Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сабақ жоспары-3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
16.85 Mб
Скачать

Х тарау. Сарқылмас қазына.

115. Тақырыбы: Бесік жыры. («Бесік жыры» кітабынан)

Мақсаты: Оқушыларға қазақ салт-дәстүрі және атадан келе жатқан ауыз әдебиетінің бір түрі бесік жыры жайлы түсінік беру, мәнерлеп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру; ананы қадірлеу, сыйлауға, салт-дәстүрді жалғастыра білуге тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, мәнерлеп оқу,әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа даярлық. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Мақсат қою кезеңі. Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.Қазақ ауыз әдебиетіне қандай шығармалар жатады? 1,2 кластарда осы жайлы қандай тақырыптар өтіп едік? («Атадан қалған асыл мұра» атты бөлімнен: ертегілер,жырлар, аңыздар, мысалдар, жұмбақ, мақал-мәтелдер, шешен сөздер, асыл көркем сөздер, ...)

ІІІ. Жаңа сабақ: кіріспе. Қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша жас туылған баласын бесікке салған. Таза, әрі жайлы болады деп есептеген. Ұрпағын дәріптеген қазақ, жас баласын бес жасқа дейін атасындай (құдайындай) сыйлап, тек демей өсірген. Сонда , балапанын мәпелеген ана, баласын бесік жырын айту арқылы жұбатқан. 2. Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқу. Әр шумағын талдау. Не жайлы айтылған? деген сұраққа жауап беру. Сергіту сәті:

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Анасы баласын қалай жұбатқан? Жақсы көру сезімін қалай жеткізген? Анасы баласына деген тілегін қай жолдарда айтады? Баласының үлкейіп, адам болуын армандаған шумақтардан не байқадың? Анасы баласының кім болғанын қалайды? Сенің кім болғың келеді? Санамалап дәптеріңе жазып ал. (жылқышы, батыр, ұста, шешен, балуан, ғалым)

ҮІІ. Бекіту. Бүгінгі сабақта не жайлы білдік? Өлең неге «Бесік жыры» деп аталған? «Көп қиыннан өтерсің» дегенді қалай түсінесің? Қазақ баланың тұсауын кескен. Ол жайлы не білесің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: мәнерлеп оқу, өзіңе ұнаған шумағын жаттап ал, мазмұнын әңгімеле. 2.бағалау.

116. Тақырыбы: Төрт түлік туралы жырлар.

Мақсаты: Төрт түліктің төлдері құлын, ботақан, қошақан, бұзауқан өлеңдері туралы түсінік беру; шапшаң мәнерлеп оқуға дағдыландыру; тілін сөздік қорларын дамыту.Төрт түлікті күте білуге тәрбиелеу.

Түрі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау,әңгімелеу. Көрнекілігі: төрт түлік суреті.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өлеңді мәнерлеп оқу, жатқа айту. Анасы баласын қалай жұбатқан? Жақсы көру сезімін қалай жеткізген? Анасы баласына деген тілегін қай жолдарда айтады? Баласының үлкейіп, адам болуын армандаған шумақтардан не байқадың? Анасы баласының кім болғанын қалайды? Санамалап айтып көрші? Сенің кім болғың келеді?

ІІІ. Білімдерін тексеру: «Көп қиыннан өтерсің» дегенді қалай түсінесің? Қазақ баланың тұсауын кескен. Оның неше түрі бар? Ол жайлы не білесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Кіріспе әңгіме төрт түлік туралы. Қандай үй жануарларын білесіңдер? Пайдасы қандай?

Ү. Жаңа сабақ. Торы құлын, сиыр, қой, ешкі жайлы өлеңді оқу, талдау, суретін көрсету, таныстыру.Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу, тізбектей оқу, қайталанып тұрған сөздерді табу. Қимыл-әрекетін білдірген сөзді табу. Сөздік жұмыс: (жағы-қалақтай, оқыра, сәйгел, мөңкіген, жөңкіген, қақтаған, қалақтай, бұлақтай, жасқаған) мағынасын талдау. Түйенің, қойдың, ешкінің, сиырдың төлін қалай атайды? Сүтін ше? Пайдасы қандай?

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Өлеңде қандай төлдер жырланған? Қылықтары туралы не дейді? Төлдерді қалай шақырады?

Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер.

  1. Мал өсірсең қой өсір

Өнімі оның көл көсір.

Қойдың сүті қорғасын

Қойды ұрған оңбасын

  1. Нар жолында жүк қалмас.

  2. Бақырауық демесің,

Бағалы көлік түйе

Жұмбақ шешу:

Иір-иір денесі

Сахараның кемесі

Ашы шөптер тамағы

Шөлге шыдап бағады (түйе)

ҮІІ. Бекіту: Өлеңде қандай төлдер жырланған? Қылықтары туралы не дейді? Төлдерді қалай шақырады? Төрт түлікті қалай күтеміз? Төрт түліктің пайдасы?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1.Ұнаған өлеңді жаттау, суреттерін салу. 2.бағалау.

