- •Бүлдіргенге барғанда
- •Шахтада
- •Жалқау мысық
- •Сурет бойынша әңгіме құрастыр
- •Үі бөлім. Жақсыдан үйрен
- •Іх тарау. Жаздыгүн шілде болғанда
- •Х тарау. Сарқылмас қазына.
- •Арыстан мен қозы
- •3 Сынып. Математика
- •2.Геометриялық фигураларды сызу.
- •Көбейту және бөлу
- •Кез келген сан мен 1-діңкөбейтіндісінің мәні сол санға тең болады.
- •Егер екі көбейткіштің көбейтіндісінің мәнін бір көбейткішке бөлсе, онда басқа көбейткіш шығады?
- •Егер бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлсе, онда бөлгіш шығады.
- •Белгісіз бөлгішті табу үшін, бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлу керек.
- •Есепте:
- •3 Амалдан тұратын жақшасы бар өрнектерде алдымен жақша ішіндегі амалдар орындалады: ретімен көбейту мен бөлу амалдары, содан соң қосу мен азайту амалдары.
- •К 1см2 вадрат сантиметр - аудан бірлігі.
- •Ауызша көбейту және бөлу
- •Жұптық жұмыс. № 5. Кестені толтыр:
- •Ұжыммен. № 1. Кестені толтыр:
- •Жазбаша көбейту және бөлу.
- •V. Өткен материалды бекіту.
- •Дүниетану- 3 класс
- •IV. Мақсатын қою кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •IV. Мақсатын қою кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •IV. Мақсатын қою кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •IV. Мақсатын қою кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •IV. Мақсатын қою кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •IV. Мақсатын қою кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •IV. Мақсатын қою кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •Iiі. Білімді тексеру кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •IV. Мақсатын қою кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •Vі Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •V Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •Vі .Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •Vі. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •Vі. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •Vі. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •Vі. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •Vі . Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •Vі. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •Қағаз қалай жасалады?
- •Vі. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •IV. Сергіту сәті V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •Дайын панно
- •V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •Iiі. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •Iiі. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •Iiі. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •Iiі. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •Iіі. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Сабаннан панно жасау.
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Сымнан құрастыру
- •Vі. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •Vі. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •Vі. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Үі бөлім. Жақсыдан үйрен
№ 60 .Тақырыбы: Баланың айласы. Ыбырай Алтынсарин
Мақсаты: Оқушыларға білімділік,тапқырлық жайында айта келе, мәнерлеп түсініп оқуға үйрету; тілін , сөйлеу мәдениетін, ой өрісін дамыту; үлкенді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : жаңа сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, іздену.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер, сызба
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Алақан» жаттығуы.
Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Берілген сызбаның сол жағындағы мақал-мәтелдерге мән бере отырып, оң жағындағы негізгі ой болатын сөз тіркетерін тұсына жаз.
№ |
Мақал- мәтелдер |
Түйін сөздер |
|
1 |
2 |
1
2 |
Басыңа іс түссе, Жақсы дос көмек етеді, Жаман дос күліп өтеді.
Балапан ұяда не көрсе, Ұшқанда сорны іледі. |
адал достық
тәрбиелі, өнегелі болу.
т.с.с. |
Ү. Жаңа сабақ: 1. Бөлімнің атына мән беріп,тақырыптың мазмұнын аш.
Мақтаншақ үлкенді
Болмауды сыйлау
2.мәтінді түсініп, жалғастырып оқу. 3. Сөздік жұмыс: Төре (төрелік)-бұл жерде: шешім, Әйдік-үлкен. 4. Әңгіменің авторы кім? Ол туралы не білесің? Ғалым не істеді? Неге тасты көтерді? Астынан не шықты? Ол не деді? (Шағамын.) Олар біреуге жүгінелік, төреші болсын деді. Кімдерге, нелерге барды? Төрешілер не деді? (түйе, жеміс ағашы, итке, балаға).
Сергіту сәті.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: 1.Суретпен жұмыс: Берілген сурет әңгімедегі қандай оқиғаны
бейнелейді? Әңгімелеп көр. 2. Топтық жұмыс. Берілген пікірге нақты дәлелдер келтіріңдер.
І топ |
ІІ топ |
Жақсылыққа жамандық бар |
Жақсылыққа тек жақсылық бар |
3.Іздену. Мәтіндегі қызыл бояумен ерекшеленген сөзді оқы. «Жақсылыққа жамандық бар ма?» Осы сұраққа жауап іздеп көр.
ҮІІ .Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Егер сен көшеде келе жатып сандық тауып алсаң, не істер едің? ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, мазмұнын айту. Бағалау.
№ 61. Тақырыбы: Таза бұлақ. Ыбырай Алтынсарин
Мақсаты: Мәтінді түсініп оқуға, автордың ой түйінін таба білуге үйрету, тілін , сөздік қорын дамыту; зеректікке, білімді, ғылымды сүюге тәрбиелеу.
Түрі: талқылау сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, іздену. Көрнекілік: суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін,
назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. « Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.»
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: . Әңгіменің авторы кім? Ол туралы не білесің? Ғалым не істеді? Неге тасты көтерді? Астынан не шықты? Ол не деді? (Шағамын.) Кімдерге, нелерге барды? Төрешілер не деді? (түйе, жеміс ағашы, итке, балаға барды).
ІІІ. Білімдерін тексеру: . «Жақсылыққа жамандық бар ма?» дегенді қалай түсінесің? Сенің пікірің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Берілген суретпен жұмыс. Суреттен не көріп тұрсың? Бұлақтың суреті қандай? Пайдасы бар ма? Бұлақ суының тазалығы нені елестетеді?
Ү. Жаңа сабақ. 1. Кіріспе. Мәтіннің авторы кім? Ол туралы не білесің? 2. Кітаппен жұмыс. а)Мәтінді түсініп оқу. Бұлақтың басындағы қара тасты не депті?)Бұлақты сипаттаған жолдарды тауып оқу. Мәтінде қызыл түспен ерекшеленген жолдарды тауып оқып, мына тапсырмаларға жауап бер.
1. бірінші жолаушының, ... (адал қызмет ет, еш уақытта жалқауланып, тоқталып қалма, мұратыңа жетесің)
2. екінші жолаушының, ... (біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе)
3. үшінші жолаушының,... (көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, көңілің сол сияқты сыртқа ашық көрініп тұрсын )
4. өзіңнің пікіріңді айт. ... ( . . .)
ҮІІ. Түсінгендерін тексеру: Әр жолаушының пікірін қысқаша нақыл сөзбен көркемдеп, дәптеріңе жазып ал. 1. Іздеген мұратына жетер,
Жалқаудың өмірі босқа өтер.
2. Басыңа іс түссе,
Жақсы дос көмек етеді,
Жаман дос күліп өтеді.
3. Адамдықтың белгісі-
Иіліп сәлем бергені.
ҮІІ .Қорыту. Бүгін сабақтан не білдік? Өз пікірің. «Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар.» ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұнын айту.Бағалау.
№ 62. Тақырыбы: Бір кесе меруерт. Шәкәрім Құдайбердіұлы
Сабақтың мақсаты: Түсініп оқуға, жақсы мен жамандықты ажырата білуге үйретіп, танымдық қабілеттерін дамыту; Зеректікке, білімділікке, жақсыдан үлгі алуға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу. Түрі: қайталау.
Көрнекілік: нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін,
назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесі не жайлы? Үш жолаушы қайда кездесті? Олар қара тастан қандай жазу оқыды? ( «Ей, Жолаушы, болсаң, осы таза бұлақтай бол !» Сенің өз ойың?
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Қандай мақал- мәтелдер білесің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Егер сен аш болсаң сабақ оқи аласың ба?
Ү. Жаңа сабақ: Кіріспе: Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы не білеміз? ( Ақын, ойшыл, аудармашы. 1858-1931. «Талаптан да білім мен өнер үйрен »). Кітаппен жұмыс: а) Мәтінді түсініп оқу. б) Сөздік жұмыс: Зор- үлкен,аумақты, ұзақ. Ділдә – алтын ақша. Тақыр – тегіс, қатты жер. Теріп оқу: Мәтіндегі қызыл түспен берілген сөздерді тауып оқы. ( «Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ.» )
а) Мәтіндегі осы сөздерге қатысты қандай оқиға айтылған?
б) Сен осы пікірмен келісесің бе? Өз пікіріңді айт. Әңгімені тағы қалай атауға болады?
ҮІ.Үй тапсырмасын пысықтау: Дәптермен жұмыс. Мәтіндегі ақыл сөзді дәптеріңе жаз. («Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ.» )
ҮІІ.Сабақты қорыту: Бүгін сабақтан не білдік? Дүниені көп көрген қария қандай әңгіме айтты? Не туралы? Сенің өз пікірің? ҮІІІ. Үйге тапсырма: Оқу, мазмұны. Бағалау
№63.Сабақтың тақырыбы: Нағыз адам. В.Сухомлинский(орыс жазушысы)
Сабақтың мақсаты: Түсініп оқуға, жақсы мен жамандықты ажырата білуге үйрету; танымдық қабілеттерін дамыту; зеректікке, білімділікке, жақсыдан үлгі алуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін,
назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»
ІІ Үй тапсырмасын сұрау: Шәкәрім Құдайбердіұлының «Бір кесе меруерт» әңгімесінде көпті көрген қария қандай әңгіме айтты? Не туралы? («Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ.» Сенің өз пікірің?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Иесіз жерде қайтыс болған адамның тілегін кім орындады деп ойлайсың? Неге оған бір кесе меруерттің пайдасы болмады?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қалай ойлайсың, нағыз адам қандай болу керек?
Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс.Мәтінді түсініп оқу. Мәтіндегі әңгіме кімдер жайлы екен? Бірде қандай жағдайға душар болды? Осы жағдай болғанда келген жолаушылар қандай әрекеттер жасады? Теріп оқу. Мәтіндегі қызыл түспен белгіленген тіркестерді тауып оқы. (Бұл адам емес. Бұны да әлі адам деуге болмайды. Бұл нағыз адамның өзі.)
ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Топтық жұмыс.Үш жолаушының әрекетін үш топқа бөлініп әңгімелеңдер. Суретпен жұмыс. Суретке зер сал. Суреттегі оқиға мәтіндегі қай пікірге сәйкес келеді? Мәтіндегі басқа пікірге сен қандай сурет салар едің?
Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақтан не білдік? 1. Жеке оқушыларға басқа тапсырма беру. 2.Сызбамен жұмыс. Екі топқа бөлініп, өмірде кездесетін оқиғалардан берілген пікірлерге нақты мысалдар келтір.
І топ |
ІІ топ |
Бұл адам емес |
Бұл нағыз адамның өзі |
ІҮ.Үйге тапсырма беру: түсініп оқу, мазмұны, сурет салу. Бағалау
№ 64. Сабақтың тақырыбы: Абай мен Әбіш ( Ел аузынан)
Мақсаты: Абай туралы толық мағлұматтар бере отырып, түсініп оқуға, жақсы мен жамандықты ажырата білуге үйрету; танымдық қабілеттерін дамыту; зеректікке, білімділікке, жақсыдан үлгі алуға тәрбиелеу.
Түрі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу, іздену. Көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі . Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін,
назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: В.Сухомлинскийдің « Нағыз адам» мәтіндегі әңгіме кімдер жайлы екен? Олар бірде қандай жағдайға душар болды? Осы жағдайда болғанда, келген жолаушылар қандай әрекеттер жасады? Қайсысының әрекеті саған ұнады? Қайсысы ұнамады?
ІІІ.Жан-жақты білімін тексеру: Өткен сабақта оқыған әңгіме бойынша сұрақтарға жауап беру. В. Сухомлинский кім? Неге қария : «Бұл адам емес. Бұны да әлі адам деуге болмайды. Бұл нағыз адам» деген баға берді? Сенің пікірің қандай? Оқушылар салған суреттерден көрме ұйымдастыру.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Ү. Жаңа сабақ: 1. Ел аузынан жазылған «Абай мен Әбіш» атты әңгімені дұрыс, түсініп оқы. Абай кім? Ол туралы не білесің? Теріп оқу. Мәтіннен Әбіш туралы айтылған жолдарды тауып оқы. Мәтіндегі қызыл түспен ерекшеленген сөздерді тауып оқы. (Әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма?) Мәтіннен Абайдың, Әбіштің берген жауабын тауып мән беріп оқы. Сергіту сәті.
ҮІ. Қорыту: Саған кімнің жауабы ұнады? Өзің осы сұраққа қалай жауап берер едің?
ҮІІ. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, мазмұнын айту. Бағалау
№ 65. Тақырыбы: Мейірім Сапарғали Бегалин
Мақсаты: Оқушыларға Сапарғали Бегалин жайында мәлімет бере отырып, оқу дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйрету; сөздік қорларын, тіл байлығын дамыту, мейрімділікке тәрбиелеу.
