Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сабақ жоспары-3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
16.85 Mб
Скачать

Қазақ тілі

1. Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы

Мақсаты: Сөз және оның мағынасы туралы 2-кластағы алған білімін қайталап, еске түсіре отырып, жаттығулар орындау; сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа материалмен жұмыс: а) өткенді еске түсіру. Сөз дегеніміз не? Сөздің қандай мағыналарын білесің? ә) оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу (тірек сызба көмегімен сөз таптарын еске түсіру) б) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу А а А а Алма.

2-жаттығу. Сөздерді оқу, ондағы ұқсастық пен айырмашылықты бөліп көрсету, сөйлем құрау. Мысалы: Жазда аралар гүлдерден бал жинайды. Айдостың ала сиыры жайылып жүр. 3-жаттығу. Аспанда: ай, жұлдыз, күн, бұлттар, құстар, тікұшақ. Жерде: топырақ, тастар, жәндіктер. Суда: балықтар, балдырлар, кеме, қайық .

в) Сергіту жаттығуы. 4-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде балаларға сурет бойынша сөйлем құрап жаздырту. 5-жаттығу Оқушылардың үстел жайында білімдерін ауызша сұрау, суретпен жұмыс жүргізу.

ІҮ.Бекіту: а) 6-жаттығудағы ақпаратты есте сақтап талдау. ә) Ойын «Кім тапқыр?» Ойының шарты: оқушыларды 4 топқа бөліп, зат, сын, сан есім, етістік бойынша сөздер айтқызу, сұрақ қою.

Ү. Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөз туралы не білеміз? Сөз мағынасына қарай қалай бөлінеді?

ҮІ. Үйге тапсырма: 7- жаттығу 5-бет. ҮІІ. Оқушыларды бағалау

2. Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы

Мақсаты: сөз және оның мағынасы туралы білімін тиянақтау; сөздік қорын, ақыл-ойын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер, тірек сызбалар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 7-жаттығуды тексеру. Ол заттың түсі сары, дәмі тәтті, түрі сопақша, дәруменге бай. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс: а) өткенді еске түсіру. Мына сөздерге қарама-қарсы мәнді сөздерді тауып айтыңдар. Ұзын-қысқа, алыс-жақын, арзан-қымбат т.б. Мына сөздер

ә) оқулықпен жұмыс, 8-жаттығуды мәнерлеп оқу, талдау. Сөл, шырын, сығынды, нәр.

б) дәптермен жұмыс. Күн ретін, көркем жазуға Б б Б б Б б Бауыржан жаздырту.

9-жаттығу. Жаңылтпашты мәнерлеп, шапшаң оқыту, жаттату. 4-5 балаға жатқа айтқызып, тыныс белгілеріне назар аударту. Жатқа жазып, оқулықпен тексерту. Жазылуы бірдей мағыналары әртүрлі «алма-алма» сөздерінің мағынасын түсіндіру.

10-жаттығу. Мақалды оқытып, мағынасын түсіндіру. Арзан, іші сөздеріне қарама-қарсы мағыналы сөзді (қымбат, сырты) тауып айту.

Тура: нанды тура, тура жол. Жас:машинаны жаса, мүшел жас.Түс: аттан түс, түс көру, қызыл түс. в) Сергіту жаттығуы

Ү. Бекіту: а) 13 -жаттығудағы ақпаратты есте сақтап талдау. ә) 14-жаттығуды «Ұйқасын тап» ойыны түрінде өту. Ойының шарты: мұғалім өлеңнің басын оқиды, оқушылар топ бойынша ұйқасын табу керек. Жеңген топты мадақтау.

ҮІ. Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөз туралы не білеміз? Сөз мағынасына қарай қалай бөлінеді?

ҮІІ. Үйге тапсырма: 12- жаттығу, 7-бет. ҮІІІ. Оқушыларды бағалау

3. Тақырыбы: Сөз және оның құрамы

Мақсаты: Оқушыларды сөздің түбірі, жұрнағы, жалғауы туралы білімдерін тиянақтауға, ажырата білуге, сауатты жазуға үйрету; ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту; адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, дедукция, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 12-жаттығуды тексеру. Мағынасы қарама-қарсы қандай сөздерді білесіңдер?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1) сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. 2) Сөздің құрамына не жатады? 3) көрнекілікке сүйене отырып түсіндіріп, еске түсіру.

ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс: а) өткенді еске түсіру. Сөздер қандай мағыналары бар? Жазылуы бірдей мағыналары әртүрлі қандай сөздерді білесіңдер? Мағыналары қарама-қарсы сөздер ше? Мағыналары жуық сөздерді білесің бе?

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін, көркем жазуға В в В в вагон жаздырту.

15-жаттығудағы өлеңді мәнерлеп оқыту

16-жаттығу өзіндік жұмыс. Мақалдағы қалып қойған қосымшаларды толықтырып жазу. Мақалдың мағынасын ашу. Еңбекке қатысты тағы қандай мақал білесің?

17-жаттығу. Ел – елші, дәрі - дәріхана, оқу – оқушы, көл – көлшік, кітап – кітапхана, жұмыс – жұмысшы. Сөздердің мағыналары неліктен өзгерді?

18-жаттығу. 1) Мәтінді мәнерлеп оқу, түсіндіру. Қарамен жазылған сөздерді көшіру, түбір және қосымшаларын ажырату. 2) Өздерің уәде дегенді қалай түсінесіңдер? Уәдені не үшін береді? 19-жаттығу. Құрылыс-шы-лар, кітап-тар, көл-шік-тер, дос-тық-ты. 20-жаттығу. Көлге түсірілетін сөздер: күй, бүркіт, орын, іні; көлшікке: қобызшы, тазалық, еңбекқор, ойыншық, жұмыскер. б) Сергіту жаттығуы

Ү. Бекіту: Сәйкестендіру тесті: сөздерді жұрнақ, жалғауларға сәйкестендір.

Балалық Жұрнақ

Күйші

Далада Жалғау

Оқуды

ҮІ. Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөздің құрамы деп нені айтамыз? Сөздің түбіріндегі соңғы әріп өзгеретін мысал келтір? ҮІІ. Үйге тапсырма: 21- жаттығу. 9-бет, «Көл» тақырыбына шағын әңгіме құрау. ҮІІІ. Оқушыларды бағалау

4. Тақырыбы: Сөз және оның құрылымы

Мақсаты: Оқушыларды сөздің құрылымын, әріптер мен дыбыстардың ерекшелігін ажыратуға үйрету; сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; адамгершілік, еңбек тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 21-жаттығуды тексеру. Көл мен көлшіктің айырмашылығы мен ұқсастығы неде? Жазған әңгімелерін оқу, талдау.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1) сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. 2) Сөздер нелерден құралады? Дыбыс деп нені айтамыз? Әріп дегеніміз не? 3) көрнекілікке сүйене отырып сөздің құрылымын түсіндіріп, еске түсіру.

ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс: а) дәптермен жұмыс. Күн ретін, көркем жазуға Ә ә Ә ә Әтеш сөзін жаздырту.

22-жаттығудағы өлеңді мәнерлеп оқыту, жаттатқызу, 4-5 балаға жатқа айтқызып, жаздырту. Әр сөзде неше әріп, неше дыбыс бар? Олардың ерекшелігі неде? 23-жаттығу мәтінді оқу, талдау. Бидайды қай мезгілде жинайды? Бидайдан біз не жасаймыз? Нан туралы қандай мақал білесің? 24-жаттығудағы сөздердегі бір дыбысты өзгертуден мағынаның түбегейлі өзгеруін аңғарту. Тағы қандай дыбыстарды өзгертіп жаңа сөз ойлап табуға болады? 26-жаттығу «Кім жылдам?» ойыны ретінде өткізу. Ойынның шарты: берілген сөздерге жетіспей тұрған әріпті таңдап торға енгізу. Сөздер: үкі, жүгері, бұрғы, дәптер, өрік, сиыр, ағаш бүркіт. 27-жаттығу өлеңді мәнерлеп оқу, өлеңге ат қою. в) Сергіту жаттығуы

Ү. Бекіту: а) 28-жаттығуды оқу, талдау ә) әріптерді неге тыңдауға, айтуға болмайды? б) Сөздік диктант Қырғауыл, жолаушы, бидай, комбайн, теңіз.

ҮІ. Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөздер неден құралады? Әріп деп нені айтамыз? Дыбыс дегеніміз не? ҮІІ. Үйге тапсырма: 25-жаттығу 10-бет берілген әріптерден сөз ойлап, 4-5 сөйлем құрау. ҮІІІ. Оқушыларды бағалау

5. Тақырыбы: Сөз және оның құрылымы

Мақсаты: Жаттығуларды орындау барысында сөздердегі дауысты у және дауыссыз болып келетін жағдайларды ажыратуға, сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету; сөздік қорын, қисынды ойлауын, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; еңбек, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, көрнекілік. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 25-жаттығуды тексеру. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс 1. Дауысты дыбыс деп қандай дыбыстарды айтамыз? Дауыссыз дыбыстарды ата. 2. У дыбысы бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс болатынын еске түсіру. 3. «Қандай У?» ойынын ойнату. Ойынның шарты: мұғалім сөздерді айтады оқушылар сигналды қызыл және көк карточкалар арқылы дауысты, дауыссыз екендігін көрсетеді. Мысалы: аула, сула, ау, Сәуле, жу, бу т.б.

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу: Г г Г г Гүлжан. 29-жаттығуды оқу, мазмұнын ашу, у дыбысы бар кестені толтыру. 30-жаттығу екі топтағы сөздерді оқу, у дыбысы сөздерде қандай болып тұрғанын анықтау. Екінші топтағы сөздерге екінші у – дыбысын қосқанда мағыналы сөз шығатынын дәлелдеу. 31-жаттығудағы жұмбақты мәнерлеп оқыту, шешуін табу, жаттатқызу, 4-5 балаға жатқа айтқызып, жаздырту. И мен й-дің қайсысы дауысты, қайсысы дауыссыз екенін айту. 32-жаттығу сөйлемдегі сөздердің қалып қойған и және й дыбыстарымен толықтыру. 33-жаттығудағы өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу, и,у әріптерінің астын сызу.Өзара тексеру. 34-жаттығу өлеңді мәнерлеп оқу. 35-жаттығу. «Сиқырлы тізбек» ойынын ойнату. Шуақ-қуырдақ-қиын-наурыз-заула-айран в) Сергіту жаттығуы.Ү.Бекіту: Сөздер неден құралады?У қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болады? Мысал келтір. ҮІ. Қорытындылау. а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөздер неден құралады? Әріп деп нені айтамыз? Дыбыс дегеніміз не? ҮІІ. Үйге тапсырма: «Жазда» тақырыбына шағын әңгіме жазу. ҮІІІ. Оқушыларды бағалау

6. Тақырыбы: Сөз және оның құрылымы

Мақсаты: сөздердегі я, ю әріптерінің ерекшеліктерін, сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету; сөздік қорын, қисынды ойлауын, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; еңбек, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, көрнекілік. Сабақтың көрнекіліктері:мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: «Жазда» тақырыбында жазылған шығармаларын оқу, талдау. Сөйлемдерде кездесетін у дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс 1. Қоян сөзінде неше әріп бар? Неше дыбыс естіледі? Аю сөзінде ше? Я және ю қанда дыбыс болып есептелінеді? 2. Я және ю дыбыстары ездесетін сөздерді айту. ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу: Ғ ғ Ғ ғ Ғалия.

36-жаттығуды өшіріп жазу, сөздердің мағынасын ашу, ю, я әріптерінің атылуы мен жазылуындағы ереекшеліктерін айту. Оюшы, зиян сөздерінде неше буын бар? Я, ю дыбыстары қандай дыбыстар? «Өз орнын тап» ойынын ойнату. Ойынның шарты: орны ауыстырылып берілен сөздерден сөйлем құрау.

38-жаттығу ю деп айтып көрейік. Алдымен қандай дыбысты естисіңдер? Мына сөздердің қайсысына у дыбысын қосқанда ю шығады? Жи-ю, ки-ю, қо-ю, жа-ю.

39-жаттығудағы сөлемдерді и,я,ю әріптерімен толықтырып жазу.

40-жаттығудағы өлеңдерді мәнерлеп оқу, мағынасын ашу, суреттпен жұмыс жүргізу.

41-жаттығудағы сұрақтардың жааптарындағы сөздерден сөзжұмбақ құрастыру. Неше сұрақ берілген? Бес әріпті сөз шығатын неше және қандай жауап бар? Осыны негізге ала отырып сөзжұмбақ құрастыру.

қ

о

я

н

т

а

қ

и

я

қ

а

р

и

я

п

и

я

з

ұ

я

т

а

қ

и

я

қ

а

р

и

я

қ

о

я

н

п

и

я

з

ұ

я

42-жаттығудағы ребустың жауабы «хайуанат». Осы сөзге қатысты шағын әңгіме құрастыру, оқу, талдау. в) Сергіту жаттығуы

Ү. Бекіту: 1. Ю, я дыбыстары қандай дыбыстар? Олар қандай әріптердің қосындысынан тұрады? 2. Өздік диктант: жи+у= ...., ки+у=...., жыми+у=...., бұрти+у=...., тымпи+у=...., жай+у=...., есей+у=...., үлкей+у=...., түй+у=... .

ҮІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІ. Үйге тапсырма: 43-жаттығу, 15-бет түсіндіру. ҮІІІ. Оқушыларды бағалау

7. Тақырыбы: Сөз және оның құрылымы

Мақсаты: Оқушылардың 2-сыныпта дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін тиянақтауға мүмкіндік туғызу; адамгершілік, еңбек тәрбиелеріне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 43-жаттығудағы ойды аяқтап, шағын әңгіме жазу. Оқушылардан сұрап, ең үздік әңгімені бөліп көрсету. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

Сызбаға сүйене отырып дала, бүйрек, шаңғы сөздерін талдау.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс 44-жаттығудағы өлеңді мәнерлеп оқу, талдау. Өлеңде ұлан қандай болу керек делінген? Сендер тағы қандай болу керек деп ойлайсыңдар? ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу: Д д Д д Д д Дариға

44-жаттығудағы Біз жалқаулықты сүймейміз сөйлемді кестеге салып талдау.

45-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу. Сабағын, алабың, талабың сөздеріндегі түбірдің соңғы дыбыстарының өзгеруін сұрау, түсіндіру. 46-жаттығу. Жақшадағы сөздерге сұрақ қоя отырып, қажеттісін таңдау, көшіріп жазу. Түбірдегі соңғы дыбыстың өзгерісін түсіндіру. 47-жаттығу. 1. Леп, рахмет, лақ, радио, рет, ренжу, лашын, лалагүл. 2. Ілгіш, ылди, ілесу, ірімшік, ірі, ылғи, ырыс, ырылдау. 50-жаттығу 1. Ребустың жауабы: рауғаш. Рауғаш- көбінесе тау беткейлерінде өсетін көпжылдық қышқылтым дәмді өсімдік. 2. Тауға барғанда бұл өсімдікті көргендерін бар ма? Ол адамға пайдалы екенін естен шығармаңдар.

в) Сергіту жаттығуы Оқушыларға жұмбақтар жасыру:

1. Әрі шешен, әрі әнші, әрі күйші,

Әр үйде бар, тапқышым, қане тапшы. (Радио)

2. Бір нәрсе қуыс-қуыс болған өзі,

Адамша естіледі айтқан сөзі.

Дауысы анық болып шыққанымен,

Көрінбес бас, аяғы, екі көзі. (Радио)

3.Тастан-тасқа секіреді

Қалқиып қос құлағы,

Ойын болып көкірегі,

Аула оның тұрағы. (Лақ)

Ү. Бекіту:1. Қандай жағдайда түбірдің соңындағы дыбыс өзгереді? Мысал келтір. 2. Жаңа сабақты оқушылардың меңгергендігін тексеру мақсатымен терме диктантын ұйымдастыру.

Ана

Ақыл құйған санама,

Күннен артық, расында.

Күн алыста, ал анам

Ылғи менің қасымда. (Т. Бейсенбеков)

Бұл диктанттан оқушылар Р және Л әріптері бар сөздерді көшіріп жазулары тиіс. Мысалы: ақыл, артық, расында, алыста, ал, ылғи.

ҮІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІ. Үйге тапсырма: 49-жаттығу, 17-бет түсіндіру. ҮІІІ. Оқушыларды бағалау

8. Тақырыбы: Сөз таптары

Мақсаты: Сөз таптарының түрлерін, оларға сұрақ қоюға, сөйлемдегі сөз таптарына талдау жасауға үйрету; таным қабілетін дамыту, сөздік қорларын, дүниетанымын дамыту; ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, ішін-ара іздену, сұрақ-жауап. Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 49-жаттығудағы сөйлемдерді оқу, сөздерге дыбыстық талдау жасау. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

Сызбаға сүйене отырып, 51-жаттығудағы сөздерді талдау. Анықтаманы еске түсіру. Зат есім - заттың, құбылыстың, іс-әрекеттің атын білдіреді. Сұрақтары : Кім? Не? Кімдер? Нелер? Сын есім дегеніміз – заттың сынын білдіреді. Сұрақтары: Қандай? Қай? Сан есім – заттың ретін, санын, мөлшерін, қатарын білдіреді. Сұрақтары: Неше? Қанша? Етістік – заттың қимылын білдіреді. Сұрақтары: Не істеді? Қайтті?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс 52-жаттығудағы сызба бойынша оқушылардың сөз таптары туралы алған білімдерін тиянақтап, мысалдар келтіру.

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу: Ж ж Ж ж Жадыра

53-жаттығу «Адасқан сөз» ойынын ойнату. Ойынның шарты: әр топтағы сөздердің ішінде біреуі артық. Сол артық сөздерді көп тапқан оқушылар жеңеді.1. Көк, он алты, қою, үлкен, дәмді. 2. Нешеу, жүзінші, жеті, жиырма бес, бір. 3. Бұлбұл, жел, сатушы, мың, бояу. 4. Ұшырады, жазды, келмекші, ойланды, аң. Ол сөздер неліктен артық болды?

54-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде орындау. Сұрақтар бойынша сөйлем құрау. 55-жаттығудағы сөздерді сөз таптарына топтап жазу. Бұл жаттығуды оқушылардың түсінгендерін анықтау мақсатымен өздеріне орындатып, ауызша талдау.