117. Тақырыбы: Ертегілер. Ажалдан құтқарған асыл сөз

Мақсаты: Оқушылардың ертегіні түсініп оқып,өз сөздерімен әңгімелей білуге,ондағы кейіпкерлерге баға беруге, өзіндік пікір айтуға үйрету, сөздік қорын байыту, қиялын дамыту, дүниетанымын кеңейту, оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, ойлап сөйлеуге тәрбиелеу.

Түрі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау,әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Балалардың өзіне ұнаған шумақтарын жатқа сұрау. Өлеңде қандай төлдер туралы жырланған? Қылықтары туралы не дейді? Төлдерді қалай шақырады? Төрт түлікті қалай күтеміз? Төрт түліктің пайдасы?

ІІІ. Өткенді қорыту: Өздерің салған суреттерің жайлы әңгімелеп беріңдер? Неге салдың? Ол төл саған неге ұнайды? Несімен? Төлдер жайлы қандай жұмбақтар білесің? (Кішкентай ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар.(қой). Иір-иір денесі, сахараның кемесі. Ащы шөптер-тамағы, шөлге шыдап бағады. (түйе) т.с.с.)

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық. Ертегі қандай әдебиет түріне жатады? Оның қандай түрлері болады?

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Ертегіні түсініп, жалғастырып оқу. Ертегі кімдер жайлы? Кейіпкерлерін ата. Мәтіннен қойшының жауаптарын теріп оқы. Сөздеріне мән бер. Қойшыны ажалдан құтқарған не? Ол қандай хикая айтып берді? Мәтін неліктен «Ажалдан құтқарған асыл сөз» деп аталған? Басқаша қалай атауға болады?

Сергіту сәті: ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Мәтінді төмендегідей бөліктерге бөліп, шегін тауып оқы және әңгімеле.

  1. Шөл қысқан хан шеруі (Ерте кезде бір хан шеру ...)

  2. Қойшы мен шабармандар (Шапқыншылар адырдың ...)

  3. Ханның әмірі ( Шақыртқанда неге келмейсің, ...)

  4. Сұңқар мен шөже торғай хикаясы ( - Тақсыр, хан, дат! – дейді. ...)

  5. Ханның сөзден жеңілуі (Хан райынан қайтып, қойшыны ...)

ҮІІ. Бекіту: Бүгінгі сабақта біз не істедік? Кімдер жайлы әңгімеледік? Саған ертегі ұнады ма? Несімен? ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, әңгімелеу. 2.бағалау

118. Тақырыбы: Алтын балта

Мақсаты: Оқушылардың ертегіні түсініп оқып, өз сөздерімен әңгімелей білуге, ондағы кейіпкерлерге баға беруге, өзіндік пікір айтуға үйрету; сөздік қорын байыту, қиялын дамыту; дүниетанымын кеңейту, оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, қанағатшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, іздену,әңгімелеу. Көрнекілігі: суреттер,сызба

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қанағат, нысап деген сөздер жайлы естігенің бар ма? Олар жайлы не білесің?

ІІІ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Ертегіні түсініп, жалғастырып оқу. Ертегі кімдер жайлы? Кейіпкерлерін ата. Неліктен «Алтын балта» деп атаған деп ойлайсың? Ертегідегі жасыл түспен ерекшеленген сөздерді теріп оқы. Бұл сөздер қай кейіпкерге қатысты? Сипаттап айт. Қара түспен ерекшеленген сөздерді теріп оқы. Бұл сөздер қай кейіпкерге қатысты? Сипаттап айт.

ІҮ. Түсінгендерін тексеру: Ертегіден көңіліңе не түйдің? Кедей кімнен балта алды? Не істеді? Балтаға не болды? Кедей диірменшіден не деп жалынды? Диірменші не істеді? Диірменші кедейге қандай жан екенсің деді? (дүниеқоңыз емес, ақ пейіл, адал жан екенсің) . Ал, байға не деді? ( Қоя тұр, құлқыны тоймаған қу неме!)

Ү. Бекіту: Бүгінгі сабақтан не білдік? Қанағатшылдық, нысап деген не екен? Берілген күн сәулелерін ертегі кейіпкерлерімен ата.(Кедей, диірменші, бай). Күннің әрбір сәулесін қандай бояумен бояр едің? Неге?

ҮІ. Үйге тапсырма: оқып, түсінгенін әңгімелеу. 2. бағалау.

