Ә. Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері. А., 1998.
№ 7-8 дәріс тақырыбы. Синонимдер, антонимдер, табу мен эвфемизм
Жоспары:
1. Синонимдер, олардың жасалуы
2. Антонимдер, олардың жасалу жолдары
3.Табу мен эвфемизмдер, олардың тілдегі көрініс
Сөздің дыбысталуы мен мағынасы жағынан салыстырып қарағаңда, синонимдер омонимдерге қарама-қарсы тұрған лексика-семантикалық тілдік құбылыстар. Омонимдер ұғымы басқа, дыбысталуы бірдей бірнеше сөз тобын білдірсе, синонимдер, керісінше, ұғымы бір, әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобын қамтиды. Синонимдер бір ұғымды білдіретіндіктен, олар тек бір ғана сөз табына қатысты болады. Синонимдер мен омонимдердің қатарына енген сөздердің сан мөлшері де ала-құла. Қазақ тіліңде омонимдік қатарға енген сөздің саны негізіңде 4 — 5 тен аспайды. Ал синонимдік қатардағы сөздердің саны кейде қырықтан да асып жығылады.
Синонимдер мынадай белгілеріне қарай топтастырылады. 1. Сөздің дыбысталуында аз да болса, тұлғалық өзгешелігі болуы қажет. 2. Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі қажет. 3. Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуға тиіс. Бұл үш белгі — сөздерді синоним деп танудағы басты шарт. Сонымен қатар бір сөз табынан болған синонимдер бірыңғай грамматикалық тұлғада келіп, контексте бірін-бірі алмастырған жағдайда бір ғана сөйлем мүшесінің кызметін атқаруы синонимдердің қосымша белгісі болып табылады. Дыбысталуы әр баска болғанымен, мағынасы жақын сөздер синонимдер делінеді.
Синонимдер сөздердің жалпы мағыналық бірлестігіне қарай топтастырылады. Яғни сөздер бір ғана ақиқат шындықты көрсетіп, бір ғана ұғымды білдіретіндіктен, олар синоним деп танылады. Синонимдік қатардың мағыналық бірлігі сөздерді өзара жақындатып салыстыру үшін ғана емес, сонымен қатар оларды бір-біріне қарсы қойып ерекшелеуге де негіз болады. Синонимдер бір ғана ұғымды білдіреді дегеннен олардьщ мағынасы нақ бірдей, әр уақытта олардың мағынасы тепе-тең болып тұрады деген сыңар жақ ұғым тумаса керек. Сөз бен сөздің мағыңалық байланысы алыс та, жақын да, тікелей де, жанама түрде де бола береді. Алыстың да алысы бар, жақынның да жақыны болады. Сөз мағынасының жақыңдығы деген де тым кең ұғым. Мәселен, той — мейрам — мереке — думан — тамаша дегендер адам баласының қуанышы, қызықты күндерін білдіреді. Бұларды іштей «жашыхалықтық қуанышты күндер» (мейрам-мереке) және «жеке отбасының немесе бір ауылдың қуанышты күндері» (думан-тамаша) деп екі топқа бөлуге болады. Мұның ішіңдегі той деген сөз қуанышты күндердің екі тобына да жалпылама айтылады. Өйткені бұл сөз кең мағынада да, тар ұғымда да жұмсала береді. Мысалы: Халық Абай тойынқызу қарсы алуға әзір отыр немесе Әшімбек баласының үйлену тойына дайындық жасап жатыр деуімізге болады.
Сол сияқты семіру — шелдену — майлану — тойыну — жуандау — толу — қоңдану дегендер жан-жануарлардың арық күйден семіз күйге айналғандығын білдіретіңдіктен, синоним деп танимыз. Бұларды да мағыналық жақындығына қарай екі жікке бөліп қарауға келеді:
а) адамға қатысты синонимдер (жуандау — толу); ә) басқа жан-жануарларға байланысты айтылатын синонимдер (шелдену — майлану — тойыну — қоңдану). Ал семіру сөзі екі топқа да ортақ болып айтыла береді.
Сондай-ақ, бағалы — құнды — қымбат деген сындық ұғымды білдіретін синонимдердің де әрқайсысына тән өзіңдік ерекшелігі бар. Мәселен, бағалы сыйлық, бағалы киім дегендегі мағыналық реңк құнды, қымбат сөзіңде жоқ. Құнды пікір деп айтылғанымен, қымбат пікір деп айтылмайды.
