Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сабақ жоспары-3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
16.85 Mб
Скачать

Iiі. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

  1. Краншы кранмен жоғарғы қабаттарға құрылыс материалдарын көтереді.

  2. Жүргізуші жүкті жүк машинасымен тасиды.

  3. Кірпіш қалаушы кірпіштерді жүкшығырмен екінші қабатқа көтереді.

  4. Диірменші дәнді дақылдарды тартып, ұн шығарады.

  5. Тракторшы құрылыс алаңынан трактормен қоқыстарды шығарады.

Қорытынды жаса

  1. Құрастырғыш бөлшектерінен шаршы және үшбұрыш жаса. Бұрама мен бұрандаларын мықтап бекіт.

  2. а) Шаршыны әрі – бері қозға; ә) үшбұрышты да қозға; б) қайсысы мықтырақ?

Өздік жұмыс. Сен қай техниканы жасайсың?(кран, жүк машинасы, трактор)

ІV. Сергіту сәті .V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

  1. Сұрақтарға жауап алу:

  1. Қай техника егіс алқабында жұмыс істеуге арналған? Топпен «Ауыл шаруашылық паркі» жобасын талқылаңдар.

  2. Ж ұмысты топ ішінде бөліп алыңдар. Сен қай техниканы жасайсың?

  3. Ж обаны 71 – беттегі схема ( ) бойынша жаса.

  4. Жобаның әрбір кезеңін түсіндір.

  5. Қажетті материал мен құрал – саймандарды таңдап ал.

  6. Жолдастарыңның модельдерін және техника паркін құрастырудың принципін талқылауға қатыс.

  7. Өз моделіңнің маңыздылығын түсіндір.

  1. Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.

VI. Қорыту. VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 96-98 бет оқу. 2. Бағалау

38. Тақырыбы: Ағашпен жұмыс істеу әліппесі

Мақсаты: Ағашпен жұмыс істеу әліппесі тәсілін үйрету.Білімін, ой – өрісін дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: қолара, ағаш, табиғи материал.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық

II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау. Ағашпен жұмыс істеу әліппесі

Iiі. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

  1. Бір шебер ағаштан әр түрлі жиһаз – үстел, орындық, шкаф жасай алады. Ол – ағаш шебері. Келесі шебері. Келесі шебер бөренеден үй салады. Ол – ағаш ұстасы. Тағы бір шебер ағаш ғимараттар мен үйлердің жобасын сызады. Ол – архитектор.

  2. Ағаш кесу үшін қолараны пайдаланамыз. Қолараның тістері пышақ сияқты өткір. Оны тек үлкендердің көмегімен ғана пайдалану керек. Қураған ағаштың бұтағынан шайнектің, табаның астына қоятын ыдыс қойғыш жасауға болады. Ол үшін арамен діңінен кесіп алу керек. Оны кесінді деп атаймыз.

Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.

Қолараның сабын жоғары, жүзін өзіңе қаратып ұсын.

Ағаш бұтақтары мен түбірінен бейнелер модельдеу жаса. Мысалы «Кесіндіден жасалған қоян». Ұзын құлақ сұр қоян

ІV. Сергіту сәті . V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Сұрақтарға жауап алу

1.Мұқият қарап, тосын бейнелерді байқауға тырыс. 2.Өзің де қиялдап көр.

3.Өз ойыңды жүзеге асыруға көмектесетін ағаш бұтақтары мен түбірін таңдап ал.

VI. Қорыту. VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 99-101 бет оқу. 2. Бағалау

39. Тақырыбы: Ағашпен жұмыс істеу әліппесі

Мақсаты: Бұтақтан құрамақтар жасау тәсілін үйрету.Ұқыптылыққа үйрету.Білімін дамыту.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: шыбықтар, қайшы, пышақ, қағаз, лак.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық

II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау. Бұтақтан құрамақтар жасау.

IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Тармақтары мен шыбықтары көп бұтақтар мен түбірлерді таңдаңдар. Олардан сендер қандай да бір қиялдағы тіршілік иесінің бейнесін байқайсыңдар. Үйеңкі, терек, қайың ағаштары – жұмсақ та жақсы материал. Бұтақтарды ағашты маусымдық өңдеу орындарынан немесе орманнан жинауға болады.

Бұтақтан құрамақтар жасау.

Ағаштардың қураған бұтақтарына зер салып қараңдар. Әрбір бұтақты жануар бейнесінде елестетуге болады. Бір бұтақ таңдап алып, сәндік бұйым құрастырыңдар.

  1. Бұтақты тазала. Бұрғымен тесік жасап, шеге қағуға мұғалімнен, үйдегі үлкендерден көмек сұра. Лак жағып безендір.

Түзу бұтақтардан үй, сарай, балабақша құрылысын жасай аламыз.

Құрамақ жасауға тек қураған бұтақтарды пайдалану керек.

