- •Мазмұны
- •С.М. Киров атындағы машина жасау зауытының тарихы
- •9.4 Сурет. Сотандардың жұмыс бөліктерінің құрылымы
- •9.5 Сурет . Құрамды сотанның жұмыс бөліктерінің құрылымы
- •9.6 Сурет. Кескіш бөлімдердің тұрлері және олардың бекітілуі
- •9.7 Сурет . Сотандарды бекіту
- •9.8 Сурет. Сотандарды тезауысымды бекіту.
- •Ұяқалыптың жұмыс бөліктерінің құрылымы.
- •1 Нұсқа бойынша сурет 9.10,а,ұяқалыпты ұяқалыпұстатқыштың ұясындағы
- •9.10 Сурет. Ұяқалыптарды бекіту.
- •Суықтай илемдеу Суықтай илемделген қаңылтырлы болатты өндіру.
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................................3
І. С.М.Киров атындағы машина жасау заводының тарихы................................7
II. Бөлу операцияларына арналған суықтай қаңылтырлы қалыптаудың қалып-тары.........................................................................................................................10
2.1 Қалыптарды жүйелеу...................................................................................10
2.2 Ұяқалыптың жұмыс бөліктерінің құрылымы............................................15
III Суықтай илемдеу..............................................................................................20
З.1 Суықтай илемделген қаңылтырлы болатты өндіру..................................20
Қорытынды............................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................27
КІРІСПЕ
Машина жасау саласында металды өңдеудің ең көп тараған түрі ол суық-тай қаңылтыр материалды өңдеу болып табылады. Суықтай қаңылтыр матер-
иалды өңдеу технологиясы басқа металды өңдеу технологияларына қараған-да техникалық жағынан да, экономикалық жағынан да тиімді.
Материалды суықтай қалыптау технологиясы мына жағдайларда тиімді:
Басқа технологиялық әдіспен алуға мүмкін емес немесе өте қиын
болатын күрделі пішінді тетіктерді алуда;
Көп мөлшерде материал жұмсамай берік, қатты әрі массасы жеңіл
құрылымды тетіктерді алуда;
Әрі қарай өңдеуді қажет етпейтін өзара ауыстыру тетіктерін дәлдікпен алуда.
Экономикалық жағынан суықтай қалыптаудың келесідей артықшылық-тары бар:
Материалды тиімді пайдалану мүмкіндігі және қалдықтың аз
мөлшерде болуы;
Механикаландыру және автоматтандыру арқылы жабдықтың
өнімділігін жоғарылату мүмкіндігі;
Массалық шығарылымын төмендету және өндірілетін тетіктің өзіндік құнын арзанданту мүмкіндігі.
Барлық суықтай қалыптау жұмыстары келесі негізгі топтарға бөлінеді: бөлу,
пішін өзгерту, пресстеу және қалып құрастырушы операциялары.
Бөлу операциясы кезінде материалдың жабық немесе жабық емес қарамы бойынша бір бөлігін екіншісінен ажырату. Бұл операцияларға мыналар жатады: кесіп алу, шағу (кесу), тесу, керту, қиып кесу, тазарту.
Пішін өзгеру операциясы кезіңде жазық немесе іші қуыс дайындамадан
керек пішінді материалдың қалыңдығын өзгертпей кеңістікті тетік алынады.
Бұл операцияларға мыналар жатады: ию, кермелеу, түзету, бедерлі қалыптау,
көмкеру, қорамалау, жаншу, кеңейту, жіңішкертіп кермелеу (созып тарту).
Қаңылтырды қалыптауда кермелеу арқылы жазық немесе іші қуыс дайын-
даманы кермелеу қалыптары арқылы бір беті ашық іші қуыс бұйымға айнал-
дырылады. Кермелеудің екі түрі қарастырылған: қыспақтап кермелеу және қыспақсыз кермелеу.
Қаңылтырлы қалыптаудың технологиялық ерекшеліктерінен және пішіндерінен іші қуыс тетіктерді бірнеше негізгі топтарға бөлуге болады:
айналу дененің пішін тетіктері;
қорабты пішін тетіктері;
күрделі пішін тетіктері.