Түрі: біріккен сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену, талдау
Көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақ,үлестірмелі қима қағаздар.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін,
назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Абай кім? Ол туралы не білесің? Абайдың Әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма? деген сұрағына Әбіш не деп жауап берді? Оған Абай не деп жауап берді? Саған кімнің жауабы ұнады?
ІІІ. Өткенді пысықтау: 1.үлестірмелі қималар арқылы қорыту. 2. Өзің осы сұраққа қалай жауап берер едің? Абай жолы романы арқылы ұлы Абайды әлемге танытқан кемеңгер жазушы кім? (М. Әуезов)
ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ: 1.Кіріспе. Сөзжұмбақты шеш, мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қой. «Шоқан» (шамдай, ортақ,ақыл, мақтанба, ойнаған). Берілген мақал-мәтелдерге ортақ тақырып ойла. Шоқан туралы не білесіңдер? ( Ш. Уәлиханов-ғалым, саяхатшы. 1835-1865. Таза пікірлі, ақ жүрек, ұлтын сүюші адам. Қазақ халқының сөзін сөйлеп, халқының тұрмысын, тарихын зерттеген)
2. Оқулықпен жұмыс. Суреттер топтамасын пайдаланып Сапарғали Бегалин туралы әңгімелеу. ( Сапарғали Бегалин- балалар жазушысы,1895-1983. «Шоқан асулары, Сәтжан және әңгімелер топтамасы т.б. кітаптар жазған. Алматы қаласындағы С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы бар.)» Мәтінді түсініп, іштей, тізбектей оқу. Сөздік жұмыс.( Күзек, жылқының беті, шалғын, ожар.)
ҮІ.Жаңа сабақты пысықтау: Теріп оқу.) Шыңғыстың егіншілерге берген төлемі жөнінде айтылған тұсты тауып оқы. Осы жағдайға өз көзқарасыңды айт. б) Ұлттық әдеп туралы айтылған жолдарын тауып оқып,есіңе сақта. (Қазақта бір қағида бар ғой – аға алдынан шықпайтын). Әр бөлімге ат қой. ( Жылқышылардың озбырлығы. Шоқанның арашаға түсуі. Шыңғыс сұлтанның шешімі. т.б. өз еріктеріңмен)
Дәптермен жұмыс. Жер қорушының берген батасын тауып, дәптеріңе жаз. (Алдияр тақсыр, мәртебеңіз өсе берсін. Төре балаңыздың әмсе жолы болсын, тәңірісі пана болсын.) ҮІІ. Қорыту: Әңгіме кім туралы? Олар қайда барды ? Не көрді? Өрескел, өктемдік, содырлық сөздеріне мағыналас қатарын тауып көр. Шоқан жайлы сипаттап әңгімеле.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Оқу, мазмұны. Бағалау
№ 66. Тақырыбы: Достық өлкесінің заңы. Мұхтар Шаханов
Мақсаты: Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу, мазмұнын айта білуге дағдыландыру; түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйрету; сөздік қорларын, тіл байлығын дамыту, мейрімділікке, достыққа тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: оқулық, мақал-мәтелдер жинағы (кітапша)
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Алақан» жаттығуы.
Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Сапарғали Бегалиннің «Мейрім» әңгімесі кім туралы? Олар қайда барды ? Не көрді? Жылқышылар қандай озбырлық жасады? Шоқан не үшін арашаға түсті? Шыңғыс сұлтан қандай шешім жасады?
ІІІ.Өткенді пысықтау: Қалай ойлайсың жылқышылардың іс-әрекеті дұрыс па? Шоқанның ше? Шыңғыстың шешімі ұнады ма? Сен осындай жағдайға кезіксең не істер едің? Сенің пікірің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қалай ойлайсың, нағыз дос қандай болу керек?
Ү. Жаңа сабақ. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу. Іштей, тізбектей оқу. Бала ақын Мұхтар нағашысының үйіне кімді ертіп апарды? Досы не істеді? Олар кімнен қорықты? Әжесінің мінезі қандай еді? Көзәйнекті сындырған кім еді, оны кім мойнына алды? Неге? Кім сыбыр етті, не деп? Балаларды жазалады ма? Неге жазаламады? Кім араша түсті?
ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: 1.Нағашы атасының сөзін тауып оқы. 2. Өлеңдегі оқиғаны қара сөзбен әңгімелеп көр. ҮІІ Бекіту. Бүгінгі сабақтан не білдік? Өлең кімдер туралы екен? Сен осы балалардың орнында болсаң не істер едің?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Оқу, мазмұнын., достық, жолдастық туралы мақал-мәтелдер жинастыр. Бағалау.
№ 67. Тақырыбы: Ақ шаш . В.Сухомлинский (орыс жазушысы)
Ана. Ғали Орманов
Мақсаты: Оқушылардың мәтінді және «Ана» өлеңін түсініп оқып, негізгі ой түйінін таба білуге үйрету; оқу дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге дағдыландыру; сөздік қорын, тіл байлығын дамыта отырып, мейрімділікке, ананы сыйлауға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: суреттер, «Балдырған, Мөлдір бұлақ»журналдары.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.«Алақан» жаттығуы.
Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Бала ақын нағашысының үйіне кімді ертіп апарды? Досы не істеді? Олар кімнен қорықты? Әжесінің мінезі қандай еді? Көзәйнекті сындырған кім еді, оны кім мойнына алды? Неге? Кім сыбыр етті, не деп? Балаларды жазалады ма? Неге жазаламады? Кім араша түсті?
ІІІ. Өткенді пысықтау: Өлең кімдер туралы екен? Досының істегені дұрыс па? Сен осы балалардың орнында болсаң не істер едің? Пікірің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Сен анаңды абыржытасың ба? Сенің анаң қандай адам?
Ү. Жаңа сабақ: Кітаппен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Миша анасының басынан не тауып алды? Ол нешеу еді? Біраз күннен кейін ол нешеу болды? Анасы неге олай болды деп жауап берді? Миша неге үнсіз қалды? Мәтіннің негізгі ойы неде деп ойлайсың? «Ана» өлеңін мәнерлеп оқы. Қызыл түспен ерекшеленген сөзді теріп оқы. (Мәпелейсің. Айтқаныңды екі етпей, Ақ сүтіңді өтермін. Жан анам). Осы сөздерді пайдаланып өз анаңа, апаңа, әжеңе ақ тілегіңді білдіріп хат жаз.
ҮІ Түсінгендерін тексеру: 1. «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» мақалының мәтінге қатысты екенін әңгімелеп көр. 2. Екі шығарманы салыстыр. Қалай ойлайсың өлең мәтіндегі әңгімеге жауап болады ма?
ҮІІ Бекіту: Бүгінгі сабақтан не білдік? Мәтін кім туралы екен? Неге анасының шашы ағарды деп ойлайсың? Сен анаңды осылай уайымдатасың ба?
ҮІІІ.Үйге тапсырма: Оқу мазмұны, осы оқиғаға ұқсас әңгімелерді балалар журналынан жинап кел, Өлеңді жаттап ал. Бағалау
№ 68. Тақырыбы: Шал мен бала. Бердібек Соқпақбаев
Мақсаты: Оқушыларға Б.Соқпақбаев туралы айта келе, мәтінді түсініп оқуға, әңгімелеуге үйрету; сөздік қорын дамыту; үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу. Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. « Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.»
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Ана» өлеңін жатқа сұрау. В.Сухомлинскийдің « Ақ шаш» әңгімесі кім туралы екен? Неге анасының шашы ағарды деп ойлайсың? Сен анаңды осылай уайымдатасың ба? Мәтіннің негізгі ойы неде деп ойлайсың?
ІІІ Өткенді пысықтау: «Бала тілі - бал» тақырыбына қандай мақал-мәтелдер білесің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Сендердің аталарың бар ма? Ол қандай адам?
Ү. Жаңа сабақ: 1.Кіріспе. Бердібек Соқпақбаев (1924-1992) - белгілі балалар жазушысы. «Менің атым Қожа,Әжесінің баласы» т.с.с. кітаптар жазған.2. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу.Трамваймен кімдер келе жатты? Шал не істемек болды? Оған кім көмекке келді? Мәуленнің іс-әрекеті атаға ұнады ма? Ата кім жайлы әңгімеледі? Ол не істеді? Сол тақыр бас бала кім еді? Ата тақыр басты баланы таныды ма? Шал балаға не деді? Шал қандай мақал айтты? ( « Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі. Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі.» )
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: І.Шығармадағы оқиғаларды ретімен орналастыр: 3.атаның әңгімесі; 1.трамвайдан түскенде; атаның немересі; 2.бейтаныс баланың көмегі; 4.ата мен немересінің әңгімесі. ІІ. Дәптермен жұмыс. Мәтіндегі ақыл, нақыл сөздерді жазып ал.
(«Ұрлық істеу – ол жақсы адамның кәсібі емес» Жасың ұзақ болсын, шырағым! «Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі. Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі.»)
ҮІІ. Қорыту. 1.Суретпен жұмыс: Суреттен не көріп тұрсың? Суретте мәтіндегі қандай оқиға бейнеленген? Өзің қандай сурет салар едің? 2. Мән беріп оқы. Нақты мысал келтір.
«Мәтінде бірнеше оқиға баяндалуы мүмкін. Мәтіндегі оқиғалар бір-бірімен байланысты болады.»
ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, мазмұны, Бағалау.
№ 69. Тақырыбы: Абай шаңырағы. Кәмен Оразалин
Мақсаты: Оқушыларға Кәмен Оразалиннің «Абай шаңырағы» әңгімесін оқыту арқылы Абай өмірі жайында мәліметті толықтыра отырып, оқу дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйрету; сөздік қорын, тіл байлығын дамыта келе; үлкенді сыйлауға, іззетті болуға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілік: оқулық, кітапшалар, суреттер.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Трамваймен кімдер келе жатты? Шал не істемек болды? Оған кім көмекке келді? Мәуленнің іс-әрекеті атаға ұнады ма? Ата кім жайлы әңгімеледі? Тақыр бас бала не істеп еді? Сол тақыр бас бала кім еді? Ата тақыр басты баланы таныды ма? Шал балаға не деді? Шал қандай мақал айтты?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Мәтінде қандай ақыл,нақыл сөздер айтылады? Өзіңнің қосарың бар ма? «Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі. Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі.» дегенді қалай түсінесің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Тақырыбы мен мақсатын хабарлау. «Үлкенді сыйлау» дегенді қалай түсінесің?
Ү .Жаңа сабақ: Кіріспе. Абай кім? Ол туралы не білеміз? (Абай Құнанбаев – қазақтың ұлы ақыны. 1845-1904. Семей өңірінде туған) Қандай өлеңдерін білесің? Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Сөздік жұмыс. (Шымши, ызу, алаша, сүйек төсек). Бұл оқиға қай кезде болған деп ойлайсың? Абай қайтқаннан кейін оның орнын өзгерпей ұстауды кім міндетіне алды? (Күнжан) Ол қыс бойы қандай жұмыстар істеді? Кімдер келді? Кәкітай не деді? Күнжанға олар не айтты? Әуез қария кімді есіне алды? (Абайды) Неге Әуез қария толқып кетті?
ҮІ . Жаңа сабақты пысықтау: 1. Суретпен жұмыс. Мәтіндегі қызыл түспен ерекшеленген сөздерді тауып оқы. (уық,керегесінің; қызыл күрең сырмен; ақ жүннен киіз; алаша,сырмақ;сүйек төсек; кітап шкабы; үш ішектідомбыра; қызыл күрең кілемнің; қонақ көрпелер;дөңгелек үстел.) Осы сөздерді пайдаланып, суреттегі Абай үйін сипаттап айт.2. Абайдың үйін кім әдемі етіп ұстады? Киіз үйге Кәрім мен Кәкітай қандай баға берді? Күнжанның еңбегіне сен қандай баға берер едің?
ҮІ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақтан не білдік? Мәтндегі әр бөлікке ат қой. (Абайдың үйін Күнжанның жабдықтауы. Қонақтардың бағасы. Әуез қарияның толқуы. т.б. өз еркімен) ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, мазмұны, Бағалау.
№ 70 . Сабақтың тақырыбы: Сәкен аға. Мәжит Сейфуллин
Мақсаты: Оқушыларға Сәкен аға жайында мәлімет бере отырып, оқу дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйрету; сөздік қорларын, тіл байлығын дамыту, мейрімділікке тәрбиелеу.
Түрі: біріккен сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, іздену, түсінідіру, әңгімелеу.
Көрнекілік: Сәкен суреті, суреттер.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Кәмен Оразалиннің «Абай шаңырағы» атты әңгімесінде Абайдың үйін әдемі етіп ұстаған кім? Кәрім мен Кәкітай қандай баға берді? Киіз үйді көрген Әуез қарт қандай күйде болды?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Күнжанның еңбегіне сен қандай баға берер едің? Абай жайлы тағы қандай тақырыптар өттік? (Бала Абай. Бала Абай мен Барлас. Бала Мұхтар мен Абай.Абай шаңырағы) Бұл тақырыптардан біз не білдік?