в) Сергіту жаттығуы. Ү. Бекіту: 1. 57-жаттығудағы сөздерді ретпен жинастыру. 2. Сөз таптарына не жатады? Зат есім дегеніміз не? Сын есім, етістік дегеніміз не? Әр сөз табы қандай сұраққа жауап береді? Мысал келтір. ҮІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІ.Үйге тапсырма:56-жаттығу, 19-бет түсіндіру. ҮІІІ. Оқушыларды бағалау

9. Тақырыбы: Зат есім. Мақсаты: Оқушылардың зат есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдетуге мүмкіндік жасау; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу дағдыларын дамыту; ақыл-ой, дәптермен, тақтамен жұмыс жасағанда әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: ребус, мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 56-жаттығуда сөздерден сөйлем құрастыру. Оқушылардан ауызша сұрау, талдау. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1. Ребус шешу

´´´´´ ´´´ ´´ ´´´

2. сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. 58-жаттығудағы мақалдардың мағынасымен жұмыс, зат есімдердің астын сыздырту.

Тау мен тасты су бұзар, (не?)

Адамзатты сөз бұзар.

Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді. (не?)

ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу: З з З з Зәуре. 59-жаттығуды оқушылармен тақтаға талдай отырып орындау: Гүл аттары: қалампыр, раушангүл, нарғызгүл, қызғалдақ, Дәрілік өсімдіктер: жалбыз, жолжелкен, түймедағы.

60-жаттығу өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту. Сұрақтар қою арқылы зат есімді теріп жаздырту. б) Зат есімнің түрлерін еске түсіру. Жалқы есім дегеніміз - біркелкі заттарды жекелеп айтатын атау, жеке заттарды айтамыз. Сонымен қатар, жер-су аттары, адамдардың аттары, жануарлардың аттары барлығы бас әріптен басталып жазылады. Мысалы, Алатау, Балқаш. Жалпы есім дегеніміз біріңғай заттарды жаппай атайтын атау, ұқсастығы бойынша. Жалпы есімдер кіші әріптерден басталып жазылады. Мысалы, қыз, қала, құс. 61-жаттығу мәтінді оқу, жалқы, жалпы есімдерді табу, сұрақ қою. Жалқы есімдер қандай әріптен басталып жазылып тұр? в) сергіту жаттығуы

Ү.Бекіту: Терме диктанты. Көкшетау – қазақтың Швейцариясы атанған өлке. Оның табиғаты өте көркем. Көкшетау – Сәкен Сейфуллин, Біржан сал, Ақан сері, Шоқан Уәлиханов сияқты қазақтың атақты ұлдарының туып-өскен жері. Жалқы есімдерді теріп жазу. ҮІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІ. Үйге тапсырма: 62-жаттығу, 21-бет түсіндіру. ҮІІІ. Оқушыларды бағалау

10. Тақырыбы: Етістік

Сабақтың мақсаты: етістік жайында түсініктерін пысықтау, етістіктің сұрақтары мен түрлерімен таныстыру; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту; адамгершілік, экологиялық тәрбиелеріне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 62-жаттығу

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1. тақырып мазмұны бойынша ертегі айту. Етістік

Ғаламдағы асқан өнер айналадағы көркем сұлулықты бейнелей алу шеберлігі. Мұндай өнер шеберлері әншілер, жазушылар болса, осындай һақ шебер көсемі суретшілер болмақ.

Өткен заманда осындай сұлулықты бір суретші Зат есім атты бояумен келтірген екен. Оның суреттерінде зәулім үйлер, асқан таулар, оқу құралдар мен небір затар бейнеленген екен. Алайда, сыншылар бұл суреттерді табиғатты толыққанды бейнелемей тұрғанын айтады. Өз шеберханасында көп ойланып, толғанған шебер өз суреттеріне жаңа бояуларды қатыстыруды шешеді. Ол бұрын сонды болмаған етістік бояуын пайдалануды шешеді. Енді оның суретіндегі заттар құбылысға айналып, қозғалысты бейнеленейтін болған. Манағы таудан өзен ағып, зәулім үйлер аспан тіреп, бұлттар ағып, күн шығып келе жатуы, жүгірген бала, күлген қыз бейнелері келеді. Көркем суреттер шығарылғаннан кейін оларда сыншылар да, халық та өмірді дұрыс әрі көркем бейнелейтініне тамсаныпты.

2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру Етістік дегеніміз не? (Етістік дегеніміз – заттың не құбылыстың қимылын білдіретін сөздер)Ол қандай сұрақтарға жауап береді? (не істеді? қайтты?)

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс 63-жаттығудағы жұмбақты оқу, шешімін табу (мысық), жатқа айтқызу, жаздырту. Етістіктің астын сыздыңдар ма? Ол қандай сөздер? (ұқсайды, ұстайды) Олар қандай сұрақтарға жауап береді? (не істеді?)

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу: И и И и Инелік. 64-жаттығуды топпен орындау. Өлеңді мәнерлеп оқу. Етістіктер: (өрмек) құрады, тоқылады (алаша)

б) етістіктің түрлерін түсіндіру, мақсатымен ережені талдау, мысал келтіру.

Дара етістік дегеніміз бір ғана етістіктен құралған етістікті айтамыз. Мысалы: оқыды, жазды, жинады. Күрделі етістік – екі, не одан да көп етістіктерден құралған етістік түрін айтамыз. Мысалы: айтып бере алмады, оқып отыр. 66-жаттығуды тақтаға талдау жұмыстарын жүргізе отырып орындау.

Дара етістік

Күрделі етістік

Айбар оқыды

Айман секірді

Дәрігер емдеді

Анам құйды

Әжем тікті

Бала көмектесті

Айбар оқып отыр

Айман секіріп ойнады

Дәрігер емдеп жатыр

Анам құйып жатыр

Әжем тігіп отыр

Бала көмектесіп жүр

67-жаттығу. Ақ, кит, мысық, ыдыс, ала. «қимыл» Етістік. 68-жаттығу Жаңылтпашты, оқу, жаттау, 5-6 оқушыға жатқа айтқызу. Жаңылтпаштағы тыныс белгілерге назар аударту, жазғызу. Түбіт сөзінің мағынасын ашу. в) Сергіту жаттығуы

ҮІ. Бекіту: Өздік диктант 1. Көктем ... . 2. Қар ... . 3. Жер ... . 4. Жаңбыр ... . 5. Найзағай ... . 6. Құстар туған жерге ... . 7. Арықтарда су ... . 8. Ағаштар ... .

Көп нүктенің орынына қимылды білдіретін сөздерді жаздыру.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 69-жаттығу, 23-бет түсіндіру. ІХ. Оқушыларды бағалау

11 Тақырыбы: Сын есім

Сабақтың мақсаты: сын есім жайында түсініктерін пысықтау, сын есімнің сұрақтарымен таныстыру, сын есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдету; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу дағдыларын дамыту; адамгершілік, экологиялық тәрбиелеріне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 69-жаттығу. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1. тақырып мазмұны бойынша ертегі айту. Сын есім

Баяғы өткен заманда Етістік деген әлемде әртүрлі заттар тіршілік етіпті. Заттардың не түсі, не пішіні болмай қызықсыз өмір сүріпті. Күндердің күнінде бұл елге өте алыс жерден Сын есім қария келіп елмен танысады екен. Сонда қария аң-таң болып, әр тұрғынмен танысып, сөйлеседі: - Сенің атын кім? - деді қария заттың атымен танысайын деп.

- Алма – деп жауап берді ештеңеге ұқсамайтын зат.

- Мұнда не істеп жүрсің? – деді қария іс-қимылын білейін деп.

- Күз келгендіктен біз пісеміз – деп жауап береді.

- Сын есімнің жаны қатты ашып, барлық заттарға қуаныш сыйлайын деп сөзін бастайды.

- Алма сен бұдан былай, қызыл, домалақ, дәмді алмасын – дегені сол еді алмамыз қып-қызыл, домалақ болды да қалды. Солай бір апта бойы қонаққа келген Сын есім қария қол үзбей жұмыс істейді екен. Бұл елде бақыт орнау үшін бізде өзіміздің қол ұшымызды беріп көрейік. - Шөп қандай болады? (жазыл, сары) - Аспан қандай болады? (көгілдір, үлкен)

- Қария қай жерден келді? (алыстан) - Жарайсыңдар балалар, енді ой түйіп көрейік.

2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ Жан-жақты білімдерін тексеру Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс 70-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу, талдау. Өлеңнен қандай сын есімдерді таптыңдар? (жазғы, жасыл, ақ, мөп-мөлдір) Бұл сөздерін қандай сұрақтарға жауап береді?

ә) Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу: Й й Й й Йод

71-жаттығу оқу, талдау. Ащы-тәтті , қою-сұйық, таза-кір, жаңа-ескі, ұзын-қысқа, жіңішке-жуан. Мысалы: таза ыдыс, ұзын сызғыш т.б.

72-жаттығуды 1-оқушыға оқыта отырып, талдау жұмыстарын жүргізу. Қабыршақты, әдемі, тұщы, ащы, баяу, қалың. 73-жаттығуды тақтаға талдау жұмыстарын жүргізе отырып орындау. Жұмбақтың шешуін тауып, көркем етіп жазып, сын есімдердің астын сызу.75-жаттығу. Өзіндік жұмыс ретінде орындау. Сын есімдерді қатыстырып сөйлем құрау. в) сергіту жаттығуы

ҮІ. Бекіту: 76-жаттығудағы сызба бойынша алған білімдерін тиянақтау. Доп қандай? (домалақ, ала, жеңіл) ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 74 -жаттығу, 25-бет түсіндіру. ІХ. Оқушыларды бағалау

12 Тақырыбы: Диктант

Мақсаты: оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз. Диктант жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Сөйлем неден басталады? Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады? Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады? Әр жазған сөйлемді тексеріп отыру керек па? Неліктен?

ІІІ. Білімдерін тексеру: Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді.

Күз

Қыркүйек. Күздің алғашқы айы. Аспан бұлттанды. Күннің қызуы азаяды. Күн салқындай бастайды. Ағаштың жапырақтары сарғая бастады. Терек пен қайың жасыл жапырағынан айырылды. Айнала сары ала түске боялды. Шық осы айда түседі. Құстар да жылы жаққа ұшып кетеді. Аңдар қысқы тіршіліктеріне кіріседі. Адамдар да қысқа дайындық жұмыстарын бастайды. (46 сөз)

Тапсырма 1. Мәтіндегі сөйлем санын цифрмен жақша ішіне жаз. 2. Не? нелер? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз. 3. Қыркүйек сөзіне дыбыстық талдау жаса.

ІҮ. Үйге тапсырма: 3 сөзге дыбыстық талдау жасау. Ү. Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.

13 Тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты: сан есім жайында түсініктерін пысықтау, сан есімнің сұрақтарымен таныстыру, сан есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдету; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту; адамгершілік, экологиялық тәрбиелеріне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 74-жаттығу. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру Сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. 77-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу, талдау. Өлеңнен қандай сан есімдерді таптыңдар? (үш, бір) Бұл сөздерің қандай сұрақтарға жауап береді? ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу: К к К к

78-жаттығу оқу, талдау. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып көшіру, сол сөздерге сұрақ қою, астын сызу. 79-жатығу жұмбақты оқу, шешу. Қос сөзін қандай сан есіммен ауыстыруға болады? 80-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу, екінші шумағын жатқа жазу. 81-жаттығу. Жұмбақ есептің шешуін табу (барлығы 4 мысық отыр). А.Байтұрсынов кім болды? Оның қандай еңбектері бар? в) Сергіту жаттығуы

ҮІ . Бекіту: 82-жаттығудағы көлшіктерге тиісті сан есімдерді орналастыру.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: «Менің сыныбым» тақырыбында шағын шығарма жазу. ІХ. Оқушыларды бағалау

14. Тақырыбы: Сөйлем

Сабақтың мақсаты: Сөйлем туралы, сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөліну түрлері туралы ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау; байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын, танымдық қабілеттерін дамыту; адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену

Сабақтың көрнекіліктері: сызба, мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. «Менің сыныбым» тақырыбында шағын шығарма жазғандарын тексеру, оқу, талдау, сан есімдерді табу. 2. Сан есім дегеніміз не? Ол қандай сұрақтарға жауап береді?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1. Сабақтың тақырыбына сәйкес ертегі айту.

Ерте, ерте ертеде, Синтаксис деген үлкен елде Сөйлем деген қария өмір сүріпті. Ол қарияның үш ұлы болыпты. Үш ұлы үш түрлі болған екен. Үлкен ұлы бар ісіне тиянақты, тыңғылықты, екіншісі тек сұрағанды жақсы көреді, ал үшінші ұлы бірде ренжіп, бірде қуанып, бірде бұйырып сөйлейтін ерке болыпты. Қария ұлдарының үш түрлі мінезді болғандығына қарамастан бір мәтінде үлкен ақылмен жұмсай біліпті.

Бұлар қандай сөйлемдер деп ойлайсыңдар? Олардан кейін қандай тыныс белгілер қойылады?

2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ Жан-жақты білімдерін тексеру Сөйлем дегеніміз не? Ол айтылу мақсатына қарай қандай түрлерге бөлінеді?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. 83-жаттығу. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен, мәнерлеп оқу, талдау. Атасынан өмірдегі ең мықтының кім екенін сұрады. Өмірде шындықты айтатын адам мықты. Атасынан өмірдегі әлсіздің кім екендігін сұрады. Әлсіз адамдар надан, жалқау, шыдамсыз болады. Өмірде елді аман сақтай алмайтын адам жаман. ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу: Қ қ Қ қ Қоян

Мәтінді тиісті тыныс белгілерімен толықтырып, жаңа сөйлемді бас әріптен бастап жазу.

85-жаттығу, сөздерді ретімен орналастырып сөйлем құрау, сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгі қою. 86- жаттығу сөйлем өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқу, соңына тыныс белгі қою. Оқушылармен ауызша талдап жазбаша өздіктерінен орындау. 87-жаттығуды үш қатарды үш сөйлем деп бөліп, қажетті сөйлемді атау, талдау. в) Сергіту жаттығуы

ҮІ. Бекіту: 89-жаттығу. «Қонақтар келді» сөйлемі қандай сөйлем дәлелде.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөйлем айтылу мақсатына қарай қандай болып бөлінеді? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 88-жаттығу, 29-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

15. Тақырыбы: Сөйлемдердегі сөздердің байланысы

Сабақтың мақсаты: Сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы берілген ұғымды тиянақтау, кеңету; сөйлем ішінде баланысып тұрған сөздерді дұрыс табуға жаттықтыру; ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену

Сабақтың көрнекіліктері: тірек-сызба, мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. 88-жаттығуды тексеру, талдау, жаңылтпашты жатқа айту. 2. Сөйлем дегеніміз не? Оның қандай түрлерін білесің?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.Сөйлемдер нелерден құралады? Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысады ма? Неліктен?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. 90-жаттығу сөйлемдегі өзара байланысқан сөздерді бөліп жазу. Сөйлемдегі байланысты анықтау үшін не істеу керек?

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу: Л л Л л Лашын. 91-жаттығудағы сөйлемдерді керекті сөздермен толықтырып көшіру. Ауызша талдау, өздіктерінен жазбаша орындау. 93-жаттығу, берілген ребусты шешу, шыққан мақалдың мағынасын ашу. Түлік төлден өседі. Бұл мақалды қалай түсінесің?

94-жаттығу.Сөздерден Абайдың өлең жолдарын шығару, сөйлемдегі сөздердің байланысын табу. 96-жаттығу, 2 сөйлемдегі сөздердің өзара байланысын табу.

в) Сергіту жаттығуы. ҮІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен байланысын не арқылы табуға болады? Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен неліктен байланыста болу керек?

ҮІІ. Үйге тапсырма: 95-жаттығу, 31-бет. ҮІІІ. Оқушыларды бағалау

16 Тақырыбы: Мәтін.

Сабақтың мақсаты: Мәтіннің мазмұнына сай ат қоюға және мәтін түрлерін ажырата алуға мүмкіндік жасау; оқушылардың мәтінге ат қою дағдысын одан әрі дамыту, дүниетанымын кеңейту; дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу, адамгершілік тәрбиеге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену.

Сабақтың көрнекіліктері: тірек-сызба, ребус, салынған плакат. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 1. 88-жаттығуды тексеру, талдау, жаңылтпашты жатқа айту. 2. Сөйлем дегеніміз не? Оның қандай түрлерін білесің? ІІІ.Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың тақырыбын, мақсатын айтпас бұрын оқушыларға ребус шештірту:Бірініші суретте не бейнеленген?(желім). Екінші суретте ше? (Әтеш).Үшінші суретте ше? (Тиін).Сонда қандай сөз шығады екен? (Мәтін)

2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

Сызбаны басшылыққа ала отырып, жаңа сабақты еске түсіру.

Ү.Жаңа материалмен жұмыс: а)Оқулықпен жұмыс, 97-жаттығу. Мәтінді түсініп оқу, ат қою, негізгі ойды бөліп көрсету.

ә)Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу: М м М м Майра, 98-жаттығу. Жұмбақты оқу, шешуін табу (шегіртке), жатқа жазу. Бұл жұмбақта белгілі бір ой болғандықтан, бұл не болып табылады? (мәтін). Мәтіннің қандай түріне жатады? Сипаттау ма, жоқ әлде әңгімелеу ме? (Сипаттау).99-жаттығу. Тақырыбы: «Аурудан аяған күштірек». Тірек сөздерді оқытып, жоспар құру. Жоспар:Сейітті арбаны қағып кетуі. Оның жаралануы, сынықшыға апаруы. Сейіттің анасына жанының ашуы, жыламауы. Осы жоспар арқылы оқушылардың өздеріне мәтін құрастырту.100-жаттығу сызба бойынша әңгіме құрастыру.102-жаттығу мәтінді түсініп оқу, әрі қарай жалғастыру.

в) сергіту жаттығуы. ҮІ.Бекіту: Жаңа материалды қорыту үшін шығармашылық тапсырма орындату. Күз.

Суық күз жақындады. Жәндіктер азая бастады. Бұлардың әсем әндері естілмейтін болды. Досыңмен ажырасатын сағат таяғанына жабырқадың ба? Бозторғай да әндетіп сайраудан қалды. Қаздар мен тырналар жылы жаққа кетіп жатты. Бозторғай өзі ұя салған жеріне алғыс айтуға келді. Бозторғай мекенімен қоштасты. Мәтіндегі негізгі ойды анықтау. Әр бөлікке ат қою. (Суық күз. Құстардың қоштасуы).Мәтін дегеніміз не? Олардың қандай түрлері болады? Мәтіннің әр бөлігі немен ерекшеленеді?

