Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сабақ жоспары-3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
16.85 Mб
Скачать
  1. Қағаз қалай жасалады?

Қағаз жасайтын шикізатты дайындау үшін ағаштарды кеседі. Бұтақ, жапырақ, тамырынан тазартады. Сонан соң ұсақталғанша үгітеді де, ол ұнтағы шыққанша майдалана береді. Бұдан соң ұлпа әр түрлі өңдеуден өтеді. Дымқыл әрі борпылдақ ұнтақ машинадан өтіп, тығыз да теп – тегіс аппақ қағазға айналады.

Сендер мыналарды жасай аласыңдар: - қағаз бен қатырма қағазды белгілеу және өлшеуді; - қағаз бен қатырма қағазды бүктеуді; - оларды қайшымен қиюды; - оларды желімдеп, бояуды; - заттарды құрастырып, модельдеуді; - қағазбен аппликация құруды.

Үйренесіңдер: - пышақпен кесуді; - түрлі тақырыптар бойынша сюжетті суреттер құрастыруды.

Сергіту сәті:Суретті,нобайды,сызбаны талдау арқылы бөлшектің құрылымын көзге елестетеміз:а) б ө л ш е к – материалдың тұтас бір бөлігінен дайындалған бұйым; ә) қ ұ р ы л ы м – белгілі бір құрылғы, б) б ө л ш е к э л е м е н т т е р і – жекелеген бөліктер.в) бұйымды дайындаудан бұрын оның құрылымын мұқият зерттеу керек, яғни бөлшектер мен оның элементтерінің пішінін, өлшемдерін, санын, қызметін және өзара орналасу жағдайын анықтап, оларды бір-бірімен біріктіру тәсілдерін білу керек.

Vі. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

  1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей 24-бет. Сызба сызықтары

Түзу жуан (негізгі) сызық. Онымен көзге көрінетін контур сызықтарын белгілейді.

Түзу жіңішке сызық. Мұнымен өлшемдерін көрсетеді. Штрихпунктирлі үзік сызық. Онымен бүгілу сызықтарын, осьтік және центрлік сызықтарды белгілейді.

  1. Ашықхат сызбасын және оның нобайын жаса. Сұрақтарға жауап алу.

- Қағаз деген не? - Қағазды қалай жасайды?

- Қағазбен қандай операцияларды жасай аласыңдар?

VII. Қорыту. VIII Үйге тапсырма беру кезеңі: 1.22 – 25 бет оқу. 2. Бағалау

13. Тақырыбы: Қағазбен және қатырма қағазбен жұмыс істеу.

Мақсаты: 1.Оқушыларға белгілеу мен өлшеу және циркульмен жұмыс істеуді үйрету. 2. білімін, ой – өрісін дамыту. 3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер, қағаз, сызғыш, циркуль.

Сабақ барысы: I Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру. III. Білімді тексеру: 1. Сызба сызықтарын ата?

Түзу жуан (негізгі) сызық. Онымен көзге көрінетін контур сызықтарын белгілейді.

Түзу жіңішке сызық. Мұнымен өлшемдерін көрсетеді. Штрихпунктирлі үзік сызық. Онымен бүгілу сызықтарын, осьтік және центрлік сызықтарды белгілейді.

  1. Техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

IV. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау.Белгілеу мен өлшеу.

VII. Бекіту кезеңі:1. Естеріңе түсіріңдер, біз белгілеудің төмендегідей түрлерін білеміз: - бүгу сызықтары арқылы; - тор көздер бойынша; - трафарет бойынша; - тепшу тігісімен; - қалып үлгі бойынша; - үшбұрыш және циркульмен.

Ү ш б ұ р ы ш т ы с ы з ғ ы ш (үшбұрыш) – тексеру және өлшеу құралы (1 – сурет). Оны сызба сызғанда пайдаланады. Үшбұрыштың көмегімен бұйым бөлшектерінің бұрыштарын сызады. Циркульмен де белгілеуге болады. Ц и р к у л ь – латын сөзі. Ол «дөңгелек» дегенді білдіреді. Құрастырушылар мен жұмысшылар циркульді өлшеуіш (3 – сурет) және белгілегіш құрал (4 – сурет) есебінде пайдаланады. Сендер оны болашақ құрастырушы, сәнгер, дизайншы ретінде пайдаланасыңдар.