Бірінші топқа цилиндрлі, сатылы, конусты, қисықсызықты пішінді тетіктер, сонымен қатар жергілікті кеңейту (керілу) немесе жаншу тетіктері кіреді. Бұл топ тетіктері ернекпен немесе ернемексіз, жазық немесе фасонды түбімен болуы мүмкін. 33 сурет, а-д ұқсас тетіктердің бірнеше мысалдары көрсетілген.
Күрделі пішінді тетіктер жартылайсимметриялы, тек бір симметрия жазықтығына ие болады (автомобиль кабинасының төбесі және тұғыры, 33 сурет, и) және симметриялы емес (автомобиль қанаты, 33-сурет,к).
33 – сурет Кермелеумен алынатын әртүрлі іші қуыс тетіктер
Тетік пішініне байланысты дайындама кермелеуге немесе кермелеуді қорамалау, ию және жаншу немесе көмкеру операцияларымен қатар жүреді.
Сипаты бойынша деформациялар мынандай болады: 1) қабырғаларын жіңішкертпей кермелеу; 2) жіңішкерумен кермелеу (созып жону). Бірінші жағдайда кермелеу бұйым қабырғасының материал қалыңдығының алдын-ала өзгерусіз жүреді, ал екінші жағдайда кермелеу үрдісі бұйым қабырғасының қалыңдығы және диаметрі кішіреюімен – көлденен қимасының өзгеруі арқылы жүреді. Қабырғаларын жіңішкерусіз кермелеу әртүрлі тетіктерді жасаудың кеңінен тараған әдісі болып келеді, ал қабырғаларының жіңішкеруімен кермелеу негізінен радиатор құбыршаларын, сильфон, гильзалар, автокарандаштарға және автоқаламдарға қақпақтарын қалыптау кезіңде қолданылады.
Кермелеуді қосиінді қос әрекетті және үш әрекетті баспақтарда, қозғалмалы қос әрекетті төмеңгі үстелі бар кулисті баспақтарда, қосиінді жай әрекетті (біржүрісті) пневматикалық немесе гидропневматикалық құрылысты (жастықпен) баспақтарда, сонымен қатар жай және қос әрекетті гидравликалық баспақтарда жүргізеді.
Кермелеудің негізгі жұмыс құрал-сайманы болып (34 - сурет, а) ұяқалып немесе жұмырланған үстіңгі жиегіне а кермеленетін балдақ 1 және жұмырланған төмеңгі жиегінің 6 цилиндрлі сотан 2 болып келеді. Сотан 2 түскен сайын жазық дөңгелекше дайындама 3 сотанмен ұяқалып арқылы итеріліп созылады және іші қуыс цилиндрге 4 айналады (34-сурет, а және в). Бұл құбылыс дайындамадағы – жазық дөңгелекшенің ішінде артық материалдың немесе осылардың сипаттамаларына тән (артықшылық) бұрыштар b, b1 b2, .... bп деп аталатын (34- сурет, б), өйткені диаметрі d және биіктігі h іші қуыс қалпақша пайда болу үшін штихталмаған бөлімдерсіз диаметрі D' дайындама алу керек. артық бұрыштардың пайда болуы кермелеу кезіңде металдың итеріп шығаруылуына және ығысуына әкеп соғады. Бүрмелердің пайда болуы дайындаманың геометриялық арақатынасын анықтау кезіңде тұрақтылығын жоюға металдың кернеулі-деформация күйінің пайда болуына әкеп соғады (34- сурет, а).
Кермелеудің екі әдісі бар.Бірінші әдіс – материалды қыспақсыз кермелеу, ұяқалып және сотаннан тұратын жай кермелеу қалыпты қолдану (34 сурет, а және в). Бұл әдіс бүрмелер тіпті пайда болмаған кезде терең емес ыдыстарды немесе қалың қабырғалы бұйымдарды алу үшін пайдалынады. 34 - сурет, в- да қыспақсыз екінші кермелеу операциясының сүлбесі көрсетілген.