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 101-жаттығу, 33-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау.

17. Тақырыбы: Тіл және сөйлеу

Сабақтың мақсаты: оқушыларға сөйлеудің қажеттілігі, сөйлеу түрлерімен таныстыру; сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту; адамгершілік, еңбек тәрбиелеріне баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену.

Сабақтың көрнекіліктері: тірек-сызба, жеке суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 1. 101-жаттығу тексеру, оқу, талдау. 2.Мәтін дегеніміз не? Мәтіннің қандай түрлерін білесің? ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Сөйлеу адамдар үшін қажет пе? Неліктен? Сөйлеусіз адамдарға қандай қиын екенін түсінесіңдер ме? Сөйлеу адамға ғана тән нәрсе.

Ү.Жаңа материалмен жұмыс: а) Оқулықпен жұмыс. Негеш пен Білгішбек әңгімесін оқу,

талдау.Тіл арқылы сөйлеседі, хабар береді, пікірлеседі, білмегенін сұрайды, кеңеседі.

Сөйлеудің екі түрі бар: ауызша және жазбаша.

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу: Н н Н н Нар.1-жаттығу. Суретпен жұмыс. Ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің қайсысы бұрын пайда болды? Жазбаша сөйлеуді қай кезде қолданады деп ойлайсың? Ауызекі сөйлеуді ше?

2-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу. Ақтан неге мәз болды? Шынында құстар, аңдар сөйлей алады ма? 3-жаттығу мәтінді түсініп оқу, талдау, соңғы екі сөйлемді көшіру.4-жаттығу Ауызекі сөйлеу: телефон, магнитафон, микрофон. Жазбаша сөйлеу: журнал, кітап, газет.

в) сергіту жаттығуы. ҮІ.Бекіту: Алыстағы туыстарыңа хат жазып көрдің бе? Ол сөйлеудің қай түріне жатады? Жазбаша сөйлеу болмаса, құнды еңбектер сақталар ма еді?

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 5-жаттығу, 35-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

18. Тақырыбы: Тіл және сөйлеу

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөйлеудің қажеттілігі, сөйлеу түрлерімен таныстыру; сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту; адамгершілік, еңбек тәрбиелеріне, үлкендерді құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену

Сабақтың көрнекіліктері: тірек-сызба, сюжетті суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 1. 5-жаттығу тексеру, оқу, талдау. 2.Ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің қайсысы бұрын пайда болды? Жазбаша сөйлеуді қай кезде қолданады деп ойлайсың? Ауызекі сөйлеуді ше?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Жазбаша сөйлеуді кішкентай бала жүзеге асыра алады ма? Неліктен? Ауызекі сөйлеуді сәби кімнен үйренеді?

Ү.Жаңа материалмен жұмыс: а)оқулықпен жұмыс. 6-жаттығу. Берілген сөйлеу мәнерлері кімдерге тән екенін анықтау. Мысалы: Аузыңды аш, «а-а» де. (дәрігер). Ыстық самса алыңыз. (сатушы). Ойыншықтарыңды тағы шашып тастағансың ба?! (ана)

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу: ң ң ң аң. 7-жаттығу. Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқу, жалғастыру. Сендердің де ата-әжелерің алыста тұрады ма? Оларға хат жазып көрдің ба? Хат жазу сөйлеудің қай түріне жатады? Шығармашылық тапсырма: өзінің досыңа 4-5 сөйлемнен құралған хат жазып көр. 8-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқу, мағынасын ашу. Ата тілегін көшіріп жазу. 9-жаттығу мақалдардың мазмұнын ашу, жатқа жазу. 10-жаттығу. Суретпен жұмыс. Хат иесінің жазғанын қатесіз жазу.

в) сергіту жаттығуы. ҮІ. Бекіту: «Кім жылдам?» ойының өткізу. Ойынның шарты: тірек сөздерді пайдаланып жазбаша және ауызекі сөйлеу жасау. Тірек сөздер: ойын, дала, қызық.(ауызекі) Тірек сөздер: ауа-райы, бізде, ата. (жазбаша)

ҮІІ.Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ.Үйге тапсырма: 11-жаттығу, 37-бет. ІХ.Оқушыларды бағалау

19. Тақырыбы: Дыбыс және әріп

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сөздерді дұрыс айтып, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру,сөйлеу дағдыларын дамыту; ақыл-ой, адамгершілік тәрбиелеріне баулу, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: тірек-сызба, сюжетті суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 1. 11-жаттығу тексеру, оқу, талдау. 2. Ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің қайсысы бұрын пайда болды? Жазбаша сөйлеуді қай кезде қолданады деп ойлайсың? Ауызекі сөйлеуді ше?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Тақырыпқа сай ертегі айту. Дыбыс және әріп.

Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, керемет ғажап әлемде үлкен «Қазақ тілі» деген ел болыпты. Бұл елдегі барлық тұрғындар тату тәтті тұрыпты. Күндердің күнінде дыбыстар орманнан әртүрлі дыбыстар шығады екен.

- А-а, о-о, у-у, ы-ы – деп әртүрлі дыбыстар шығарады. Сөйтсе, Жалмауыз кемпір дыбыстар мен әріптердің барлығын ұстап алып жібермей жатыр екен.

Әріптер өздері дыбыс шығара алмайтындықтан, дыбыстардан өтініпті сендер бізге көмектесіп жазылған сөздерді дыбыстап беріңдерші өтінеміз: «Көмектесіңдер».

Бұл сөзді естіген дыбыстардың қайратты ұлдары екен. Дыбыстардың екі ұлы болыпты, бірі дауысты, бірі дауыссыз. Дауысты дыбыстан тараған балалары: жуан және жіңішке. Дауыссыз дыбыстың үш ұлы бар екен, олар: қатаң, ұян, үнді. Осы ұл балаларына аталарының қауіп қатерге түскендігін естіп көмекке барады:

- Сонда жуан дауысты даусын жуан шығарып:

- Ой, Жалмауыз біздің аталарымызды шығар деп, - дауысын жуан қылып шығарып айтады.

Жіңішке дауысты:

- Иә, тезірек шығар, - деп үлкен ағасын қоштап отырады екен.Қатаң өте қатаңдықпен:

- Қазір сен оларды босатпасаң мына жердегі барлық заттарынды алып кетеміз. Солай ғой ұяң.

Ұяң дауыссыз үндемей тұрып қалды. Үнді дауыссыз ең кенже болғандықтан шыдамай үн шығарып жылап жібереді.Жуан дауысты дыбыс шыдамай:

- Ой, кемпіржан сен де бізден құраласың ғой. Кемпір деп жазсақ сен әріптерден, ал егер оқысақ дыбыстардан құралғансың.Ал егер дыбыстық талдау жасасақ, онда алдыңдағы тұрған біздер де шыға келеміз.

- Жалмауыз кемпір ойланып тұрып:

- Жарайды, мен сендердің аталарыңды жіберемін бірақ сендер мені қандай дыбыстардан тұратынымды, мен қалай жазылатындығымды жазып беріңдер. Әйтпесе мен әріптерді танымаймын ғой. Ал аталарынды үйретсін деп алсам, біз үйрете алмаймыз деп айтты. Енді мен түсіндім, үйрету үшін сендердің барлықтарын қажет екен ғой.

- Ал, дыбыстар барлығымыз кемпірге көмектесейіп, жарайды ма?

- Алақай! - деп қуанды кемпір.

- Балалар, бізде көмегімізді аямайық. Кемпір сөзін талдап көрсетейік.

Кемпір сөздіне дыбыстық талдау жасату.

- Ал, балалар енді ой түйіп, қорытынды жасайық.

2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Дыбыс дегеніміз не? Әріптің дыбыстан қандай айырмашылығы бар? Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. 1-жаттығуды оқу, талдау. Сөздерді дыбыс санына қарай топтап жазу.

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу: ң ң ң аң. 2-жаттығу өлеңді мәнерлеп оқу, соңғы екі жолындағы сөздерге дыбыстық талдау жасау. 3-жаттығу «Адасқан буындар» ойынын өткізу. Оқулықта берілген буындардан ең көп сөз құраған топ жеңеді. 4-жаттығудағы ат әбзелдерін әліпби бойынша тізіп жазу. 5-жаттығу.Сөздерді оқу, мағынасын ашу, кестеге орналастыру. 6-жаттығу Әріптерді топтап жазу.

8-жаттығу Берілген әріптердің ішінен артық әріпті таңдап алу. Неліктен сол топқа жатпайтындығын дәлелдеу.

в) сергіту жаттығуы. ҮІ. Бекіту: 9-жаттығу Дыбыстық талдау бойынша сөздерді тауып жазу, олармен сөйлем құрастыру. Қоян, аю, қалам. ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 7-жаттығу, 39-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

20. Тақырыбы: Э дыбысы

Сабақтың мақсаты: Э дыбысы және әріп жайында түсініктерін еске түсіріп, пысықтау, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту; ақыл-ой, дәптермен, тақтамен жұмыс жасағанда әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: сюжетті суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 7-жаттығу тексеру, оқу, талдау. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Дыбыс дегеніміз не? Әріптің дыбыстан қандай айырмашылығы бар? Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 1-жаттығу Этаж, экран, электр, экипаж, эстафета, экскаватор. 2-жаттығу. Өлеңді оқу, мазмұнын ашу. Жатқа жазу, э және е дыбысы бар сөздердің астын сыз. 3-жаттығу. Көшеде электр шамы жарқырайды. Ұшақ экипажсыз орнынан қозғалмайды. Балалар «Экран» кинотеатрына билет алды. Бәрінен де эстафета ойнау қызық болды. 4-жаттығу. Сөздердің мағынасын ашу, жазу. 5-жаттығу Жұмбақтың шешуі: Электр. 7-жаттығу. Жұмбақ құрастыру. 8-жаттығу «Экипаж» тақырыбына шағын әңгіме жазу.

в) сергіту жаттығуы. ҮІ. Бекіту: Жіпке ілдім мен өзім,

Кіп-кішкентай күн көзін. (Электр шамы)

Электр шамы сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 4-жаттығу, 41-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

21. Тақырыбы: В дыбысы

Сабақтың мақсаты: В әрпі бар сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту; ақыл-ой, дәптермен, тақтамен жұмыс жасағанда әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: сюжетті суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 4-жаттығу тексеру, оқу, талдау. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.

В дыбысы бар қандай сөздерін білесіңдер? Ол в сөздің қай бөлігінде болады?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу. Өлеңді оқу, жаттау, мәнерлеп айту. В дыбысының айтылу ерекшелігін айт. ә) дәптермен жұмыс.Күн ретін жазу. Көркем жазу. 2-жаттығу. Мәтінді көшіру. Мәтінде қандай өсімдік туралы айтылған? В әрпі бар сөздердің астын сыз. 3-жаттығу. Жұмбақтың шешуін тірек сөздерге сүйене отырып табу. Аквариум сөзін қатыстырып сөйлем құрау.

4-жаттығу. Нүктенің орнына тиісті әріпті қойып көшіру. Қазақстанда трамвай 1937 жылдан бастап жүре бастады. Мен мектепке троллейбуспен барамын. Қыздар волейбол ойнады. Ұлдар футбол ойнады. Олар вальс биледі.

5-жаттығу «Сөздер патшалығы» ойынын өткізу. Берілген дыбыстардан сөздер құрастыру. Ең көп құрастырған қатар жеңеді. Мысалы: трамвай, шоссе, велосипед, волейбол, витамин

т.б. 6-жаттығу Мәтінді оқу, мағынасын ашу, «велосипед» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

в) сергіту жаттығуы

ҮІ. Бекіту: Сөздік диктант.Трамвай, вагон, паравоз, вокзал, автобус, витамин, аквариум, вазелин. - В дыбысы қандай дыбыс екен? (дауыссыз ұяң). ҮІІ.Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 7-жаттығу, 43-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

22. Тақырыбы: Ф дыбысы

Сабақтың мақсаты: Ф әрпі бар сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту; ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 7-жаттығу тексеру, оқу, талдау. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

Ф дыбысы бар қандай сөздерін білесіңдер? Ф дыбысы қай дыбысқа ұқсайды?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу. Бояу реңіне қарай сөздер құрастыру: форма, телефон, буфет, фабрика, футбол, телеграф, флот, асфальт, Мұстафа. ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 2-жаттығу. Мәтінді көшіру. Мәтінде не жайында айтылған? Мұстафа Өзтүрік туралы не білесің? 3-жатттығу өлеңді оқып, жатқа жазу. Сөздердің мағынасын ашу.

4-жаттығу. Нүктенің орнына тиісті әріпті қойып көшіру, сөздерге дыбыстық талдау жасау. 5-жаттығу, мәтінді оқу, түсінгендерін айту. 6-жаттығу ребусты шешу. Ферма сөзінің мағынасын ашу.

в) Сергіту жаттығуы. ҮІ. Бекіту: Сөздік диктант.Телефон, туфли, футбол, буфет, фабрика, ферма, лифт, жираф. - Ф дыбысы қандай дыбыс екен? (дауыссыз ұяң)

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ .Үйге тапсырма: 7-жаттығу, 45-бет.ІХ. Оқушыларды бағалау

23. Тақырыбы: Ф әрпі бар сөздер

Сабақтың мақсаты: Ф әрпі бар сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту; ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 7-жаттығу тексеру, оқу, нұсқаулардың дұрысын айту. Қоғамдық орында өзінді дұрыс ұстаудың қандай ережелерін білесің?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру Ф дыбысы бар қандай сөздерін білесіңдер? Айтылуы бойынша Ф дыбысы қай дыбысқа ұқсайды?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. 8-жаттығу жұмбақты мәнерлеп оқу, шешуін табу. (Ф әрпі) ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу

9-жаттығу. Керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіру.Оқушылардың дәптерлеріне қатесіз, өзіндік жұмыс ретінде орындауын қадағалау. 10-жаттығу, жұмбақты мәнерлеп оқу, шешуін табу, жаттау, жазу. Балалардың футбол ойыны білетіндерін сұрау. 11-жаттығу мәтінді көшіріп жазу, Ф әріп бар сөздердің астын сыз? Ф дыбысы қандай дыбыс? 12-жаттығу шығармашылық тапсырма. Ребустың жауабы: флейта. Флейта музыкалық аспап. Оның үні сондай тамаша болып келеді. Флейтаның үнің естігендерің бар ма? Ауызша осы сөзге мәтін құрау, талдау.

13-жаттығу. Оқушылардың байқампаздықтарын анықтау мақсатымен жаттығуды орындау. в) сергіту жаттығуы. ҮІ. Бекіту: 14-жаттығудағы мәліметті оқу, талдау, есте сақтау. - Ф дыбысы қандай дыбыс екен? (дауыссыз ұяң)

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 15-жаттығу, 47-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

24. Тақырыбы: Ч, щ дыбыстары

Сабақтың мақсаты: ч,щ әріптері бар сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу дағдыларын дамыту; ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 15-жаттығу тексеру, оқу. Ең дұрыс тізбекті мадақтау. Қиын сөздердің мағынасын ашу, түсіндіру. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Ч дыбысы бар қандай сөздерін білесіңдер? Айтылуы бойынша Ч мен Щ ұқсайды ма? Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу. Берілген буындардан сөздер құрау: щи, чемпион, щетка, чек, карточка, плащ. Бұл сөздердегі ч, щ дыбыстары дауысты ма, әлде дауыссыз ба? Неліктен? Ауызша сөйлем құрау. Қоршаудағы ережені оқу, талдау, есте сақтау.

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу

2-жаттығу мақалды мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу. Дәптерге көркем етіп жазу. 3-жаттығуды терме диктанты ретінде жазу. Сөйлемдерден ч және щ дыбыстары бар сөздерді теріп жазу, сол сөздерге дыбыстық талдау жасау. 4-жаттығудағы жұмбақты шешу, щеткамен тағы нені тазалауға болады? 5-жаттығу.Көп нүктенің орнына ч немесе щ әріптерін қойын көшіріп жазу, сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.

7-жаттығудағы мағлұматты дауыстап оқу, талдау, есте сақтау. Алғашқы екі сөйлемді жазу.

в) сергіту жаттығуы. ҮІ. Бекіту: 8-жаттығу «Кім тапқыр?» ойыны арқылы сөзжұмбақты шешу. Щ: щи, ащы, тұщы, щетка. Ч: чек, Чукот, чемпион, чекис.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 6-жаттығу, 49-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

25 .Тақырыбы: Ц дыбысы

Сабақтың мақсаты: Ц әрпі бар сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу; оқушылардың сөз байлығын арттыру, қисынды ойлау қабілетін дамыту,; ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 6-жаттығу тексеру, оқу.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1. Сұрақтар қою. Циркке бардыңдар ма? Онда қандай қызықтар болады?Циркте кімдер өнер көрсетеді? Цирк сөзінің алғашқы дыбысы қандай? 2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Ц дыбысы бар тағы қандай сөздерін білесіңдер? Ц дыбысы қандай дыбыс? Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. 1-жаттығуды топпен шешу, шыққан сөздерді қатесіз көшіру. Берілген ережені оқу, есте сақтау.

2-жаттығу. Сөйлемдердегі сөздерді керекті дыбыспен толықтыр. Цирк, цемент, центнер, мотоцикл сөздеріне дыбыстық талдау жасау. 3-жаттығу Өлеңді мәнерлеп, хормен оқу, мағынасын ашу, жаттау, жазу. Жазған жұмыстарын өзара тексеру. 4-жаттығу. Мәтінді оқу, талдау, мағлұматты есте сақтау. Оқушыларға мәтінге ат қойғызу, бөліктерге бөлу. 5-жаттығу.Ребусты шешу. Суретердің аттарын алдымен айтып, ондағы қажетті дыбыстарды қоя отырып, ребусты шешу. Жауабы: циркуль. Осы сөзді қатыстырып сөйлем құрау. в) сергіту жаттығуы.ҮІ. Бекіту: 6-жаттығуда бірелген мәтінді оқу, есте сақтау. ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 7-жаттығу, 49-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

26. Тақырыбы: Х, һ дыбыстары

Сабақтың мақсаты: оқушыларды х, һ дыбыстары бар сөздерді дұрыс жазуға, олардың айта білуге мүмкіндік жасау; сөздік қорларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 7-жаттығу тексеру, оқу

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Х дыбысы бар қандай сөздерін білесіңдер? Ал һ дыбысы кездесетін сөздерді ше? Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс.1-жаттығудағы сөздерді оқи отырып х мен һ дыбыстарының айтылудағы ерекшеліктерін байқату, әр сөздің мағынасын ашу. Ережені оқу, талдау, есте сақтау.