Сонымен синонимдер белгілі бір ұғымды білдіргенімен, олардың арасындағы мағына жағынан толық сәйкестік, тепе-тендік қасиет болмайды.
Синоним болып жұмсалатын мәндес сөздердін тобын синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп атайды. Синонимдік қатарға енген сөздердің ішінен бір сөз басқаларын мағына жағынан ұйыстыруға ұйтқы болатың тірек сөз деп тандалынып алынады. Бұл тіл білімінде доминант (тірек сөз) деп аталады. Доминант сөз мәндес сөздерді мағыналық жағынан ғана топтастырмайды, сонымен бірге синонимдік қатарларды әліппе жүйесіне келтіру үшін де мәңді қызмет атқарады. Доминант сөзді дұрыс анықтап, белгілеп алмай синонимдерді тәртіпке келтіру мүмкін емес. Сондықтан синоним сөздігін жасауда доминант сөзді іріктеп, сұрыптап алуға айрықша көңіл бөлінеді. Доминант сөзге синонимдік қатардағы сөздердің ішіңдегі мағына жағынан ең айқын, стильдік мәні жағынан бейтарап, жалпы халыққа соншалықты танымал дегендері ғана таңдалынып алынады. Синонимдік қатарға топтастырылатың сөздердің шегін олардың логикалық бірлігіне қарап қана ажыратуға болады. Әрбір синонимдік қатардағы сөздер негізінен екі кезеңнен өтеді. Алғашқы кезенде сөздер жалпы мағыналық бірлігіне қарай, ұқсастыру негізінде синонимдік қатарға топ-тастырылады. Ұқсастыру бір ұядан туатын жалпы ұғымға бағындырылады. Жеке сөздің қара басындағы өзгешелік бұл кезеңде есепке алынбайды. Мәселен, ас — тамақ — дәм — тағам — ауқат дегендер адам баласының жейтін қоректік затын білдіретіңдіктен, ең әуелі бір синонимдік қатарға топтастырылады. Бұлардың бір-бірінен ажырататын өзгешеліктерін саралау — екінші кезендегі істелетін жұмыс. Синонимдік қатардағы сөздердін ұксастығын табудан гөрі олардын бас-басына тән өзгешелігі мен ерекшелігін табу әлдеқайда қиын жұмыс. Синонимдер бір-бірінен мағыналық ренкі жағынан, стильдік мәні және басқадай сөздермен өзара қарым-қатынасқа түсіп, қолданылуы жағынан үш түрлі белгілері арқылы ажыратылады.
Синонимдердің мағыналарын ажыратқанда мынадай мәселелерге көніл аударылады: 1. Синонимдік қатарға енген сөздер мағына жағынан бір-бірінен сәл жоғары не сәл төмен дәрежеде болуы мүмкін. Синонимдер градация жолымен (бірден бірге басқыштап) өзгеріп отырады Мәселен, аяз сөзіне қарағанда онын синонимдік сынары үскірік сөзінін мағыналық салмағы күштірек екендігін сезуге болады. Сол сияқты атқыш — мерген, апат — қырғын, белсену — құлшыну дегендердің соңғы сыңарлары алдыңғыларынан пәрменді екеңдігін анғарамыз. 2. Синонимдердің біреуінің мағынасы екіншісінен кеңірек болады. Мәселен, соғыс деген сөздің мағынасы ұрыс деген сөзден кең, ұстаз дегеннің мағынасы мұғалімнен кең. Жабу мен кілттеу де сол тәрізді. 3. Синонимдер бір-бірінен мағыналарынын аз-көбіне қарай ажыратылуы мүмкін. Мәселен, ат деген көп мағыналы да, ал онын сыңары ныспы деген сөз бір мағыналы. 4. Синонимдер мағыналарының деректі және дерексіз болып келуіне қарай ажыратылады. Мәселен, маңдай — пешене, іш — құрсақ, бала — перзент, тығу — бұқпантайлау дегендердің алдыңғыларынын деректілігі нақты. 5. Синонимдер бір-бірінен ауыспалы мағынада қолдану-қолданылмауына қарай ерекшеленеді. Мәселен, көмей мен көмекей дегендердің алғашқысы пештің көмейі, тоғанның көмейі деп ауыстырылып айтуға келгенімен, соңғысы (комекей) адамға ғана арнайы жұмсатады да, өзге заттарға бұрып айтуға келмейді. 6. Синонимдер сөз туғызуға қабілетті я қабілетсіз болып келуіне қарай өзгешеленеді. Мәселен, сапар мен жол тәрізді синонимнің алғашқысынан бір сапар, ұзақ сапар, сапар шегу деген бірлі-жарым тіркесті сөздер ғана кездеседі. Ал оның жол деген сынары тіліміздегі сөзжасамнын барлық амалдары арқылы жаңа сөз жасауға соншалықты қабілетті екендігін байқатады. Мысалы: жолай, жолаушы, жолдама, жолдас, жолшыбай, жолақ, жолдау, жолбасшы, жолбике, жол-жоба, жол-жөнекей, жол соқты, сар жолды, темір жол, жол азық, жол ашар, жол аяқ, жол жүру т. б.