Бұтақтарды біріне – бірін желіммен жабыстырып, жіппен байлап, ермексазбен және саз балшықпен жапсырмалап біріктіреміз. Мысалы, әдеттегі бұтақтан сыйлыққа арналған әдемі зат жасауға болады.

ІV. Сергіту сәті. V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Сұрақтарға жауап алу

  1. Ағаштан қандай сәндік бұйымдар жасай аласың?

  2. Табиғи материалдармен жұмыс істегенде қандай қиындықтар тууы мүмкін?

  3. Шеберлер деп кімдерді айтамыз?

  1. Ағаш бұтағынан, емен жаңғағынан қандай нәрселер жасауға болады.

Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.

VI. Қорыту. VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 101-104 бет оқу. 2. Бағалау

40. Тақырыбы: Көркем еңбек. Ұлттық киімдер.

Мақсаты:Ұлттық киімдермен танысу және жасау тәсілін үйрену. Ұқыптылыққа дамыту. Білімін дамыту.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: түсті қағаздар, қайшы, желім.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық

II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау. Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері. IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері: 1. Үкілі тақия; 2. Көйлек; 3. Камзол; 4. Етік; 6. Кебіс

Ер адамдардың сырт киімдерінің бірі - шапан. Ол ою-өрнегі және кестесімен, басқа халықтарға ұқсамайтын киім үлгісімен ерекшеленеді. Ұлттық киімдер зермен көмкерілген ою-өрнектер, бағалы тастармен әшекейленеді. Зер – сән бұйымдарын жасауға пайдаланылатын әдемі, сары түсті жіп.Ер адамдар тақия, бөрік, тымақ, қалпақ киген. Тымақ пен бөрікті сеңсеңнен, аң терілерінен жасап, барқыт, қыжым, атласпен тыстайды. Тымақ, бөріктердің бірнеше түрі бар. Тымақ Қазақстанның солтүстік аймақтарында қыс өте суық болғандықтан, шопандар мен жылқышылар үшін таптырмайтын бас киім. Ал жаздың ыстық күндерінде тақия киген дұрыс. Ерлер киетін тақиялар «қошқармүйіз», «шырмауық» өрнектерімен кестеленеді. Бөрікті, сәукелені ермексаздан жасап фольга, түрлі түсті қағаз, моншақпен әшекейле.

ІV. Сергіту сәті . V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Сұрақтарға жауап алу:

  1. Қазақ халқының қандай ұлттық киімдерін білесің?

  2. Ерлердің бас киімдерінің қандай түрлерімен таныстың?

Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.

VI. Қорыту. VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 105-106 бет оқу. 2. Қазақтың ұлттық киімін киген қыз бейнесін қатырма қағаздан жаса. 3. Бағалау

41 Тақырыбы: Ұлттық киімдер

Мақсаты: Орыс, ұйғыр халының ұлттық киім үлгілерімен таныстыру және жасау тәсілін үйрену. Ұқыптылыққа дамыту. Білімін дамыту.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы

Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу. Көрнекілігі: әртүрлі ұлттардың киімдері

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау

IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Қазақстан халықтарының дәстүрлі киім үлгілері. Әр қатардағы киім үлгілерінің қай халықтың киім екенін анықтаңдар. (қазақ, орыс,ұйғыр). Дұрыс балалар, біз бүгін орыс, ұйғыр халқының ұлттық киімдерімен танысамыз және құрастырып үйренеміз. Сурет бойынша жұмыс. Өз беттеріңше киім үлгісін қиып, жапсырыңдар.

ІV. Сергіту сәті . V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Сұрақтарға жауап алу:

  1. Суреттерде ұйғырдың қандай киім үлгілері көрсетілген? (тақия, шапан, етік)

  2. Қағаздан бас киім құрастыру үшін не істейсің?

Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.

VI. Қорыту. VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 109-110 бет оқу. 2. Қазақтың ұлттық киімін киген қыз бейнесін қатырма қағаздан жаса. 3. Бағалау

42 Тақырыбы: Ермексаздан ыдыс жасау.

Мақсаты: Ермексаздан ыдыс жасау тәсілін үйрену. Ой өрісін дамыту. Ұқыптылыққа шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: ермексаз, жіп, ыдыс үлгілері.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық.

II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау. Ермексаздан ыдыс жасау.

IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Ағаш ұсталары ыдыс –аяқ жасауға айырықша ден қойған. Ыдыстарды негізінен қайыңнан жасаған. Өйткені қайың – мықты ағаш. Әбден кепкен қайында иіс те, шайыр да болмайды. Оған құйылған астың дәмі де бұзылмайды. Бұйымдардың пішіні, оюлары нені елестетеді? Әрине, пішін, түс, сурет, үйлесімділік табиғаттан алынған. Ыдыстар ұқсас, бәрінің пішіні бірдей. Конус тәрізді, қырлы, ортасы бүйірлі. Олардың тұтқасы, қақпағы және өрнектері де белгілі бір компазициямен жасалған. Соған қарағанда ыдыстардың барлығы белгілі бір стильмен жасалады.

ІV. Сергіту сәті