Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сабақ жоспары-3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
16.85 Mб
Скачать

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Тест

1. Көру деген-бұл:

а) әдемі көзілдірік; б) әдемі көз;

ә) дүниеге көз қарас; в) алыстан, жақыннан көру.

2.Құлақ адамға ... қажет:

а) ертегі тыңдауға; б)тыңдағыштарды құлаққа салуға;

ә) ыстықтан қорғануға; в) тепе-тңдік қалыпты сақтауға.

3. Мұрын ... ағзасы:

а) иіс сезу; б) дәм тату;

ә) есту; в) дәм сезу.

4. Тілді ... керек:

а) күте білу; б) көрсету;

ә) тығу; в) шығару.

5.Тері ... ағзасы:

а) сезіну; б) байқау;

ә) киіну; в) дәм тату.

6. Тағам адам үшін:

а) күш-қуат; б) тәбетін ашады;

ә) дастарқанды гулдендіреді; в) торт және тәтті тағам.

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 48-50 бет оқу, мазмұндау. Бағалау.

18. Тақырыбы: Табиғатты адам қалай зерделейді? Бақылау әдісі.

Мақсаты: Оқушыларды бақылау әдісімен таныстыру, түсінік беру; білімін, тілін дамыту; байқампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1.Сезім мүшелері. 2.Сезім мүшелерінің гигиенасы. Оқыту, мазмұнын айтқызу

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап алу. 2.Қорытындылау

IV.Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын, мақсатын хабарлау.Табиғатты адам қалай зерделейді?

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Бақылау әдісі туралы түсінік беру.Табиғат заттары мен құбылыстарын тікелей көріп, ұстап, дыбысы болса тыңдап, естіп зерделеу жолдарын бақылау әдісі дейді.

Мысал келтіру (құмырсқа, қарлығаш, өсімдік, жануар) 2. Оқулықпен жұмыс 53-56 бет оқып, түсіндіру. 3. Оқушыларға оқыту: іштей. 4. Сергіту сәті

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу: -Бақылау әдісі қалай жүргізіледі? -Әсем жаңбыр жауатынын неге сүйеніп білді? -Ал, Ілияс неге сүйенді? -Өзің табиғатта нені бақыладың?

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 53-56 бет оқу, мазмұндау. Бағалау.

19. Тақырыбы: Тәжірибе жасау.

Мақсаты: Оқушыларға тәжірибетуралы түсінік бере отырып, шындыққа сынақ

жүргізу арқылы көздерін жеткізу; білімін, ой-өрісін дамыту; білімдікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1. «Бақылау әдісі» оқыту. 2. Мазмұндату

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

1.Сұрақтарға жауап алу. 2.Қорытындылау