Cинонимдердің стильдік мәні неше алуан функционалдық сипатта қолданылуымен тығыз байланысты. Тіліміздегі синонимдердің мынадай стильдік реңктері байқалады: 1. Қадір тұтып сыйлағандықты білдіретін реңктер. Мәселен, есім деген сөз ат сөзінен қадірлірек, отағасы — үй иесі сөзінен, дам — ас сөзінен, перзент — бала сөзінен, қаза — өлім сөзінен жоғарылау. 2. Салтанат құру мәніңдегі көтеріңкі реңктер. Жүлде — бәйге сөзінен асқақ, мерекелеу — тойлау сөзінен көтеріңкі, азамат — жігіт сөзінен жоғары айтылады. 3. Поэтикалык реңктер. Асқар деген сөз биік деген сөзге қарағанда поэтикалық стильде көбірек ұшырасады. Қол — әскер сөзіне, мәртебе — атақ сөзіне, қаһарман — кейіпкер сөзіне, шапақ — арай сөзіне қарағанда поэзияда жиі кездеседі. 4. Дөрекілік мәніндегі реңктер. Бір қатардағы синонимдердің біреуі битарап, екіншісі сыпайы, үшіншілері тұрпайы мәнді білдіріп, ала-құла реңк тудырып отырады. Мәселен, сықпыт деген сөздің стильдік мәні бет деген доминант сөзбен салыстырғанда дөрекілеу, шолжың — ерке деген сөзден, шойнақ — ақсақ деген сөзден, азынау — жылау дегеннен белгілі контексте дөрекілеу болып жұмсалады. 5. Кекесін, мысқыл мәңдегі реңктер. Қожаңдау орынсыз кісілік көрсеткеңде, тұштаңдау орынсыз жеңілтектеніп оғаш қимыл көрсеткенде кекесін мәңді білдіреді. 6. Менсінбеушілік, кеміту мәніңдегі реңктер. Бұт артар — көлік орнына, еркек кіндік — ер азамат дегеннің орнына, шүйке бас — әйел дегеннің орнына, шикі өкпе — бала орнына қолданылып кеміту мәніңде айтылады. «Басы қараның бары игі» деген сөз «жоқтан бар жақсы» дегенді білдіріп, көңіл жұбату ретінде айтылады.
Жалпы алғанда, синонимдерге тән мағыналық, стильдік қолданудағы үш түрлі белгі бір-бірінен онша алшақ жатқан бөлекше дүниелер емес, өзара тығыз бірлікте болатын ерекше белгілер ретінде танылады. Сөз мағынасы белгілі тарихи кезеңдегі қалыптасқан лексикалық жүйенің мағыналық қызметінің көрінісі. Тілдегі синонимдік қарым-қатынастар да әрдайым үздіксіз өзгеруде, дамуда болады. Әсіресе сөздің мағыналық жағынан болған өзгерістер синонимдердің арасынан айқын және тез байқалады. Қоғам өміріңдегі әрбір тарихи оқиғалардан кейін бір жағынан кейбір синонимдік қарым-қатынастар бұзылып өзгеріп жатса, екінші жағынан бұрын-соңды тілде өмір-бақи болып көрмеген жаңа синонимдік құбылыстар тасқындап туып жататындығын аңғарамыз. Соңдықтан синонимдер тарихи өзгеріп отыратын семантикалық категория деп танылады. Олай болса, синонимдік қарым-қатынастар негізінен тілдің қазіргі даму қалпынан (синхрония) қаралып, шешілу керек деген ұғым туады. Қазақ тілі — синонимге өте-мөте бай тіл. Синоним кездеспейтін бірде бір сөз табы жоқ. Барлық сөз табынан да синонимдер табылады. Алайда, сан мөлшері жағынан келгеңде әр сөз табының синонимге молшылығы әр қалай. Әрбір сөз табының синонимдік байлығы олардың жалпы санымен ғана өлшеніп қоймайды, бір қатарға топтасқан жеке сөздердің санымен де белгіленеді. Кейбір сөз табы синонимге өте бай (етістік, зат есім, сын есім), екінші бір сөз табының синонимі соншалықты кедей (сан есім) болмаса бір сөз табынан болған