119. Тақырыбы: Құмырсқаның қанағаты

Мақсаты: Оқушылардың ертегіні түсініп оқып, өз сөздерімен әңгімелей білуге, ондағы кейіпкерлерге баға беруге, өзіндік пікір айтуға үйрету, сөздік қорын байыту, қиялын дамыту, дүниетанымын кеңейту, оқушыларды нысапшылдыққа, ойлап сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Құмырсқа суреті

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Ертегі кімдер жайлы? Кейіпкерлерін ата. Неліктен «Алтын балта» деп атаған деп ойлайсың? Кедей кімнен балта алды? Не істеді? Балтаға не болды? Кедей диірменшіден не деп жалынды? Диірменші не істеді?

ІІІ. Өткенді қорыту: Қорыта келгенде, диірменші кедейге қандай жан екенсің деді? (дүниеқоңыз емес, ақ пейіл, адал жан екенсің) . Ал, байға не деді? ( Қоя тұр, құлқыны тоймаған қу неме!). Ертегіден көңіліңе не түйдің? Сенің пікірің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық. Қалай ойлайсың, құмырсқа қандай жәндік?

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Ертегіні түсініп, жалғастырып оқу. Ертегі кім және не жайлы? Кейіпкерлерін ата. (ғалым, құмырсқа) Олай болса, оқыған ертегіні пайдаланып, құмырсқаны сипатта. (нысапты). Ғалым қандай адам еді? Ғалым құмырсқаға қандай сұрақ қойды? Құмырсқа не деп жауап берді? Жауабын тыңдаған ғалым не деді? (Ақылың мен қайратың көп екен. Енді қанағатың қандай екенін білейін, ...) Сені қоршаған адамдардың арасында осындай мінез-сипаттағы адамдар бар ма? Оларға сенің көзқарасың?

ҮІ Сабақты қорыту: Қорыта келгенде, қалай ойлайсың, құмырсқа қандай жәндік? Неге құмырсқа дәнді жеп бітірмеді? Оның бір жылдан кейінгі жағдайы қандай болды? Неге бидайды тауыспапты? Құмырсқаның жауабы? Бұл жауаптан қандай шешімге келуге болады? Сенің бойыңда осы аталған мінез сипаттары бар ма? Тағы қандай жақсы мінездерің бар? Жаман қылығың бар ма?

Сабақты бекіту: Бүгінгі сабақтан не білдік? Құмырсқадан нені үйрендік?

ҮІІ. Үйге тапсырма: Оқу, әңгімелеу 2.бағалау

120 . Тақырыбы: Қарлығаштың құйрығы неге айыр.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ертегіні түсініп оқып, өз сөздерімен әңгімелей білуге, ондағы кейіпкерлерге баға беруге, өзіндік пікір айтуға үйрету; сөздік қорын байыту, қиялын дамыту; дүниетанымын кеңейту, оқушыларды қайырымдылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіріп, әңгімелеу. Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Ертегі не жайлы еді? Ғалым қандай адам? Ғалым құмырсқаға қандай сұрақ қойды? Құмырсқа не деп жауап берді? Жауабын тыңдаған ғалым не деді? Неге құмырсқа дәнді жеп бітірмеді? Оның бір жылдан кейінгі жағдайы қандай болды? Неге бидайды тауыспапты? Құмырсқаның жауабы?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Құмырсқа қандай жәндік? Өз сөзіңмен құмырсқаны сипаттап көр. Өз басыңа құмырсқадан қандай үлгі алдың?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық . 3.Қандай құстарды білесің? Қарлығаш қандай құс?

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Ертегіні түсініп, жалғастырып оқу. Ертегі не жайлы? Кейіпкерлерін ата. (Айдаһар, Түлкі, Маса, Қарлығаш). Ауруға ұшыраған Айдаһардың хәлін суреттеген жерді мәтіннен тауып оқы. Түлкінің қандай өнері бар еді? Масаның зұлымдығын көрсеткен тұсты оқы. Маса қандай жануарлардың қанын татты? Неге баланың қанын сорды? Қарлығаш нені аңсаған құс еді?

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Маса, Қарлығаш, Айдаһар – үшеуінің айқасқан көрінісін қарасөзбен әңгімеле. Осы мәтін бойынша суретті фильм жасап көр. Берілген суреттерді пайдалан. Тағы қандай суреттер жетпейді? (баланың, үшеуінің айқасының т.б.)

ҮІІ. Қорытындылау: Бүгінгі сабақтан не білдік? Қарлығаш қандай құс? Ол адамға кім? Саған суретті фильм ұнады ма?

ҮІІІ. Үйге тапсырма : ертегіні оқу, мазмұнын айту. Бағалау.

