- •Бүлдіргенге барғанда
- •Шахтада
- •Жалқау мысық
- •Сурет бойынша әңгіме құрастыр
- •Үі бөлім. Жақсыдан үйрен
- •Іх тарау. Жаздыгүн шілде болғанда
- •Х тарау. Сарқылмас қазына.
- •Арыстан мен қозы
- •3 Сынып. Математика
- •2.Геометриялық фигураларды сызу.
- •Көбейту және бөлу
- •Кез келген сан мен 1-діңкөбейтіндісінің мәні сол санға тең болады.
- •Егер екі көбейткіштің көбейтіндісінің мәнін бір көбейткішке бөлсе, онда басқа көбейткіш шығады?
- •Егер бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлсе, онда бөлгіш шығады.
- •Белгісіз бөлгішті табу үшін, бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлу керек.
- •Есепте:
- •3 Амалдан тұратын жақшасы бар өрнектерде алдымен жақша ішіндегі амалдар орындалады: ретімен көбейту мен бөлу амалдары, содан соң қосу мен азайту амалдары.
- •К 1см2 вадрат сантиметр - аудан бірлігі.
- •Ауызша көбейту және бөлу
- •Жұптық жұмыс. № 5. Кестені толтыр:
- •Ұжыммен. № 1. Кестені толтыр:
- •Жазбаша көбейту және бөлу.
- •V. Өткен материалды бекіту.
- •Дүниетану- 3 класс
- •IV. Мақсатын қою кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •IV. Мақсатын қою кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •IV. Мақсатын қою кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •IV. Мақсатын қою кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •IV. Мақсатын қою кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •IV. Мақсатын қою кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •IV. Мақсатын қою кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •Iiі. Білімді тексеру кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •IV. Мақсатын қою кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •Vі Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •V Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •Vі .Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •Vі. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •Vі. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •Vі. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •Vі. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •Vі . Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •Vі. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •Қағаз қалай жасалады?
- •Vі. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •IV. Сергіту сәті V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •Дайын панно
- •V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •Iiі. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •Iiі. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •Iiі. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •Iiі. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- •V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •Iіі. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Сабаннан панно жасау.
- •V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Сымнан құрастыру
- •Vі. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •Vі. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
- •Vі. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Шахтада
Біз қалада тұрамыз. Әкем шахтада істейді. Шахтер болуды мен де ұнатамын. Шахтаны көргім келді. Оның қайда екенін білемін. Анау биік қара таудың қасында. Тау етегінде үлкен үй тұр. Шахтаға кірер есік сол жерде.Ақыры шыдамадым. Әкем сыйлаған фонарымды алдым да тура шахтаға тарттым. Шахтаның ішін араладым. Шахтада жұмыс істеу маған ұнайды (48 сөз)
Тапсырма
1. Фонарь сөзіне дыбыстық талдау жаса. Сөзде қанша дыбыс, қанша әріп бар, жазып қой.
2. Алдыңдағы екі сөйлемнен қимылды білдіретін сөздердің астын сыз.
ІҮ. Үйге тапсырма: пысықтау. Ү. Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.
№ 78. Тақырыбы: Қатемен жұмыс
Мақсаты: оқушыларға жазған диктанттарын талдау, қате сөздерін тақтаға жазу, жіберген қателерін қайталамауға, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу; танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.
Сабақтың түрі: жалпылау жәнеқорытындылау сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз қатемен жұмыс жасаймыз. дәптерлерін тарату, сабақтың мақсатын толықтай хабарлау.
ІІІ. Білімдерін тексеру:Диктантта кімнің қандай қате жібергендігін анықтау, талдау. Қате жіберген сөздерді тақтаға жазу, ережелерге сүйене отырып сөздердің жазылуы туралы айту, түсіндіру. Келесе ретте бұндай қателерді жібермеуге тырысу.
Сөз таптарына нелер жатады? Зат есім дегеніміз не? Етістік дегеніміз ше? Олардың қандай түрлері болады?
Терме диктант
Қыс
Күн суық. Жерде қалыңқар жатыр. Түн ұзарып, күн қысқарды. Үлкен кісілер де, балалар да жылы киім киген. Демалыста мұз айдынына барамыз. Коньки тебеміз. Кейбір балалар шанамен сырғанайды.
