Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сабақ жоспары-3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
16.85 Mб
Скачать

V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Сұрақ – жауап: Бұл қызықты құрамақтарды дайындауда қандай геометриялық пішіндер қолданылған? Қалай ойлайсың, олар қандай жануарларға ұқсайды?

VI. Қорыту: Қорытындылау. Бүгін сабақта не істедік?

VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 52 – 53, 54 бет оқу. Бағалау

25. Тақырыбы: Әуе шары туралы қиялға шому.

Мақсаты: Оқушыларға қызықты ойыншықтар жасау туралы түсінік беру. Білімін дамыту. Тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер, әр түсті шар, жіп, кішкене насос.

Сабақ барысы: I. Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық

II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау

IIІ Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі. Сендер шардан жасалған ұшқыш сайқымазақтарды, көз тартар гүл тізбектері мен гүл шоқтарын, алуан түсті су бұрқағын білесіңдер. Олар қазір көптеген мерекелік, концерттік думандарда, туған күндерде кеңінен қолданылады. Оқулықта шардан жасалған ойыншық үлгілері берілген. Олардың түсін, бет – пішінін өзгерте аласыңдар. 2. Шарды үрлеп, диаметрі шамамен 40 см болғанда ауызын байлаңдар. Көзіне екі дөңгелек шар (диаметрі шамамен 6 – 8 см шамасында) үрлеңдер. 3. Мұрнына диаметрі 10 – 12 см, ал ауызы үшін ұзындығы 10 – 12 см шар алыңдар. Шар ауызбен немесе кішкене насоспен үрленеді. 4. Барлық кішкентай шарларды үлкен шарға желімдейді. Әуе шарларына арналған арнайы каучук желімін қолданыңдар. Жабысқыш таспаны пайдалануға да болады. 6. Шашын үрленбеген шар қиындыларынан жасауға болады. Содан соң көз қарашығын сызыңдар. Бет – пішіні дайын.

Оқулық бойынша жұмыс.

ІV. Сергіту сәті. V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: Шардан бет – пішін құрастыру. Өздік жұмыс. VI. Қорыту. VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 55 – 57 бет оқу. Бағалау

26. Тақырыбы: Әуеде ұшпайтын шарды пайдалану.

Мақсаты: Шар жайлы түсінік беру. Танымдық қабілеттерін дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер, шарлар, қатырма қағаз, қайшы, жіп, насос.

Сабақ барысы: I. Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық

II . Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: III. Білімді тексеру кезеңі: Шардан көңілді ойыншықтар жасауға бола ма?(ия). Бұл іс сенің де қолыңнан келеді.Қорытындылау

IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Әуеде ұшпайтын шарды пайдалану.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Әуеде ұшпайтын шар ішіне гелий толтырылған. Ол әуе шарының аспанға қалқып көтеріліп кетпеуіне мүмкіндік береді. Оны шардан әшекей жасағанда қолданады. Екі кішкене шар алыңдар оның біреуінің аузына түтікше енгізіңдер. Соның көмегімен кішкене шарлардың біреуін (сары) екінші шардың (қызыл) ішіне кіргізіңдер. Ішкі шардың үлкендігі жұдырықтай болғанша ішіне су толтырыңдар. Екі шардың да ауызын байлау керек. Оларды таспамен әшекейлеуге де болады. Су толтырылған ауыр шар мерекелік әшекейлердің төбеден біркелкі түсіп тұруы үшін қажет.

VI .Сергіту сәті. VII. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Тақырыпты оқыту 58 – 61 бет. Іштей, тізбектеп – дауыстап. 2. Шардың аузын байлаудың бірінші тәсілі: Шардың ауызын күшпен созу керек (1 – сурет). Созылған ауызын бұрап, екі саусақтарыңды айналдыра ораңдар (2 – сурет). Шар аузының созылған ұшын екі саусақтың арасынан өткізіңдер (3 – сурет). Шардың ауызы байланды (4 – сурет).

  1. Шардың ауызын байлаудың екінші тәсілі.

Шардың бұралған ауызын созып, оны тұтқышты (фиксаторлы) таспамен бекітіңдер.

VIII. Қорыту: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

ІX. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 58 – 61 бет оқу. Мазмұны. 2. Бағалау

27. Тақырыбы: Жаңа жылдық думан.

Мақсаты: Оқушыларға жаңа жыл туралы түсінік беру. Білімін, тілін дамыту. Еңбексүйгіштікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер, шар, әр түсті қағаз, қайшы.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық

II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

III. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Мұғалімнің түсіндірмесі.

Жаңа жыл шыршасының құрметті қонақтары Ақшақар мен Аяз ата екенін жақсы білесіңдер. Енді қағаздан Ақшақар мен Аяз атаны жасаймыз.

Аяз атаның орындалу реті: 1.Алдымен Аяз ата пішінінің биіктігі мен жуандығын белгілеп ал. 2. Денесін жасауға биіктеу құты немесе бөтелкені алуға болады. Сонда бойының биіктігі неге байланысты болады екен. 3.Қуыршақты сәндеу өз қиялдарыңа байланысты. Аяз атаға сән беретін – оның сақалы. Оны жасау үшін тік төртбұрышты қағаз тілімдері қажет. Ұзындығын өздерің белгілеңдер. Қағаз тілімін ширатқанда, қысқаратынын ұмытпаңдар, ширату үшін қағаздың әр тілімін қарындашқа ораса болғаны.