121. Тақырыбы: Қарлығаш пен Шөже торғай (мысал)

Мақсаты: Оқушылардың мысалды түсініп оқып, өз сөздерімен әңгімелей білуге, ондағы кейіпкерлерге мінездеме беруге, өзіндік пікір айтуға үйрету; сөздік қорын байыту, қиялын дамыту; дүниетанымын кеңейту, оқушыларды ұстамдылыққа, сабырлыққа, өзін-өз түсіне, жақсы мен жаманды ажырата білуге тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: . Ертегі не жайлы? Кейіпкерлерін ата. Ауруға ұшыраған Айдаһардың халі қандай еді? Түлкінің қандай өнері бар еді? Масаның мінезі қандай? Маса қандай жануарлардың қанын татты? Неге баланың қанын сорды? Қарлығаш нені аңсаған құс еді? Ол адам баласы үшін қандай күреске түсті? Ол адамға кім деп ойлайсың?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Достық туралы қандай мақал-мәтел білесің? Достық

- ардың ісі. (Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды. Дос жылатып айтар, Дұшпан күлдіріп айтар.)

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. 3.Ұстамды, шыдамды адам деп қандай адамдарды айтамыз? Саған ондай адамдар ұнай ма?

ҮІ.Жаңа сабақ: оқулықпен жұмыс. Мысалды жалғастырып, түсініп оқу. Шөже мен Қарлығаштың әңгімесін мәтіннен тауып оқы. Шөже Қарлығаштан не сұрағысы келді? Қарлығаш оның сұрағына қалай жауап берді? Шөже торғайға өзінің мінезі өзіне ұнай ма екен?

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Мәтінді рөлге бөліп оқу. Шөже торғайға қандай мінездеме бересің? Қарлығашқа ше? Қалай ойлайсың, осындай мінезді адамдар болама? Жеңілтек мінезден пайда бар ма?

ҮІІ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақтан не білдік? Қандай мінез болған жақсы екен? Неге мысал деп аталған деп ойлайсың? Өзіңе не алдың?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: мысалды түсініп оқу, әңгімелеу. Бағалау.

122. Тақырыбы: Мазмұндама «Балаларын шомылдырған аю»

Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.

Түрі:жазбаша бақылау.Әдісі: қорыту

Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;

ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).

Күн өте ыстық еді. Аңшы өзен бойымен жағалап бара жатты. Ағаш арасынан бір нәрсе салдыр- гүлдір етті. Аңшы қорқып, ағаш басына шықты. Қараса, аю келе жатыр екен. Жанында екі қонжығы бар. Балалары енесіне еркелеп келеді. Аю өзеннің жанына келіп, балаларының біреуін жауырынынан тістеді де, суға сүңгітіп алды. Қонжық аяқтарын тырбаңдатып жұлқынады, барылдап бақырады. Бірақ енесі оны босатпады, тағы бір-екі рет суға сүңгітіп алды. Мұны көрген екінші баласы орманға қарай қаша жөнелді. Бірақ енесі мұны ұстап алып, суға сүңгітіп шығарды. Салқын суға шомылып шыққаннан кейін, аюдың балалары сергіп кетті. Олар қатты-қатты сілкінді де, енелерімен бірге орманға кірді. Аңшы балаларын тәрбиелеп жүрген аюға қызыға қарады.

Мазмұндау жоспары:

1.Аңшы қайда келе жатыр еді? 2. Аю балаларын қалай шомылдырды? 3.Суға шомылған қонжықтардың көңіл-күйі қандай болды? 4.Аңшы неге қызықты?

ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық? Аю балаларын қалай шомылдырады екен? Сен шомылғанда не істейсің?

Ү. Үйге тапсырма: Өткенді қайталау.

123. Тақырыбы: Аңыздар. Тамақтың иісі мен ақшаның сылдыры.

Мақсаты: Оқушылардың аңызды түсініп оқып, Қожанасыр хикаяларымен таныстыру, өз сөздерімен әңгімелей білуге, ондағы кейіпкерлерге мінездеме беруге, өзіндік пікір айтуға үйрету; сөздік қорын байыту, қиялын дамыту; оқушыларды әділеттілікке, жақсы мен жаманды ажырата білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу. Көрнекілігі: оқулық, сурет

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Өткенді сұрау: Мысал дегеніміз не? (Мысал ауызша жеткен халық шығармаларының бірі. ...) . Шөже мен Қарлығаштың әңгімесінде не жайлы айтылады. Шөже Қарлығаштан не сұрағысы келді? Қарлығаш оның сұрағына қалай жауап берді? Шөже торғайға өзінің мінезі өзіне ұнай ма екен?

ІІІ. Өткенді пысықтау: Осы мысал әңгімеден қандай үлгі алдың? Өмірде қандай адам болған дұрыс деп санайсың? (сабырлы, байсалды, ұстамды, жақсы мен жаманды ажырата білетін салмақты адам болу. ...)