Циркульді партаға тастама. Оның инесін төмен қаратып, қорапқа салып қой. 1.Сурет бойынша жұмыс 26 – 27 бет. 2. Сергіту сәті. 3. Сұрақтарға жауап алу. - Қағаз деген не?- Қағазды қалай жасайды?- Қағазбен қандай операцияларды жасай аласыңдар?- Қағазды немен теседі?

3. Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау (қайшы, пышақ)

Циркульмен жұмыс істеу. Циркульдің ұшын 5 санына дейін белгілеп ал. Радиусы 5 см деп жаз. Шартты түрде R=50 деп белгіленеді.

  1. Циркульді жоғары көтер (1 – сурет). Қағаз парағына белгіле (2 – сурет).

О нүктесінен циркульді айналдыр. Радиусы R=50мм тең радиус (цифрдың жанында

ештеңе көрсетілмеген, демек олар – миллиметрлер).

VIII. Қорыту. IX. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 26 – 28 бет оқу. 2. Бағалау

14. Тақырыбы: Шеңберді пайдаланып құрастыру. Қорытынды жасау.

Мақсаты: Қағаздан шеңберді пайдаланып қалпақ, телпек құрастыруды үйрету, білімін, ой – өрісін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер, әр түсті қағаз,қайшы,желім, циркуль.

Сабақ барысы:I. Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық

II. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Қалпақ, телпек жасап алып, оны дайын цилиндрге орнату немесе өзің цилиндр жаса.

IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1.Үлгі қалыпты үш рет қағазбен ораймыз. Әрбір орағаннан кейін желім жағамыз. Барлығы екі рет желімдейміз. 2. Ораудың шеттерінен кертік жасаймыз. 3. Қағаздың шетін жазып, дөңгелете желімдейміз. 4.Циркуль арқылы шеңбер сыз.5. Сауыттың түбін жұқа қатырма қағаздан қиямыз.6. Түбін ыдыстың негізіне желімдейміз. 7. Қалыбын алып тастаймыз, қағаз цилиндр дайын.

ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей 29 бет. 2. Сұрақтарға жауап алу. 1. цилиндр жасау үшін не керек? 3. Қалпақ жасау үшін қанша бөлік керек?

Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау. (қайшы, пышақ)

V. Қорыту. VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 29-30 бет оқу. 2. Бағалау

15. Тақырыбы: Терезесі бар көңілді ашық хаттар құрастыру.

Мақсаты: Оқушыларға қағаздан, қатырма қағаздарды пайдаланып терезесі бар көңілді ашықхаттар жасауды үйрету. Білімін, ой – өрісін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: Жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер, әр түсті қағаз,қайшы,желім, фото.

Сабақ барысы:I Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық

II Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау

IIІ Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Ашықхат қандай болуы керек? Әрине көңілді. 2. Сурет бойынша жұмыс 31-32бет. 3. Күн бейнесі көтеріңкі күйден хабар береді. Терезе ашықхаттың жалпы композициясының ішіне кіруі тиіс. Алдымен қалың қағаздан өзімізге қажет өлшемдерді тік төртбұрыш етіп қиып аламыз. Терезенің пішіні мен өлшемдері әр түрлі болуы мүмкін. Дөңгелек терезені циркульмен сыз.1-3 суреттерде көрсетілген ашықхаттарда көбелек, фотосурет ішкі жағынан желімделген. Бейнебір көбелек гүлдерге қарай ұшып бара жатқандай.4-сурет 2-3 суреттердегі композицияның негізінде жасалады. Безендіру барысында аппликация, «оригами» фигураларын және өз шеберлігіңді пайдалануыңа болады.

Сергіту сәттері: Туған күнмен құттықтау ашықхаттарын құрастыр.

ІV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1.Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей. 2. Сұрақтарға жауап алу. – Қағаз деген не? Қағаз – әр түрлі бұйымдар жасауға ыңғайлы материал. - Қағазды қалай жасайды?