синонимдердің саны бір қатарда көп, екінші бір қатарда аз болып келу себебін әр сөз табындағы сөздердің мағыналық, ұғымдық сыр-сипатынан іздестірген жөн. Демек, тілдегі синонимдер барлық сөз табыңда да кездескенімен, бұлар көбіне-көп атауыш сөз таптарында жиірек ұшырасатын мағыналық ұқсастықтар деп түсіну керек. Синонимдер әр сөз табының өз ішіңде де ала-құла. Мәселен, нақты зат есімдерге қарағаңда, абстракт ұғымдағы зат есімдер синонимдерге әлде-қайда бай. Сапалық сын есімдерге қарағанда, қатыстық сын есімдердің синонимдері соншама көп. Үстеулік синонимдердің ішіндегі сан мөлшері жағынан ең молы — сын (бейне) үстеулері мен мезгілдік үстеулер. Ал етістік синонимдердің түр-түрінің көптігі соншалық — оларды мағыналық ерекшеліктеріне қарай жіктеп бөлу қиын екендігін көреміз.
Тілдегі синонимдер әр түрлі жолдармен пайда болады. Қазақ тіліңдегі синонимдердің келіп шығуының мынадай жолдары бар:
Синонимдер көп мағыналы сөздердің есебінен жасалған. Мысалы: көз — жанар — сұқ көз — әйнек; көз — жасу, көз — бұлақ — бастау — қайнар; арту — асу — озу; арту — көбею — молаю; әлді — күшті — мықты — қарулы — әулетті — әндемді; әлді — ауқатты — дәулетті — қуатты — бай; тура — тік — түзу — тіке; тура — дұрыс — жөн; тура — дәл— шақ т. б.
Синонимдер сөзжасам тәсілдері арқылы пайда болған: а) аффикстер арқылы: ауыздық — сулық, жемтік — өлімтік, басшы — жетекші, жемқор — парақор, өнім — түсім, ақылды — есті, маңызды — мәнді, сүтті— құнарлы, қанағатсыз — тойымсыз, берекесіз — құтсыз, — дайынсыз, ажарлау — өңдеу, ұсақтау - майдалау, жоғарылау — ілгерілеу, азайту — кеміту, қоштау — мақұлдау т. б.; ә) біріктіру арқылы: ақсақал — отағасы, еңбекақы - жалақы, қанішер — қанқұйлы — қаныпезер, доғабас — айылбас т. б.; б) қосарлау арқылы: ат-тұрман — ер-тоқым; жоқ-жітік — кедей-кепшік — жарлы-жақыбай; алқын-толқын — аумалы-төкпелі; өліп-өшу — сүйіп-құшу — айналып-толғану, жығылып-сүріну — сүрініп-қабыну, зым-зия — үшты-күйді, іле-шала — әп-сәтте — жалма-жан т. б.; в) тіркесу арқылы: иіс су — иіс май, іш мерез — жылым құрт, көк ет — бауыр ет; г) омонимдер арқылы: тартпа — суырма, тартпа — төс айыл — алдыңғы айыл, табандау — ұятандау, табандау — сіресу — қасарысу —қырсығу — қыңыраю т. б.
3. Синонимдер кірме сөздер арқылы пайда болған:
а) араб сөздері арқылы: халайық (халаик) — халық, жұрт, көпшілік; ақиқат (хәқиқат) — шындық, растық; отан (уәтан) —ел, туған жер; әскер (ғәскәр) — жасақ, қол, шеру, қосын; уәлаят — (уилаят) — өлке, облыс т. б.;
ә) парсы сөздері арқылы; батыр (баһадор) — батыл, ер; дихан (дәһқан) — егінші; шәкірт (шагирд) — оқушы; мейман (меһман) — қонақ; зор (зур) — үлкен, дәу т. б.;
б) монғол сөздері арқылы; аймақ (аймаг) — өңір — атрап — төңірек — маңай жасақ (жасаг) — әскер, қол; дарқан (дархин) — жомарт, мырза, кең пейіл; үдере (өдер) — жедел, тоқтаусыз, жаппай; шешен (сәцен) — ділмәр — сөзшең т. б.;
в) орыс сөздері арқылы: бөтелке (бутылка) — шыны, шөлмек; шен (чин) — атақ, дәреже, лауазым; бишік (бичик) — өгіз қамшы; кір (гиря) — таразы; сома (сумма) — ақша, баға, құн;рет (ряд) —мәртебет. б.