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық .Аңыз дегеніміз не? (Өмірде болған адам басына құрылған әңгімені аңыз дейміз)

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс: Аңызды түсініп, жалғастырып оқу. Аңыз не жайлы екен? Қожанасыр қайда келді? Ол не көрді? Бай неге кедейді ұрды? Қожанасыр кедейді таяқтан қалай құтқарды? Қожанасыр не істеді? Байдың борышы қалай қайтты? Бай жеңілді ме, әлде жеңді ме? Сенің ойың?

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Суретпен жұмыс: Суретке зер сал. Суретке қарап аңызды әңгімеле. Суретте аңыз әңгіменің қай мезгілі суреттелген?

ҮІІ. Қорыту: Бүгінгі сабақта не жайлы әңгімеледік? Әділеттілік деген не? Жақсы мен жаманды ажырата білу деген ше? Мұндағы жақсы қайсы, жаман қайсы?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Оқу, әңгімелеу. Бағалау

124. Сабақтың тақырыбы: Алдардың айласы (аңыз)

Мақсаты: Оқушылардың аңызды түсініп оқып, Алдардың хикаяларымен таныстыру, өз сөздерімен әңгімелей білуге, ондағы кейіпкерлерге мінездеме беруге, өзіндік пікірін айтуға үйрету; сөздік қорын байыту, қиялын дамыту; оқушыларды ақылдылыққа, қиыннан жол табуға баулу.

Көрнекілігі: суреттер. Әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Аңыз не жайлы екен? Қожанасыр қайда келді? Ол не көрді? Бай неге кедейді ұрды? Қожанасыр кедейді таяқтан қалай құтқарды? Қожанасыр не істеді? Байдың борышы қалай қайтты? Бай жеңілді ме?

ІІІ. Пысықтау: Бай неге кедейді кінәлады? Кедейдің кінәсі бар ма еді? Қожанасыр не істеді? Байдың істегені дұрыс па? Әділетті болу дегенді қалай түсінесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Алдаркөсе жайлы қандай аңыздар әңгімелер білесің? Сенің ойыңша Алдаркөсе қандай адам?

Ү. Жаңа сабақ: Аңызды түсініп оқу. Қасқыр хан қандай адам еді? Оның ойына не түсті? Кімді шақыртты? Алдар болса оған қандай әңгіме айтып берді? Сөйтіп, Қасқыр хан әңгімеден жеңілді ме? Жеңілген Қасқыр хан Алдарға не істеді?

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Алдар көсе қандай кейіпкер деп ойлайсың? Аңызды өз сөзіңмен әңгімелеп көр.

ҮІІ. Қорыту: Бүгінгі сабақтан не білдік? Саған не ұнады? Алдардың тапқырлығы неде?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Оқу, мазмұнын айту. Бағалау.

125. Сабақтың тақырыбы: Жиреншенің баласы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Жиренше шешен мен Әз Жәнібек жайлы айта келіп, қазақ халқының өмірімен таныстыру, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; елінің тарихын, өткенін сыйлауға тәрбиелеу;

Сабақтың типі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіріп, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Қасқыр хан қандай адам еді? Оның ойына не түсті? Кімді шақыртты? Алдар болса оған қандай әңгіме айтып берді? Сөйтіп, Қасқыр хан Алдардан қалай жеңілді ? Жеңілген Қасқыр хан Алдарға не істеді?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Алдаркөсе жайлы тағы қандай әңгіме оқыдың?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық . Жиренше шешен жайлы не білесің?

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Мәтіннен Әз Жәнібектің және Жиренше шешеннің сөзін тауып оқы. Шешеннің баласы қандай ақылдылық көрсетті? Ол әкесінің айтқанын орындады ма? Шешеннің баласы қандай тапқырлық көрсетті? Әз Жәнібек шешеннің баласына қандай құрмет көрсетті?

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: «Жақсыдан жаман туар ма?» дегенді қалай түсінесің? Халықта тағы қандай сөз бар? ( Шешеннің сөзі- мерген, Шебердің көзі – мерген; Асыл тастан шығар, Өнер жастан шығар; Ұстаздан шәкірт озар; ...).Оны қалай түсінесің?

Таудан аққан тас бұлақ

Құймай қоймас теңізге.

Жақсы әкеден туған ұл,

Қанша жаман десең де,

Тартпай қалмас негізге,-

ҮІІ. Қорытындылау: Бүгін қандай тақырып өттік? Ондағы оқиға арқылы өз пікіріңді дәлелде. ҮІІІ. Үйге тапсырма : мәтінді оқу, мазмұнын айту. Бағалау.

126. Тақырыбы: Әке мен бала.