- Қағазбен қандай операцияларды жасай аласыңдар?

Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау. (қайшы, пышақ): Қағаз дайындау. (кесу, тесу)

V. Қорыту. VІ Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 31-32 бет оқу. 2. Бағалау

16. Тақырыбы: Қағаз кесінділерінен құрамақтар жасау.

Мақсаты: Қағаз тілшелеріне әшекейлер жасауды үйрету. Білімін, ой – өрісін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер, әр түсті қағаз кесінділерімен, қайшы,желім.

Сабақ барысы:I Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық

II Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау

Қағаз кесінділерінен құрамақтар жасау.

IIІ Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Қағаз – әр түрлі бұйымдар жасауға ыңғайлы материал. Ол жақсы желімделеді. Қағаз кесінділерінен сопақша, үшкір немесе шеңбер тәрізді пішіндер құрастыруға болады. Оларды бір – біріне жалғап желімдесе және бояса, әдемі сәндік композиция шығады. Мұның бәрі сенің шеберлігіңе байланысты. Қалың қағаздан немесе жұмсақ қатырма қағаздан құрастырылған композиция майысып, мыжылмайды. Егер ақ қағаздан жасалса, онда ол өте әдемі көрінеді. Қызықты, сәнді композиция жасау үшін алдымен оның нобайын сызып алу керек. 1. Қағаз тілшелерінен әшекейлер жасау тәсілін түсіндіру.- Қағаз тілшелерін не істеуге болады?(кесуге, өруге, бұрауға, әртүрлі құрастырма заттар жасайды). 2. Сурет бойынша жұмыс 33-34 бет. 3. Тілшені қалың қағаздан, жұмсақ қатырма қағаздан жасаса, ол майысып мыжылмайды. Егер ақ қағаздан жасалса, тілшелер әдемі көрінеді. Қағаз тілшелерінен шеңбер тәрізді, сопақша бұрыш пішіндер жасауға болады.

Қызықты, сәндік композицияларды ойша да құрастыра аламыз. Әсіресе әр түрлі механизмдер мен тасымал құралдары әдемі жасалады.

Сергіту сәттері.

ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей 33 – 34 бет. 2. Сұрақтарға жауап алу. – Қағаз деген не? - Қағазды қалай жасайды? - Қағазбен қандай операцияларды жасай аласыңдар? - Қағазды немен кеседі? - Қағаз тілшелерін не істеуге болады? Оны қалай жасайды?

Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау (қайшы, пышақ):Қағаз тілшелерінен әшекейлер жасау.

V. Қорыту. VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 33-34 бет оқу. 2. Бағалау

17. Тақырыбы: Қағаздан гүл жасау. Өздік жұмыс.

Мақсаты: Оқушыларға қағаздан гүлдер мен өрнектер құрастыруды үйрету. Ой – өрісін дамыту. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер. Сабақ барысы: I. Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық

II. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау. Қағаздан гүл жасау.

IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Көк қағаздан бірдей етіп үш дөңгелек қиып аламыз. Оны схемеда көрсетілгендей (1) етіп әрлейміз. Өсімдіктің аталығын (2) жіңішке сым темірден жасауға болады. Өсімдік аталығы табиғи түрде ұқсас болу үшін оны сұйық гипс ерітіндісіне саламыз. Содан кейін барлық үш дөңгелекті (3) гүл сабағының төменгі ұшы жағынан кигіземіз. Сабақты (5) жасыл түсті жұқа қағазбен ораймыз. Жапырақ (4) сабаққа жіңішке сыммен бекітіледі.

Өзіңе ұнайтын гүл құрастыр. Сергіту сәттері.

ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап беру. – Моншақтан гүлдер мен өрнектер құрастыру үшін қандай заттар қажет? - Бисер дегеніміз не? - Олардан нелер жасауға болады? Техника қауіпсіздік ережесін қайталау(қайшы, ине)

Өздік жұмыс: Ұсақ моншақтардан гүлдер мен өрнектер құрастыру.