  1. Аяз атаның шашын ептеп қайырып қоюға немесе бұйралауға да болады.

  2. Мұртын сақалының үстінен жапсырамыз.

  3. Бас киімі екі бөліктен тұрады.

  4. Қасын,мұрнын және көзін жасаймыз.

IV. Сергіту сәті: Ақшақар пішінін өзің жасап көр.

V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: Оқушыларға оқыту: іштей, тізбектеп – дауыстап. VI Қорыту. VII Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 62 – 65 бет оқу. 2. Бағалау.

28. Тақырыбы: Жаңа жылдық думан. Өздік жұмыс

Мақсаты: Схема мен үлгі бойынша қағаздан бөрік жасау. Білімін дамыту. Еңбекке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: Жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: сурттер, әр түсті қағаз, қайшы.

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Схема мен үлгі бойынша бөрік жасап үйренеміз.

ІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1 бет ақ қағаз аламыз. Циркульды пайдаланып шеңбер жасаймыз.

Шеңбер және тілік қиған кезде қайшымен жұмыс істеу ережесін еске түсіру.

Үлгі және қалып үлгіні пайдаланып, сайқымазақ бөрігін схема бойынша жаса.

Өз ойыңнан бөрік моделін құрастыр.

ІІІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Сұрақтарға жауап алу. 2. Қағаз деген не? 3. Қобдишаға жіптен басқа не салуға болады? 4. Фольга деген не? Фольга - әр түрлі металдармен қорытпалардан өте жұқартылып жасалған материал.

IV. Қорыту. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 66 бет оқу. 2. Бағалау

29. Тақырыбы: Тоқыма материалдармен жұмыс, матамен жұмыс істеу. Құрал жабдықтар. Сүлгіше жасау

Мақсаты: Матамен жұмыс істеуді, сүлгіше жасауды үйрету. Ой- өрісін дамыту.

Ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: Жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер,қайшы, ине, жіп, оймақ.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық.

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Матамен жұмыс. Құрал – жабдықтар. Сүлгіше жасау

ІІІ.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Матаның жіптен тоқылатынын, жіп талшықтардан тұратынын сендер білесіңдер. Талшықтардан жіп жасауды иіру дейді. Ал, иірілген жіптен мата тоқуды тоқымашылық деп атайды. Матаның өң жағы және астар жағы болады. Матаның өңі мен астарын олардың жылтырлығы, түгі, суреттері, әшекейлерінің анықтығы бойынша ажыратылады. 2. Матамен жұмыс істеу. - Пішілген бұйымның жекеленген бөліктерін өолмен көктеп тігеді; - Тепшіп тігеді; - Әшекейлейді; - Тігістер мен дайын бұйымдарды үтіктейді. 3. Сүлгіше жасау реті: 1. Қалып үлгі дайындаймыз. 2. Қалыңдығы бірдей, түстері өзара үйлескен мата қиындыларын таңдап аламыз. 3. Қалып үлгіні кезекпен әрбір мата қиындысының бетіне түйрейміз. Бормен жан - жағын сызып шығып, сызық бойынша қиямыз. 4. Қалып үлгі бойынша қиылған қиындыларды бір-біріне жалғап тігеміз. 5. Жиегін әшекейлейміз. 6. Қалың драппен астарласақ, өте әдемі болады.

Сергіту сәті. IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап- тізбектей 67-69. 2. Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау

  1. Сүлгішені тігу. Көрме ұйымдастыру.

  2. V. Қорыту. VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 67-69 бет оқу. 2. Бағалау

30. Тақырыбы: тоқыма материалдарымен жұмыс.

Мақсаты: Оқушыларға құрақ өрнек құрастыруды үйрету. Ой – өрістерін дамыту.Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: мата, қайшы, ине – жіп, құрақ үлгілері.

Сабақ барысы: I. Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық

II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Құрақ құрау

III. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:Құрақ өрнек құрастыру.

Құрақ өрнек – сәндік тәсіл. Ол халықтың қолданбалы қолөнерінен бастау алады. Қазіргі кезде де қолданыстан қалған жоқ. Құрақ өрнек (мозаика) дегеніміз – түр – түсі және геометриялық пішіні әр алуан мата қалдықтарынан құрастырылған өрнек. Қиықтар таза және тегістеп үтіктелген болуы керек. Алдын ала құрақтың суретін салып алу керек. Құрақ түстерінің үйлесімдігіне көңіл бөлу қажет.

  1. Құрақ өрнек құрастырудың техникасы.

Құрақ – сәндік өнердің бір түрі. Ол халықтың қолданбалы қолөнерінен бастау алады. Құрақ бұйымдары барлық халықта бар. Алайда олардың пішіні мен өрнектері әр түрлі. Өрнектері бірдей, атаулары өзгеше құрақтар да болады.

Төмендегі құрақтар түрін біздің елімізде «құдық» дейді. Ол Ресейде «ағаш үй», ал Америкада «бөрене үй» деп аталады.

Үшбұрыш және шаршы қиықтардан жасалған композиция.

  1. Оқулықпен жұмыс, 70 бет.