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу

2-жаттығудағы өлеңді мәнерлеп оқу, мағынасын түсіну, дәптерге көшіру тапсырмаларды орындау. Кітапқұмар деп қандай баланы айтамыз? Өздерін кітап оқығанды ұнатасыңдар ма? Неліктен? 3-жаттығудағы суретпен жұмыс. Кітапхана дегеніміз не?Берілген сөздерден сөз тіркестерін құрау, мағынасын түсіндіру.Жеке кітапхана деп қандай кітапхананы айтамыз? Өзінде кітаптар бар ма? Балалар кітапханасы қайда орналасқан? Оған жазылдыңдар ма? 4-жаттығудағы сөздерді оқу, мағынасын ашу, жазу, сөздерге дыбыстық талдау жасау. Қалаған, ұнаған сөздерін қатыстырып сөйлем құрау. Һ, қ, х дыбыстарының айтылу ерекшелігін айт. Олар қандай дыбыстар?5-жаттығу Шеңберлердің ішіндегі әріптерден кім ең көп сөз құрастырар екен? Ауызша айту, мағынасын түсіндіру, көшіру.6-жаттығуда кітапхана каталогімен дұрыс жұмыс жасауға үйрету мақсатымен суретпен жұмыс. Абайдың «Өлеңдерін» табу үшін қандай дыбысты каталогті қарау керек? Суреттегі бала нені қарады? Оған кітапты табуға көмектесейік.

в) сергіту жаттығуы

ҮІ.Бекіту: Терме диктантын ұйымдастыру. Сөздердің ішінен Һ дыбысы бар сөздерді жаз.

Кітапхана, хоккей, жиһаз, хат, қаһарман, гауһар,қырман. Барлығы неше өз жаздыңдар? Осы сөздерге дыбыстық талдау жаса. ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 7-жаттығу, 53-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

27. Тақырыбы: Х, һ әрпі бар сөздер

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды х, һ дыбыстары бар сөздерді дұрыс жазуға, олардың айта білуге мүмкіндік жасау; сөздік қорларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызба. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 7-жаттығу тексеру, оқу.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Х және һ дыбыстарын қажетті «Терезелеріне» орналастыр.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. 8-жаттығу өлеңді оқу, мазмұнын түсіндіру, х дыбысы бар сөздерді дұрыс айту.

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 8-жаттығудағы Өлеңді дәптерге көшіру. 9-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде орындау.

10-жаттығу.Мақалды оқу, мағынасын ашу. Отанды неліктен халықтың үйі дейміз? Қаһарлы деп қандай елді айтамыз? Мақалды жаттау, 6-7 балаға жатқа айтқызу, тыныс белгілерге назар аударту, жатқа жазу. Халық туралы тағы қандай мақалдарды білесің?

11-жаттығу Шығармашылық тапсырма ретінде орындау. Суретке қарап оқушылар ауызша әңгіме құрайды, айтады. Шахмат ойнай аласыңдар ма? 12-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу. Сұрақтарға жауап беру. 1.Шоқан Уәлиханов км болған? 2.Оның қандай еңбектерін білесіңдер? Өлеңде кездесетін х әрпі бар сөздерді жазу.

в) сергіту жаттығуы

ҮІ.Бекіту:14-жаттығу «Ханталапай» сөзінен бірнеше сөз ойлап табу, мағынасын түсіндіру.

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Х және һ дыбыстары қандай дыбыстар? Олар кездесетін қандай сөздерді білесіңдер?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 13-жаттығу, 55-бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау

28 Тақырыбы: Бақылау диктанты

Мақсаты:оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз. Диктант жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Сөйлем неден басталады? Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады? Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады? Әр жазған сөйлемді тексеріп отыру керек па? Неліктен?

ІІІ. Білімдерін тексеру: Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді.

Ою

Жанар жасынан әсемдікке үйір болды. Әсіресе түрлі оюларға қызықты. Оның әжесі ауылдағы атақты оюшы болатын. Сырмақ, текеметке ою салатын. Жанар әжесінен ою оюды үйретуін өтінді. Әжесі келісті. Жанар қуанды. Әжесінің айтқанын бұлжытпай орындап жүрді. Көп кешікпей Жанар бұл өнерді игеріп алды. Ол да атақты оюшы болды. (46 сөз)

Тапсырма. 1. Алғашқы сөйлемнен тұрлаулы мүшелерді тауып жазу. 2. Соңғы екі сөйлемнен тұрлаусыз мүшелердің астын сызу. 3. Мәтіннен тасымалданбайтын төрт сөзді теріп жаз. ІҮ. Үйге тапсырма: 3-сөйлем құрастыру, пысықтау. Ү. Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.

29. Тақырыбы: Өзіңді-өзің тексер

Сабақтың мақсаты: оқушылардың алған білімдерін тиянақтауға, пысықтауға мүмкіндік жасау; байланыстырып сөйлеу тілін, дұрыс жазу, дұрыс оқу қабілеттерін дамыту; адамгершілік, еңбек тәрбиелеріне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік. Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызба, қима қағаздар. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 13-жаттығу тексеру, оқу. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру «Жеміс жинау» ойыны алмаларды тиісті сауытқа салу.

Біз қандай дыбыстары бар сөздерді дұрыс жазуға, оқуға үйрендік? Олар қандай дыбыстар?

Ү. Өзіндік жұмыс: а) Кіріспе сөз. ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу 1-жаттығу Сөздерді оқу, мағынасын түсіндіру, қажетті дыбыстармен толықтыру, көшіріп жазу. 2-жаттығудағы орны ауысып келген сөздерден жаңылтпаш құрастыру оқу, жазу. 3-жаттығудағы өлеңді тиісті әріптермен толықтыру, мәнерлеп оқу, көшіріп жазу. 4-жаттығу Мәтінді оқу, мағынасын ашу, көшіріп жазу. 5-жаттығу 1. Өлеңді мәнерлеп оқу, жаттау, 6-7 оқушыдан жатқа сұрау, тыныс белгіге мән беру, жатқа көшіру. 2. Сенде Отаныңды қорғауға дайынсың ба? 6-жаттығу 1.Мәтінді дауыстап оқу, көшіру. 2.Әбу Насыр кім болған?Ол қай жерде дүниеге келген? 7-жаттығу. Мақалдың сыңарын табу, оқу, мағынасын ашу, көшіріп жазу.

ҮІ. Бекіту: Оқушыларға үлестірмелі қима қағаздар тарату. №1 Ф әрпі бар 4-5 сөз тауып жаз. Оларға дыбыстық талдау жаса. №2 Х әрпі бар 4-5 сөз тауып жаз. Оларға дыбыстық талдау жаса. №3 Ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің қайсысы бұрын пайда болды? №4 Халық сөзі бар 2 мақал жаз. №5 Ц әрпі бар 4 сөз жаз оларға дыбыстық талдау жаса.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Х, һ, ц, ч, щ, ш дыбыстары қандай дыбыстар? Олар кездесетін қандай сөздерді білесіңдер? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 8-жаттығу, 57-бет.ІХ. Оқушыларды бағалау

30. Тақырыбы: Мәтін туралы түсінік

Сабақтың мақсаты: оқушыларды мәтіннің белгілерімен, оларды тиісті дауыс ырғағымен оқуға, мағынасын түсінуге үйрету; байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілік, экологигиялық тәрбиелеріне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік. Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызба. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 8-жаттығу тексеру, оқу. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.

Мәтін дегеніміз не? Тірек сызбаға сүйене отырып мәтіннің мағынасын ашу.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. 1-жаттығудағы 2 бөлікті оқу, қайсысы мәтін екенін анықтау, түсіндіру. Мәтін болу үшін нелер керек? Олар бір-бірімен байланасу керек пе? Сөйлемдерден құралып, бір негізгі ойды құрағанды не деп айтамыз?

Негеш пен Білгішбектің айтқандарына құлақ салып тындап көрейік. Білгішбектің айтқандарымен келісесіңдер ме? Неліктен? ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу. 2-жаттығу 1. Мәтінді мәнерлеп оқу, оған ат таңдау, негізгі ойды бөліп көрсету. 2. «Ас атасы- нан, нан – атасы дән» мақалдың мағынасын ашу. Негізгі ойды беретін бөлікті жазу. в) сергіту жаттығуы

ҮІ.Бекіту: 3-жаттығу Суретпен жұмыс, мәтінді оқу, сөйлемдерді бөліп көрсету, оны ажыратып жазу, тиісті тыныс белгілерді қою. ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: тақырыбына мәтін құрастыру.

ІХ. Оқушыларды бағалау

31. Тақырыбы: Мәтін туралы түсінік

Сабақтың мақсаты: оқушыларды мәтіннің белгілерімен, оларды тиісті дауыс ырғағымен оқуға, мағынасын түсінуге үйрету; байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілік, экологигиялық тәрбиелеріне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Менің мектебім» мәтіндерін оқу, талдау. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Мәтін дегеніміз не? Оның қандай белгілері бар? Құрастырған мәтіннің тақырыбы қандай? Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу 4-жаттығуды оқу, талдау, мағынасын ашу. Мәтінге келтіріп сөйлемдерді рет-ретімен жазу. 5-жаттығу Суреттен нені көрдің? Ол қай ертегісі болып табылады? Берілген сөйлемдерді ертегі желсіне қарай орналастырып, мәнерлеп оқу. Сурет реті бойынша сөйлемдерді көшіріп жазу.

6-жаттығу «Түлкі мен ешкі» ертегісін айту.в) Сергіту жаттығуы. ҮІ. Бекіту: 7-жаттығу тірек сөздерді ретімен көшіру. Мәтін болу үшін нелер керек? Олар бір-бірімен байланасу керек пе? Сөйлемдерден құралып, бір негізгі ойды құрағанды не деп айтамыз?

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 8-жаттығу

ІХ. Оқушыларды бағалау

32. Тақырыбы: Мәтіннің құрылымы, түрлері

Сабақтың мақсаты: оқушыларды мәтіннің белгілері ажыратуды пысықтау, оларды тиісті дауыс ырғағымен оқуға, мағынасын түсінуге үйрету; байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілік, экологигиялық тәрбиелеріне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 8-жаттығу оқу, талдау.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Мәтін дегеніміз не? Оның қандай белгілері бар? Құрастырған мәтіннің тақырыбы қандай? Мәтін болу үшін нелер керек? Олар бір-бірімен байланасу керек пе? Сөйлемдерден құралып, бір негізгі ойды құрағанды не деп айтамыз?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс 9-жаттығу мәтінді оқу, қай ай екенін анықтау. 10-жаттығу Тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын табу, әңгімелеу.

11-жаттығу өлеңдерді мәнерлеп оқыту; өлеңнің мазмұнына қарай тақырыбын таңдау.

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу, 12-жаттығу. Мәтінді оқу, мазмұнын ашу. а) Мәтінде не туралы айтылған?ә)Неліктен мәтінде екі азат жол бар?б) Мәтіндегі жолбарыс сөзін алмастырып тұрған сөздерді ата.в)Мәтіннің алғашқы бөлігін көшіріп жазу.13-жаттығу. Мәтін бөліктерін азат жолдан бастап көшіріп жаз. Мәтін кімдер туралы?

ҮІ.Бекіту:14-жаттығудағы мәтін тақырыбына сай клмейтін бөлікті алып тастап, көшіріп жазу. Ол бөлікті неліктен алып тастаймыз? Құрастырған мәтінге қандай ат қоюға болады?

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: «Менің досым» тақырыбына шағын әңгіме құрастыру. ІХ. Оқушыларды бағалау

33. Тақырыбы: Мәтіннің құрылымы, түрлері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды берілген мәтіндердің бір-бірінен айырмашылығын табуға, олардың түрлерін ажырата білуге мүмкіндік туғызу; байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл-ойын дамыту; үлкендерді сыйлауға, адамгершілік тәрбиелеріне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:«Менің досым» тақырыбына шағын әңгімелерін оқу, талдау. - Сендердіңмәтіндерін қай мәтін түріне жатады деп ойлайсыңдар?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Мәтін дегеніміз не? Оның қандай белгілері бар? Құрастырған мәтіннің тақырыбы қандай? Мәтін болу үшін нелер керек? Олар бір-бірімен байланасу керек пе? Сөйлемдерден құралып, бір негізгі ойды құрағанды не деп айтамыз?

Негеш пен Білгішбектің айтқандарын оқып талдау.

Түсіндіру, талдау, мысалдар келтіру.

Ү.Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықтағы суретке қарап, әңгіме кім жайында болатынын табу. ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 15-жаттығу. Берілген мәтіндердің бір-бірінен айырмашылығын табу, түсіндіру, сипаттау мәтінді көшіріп жазу. (Күшіктің түрі қара. Төсі ақ. Құйрығы жылмиған.

16-жаттығудағы суретке мұқият қарап, әңгіме құрастыру. 1-сурет бойынша әңгімелеу мәтінін, 2-сурет бойынша сипаттау мәтінін, 3-сурет бойынша пайымдау мәтінін құрастыру. 17-жаттығудағы берілген тақырыптардың біреуіне мәтін құрастыру. Мәтінді ауызша айту, көшіріп жазу.

ҮІ. Бекіту: Мәтіннің белгілерін сызбаға сүйене отырып толықтыру, талдау.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 18-жаттығу, мәтінді түсініп оқу, негізгі ойды анықтау. ІХ. Оқушыларды бағалау

34. Тақырыбы: Мәтіннің түрлері, негізгі ой.

Сабақтың мақсаты: оқушыларды мәтін түрлерін ажырата білуге, жоспар бойынша мәтін құрастыра білуге мүмкіндік туғызу; байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл-ойын дамыту; үлкендерді сыйлауға, адамгершілік тәрбиелеріне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, талдау, жинақтау, көрнекілік. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:18-жаттығу, мәтін бойынша түсінігін айту, негізгі ойды анықтау. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

«Кім жылдам?» ойынын ойнату. Ойынның шарты: мұғалім мәтіннің тақырыбын айтады, оқушылар сол мәтіннің тақырыбына сәйкес тірек сөздерді таңдап алады. Ең көп және дұрыс таңдаған оқушылар мәтінді толық айтып жеңіске жетеді. Мәтіннің тақырыбы: «Ешкі мен түлкі»Қажетті тірек сөздер: Апанның іші; Ешкінің апанға түсуі; Түлкінің апанға түсуі; Түлкінің апаннан құтылуы; Қажетті емес тірек сөздер: қасқырдың ешкіні алдауы; түлкінің арыстанды тұзаққа түсіруі; Күздің келбеті; Күздің қызықты күндері.

Ү.Жаңа материалмен жұмыс: а)оқулықтағы 20-жаттығуды оқу, мазмұнын ашу. Әңгімелеу мәтінге жататындығын дәлелдеу.

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. Сұрақтарға жазбаша жауап беру.

21-жаттығу. Берілген сурет бойынша әңгіме құрастыру. 22-жаттығудағы мәтінді оқу ары қарай жалғастырып айту. Даниярдың қандай кемшіліктер жіберді деп ойлайсың? Даниярдың орнында сендер болсаңдар не істер едіңдер? Данияр сияқты баланы қандай бала деп айтамыз? 24-жаттығудағы берілген сұрақтарға жауап беру.

ҮІ. Бекіту: 23-жаттығудағы тірек сызба бойынша әңгімелеу мәтінің құрастыру.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Мәтін дегеніміз не? Оның қандай белгілері бар? Құрастырған мәтіннің тақырыбы қандай? Мәтін болу үшін нелер керек? Олар бір-бірімен байланасу керек пе? Сөйлемдерден құралып, бір негізгі ойды құрағанды не деп айтамыз? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 25-26 жаттығу 67-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

35. Тақырыбы: Мәтіннің түрлері, негізгі ой

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәтін түрлерін ажырата білуге, жоспар бойынша мәтін құрастыра білуге мүмкіндік туғызу; байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл-ойын дамыту; үлкендерді сыйлауға, адамгершілік тәрбиелеріне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, талдау, жинақтау, көрнекілік Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 25-26 жаттығу 67-бет

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Мәтін дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? Сипаттау мәтініне мысал келтір. Ү.Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықтағы 27-жаттығуды оқу, мазұнын түсіну. Мәтіннің тақырыбын автор қалай қойды деп ойлайсыңдар? Сендер қандай ат қоятын едіңдер? Мәтін ары қарай қалай жалғасты? Мәтін немен аяқталады?

28-жаттығуда берілген үш мәтінді салыстырып, қай түрлеріне жататындығын ажырату.

ә) дәптермен жұмыс.Күн ретін жазу.Көркем жазу.28-жаттығудағы үш мәтіннің ұнаған біреуін көшіріп жазу. 30-жаттығудағы мәтінді оқу, мазмұнын ашу: Мәтін кім жайында? Бала неліктен жүре алмай отырады? Оған көмекке нелер келеді?

ҮІ. Бекіту: Балалар, бүгін біз не үйрендік? Мәтін дегеніміз не? Оның қандай белгілері бар?Құрастырған мәтіннің тақырыбы қандай? Мәтін болу үшін нелер керек? Олар бір-бірімен байланасу керек пе? Сөйлемдерден құралып, бір негізгі ойды құрағанды не деп айтамыз? ҮІІ.Қорытындылау. «Кім жылдам?» ойынын ойнату. Ойынның шарты: мұғалім мәтіннің тақырыбын айтады, оқушылар сол мәтіннің тақырыбына сәйкес тірек сөздерді таңдап алады.Ең көп және дұрыс таңдаған оқушылар мәтінді толық айтып жеңіске жетеді. Мәтіннің тақырыбы: «Көксерек» Қажетті тірек сөздер: Көксеректің баламен достасуы; Құрмаштыңитке деген махаббаты; Шолақ қасқырдың ауыл иттерін талауы. Қажетті емес тірек сөздер: Ормандағы қасқырлардың тіршілігі; Ешкінің апанға түсуі; Түлкінің апанға түсуі; Түлкінің апаннан құтылуы;

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 29 –жаттығу, 69- бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

36. Тақырыбы: Мәтінді сипаттау

Сабақтың мақсаты: оқушыларды мәтін түрлерін ажырата білуге, жоспар бойынша мәтін құрастыра білуге мүмкіндік туғызу; байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл-ойын дамыту; үлкендерді сыйлауға, адамгершілік тәрбиелеріне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, талдау, жинақтау, көрнекілік. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 29 -жаттығу дағы берілген сурет бойынша әңгіме құрастыру, әр суретте бейнеленген оқиға, қай мәтін түріне жатады? ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ.Жан-жақты білімдерін тексеру. Мәтін дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? Пайымдау мәтінге мысал келтір. Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықтағы Негеш пен Білгішбектің арасындағы диалогты оқу, түсіну.

ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу. 31-жаттығуды оқу, көшіру. Білгішбектің айтқанын есте сақтау. 32-жаттығу Сержанның атасына жазған хатиын оқу, ол нені жазбай кеткенін айту, толықтыру.

ҮІ.Бекіту: 33-жаттығу жақын достарыңа, ата-әжелеріңе қысқаша хат жазыңдар. Білгішбектің айтқанын есімізден шығармай жазып көрейік.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Мәтін дегеніміз не? Оның қандай белгілері бар? Құрастырған мәтіннің тақырыбы қандай? Мәтін болу үшін нелер керек? Олар бір-бірімен байланасу керек пе? Сөйлемдерден құралып, бір негізгі ойды құрағанды не деп айтамыз? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 34-жаттығу, 71- бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

37. Тақырыбы: Мәтінді сипаттау, тест.

Мақсаты:оқушылардан тест жұмысын ала отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, өз ойларын толық тексере білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ.Мақсат қою кезеңі:Бүгінгі сабақта біз тест жазамыз.Тестті жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: тесттің бір ғана жауабы дұрыс болады, әр сұрақта бір жауап сондықтан сұрағы мен жауаптың саны сәйкес келу керек. Тест әр оқушыға жеке беріледі

ІІІ. Білімдерін тексеру: Тест:

1. Бірыңғай жуан дауысты дыбысы бар сөзді белгіле.

а) шілде

ә)маусым

б) сәуір

2. Бірыңғай жіңішке дауысты дыбысы бар сөзді белгіле.

а) оқырман

ә)орман

б)егістік

3. Қайсысы буынға дұрыс бөлінбеген

а) ал-ты

ә)т-өрт

б)е-лу

4. Төрт буынды сөзді тап.

а) елшілер

ә) жұмысшылар

б) көршілер

5. Қай сөзде у дауыссыз?

а) жауынгер

ә) ну

б) қуыршақ

6. Қай сөзде у дауысты?

а) қауын

ә)ту

б)уақыт

7. Қай сөз дұрыс тасымалданбаған?

а) бау-ыр-сақ

ә)ба-уыр-сқ

б)бауы-р-сақ

8. Жалғауы бар сөзді тап

а) балалық

ә)балалар

б)балалы

9. Жұрнағы бар сөзді тап.

а) домбыраны

ә) домбырамен

б)домбырашы

10. Қай сөз дұрыс жазылған

а) кітаб

ә)клуб

б)ливт

ІҮ. Үйге тапсырма: ережелерді қайталау, пысықтау.

Ү. Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.

38. Тақырыбы: Сөйлем.

Сабақтың мақсаты: сөйлем туралы алған білімдерін еске түсіру, толықтыру; оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; кітаппен дос болуға құстардың қамқоршысы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, талдау, жинақтау, көрнекілік. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 34-жаттығу «Алтын күз» кешіне шақыру қағазын жасау.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

Сөйлем дегеніміз не? Оның қандай түрлерін білесіңдер?Сөйлемдердің соңына қандай тыныс белгілер қойылады?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықтағы Білгішбектің айтқанын оқу, талдау, есте сақтау. ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 1-жаттығудағы берілгендердің қайсысы сөйлем, қайсысы сөйлем емес екендігін анықтау, талдау. 2-жаттығуда берілген сөздерден сөйлем құрастыру: Кітапты көп оқы! Сендерге білімді болуға кітап көмектеседі. 3-жаттығуда берілген сөйлемдердегі жақшадағы сөздерді мағынасына қарай өзгертіп жазу. 4-жаттығудағы ертегіні оқу, тиісті тыныс белгілермен толықтырып, көшіріп жазу. Мәтінде неше сөйлем бар? Бұл ертегіні ары қарай кім жалғастырады? Түлкі неліктен арыстанның жанына жақындамайды? Түлкі арыстанның айласын неден біліп қояды? 5-жаттығуда берілген өлеңді мәнерлеп оқу, нүктенің не үшін керек екенін анықтау. Нүктеден басқа қандай тыныс белгі білесіңдер?

ҮІ. Бекіту: Өздік диктант. Жақшадағы сөздерді сөйлем мағынасына қарай өзгертіп жаз.

Айдын (өзен) барды. Ол (өзен) балық аулады. (Өзен) балық көп. Шелекті (балық) толтырды. Түске жақын (үй) қайтты.

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөйлем дегеніміз не? Олардың соңына қандай тыныс белгілер қойылады? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 6-7-жаттығу. 73- бет

ІХ. Оқушыларды бағалау

39. Тақырыбы: Сөйлем түрлері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері туралы білімдерін еске түсіру, толықтыру; оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; сыпайы сөйлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, талдау, жинақтау, көрнекілік. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 6-7-жаттығудағы сөйлемдерді тиісті үйшікке орналастыру. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

Сөйлем дегеніміз не? Оның қандай түрлерін білесіңдер? Сөйлемдердің сонына қандай тыныс белгілер қойылады?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс 8-жаттығудағы өлеңді мәнерлеп оқу, дауыс кідірісін жасап оқу. Сұрақ белгісі, леп белгісі бар сөйлемдерді қалай оқыған дұрыс? Жомарт деп қандай адамды айтамыз? ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу 9-жаттығудағы алдымен сұраулы, екінші хабарлы, сонан соң лепті сөйлемді көшіріп жаз.

10-жаттығу берілген сөздерден сөйлем құрастыру, тиісті тыныс белгі қою. 12-жаттығудағы ертегіні тиісті дауыс ырғағымен оқу, ары қарай жалғастыру, қай ертегі екенін анықтау. Сұраулық мағынаны беріп тұрған сөзді тап.

ҮІ.Бекіту: «Қонжықтың хаты» ойынын ойнау. Берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру.

ҮІІ. Қорытындылау.Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөйлем дегеніміз не? Олардың соңына қандай тыныс белгілер қойылады?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 13-жаттығу 75- бет. ІХ .Оқушыларды бағалау

40. Тақырыбы: Сөйлем мүшелері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөйлем мүшелері туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу арқылы теориялық ойлауын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; достыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 13-жаттығу, берілген сөздерді қатыстырып, үш сөйлем құрастыру. Балалардың сөйлемдерін оқуы, талдауы. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

Сөйлем дегеніміз не? Оның қандай түрлерін білесіңдер? Сөйлемдердің сонына қандай тыныс белгілер қойылады? Көрнекіліктерді пайдалана отырып ауызша берілген сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыру. 1. Ауамен, дем, біз, аламыз. 2. Ауа, денсаулыққа, таза, пайдалы өте. 3. Үйдің, таза, ауасын, әр уақытта, сақтаңдар.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс 14-жаттығудағы өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу, өлеңдегі әрбір сөзге сұрақтар қойылады ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу 15-жаттығудағы сөйлемдерді көшіріп жазу. Шекарашылар деп кімдерді айтамыз?Олардың біз үшін қандай маңыздылығы бар? Сендер де шекарашылар болғыларын келеді? Неліктен? Мәтіндегі әрбір сөздің үстіне тиісті сұрағын қою.

Ережемен жұмыс: ережені оқу, талдау, есте сақтау. 16-жаттығудағы екі сөзден құралған сөйлемдерді толықтырып жазу. Асқар атпен келді. Дана доп ойнады. Қойлар өрісте жайылды. Құлын су ішті. Қыздар гүл терді. 17-жаттығудағы Мәлік Ғабдуллин туралы мәліметті оқу, түсіндіру, көркем етіп көшіріп жазу. 18-жаттығу жұмбақты оқып, мағынасына қарай, суретке қарап жұмбақстың шешуін табу. Алғашқы сөйлемде неше сөйлем мүшесі бар? Екінші сөйлемде ше?

ҮІ. Бекіту: «Құрастырайық мақалдар!» ойынын ойнату. Ойынның шарты: сыныпты қатар бойынша үш топқа бөлу, әр топ өздеріне берілген сөздер бойынша мақал құрастырады. 1. Асырайды, тігіншіні, инесі. 2. Шәкірт, озар, ұстаздан. 3. Жан, жақсы, семірер, сөзден. Әр мақалда неше сөйлем мүшесі бар екендігін айту.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөйлем дегеніміз не? Олардың соңына қандай тыныс белгілер қойылады? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 20-21-жаттығу 77- бет

ІХ. Оқушыларды бағалау

41. Тақырыбы: Бастауыш

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бастауыш туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға, оны сөйлем ішінен таба білуге мүмкіндік туғызу; сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту; табиғатқа, салт-дәстүрге деген ізгілікті қарым-қатынасын тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды, жеке суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 20-21-жаттығу. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

Сөйлем дегеніміз не? Олардың қандай мүшелері бар еді? Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысады ма? Олардың байланысын не қойып таба аламыз? Сөйлем мүшелерін ше?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 22-жаттығудағы сөйлемді көшіріп жазу, қарамен берілген сөздер қандай сұрақтарға жауап береді? Қимылдың иесі болып тұрғанын байқа. 23-жаттығудағы сөйлемдерді оқу, көшіріп жазу, қимыл иесін білдіріп тұрған сөздердің астын сыз. (мұғалім, лақ, мұз, күн, Сәкен) Оларға сұрақтар қойыңдар?

Ережені оқу, талдау, түсіндіру, есте сақтау. 24-жаттығу берілген жаттығуды мәнерлеп оқу, мазмұнына қарай шешімін табу. (Күз) Жұмбақты бірнеше рет оқып, жатқа жаздырту. Бастауыштардың астын сызу. 25-жаттығудағы өлеңді мәнерлеп оқу. Өлең не жайында? Өлеңді көшіріп жазыңдар. Әр сөйлемдегі бастауыштың астын сызамыз. Бастауышты не қою арқылы табамыз? 27-жаттығу Сұрақтарға жауап бере отырып сөйлемдер құрастыру. Жерді комбайншы жыртады. Дәнді дән сепкіш себеді.

ҮІ. Бекіту:

Сәйкестендіру тестін ұйымдастыру.Төменде берілген сөздерді сәйкестендір, сөйлем құра көшіріп жаз:

А рыстан боздайды

Т үйе мөңірейді

Ж ылқы ақырады

Қ ой кісінейді

Сиыр маңырайды

Сөйлемдердегі бастауышты анықтап, оларға сұрақтар қою.

ҮІІ.Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөйлем дегеніміз не? Олардың соңына қандай тыныс белгілер қойылады?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 28-жаттығу 79- бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

42. Тақырыбы: Бастауыш

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бастауыш туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға, оны сөйлем ішінен таба білуге мүмкіндік туғызу; сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту; ата салтын қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызба. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 28-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрап жазу. Балалардың жазған әңгімелерін оқу, талдау, бастауыштарды табу. Сұрақтар қою. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

Тірек сызба бойынша оқушылардың алған білімдерін тиянақтай түсу.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 29-жаттығу Көп нүктенің орнына бастауыш мүшені қойып көшіріп жазу:Тоғжан үйді тазалады. Терезе ашылды. Үйдің ауасы тазарды. Сабақ оқыдық. Содан соң екеуіміз далаға шықтық... 30-жаттығуды түсініп оқу. Ерулік - көшіп келген, алыстан келген адамдарға көршілерінің, туыстарының күн сайын әр үйдің қонаққа шақырып, ерулік беруі.

Кім?

Не?

Жұрт, біз

Үй, ерулік, домбыра, ән

31-жаттығудағы мақалдың мағынасын ашу, жаттау, көшіріп жазу.Қыстағы ең көрікті не болып табылады? Күздің сәні де мәні не? 32-жаттығуды түсініп оқу, ол сөзінің бастауыш екендігін дәлелдеу. Несі? сұрағына жауап беретін сөздерді табу? (сақасы, қалтасы) Бұл сөздер қай сөйлем мүшесіне жатады?

ҮІ. Бекіту: Ребусты шешу: Ара гүлге қонды. Бұл қай сөйлем түріне жатады? Бастауыштың астын сыз.

ҮІІ. Қорытындылау.Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөйлем дегеніміз не? Олардың соңына қандай тыныс белгілер қойылады? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 34-жаттығу 81- бет

ІХ. Оқушыларды бағалау

43. Тақырыбы: Баяндауыш

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға баяндауыш туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға, оны сөйлем ішінен таба білуге мүмкіндік туғызу; сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту; экологиялық тәрбиесіне, табиғат-ананы, ондағы өсімдіктер дүниесін, құстар тіршілігіне деген сүйіспеншілікке баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызба. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:34-жаттығудағы сурет бойынша әңгіме құрастыру, Сөйлемдегі бастауышты табу. Суретте қай мезгіл бейнеленген? Балалар құстарға неліктен тамақ беріп жүр?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.Қимылды білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қоямыз? Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.35-жаттығу өлеңді түсініп оқу, қарамен жазылған сөздер сөйлемнің қандай мүшесіне жатады? Оларға қандай сұрақтар қойылады?

36-жаттығу.Өлеңді көшіріп жазу, қарамен жазылған сөздердің астын сызу, оларға сұрақтар қою. Қарамен жазылған сөз қай сөзбен байланысып тұрғанын сызып көрсету.

Ередемен жұмыс. 37-жаттығу топтап айту. Тапқан сөздерін қай мүше? Оларға сұрақ қой.

38-жаттығуда берілген өлеңді мәнерлеп оқыту, түсінгендерін сұрақтар қою арқылы алу. Қимылды білдіретін сөздерді қойып жазу.

Бастауыш

Баяндауыш

Бұлт

Жел

Күн

тарады

соқты

шықты

ҮІ. Бекіту:

Тірек сызба бойынша оқушылардың алған білімдерін тиянақтай түсу.

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөйлем дегеніміз не? Сөйлемнің қандай мүшесімен таныстық? Оған қандай сұрақтар қойылады?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 39-жаттығу 83- бет. ІХ. Оқушыларды бағалау.

.Сабақтың мақсаты: Оқушыларға баяндауыш туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға, оны сөйлем ішінен таба білуге мүмкіндік туғызу; сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту; экологиялық тәрбиесіне, табиғат-ананы, ондағы өсімдіктер дүниесін, құстар тіршілігіне деген сүйіспеншілікке баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.. Қызығушылықтарын ояту мақсатымен оқулықтағы ребусты шешкендегі, жұмбақты табу. Жұмбақ

Екі доп ауысты, Бір шеңберді тауысты (Күн, ай, тәулік)

Ребустағы суреттер: күн, тай, сәукеле, елік.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 39-жаттығудағы сөзжұмбақтарды шешу.Табылған сөздер қандай сұрақтарға жауап береді? Ол қандай мүше болып табылады?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.Қимылды білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қоямыз? Мысал келтіріңдер. Ү.Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. Жұмбақтағы бастауыш пен баяндауышты тап, оларға сұрақтар қой.

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. Жаңылтпашты оқу, жаттау, жатқа жазу. Тыныс белгілеріне әр сөздің қалай жазылатындығына мән беру. Жазу, бастауыштың астын – бір рет, баяндауыштың астын екі рет сыздыру.

41-жаттығуда берілген өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Баяндауышты табу, оның қай сөз табынан жасалғандығын сұрақ қою арқылы табу. 42-жаттығу ьерілген Марс планетасы туралы мағлұматты есте сақтау, баяндауыштарды сұрақтар қою арқылы табу, көшіріп жазу.43-жаттығудағы жмбақтың шешімін табу, көшіру, баяндауыштың астын сызу.

ҮІ. Бекіту: «Не, қалай дыбыстайды?» Ойынның шарты: суретерге сәйкес жануарларды дыбысталуын табу, оның қай мүше екенін анықтау.

Тірек сызба бойынша оқушылардың алған білімдерін тиянақтай түсу.

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөйлем дегеніміз не? Сөйлемнің қандай мүшесімен таныстық? Оған қандай сұрақтар қойылады?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 44-45-жаттығу, 85- бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

45. Тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 44-45-жаттығу

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

Баяндауыш

Бастауыштың қимыл, іс-әрекетің білдіреді

не істеді? неғылды? қайтті?сұрақтарына жауап береді

Тірек сызбасы арқылы білімдерін тексеру.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу. 47-жаттығуды көшіру.Екі бағандағы баяндауышты тап. оларға сұрақтар қойыңдар. Бірінші бағандағы бастауыш пен баяндауышқа бірдей сұрақ қойылыпты. Олардың арасына қандай тыныс белгі қойылған. Сол сөйлемдері оқығанда дауыс ырғағымыз қандай болады? Бұдан қандай ереже шығаруға болады?

48-жаттығуда берілген сөйлемдерді көшіріп жазу. Баяндауыштарды сұрақтар қою арқылы табу, астын сызып көрсету. Өздерін осы ұлы адамдар туралы тағы не білесіңдер? 49-жаттығудағы мақалдардың бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қою. Көшіріп жазу. 50-жаттығуда бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшалары бар сөйлемдерді теріп көшіріп жазу. Ол- құрылысшы.Ол ауылдың аты – Жаңажол. 51-жаттығу сирек кездесетін атауларды есіңе сақта.

ҮІ. Бекіту: 53-жаттығуда берілген ребусты шеше отырып, мақалды табу, баяндауышты айту: Ел іші –алтын бесік. ҮІІ.Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөйлемнің қандай мүшесімен таныстық? Оған қандай сұрақтар қойылады? Баяндауыш пен бастауыштың арасына қай жағдайда сызықша қойылады?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 52-жаттығу 87- бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

46. Тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 52-жаттығу жаңылтпашты жаттау. ІІІ.Мақсат қою кезеңі:Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Толықтыру тесті: Өлеңнен тұрлаулы мүшелерді тауып, оларды сызықшамен толықтырады.