V. Қорыту: - Бүгін сабақта не істедік?

VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 35-36 бет оқу, балық жасау. 2. Бағалау

18. Тақырыбы: Қағаздан қозғалатын бөліктері бар фигуралар құрастыру.

Мақсаты: 1. Қағаздан қозғалатын бөліктері бар пішіндер құрастыруды үйрету.2. Білімін, ой – өрісін дамыту. 3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер. Сабақ барысы:I. Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық

II. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау

(Қағаздан қозғалатын бөліктері бар пішіндер құрастыру)

IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Қағаздан қозғалатын бөліктері бар пішіндер құрастыру тәсілін түсіндіру. 2. Құрастыру реті: 1.Араның денесін қара қатырма қағаздан қиып ал. 2. Штрихталған бөлігін - сары, ал көзін сұр қатырма қағаздан қиып, оларды денесіне желімдеп орналастыр. 3. Фломастермен тор сызықтар арқылы көздерін жаса. 4. Аяқтары мен мұрттарын жапсыр. 5. Барқыт баудан жасалған бөліктерді ара денесіне бір – бірінен 2 см аралықпен желімдеп жапсыр. 6. Денесінің үстіңгі бөлігін астыңғы бөлігіне біріктіріп жапсыр. 7. Қанаттарын орнат. 8. Барлық сызықтарды фломастермен жүргізіп шық. 9. Тесіктер жаса, қанаттарын шегемен денесіне бекіт.

Сергіту сәті.ІV жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей 40 – 42 бет. 2. Сұрақтарға жауап алу. Қағазбен қандай оперцияларды жасай аласыңдар? Қағазды немен теседі? Қағаздан қозғалатын бөліктері бар пішіндер қалай жасайды? 3. Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау. (қайшы, пышақ). 4. Қағаздан қозғалатын бөліктері бар пішіндер құрастыру. Араны жасау

V. Қорыту. VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 39-40 бет оқу. 2. Бағалау

19. Тақырыбы: Фольгамен жұмыс

Мақсаты: Фольгамен әр түрлі бұйымдарды жасап үйрету. Білімін, ой – өрісін дамыту.Ұқыптылыққа, еңбекке тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер, фольга, біз,қайшы

Сабақ барысы:I Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық

II Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау.Фольгамен жұмыс

IIІ Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Фольга деген не? Фольга жұқа парақша немесе таспа, тілше түрінде әр түрлі металдан жасалады. Ол электр техникасы, баспа өндірістерінде қолданады. Тамақ өнеркәсібінде кәмпит, шай, сүт тағамдарын орау үшін пайдаланады.2.Фольгадан не жасауға болады?Жұқа фольгадан ойыншықтар, қалың, қатты фольгадан ашықхат жасауға болады, оған сурет салуға болады.3.Жұқа фольгадан шырша ойыншықтар дайындау тәсілін үйрету.

Сергіту сәті:Жұмыс реті:1.Бұйымның нобайын әзірлеу.2.Домалақшалардың саны мен өлшемдерін анықтау.3.Домалақшалардың саны мен өлшемдеріне сәйкес шаршыларды белгілеп, қию. Домалақшалар жасау.4.Әрбір домалақшаны бізбен тесу.5.Жасалған тесіктен сым өткізу.6.Ұштарынан 3 см сым ілмегін қалдыру.Қалған сымнан алақанын, аяқтың табанын жасауға болады. Бізбен немесе инемен домалақшаның тура ортасынан тесу керектігі есте болсын.Фольга оңай жыртылып, тесіліп, майысып, өзінің пішінін тез өзгертеді. Сондықтан да фольгадан жасалған бұйымдарды ұқыптап ұстау керек.

ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей 38 – 40 бет.Сұрақтарға жауап алу. - Фольга деген не? Фольга – әр түрлі металдар мен қорытпалардан өте жұқартылып жасалған материал. - Оның қандай түрлері болады? Одан не жасауға болады? 2. Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау. (қайшы, пышақ). 3. Фольгадан құлын пішінін құрастыру.