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІҮ. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе. С.Сейфуллин өмірі, шығармалары жайлы әңгімелеу. ( Сәкен Сейфуллин (1894-1938) көрнекті ақын, Қарағанды облысында туған, «Көкшетау» поэмасын, «Тар жол тарғақ кешу,Қызыл сұңқарлар т.с.с.» жазған. Астана қаласында мұражайы бар). 2.Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Мәтіннен жыл мезгілдері туралы жазылған жолдарды тауып оқы. (Күзгі қара суық). Іңкәрбектің тұрмысына қатысты мәтелді тап. ( «Кісідегінің кілті - аспанда») мән бер, түсіндір. Сәкеннің үй шаруасына көмегі жайлы, ұқыптылығы жайлы әңгімеле.( Үстін таза ұстайды. Бұлаққа Рахима, Халима, Салима деген қарындастарын жуындырып, шашын өретін)
Үй тапсырмасын пысықтау: Мәтіннен Сәкеннің анасының сөзін тауып оқы. Бала Сәкенге мінездеме бер.
ҮІ. Қорыту: 1.Суретпен жұмыс. Осы сурет мәтіндегі қандай оқиғаға сәйкес келеді? Әңгімеле. 2. Мәтінді бөліктерге бөліп, ат қой. 3. Қосымша тапсырмалар беру.
ҮІІ. Үйге тапсырма: 1. Мәтінді оқы, мазмұнын айту. 2.Күйшілер, өнер адамдары жайлы біліп кел. Бағалау.
№ 71. Сабақтың тақырыбы: Шығарма « Өз тілімді мақтан етемін»
Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, өзне таныс мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.
Түрі: жазбаша өздік жұмыс . Әдісі: қорыту
Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;
ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің тақырып бойынша оқушы ойын қорытуға көмектесуі. Оның басы, негізгі бөлімі, соңын анықтау. Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).
Шығарма жазуда мына жоспарға назар аудар.
Мазмұндау жоспары:
Тіл, сөйлеу, дегенді қалай түсінесің, тіл не үшін қажет. (айту, пікірлесу, сөйлесу, дәлелдеу, ойын жеткізу, сәлемдесу т.т.)
Адамдар сөйлемесе қалай болар еді деп ойлайсың?
Ана тіліңді неліктен жақсы көресің?
Ана тілің туралы көптеген мақал- мәтелдер, өлеңдер бар. Білсең жазып, мәнін түсіндір.
Ойыңды қорытындыла.
Оқушының жазба жұмысты өздігінен орындауы.
ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Ана тіліңе сенің құрметің?
Ү. Үйге тапсырма: өткенді қайталау.
№. 72. Сабақтың тақырыбы: Халыққа жеткіз күйімді. Әбу Сәрсенбаев
Мақсаты: Күй атасы Құрманғазы мен Дина Нұрпейісова өмірімен,өнерімен таныстыра отырып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту; оқу дағдыларын жетілдіру; әсемдікке, зеректікке, өнерге деген құштарлығына баулу.
Көрнекілік: суреттер. Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.Түрі: аралас
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Алақан» жаттығуы.
Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Мәжит Сейфуллиннің «Сәкен аға» әңгімесі кім жайлы? Сәкен қандай жағдайға араласты? Неге? Сәкен үй шаруасында қандай көмек көрсететін? Сәкеннің ұқыптылығын қайдан білуге болады? Анасы Сәкенге не деді?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сәкенге мінездеме беріп көр. Сен қандай әсер алдың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қандай музыкалық аспаптарды білесің? Өзің қандай аспаптарда ойнай аласың?
Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Қандай өнер түрлерін білесің? Қандай күйшілерді, күйлерді білесің? Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Құрманғазы мен Дина қай жылы кездесті? Құрманғазы неге налыды, неге қуанды? ( Өнерін жалғастыратын ұл болмады деп налыды. Өз мұрасын жалғастыратын адамның табылғанына қуанды.) Динаның ойнаған күйі қалай аталатын? («Көбік шашқан») Құрманғазы Динаға қандай бата берді? ( Көп жаса,қызым, көп жаса! ) Дина атасына қандай ант берді? Оны қалай орындады?
ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: 1.Құрманғазы мен Динаның қандай күйлерін сүйіп тыңдайсың? 2. Суретпен жұмыс. Суретке зер сал. Мәтінге сүйеніп, Құрманғазы мен Динаның кездесуі туралы әңгімеле.
ҮІІ. Қорыту. Бүгінгі сабақтан не білдік? Бұл қай жылы болған? Құрманғазы кім болған? Дина ше? Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, мазмұнын айту, өнер туралы мақал-мәтелдер жинастыр. Бағалау.
№ 73. Тақырыбы: Әнші Әміре Мұзафар Әлімбаев
Мақсаты: Әміре Қашаубаев өнерімен таныстыра отырып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту; дұрыс, түсініп оқу дағдыларын жетілдіру; әсемдікке, зеректікке, өнерге деген құштарлығын арттыру.
Түрі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.
Көрнекілік: арнайы суреттер, сызба.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Құрманғазы мен Дина қай жылы кездесті? Құрманғазы неге налыды,неге қуанды? Динаның ойнаған күйі қалай аталатын? («Көбік шашқан») Құрманғазы Динаға қандай бата берді? Дина атасына қандай ант берді? Оны қалай орындады?
ІІІ. Өткенді пысықтау: Бұл қай жылы болған? Құрманғазы кім ? Дина ше? Өзің қандай аспапта ойнағың келеді? Әсемдік дегенді қалай түсінесің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қандай музыкалық аспаптарды білесің? «Кім жылдам?» Топқа бөлініп өнер туралы мақал –мәтелдерді айтудан жарысу.
Ү. Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу. Мәтінде Лениногорск қаласы жайлы не айтылған ? Бұл қай жылы еді? Әртістер келгенде қандай жағдайға кезікті? Не болды? Қиындықтан қалай және кім шығарды?
ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: 1.Мәтіндегі аты аталған өнер адамдары жайлы не білесің? Лениногорск қаласымен өнер адамдарын байланыстырған қандай оқиға? 2. Сызбамен жұмыс. Берілген сөздердің арасындағы мағыналық байланысты анықта.
Аспанды қақ жарғандай Тасыған қар суындай Сеңдей соғылысады |
бір сәтте қаптап, ағылып топырлайды, бір-біріне жол бермейді күшті, қатты |
Мәтінге сүйені, сызбаның сол жақ бөлігіндегі тіркестерге қатысты сөздерді ата. (әлуетті үн саңқ етті. Әр тараптан халық клубқа қарай ағылды-ай келіп. Келген жұрт клубқа сыймай.) Әміре кім? Қай жылы бүкілдүниежүзілік жарысқа қатысты?
ҮІІ. Қорыту: Суретпен жұмыс. Зер салып қара. Мәтіндегі қандай оқиға бейнеленген? Жоғарыдағы сызбаның сол бөлігіндегі сөздерді пайдаланып әңгімеле.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, көкшіл түспен берілген сөздердің мағынасын сөздіктерге қарап біліп кел.Бағалау.
№ 74. Тақырыбы: Рәсім. Медеу Сәрсеке
Мақсаты: Әнші, сазгер Жаяу Мұса мен Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың жастық шағы жайлы әңгімелей отырып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту; дұрыс, түсініп оқу дағдыларын жетілдіру; өнерге деген құштарлығын арттыры отырып, ұлттық рәсімді сыйлауға, сақтауға баулу.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу. Көрнекілік: суреттер
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: : Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: Мәтінде Лениногорск қаласы жайлы не айтылған ? Бұл қай жылы еді? Әртістер келгенде қандай жағдайға кезікті? Не болды? Қиындықтан қалай және кім шығарды? Әміре кім? Қай жылы бүкілдүниежүзілік жарысқа қатысты?
ІІІ Білімдерін тексеру: Көкшіл түспен берілген «Құлақтанбаған, құлақтының» деген сөздердің мағынасы қандай екен? Мәтінді тағы қалай атауға болады?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Жаяу Мұса және Қаныш Имантайұлы Сәтпаев туралы естігенің бар ма?
Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Мәтінді бөлімдерге бөліп түсініп оқу. Сөздік жұмыс. Рәсім – әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің көрінісі. Сызбамен жұмыс. Берілген тақырыптармен қай бөлімді атар едің? Неге осылай аталғанын дәлелде.Әр бөлімге өзің қандай ат қояр едің? Сызбаны толтыр.
№ |
Бөлімдердің атауы |
Бөлімдер |
Өзің қандай ат қояр едің? |
1 |
Ашулы көк қаршыға |
І |
. . . |
2 |
Қарт әншінің батасы |
ІІ |
. . . |
3 |
Күндей жомарт, шөлдей сараң қарт |
ІІІ |
. . . |
4 |
Сәлемдесу- адамгершілік белгісі |
ІҮ |
. . . |
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Мәтін неге «Рәсім» деп аталды деп ойлайсың? 2. Суретпен жұмыс. Сурет мәтіннің қай бөліміне сәйкес келеді? Тақырып ойлап тауып, әңгімеле.
ҮІІ. Бекіту: Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік? Қандай рәсімдерді білесің? Ойланып жауап бер.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұны, Жаяу Мұса туралы деректер жина. Бағалау.
№ 75. Тақырыбы: Әбілхан Қастеев
Мақсаты: Ұлттық бейнелеу өнерінің негізін салған Әбілхан Қастеев өмірімен таныстыру. ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту; дұрыс, түсініп оқу дағдыларын жетілдіру; өнерге деген құштарлығын арттыра отырып, әдемілікті бағалай білуге баулу.
Түрі: аралас сабак. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілік: суреттер, ұлттық энциклопедия кітабы.
Сабақтың барасы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: Медеу Сәрсекенің « Рәсім» атты әңгімесі кімдер жайлы? Қаныш қайда барды? Жаяу Мұсаға не болған екен? Ол неге қуанды? Имантай қария Қаныштың құсты алмағанын неге жөн көрді? Біләл болыстың тілегін Жаяу Мұса неге қабыл алмады деп ойлайсың? Бұдан Имантай қария қандай түйін жасады.
ІІІ. Білімдерін тексеру: Үйден қандай деректер таптыңдар Жаяу Мұса туралы? Өзің білетін ырым, рәсімдер жайлы айт.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: .Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Бейнелеу өнері сабағынан қандай суретшілер жайлы білдік? (Леонардо да Винчи, В.Васнецов, О. Таңсықбаев,Ү. Әжиев,Ә. Қастеев. т.б.)
Ү. Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу. Ұлттық энциклопедия кітабы жайлы не білесің? Әбілхан Қастеев қашан, қай жерде туылған? Ол туралы не білдік? Оның қандай еңбектері бар екен? ( « Түркісіб, мектепте, Амангелді, Жамбылдың портреті, Жас Абай» т.б.)
ҮІІ Бекіту: Әңгіме кім туралы екен? Ол кім? ( Ол- ұлттық бейнелеу өнерінің негізін саған, аса талантты суретшілерінің бірі.)
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Оқу, мазмұны, Ә. Қастеев туралы деректер жина. Бағалау
№ 76. Сабақтың тақырыбы: Ақ құс туралы аңыз. Оразбек Бодықов
Мақсаты: Әннің, вальстің серісі Шәмші Қалдаяқов жайлы айта келе, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту; дұрыс, түсініп оқу дағдыларын жетілдіру; өнерге деген құштарлығын арттыра отырып, әсемдікті бағалай білуге баулу.
Түрі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Шәмші Қалдаяқов суреті, ән кітабы.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру Алақан» жаттығуы.
Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Әбілхан Қастеев қашан, қай жерде туылған? Ол туралы не білдік? Оның қандай еңбектері бар екен?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сен оның қандай суреттерін білесің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатымен таныстыру. Сен қандай өлеңдерді айтқанды жақсы көресің? Сөзжұмбақ шешу «Шәмші».(шебердің, шәкірт, сүйкімді,пішер, жетпіс). Берілген мақал-мәтелдерге ортақ тақырып ойлап тап. (өнер білім)
Ү. Жаңа сабақ: 1.Мәтінді түсініп оқу.2.Сөздік жұмыс. (Тау мүлгіп, көл тынып, аспан егіледі) 3. Шәмші Қалдаяқов кім? Ол кімдер жайлы айтты?Анасынан естіген аңыз әңгімесі не жайлы еді? Мәтіннен табиғаттың аққұс әніне табынған жерін суреттейтін тұстарын тауып оқы. Осы көріністі елестетіп көр. Қандай сурет салар едің?
ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: 1. Мәтінді басқаша қалай атауға болады? Әннің құдіреті деген не? Қалай түсінесің?
ҮІ. Қорыту: Бүгінгі сабақтан кім жайлы білдік? Сурет жайлы не айтар едің? Суретке қарап «Шәмші әнінің құдіреті» деген әңгіме құрастыр. Ойлан: «Аққұстың қуанышты әні» «Аққұстың мұңды әні» деген тақырыптарға қандай сурет салар едің?