Тапсырма
1. Не? нелер? кім? кімдер? деген сұрақтарға жауап жауап беретін сөздерді ғана теріп жаз.
2. Жазған сөздерінен үш буынды сөздердің астын сыз.
3. Үш буынды сөздерде қанша даустыдыбыс болады, жазып қой.
ІҮ. Үйге тапсырма: ережелерді қайталау, пысықтау. Ү. Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.
№79. Тақырыбы: Өзіңді-өзің тексер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өзіндік жұмыс жаздырта отырып, алған білімдерін тиянақтауға, бағалауға, бақылауға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 69-жаттығу, 141-бет. Әңгіме құрастыру.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Сөздің түбірі неліктен өзгереді? Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, жалғанатын қосымша қандай болады? Ал, егер түбірдің соңғы буыны жіңішке болса, жалғанатын қойымша қандай болады?
Ү. Өзіндік жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу. 1-жаттығу өлеңді оқып жатқа жазу,Қасқалдақ сөзіне дыбыстық талдау жасау. 2-жаттығу мәтінді оқу оған қою,өзінің жазғаныңды оқулықтағымен тексер. Қосымшалы сөз: мойнын.3-жаттығу мәтінді тиісті қосымшамен толықтыр:
Тоғай іші тып-тыныш. Қарағай мен қайың ақ кимешек киіп алған сықылды. Шыршалар ақ тыспен көмкерілген алып тымаққа ұқсайды. Үлп еткен желден қар құйылып төгіледі.
4-жаттығу Мәтінді оқу, іштей қайталап, жатқа жазуға дайындалу.
5-жаттығу жұмбақты оқу, шешуін табу. 6-жаттығу мәтінді түсініп оқы, төртінші сөйлемді тап. Жаттап, жаз.
ҮІ. Бекіту: Жұбын табу:
ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Түбір сөздегі соңғы әріптің өзгеруін түсіндір. Мысал келтір. ҮІІІ. Үйге тапсырма:ережелерді қайталау, пысықтау.
ІХ. Оқушыларды бағалау
№80. Тақырыбы: Сөз таптары
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөз таптары туралы алған білімдерін кеңейте түсуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Қайталау. Сөздер неден құралады?Олар мағынасына қарай қалай бөлінеді? Мағыналары жуық сөздер дегеніміз не? Мағыналары қарама-қарсы сөздер дегеніміз не? Мысал келтір.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру 1-жаттығу арқылы сөз таптары туралы білімдерін еске түсіру: Айналаңа бір уақыт зер салып қарашы. Сені жан-жағыңнан заттар қоршап тұр. Осы заттардың атын білдіретін сөздерді зат есімдер дейміз.
Заттырдың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздер етістіктер деп аталады.
Заттар әр түрлі белгілерге (түрі, түсі, сапасы, саны) ие. Тілімізде мұндай белгілер сын есім және сан есім арқылы беріледі. Қазақ тілінде қандай сөз таптары бар екен? Олар қандай сұрақтарға жауап береді?
Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу. 3-жаттығу сөздерді оқу, сұрақтар қойып мағыналарына қарай кестеге орналастыру:
Зат есім |
Етістік |
Сын есім |
Сан есім |
Жұлдыз, ата, ақын, адам, құс |
оқыды, жуынды, жүзді |
Көк, үлкен, биік, жасыл. |
Екі, жеті, отыз. |
4-жаттығу заттың атын білдіретін сөздерге заттың қимылын білдіретін сөздерді тіркестіріп жазу: қайық жүзеді, бақа секіреді, ұшақ ұшады, ағаш өседі, құс ұшады т.б.
5-жаттығу берілген жаңылтпашты жатқа жазу, сөздерді сөз таптарына талдау, сұрақтар қою.
ҮІ. Бекіту:
Сызбаға сүйене отырып алған білімдерін еске түсіру. Мысалдар келтіру.
ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Білгендерімізді сәйкестендіру тестін орындау арқылы тиянақтай түсейік.
З
ат
есім әдепті, қызық, қоңыр,
қышқыл
Е тістік жеті, тоғыз, жиырма, елу, мың.