Құлын пішінін құрастырып көрейік. Ол үшін 40 – беттегі сурет бойынша құлын денесінің негізгі бөліктерін анықтаймыз, олар: денесі, аяғы, құйрығы, басы. Жұмсақ фольгадан әзірленген домалақшалар құлын пішінін жасауға қажет бөлшектер бола алады. Домалақшаларды сымға өткіземіз. Олар инемен оңай тесіледі. Көрме ұйымдастыру.

    1. Қорыту: VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 38-40 бет оқу. 2. Бағалау

20. Тақырыбы: Фольгадан барыстың панносын жасау

Мақсаты: Фольгадан барыстың панносын жасап үйрету. Білімін дамыту. Еңбекке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер, тіс пастасының құтысы,қайшы

Сабақ барысы:I Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа дайындық

II. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау.Фольгадан барыстың панносын жасау. IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Қажетті заттар: Тіс пастасының құтысы. Металл пластина

Құты фольгадан жасалған. Металл пластинана сызғышпен тегістейміз. Барыстың суретін көшірме қағаз арқылы пластинаның ішкі жағынан түсіріп аламыз. Пластинана аударып, бетіндегі суретті өңдеп шығамыз. Барыстың айналасына зергерлік айшықтарға ұқсаған ойыс нүктелер түсіреміз. Пластинаны қатырма қағаздың шетінен асыра қайырып, панно етіп жиектейміз.

  1. Сергіту сәті

ІV. жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

  1. Сұрақтарға жауап алу: Фольганы қандай материалдан жасайды? Фольганың қағаздан айырмашылығы не? Фольганың қандай қасиеттері бар?

  2. Оқулық бойынша «фольгадан барыс панносын жасау» тақырыбын оқу.

  3. Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.

  4. Барыстың пішінін құрастыру

V. Қорыту. VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 41-43 бет оқу. 2. Бағалау.

21. Тақырыбы: Қатырма қағаздан қобдиша жасау

Мақсаты: Оқушыларға қатырма қағаздан қобдиша жасауды үйрету. Білімін дамыту. Еңбекке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер, қатырма қағаз,қайшы

Сабақ барысы:I Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық

II. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау. Қатырма қағаздан қобдиша жасау. IIІ Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Қатырма қағаз – қағазға қарағанда қалың және тығыз материал. Одан әдемі бұйымдар жасай аламыз: маска, сәндік қорапшалар, инеқап (ине, түйреуіш салатын), қалып үлгілер, т.б. Қатырма қағаздан ойыншық, ұсақ әшекей бұйымдардан басқа жіп, қайшы, түйме сақтайтын қобдишалар жасалады. Қақпақты қораптың өлшеміне қарай жасаймыз. Жібі бар шарықтар сақтайтын әсем де ыңғайлы қобдишаны кәмпит, торт, печенье қорапшаларынан дайындаған жөн. Қобдишаны қақпақты және қақпақсыз етіп жасауға болады. Жіптің ұшы шатасып кетпес үшін шарықтың шетінен 10 мм шамасында кертіктер жасаңдар. Жібі бар шарықтарды сақтайтын сәндік қобдиша жасап, сыйға тартуларыңа болады.

  1. Қатырма қағаздар: Қатырма қағаздың қасиеті. Қатырма қағаздан жасалатын бұйымдар

  2. Қатырма қағаздан қорапша жасаудың тәсілін түсіндіру.

  3. Қорапша ішіне жіп сақтайтын шарықтар жасау (түсіндіру).

  4. Оқулық бойынша жұмыс 43 – 44 бет

  5. Сергіту сәті

ІV жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

  1. Сұрақтарға жауап алу: Қатырма қағаздың қағаздан қандай айырмашылығы бар? Қатырма қағаздан не жасауға болады? Қатырма қағаздан жасалған қораптарды қалай пайдалануға болады?

  2. Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау (қайшы, желім).

  3. Жіп сақтайтын қобдиша жасау.

V. Қорыту. VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 43-46 бет оқу. 2. Бағалау

22. Тақырыбы: Ақ қағаздан карнавалдық костюм құрастыру, қорытынды жаса.