ҮІІ. Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айту, сурет салу. Бағалау
№ 77. Сабақтың тақырыбы: Әке тәлімі. Жәнібек Кәрменов
Мақсаты: Әнде өнердің бір түрі екендігі жайлы айта келіп, бала Ермектің өмірімен таныстыру, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту; дұрыс, түсініп оқу дағдыларын жетілдіру; өнерге, әнге деген құштарлығын арттыра отырып, әсемдікті бағалай білуге баулу.
Түрі: біріккен сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: суреттер, сызба.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
ІІ. Үй жұмысын сұрау: Оразбек Бодықовтың « Ақ құс туралы аңыз» әңгімесінде кім жайлы әңгімелейді? Шәмші Қалдаяқов кім? Ол кімдер жайлы айтты?Анасынан естіген аңыз әңгімесі не жайлы еді?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Әннің құдіреті деген не? Қалай түсінесің? Осы әңгімеден өзіңе қандай әсер алдың?
ІҮ.Мақсат қою: Сабақтың мақсатымен таныстыру. Сен қандай өлеңдерді айтқанды жақсы көресің?
Ү. Жаңа сабақ: Кітаппен жұмыс. 1.Оқу, іштей оқу,тізбектей оқу. Мазмұнын талдап түсіну. Әңгіменің авторы кім? (Жәнібек Кәрменов). Ол жайында не білесің? Бала Ермекті өнерге, әнді түсінуге жетектеген кім? (әкесі Бекмұхамед). Қалайша? Сұрақтармен тапсырмалармен жұмыс. 1. Ермектің әкесінің ән туралы айтқан пікірлерін тауып оқы, көңіліңе тоқы. 2. «Әннің жақсысы да, жаманы да тыңдаушысынан» деген пікірмен келісесің бе? Өзіңнің көзқарасыңды дәлелде. Осы мәтінді Оразбек Бодықовтың «Ақ құс туралы аңыз» әңгімесімен салыстырып көр.
ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Дәптермен жұмыс. Мәтіннен сызбада берілген сөздерге қатысты сөздерді тауып жаз.
шалғын . . .(көгілдір) ну балғын |
. . .(жайқалған) таулар . . .(орман) . . .(шөпке) |
. . .(қалың) сыңсыған . . . (тұнық) қалықтаған |
қарағай . . .(ақ қайыңды аралайды) аспан . . .(құс суреті) |
Сөз тіркестерін пайдаланып әңгіме құр. Мәтінге ат қой.
ҮІІ. Қорыту: Бүгінгі сабақтан кім жайлы білдік? Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаевтың балалық шағы жайлы не білесің? Ол қандай әнді айтты. Оның көзіне не елестеді?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айту, бір әнді тыңдап, жазған кім екенін біліп, көз алдыңа не елестегенін айт. Бағалау
№ 78 . Тақырыбы: Құстар айтысы. (Үнді ертегісі)
Мақсаты: Оқушыларға достық, ынтымақ, бірлік жайында айта отырып, ертегіні түсініп оқу дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйрету; Жақсыдан үйрен» тарауын қайталай отырып білімімен, біліктілігін бақылау,сөздік қорын жетілдіру; жан-жақты ойлауға үйрету қабілетін дамыту; үлкенді сыйлау, құрметтеу, әдептілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу
Түрі: қайталау сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, өздік жұмыс
Көрнекілігі: суреттер, кестелер, тест материалы.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.»
ІІ. Үй жұмысын сұрау: Әңгіменің авторы кім? (Жәнібек Кәрменов). Ол жайында не білесің? Бала Ермекті өнерге, әнді түсінуге жетектеген кім? Қалайша? Ермектің әкесі ән туралы не айтты.
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: «Әннің жақсысы да, жаманы да тыңдаушысынан» деген пікірмен келісесің бе? Өзіңнің көзқарасыңды дәлелде. Осы әңгімеден өзіңе қандай әсер алдың?
ІҮ.Мақсат қою: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Сен қандай ертегілерді оқығанды жақсы көресің?
Ү. Жаңа сабақ: Кітаппен жұмыс. 1.Оқу, тізбектей оқу. Мазмұнын талдап түсіну. Ертегіде не жайлы екен? Торға нелер түсті? Олар не істеді? Неге олар ұшып кетті. Аңшының есіне не түсті? Неге олар жанжалдасты? Ертегі немен аяқталды? Өзіңнің көзқарасың.
ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: 1. Ертегіні бөліктерге бөліп, әр бөліктің жігін ажырат. («Ынтымақ» басынан немесе «Біз жемге қызығамыз ...»; «Ала ауыздық» Аспанда тор ішінде ...). Оқы. Ертегіден өзіңе қандай сабақ алдың? 2. Бөлімнің аты қалай аталады? Бұл бөлімнен не білдік? Бөлімнің басында берілген түйін сөздерді есіңе түсір.
Осы бөлімнен оқыған мәтіндерді осы тақырыптар төңірегіне топтастыр.
2.Негізгі ойы түйін сөздерге құрылған мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді жатқа айт.
ҮІІ. Білімді қорыту: Тест. І.)
1. (Б – Ы.Алтынсарин. Баланың айласы.), 2. (В-Азықсыз аш), 3.(Ә- бұл нағыз адамның өзі), 4. (А-К. Оразалин. Абай шаңырағы), 5. (Ә-Қойды күзде бағатын қоныс), 6. (А- Мәуленге), 7.(Б-Ы.Алтынсарин. Баланың айласы), 8. (В-Құстар айтысы), 9. (Б-Сахараның ақ күмбезіне), 10. (Б - Құрманғазы).
ІІ.) Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік? Ертегідегі оқиғаға байланысты қандай мақал-мәтел білесің? (Ынтымақ болмай, іс оңбас.Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.Ат жаманы жолда қалдырар, жолдас жаманы қолда қалдырар. т.б. ) ҮІІІ. Қорытындылау: Балалар бүгінгі сабақта біз сендермен не істедік? Саған бүгінгі сабақ ұнады ма? Сонымен, осы бөлімнен неге үйрендік екен?
ІХ. Үйге тапсырма: ертегіні түсініп оқу, мазмұнын айту. Бағалау
№ 79. Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама « Мейірім»
Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлету, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.
Түрі: жазбаша бақылау .Әдісі: қорыту
Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»
ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;
ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).
Мейірім
Сабақ түстен кейін басталатын. Күздің жайма шуақты күндерінің бірі еді. Мектепке жайбарақат келе жатқанмын. Бір үйдің бұрышынан өте бергенде, жылаған баланың дауысын естідім. Құлағы салпиған күшік төрт жасар шамасындағы қыздың жолын бөгеп жүргізер емес. Күшікті қуып жібердім. Қыз бала қатты қорыққан екен. Өксігін баса алмай, солқ-солқ етеді. Қолынан ұстап, жетелеп келемін. Ол үйінің маңына жақындаған кезде қуанып кетті. Рахмет айтып, жүгіре жөнелді. (А. Хамзин)
Мазмұндау жоспары:
Уақиға қай мезгілде болған еді? Бала нені естіді? Қыз бала неге жылап тұр екен? Бала күшікті не істеді? Қыздың қорқынышы. Бала қандай жақсылық істеді?
ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық? Мәтін неге «Мейірім» деп аталыпты? Қалай ойлайсың баланың орнында сен болсаң не істер едің?
Ү. Үйге тапсырма: қайталау.
ҮІІ бөлім. Масатыдай құлпырар жердің жүзі
№ 80. Тақырыбы: Жазғытұры. Абай
Жазғытұрым Ілияс Жансүгіров
Мақсаты: «Масатыдай құлпырар жердің жүзі» атты бөліммен таныстырып, Абайдың «Жазғытұры» өлеңін және Ілияс Жансүгіров «Жазғытұрым» өлеңін оқи отырып, табиғаттың сұлулығы, оның құдіреттілігі, әсемдігі жайлы түсінік беру; мәнерлеп оқуға баулу, еркін әсерлей сөйлеуге, салыстырып ойын жеткізе білуге баулу, сөздік қорын дамыту; табиғатты қорғай, зерттей білуге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік
Көрнекілігі: табиғат жайлы суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: «Масатыдай құлпырар жердің жүзі» тарауы жайлы түсінік беру. Жыл мезгілдері жайлы түсінігін нығайту мақсатында суретпен жұмыс. Суретте қандай жыл мезгілдері бейнеленген? Оны неден байқадың? Әңгіме құр.
ІІІ. Жаңа сабақ: Кітаппен жұмыс. 1.Өлеңді түсініп оқу. Іштей оқу, тізбектей оқу,жеке-жеке оқу. Өлеңге сүйеніп, ақын тілімен сипаттап айт:
а) Көктемгі табиғат. б) Жан-жануарлардың көктемгі тіршілігі.
Ілияс Жансүгіров «Жазғытұрым» өлеңін мәнерлеп оқу. Іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу. Өлеңді мына тақырып бойынша екіге бөл:
1. Көктем шықты. (Ой, балалар,...) 2. Ауыл жайлауға көшті. (Ауыл көшті қыстаудан, ...)
Абайдың «Жазғытұры» өлеңі мен Ілияс Жансүгіров «Жазғытұрым» өлеңінің ұқсастығы мен айырмашылығы бар ма? Болса қандай?
ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау: «Масатыдай» сөзінің мағыналас қатарын тап. «Ата анаңдай елжірер күннің көзі» дегенді түсіндіріп көр. Ілияс Жансүгіров «Жазғытұрым» өлеңде көктемнің қандай белгілері айтылған? (Жылы –жылы жел соқты, Жылғалардан су ақты, Қаңқыл –қаңқыл қаз кепті, жер қарайды- жаз кепті. ...)
Ү. Бекіту: Бүгінгі сабақта қандай бөлімді бастадық, не өттік? Бұл өлеңдерді кімдер жазған? Өлеңдерде не жайында айтылған? Түсініп оқы.
Сәуір болса, күн күркірер,
Күн күркіресе, көк дүркірер.
ҮІ. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау, көктем мезгіліне қатысты қазақ халқының ырымдарын біліп кел. Бағалау.
№ 81. Тақырыбы: Көктем сәні. (Ертегі), Көктем Қабыкен Мұқышев
Мақсаты: Ертегіні түсініп оқып, өлеңді мәнерлеп оқып, табиғаттың сұлулығы, әсемдігі жайлы түсінік беру; еркін сөйлей білуге үйрету , сөздік қорын дамыту; қоршаған орта табиғатын қорғай, зерттей білуге баулу сөздік қорларын дамыту; әсемдікті қадірлеуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.
Көрнекілігі: аңдар суреттері, сызба.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Ілияс Жансүгіровтің «Жазғытұрым» өлеңін жатқа айту. Өлеңде көктемнің қандай белгілері жайлы айтылған?
ІІІ. Білімдерін тексеру: Саған көктем мезгілі ұнай ма? Несімен?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Сен қандай ертегіні жақсы көресің?
Ү. Жаңа сабақ: Ертегіні түсініп, рөлге бөліп оқу. Ертегіде қандай аңдар жайлы айтылған? Бұлғын не деді? Қалай ойлайсың басқа аңдар бұлғынмен келісті ме? Сенің пікірің? Қабыкен Мұқышевтің «Көктем» өлеңін мәнерлеп, іштей, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу. Өлеңде не жайлы айтылған екен? «Жуып жердің омырауын» тіркесінің мағынасын түсіндір. «Дегдіді» сөзіне мағыналас сөздерді тап. (кепті). Гүлдің түсін білдіріп тұрған сөздерді тауып оқы.
Ертегідегі оқиға мен өлеңінің ұқсастығы мен айырмашылығы бар ма? Болса қандай?
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: 1.Аңның әрқайсысының жауабын талдап көр. Өзіңе жауабы ұнаған аңның суретін сал. 2. Ертегіге сүйеніп, сызбаны толтыр.
ҮІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырыптар өттік? 1.Ертегі саған ұнады ма? Өзің осы гүлді тағы қандай гүлшоғымен толтырар едің? 2.Көктемде қандай өзгерістер болады екен? Балалар не істеді? Осы өлең бойынша сурет салып көр.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Ертегіні оқу, әңгімелеу, жаттау. Бағалау.
№ 82. Тақырыбы: Қош келдің, Наурыз! Міржақып Дулатов
Мақсаты: Наурыз мерекесі жайлы айта келе, табиғаттың сұлулығы, оның құдіреттілігі, әсемдігі жайлы түсінік беру; түсініп оқуға, еркін әсерлей сөйлеуге баулу, сөздік қорын дамыту; табиғатты қорғай, зерттей білуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, әшекейлер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өлеңді жатқа айту. Көктемде қандай өзгерістер болады екен? Балалар не істеді? Саған көктем мезгілі ұнай ма?