Сын есім аққу, емен, оқулық, ауа
Сан есім биледі, өсті, тазалады, ұшты.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 6-жаттығу, борсық туралы берілген мәтінді оқу, бастапқы бөлігін көшіріп жазу. ІХ. Оқушыларды бағалау
№81. Тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға зат есім, олардың жазылу емлесі туралы 2-сыныпта өткен білімді еске түсіруге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер, қима қағаздар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. 6-жаттығу, борсық туралы берілген мәтінді оқу, бастапқы бөлігін көшіріп жазу. Барлығымыз тапсырманы орындап келдік пе? Борсық деген қандай жануар? Борсық сөзіне қандай сұрақ қойылады? Борсық қай сөз табына жатады?
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.Сөз дегеніміз не?Сөз таптарына нелер жатады? Олар қандай сұрақтарға жауап береді? Мысал келтір. 1-жаттығуда нелердің суреттері бейнеленген? (Құстар) 1-суретте қандай құстың суреті? (қарлығаш) Екіншісінде ше? Үшіншісінде ше? (сауысқан мен қарға) Кім? сұрағына қандай сөздер жауап береді?
Зат есім - заттың, құбылыстың, іс-әрекеттің атын білдіреді. Сұрақтары : Кім? Не? Кімдер? Нелер?
Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 2-жаттығу суретке қарап, зат есімдерді табу; қарбыз, нан, дастархан, сурет, шәй, жемістер, пышақ, тақтай (не? нелер?) Қыз, ұл (кім?) Неліктен қыз бен ұлға кім деген сұрақ қоямыз? 3-жаттығу мәтінді көшіріп жазу, зат есімдерді тауып астын сызу.
4-жаттығу Балалар, малдың төлдері дегеніміз не? Аңдарға не жатады? Құстарға не жатады? Оларға қандай сұрақ қоямыз?
5-жаттығу:
Түйе, жылқы .... – бір сөзбен қалай айтады екенбіз? (үй жануарлары)
Кесе, қасық .... – бір сөзбен қалай айтады екенбіз? (ыдыс-аяқ)
Қияр, сәбіз ... – көкөністер
Бұл сөздердің әр қайсысына сұрақ қойып көрейік.
- Зат есім дегеніміз не? Ол қандай сұрақтарға жауап береді? Бұларды қандай сөздер айтамыз?
ҮІ. Бекіту:
1. Зат есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?
Үй салайық сәнді кең.
Топырақ үй алдымен.
Құмды еле де,
Тас тасы,
Дайын тұрсын қақпасы.
Өлең жолдарында берілген зат есімдерді тап, сұрақ қой.
ҮІІ.Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік?Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді? Кім? деген сұрақты қандай сөздерге қоямыз?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 6-жаттығу, мәтінді өшіріп жазу, зат есімдерді табу, белгілеу.
ІХ. Оқушыларды бағалау
№82. Тақырыбы: Жалқы зат есім
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жалқы және жалпы есім туралы берілген білімді кеңейтуге және бекітуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру 6-жаттығу, мәтінді өшіріп жазу, зат есімдерді табу, белгілеу.
Зат есім дегеніміз не? Ол қандай сұрақтарға жауап береді? Мысал келтір.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Балалар, мынау менім қолымдағы суреттер нелер? (Құстар) Ал егер мен Алматы, Астана, Көкшетау десем, онда олар неге жатады? (Қалалар)
Жалқы есім дегеніміз - біркелкі заттарды жекелеп айтатын атау, жеке заттарды айтамыз. Мысалы, Алатау, Балқаш.
Жалпы есім дегеніміз біріңғай заттарды жаппай атайтын атау, ұқсастығы бойынша. Мысалы, қыз, қала, құс. Барлықтарың тақтаға қараңдар. Сонымен зат есім нешеге бөлінеді екен? (екіге, жалпы және жалқы)
Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу. 7-жаттығу сөйлемдерді оқу, дыбысталуы бірдей сөздерді табу, олардың үлкен және кіші әріптен басталып жазылатындығын байқату. Жалқы есімі бар сөйлемді көшіріп жазу:Қыздардың арасынан Алма суырылып алға шықты. Раушангүл – сыныптағы озат оқушылардың бірі.8-жаттығу Суреттегі қыздарға ат қоя отырып, үш сөйлем құрастыру. «Кім тапқыр?» ойынын ойнату. Шарты: жалпы есімге жалқы есімді тез әрі шапшаң айту керек. Жалқы есімді айтқанда, керісіңше жалпы есімді айту керек.