Мақсаты:. Оқушыларды түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; үлкенді сыйлауға, тыңдай білуге тәрбиелеу. Түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Әз Жәнібек пен Жиренше шешен не жайлы әңгімелесті. Шешеннің баласы қандай ақылдылық көрсетті? Ол әкесінің айтқанын орындады ма? Шешеннің баласы қандай тапқырлық көрсетті? Әз Жәнібек шешеннің баласына қандай құрмет көрсетті?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: «Жақсыдан жаман туар ма?» дегенді қалай түсінесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. 3. Сенің әкең саған қандай ақыл айтады? Сен оны тыңдайсың ба?

Ү.Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу. Әкесі баласына қандай ақыл айтты? Баласы әкесінің тілін алды ма? Әкесі оған қандай мақал айтты? Сен ол мақалды қалай түсінесің?

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Мәтіндегі нақыл сөзді тауып оқы. «Білгеннің тілін алмасаң, білместігің көрінер». Мәтіннің осы нақыл сөзге құрылғанын дәлелде.

ҮІІ.Қорыту: Бүгінгі сабақтан не білдік? Қандай шешен сөздер білесің? ( Көп білсең де, Көптен артық білмейсің; Тәрбие- тәлімнен; Бала, баланың ісі шала; ...)

ҮІІІ. Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу, әңгімелеу. Бағалау.

127. Тақырыбы: Шешендік сөздер. Абылай хан

(Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы)

Мақсаты: 1. Оқушыларға сөз шебері жас бала Жақсы Жанайдар, Абылай хан және Бұхар хан жайлы айта отырып, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; шыншылдыққа,батылдыққа және сөз мағынасының астарын таба білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,іздену.

Көрнекілігі: Абылай хан суреті.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: «Әке мен бала» әңгімесінде әкесі баласына қандай ақыл айтты? Баласы әкесінің тілін алды ма? Әкесі оған қандай мақал айтты?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: «Әке балаға сыншы» дегенді қалай түсінесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. 3. Абылай хан туралы не білесің? Оның суретіне қарап мінездеме беріп көрші? Ол қандай адам деп ойлайсың?

Ү. Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу. Жанайдар қай заманда өмір сүрген? Бұхар ханы Абылайға не үшін елші жіберген? Абылай Бұхар ханның сөзінің мәнісін түсіндіріп беруді кімге тапсырды? (Күлік Жәнке батыр биге кісі жіберген. Жәнке батыр оған , он төрт жастағы Күнту баласы Жанайдарды жібереді.) Сол сөздің мәнісі не екен? (тұз). Абылай Бұхар ханның өтінішін қалай орындады? Бұхар ханы қырық биге қандай қандай сұрақ берді? Олардың жауабына Бұхар ханның риза болмағанын қайдан байқадың? Жанайдар Абылайды неліктен Бұхар ханынан артық деп бағалады? Абылайдың отырған жерін неге артық деді? Бұхар ханы бала жауабына риза болғанын неден байқадың? (қырық биге сыйлағаны жалғыз балаға бергеніне тең болыпты)

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Мәтін неге «Абылай хан» деп аталған? «Май қатығы не?» деген жұмбақты Жанайдардың шешкен жауабын тауып оқы, жаттап ал. Басқа да жұмбақтарды тап, мағынасына мән бер.

ҮІІ. Қорыту:Бүгінгі сабақтан кімдер жайлы білдік? Жанайдарды неге үйге отырғызбайды екен? Сендер өздеріңе қандай әсер алдыңдар? Сендердің араларыңда осындай балалар бар ма? ҮІІІ. Үйге тапсырма: .Мәтінді оқы, түсінгеніңді әңгімеле. Бағалау

128. Сабақтың тақырыбы: Шығарма «Жақсы Жанайдар»

Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, өзне таныс мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.

Түрі: жазбаша өздік жұмыс. Әдісі: қорыту

Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар, сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;

ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің тақырып бойынша оқушы ойын қорытуға көмектесуі. Оның басы, негізгі бөлімі, соңын анықтау. Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).

Мазмұндау жоспары:

1.Жанайдар кім, ол қай кезде өмір сүрген? 2.Оның шешендік өнері, қандай мәселелерді ол шешті? 3.Бала қалай « Жақсы Жанайдар» атанған? 4.«Таудай талап бергенше, бармақтай бақ бер» деген не?

Оқушының жазба жұмысты өздігінен орындауы.

ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Кім жайлы жаздық? Жанайдардың тапқырлығы саған ұнай ма? Өзіңе қандай әсер алдың?

Ү. Үйге тапсырма: Өткенді қайталау.