Отан – туған үйііз,

Отан – туған жеріміз.

Отан – ортақ үйіміз,

Көңілді ән мен күйіміз.

( Е.Өтетілеуов)

Неліктен сызықшаны қойдық? Баяндауыш қандай сұрақтарға жауап беріп тұр?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс.ә) дәптермен жұмыс.Күн ретін жазу. Көркем жазу. 54-жаттығу мақалдарды түсініп оқу, мағынасын ашу, бастауыштан кейін келетін сызықшаны қойып көшіріп жазу. Баяндауыш қандай сұрақтарға жауап беріп тұр? Неліктен бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықшаны қойдық?

56-жаттығуды оқу, суретке сүйене отырып оны ары қарай жалғастыру. Оспан қандай оқушы? сұрағына бастауыш пен баяндауыш бірдей сұраққа жауап беретіндей болсын. Оспан – ұқыпсыз оқушы. 57-жаттығудағы Сәкен Сейфуллин туралы айтылған оқу, талдау. Сәкен шаруаға ұқыпты болатын сөйлемді бастауышы да, баяндауышы да зат есімнен болатындай етіп өзгерту.

ҮІ. Бекіту: 59-жаттығудағы сызық бағытымен екі әріп тастай отырып мақалды оқу.

Жақсы ата - орман, жақсы бала – қорған

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөйлемнің қандай мүшесімен таныстық? Оған қандай сұрақтар қойылады? Баяндауыш пен бастауыштың арасына қай жағдайда сызықша қойылады?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 58-жаттығу 89- бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

47. Тақырыбы: Мазмұндама

Мақсаты: Оқушыларға мазмұндама жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге, өз ойларын толық жеткізе білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, байланыстырып сөйлеу тілдерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ.Мақсат қою кезеңі:Бүгінгі сабақта біз мазмұндама жазамыз. Мазмұндама жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Мазмұндаманы қалай жазу керек? Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгілерді қоюды ұмытпаңдар. Әр сөйлем бас әріптен басталып жазылады. Кісі аттары, жер-су аттары, үй жануарлардың аттары қалай жазылады?

ІІІ. Білімдерін тексеру: Мазмұндама мәтінін мұғалім 3 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді. Сұрақтар қояды, 3-4 баладан мазмұнын сұрап, жоспарды түсіндіреді, барлық балалардың жазғандарын қадағалайды. Мазмұндаманы жазып болған оқушылар іштерінен оқып, тексереді.

Жоспар: 1. Қой тоғыту. 2. Кенетен шыққан дыбыс. 3. Батпаққа түскен лақ

Бұлақ басындағы оқиға

Біз жазда малды ауылда жайлауда болдық. Бір күні әкем, сіңлім Жанар үшеуміз қой тоғытуға үлкен бұлаққа бардық. Бұлақтың жан-жағы көк майса шөп. Қойды тоғытып болып, үйге қайтып келе жатқанбыз. Кенет ешкінің бақылдағаны естілді. Дыбысы аянышты шығады. Алғаш онша мән бермеген едік. Бірақ ешкі маңырауын қоймады. Дыбыс шыққан жаққа қарай жүрдік. Байқасақ, бір лақ батпаққа батып, тұра алмай талпынып жатыр. Әкем екеуміз лақты ұйықтан шығарып алдық. Үсті-басы батпақ-батпақ болыпты. Оны бұлақтың суымен жуып, тазарттық. Біз Жанар екеуміз лақты өлімнен құтқарғанымызға қатты қуандық.

Тірек сөздер мен тіркестер: қой тоғытуға, көкмайса, бақылдағаны, батпаққа батып, талпынып жатыр, ұйықтан шығарып алдық.

ІҮ. Үйге тапсырма: пысықтау. Ү. Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.

48. Тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тұрлаулы мүшелер туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 58-жаттығу сөйлемдерді топтастыру. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.

Сөйлемде кездесетін қандай мүшелерді білесіңдер? Тұрлаулы мүшелерге нелер жатады?

Тірек сызбамен жұмыс.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу.Көркем жазу 60-жаттығу берілген екі сөйлемді салыстыру.Ұқсастық пен айырмашылығын Негеш пен Білгішбектің диалогі арқылы табу, талдау.

61-жаттығуда берілген сөйлемдерді оқу, бастауыш пен баяндауышты табу, оларға сұрақтар қою. 62-жаттығу.Мәтінде кездесетін тыныс белгілермен толықтыру. Тұрлаулы мүшелердің астын сызу. 63-жаттығудағы мақалды түсініп оқу, мағынасын ашу, жаттау, көшіру, тұрлаулы мүшелердің астын сызу. 64-жаттығудағы сөйлемдерді мағынасына қарай ретімен айту, кездесетін тұрлаулы мүшелерді табу.

ҮІ. Бекіту: Шығармашылық диктант. Көп нүктенің орнына тиісті тұрлаулы мүшені қою арқылы сөйлемдерді көшіріп жазу.

1. Оқушылар ... . 2. .... жазылды. 3. Қыс ... . 4. Есеп ...

Керекті сөздер: келді, хат, түсті, орындалды.

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөйлемнің қандай мүшесімен таныстық? Оларды неліктен тұрлаулы мүшелер деп атаймыз?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 65-жаттығу 91- бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

49. Тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тұрлаусыз мүшелер туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 65-жаттығу сөйлемдерді топтастыру. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Сөйлемде кездесетін қандай мүшелерді білесіңдер? Тұрлаулы мүшелерге нелер жатады? 66-жаттығу Екі бағандағы сөйдемдер салыстырылып оқытылады:

Жадыра келді.

Қоңырау соғылды.

Мал өседі.

Жадыра қалаға келді.

Қоңырау қайта- қайта соғылды.

Мал төлден өседі.

Сөйлем мүшелеріне назар аударайық. Бағанның сол жағындағы сөйлемдер – тұрлаулы мүшелерден құралған. Бағанның оң жағында сөйлемдерге сөздер қосылған, ол сөздер сөйлем жасауға көмектесіп тұр. Бұл сөздер өздігінен сөйлемдер жасай алмайды.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу 67-жаттығу.Сөйлемдерді оқу, көшіріп жазу, қарамен жазылған сөздер қандай сұрақтарға жауап береді? Ережемен жұмыс. 68-жаттығудағы жаңылтпашты оқу, жаттау, жазу.Бастауыштың астын – бір рет, баяндауыштың астын – екі рет, тұрлаусыз мүшелердің астын – ирек сызықпен сызу. 69-жаттығудағы көбелекпен, гүлдің суреттеріне қарап бірде бастауыш бірде тұрлаусыз мүше болатындай етіп сөйлем құрастыру. (Көбелек гүлге қонды. Гүл көбелекке шырын береді.)

ҮІ.Бекіту: 70-жаттығудағы мәтінді басшылыққа ала отырып екі інге тұрлаулы мүшелерді біріншісіне, тұрлаусыз мүшелерді екінші інге орналастыру.

ҮІІ.Қорытындылау.Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөйлемнің қандай мүшесімен таныстық? Оларды неліктен тұрлаулы мүшелер деп атаймыз?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 71-жаттығу 93- бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

50. Тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер

Сабақтың мақсаты: оқушыларға тұрлаусыз мүшелер туралы алған білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; үлкенге және құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 71-жаттығуда берілген сурет бойынша әңгіме құрастыру, оларға сұрақтар қою.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

Тірек сызба бойынша алған білімдерін тиянақтау.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу . 72-жаттығуда берілген сөйлемдерді мүшелерге талдау, көшіріп жазу, сызу.73-жаттығудағы мақалды түсініп оқу, мәнін ашу, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің астын сыздыру. 74-жаттығуда берілген жұмбақты әріптер санына және жасырылған сөздің белгілеріне сай жұмбақтың шешуін табу. Сөздердің байланысын табу. Тұрлаусыз мүшелерге сұрақтар қою. 75-жаттығудағы сурет бойынша әңгіме құрастыру. Әр оқушыдың өздіктерінен әңгіме құрастыруын көмектесу үшін сұрақтар қою: Қазір қай мезгіл? Балалар не істеп жатыр? Қыстап қалуға қандай құстар қалады? Олар азықты қайдан табады? Балалар қандай балалар? Барлық оқушылардың шағын әңгіме құрастырғандарын қадағалау. 2-3 сөйлемді талдау. 76-жаттығу Берілген өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу.Қай жыл мезгілі туралы айтылған?Соңғы екі сөйлемді оқы. Оларды сөйлем мүшелеріне талда.Сөздердің байланысын сызбамен көрсет.

ҮІ.Бекіту: 78-жаттығу. Міртайды үлгіге ала отырып бірнеше сөйлемдерді талдау: Көкек өз атын өзі шақырады. Қазақстанда бірнеше ұлт өкілдері бар.

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөйлемнің қандай мүшесімен таныстық? Оларды неліктен тұрлаулы мүшелер деп атаймыз? Тұрлаулы мүшелер не құрай алмайды? Неліктен?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 77-жаттығу 95- бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

51. Тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем

Сабақтың мақсаты: оқушыларға сөйлемнің жалаң және жайылма түрлері туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; үлкенге және құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, топтау. Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 77-жаттығуда берілген сызба бойынша сөйлем құрастыру, оларға сұрақтар қою. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Сөйлемнің қандай мүшесімен таныстық? Оларды неліктен тұрлаулы мүшелер деп атаймыз? Тұрлаулы мүшелер не құрай алмайды? Неліктен?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) қызығушылықтарын ояту: Ертегі тыңдағыларын келеді ме? Бүгін біз тағы да Қазақ тілі атты ғажап елге саяхаттаймыз. Жай сөйлем деген кішкентай ауылында Жалаң деген сөйлемнің екі ақылды ұлы болыпты, біреуі - бастауыш, ал екіншісі - баяндауыш. Бастауыш үлкен ұлы болғандықтан ылғи алдында, басында жүреді екен. Жайылма сөйлем деген қария Жалаң сөйлемнің ұлдарын қатты құрметтеп, ауылдағы алатын орындары үшін тұрлаусыз атты мүшелерді жандарына серік етіп жібереді. Солай екі қария бір-бірімен ұрыспай тату-тәтті өмір сүреді.

ә) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу.Негеш пен Білгішбектің арасындағы диологты оқу, түсіну, есте сақтау. 79-жаттығу. Сөздерден сөйлем құрау. Күн бұлттанды. Ұшақ биікке көтерілді. Мұғалім сыныпқа кірді. Түн ұзарды. Динара қуанды. Жалаң, жайылма сөйлемдердің пойыз вагондарына сәйкестендіріп орналастыру. 80-жаттығу сөйлемдерді көшіріп жазу, жай сөйлемнің түрін анықтау.

81-жаттығуда берілеген жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып көшіріп жазу. Оқушылар саябақта кездесті. Жолаушылар Алматы қаласына жақындады. Ұстаз жаңа сабақты түсіндірді. Айдын жарысқа қатысты.

Сурет бойынша екі жалаң, үш жайылма сөйлемді ауызша құрастыру:

ҮІ. Бекіту: 83-жаттығудағы ребусты шешу, мақалды оқу, мағынасын түсіндіру: Тіл қылыштан өткір. Сөйлем мүшелеріне талда, жай сөйлемнің қай түріне жатады? Неліктен?

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Жалаң сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз? Жайылма сөйлемде қандай сөйлем мүшелері міндетті түрде қатысы керек? Түрлаулы, тұрлаусыз мүше дегеніміз не?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 82-жаттығу 97- бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

52. Тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлем туралы білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; үлкенге қамқор болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, топтау. Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық..

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 82-жаттығуда берілген сызба бойынша сөйлем құрастыру, оларға сұрақтар қою. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ Жан-жақты білімдерін тексеру. Жалаң сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз? Жайылма сөйлемде қандай сөйлем мүшелері міндетті түрде қатысы керек? Тұрлаулы, тұрлаусыз мүше дегеніміз не? Мысал келтір.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу 84-жаттығу екі бағанда берілген сөйлемдерді салыстыру.

Ауылдан атам келді.

Нұржан қар күреді.

Мал өрістен келді.

Күлән су әкелді.

Ауылдан нағашы атам келді.

Нұржан қарды күрекпен күреді.

Мал өрістен ерте келді.

Күлән суды құдықтан әкелді.

Бірінші бағандағы сөйлемдер неше сөзден құралған? Екінші сөйлемде неше сөз бар? Екі бағандағы жайылма сөйлемдердің ұқсастығы неде?

85-жаттығу Жайылма сөйлмдерді сөйлем мүшелеріне талдау. Сөйлемдегі байланысты табу. 86-жаттығу берілген сызбаға қарап сөйлемдер құрастыру. Оқушы оқыды. Оқушы кітап оқыды. Оқушы қызықты кітап оқыды. Бірінші сөйлем қандай жай сөйлемге жатады? Екінші және үшінші сөйлемдер ше? 87-жатығу жұмбақты оқу, шешуін табу, жаттау. Жатқа жазу.88-жаттығудағы мақалдарды түсініп оқу, мағынасын ашу, көшіріп жазу. ҮІ.Бекіту:90-жаттығудағы Мәліктің мысалы арқылы сөйлем мүшелері туралы білімдерін пайдаланып, жағдаяттан шығу.

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 89-жаттығу 99- бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

53. Тақырыбы: Сөйлем мүшелерінің байланысы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөйлем мүшелерінің байланысы туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, топтау. Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 89-жаттығуда берілген сурет бойынша сөйлем құрастыру, оларға сұрақтар қою. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.

«Жеміс жинау» ойыны. Ойынның шарты: тақтаға екі ілінеді. Жемістерді жалаң немесе жайылма сөйлемдерге сәкестендіріп жинау керек.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 91-жаттығу Сөйлемдерді оқу, Сөйлемдегі байланысты анықтау үшін алдымен сөйлемнің тұрлауылы мүшелерінің байланысын жазу керек. Содан кейін сұрақтар қою арқылы байланысты анықтауға болады. Білгішбектің атқандарын есте сақтау, талдау мысалдар келтіру. 92-жаттығуда жаңылтпашты оқытып, оның құрамындағы сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда. Байланыс сызбаларын арқылы сұрақ қойып, өзара байланысқан сөз жұптарын ата. (Шешей қайтты? Шешей көседі. Нені көседі? Отты көседі. Немен көседі? Көсеумен көседі.) 93-жаттығу Жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп жазу.

Бота

Әділдің түйесі боталады. Бота сүп-сүйкімді. Әсіресе ботаның көзі әдемі-ақ. Балалар ботаға қатты қызықты. Ботаны сипалап, қасынан кетпей қойды.

Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсету.

ҮІ.Бекіту:95-жаттығуда берілген ребусты шешу, табылған сөзді қатыстырып сөйлем құрастыру. (Шаңғы) Қыста балалар шаңғымен сырғанайды. Сөйлемдегі байланысты табу.

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Жалаң сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз? Жайылма сөйлемде қандай сөйлем мүшелері міндетті түрде қатысы керек? Түрлаулы, тұрлаусыз мүше дегеніміз не? Мысал келтір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 94-жаттығу 101- бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

54. Тақырыбы: Сөйлем мүшелерінің байланысы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөйлем мүшелерінің байланысы туралы алған білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, топтау. Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 94-жаттығуда берілген сурет бойынша сөйлем құрастыру, оларға сұрақтар қою. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.

Сөйлем

Мағынасына қарай өзара байланысады

Олардың байланысы сұрақ қою арқылы анықталады

Тірек сызбасы арқылы білімдерін тексеру.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу 96-жаттығуда көрсетілген жұмбақты оқу; шешуін табу (аяз, қар, бақбақ); қарамен жазылған сөздердің сұрақтарын табу (кімді, нені, қандай, несі, неден).

97-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқу, қарамен жазылған сөздердің байланысын анықтау. Сөйлемдегі сөздердің арасындағы байланысты не қою арқылы таба аламыз? 98-жаттығуда берілген сызба бойынша сөйлемдер құрастыру. 99- жаттығу Жасырылан мақалды дұрыстап оқысаң, екі жолды мақал шығады. Ақыл жастан шығады, Асыл тастан шығады. Сөйлем мүшелерінің астын тиісті сызықтармен сыз. 100-жаттығуда берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.

ҮІ.Бекіту:102-жаттығу Әңгімені оқу, талдау.Қарамен жазылған сөйлемді сөйлем мүшелерінің байланысын табу. ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Жалаң сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз? Жайылма сөйлемде қандай сөйлем мүшелері міндетті түрде қатысы керек? Түрлаулы, тұрлаусыз мүше дегеніміз не? Мысал келтір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 101-жаттығу 103- бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

55. Тақырыбы: Қаратпа сөз

Сабақтың мақсаты: оқушыларға қаратпа сөз туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, топтау. Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 101-жаттығуда берілген сөйлемдерден әңгіме құрастыру, сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсету.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Жай сөйлем егеніміз не? Жалаң сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз? Жайылма сөйлемде қандай сөйлем мүшелері міндетті түрде қатысы керек? Түрлаулы, тұрлаусыз мүше дегеніміз не? Мысал келтір.

1-жаттығу Сөйлемдер кімдерге қаратылып айтылғанын айту: досыңа, ұстазға, әжеге, атаға. Сөйлегенде тыңдаушыны өзіне қарату үшін қандай сөздерді қолданасың?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс 2-жаттығуда берілген екі баған бойынша салыстыру, қойылған тыныс белгілерге назар аударту.Бірінші бағандағы сөйлемдерде үтір бар және адамның назарын аудару үшін қолданылатын сөздер бар. ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу Білгішбектің айтқанын оқу, талдау, есте сақтау.3-жаттығу Мәтінді көшіріп жазу, Қаратпа сөздерді табу, олардың қандай тыныс белгілермен ажыратылған? Абай Құнанбаев кім болған? Ережемен жұмыс оқу, таладу, есте сақтау.4-жаттығу Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқу, қаратпа сөзді табу.

ҮІ.Бекіту:5-жаттығу суретке қарап қандай ертегі екендігін табу.Қарға мен түлкінің арасындағы диалогта кездесетін қаратпа сөздер қандай сөздер деп ойлайсыңдар? Қарамен жазылған сөйлемді қаратпа сөзі бар етіп сөйлемге айналдырып жазу: - Қарға, сен қандай әдемісің? ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Жалаң сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз? Жайылма сөйлемде қандай сөйлем мүшелері міндетті түрде қатысы керек? Тұрлаулы, тұрлаусыз мүше дегеніміз не? Мысал келтір.