ІІІ. Өткенді пысықтау: Оқушының үйден салған суреттеріне талдау жасау. Көктемде қандай жұмыстар істелінеді? Сенің жанұяң қандай көктемгі істер істеді? Көктем мезгіліне деген сенің көңіл күйің? Сергіту сәті.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Наурыз мерекесі қашан болады? Ол қандай мереке? Сенің тұратын жеріңде Наурыз мерекесі қалай тойланады?
Ү. Жаңа сабақ: кітаппен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. мәтінді қайталап оқу. Сөздік жұмыс. (байлаулы, деуге сыяды, тіршіліктің негізі, мал тойынады.) Мәтінге сүйеніп «Наурыз- ұлттық мейрам» деген тақырыпта топ алдында сөйлеуге дайындал. Ол үшін: жоспар бойынша тапсырманы орында.
1. Жоспар құр. 2.Іштей не сөйлейтініңді сол жоспарға сәйкес ретте. 3. Сөйлейтін сөзіңді есіңе сақта. 4. Түсінікті тілмен, әдемі қимылмен ойыңды толық әңгімелеп бер.
ҮІ. Түсінгендерін сұрау: Ұлттық қандай мейрамдар болады? Наурыз мейрамы ше? Оны бізден басқа қандай елдер тойлайды? Қашан? Қашан құт, қашан жұт болдатынын халық қалай болжаған? Қазақ малы үшін не істеген ? Қандай әрекеттерге барған? Халық тіршілігін қалай түрлендіре білген? Бүгінгі күні Наурыз мерекесін қалай мерекелейді? Наурыз мерекесінің ең негізгі тағамы не? Ол қалай жасалады? Әңгімелеп көр.
ҮІІ. Бекіту. «Тіршіліктің арқауы алдыменен-тамақ. Дүние жаратылғаннан бері, жанды-жансыздың бәрінің талас-тартысы, шынын айтқанда, тамақ үшін» деген жолдардағы ойды әр қарай жалғастырып көр. Сенің пікірің?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Мәнерлеп оқу,түсінгенін әңгімелеу. Бағалау
№ 83. Сабақтың тақырыбы: Ер еңбекте сыналады. Жекен Жұмаханов
Мақсаты: Мәтінді мәнерлеп оқуға, мазмұнын айта білуге дағдыландыру; сөйлеу дағдысын, тіл байлықтарын дамыту; еңбек сүйгіштікке, мамандық таңдай білуге, адамгершілікке, ойын өрбіте білуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,іздену.Көрнекілік: оқулық, сюжетті суреттер.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Алақан» жаттығуы.
Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Ұлттық қандай мейрамдар болады? Наурыз мейрамы ше? Оны бізден басқа қандай елдер тойлайды? Қашан? Қашан құт, қашан жұт болдатынын халық қалай болжаған? Қазақ өзінің малы үшін не істеген ? Қандай әрекеттерге барған? Халық тіршілігін қалай түрлендіре білген?
ІІІ. Өткенді пысықтау: Бүгінгі күні Наурыз мерекесін қалай мерекелейміз? Наурыз мерекесінің ең негізгі тағамы не? Ол қалай жасалады? Өзің қалай Наурыз мерекесін тойлайсың? Несімен есте қалады? Сергіту сәті.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Саған құрылысшы мамандығы ұнай ма? Олар не істейді? Жұмбақты шешіп көр «Топырақты асаймын, тауда, сайда жасаймын» бұл не? (экскаватор). Экскаватормен не істейді? Өзің көрдің бе?
Ү. Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу.Әр азат жолды түсініп оқып, мәніне көңіл бөлу. Рөлге бөліп оқу. Құрылыста адам көппе? Адамға не көмекке келеді? Ол машиналардың атын білесің бе? Мәтіндегі машиналардың айтысы немен бітті? Келекетіп күлген машинаның күні не болды? Енді машина кранға күлетін болды ма? Осы жерде қандай мақал бар еді? (Күлме досқа, келер басқа. т.б...). Кран машинаға қандай ескерту айтты? Мәтін қандай мақалмен аяқталған екен? («Ер еңбекте сыналады.») Сенің пікірің?
ҮІ. Түсінгендерін сұрау: Берілген суреттер топтамасын пайдаланып, мәтін бойынша мультфильм жаса. Тағы қандай кадр қосар едің? Қатысушы кейіпкерлердің сөздерін дайында.
ҮІІ. Бекіту: Бүгінгі сабақта қандай тақырып өттік? Мәтін не жайлы екен? «Ер еңбекте сыналады» дегенді қалай түсінесің?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: түсініп оқу, мазмұндау. Бағалау
№ 84. Сабақтың тақырыбы: Еңбекпен тапқан тиын. (Грузин ертегісі)
Жаңбыр. Бейімбет Майлин
Мақсаты: Ертегіні мәнерлеп оқуға, мазмұнын айта білуге дағдыландыру, Бейімбет Майлиннің «Жаңбыр» атты өлеңін түсініп оқуға, сөйлеу дағдысын, тіл байлықтарын дамыту; еңбек сүйгіштікке, мамандық таңдай білуге, адамгершілікке, ойын өрбіте білуге, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Типі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, рөлге бөліп, сахналау.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Құрылыста адам көппе? Адамға не көмекке келеді? Ол машиналардың атын білесің бе? Мәтіндегі машиналардың айтысы немен бітті? Келекетіп күлген машинаның күні не болды? Енді машина кранға күлетін болды ма? Кран машинаға қандай ескерту айтты?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Мәтін не жайлы екен? «Еңбексіз өмір – сөнген көмір» дегенді қалай түсінесің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Еңбек жайлы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? («Еңбек етсең ерінбей,Тояды қарның тіленбей», «Еңбек деген байлық бар, Ерінбеген жететін», «Еңбек түбі - қуаныш» талдау). Қазір қандай жыл мезгілі? Жұмбақты шешіп көр.
«Гүл-гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезең?» (көктем). Табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр.
Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. 1.Ертегіні түсініп оқу. Рөлге бөліп оқу. Шығармашылық жұмыс. Ертегіні әрі қарай жалғастырып әңгімелеу.
Ертегі кім туралы екен? Ерке бала қандай бала болыпты? Әкесі қандай шешімге келіпті? Онда анасы мен баласы не істеді? Олардың қулығы іске асты ма? Балаңың бірінші рет әкесі ақшаны отқа салғандағы кейпі қандай, екінші рет ше? Әкесінің шешімі қандай болды деп ойлайсың?
2.Бейімбет Майлин «Жаңбыр» өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу,іштей ,тізбектей, жеке-жеке оқу. Өлеңнің авторы жайлы не білесің? (Бейімбет Майлин (1894-1938) әңгіме жанырының шебері, әрі ақын. Кедейлер өмірін жырлаған ақын.)
ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау:1.
2. Дүниетану сабағынан есіңе түсір. Жаңбыр неге жауады, қалай, қашан көп жауады? Жаңбырдың пайдасы бар ма? (Өзара әңгімелесу).
ҮІІ. Қорыту: 1.Ертегіні сахналау. Еңбек жайлы қандай мақал-мәтел білесің? 2.Бейімбет Майлин кім екен? Жаңбыр жауғанда табиғат қандай өзгеріске ұшырайды екен?
ҮІІІ .Үйге тапсырма: оқу, мазмұнын әңгімелеу, мақал – мәтелдер жаттау, Өлеңді жаттау. Бағалау
№ 85. Сабақтың тақырыбы: Бұлбұлдың әні. Мәдіхат Төрежанов
Сабақтың мақсаты: Мәдіхат Төрежановтың « Бұлбұлдың әні» әңгімесін түсініп оқу, бөліктерге бөле отырып ойын жеткізіп әңгімелеуге үйрету; сөздік қорын дамыту; адамгершілікке, бақылағыштыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Құрал-жабдықтар: оқылық, құстар суреті, үлестірме қима қағаздар (сыртында құстар суреті).
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.»
ІІ.Үй жұмысын тексеру: Өлеңді жатқа айту. Жаңбыр неге жауады, қалай, қашан көп жауады? Жаңбырдың пайдасы бар ма?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Табиғатта қандай жыл мезгілдері болады? Онда қандай өзгерістерді байқадың? Саған қай жыл мезгілі ұнайды? Әңгімелеп бер.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: : 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қазір қандай жыл мезгілі? Мына жаңылтпашты жаңылмай айтып көр.
«Көктем жауын-шашынсыз болмас,
Жауын-шашынсыз болмаса,
Жасылсыз болмас.» Сергіту сәті.
Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Рөлге бөліп оқу. Мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қою.(Тоғай ішінде. Бұлбұлдың ұясын қоруы. Бұлбұлдың сайрауы.)
ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Медіхат пен Әбдеш қайда келе жатты? Олар неге көп сөз таластырады екен, мақсаты неде? Қалай ойлайсың автор дұрыс істеді ме? Неге бұлбұл сұңқылдапты, себебі неде екен? Көңілденген бұлбұл не істеді?
ҮІІ. Қорыту: Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік? Бұлбұл қандай «ана» деп ойлайсың? Сенің пікірің.
ҮІІІ. Үйге: оқу,әңгімелеу, құстар жайлы жұмбақ тауып жаттау. Бағалау.
№ 86. Сабақтың тақырыбы: Шығарма « Қызғаныш»
Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.
Түрі: жазбаша бақылау. Әдісі: қорыту
Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;
ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).
Қызғаныш
Аузына тістеген сүйегі бар Мойнақ көпірден өтіп келе жатты. Ол суға еңкейіп қарап еді, судағы өз көлеңкесін көрді.
Мойнақ су бетіндегі өзінің көлеңкесі екенін білмеді. Сүйек тістеген басқа күшік екен деп қалды. Ол енді сол сүйекке қызықты. Аузындағысын тастап жіберді. Сүйек суға түсіп кетті. Мойнақ оны ала алмады. Өйткені, сүйек су түбіне кетті
Жоспар:
Мойнақтың көлеңкесі.
Мойнақтың іс- әрекеті.
ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық? Мәтін неге «Қызғаныш» деп аталыпты? Қалай ойлайсың, қызғаныштан пайда бар ма?
Ү. Үйге тапсырма: қайталау.
№ 87. Сабақтың тақырыбы: Тұңғыш ғарышкер. Олжас Сүлейменов.
Сабақтың мақсаты: Олжас Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңін түсініп оқуға, ойын толық жеткізе білуге үйрету; мәнерлеп оқу, сөздерді дұрыс айту дағдысын қалыптастыру; елін, жерін сүйетін,елжанды азаматтыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсініп оқу,сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойланып жауап беру.
Құрал-жабдықтар: О.Сүлейменовтың, ғарышкерлердің, ғарыштың суреттері.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ.Үй жұмысын тексеру: Мәдіхат Төрежановтың «Бұлбұлдың әні» әңгімесіндегі Медіхат пен Әбдеш қайда келе жатты? Олар неге көп сөз таластырады екен, мақсаты неде? Қалай ойлайсың Медіхат дұрыс істеді ме? Неге бұлбұл сұңқылдапты, себебі неде екен? Көңілденген бұлбұл не істеді?
ІІІ. Үй жұмысын пысықтау: Бұлбұл өз балапандарын қалай қорғады? Оның мейрімділігін неден көруге болады? Сенің анаң саған қандай қамқорлық жасайды? Мейрімділік дегенді қалай түсінесің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Дүние жүзіне әйгілі тұңғыш ғарышқа ұшқан ғарышкер кім? Ол қашан ұшты? (Юрий Гагарин,12 сәуір 1961жылы)
Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Өлеңді түсініп оқу. Іштен, жалғастырып тізбектей оқу. Ақын Гагариннің ақ жолын неліктен «ала бөтен» дейді? Неліктен ақын ел, тарих, өлең, байтақ даланы және табиғатты анаға теңейді? Гагариннің Жерге қайтып келе жатқан кезін ақын қалай суреттеген? Ақын Гагариннің жерді сүйетіндігін, қадірлейтінін қалай бейнелеген? Дүние жүзіне әйгілі тұңғыш ғарышкер Гагарин болса, егеменді еліміздің тұңғыш ғарышкері кім, ол жайында не білесің? (1991 жылы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. 7 тәулік 22 сағат, 12 минут, 40 секунд ғарыш кеңістігінде болды. Гиннес кітабына енген.)
ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Гагарин ғарышқа қашан ұшты? Тоқтар Әубәкіров ше? Өлеңде қайталанған сөзді тауып, оның әрбір жолындағы мәнісін түсіндір? (ана).
ҮІІ. Қорытынды: Бүгін сабақта не істедік, кімдер жайлы білдік? Бір сәт қиялдап көр. Осы сезіммен өлеңді мәнерлеп оқып көр. Ғарышкер туралы өлең неліктен осы бөлімде берілген деп ойлайсың? (жерді, елді сүйетіндігі, қадірлейтіндігі, табиғаты).
ҮІІІ. Үйге: оқу, әңгімелеу. Бағалау.
№ 88. Тақырыбы: Көктем. Қасым Аманжолов
Өз біліміңді тексер. (бөлімді қайталау,тест.)