4. Синонимдер диалектизмдердің есебінен жасалған. Диалектілік синонимдер әдеби тілдегі сөздермен мағыналас, мәндес келуіне қарай екі топқа бөлінеді: а) сыртқы тұлғасы (дыбысталуы) бөтен (әдеби тілде кездеспейтін), бірақ әдеби сөзбен мағынасы үйлес келетін сөздер. Мысалы: аданас — аталас,ағайындас; атайман — өте, тым, аса; атымды — құнарлы, шығымды; башалау — салалау, жіктеу, жекелеу; дәйіс — ұятсыз, арсыз т.б.;
ә) сыртқы тұлғасы таныс (әдеби тілде кездесетін), бірақ білдіретін ұғымы басқа сөздер. Мысалы: астана — табалдырық; жар — қабырға; жедел — ерегес, жанжал; көң — қыстау; сым — шалбар; сұлулату — піштіру, кестіру; талап — жұмыс; таға — нағашы; тонау — сонау, анау; ұрпақ — кебек т. б.
5. Синонимдер фразалық тіркестердің себебінен көбейген. Мысалы: ат ұстар — ұл, еркек бала; ауыз бастырық — пара; қара халық-бұқара, еңбекші; қара мал — сиыр; о дүние — махшар; туған жер — отан; ұзын құлақ — сыбыс, өсек; шикі өкпе — бала, нәресте; қоян жүрек — қорқақ, жүрексіз; ала аяқ — қу, зәлім; еті тірі — пысық, ширақ; қолы ашық — береген, мырза; қырғи қабақ — өш, араз; тас бауыр — мейірімсіз, қатал; ат үсті — асығыс, үстіртін; аты шулы — атақты, әйгілі; аяқ астынан — ғайыптан, кенеттен, тосыннан; бір төбе — ерекше, артықша; не бары —барлығы, күллісі; опық жеу — өкіну; насырға шабу — асқыну, қырылысу; көзін жоғалту — құрту, жою; шыр біту — семіру, қоңдану т. б.
6. Синонимдер табу мен эвфемизмдердің есесінен молайған. Мысалы: әулие-шешек, ит құс — қасқыр; жасыл — жай, найзағай; қолды болу — ұрлану, жоғалу; күн байыды — күн батты, кешкірді — көңіл жақын — әуей, тамыр; аяғы ауыр — жүкті, екі қабат; жасы ұяғаю — қартаю; дүние салды — өлді, қайтыс болды т. б.
Қазақ тілінің синонимикасы негізінен өзінің ішкі мүмкін-шіліктері арқылы байыған. Сонымен қатар өзінде жоқты өзге тілдерден ауысып алу нәтижесіңде де кемелдене түскен.
Тілдегі синонимдер үш түрге бөлінеді: а) мағыналық синонимдер,
ә) стильдік синонимдер, б) мағыналық-стильдік синонимдер.
Әрқайсысының өзіне тән мағыналық реңкі бар, стильдік жағынан шектелмейтін, тілдегі барлық салада талғаусыз, жалпылама қолданыла беретін синонимдер мағыналық синонимдер деп аталады. Мысалы: абырой — бедел — қадір, азайту — алу — кеміту — шегеру, батыл — өжет — өткір т. б.
Синонимдерді қолданудың тілімізде мынадай негізгі тәсілдері бар:
Алдыңғы сөйлемде немесе қатар тұрған тексте бір рет пайдаланған сөзді қайталамас үшін қолданылады. Мысалы: Қол тартылар, дария сарқылар, бірақ Күнікейдің күші сарқылмас (Ғ. Мүсірепов). Елді бейбіт, жұртты тыныш етті (I. Жансүгіров). Қаладан қашық тұратын ауылға бәрі қат, бәрі зәру (Ә. Нұрпейісов).
Белгілі бір ұғымды түрлі белгілерімен жан-жақты сипаттап көрсету үшін синонимдер бір-біріне қарсы қойылып та, салыстырылып та, ыңғайластырылып та келе береді. Мысалы: Бет көрсе, жүз ұялады (мақал). Ақтамақ жымиса, ол ыржияды, Ақтамақ мырс етсе, ол тарқылдап күледі (Ғ. Мұстафин). Залдың орта тұсында өңкей ажарлы қыздар, әрлі әйелдер отыр (З. Қабдолов). Жасыл шөбің, жұмсақ көгің Жібек емей немене (С. Сейфуллин).