Мақсаты: Ақ қағаздан карнавалдық крстюм құрастыру жолдарын оқушыларға үйрету. Білімділікке тәрбиелеу. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер, ақ қағаз,қайшы, желім, циркуль, біз, қатты қағаз, бау.

Сабақ барысы: I. Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық

II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау. Ақ қағаздан карнавалдық костюм құрастыру.

IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі. Қуыршақты қалып үлгі бойынша жұқа қатырма қағаздан немесе бір- біріне желімделген екі альбом парағынан жасауыңа болады.Ақ қағаздан карнавалдық костюм құрастыруға ұсынылатын жоспар: 1.Қуыршақ мүсінін конустан жаса. Альбом парағын пайдаланған дұрыс. Қалай ойлайсың, неліктен? 2. Конутың жоғарғы жағын бүкте және костюм бөліктерін жалғайтын тілік (кесік) жаса. 3. Қуыршақтың барлық бөліктерін бір құрылымға жина. 4. Қыршаққа кең ақ костюм кигіз (ұзын юбка). 5. Басында үлкен ақ орамал. 6. Қайшы қиюға арналған құрал. Оны ашық күйінде қалдыруға болмайды. Қайшыны қорапшаға салу керек. Қайшыны сап жағын қаратып ұсын.

ІV. Сергіту сәті. V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқулық бойынша жұмыс 46 – 50 бет. Оқушыларға оқыту: ішей, дауыстып –тізбектей. 2. қорытынды жаса «Схема бойынша аспап модельдеу» жобасы.Сен өз аспабыңмен жылы ауа қозғалысын анықтай аласың. Ол үшін саған қатты қағаз керек. Шеңбер қағаз бетіне шиыршақ (спираль) сызып, оны қиып ал. Шиыршақтың дәл ортасын бізбен тес. Тесіктен өткізілген баудың ұшын түй.

    1. Қорыту. VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 46-50 бет оқу. 2. Бағалау

23. Тақырыбы: Қиял әлеміне саяхат

Мақсаты: Оқушыларға қиял – ғажайыптар жайлы түсінік беру. Білімін, тілін дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер, әр түсті қағаз,қайшы, желім.

Сабақ барысы: I. Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық

II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау. Қиял әлеміне саяхат

IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі. Қағазбен жұмыс істеу. 2. Еске түсірейік: 1. Қағазбен жұмыс істеген кезде, ең алдымен, оны өлшеп, белгілеуден бастаймыз. 3. Содан соң белгі бойынша бүктейміз. 4. Бүктеу сызығы бойынша қағазды қайшымен қиямыз. 5. Сурет бойынша бұйымды құрастыра аламыз, қағазға жапсырмалаймыз. Жапсырмалау – бұл, негізінен, балалар заттарына арналған әшекейлеу тәсілі.

ІV. Сергіту сәті. V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:Оқулық бойынша жұмыс . «Біз табиғат перзентіміз» тақырыбына ертегі құра.

VI. Қорыту. VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: Бағалау

24. Тақырыбы: «Қиялдағы кейіпкерлер» құрамағын құрастыру.

Мақсаты: Оқушыларға қиялдағы кейіпкерлерді құрастыру тәсілін үйрету. Білімін, тілін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер, әр түсті қағаз, түйме, моншақ, қайшы, желім.

Сабақ барысы: I. Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық

II. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау

IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі.

  1. Құрамақтың атынан көрініп тұрғанындай, бұл аңдар мен адамдар өмірде жоқ. Сондықтан оларды өз қалауларыңша бейнелеп көрсетулеріңе болады.

Оларды қағаздан жасаған жеңіл. Қағаз оңай бүктеледі әрі басқа материалдарға қарағанда арзан. Керексіз қорап, түйме, моншақ, т.б. заттарды да пайдалануларыңа болады.

  1. Бұл әзілкеш – жартылай робот, жартылай адам. Ең бастысы – ол мейірімді. Оның атын, атқаратын қызметін өздерің ойланыңдар. Оқулық бойынша жұмыс 52 – 53 бет.

ІV. Сергіту сәті .1 – 5 суреттер бойынша құрамақ құрастыр.