ҮІІІ.Үйге тапсырма: 6-жаттығу 103- бет Диалог түрінде оқу, әрі қарай қаратпа сөз болатындай етіп жалғастыру. ІХ. Оқушыларды бағалау

56. Тақырыбы: Қаратпа сөз

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қаратпа сөз туралы білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, топтау. Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 101-жаттығуда берілген сөйлемдерден әңгіме құрастыру, сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсету.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

Тірек сызбамен жұмыс. Мысал келтіру. Талдау.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу 7-жаттығу сөйлемдерді мәнерлеп оқу, қаратпа сөздерді тауып, тиісті тыныс белгімен толықтыру. Көшіріп жазу. Неліктен үтір қойдың? Білгішбектің айтқанын оқу, талдау, есте сақтау. 8-жаттығу. Жай сөйлемдерді қаратпа сөзі бар сөйлемге айналдыру.

- Серік, кітапханадан алған кітаптарыңды өткіз. - Ән шырқаңдар, балалар! - Жылқышы, аттарды айдап кет! - Айнаш, үлкен кісіге орын бер!

9-жаттығу Мәтінді түсініп оқу, қаратпа сөзі бар сөйлемдерді көшіріп жазу, астын сызу.

10-жаттығу берілген сөздер бірде қаратпа сөзі бар, екінші жағдайда бастауыш болтындай етіп сөйлем құра. Сызба бойынша сөйлеуге үйрену:

ол біреугеқаратылып айтылып тұр

Б ұл – қаратпа сөз сөйлем мүшесі бола алмайды

.11-жаттығу Ертегіден үзіндіні оқу, кездесетін қаратпа сөздерді табу, ертіегіні ары қарай жалғастыру. ҮІ. Бекіту:12-жаттығу Көп нүктенің орнына қаратпа сөздерді қойып көшіріп жазу ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Жалаң сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз? Жайылма сөйлемде қандай сөйлем мүшелері міндетті түрде қатысы керек? Түрлаулы, тұрлаусыз мүше дегеніміз не? Мысал келтір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 13-жаттығу, 107-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

57. Тақырыбы: Бақылау диктанты

Мақсаты: Оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз. Диктант жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Сөйлем неден басталады? Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады? Әр жазған сөйлемді тексеріп отыру керек па? Неліктен?

ІІІ. Білімдерін тексеру: Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді. Диктантты жазып болған оқушылар іштерінен оқып, мұғалімнің оқуы бойынша тексереді.

Жаралы үйрек

Есіл баяу ағып жатыр. Аспан ашық екен. Бір топ үйрек ұшып келеді. Кенет мылтық даусы естілді. Бір үйрек су түбіне құлап түсті. Ысқақ үйректі аяды. Жаралы үйректі үйіне алып келді. Біраз күннен кейін үйрек жазылды. Ұшатын халге жетті. Ол көп ұзамай ұшып кетті.

Тапсырма.1. Басиауыштың астын бір сызықпен, баяндауыштың астын екі сызықпен сыз.

2. Соңғы екі сөйлемнен жуан дауысты дыбыстардың астын сыз. 3. Үйрек, жаралы сөздеріне дыбыстық талдау жаса.

ІҮ. Үйге тапсырма: пысықтау. Ү. Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.

58. Тақырыбы: Өзіңді-өзің тексер

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тиянақтауға, пысықтауға, өздіктерінен жұмыс жасай білуге мүмкіндік жасау; байланыстырып сөйлеу тілін, дұрыс жазу, дұрыс оқу қабілеттерін дамыту; адамгершілік, еңбек тәрбиелеріне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 13-жаттығу тексеру, оқу

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру Сөйлем дегеніміз не? Сөйлем неден құралады? Сөйлемнің қандай мүшелері бар? Қаратпа сөз дегеніміз не? Жай сөйлемнің түрлері туралы не айтуға болады?

Ү. Өзіндік жұмыс: а) Кіріспе сөз ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу 1-жаттығуды «Өз орнын тап» ойыны арқылы жүзеге асыруға болады. Диірменші бидайдан ұн тартты. Кітапханадан қызық кітап алдым. Баян домбырада жақсы ойнайды. Атам аң аулағанды жақсы көреді. 2-жаттығу.Тиісті тыныс белгілерімен толықтыру. Соңғы сөйлемдегі тұрлаулы мүшелердің астын тиісті сызықтармен сызу. 3-жаттығу. Өлеңді оқып жатқа жазу. Қарамен жазылған сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау. Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсету. 4-жаттығу. Мәтіндегі көп нүктенің орнына тұрлаулы мүшелердің бірін қой. Бұл қай сөйлем мүшесі? Үшінші сөйлемді сызбамен алмастыр. Сөйлем мүшелерінің байланысын анықтау үшін не қою керек?

ҮІ. Бекіту: 6-жаттығу мақалдарды оқып, жатқа жазу. Сөйлем мүшелеріне талдау.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Х, һ, ц, ч, щ, ш дыбыстары қандай дыбыстар? Олар кездесетін қандай сөздерді білесіңдер?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:5 -жаттығу, 109-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

59. Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөздің белгілі бір мағынада жұмсалатыны, кейбір сөздердің мағыналары бір-біріне жуық немесе қарама-қарсы болатыны туралы берілген білімді еске түсіруге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік.Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 5-жаттығу тексеру, оқу. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

,,, ,,, ,,

Бүгін біз сөзбен жұмыс жасаймыз. Сөз неден тұрады?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу 1-жаттығу берілген суреттердің аттарын айта отырып, оларда қандай ортақ белгі бар екенін және қандай айырмашылық бар екенін анықтау. От-ат, таға – жаға, апа-ата. Бір әріптің өзгеруінен сөздің де мағынасы өзгерді ме? Осыған ұқсас бірнеше мысал келтіру, сөйлем құрастыру. 2-жаттығу көп нүктелердің орнына мағынасы жуық, қарама-қарсы , көп мағыналы сөздерді тауып жазу. 3-жаттығу сурет бойынша әңгіме құрастыру. Әңгімеде әртүрлі мағыналы сөздер жазу. 4-жаттығу сурете берілген суреттердің ортақ не нәрсе біріктіреді? Бас сөзі қанша мағынада қолданылып отыр? Білгішбектің айтқанын түсіну, есте сақтау.

ҮІ. Бекіту: 6-жаттығу Кірпінің денесіндегі үшкір тікенек пен шыршаның тікен сияқты қылқандары бір сөзбен ине деп аталады? Олар қандай сөздер деп аталады?

ҮІІ. Қорытындылау.Балалар, бүгін біз не үйрендік?Сөз дегеніміз не? Ол неден құралады? Мағынасына қарай қандай болып бөлінеді? Мысал келтір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 5-жаттығу, 111-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

60 Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы

Сабақтың мақсаты: оқушыларға сөздің белгілі бір мағынада жұмсалатыны, кейбір сөздердің мағыналары бір-біріне жуық немесе қарама-қарсы болатыны туралы берілген білімді тиянақтауға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту; ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 5-жаттығу тексеру, оқу. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

Сөз дегеніміз не? Ол неден құралады? Мағынасына қарай қандай болып бөлінеді? Мысал келтір.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу 7-жаттығу өлеңді түсініп оқу, Құрма сөзінің мағынасын Білгішбектің айтуы бойынша талдау. Есте сақтау. Құра деген неше мағынада қолданып тұр?

8-жаттығу жұмбақтарды шешу. Ара, қазан сөздердің әр мағынасына қарай сөйлем құрастыру. 9-жаттығу сөйлемдерді көшіріп жаз. 11-жаттығу Алма, тамақ, қара, шық сөздерін қатыстырып әр түрлі мағынада қолданатындай етіп сөйлемдер құрау. 12-жаттығу өлеңді мәнерлеп оқу, көшіру қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіру. Жылқышы дегеніміз не?

ҮІ. Бекіту:

Толықтыру тесті

Төменде берілген сөздерді мағынасы қарама-қарсы сөздермен толықтыр:

Әдемі – көріксіз

Кәрі – жас

Алыс – жақын

аласа-биік

қалың-жұқа

аңқау-қу

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 10,13-жаттығу. 113-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

61. Тақырыбы: Мәндес сөздер

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөздің мағыналары бір-біріне жуық туралы берілген білімді тиянақтауға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту; ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ .Үй тапсырмасын тексеру 10,13-жаттығу 113-бет. тексеру, оқу. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

Сәйкестендіру тесті. Мағынасы жуық сөздерді бір-бірімен сәйкестендір:

А лыс Жоғары

С ұлу Шалғай

Б иік Әр түрлі

Алуан Көрікті

Сөз дегеніміз не? Ол неден құралады? Мағынасына қарай қандай болып бөлінеді? Мысал келтір.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу 14-жаттығу сөз топтарын көшіріп жазу, Әр топтағы сөздердің мағынасын түсіндіру.Олардың мағыналары бір-біріне жуық екендігін дәлелдеу.15-жаттығу көп нүктенің орына сол сөзге мағыналары жуық сөздерді жазу: Оңай, жеңіл. Түзу, тура. Мұғалм, ұстаз. Тұнық, мөлдір.

16-жаттығу өлеңді мәнерлеп оқу, мағынасын түсіну қарамен жазылған сөздердің мағыналары қандай? Марат қандай сурет салды? Өз әңгімеңде мағынасы жуық сөздерді қолданып айту. 17-жаттығу өлеңді көшіріп жазу, мағынасы жуық сөздердің астын сызу: туыс, тума, туысқан. Қимылды білдіретін: тоңды, жаурады.

ҮІ. Бекіту:

19-жаттығу мәтінді оқу, қайталанып тұрған сөзді мағынасы жуық сөзбен алмастыру. Мәтінге қандай ат қоюға болады?Біз әдемі саябаққа серуен жасады. Онда көркем жасалған бұрқақ бар екен. Сұлу қыздар шарларын әуелдетіп ұшырып жүрді.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Мағыналары жуық сөздер қандай сөздер? Оларға мысал келтір. ҮІІІ. Үйге тапсырма: 18-жаттығу, 115-бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау

62 Тақырыбы: Қарама – қарсы мағыналас сөздер

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөздің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер туралы берілген білімді тиянақтауға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту; ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру 18-жаттығу, 115-бет. Жақша ішіндегі сөздердің тиістісін қою арқылы сөйлемдерді көшіріп жаз. Жақшаның ішіндегі сөздердің мағыналары қандай?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.

Сәйкестендіру тесті. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді бір-бірімен сәйкестендір:

А лыс Аласа

С ұлу Жақын

Б иік Бірдей

Алуан Көріксіз

Сөз дегеніміз не? Ол неден құралады? Мағынасына қарай қандай болып бөлінеді? Мысал келтір.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу 20-жаттығу. Мақалдарды оқу, олардың мағынасын түсіндіру. Қарамен жазылған сөздерді жұбымен көшіріп жазу: ақылды-ақымақ, ақсы-жаман, дұшпан, дос. Олар мәндес сөздер ма, әлді мағынасы қарама қарсы сөздер ме?

21-жаттығу. Сөздерді оқу, мағынасы жуық сөздерді бір бағанға, мағынасы қарама-қарсы сөздерді бір бағанға көшіріп жазу:

атқыш-мерген

бедел-абырой

асығу-аптығу

ізет- инабат

ірі-ұсақ

ерте-кеш

жуан-жіңішке

жуас-абыржу

әдеп - тентек

1) Мысалды түсініп оқу, қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып жазу. Мысалда не туралы айтылған? Көп сөйлеген дұрыс па? Неліктен? 2) Мақалды мысалмен салыстыру.

Жұмбақты оқу, шешуін табу, жатқа көшіріп жазу. Мағынасы қарама-қарсы сөздердің астын сызу.

Өзі түзу, ізі бір қисық бір аттың

Өшпес ізін бала кезден ұнатттым.

ҮІ. Бекіту: 24-жаттығу өлеңді оқу, мағнасын ашу, өлеңде кездесетін мағынасы қарама-қарсы сөздерді жұптап жазу: ащы-тәтті, жұмсақ-қатты, жақсылық-жамандық.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?Мағыналары қарама-қарсы сөздер дегеніміз не? Оларға мысал келтір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 25-жаттығу, 117-бет.ІХ. Оқушыларды бағалау

63. Тақырыбы: Қарама – қарсы мағыналас сөздер

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тұрақты сөз тіркесі туралы қарапайым түсінік қалыптастыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту; ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 25-жаттығу, 117-бет. берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді тауып жазу, бір мақал тауып жазу.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

Тірек сызбаларды пайдаланып алған білімдерін тиянақтау. Мысал келтіру.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу 26-жаттығу сөйлемдерді оқу, қарамен жазылған сөздерді салыстыру. Негеш пен Білгішбектің айтқандарына сүйеніп қорытынды жасау.

27-жаттығу қарамен жазылған сөздер тобының мағыаны қалай түсінгендерін тексеру, үлгі бойынша сөздер тобын олардың беретін мағынасымен жазу:

Көз жазып қалды – адасты. Жаны ашыды – аяды. Құлақ қойған жоқ – тыңдамады. Көзді ашып-жұмғанша – лезде, тез. 28-жаттығу жұмбақтың шешуін табу, қарамен жазылған сөздер тобын қандай жеке сөзбен алмастырып айтуға болады? 29-жаттығу мәтінді оқу, қарамен жазылған сөздер тобының мағынасын түсіндіру: Төбе шашым тік тұрады – бір нәрседен шошу. Мәтін туралы? Мәтінге ат қой.

ҮІ. Бекіту: 31-жаттығу өлеңді түсініп оқу, қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіру. Жаз-мезгіл, жаз – қимылды білдіріп тұр. ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Мағыналары қарама-қарсы сөздер дегеніміз не? Оларға мысал келтір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 30-жаттығу, 119-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

64. Тақырыбы: Бақылау диктанты

Мақсаты: оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз. Диктант жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Сөйлем неден басталады? Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады? Әр жазған сөйлемді тексеріп отыру керек па? Неліктен?

ІІІ. Білімдерін тексеру: Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді. Диктантты жазып болған оқушылар іштерінен оқып, мұғалімнің оқуы бойынша тексереді.

Бүлдіргенге барғанда

Абай бала кезінде бүлдіргенді жақсы көретін. Жәнібек өзенінің бойында бүлдірген көп болатын. Бір топбала атқа мініп өзен жағасына барды. Олар аттарын жіберді. Өздері бүлдірген теруге кірісті. Алдымен бүлдіргенді тойғанынша жеді. Сонан кейін апарған ыдыстарын толтыра терді. Абай шешесіне бүлдіргеннің ең жақсысын бөлек теріп алды. (44)

Тапсырма.

1. Аттарын, өзенінің деген сөздердің түбірін тап. 2. Бала деген сөзге жұрнақ жалғап жаз. 3. Бірінші сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты тауып белгіле.

ІҮ.Үйге тапсырма: пысықтау. Ү. Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.

65. Тақырыбы: Қатемен жұмыс

Мақсаты: Оқушыларға жазған диктанттарын талдау, қате сөздерін тақтаға жазу, жіберген қателерін қайталамауға, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу; танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: жалпылау және қорытындылау сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу. ІІ. Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз қатемен жұмыс жасаймыз. дәптерлерін тарату, сабақтың мақсатын толықтай хабарлау.

ІІІ.Білімдерін тексеру: Диктантта кімнің қандай қате жібергендігін анықтау, талдау. Қате жіберген сөздерді тақтаға жазу, ережелерге сүйене отырып сөздердің жазылуы туралы айту, түсіндіру. Келесе ретте бұндай қателерді жібермеуге тырысу.

Сөйлем мүшелері дегеніміз не? Тұрлаулы мүшелерге нелер жатады? Оларды сөйлемде қалай белгілейміз? Тұрлаусыз мүшелер қандай сұрақтарға жауап береді? Сөз және оның құрамы туралы не айтуға болады?

Сөздік диктант: Інім, құрылысшы, жаңғқтар, ашудасты, кеншілер, жақсылық, жалқаулық, құлыншақ, бүркітші, ағаштар емші.

Тапсырма

1. Сөздердің түбірін тап, астын сыз. 2. Бүркітші, емші сөздеді қосып сөйлем құрап жаз.

3. Жаңғақтар, кеншілер сөзін буынға бөл. Қанша дауысты дыбыс, қанша буын бар?

ІҮ. Үйге тапсырма: ережелерді қайталау, пысықтау.

Ү.Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.

66. Тақырыбы: Өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөз құрамы туралы 2-сыныпта берілген білімді еске түсіруге мүмкіндік туғызу; оқушылардың ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту; адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесіне баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 25-жаттығу, 117-бет. берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді тауып жазу, бір мақал тауып жазу.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Сәйкестендіру тесті: сөздерді жұрнақ, жалғауларға сәйкестендір.

Құлақшын Жұрнақ

Әнші

Қалаға Жалғау

Жазуды

Сөздердегі қосымшаның қайсысы жұрнақ, қайсысы жалғау екендігін табу.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу 1-жаттығуда берілген өлеңді оқып қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау, оларды тиісті бағанға орналастыру:

машина, металл, сен,

кім

іскер, жұмысшы

жолға, машинаны, зауытта

Теңізшінің

2-жаттығу берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат, қай сөзде бір ғана қосымша, қай сөзде екі қосымша бар екенін анықтау. Қалаған 2-3 сөздермен сөйлем құрастыру.

Бір қосымшасы бар сөздер

Екі қосымшасы бар сөздер

Құлақшын, әнші, биші, жұмыстан, дәптерлер, мектепке

Құлақшындар, әншінің, бишіге, жұмысшыны, жұмысшылар, теміршілер, қалаларға, білімді, орындаушылар.

3-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде оорындау.

ҮІ. Бекіту: 5-жаттығудағы жаңылтпашты оқып,жатқа жазу. Сөздерді түбірі мен қосымшаға ажыратып, тиісті белгімен дәлелдеу. Ребусты шешу: егіншілер.