Мақсаты: Қасым Аманжоловтың «Көктем» өлеңін оқи отырып, табиғаттың сұлулығы, әсемдігі жайлы түсінік беру; «Масатыдай құлпырар жердің жүзі» тарауын қайталай отырып білімімен, біліктілігін бақылау, сөздік қорын жетілдіру; жан-жақты ойлауға үйрету қабілетін дамыту; еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа және табиғатты қорғау, бақылау, зерттей білуге тәрбиелеу.
Түрі: қайталау Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, іздену, өзіндік жүмыс.
Көрнекілігі: арнайы көктем жайлы суреттер, тест материалы
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың зейінін,назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар, сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: О.Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңінде ақын Гагариннің ақ жолын неліктен «ала бөтен» дейді? Неліктен ақын ел, тарих, өлең, байтақ даланы және табиғатты анаға теңейді? Гагариннің Жерге қайтып келе жатқан кезін ақын қалай суреттеген? Ақын Гагариннің жерді сүйетіндігін, қадірлейтінін қалай бейнелеген? Дүние жүзіне әйгілі тұңғыш ғарышкер Гагарин болса, егеменді еліміздің тұңғыш ғарышкері кім, ол жайында не білесің?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Гагарин ғарышқа қашан ұшты? Тоқтар Әубәкіров ше? Болашақта сен кім болғың келеді? Сенің пікірің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық. Ерте көктемде жаппай көктеп, гүлдейтін шөптерді білесің бе? (жауқазын, бәйшешек, қазжуа, өгейшөп, ...)
Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу, іштей, тізбектей оқу. Көктем келбеті ақын тілімен қалай суреттелгеніне мән бер:
а) Бұлақ туралы не делінген?
ә) Өзен туралы ше?
б) Көктемгі жаңбырды сипатта.
в) Көктемде ағашта қандай өзгеріс болады? Ол туралы ақын не дейді?
г) Көктемде қандай еңбек түрлері басталады?
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: 1. « Көктем күйін бастады
Өз өнерін асыра:
Қысты қуып тастады
Асқар таудың басына.» деген өлең шумақтарын қалай түсінесің? Өз ойыңды айт. Өлең бойынша сурет салып көр.
2.Өздігінен тапсырмаларды орындау:
1.С.Сейфуллиннің «Орман» өлеңіндегі ақынның қайыңға, терекке, желге қатысты қолданған көркемсөздерді тауып дәптеріңе жаз.
2. Абай ата «Жазғытұры» өлеңінде жердің жүзіне, күннің көзіне байланысты қандай көркемсөз қолданған?(Масатыдай құлпырар жердің жүзі.Ата–анадай елжірер күннің көзі.)
3. «Көктем сәні» ертегісі бойынша мына жазуларды дәптеріңе жазып ал, жалғастыр, түсіндір. Көктем сәні-жасыл желек; көктем сәні- хош иіс, ...(көктем сәні-мөлдір су, жылылық,нөсер, ашық аспан,салқын самал,еңбек,шалқыған көңіл,шаттық, күлкі,жігер)
4. Қ Аманжоловтың «Көктем» өлеңін оқып шық. Ақынның табиғат құбылысына «жан бітіріп», адамға тән қимыл бере суреттеген жолдарындағы көркемсөздерді тап. (нәзік үн, мейірленіп, алақанын тұр жайып, жас дауыспен жамырап, еңбек ата).
ҮІІ. Білімін тексеру: «Көктем» тақырыбына әңгіме құрастыр:
а) Көктемгі табиғат: жылғалардан су ақты, мейірленіп жерге күн, көк майса, жасыл барқыт жамылып.
ә) Көктемгі тіршілік: қой қоздап, түйе боздап, ұйқыдан оянып, жыл басы. Наурыз, егінжайда ту ұстап, т.б.
б) Көктем көрінісінің суретін сал.
ҮІІІ. Сабақты қорыту: Тест. (жауабы: 1. Б-жазғытұры; 2. Ә-Түйе боздап,қой қоздап; 3. Ә-көктем; 4. Б-қаз кепті-жаз кепті; 5.А-Наурыз; 6.Б-желкілдейді; 7. Ә-ит; 8. В-бұйра; 9. А-Еңбек; 10. В-Қ.Аманжолов. Көктем.
Бүгін қандай тақырып өттік? Не жайлы? Не сұңқылдады, арқыраған не, күркіреген ше? Еңбек ата не істеп жүр? Трактормен не істеді? Көктем өз өнерін қалай көрсете бастады?
ІХ. Үйге тапсырма: өлеңді жаттау. Бағалау.
ҮІІІ тарау. Табиғат-менің өз үйім.
№ 89. Сабақтың тақырыбы: Өзен. Ыбырай Алтынсарин
Мақсаты: «Табиғат-менің өз үйім» атты бөлімімен таныстырып, Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңін оқи отырып, табиғаттың сұлулығы, оның әсемдігі, өзеннің маңызы жайлы түсінік беру; мәнерлеп оқуға баулу, ойын еркін жеткізуге баулу, сөздік қорын дамыту; табиғатты қорғай, зерттей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, бәйтерек бұтақтары.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру: Сабақтың мақсатын хабарлау, жаттығулар арқылы оқушы зейінін сабаққа аудару. Қалай ойлайсың табиғат деген не? Сені қоршаған дүние –табиғат- оны неге өз үйім деп айтады? Сенің пікірің?
ІІІ. Жаңа сабақ: Сурет бойынша жұмыс: Суретте не бейнеленген? Табиғаттың тамаша көрінісі сенде қандай көңіл күй туғызады? Таза ауа, мөлдір судың адамға қандай пайдасы бар? Суретке қарап «Табиғат және адам» тақырыбына әңгіме құр. Оқулықпен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Іштей, тізбектей жалғастырып оқу. Сөздік жұмыс: Қынарда- жағасында. Жанабында- маңайында. Сұрақ- жауап. Ақын өзенді қалай суреттеген? Ақынның «сарқыраған, жарқыраған, арқыраған» деген сөздері неге қатысты?(өзенге). Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай? Адамдар неге суды құрметтейді? Ол туралы өлеңнің қай шумағында айтылған? Өзеннің қандай пайдасы бар?(өлеңге сүйеніп айтып көр.) Сергіту сәті.
ІҮ. Сабақты пысықтау: «Тас таста, алтын таста сынамаққа, Сонда да аққан өзен қалыбында» деген жолдардан не түсінесің? Қазақстандағы өзің білетін өзендердің аттарын ата.(Сырдария, Жайық, Іле, Шелек, Ертіс, Шу, Есіл, Бартоғай,Асы,...)
Ү.Қорыту: Бүгінгі сабақтан не туралы білдік? Ы.Алтынсарин өзен жайлы қалай суреттеген? Өзеннің суретін сал.
ҮІ. Үйге тапсырма: жаттау, Ы.Алтынсариннің 3 класта қандай шығармаларын оқыдың? Оларды бәйтеректің бұтақтарына жаз. (Өнер, білім бар жұрттар.Баланың айласы. Таза бұлақ.)
ҮІІ. Бағалау. Үйге тапсырма: 1. оқу, түсінігін айту, сурет салу.2.Бағалау
№ 90. Сабақтың тақырыбы: Торғай. Жүсіпбек Аймауытов
Мақсаты: Жүсіпбек Аймауытов жайлы хабар бере отырып, түсініп оқуға, ойланып сөйлеуге, ойын толық жеткізе білуге үйрету; сөздік қорын, тіл байлығын дамыту; мейрімділікке, кішіпейілділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, теріп оқу, әңгімелеу.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Өлеңді жатқа айту. Ақын өзенді қалай суреттеген? Ақынның «сарқыраған, жарқыраған, арқыраған» деген сөздері неге қатысты?(өзенге). Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай? Адамдар неге суды құрметтейді? Ол туралы өлеңнің қай шумағында айтылған? Өзеннің қандай пайдасы бар?(өлеңге сүйеніп айтып көр.)
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Ы.Алтынсариннің 3 класта қандай шығармаларын оқыдың? Өзеннің қандай пайдасы бар? Сусыз тіршілік бар ма?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық. 2.Суреттер топтамасын пайдаланып әңгіме құр.
Ү. Жаңа сабақ: Жүсіпбек Аймауытов- қазақтың аса көрнекті жазушысы. (1889-1931) «Шернияз, Ақбілек, Жаман тымақ, психология және шығармалар жиынтығы кітаптарын жазған. Оқулықпен жұмыс.Мәтінді түсініп оқу.Әңгіме қалай аталған? («Торғай»). Торғайдың жан ұшырып шырылдап жүргенін көрсететін жерді тауып оқы. Өз сөзіңмен мәтінге сүйеніп суретте.Жерге түскен торғайдың халі қандай?Сұр жыланның күш көрсеткен жерін,торғайдың аспанға қалай ұшып шыққанын сипаттаған жерін тауып оқы.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Мәтінді бөліктерге бөл. (Торғайдың шырылы.Сұр жыланның арбауы. Ақбілектің көмегі. ...) Мәтіндегі өзіңе ұнаған сөз тіркестерін дәптеріңе жазып, жаттап ал.
ҮІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Онда не жайлы екен? Суретпен жұмыс. Суреттен не көріп тұрсың? Суретке сүйеніп, жыланнан қорыққан торғайды сипатта.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:1.мәтінді оқу, әңгімелеу, суретін салу.2.Бағалау
№ 91. Тақырыбы: Қайрымдылық. Мағзұм Сүндетов
Мақсаты: Оқушыларға қайрымдылық,мейрімділік жайлы айта келе, түсініп оқуға үйрету; тілін, сөйлеу мәдениетін, ой өрісін дамыту; үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: оқулық, сөздік жазылған плакат,суреттер.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Әңгіме қалай аталған? («Торғай»). Неге торғайдың жан ұшырып шырылдап жүрді. Неге торғай жерге құлап түсті? Оған кім көмекке келді? Есін жиған торғай не істеді? Ақбілектің есіне қандай ойлар келді. Ақбілек неге қуанды?
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау: Егер сен Ақбілектің орнында болсаң не істер едің? Жылан жайында өзің естіген қандай оқиғалар білесің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қалай ойлайсың тазалық керек пе? Ол не үшін керек?
Ү. Жаңа сабақ: 1.2.Оқулықпен жұмыс. Мағзұм Сүндетовтың «Қайырымдылық» әңгімесін түсініп оқу. Жалғастырып тізбектей оқу. Сөздік жұмыс. Бәкене- аласа. Қақ- іркіліп қалған жауын суы. 3. Бала Мұхтар киімін қалай ұстайтын? Анасы қандай ескерту айтатын? Мұғалім класс алдында Мұхтар жайлы не деді? Үйіне қайтқанда ол қандай оқиға куәсі болды. Ол не істеді? Неге Мұхтар қуанды? Балалардың әрекеті дұрыс па? Мұхтар неге ұялды? Апасы не деді? Мұхтарға апасының несі ұнады?
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Мұхтардың іс-әрекетіне баға бер. Егер сен Мұхтардың орнында болсаң не істер едің?
ҮІІ .Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Қайырымдылық деген не? Қайырымдылыққа тағы не жатады?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Түсініп оқу, мазмұнын айту. Бағалау.
№ 92. Тақырыбы: Киіктің айласы. Әуелбек Қоңыратбаев
Мақсаты: Мәтінді түсініп оқуға, мәтіннің негізгі ойын табуға үйрету; тілін , дұрыс сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту; ақылдылыққа, ойланып іс-әрекет істеуге тәрбиелеу; адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі : аралас. Көрнекілігі: оқулық, сурет.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Бала Мұхтар киімін қалай ұстайтын? Анасы қандай ескерту айтатын? Мұғалім класс алдында Мұхтар жайлы не деді? Үйіне қайтқанда ол қандай оқиға куәсі болды. Ол не істеді? Неге Мұхтар қуанды? Балалардың әрекеті дұрыс па? Мұхтар неге ұялды? Апасы не деді? Мұхтарға апасының несі ұнады?
ІІІ. Өткенді пысықтау: Мұхтардың іс-әрекетіне баға бер. Қайырымдылық деген не? Қайырымдылыққа тағы не жатады?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі. 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар кім біледі киіктің баласын қалай атайды? Киікті қай жерден көрдің?
Ү. Жаңа сабақ. Кітаппен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу.Әр жабайы аң мен жануарлар жауларынан қалай сақтанады екен? Киіктер лақтарымен суатқа келгенде, оларды нелер күтіп тұрған? Сонда ақсақ теке қандай айла ойлап тапты? Шынында да теке ақсақ па екен? Неге олай істеді деп ойлайсың? (Үйірін, қатаймаған лақтарын аман сақтау үшін өтірік ақсап, айла етті. Қасқырларды басқа жаққа адастырып әкетті.) Ақбөкен қандай жануар екен? Ол туралы не білесің?