көл – Балқаш, Алакөл
теңіз – Каспий, Арал
ер есімі – Айбек, Асан, Дархан
қыз есімі – Айгерім, Айгүл
Жиһаз – парта, орындық
машина – БМВ, Мерседес
кино – Көшпенділер, Жаралы сезім
кітап – Ана тілі, Абай жолы
тау – Алатау, Көкшетау
10. құс – бұлбұл, аққу
9-жаттығу Көп нүктенің орнына жалқы есімдерді қойып жазу:
Қазақстан қалары: Астана, Алматы, Қарағанды.
Қазақстан көлдері: Балқаш, Зайсан, Алакөл.
Ауыл аттары: Талдыбұлақ, Екібастұз, Бірлік.
10-жаттығу суреттегі үй жануарларына ат қою, ол сөздер қандай әріптен басталып жазылады? 11-жаттығу Сызбаға сүйене отырып ой қорытындысын жасау: жалқы есім дегеніміз - біркелкі заттарды жекелеп айтатын атау, жеке заттарды айтамыз.Мысалы,Алатау, Балқаш.
Жалпы есім дегеніміз біріңғай заттарды жаппай атайтын атау, ұқсастығы бойынша. Мысалы: қыз, қала, құс.
ҮІ.Бекіту: Үлестірмелі қима қағаздармен жұмыс
№1 Зат есім дегеніміз не?
|
№2 Домбыра сөзіне сұрақ қой. Домбыра жайлы әңгімеле |
№3 Дәрігер сөзіне сұрақ қой. Дәрігер жайлы әңгімеле. |
№4 Сөйлемді оқы. Жалқы есім сөздерді тап. Көкшетау – Сәкен Сейфуллин, Біржан сал, Ақан сері, Шоқан Уәлиханов сияқты қазақтың атақты ұлдарының туып өскен жері. |
№5 Өлеңді мәнерлеп оқы. Жалқы есімдерді тап. Бурабай Қайың, шырша қарағай Көл жиегін жағалай Дөңгеленіп тұрады Қол ұстасқан баладай. |
№6 Жалқы есім дегеніміз не?
|
№7 Жалпы есім дегеніміз не?
|
ҮІІ. Қорытындылау. 1. Балалар, біз бүгін сендермен зат есімнің қандай түрін өттік?
2. Жалқы есім дегеніз не? 3. Ал, жалпы есім дегеніміз ше? 4. Мысал келтірейікші енді.
ҮІІІ.Үйге тапсырма: 12-жаттығу. ІХ. Оқушыларды бағалау
№83. Тақырыбы: Жекеше зат есім
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жалқы және жалпы есім туралы, көпше және жекеше түрдегі зат есімдерді ажырата білуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 12-жаттығу
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. «Кім көпшіл?» ойынын ойнату. Ойынның шарты: бір ғана заттың атауына сәкес көп заттың атауын айту. Дала-далалар, жер – жерлер, тас – тартар, адам-адамдар, сарай-сарайлар т.б. Ол сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу. 13-жаттығу мәтінді оқу, сөйлемдердегі сөздерді кестеге толтыру.
Жалқы есім |
Жалпы есім |
Көпше түрдегі зат есімдер |
Жекеше түрдегі зат есімдер |
|
|
|
|
14-жаттығу жаңылтпашты оқу, жатқа айту. Жекеше түрдегі зат есімдер: ара, бал. Көпше түрдегі зат есімдер: аралар, балалар. 15-жаттығу сөйлемдерді тиісті көптік жалғаулармен толықтырып жазу: Ауданда суретшілер жарысы өтті. Балалар сурет салуды жақсы үйренген. Жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырылды. 16-жаттығу мәтінді оқу, көптік жалғауы бар сөздерді теріп жазу: хайуанаттар, аңдар, маймылдар, аюлар, түлкілер, барыстар.
ҮІ.Бекіту:18-жаттығудағы гүлдердің жапырақтарында берілген сөздеді оқу, сұрақтар қою. көпше түрдегі зат есімдерге өзгертіп айту.ҮІІ. Қорытындылау. 1. Балалар, біз бүгін сендермен зат есімнің қандай түрін өттік? 2. Жалқы есім дегеніз не? 3. Ал, жалпы есім дегеніміз ше? 4. Мысал келтірейікші енді.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 17-жаттығу. ІХ. Оқушыларды бағалау
№84. Тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға негізгі және тунды зат есімдерді ажырата білуге, алған білімдерін кеңейте түсуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 17-жаттығу Кім? Кімдер? не? нелер? сұрақтарына жауап беретін бірнеше сөз ойлау, оларды қатыстырып сөйлем құрау.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру
Сызбаға сүйеніп білімдерін еске түсіру.
Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу 19-жаттығу сөздерді салыстырып оқу, сұрақтар қою, айырмашылықты байқау. Өнерпаз, күйші, сыйлық, балықшы, орындық. 20-жаттығу өлеңді мәнерлеп оқу, туынды зат есімдерді теріп жазу: кенші, достық, елші, аспаз, малшы.Бұл сөздерді түбірлерін айт. 21-жаттығу жаңылтпашты оқып жатқа жазу: Туынды зат есімдерді ата: еңбекшіл, өрмекші, өрнекші. Түбір сөзге қандай жұрнақ жалғанды? 22-жаттығу Төменде берілген зат есімдерге –шы,-ші жұрнақтардың тиістісін қойып, туынды зат есім құрау:
Не? |
Кім? |
Мүсін, егін, би, күй, дойбы, сауын, мал, жылқы, сиқыр. |
Мүсінші, егінші, биші, күйші, дойбышы, сауыншы, малшы, жылқышы, сиқыршы. |
ҮІ.Бекіту:Толықтыру тесті:Төменде берілген сөздерге тиісті жұрнақ жалғау арқылы туынды зат есім құрастыр: Тігін, кәсіп, өнер, оқу, дос, еңбек, ас.
ҮІІ. Қорытындылау. 1. Балалар, біз бүгін сендермен зат есімнің қандай түрін өттік?
2. Негізгі зат есімдер дегеніміз не? 3. Туынды зат есімдер дегеніміз не? 4. Мысал келтірейікші енді.
ҮІІІ.Үйге тапсырма: 23-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.Суретте кімдер бейнеленген? Ол не істеп тұр? Әңгімені ары қарай құрастырыңдар.
ІХ. Оқушыларды бағалау
№85 Тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім
Сабақтың мақсаты: оқушыларға негізгі және тунды зат есімдерді ажырата білуге, алған білімдерін кеңейте түсуге, тиянақтауға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 23-жаттығу Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру
24-жаттығуды түсіндіре отрып жазу:
Сын есімнен жасалған туынды зат есімдер: |
Зат есімнен жасалған туынды зат есімдер: |
Шебер – шеберхана, таза – тазалық, жақсы – жақсылық, жаңа – жаңалық, әділ - әділдік |
Ем – емхана, ас – астық, асхана, ойын – ойыншық, тал – талшық, дос - достық |
Тірек сызба арқылы туынды зат есімдерді түсіндіру.
Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу Зат есім негізгі және туынды болып бөлінеді.
Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейміз: ана, жер, көз.
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз: іскер, байлық, кезекші.25-жаттығу туынды зат есімдерден негізгі зат есімдерді сызықша қою арқылы бөліп жазу: Әділдік-әділ, батырлық-батыр, достық-дос, сөздік-сөз, балалық-бала, сыйлық-сый.2-3 сөйлем құрау, оқу.26-жаттығуда берілген өлеңді оқу, құрылысшы сөзінің туынды зат есім екендігін дәлелдеу.27-жаттығу Мақалды жатқа жазу:Талант қартаймайды,
Білім ортаймайды. 28-жаттығу берілген жұрнақтарды пайдаланып, туынды зат есімдіктерді өздіктерінен құрастыру, оқу, талдау, дәлелдеу.30-жаттығуда берілген ребусты шешу (білім), туынды зат есім екендігін дәлелдеу. Түбірі – біл, - ім - жұрнақ.
ҮІ. Бекіту: Сөздік диктант:
1) ән, балық, би, оқу, орман, жыр, жазу, жұмыс, жылқы, домбыра, тігін.
Сөздерге –шы, -ші жұрнағының бірін жалғап жаздыру.
2) Адал, ұзын, сұлу, биік, бай, орын, сөздік, таза.
Сөздерге –лық, -лік, -дық, -тық, -тік жұрнақтарының тиістісін жалғап жаздыру.
3) Ұш, сор, ат, өшір, бас,, кес, сыз, сүрт, қыр, жырт, іл, отыр.