Белгілі бір ұғымды толық қамтып көрсету мақсатымен, бірнеше синоним қатарма-қатар қолданылады. Мысалы: Жылатушы көп болса, уатушысы, жұбатушысы да мол болған ел сорлы болама? (М. Әуезов). Дәл қасымда үш бастау, қайнар бұлақ бар, соларды пайдаланайық дейміз (Ә. Тәжібаев). Жау әскерін тәжірибелі, әккі генералдар басқарады (Т. Ахтанов). Жақып езіліп, еріп, балқып кеткен сияқты болды (Б. Майлин).
Синонимдерді жекелеп те, кезектестіріп те, жұптап та, топтап та қолданғанымыз сияқты, оларды қосарлап та (қосақтап та) пайдаланамыз. Мысалы: күш-қуат, аман-сау, өніп-өсу, ар-ұят, өткен-кеткен, даусыз-талассыз, қорқытып-үркіту т. б. Екі синоним сөз қосарланып қолданғанда бұлардың білдіретін ұғымының көлемі кеңейеді. Мәселен, үлгі-өнеге деген қос сөз барлық жақсы қасиетті жинақтап тұрған болса, азып-тозу деген қос сөз барлық жетімсіздікті топтастырып тұр.
Тілімізде екі мәндес сөз қатар келіп, алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын күшейтеді. Мұндай сөз қолданысын тіл біліміңде плеоназм немесе плеонастикалық сөз тіркесі деп атайды.
Синонимдерді плеонастикалык тәсілмен жұптап қолдану жекелеп қолданғаннан гөрі әлдеқайда мәнерлі. Мысалы: кең байтақ ел, айдын шалқар көл, қырмызы қызыл жібек, заңғар биік тау, зәулім биік үй, қызыл жоса қан, нән семіз жылқы, жайдары жарқын мінез, құр бекер жүріс, қас дұшпан, жасаған ие, пәни жалған, қыршын жас т. б.
6. Синонимдер жеке сөздер ғана емес, фразалық тіркестерден де жиі ұшырасады. Көңілдегі көрікті ойды сөзбен кестелеп айтып, беруде фразалық тіркестер тілде орасан зор қызмет атқарады. Мәселен: Кеңес Армиясы 1945 жылы неміс басқыншыларын талқандады деген сөйлемдегі талқандады деген сөздің орнына жермен жексен етті, күлін көкке ұшырды десек, сөзіміз тындаушыға әлдеқайда күшті әсер етеді, әрі тартымды да мәнерлі болады.
Синонимдер жеке сөз бен жеке сөз, қос сөз бен қос сөз, фраза мен фраза күйіңде ғана емес, бір-бірімен араласқан күйде де жұмсатады. Мысалы: Гүлнаш апай ақтарылмады, шешіліп сыр шашпады (Т. Әлімқұлов). Жолыққан жанның бәрі де оған ат үсті, асығыс жауап берді (Ж. Жұмақанов). Әй балалық-ай, соған да қайғырады, — деп жұмсақтап, жайып-шуып айлаға көшті («Лен. жас»). Біреуді біреу баса-көктеп, кимелеп барады сатушыға (Ғ. Мұстафин).
Синонимдерді қодданудың тағы бір тәсілі — парафраза. Бұл сөздің мәнісі — жеке сөздің орнына оның түсінігін сипаттап беру. Мәселен, Алматы дегеннің орнына, Казақстанның астанасы, М. Әуезов дегеннің орнына «Абай жолы» романының авторы, Күләш деудің орнына қазақтың бұлбұл әншісі деп қолдануға болады. Парафраза тәсілі бір заттың я құбылыстың белгілі бір қасиетін айрықша атап өткісі келгеңде немесе соған ерекше назар аудартып, ден қойдыру мақсатыңда қолданылады. Кейде бір сөзді қайталамай, ойды түрлендіру мақсатымен де жұмсалады. Мысалы: Күн жиылып ай болды, он екі ай — жыл, жыл жиылып, қартайып қалғаны бұл (Абай). Аппақ көзі тым жіті, алыстан көретін қырағы болатын (Ғ. Сыланов).
Ана тіліміздін синонимге өте-мөте бай әрі соншалықты оралымды да икемді екендігіне осы мысалдардың өзі-ақ толық айғак бола алады.