ҮІ. Білімдерін тексеру: Аң мен жануарлардың жауларынан сақтанатын қару-құралын, айла- тәсілін ата. (қасқырдың қаруы- тіс, қабанның қаруы-азу, Ақбөкен-аяғымен.) «Таяқ сілтем жер» тіркесіндегі «таяқ сілтем» сөзін басқаша айтып көр. (жақын, алыс емес,...) «Діңкесі құрыған» тіркесінің мағыналас қатарын тап. (шаршаған, әлсіреген,талған, ...)
ҮІІ Қорыту. Бүгін қандай тақырып өттік? Әңгіме нелер жайлы екен? Ақсақ киіктің ақылдылығын көрсететін тұсты тағы бір оқып шық. Суретпен жұмыс. Суретке зер сал. Мәтінге сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құр.
ҮІІІ Үйден: 1. Оқу, әңгімелеу; Табиғаттағы аң-құстардың тіршілігі туралы әңгімеле.
2. Бағалау.
№ 93. Тақырыбы: Көкшенің көрінісі. Сәбит Мұқанов
Мақсаты: Сәбит Мұқанов- өмірбаянымен таныстырып, мәтінді түсініп оқуға, мәтіннің негізгі ойын табуға үйрету; дұрыс ойлау, сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту; әсемдікке, сұлулыққа баулу.
Сабақтың түрі : аралас. Көрнекілігі: оқулық, суреттер топтамасы.
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойланып табу.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушы зейінін сабаққа аудару.
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Әр жабайы аң мен жануарлар жауларынан қалай сақтанады екен? Киіктер лақтарымен суатқа келгенде, оларды нелер күтіп тұрған? Сонда ақсақ теке қандай айла тапты? Шынында да теке ақсақ па екен? Неге олай істеді деп ойлайсың?
ІІІ. Өткенді қорыту: Аң мен жануарлардың жауларынан сақтанатын қару-құралын, айла- тәсілін ата. Ақсақ киіктің ақылдылығы, айлакерлігі неде?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. 3. Сурет топтамасымен жұмыс істеу. Сәбит Мұқанов кім?
Ү. Жаңа сабақ: 1. Сәбит Мұқанов –аса көрнекті жазушы.» 1900-1973). Сұлушаш, Ботагөз, Адасқандар, т.б. ... еңбектері бар. 2.Оқулықпен жұмыс.Мәтінді түсініп, жалғастырып оқу. Жазушының Көкшемен тілдескен жерін тауып оқы. 3. Жазушы Көкшенің көркін қалай суреттеген? Неліктен Көкшені гауһар тастан жасалған күмбезге, аспанға теңейді? Көкшенің көркін өте көркем көрсетіп тұрған не?
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Жазушының тіліне зер сал. Осы мәтіндегі қандай сөздерді бояп көрсетер едің? Қандай түске бояр едің?
ҮІІ .Қорыту: 1.Бүгін қандай тақырып өттік? Кім жайлы білдік? Сәбит ата жайлы не білетін болдық? 2. «Көкшенің» деген сөзден басталатын азат жолдан бастап, аяғына дейінгі тұсты есіңе сақтап ал.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:түсініп оқып, мазмұнын әңгімелеу, суретін салу. Бағалау.
№ 94. Тақырыбы: Мазмұндама «Ұшқыш кілем»
Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.
Түрі: жазбаша бақылау. Әдісі: қорыту
Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. « Алақан» жаттығуы.
Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.
ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;
ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).
Ұшқыш кілем
Адамдар ертеде әуеде ұшып жүруді көп аңсаған. Сондықтан олар ұшқыш кілем туралы ертегіні ойлап шығарады. Алыс сапарларға жылдам барсақ деп ойлады.
Қазіргі кезде адамдардың ойлары, армандары орындалды. Ұшқыш кілем болмағанмен, ұшақтар бар. Оған ұшқан құста жете алмайды. Сол ұшақтармен кез келген жерге жылдам жетуге болады. Тіпті, айға да ұшып барып келуге болады.
Жоспар:
Адамдардың арманы. 2.Орындалған арман.
ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық? Ал, сен қалай ойлайсың, адамдардың арманы орындалды ма? Ү. Үйге тапсырма: қайталау.
№ 95. Тақырыбы: Ақсақ киік. Сәкен Сейфуллин
Мақсаты: Оқушыларға мамандықтар жайлы түсінік бере отырып, мәнерлеп түсініп оқуға үйрету; тілін, сөйлеу мәдениетін, ой өрісін дамыту; үлкенді сыйлауға, құрметтеу тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, сызба
Барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Сәбит Мұқанов Көкшемен қалай тілдесті. Жазушы Көкшенің көркін қалай суреттеді? Неліктен Көкшені гауһар тастан жасалған күмбезге, аспанға теңеді? Көкшенің көркін өте көркем көрсетіп тұрған не?
ІІІ.Үй тапсырмасын қорыту: Осы әңгімені оқыған кезіңде қандай әсер алдың? Осы суреттеуден кейін қандай сурет салар едің? Қандай бояуды сен көп пайдаланар едің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. «Табиғат- менің өз үйім» тарауында қандай жануарлармен жақын таныстық? (торғай, күшік, киік пен құралайы). Бүгінгі сабақта Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңімен танысамыз. Осы өлеңнен қандай әсер алатыныңды айт.
Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Өлеңнен киіктің сұлулығын бейнелейтін жолдарды тауып оқы. Оқ тиген киік халін суреттеген тұстарды тауып оқы. Сұрақ - жауап: Киік қай жерді мекендейді екен? Ақын киікті атқан адамдарға қандай назасын білдіреді? Неге деп ойлайсың? Қазақ киікті басқаша қалай атайды екен? (бөкен). Бөкеннің сұлулығын ақын қалай суреттейді? Бөкенді ақын кімге теңейді? Сөзінің соңын ақын қалай аяқтап отыр?
ҮІ. Білімді тексеру: Киікті атқан адамға деген өз көз қарасыңды білдір. Осының алдында оқыған «Киіктің айласы» деген әңгімені пайдаланып, ол туралы әңгімеле.
ҮІІ. Қорыту: Бүгінгі сабақта қандай тақырып өттік? Суретпен жұмыс. Суретте не бейнеленген? Суреттегі киіктің халі туралы не айтасың? Өлең, сурет саған қандай көңіл күй туғызды? Табиғатты қорғау дегенді қалай түсінесің?
ҮІІІ. Үйге тапсырма:1. мәнерлеп оқу, табиғатта қорғау туралы тиым сөздер жинастыр. 2.Бағалау.
№ 96. Тақырыбы: Бүркіт. Б.Емельянов (орыс жазушысы)
Мақсаты: Оқушыларға Б.Емельяновтың «Бүркіт» әңгімесін оқыта отырып, түсініп оқуға үйрету; тілін , сөйлеу мәдениетін, ой өрісін дамыту; қайрымдылыққа, мейрімділікке баулу
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу.
Көрнекілігі: суреттер, сызба, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Киік қай жерді мекендейді екен? Ақын киікті атқан адамдарға қандай назасын білдіреді? Неге деп ойлайсың? Қазақ киікті басқаша қалай атайды екен? (бөкен). Бөкеннің сұлулығын ақын қалай суреттейді? Бөкенді ақын кімге теңейді? Сөзінің соңын ақын қалай аяқтап отыр?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Қалай ойлайсың табиғатты қорғау керек пе? Онда қандай қазақтың тиым сөздерін таптың?( «.Қойдың сүті қорғасын, Қойды ұрған оңбасын», «Көтерем деп түйеден безбе, Салтанатың емес пе, Тебеген деп биеден безбе, Қос қанатың емес пе.», «Итті тепкен ырысты тебеді.», ...)
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Бүркіт қандай құс? Оны суреті қайда кездеседі? Мағынасы неде? (мемлекеттік туда, дала бүркіті – қазақстандықтар ұғымынды – дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі.)
Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Мәтінді жалғастыру арқылы түсініп оқу. (алдын ала ескерту, оқыған кезде кітапта берілген суреттерді ойша ретімен орналастырып отыр.) Мәтіннің әр бөлігіне ат қой.(Қонақты қарсы алу. Бүркіттің қайырымдылығы. т.б. ...) Мәтінге сүйеніп, қазақ ауылы тұрған жерді суретте. Бүркітті сипаттап көр. Бүркіттің әрекетін жауыз адамдар әрекетімен салыстыр. Дәптермен жұмыс. Мәтіндегі ең соңғы сөйлемді оқып, дәптеріңе жазып ал.Бұл кімге байланысты айтылған?
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Қазақ ауылына кімдер келді? Гайдар нені байқады? Қария оларға не білдірді? (ілтипат). Екі қарт дегені кімдер еді? Неге? Бүркітті ауылға кім әкелді? Оба ауруын қайдан әкелді? Оны қалай емдеді? Неге оларды әскермен қоршады? Қалай бүркіт адамдарға тамақ тасыды? Бүркіт қалай соқыр боп қалды? Гайдар нені үйрен деді?
ҮІІ. Қорыту. Бүгінгі сабақтан не өттік? Не жайлы білдік? Суретпен жұмыс. Кітаптағы сурет бойынша мультфильм құрастыр. Ретімен орналастыр. Өзің қандай сурет қосар едің?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2.Бағалау.
№ 97.Сабақтың тақырыбы:Алтай аясында. Иса Байзақов
Мақсаты: Иса Байзақовтың «Алтай аясында» өлеңін мәнерлеп оқи отырып, табиғаттың сұлулығы, әсемдігі жайлы түсінігін қалыптастыру; мәнерлеп оқуға, еркін сөйлеуге баули отырып сөздік қорын дамыту; қоршаған орта табиғатын қорғай, зерттей білуге,өз елінің байлығын дәріптей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, іздену.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер, Қазақстан картасы..
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй жұмысын сұрау: «Бүркіт» әңгімесінен не жайлы білдік? Қазақ ауылына кімдер келді? Гайдар нені байқады? Қария оларға не білдірді? (ілтипат). Екі қарт дегені кімдер еді? Неге? Бүркітті ауылға кім әкелді? Оба ауруын қайдан әкелді? Оны қалай емдеді? Неге оларды әскермен қоршады? Қалай бүркіт адамдарға тамақ тасыды? Бүркіт қалай соқыр боп қалды? Гайдар нені үйрен деді?
ІІІ. Үй жұмысын пысықтау: Саған бүркіттің іс-әрекеті ұнады ма? Қандай баға берер едің? Осы әңгімеден өзіңе қандай әсер алдың? Достық, мейрімділік дегенді қалай түсінесің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қазақстанда қандай таулар бар білесің бе? «Алатау, Қаратау, Тарбағатай, Бақай, Матай, ................)
Ү.Жаңа сабақ: 1.Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу; іштей, тізбектей, жеке-жеке оқу, мағынасына көңіл бөлу. Өлеңде қандай тау туралы жырланған. (Алтай) 2.Сөздік жұмыс: Аясына - мұнда: құшағында. Күйік – мұң, қайғы. Өршіл – биікке құмар. Сайын – кең, кең жазық. 3. Теріп оқу: Өлеңнен қарға, бұлт, айға қатысты сөздерді тап. Әр сөз тіркесінің тауға қатысын түсіндір. (торғын киген бұлт; ақша қар; жібектей бұлттан; ай шағылып). Өлеңнен Алтай тауының биіктігін көрсеткен жолдарды тауып оқы. Сергіту сәті
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Өлеңге сүйеніп, алтай тауынан өндірілетін кендерді ата. (алтын, күміс). Қазақстандағы Алтай тауынан басқа таулардың аттарын ата. Алтай таулары қандай дейді? Оның басына жете алмай не күйік шертеді екен? Алтай тауларында қандай жануарлар мекендейді екен? Басына бұлттан басқа не жетеді? Алтай не құсады дейді?
ҮІІ. Қорыту: Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік? Суретпен жұмыс. Суретке зер сал. Өлеңдегі ақын сөздерін пайдаланып, Алтай тауын сипатта.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқусурет салу. Бағалау.
№ 98. Сабақтың тақырыбы: Көжек (Ертегі)
Мақсаты: Туған жер, аяушылық жайлы түсінік бере отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойлап сөйлеп, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құрып, ой-қиялын тиянақтай білуге дағдыландыру; аяушылық, қорқыныш, мейрімділік сезімін сезе білуге, туған жерге деген сезімін арттыруға баулу.
Сабақтың түрі : аралас. Көрнекілік: оқулық, қоянның суреті.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»
ІІ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Ертегіні түсініп оқу. Шаруаның көжекке аяушылықпен айтқан сөзін білдіріп тұрған сөздерді тауып оқы. (- Сорлы көжек! Балаға рақымсыз шешең сені тастаған соң, ...). Көжектің қорқынышты халі суреттелген жерді тауып оқы. ( Әрқайсысы қолына бір-бір шыбық жасап алып, ...) Мәтіннің соңындағы көжектің сөзін оқып, оның мәнін түсіндір.