129. Сабақтың тақырыбы: Төле бидің төрелігі

Мақсаты: Оқушыларды қазақтың төбе биі Төле бидің балалық шағымен таныстырып, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойлану, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; батылдыққа, адалдыққа, әділеттікке тәрбиелеу

Көрнекілігі:Суреттер,дидактикалық материалдар.Әдісі:сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. 3. Қазақ халқының атақты үш арысы кімдер? ( Төле би, Қазбек би, Әйтеке би). 2 класта олар жайлы не біліп едік? Есіңе түсір.

ІІІ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Мәтіннен Төле бидің сөзін тауып оқып, оның мағынасын түсіндір. Талас кімдердің арасында болды? (үйсін мен арғын). Екі жақтың билері бас қосқан кеңеске кім бірге келген? Бала Төле неше жаста еді? Он бес жасар бала Төле көңілі толмай не деді?

- Атақты ақ деп бағалар,

О, игі жақсы, ағалар.

Өзегі талса, ел біткен,

Өзен бойын жағалар, - деп, сөз бастай бергенде кім оның сөзіне қарсы үн қатты? Төрдегі би қандай мақал айтты? («Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып, қыз сөйлегеннен без»). Сен осы мақалды қалай түсінесің? Бала Төленің билігінің дұрыстығын білген Төрдегі би не деді? (Балам, ағалық билікті саған бердім,- деді.) Төле би қандай төрелік білдірді? (Шу өзенінің оң жағын үйсін, сол жағын арғын жайласын, - деп, билік айтты.). Төрдегі би бала Төлеге қандай бата берді?

  • «Үй баласы ма деп едім,

Ел баласы екенсің,

Ақ маңдайлы арысым.

Талабың алдан өтелсін.

Ауылыңның таңы бол,

Маңдайдағы бағы бол!- » деп бала Төлеге бата берген екен.

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау: Үлкен бидің Төле биге берген батасын оқып, мәнісін түсіндір. Саған осы әңгімеден не ұнады?

Ү.Қорыту: Бүгінгі сабақтан не білдік? Төле би қандай адам? БалаТөлеге ұқсағың келеді ме? ҮІ. Үйге тапсырма: Оқу, мазмұнын айту. Бағалау.

130. Сабақтың тақырыбы: Қазбек бидің толғауы

Мақсаты: Оқушыларды қазақтың Қазбек биі даналығымен таныстырып, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; батылдыққа, адалдыққа, әділеттікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,іздену.Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір-біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылымында үйсін мен арғын тайпаларының белгілі бектері таласыпты. Осы екі жақтың билері бас қосқан кеңеске кім бірге келген еді? Бала Төле неше жаста еді? Он бес жасар бала Төле көңілі толмай не деді? Оған төрде отырған би не деді? Төленің сөзі орынды болғанын білген Төре би қандай бата берді?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Қалай ойлайсың, сендердің араларыңда осындай сөзге шешен балалар бар ма? Бар болса, оны қалай байқадың?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. 3. Қазақ халқының атақты үш арысы кімдер? ( Төле би, Қазбек би, Әйтеке би).

Ү. Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу. Бүгінгі сабағымызда қаз дауысты Қазбек би жайлы білеміз. Қазбек би ата орта жүзден шыққан. Бірде Қазбектің аталас ағайындары – Бертіс би мен Тілеуке би мұның ел ішіндегі абыройын көре алмай, жастарының үлкендігін малданып, шақырып алып. Бертіс би:

Ағаңның алдынан шығудан сақтан деп ескертеді. Сонда Қазыбек :

Бір бала бар- Атаға жете туады.

Бір бала бар – Атадан өте туады.

Бір бала бар – Кері кете туады! - деп жауап береді.

Ағайынды екеуі күні бұрын дайындап қойған адамдарына белгі береді. Сабамақ боп жатқанда Қазбектің туған інісі Бөдене келіп арашашы болады. Бөдене екеуіне қылыш жұмсайын дегенде , інісін тоқтатып:

Шырағым, бір қолың ұрысшы болса, екінші қолың арашашы болсын. Ашу- дұшпан, ақыл- дос, ақылыңа ақыл қос. Жауға сілтер қаруыңды еш уақытта жақыныңа сілтеме! - дейді.

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Қазбектің сөзіндегі өлеңнің әр жолының кімге қатысты екендігін түсіндір. Дәптермен жұмыс. Қазбектің інісіне деген тоқтауын жаз.

ҮІІ. Қорыту: Бүгінгі сабақтан кім жайлы білдік? Қазбек би қандай кемеңгерлік көрсетті?

Сен ол кісінің тапқырлығын қалай деп бағалар едің? Өзіңе не алдың?