Сөздерге –ғыш, -гіш, -қыш, -кіш жұрнақтарының тиістісін жалғап жаздыру.
ҮІІ. Қорытындылау: 1. Балалар, біз бүгін сендермен зат есімнің қандай түрін өттік?
2. Негізгі зат есімдер дегеніміз не? 3. Туынды зат есімдер дегеніміз не?
4. Мысал келтірейікші енді.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 29-жаттығу Мәтінді оқу, көшіріп жазу, туынды, негізгі зат есімдерді табу. ІХ. Оқушыларды бағалау
№86. Тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға негізгі және тунды зат есімдерді ажырата білуге, алған білімдерін кеңейте түсуге, тиянақтауға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Мәтінді оқу, көшіріп жазу, туынды, негізгі зат есімдерді табу. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру
31-жаттығу Берілген жұрнақтарды жалғап, туынды зат есімдер жасау.
-шы |
-лық |
-гіш |
Малшы, басшы, кітапханашы, балықшы, сауыншы, дойбышы. |
сыйлық, тазалық, сұлулық, жаңалық. |
өшіргіш, ілгіш, жүзгіш, білгіш. |
Туынды зат есім екендерін дәлелдеу. Зат есім негізгі және туынды болып бөлінеді.
Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейміз: ана, жер, көз.
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз: іскер, байлық, кезекші.
Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу. 32-жаттығу көп нүктенің орнына негізгі зат есімді табу, көшіріп жазу, түсіндіру: кезек-кезекші, сый-сыйлық, көл-көлшік, іс-іскер, сөз-сөздік, дос-достық.
33-жаттығуда берлген мақалды жаттау, мағынасын түсіндіру, жазу. Туынды зат еімдерді тап, олардың астын сыз. 34-жаттығу: сөздерді оқу, талдау.
Бірінші топтағы сөздер етістік, ал екінші жолдағы сөздер сын есімдер.
Етістіктен жасалған туынды зат есімдер: |
Сын есімнен жасалған туынды зат есімдер: |
ұшқыш, білгіш, ілгіш, сызғыш, өшіргіш. |
Адалдық, ұзындық, жаңалық, сұлулық, тазалық, биіктік. |
35-жаттығу мақалды жатқа жазу, зат есімдерді сұрақтар қою арқылы табу, олардың негізгі немесе туынды екенін дәлелдеу.
ҮІ. Бекіту:
36-жаттығу мәтінді оқу, қарамен жазылған сөздердің түбірін табу. Оларға жұрнақ жалғау арқылы туынды зат есімдер жаса.
Кітапхана, кітапханашы, малшы, құсшы, аңшы, мүсінші.
Неліктен бұл сөздерді туынды зат есімдер деп атаймыз?
ҮІІ. Қорытындылау
Тірек сызба арқылы туынды зат есімдерді түсіндіру.
1. Балалар, біз бүгін сендермен зат есімнің қандай түрін өттік? 2. Негізгі зат есімдер дегеніміз не? 3. Туынды зат есімдер дегеніміз не? 4. Мысал келтірейікші енді.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 37-жаттығу Қатардағы артық сөздерді табу, түсіндіру.
ІХ. Оқушыларды бағалау
№87. Тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға зат есімдердің тәуелденуі туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға, алған білімдерін кеңейте түсуге, тиянақтауға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру 37-жаттығу.Қатардағы артық сөздерді табу: көрме, жаңалық. Неліктен бұл сөздер артық болды деп ойлайсыңдар?
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Зат есім қалай болып бөлінеді? Негізгі түбірден болған зат есімді не деп атаймыз? Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді не дейміз?
Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу 38-жаттығу сөйлемдерді оқу, суреттермен берілген сөздердің түбірі мен қосымшасына ажырат: Менің сағатым үйде қалды. Сенің мысығың терезенің алдында отыр. Жақсылықтың қаламы партаның үстінде жатыр.39-жаттығу берілген сөздерді үш жақта тәуелдеп жазу. қосымшалардың астын сызу, қосымшалардың қандай мағына беріп тұрғанын анықтау. Ережемен жұмыс: оқу, талдау, түсіндіру, есте сақтау.40-жаттығу жұмбақты оқу, шешуін табу, тәуелдік жалғауы бар сөздерді табу, оларға сұрақтар қой. Қанаты, аяғы, аузы (несі?) 41-жаттығу өлеңді оқу, мағынасын ашу, жатқа жазу. Тәуелдеулі сөздерді табу астын сызу (түйем, қойым 1-жақ жекеше, боталары 3-жақ, көпше, қозыларым 1-жақ, көпше)
Сөзжұмбақ құрастыру:
|
Тігінен: 1. Әшекей үшін пайдаланылатын түсі ақшыл бағалы тас не деп аталады? 2. Түрлі түсті жіппен арқау салып, жолақтап тоқитын тоқыр кілем Көлденеңінен: 1. Пейіл, жақсы ниетті тағы қалай атауға болады? 2. Сәндік үшін әшекейлі алтын немесе күміс теңге таққан шашбау қалай аталады? |
ҮІ Бекіту: Үлестірмелі қима қағазбен жұмыс ұйымдастыру:
№1 Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауды жаз І Менің гүл.... І Біздің гүл... ІІ Сенің гүл... ІІ Сендердің гүл... Сіздің гүл... Сіздердің гүл... ІІІ Оның гүл... ІІІ Олардың гүл... №3 Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауды жаз І Менің дәптер... І Біздің дәптер... ІІ Сенің дәптер... ІІ Сендердің дәптер... Сіздің дәптер... Сіздердің дәптер... ІІІ Оның дәптер... ІІІ Олардың дәптер... №5 Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауды жаз І Менің парта... І Біздің парта... ІІ Сенің парта... ІІ Сендердің парта... Сіздің парта... Сіздердің парта... ІІІ Оның парта... ІІІ Олардың парта... №7 Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауды жаз І Менің сурет... І Біздің сурет... ІІ Сенің сурет... ІІ Сендердің сурет... Сіздің сурет... Сіздердің сурет... ІІІ Оның сурет... ІІІ Олардың сурет...
|
№2 Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауды жаз І Менің гүл.... І Біздің гүл... ІІ Сенің гүл... ІІ Сендердің гүл... Сіздің гүл... Сіздердің гүл... ІІІ Оның гүл... ІІІ Олардың гүл... №4 Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауды жаз І Менің қала... І Біздің қала... ІІ Сенің қала... ІІ Сендердің қала... Сіздің қала... Сіздердің қала... ІІІ Оның қала... ІІІ Олардың қала... №6 Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауды жаз І Менің қарындаш... І Біздің қарындаш... ІІ Сенің қарындаш... ІІ Сендердің қарындаш... Сіздің қарындаш... Сіздердің қарындаш... ІІІ Оның қарындаш... ІІІ Олардың қарындаш... №8 Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауды жаз І Менің Отан... І Біздің Отан... ІІ Сенің Отан... ІІ Сендердің Отан... Сіздің Отан... Сіздердің Отан... ІІІ Оның Отан... ІІІ Олардың Отан...
|
ҮІІ. Қорытындылау.Балалар, бүгін біз не үйрендік? Тәуелдік зат есім дегеніміз не? Мысал келтір.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 42-жаттығу.Берілген сөздерді тәуелдеулі ерекшелігіне қарай топтап жазу керек. ІХ. Оқушыларды бағалау
№88 Тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға зат есімдердің тәуелденуі туралы алған білімдерін кеңейте түсуге, тиянақтауға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 42-жаттығу Берілген сөздерді тәуелдеулі ерекшелігіне қарай топтап жазу керек.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. 44-жаттығу сөздерге тәуелдік жалғауын тауып айту: Менің халқым, балаларым, қағаздарым, кітаптарым.
Сенің халқың, балаларың, қағаздарың, кітаптарың.
Оның халқы, балалары, қағаздары, кітаптары.
Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 45-жаттығу мәтінді оқу, көшіріп жазу, тәуелдеулі сөздерді табу, олардың байланысып тұрған сөзін айту. 46-жаттығу көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауларын қойып жазу: Жайлауымыз, қыстауымыз.47-жаттығуда берілген жұмбақты шешу (әтеш), тәуелдеулі сөздерді тауып, үш жақта, жекеше және көпше түрде айту:
Жекеше |
Көпше |
Менің тарағым, орағым, сақалым. Сенің тарағың, орағың, сақалың Оның тарағы, орағы, сақалы |
Біздің тарағымыз, орағымыз,сақалымыз Сендердің тарақтарың, орақтарың, сақалдарың. Олардың тарақтары, орақтары, сақалдары. |
ҮІ. Бекіту: 48-жаттығу мәтінді түсініп оқу, тәуелденген сөздерді табу, жазу, тәуелдік жалғаулардың астын сызу: бойы, қол-аяғы, әжесі, шешесі. Абай Құнанбаев кім болған? Оның қандай еңбектерін білесің? «Абай жолы» романын жазған кім? М.Әуезов туралы не білесіңдер?