а — қыспақсыз бірінші операцияда кермелеу және бүрмелердің пайда болуы; б — іші қуыс цилиндрді ұңғылау және олардың артық бұрыштары;
в — екінші операцияда кермелеу
34 –сурет. Кермелеу үрдісінің сүлбесі: (d1 — бірінші операциядан кейін іші қуыс дайындама диаметрі; d2— екінші операциядан кейін іші қуыс дайындама диаметрі)
Қыспақ 3 немесе бүрме үстатқышты қолданады, олар материал бүрмелерінің пайда болу мүмкіндігін емес, сотанның қысым арқылы радиалды бағытына қарай орын ауыстыруын қамтамасыз етеді. 35 - сурет, а жазық дайындамадан – дөңгелекшеден қыспақпен бірінші кермелеу операциялары көрсетілген; 35 сурет, б – алдын-ала созылған қалпақшаның екінші кермелеу операциясы көрсетілген.
Кермелеу кезіңде кернеулі-деформация күйі. Кермелеу кезіңде диаметрі D жазық дайындама (36 -сурет), кермелеу кезіңде орын ауыстыра отырып, өзінің бірқатар орындарын алады және өлшемдерін өзгертеді. Сонымен қатар, деформацияланған дайындаманың материалы әртүрлі бөлімдеріңде әртүрлі шартарында болады. Материалды жіңішкерусіз қыспақпен және дайындама қалыңдығынан үлкен саңылаулы кермелеу жағдайы үшін келесі кернеулі-деформация күйінің сүлбесін алуға болады (34 - сурет).
1. Жартылай іші қуыс цилиндр түбі - қалпақша (а элементі) кеңістікті-кернеулі және көлемді-деформация күйінде болады. Сол кезде металдың деформациялануы – түб жазықтығының екіжақты біркелкі созылуы және бірініш операциясында өстік жаншуы барлық 1—3% құрайды, бірақ мұны ескермеуге болады.
2. Көпоперациялы кермелеу үрдісі кезіңде екінші, үшінші операциядан кейін түбір қалыңдығы жіңішкереді; түбтің жіңішкеру қарқындылығы кішкене жаншу деформациясына сәйкес болады, ол негізінен жездерде байқалады (болаттармен салыстырғанда).
Ұяқалып және сотан арасыңдағы саңылауда тұратын іші қуыс цилиндрдің бөлігі (b элементі) сызықты-кернеулі және жазық-деформация күйінде тұрады деп айтуға болады.
Бұйымның түбі жағынан жұмырлауы (с элементі) кезіңде металда осы жерде қабырғаларының созылуына және жіңішкеруіне әкелетін, екіөсті созылатын және бірөсті жаншылатын кернеулер пайда болады. Осының нәтижесіңде дененің көлденен қимасы сондай берік емес және бұйымның қабырғасынан түбінің үзіліп кету көзқарасынан ең қауіпті болып келеді.
а — кермелеудің бірінші операциясы; б — кермелеудің екінші және ары қарай операциялары
35 – сурет. Материалды қыспақпен кермелеу
3.Ұяқалыптың жұмыс жиектерінің жұмырлауына кететін бөлігі (d элементі) біруақытта қеңістікті июін, ең үлкен радиалды созуды және кішкене тангенциалды жаншуымен сипатталатын күрделі деформация қамтамасыз етеді.
4.Қыспақ балдақ астында жатқан дайындама бөлігі (е элементі), көлем-кернеулі және көлем-деформациялы күйде болады. Бірақ қатты қысу кезіңде ε2 = 0 тең алуға болады. Дайындаманың ернемек кеңістіктеріңде радиалды-созылатын σ1 және тангенциалды-жаншылатын σ3 кернеулер пайда болады, ал перпендикулярлы бағытта - өстік жаншылатын кернеулер σ2, негізі σ2 аз мөлшерде болғандықтан іс жүзіңде оны ескермейді (ернемекте нақты сына қималары пайда болған кезде σ2 = 0).