ІІІ. Пысықтау: «Жат жерде көзге түрткі болып өлгенше, мұз да болса, анамның тапқан жерінде өлемін!- депті.» қалай түсінесің? Әңгімелеп көр. Туған жердің ыстық, қымбат болатыны жайында бұрын оқыған мәтіндеріңді еске түсіріп көр. (Ж. Аймауытов. «Қартқожаның туған жері», С. Жүнісов «Кімнің мекені жақсы», Ө. Тұрманжановтың өлеңі «Туған өлкем» - 2 кластан; «Туған елім, туған жерім» атты тарауында «Туған ел» өлеңі, С. Мәуленов «Мен елімді сүйемін» т.б. ...)
ІҮ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Не жайлы білдік? Туған жер жөнінде мақал-мәтелдер айт. (Ит тойған жеріне, Ер туған еліне. Туған жердің түтіні де тәтті. Ел дегенде езіліп, Жұрт дегенде жұмылып істе. Туған жерің түсіңе кіреді. Елің- панаң, Жерің-анаң. ...)
Ү. Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу, әңгімелеу. Бағалау
№ 99. Тақырыбы: Қамқорлық. Бердібек Соқпақбаев
Мақсаты: Табиғатты қорғауға, мейрімділікке баули отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру; табиғаттағы тірі тіршілікке жанашырлықпен қарауға, қорғауға, мейрімділікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі : аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап,талдау, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Көжек» атты ертегі не жайлы екен? Көжекті тастап кеткен (кім? анасы)(не? қоянның анасы) Оны кім тауып алды? Қайда әкелді? Ал, көжек болса не істеді? Шаруаның аяушылығына көжек не деп жауап берді?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Саған ертегі ұнады ма? Туған жер деген сөз саған қандай әсер етеді? Туған жер жайлы қандай мақал-мәтелдер білесің?
ІҮ.Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Балалар, үйлеріңде қандай жануарлар немесе құстар бағасыңдар?
Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Бердібек Соқпақбаевтың «Қамқорлық» әңгімесін түсініп, жалғастырып оқу. Суретпен жұмыс. Осы суретте мәтіндегі қандай оқиға бейнеленген?
-Мәтінге сүйеніп, суреттегі торғайдың халін сипатта.
-Торғайдың халі сенде қандай көңіл күй туғызды? Жантастың қылығы ше? Өз көз қарасыңды білдір?
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: «Табиғат-менің өз үйім.» бөлімінен торғай туралы қандай әңгіме оқып едің? Есіңе түсір. (Ж. Аймауытовтың «Торғай» әңгімесі). Ж. Аймауытов пен Б. Соқпақбаевтың шығармаларын салыстыр.
Сұрағы. |
Жүсіпбек Аймауытов |
Бердібек Соқпақбаев |
Әңгімесі қалай аталады? |
(Торғай) |
(Қамқорлық) |
Торғай неден қорқып еді? |
(жылыннан) |
(Жантастан) |
Торғайға ара түскен кім? |
(Ақбілектен) |
(Қожадан) |
ҮІІ. Қорыту. Бүгін қандай тақырып өттік? Не жайлы білдік? Қожаның орнында сен болсаң не істер едің?
ҮІІІ Үйге тапсырма:1. оқу, салыстырып сипаттау. 2. Бағалау.
№ 100. Сабақтың тақырыбы: Арқарға үлкен мүйіз неге керек?
Кәдірбек Сегізбай
Сабақтың мақсаты: Арқарға мүйіздің не үшін керектігі жайлы айта отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру; табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ. Көрнекілік: суреттер, сөзжұмбақ, плакат
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,баяндау, сұрақ-жауап , іздену.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Бердібек Соқпақбаевтың «Қамқорлық» әңгімесінен біз не білдік? Торғай қалай отыр еді? Жантас не істеді? Жантастан торғай не істегендей болды? Бірақ, Жантас оны аяды ма? Торғайға кім арашашы болды? Қожа қандай қамқорлық жасады?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Осы екі баланың қайсысының қылығы дұрыс, қайсысының қылығы дұрыс емес? Неліктен? Сен не істер едің?
ІҮ.Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Қалай ойлайсың, арқарға үлкен мүйіз неге керек?
Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Дауыстап, жалғастырып, түсініп оқу. Қошанның атасы кім болып істейді деп ойлайсың? (Орманшы) Ол атасымен қайда барды? (орманға) Жол-жөнекей Қошан не істеуден шаршамады? Олар жолдан не көрді? Атасы не деді? Қошан атасының сұрағына қалай жауап іздеді? Жауабын таба алды ма? Сонымен, арқарға мүйіз не үшін керек екен? Өзіңнің мәтінді оқымай тұрып берген жауабыңмен салыстыр.
ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Мәтіннің әрбір бөлігіне ат қой. (Серуенге шығу. Арқардың мүйізі. Мүйіздің пайдасы. Немесе өзің басқаша ат қойып көр т.б. ...)
ҮІІ.Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік? Арқарға мүйіз не үшін керек екен? ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. мәтінді оқы, ойлан, әңгімеле. Бағалау.
№ 101. Сабақтың тақырыбы: Бетпақдала. Ақселеу Сейдімбек. (аңыз)
Мақсаты: Жері шүйгін, отын- суы мол жердің «Бетпақдалаға» айналуы жайлы аңызбен таныстыра отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру; табиғаттағы тіршілікті сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: оқулық, бетбақдала суреттері. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу.
Түрі: аралас.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару. «Алақан» жаттығуы.
Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Қошанның атасы кім болып істейді? Ол атасымен қайда барды? Жол-жөнекей Қошан не істеуден шаршамады? Олар жолдан не көрді? Атасы не деді? Қошан атасының сұрағына қалай жауап іздеді? Жауабын таба алды ма? Сонымен, арқарға мүйіз не үшін керек екен?
ІІІ.Үй тапсырмасын пысықтау: Арқарға мүйіз не үшін керек? Қошан қандай бала? Мінездеме беріп көр. Сенің көзқарасың?
ІҮ.Мақсат қою : 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Суреттер топтамасымен жұмыс
Ү. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп, жалғастырып оқу. Нәубет деген не? (тағы бір қасірет) Мәтіннен осы сөздің мағынасын ашатын жолдарды тауып оқы. Табиғаттағы тіршіліктің бір-бірімен байланысты екенін мәтінге сүйеніп айтып көр. Дәптермен жұмыс. Мәтіндегі мақал-мәтелдерді тауып жаз. «Жері байдың-елі бай», «Байлық не дегізбейді», «Ел іші-алтын бесік», «Есті ханның қайғысы ақылменен басылар, есер ханның қайғысы ашу болып шашылыр» , «Жұт жеті ағайынды».
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Құрт-құмырсқа, бақа-шаян, құстар атын және тышқан түрлерін, т.б. жан –жануарлар аттарын дұрыс оқып, жазылуын есте сақта. Суретпен жұмыс. Мәтінге сүйеніп, суретті салыстыра сипатта. Әр суретке тақырып ойла. Өзің қандай жерде тұрар едің?
ҮІІ. Бекіту: Бүгін қандай тақырыпты өттік? «Бетпақдала» деп неліктен айтады? Сен туған жеріңнің табиғатын көркейту үшін қандай үлес қосып жүрсің? Ойыңды қорытып, суреттерді салыстыра әңгіме құра.
ҮІІІ. Үйге тапсырма.1. оқу, әңгімелеу. 2.Бағалау.
№ 102. Сабақтың тақырыбы: Шығарма « Сүйемін мен-ана тілін»
Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, өзне таныс мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.
Түрі: жазбаша өздік жұмыс . Әдісі: қорыту
Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару: Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;
ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің тақырып бойынша оқушы ойын қорытуға көмектесуі. Оның басы, негізгі бөлімі, соңын анықтау. Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).
Шығарма жазуда мына жоспарға назар аудар.
Мазмұндау жоспары:
Тіл, сөйлеу, дегенді қалай түсінесің, тіл не үшін қажет. (айту, пікірлесу, сөйлесу, дәлелдеу, ойын жеткізу, сәлемдесу т.т.) 2. Адамдар сөйлемесе қалай болар еді деп ойлайсың? 3.Ана тіліңді неліктен жақсы көресің? 4.Ана тілің туралы көптеген мақал- мәтелдер, өлеңдер бар. Білсең жазып, мәнін түсіндір.5.Ойыңды қорытындыла.
Оқушының жазба жұмысты өздігінен орындауы.
ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Ана тіліңе сенің құрметің?
Ү. Үйге тапсырма: өткенді қайталау.
№ 103. Сабақтың тақырыбы: Өз біліміңді тексер. (бөлімді қайталау,тест.)
Мақсаты: «Табиғат-менің өз үйім.» тарауын қайталай отырып білімімен, біліктілігін бақылау, сөздік қорын жетілдіру; жан-жақты ойлауға үйрену қабілетін дамыту; әдептілікке, инабаттылыққа және табиғатты қорғау, бақылау, зерттей білуге тәрбиелеу.
Түрі: қайталау. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену, өзіндік жұмыс.
Көрнекілігі: арнайы суреттер, тест материалы.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын хабарлау, оқушы зейінін сабаққа аудару. Біз қандай тарауды аяқтадық? «Табиғат-менің өз үйім» тарауынан неге үйрендік, не білдік? Қандай ақын, жазушылардың еңбегімен таныстық?
ІІІ. Өткенді қайталау:
1.«Түсіндіреміз және дәлелдейміз» деген ұғыммен таныстыру. Түсіндіргенде себебі анықталады. Бір нәрсені түсіндіру барысында дәлелдейді де.
Көркем шығармада да дәлелдеу бар. Онда әрбір оқиғаның неге олай болғаны дәлелденіп отырады.
Мысалы: Ә.Қоңыратбаевтың «Киіктің айласы» әңгімесін алайық. Бір топ киіктің суатқа келуінің себебін олардың шөлдеп су ішкісі келгенмен дәлелдейді. Сол сияқты автор ақсақ текенің өз тобынан дараланып, жеке қашқанын қасқырдың киіктерге тап бергенімен дәлелдейді. Әлгі текенің шынында ақсақ емес, лақтарын аман сақтау үшін істеген айласы екенін қасқырлардан аман-есен құтылып кеткенімен дәлелдейді.
Міне, көрдің бе, шығармадағы әрбір оқиғаға автордың дәлелі бар.Осындай үлгімен осы бөлімдегі шығармаларды талдап көрелік.
2.Өздігінен тапсырмаларды орындау:
М. Сүндетовтің «Қайрымдылық» әңгімесіндегі Мұхтардың үстін ластап алуының себебі неде? ( Үш-төрт баланың күшікке тас атып, суға түсіруі. Мұхтардың оны құтқаруы, қайырымдылық жасауы.)
Б. Емельяновтың «Бүркіт» әңгімесіндегі бүркіттің соқыр болып қалуы қандай оқиғамен дәлелденеді? (жауыз адамдар сатып алғылары келді, бірақ досты сатуға бола ма? Мұхтар сатпады. Содан соң олар бүркіттің көзін күйдіріп түсірді.)
А. Сейдімбектің «Бетпақдала» ертегісіндегі оқиғаларды пайдаланып, табиғаттағы тіршіліктің бір-бірімен байланысты болатынын түсіндіріп көр. (Жусанды жұлу құрт-құмырсқа, кене мен бүйінің қаптап кетуіне келтірілді. Шаян шағып ханның тұлпары өледі. Құрт-құмырсқа, кене мен бүйі-шаян, өрмекші, қарақұрт, жылан, кесірткені қырады. Құстар қырыла бастайды жейтін зат таппай. Енді тышқан мен жыланның алуан түрі қаптайды. Осылай, жері тозып, елі босқан хан жұртта қалған жетім күшіктей ұлып, осы далада азып-тозып өліпті дейді. Содан бері ел-жұрт бұл даланы «Бетпақдала» деп атап кеткен екен.)
Осы бөлімдегі табиғатты қорғауда балалардың жақсы істері жөнінде жазылған шығармаларды ата. (Қайрымдылық. Торғай.Қамқорлық.)
Бөлім неліктен «Табиғат-менің өз үйім.» деп аталған? Өз ойыңды білдір.
ІҮ. Білімін тексеру: Тест. (жауабы: 1. А- Өзен; 2. Ә-Ж. Аймауытов. Торғай; 3. Б-ә.Қоңыратбаев киіктің айласы; 4. А-Құралай; 5. А-И.Байзақов. Алтай аясында; 6. Б-Сипаттау; 7. А-Гайдар; 8. Ә-Қожа; 9. Б- Арқар биіктен секірген кезде аяғымен емес,мүйізімен жерді сүзе құлайды да, аунап тұрып,кете береді- сол үшін керек; 10. А- А. Сейдімбек. Бетпақдала;
Ү. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта біз не істедік? Сонымен, «Табиғат-менің өз үйім» тарауынан неге үйрендік, не білдік?
ҮІ. Үйге тапсырма:1. Өткенді қайталау. 2. бағалау.