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі:1. Оқу, үзінді өлеңді жаттау, бағалау

131. Сабақтың тақырыбы. Бала Әйтекенің билігі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақтың Әйтеке биінің балалық шағымен таныстыру; түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; батылдыққа, адалдыққа, әділеттікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру: Сабаққа дайындық: Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Қазбек бидің айтқан сөзін жатқа айту. Қазбек би қандай бала болып өсіп келе жатыр еді? Оған кім күш көрсетті? Оны байқап қалған кім еді? Ол оларға не жұмсамақ болды? Қазбек би оны қалай тоқтатты.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Үш төбе би туралы не білдік? Әр атаның не айтқанын, қандай ақылды

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық . Әйтеке би туралы 2 кластан не біліп едік? Ол қалай бата беріп еді?

« Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін. Батыр болсаң, жауға найзаң тисін. Әумин

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Мәтіннен бала Әйтекенің сөзін тауып оқу. Мәтіннен Қосуақ бидің Әйтекеге берген бағасы айтылған жолдарды тауып, дауыстап оқу. Мәтіндегі «жолсоқтылау болып» тіркесін басқа сөздермен алмастырып көр.

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Ауылға кімдер келді? Олар неге кепті? Ауыл шетінен оларды кім кездестірді? Олар кімді іздеп келеді екен? Бала Әйтеке оларға қалай амандасты? Жөн сұрасқаннан кейін ол не деді? (- Балаңызды ат босағада тепсе – бүтін құн, жабықта тепсе – жарты құн, түзде тепсе – төрттің бірін аларсыздар.) Қосуақ бидің үйіне келгендерге Ғажабы неде болды? Неге таңқалды? Қосуақ би ол баланы кімнің баласы деп таныстырды? (Байекемнің баласы Әйтеке шығар. Атасы Ақша биге тартып, ай маңдай ұл боп өсіп келеді.Тіл-көзден аман жүрсе, әлі талай әділ сөз айтар кезі алда! – депті.)

ҮІІ. Қорыту: Бүгінгі сабақтан кім жайлы білдік? Әйтеке би балалық шағынан қандай бала болып өсіпті? Сен өзің осы әңгімеден қандай әсер алдың?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Түсініп оқу, әңгімелеу. Бағалау

132. Сабақтың тақырыбы: Әнет баба әңгімелері

Мақсаты: Оқушыларға қазақтың даналық, тапқырлық сөздің иесі болған Әнет баба жайлы айта келе, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; салт-дәстүрін,тарихын құрметтеуге, адалдыққа, әділеттікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бекіту. Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,іздену.

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: «Бала Әйтекенің билігі» әңгімесінде ауылға кімдер келді? Олар неге кепті? Ауыл шетінен оларды кім кездестірді? Олар кімді іздеп келеді екен? Бала Әйтеке оларға қалай амандасты? Жөн сұрасқаннан кейін ол не деді? (-Балаңызды ат босағада тепсе – бүтін құн, жабықта тепсе – жарты құн, түзде тепсе – төрттің бірін аларсыздар) Қосуақ бидің үйіне келгендерге Ғажабы неде болды? Неге таңқалды? Қосуақ би ол баланы кімнің баласы деп таныстырды? (Байекемнің баласы Әйтеке шығар. Атасы

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: «Балаңызды ат босағада тепсе – бүтін құн, жабықта тепсе – жарты құн, түзде тепсе – төрттің бірін аларсыздар » қалай түсінесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. 3. Қалай ойлайсың, осы шешен сөздер, нақыл сөздер, мақал- мәтелдер не үшін керек? Әнет баба туралы естігендерің бар ма? Әкім деген кім?

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Түсініп оқу. Әр азат жолды оқып, өз сөзімен әңгімелеу. Әңгіме түйінін табу. Әнет баба Қазыбек биге қандай өсиет қалдырды? Қазбек «Әкім» сөзін қалай шешті? «Ә» дегені- әділ бол, «К» дегені – күншіл болма, көпшіл бол, «І» дегені – ілтипатты бол, «М» дегені – менмен болма, мейірман бол, - деген.)

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: «Әкім» сөзінің әр әрпіне әдемі сөздер ойластырып жаз. (әсем бол, көңілді бол, ізгілікті бол, мейірімді бол. т.). Әнет бабаның Қазбек биге өсиет айтқысы келмеу себебін түсіндір. ( жасы келіп қартайған, қасынан жан тайған, басынан мал тайған адамнан не кеңес, не өсиет сұрайсың? – деп ...)

ҮІІ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік? Әнет баба неге өсиет айтқысы келмеді? Қазбек би неге кетпей қойды? Ол қандай бата алды? Оның шешуі қандай еді? Мәтіндегі тағылым сөзінің мағыналас қатарын тап. (сабақ, өсиет, үлгі т.с.с.)

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Түсініп оқып, әңгімелеу. Бағалау.

133. Тақырыбы: Мазмұндама «Арыстан мен қозы»

Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.

Түрі: жазбаша бақылау . Әдісі: қорыту

Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;

ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).