ҮІІ.Қорытындылау.Балалар, бүгін біз не үйрендік? Тәуелдік зат есім дегеніміз не? Мысал келтір. ҮІІІ. Үйге тапсырма: 49,50-жаттығу 161-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау
№89. Тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі
Сабақтың мақсаты: оқушыларға зат есімдердің тәуелденуі туралы алған білімдерін кеңейте түсуге, тиянақтауға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру 49,50-жаттығу161-бет.Тоқымыда жасырылған сөздер: шырша, қайың, терек. 50-жаттығу берілген сөздер қатарынан артық сөзді табу: күлем, үскі.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Үлестірмелі қима қағазбен жұмыс ұйымдастыру:
№1 Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауды жаз І Менің құлын... І Біздің құлын... ІІ Сенің құлын... ІІ Сендердің құлын... Сіздің құлын... Сіздердің құлын... ІІІ Оның құлын... ІІІ Олардың құлын... №3 Қай жақта тұрғандығын анықта: .... кітабым .... кітабың ... кітаптарың .... кітабыңыз ... кітаптарыңыз ... кітабымыз .... кітабы ... кітаптары №5 Қай жақта тұрғандығын анықта: ... атам ... атамыз ... атасы ... аталары ... атаң ... аталарың ... атаңыз ... аталарыңыз |
№2 Қай жақта тұрғандығын анықта: .... үйім ... үйіміз .... үйіңіз .... үйі .... үйің ... үйлерің ... үйлеріңіз ... үйлері №4
Қай жақта тұрғандығын анықта: ... добың ... доптарың ... добым ... добымыз ... добыңыз ... доптарыңыз ... добы ... доптары
|
Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу 51-жаттығу түбір сөздерді тәуелденген сөздермен салыстыру: халық-халқым, білек-білегің т.б. Түбір сөздер тәуелденгенде қандай өзгерістерге ұшырағанын ату, байқату.52-жаттығу жұмбақты оқу, шешуін табу. Қарамен жазылған сөздің түбірін табу: ауыз-аузы. 53-жаттығу Жақшадағы сөздерге тисті тәуелдік жалғауды жалғап жазу: Біздің халқымыз бақытты. Сенің дауысың естілмейді. Менің уақытым болмады. Мемлекеттің мүлкін шашпа. Ораз ернін жыбырлатты. 54-жаттығу өлеңді мәнерлеп оқу. 1. Біздің туған жеріміз, Отанымыз қай мемлекет? 2.Тәуелдеулі сөздерді табу (балаларың, халқың, келбетіңе)
ҮІ. Бекіту: 55-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде орындау. ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Тәуелдік зат есім дегеніміз не? Мысал келтір.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 56-жаттығу жұмбақты оқу, ребусты шешімі арқылы жауабын табу: шағала. ІХ. Оқушыларды бағалау
№ 90. Тақырыбы: Мазмұндама
Мақсаты: Оқушыларға мазмұндама жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге, өз ойларын толық жеткізе білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, байланыстырып сөйлеу тілдерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.
Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ.Мақсат қою кезеңі:Бүгінгі сабақта біз мазмұндама жазамыз.Мазмұндама жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Мазмұндаманы қалай жазу керек? Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгілерді қоюды ұмытпаңдар. Әр сөйлем бас әріптен басталып жазылады. Кісі аттары, жер-су аттары, үй жануарлардың аттары қалай жазылады?
ІІІ. Білімдерін тексеру: Мазмұндама мәтінін мұғалім 3 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді. Сұрақтар қояды, 3-4 баладан мазмұнын сұрап, жоспарды түсіндіреді, барлық балалардың жазғандарын қадағалайды. Мазмұндаманы жазып болған оқушылар іштерінен оқып, тексереді.
Жоспар: 1. Сүйкімді мысық. 2. Ойынға құмарлық. 3. Ұнамсыз қылық.