Күзде егіншілер егін орды.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 4-жаттығу, 121-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

67. Тақырыбы: Сөз және оның құрамы

Сабақтың мақсаты: оқушыларға сөз құрамы туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту; адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесіне баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. 4-жаттығу, 121-бет.Мәтінді оқу, қарамен жазылған сөздерді сөздер құрамына талдау, түбір мен қосымшаның жазылуын түсіндіру.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

.....

А ң .....

.....

......

К үй ......

.........

.....

Ә н ......

......

Сызбаны қосымшалармен толтыру

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.6-жаттығу берілген сөздердің түбірін бөліп алып, басқа қосымша жалғау арқылы жаңа сөз ойлап табу: дәрігер, оқушы, жұмыстан, кітапхана, өнерлі, бүркітші. Біздің мектептің кітапханасында өте қызықты кітаптар көп. Оқушылар кітапханаға жиі барады. 7-жаттығу көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып, көшіріп жазу, мақалдардың мағынасын ашу.8-жаттығу Өлеңдегі түбір сөздерді табу, қарамен жазылған сөздерді көшіру, түбір мен қосымшаға ажыратып жазу. 9-жаттығу Әуе шарында берілген бірнеш қосымшалы сөз жасау: ұшқыш, ұшпа, ұшты, ұшақ.10-жаттығу өздіктерінен сөзжұмбақ құрастыру. Достық сөзін түбір мен қосымшаға ажыратып, қосымшаның қай түріне жататынын айту.

ҮІ.Бекіту:11-жаттығу «Бесінші артық» ойынын ойнату.Ойынның шарты: берілген қатардағы сөздердің артығын табу.

1. Ойын, бас, өнер, дала, түтінді.

2. Көкем, іні, апасы, атаның, қарындасы.

3. Білгіш, балық, сазгер, оқулық, мүсінші.

13-жаттығу сызбаға қарап сөздер тауып айту.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 12-жаттығу, 123-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

68 Тақырыбы: Түбір сөз және туынды сөз

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға түбір сөз бен туынды сөз туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға, түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы жасалған жаңа сөздің туынды сөз деп аталатынғын меңгертуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту; адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесіне баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 1) 12-жаттығу, 123-бет. сөздерді оқу, құрамына қарай қандай сөздер екендігін анықтау. 2) Сөз нелерден құралады? Сөздің түбірі мен жалғаудан құралған сөз ойла. Оны қатыстырып сөйлем құрастыр.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. «Бал жинау» ойыны. Ойынның шарты: араларда жазылған жұрнақтарды сәйкес келетін гүлге қондыру. Жұрнақтарды жалғағанда қандай сөздер шықты? Бұл сөздерді туынды сөздер деп атаймыз. Себебі, жұрнақ арқылы бұл сөздерден жаңа сөздер шықты.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу 14-жаттығу түбір сөзге тиісті жұрнақтарды қосып жазу: жұмысшы, достық, сыйлық, талапкер, қызметкер, дойбышы, астық. Ережемен жұмыс. 15-жаттығу сөздерді оқу, мағынасын ашу, екі топқа жіктеу, туынды сөзді бір бөлек, түбір сөзді бір бөлек айту.

Түбір сөз

Туынды сөз

өнер, ек, іс, жаз, ертең, жарыс

Жазушы, сарғыш, іскер, ертеңгі, көңілді, егін, балапан.

16-жаттығу мақалды оқу, жатқа жазу, мағынасын түсіндіру.Туынды сөздерді тауып, оларды сөз құрамына талдау. 17-жаттығу Мәтінді көшіріп жазу, туынды сөздердің астын сызу.Алматыдағы ең үлкен кітапхана – Ұлттық кітапхана. Кітапхананың залдары кең, жарық, Кітапханаға оқушылар, студенттер, ғалымдар, жұмысшылар келеді. Мұнда керек кітаптың бәрі бар.Кітапханада мейірімді жандар жұмыс істейді. 18-жаттығу жаңылтпашты оқып, жатқа айту. Жұмыскер(туынды сөз), жұмысты сөздерін талдау.

ҮІ. Бекіту: 19-жаттығу сөздерді топтап жаз.

Заттың атын білдіретін сөздер

Заттың сынын білдіретін сөздер

ұшқыш, оқушы, жақсылық, өнерпаз

өнерлі, сәнді, мейірімді, жақсыны

- Қай сөз туынды сөз болып табылады?

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 20-жаттығу, 125-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

69. Тақырыбы: Түбір сөз және туынды сөз

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға түбір сөз бен туынды сөз туралы берілген түсінікті кеңейтуге, олардың бір-бірінен өзгешелігі неде екенін білдіруге мүмкіндік туғызу; оқушылардың ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту; адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесіне баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау.Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 20-жаттығу, 125-бет. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру .21-жаттығу. Түбір сөздерге –шы, -ші, - ды, - ді, -лы, -лі жұрнақтарының тиістісін қосып туынды сөз жасау: жыршы, тәрбиеші, еңбекші, сыншы, таулы, сәнлі, көрші, көңілді, сулы, құрылысшы, төреші, футболшы.

Бұлар қандай сөздер? Туынды сөздерге не жатады?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.22-жаттығу сөйлемдерді көшіріп жазу.Туынды сөздерді табу. Туынды сөздердің мағынасын ашу. 23-жаттығу берілген –паз, -шы, - хана, -кер, -қой жұрнақтарды пайдаланып сөздер құрастыру. Жаңадан шыққан сөздердің мағынасын түсіндіру.

24-жаттығу өлеңді мәнерлер оқу, көшіріп жазу. Зат есімдерді сөз құрамына талдау.

25-жаттығу жаңылтпашты көшіріп жазу. зат есімдерді табу, қарама жазылған сөздердің мағынасын талдау.

26-жаттығу сөйлемдерді көшіру, қарамен жазылған туынды сөздерді түбір сөздермен салыстыру: өнерпаз-өнер, сазгер-саз, дәріхана – дәрі. Бұл сөздердің түбір сөзден айырмашылығы қандай?

ҮІ. Бекіту: 27-жаттығу Туынды сөздерді табу, олардың астын сызу.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 28-жаттығу, 127-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

70. Тақырыбы: Түбір сөз және туынды сөз

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бір түбірден әр түрлі жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздердің түбірлес сөздер деп аталатынын түсіндіруге, түбірлес сөздерді таба білуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту; адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесіне баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 28-жаттығу, 127-бет. Мәтінді оқу, туынды сөздерді табу: алғыш, еліктегіш, оқулық, кітапхана.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. 29-жаттығу Берілген ертегіні оқу, кітап, кітапша сөздерінің мағынасын ашу, ұқсастық пен айырмашылығын айту. Ертегіні қиялдарына қарай жалғастыру. Білгішбектің айтқанын есте сақтау: кітап, кітапша және кітапхана, кітапханашы – түбірлес сөздер. Кітап деген бір түбірден бірнеше туынды сөз жасалып тұр.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу 30-жаттығу. Сөздерді көшіріп жазу, жазған сөздердегі түбір сөздердің астын сызу: су, суат, сушы, сулы, сусын, сулық. Барлығының түбірі қандай сөз? Демек бұл сөздер қалай аталады?

31 жаттығу. Түбірлес сөздерді топтап жазу.

Ойын

Бала

Жұмыс

Бас

Ойыншы, ойна, ойыншық.

Балақай, балақан, балалық.

Жұмысшы, жұмыскер,

Бастық, басқар, басшы

32-жаттығу. Өлеңді оқу, мазмұнын ашу, жаттау, жазу. Түбірлес сөздер: аспаз, асхана, аспазшы, ас, астың.

ҮІ . Бекіту: 34-жаттығу Берілген жұрнақтар арқылы түбірлес сөздер жасау:

гіш

. ...

гір

лық

. ...

шы

лы

. ...

лық

Үлгі: біл-гір, біл-гіш. Оқу-лық, оқу-шы. Бала-лы, бала-лық.

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Түбірлес сөздер деп қандай сөздерді айтамыз? Мысал келтіріңдер.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 33-жаттығу, 129-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

71. Тақырыбы: Түбірлес сөздер

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға түбірлес сөздер жайында берілген түсінікті кеңейтуге, олардың бір-бірінен өзгешелігі неде екенін білдіруге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру 33-жаттығу, 129-бет. Мәтінді оқу, қарамен жазвлған сөздерді (кітапханаға-кітаптарды, спорт-спортшылар, футбол-футболшылар) сөздері түбірлес сөздер болып табылады ма?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ.Жан-жақты білімдерін тексеру «Үйрек анаға өз балапандарын табуға көмектес» ойынын ойнату. Ойын шарты: түбір сөзге тиісті жұрнақты табу.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу. 35-жаттығу. Жаңылтпашты көшіріп жазу. Түбірлес сөздерді табу: шежіреші, шежіре, шежіресін. Мағынасын ашу. 36-жаттығу. Берілген сөздерден бірнеше түбірлес сөз жасау. 37-жаттығу. Суретпен жұмыс, түбірлес сөздерді: оқу, оқушы, оқулық, оқуға. 35-жаттығу. Сөздер тобын оқу, түбірлес сөздерді табу, әр сөздің түбірін тиісті белгімен белгілеу.

ҮІ. Бекіту: 39-жаттығу. Суретпен жұмыс.Сұрақтарға жауап бере отырып, түбірлес сөздерді табу: дәріхана, дәрігер, дәрі. ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Түбірлес сөздер деп қандай сөздерді айтамыз? Мысал келтіріңдер. ҮІІІ. Үйге тапсырма: 40-жаттығу, 131-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

72. Тақырыбы: Түбірлес сөздер

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға түбірлес сөздер жайында берілген түсінікті кеңейтіге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 40-жаттығу, 131-бет. Жұмбақты шешу, жұмбаққа жауап болатын сөзге түбірлес сөз болатын сөздерді көшіріп жазу.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру 41-жаттығу. Түбірлес сөздерді теріп жазу, мағынасын түсіндіру: өнер, өнерпаз, өнерлі. Неліктен бұл сөздерді түбірлес сөздер деп атаймыз?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу. 42-жаттығу. Нұрхан Жанаевтың өлеңін оқу, жаттау, жазу, түбірлес сөздердің астын сызу.

Тасты жонып қашаған,

Әсем мүсін жасаған.

Мүсінші аға өнерін

Өте жақсы көремін.

43-жаттығу. Әңгімені түсініп оқу, мазмұнын айту. Түбірлес сөздерді табу, басқа түбірлес сөздермен толықтыру: ән, әнші. 44-жаттығу.Жұппен жұмыс. Оқушылар бір-бірімен түбірлес сөздер айта отырып жарысады.Мысалы: білім, білімді, білгіш; сый, сыйлы, сыйлық; сән, сәнгер, сәйқой. 45-жаттығу. Артық сөзді табу: 1. Еңбек, еңбекқор, бейнетқор, еңбекші, еңбектен. 2.Тәрбие, тәрбиеші, тәлімгер, тәрбиелі, тәрбиеле. Неліктен сол сөздерді артық деп есептейсің? Ол сөздердің мағыналары бір-біріне жақын ба?

Білгішбектің айтқанын оқу, түсіну, есте сақтау.

ҮІ.Бекіту:46-жаттығу. Сызбамен жұмыс. Сызбаға сүйене отырып, шаңғышы сөзінің қалай жасалғандығын түсіндіру. Шаңғы – түбір, шы – жұрнақ.

ҮІІ. Қорытындылау.Балалар, бүгін біз не үйрендік? Мағынасы жақын сөздер бір сөз табынан болады ма? Түбірлес сөздер неліктен әр түрлі сөз табынан бола береді? Мысал келтір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 47-жаттығу, 133-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

73. Тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қосымша жалғанғанда түбір сөздің көп ретте өзгермейтіндігін меңгертуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 47-жаттығу, 133-бет. Жаңылтпашты оқу, жатқа жазу, түбірлес сөздердің астын сызу.

Шалғышы. Шалғы алды. Шаңғышы. Шаңғы алды.

Бұл сөздер қандай сөздер болып табылады?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру 48-жаттығуды «Жеміс жинау» ойынын ойнату арқылы орындау. Ойын шарты: күй, жыр сөздеріне тиісті қосымша белгіленген шиені теру.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. Білгішбектің айтқананын оқу, талдау, есте сақтау. 49-жаттығу. Берілген сөйлемдерді оқу, мағынасын ұғыну, қарамен жазылған сөздерге қосымша жалғап жазу: сұңқар – сұңқардай, пингвин-пингвинді, бүркіт-бүркітші, қарлығаш-қарлығашты. Ережелерді оқу, жаттау.

ҮІ. Бекіту: 50-жаттығу. Толықтыру тесті ретінде өткізу. Төменде берілген сөздерді –лар, -лер, -тар, -тер, -дар, -дер жалғаулардың тиістісімен толықтыр. Қуыршақ..., өсімдік..., құлын..., шағала..., өрмекші..., қыз..., кітап..., жидек..., жүзім....Жуан айтылатын жалғаулардың астын – бір, жіңішке айтылатын жалғаулардың астын екі рет сыз.

ҮІІ. Қорытындылау.Балалар, бүгін біз не үйрендік? Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, онда қандай қосымша жалғанады? Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, онда қандай қосымша жалғанады? Мысал келтір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 51-жаттығу, 135-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

74. Тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға түбір сөздің соңғы буынының жуан не жіңішке болып келуіне қарай қосымшанын да жуан не жіңішке болып үйдесіп жалғанантындығы туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру 51-жаттығу, 133-бет. Берліген суреттегі нәрселердің атына сәйкес жалғау жалғап жазу.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру 52-жаттығу. Өнерпазды, ұстаға, жұлдызды, шолпылы, орақшы. Зергерлік, киізді, күмісті, шегірткеге, білезікті.

Қарамен берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу. 53-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу, қарамен жазылған сөздерді салыстырып, түбір сөздің соңғы дыбыстарына назар аудару. Кітап – кітабыңның. 54-жаттығу. Жұмбақты оқу, шешуін табу, жатқа жазу. (Өрмекші). Қарамен жазылған сөздердің түбірін табу: сирағы – сирақ; құлағы – құлақ. Неліктен түбір сөздің соңғы дыбысы өзгерді? Ережені оқу, есте сақтау. 55-жаттығу. Сөздерге ы, і әріптерінің тиістісін жалғап, көшіріп жазу: бұршағы, кірпігі, көбелегі, құлағы, есігі, жаңғағы, өрігі, сандығы, тол\қылдағы, жарығы, бүйрегі, күрегі. Неліктен түбір сөздің соңғы дыбысы өзгерді?

ҮІ. Бекіту: 57-жаттығу. Мақалды оқу, мағынасын түсіндіру. Қарамен жазылған (еңбек, еңбегіне) сөздерді салыстыру.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, онда қандай қосымша жалғанады? Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, онда қандай қосымша жалғанады? Мысал келтір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 56-жаттығу, 137-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

75. Тақырыбы: Түбір мен қосымшаны жазылуы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қосымша жалғанғанда сөздердің соңғы дыбысының өзгеретінің меңгертуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 56-жаттығу, 135-бет.Жаңылтпашты жатқа жазу.Қарамен жазылған сөздің түбірін табу: күрегі- күрек.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. 60-жаттығу. :Сәйкестендіру тесті. Берілген қосымшалы сөздерге тиісті түбір сөзді сәйкестендір:

Х алық құлпы

Е рік халқы

Қ ұлып бөркі

Қ ұлақ орны

орын құлағы

бөрік еркі

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу. 58-жаттығу жақшының ішіндегі тиістісін қойып мәтінді көшіріп жазу. Неліктен ссол әріпті таңдадың? Өзгерген әріптің астын бір, жалғаудың астын екі рет сыз. Неліктен бұл әріптер өзгерді? 59-жаттығуда берілген жұмбақты шешу(түйе), қарамен жазылған сөздердің түбірін табу. Мойны-мойын. Түбір сөздегі ы дыбысы неліктен түсіп қалды? 61-жаттығумақалды оқу: Ел көркі – мал, Өзен көркі – тал.Қарамен жазылған сөздің түбірін табу: көркі – көрік. Түбір сөздің жазылуындағы өзгерісті түсіндір.

ҮІ.Бекіту: 62-жаттығу Тізбектің басында тұрған сөзді тауып, көп нүктенің орнына жазу:

Жақ – жағу, жағады, жағып.

Сөк – сөгу, сөгеді, сөгіп.

Тақ – тағу, тағады, тағып.

Данияр, отты жақ! Жіпті сөк! Әсел, қуыршаққа шолпы тақ.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Түбір сөздегі соңғы әріптің өзгеруін түсіндір. Мысал келтір. ҮІІІ. Үйге тапсырма: 63-жаттығу, 139-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

76 Тақырыбы: Қосымшаның мағынасы, жазылудағы өзгерістері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға түбір мен қосымшаның жазылуы туралы берілген түсінікті бекітуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 63-жаттығу, 139-бет. Жұмбақтың шешуін табу, қарамен жазылған сөздердің түбірін табу. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

64-жаттығу түбір сөздегі п дыбысының у дыбысына өзгергендігін байқату: сеп-сеуіп, қап-қауып, жап-жауып, кеп- кеуіп,шап- шауып

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу. 65-жаттығу Берілген сеуіп, кеуіп, тауып сөздерін қатыстырып сөйлемдер құрастыру: Далада шаң болмасын деп анам жерге су сеуіп қойды. Күннің астына қойған құрт тегіс кеуіпті. Тауып алған кітаптың иесін Айдос хабарландыру арқылы тапты.

66-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазу, Қарамен жазылған тауып, таба сөздердің түбірі тап екендігін тапқызу, түбір сөздегі өзгерісті байқату. Мәтінге ат қойып, ары қарай жалғастыру.67-жаттығу. Мәтінді оқу, қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау.

ҮІ.Бекіту: 68-жаттығу сөздердің жұптарын таба отырып көшіріп жазу: Орны-орын, еркі-ерік, халқы-халық, аулы-ауыл, көркі-көрік, бөркі-бөрік.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Түбір сөздегі соңғы әріптің өзгеруін түсіндір. Мысал келтір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 69-жаттығу, 141-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау

77. Тақырыбы: Бақылау диктанты

Мақсаты: оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз. Диктант жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Сөйлем неден басталады? Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады? Әр жазған сөйлемді тексеріп отыру керек па? Неліктен?

ІІІ. Білімдерін тексеру: Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді. Диктантты жазып болған оқушылар іштерінен оқып, мұғалімнің оқуы бойынша тексереді.