- •Мәселенің зерттелу деңгейі
- •Тақырыптың деректік көзі
- •Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері
- •1919-1920 Жж.Германия мен оның одақтарстарымен болған келіссөздер Еуроап мен Азияның картасына көптеген өзгерістер әкелді.
- •1920-Жылдардың басында ақш Версаль бітім-шартын қайта қарауды талап ете бастады. Ондағы ойы жаңадан Батыс Еуропа елдерін өзінің билеу саясатын жүзеге асыруға көндіру болды.
- •1.2. Ұлттар лигасының құрылымы және жарғысы
- •Әдебиеттер:
Жоспар
Кіріспе
І-тарау. Ұлттар Лигасының құрылуы және оның Жарғысы
1.Париж бейбіт конференциясы және Ұлттар Лигасының құрылуы
2.Ұлттар Лигасының құрылымы және Жарғысы
ІІ тарау. Ұлттар Лигасының қызметі және халықаралық өмірдегі рөлі (1919-1939 жж.
1.Ұлттар Лигасының 1919-1939 жж. халықаралық қатынастарды реттеудегі рөлі
2.Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі отарлық бөлісу және Ұлттар Лигасындағы мандаттық жүйе.
3.Ұлттар Лигасының дағдарысы және өмір сүруін тоқтатуы
Қорытынды
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі
Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықтың бір бөлігі. Оның тарихы да әлем тарихының құрамдас бөлігі болып табылады. Қазіргі таңда біз әлем елдерімен және сондай-ақ, халықаралық түрлі ұйымдармен тығыз қарым-қатынастар орнатып, ол байланыстарды үнемі дамытып отыруға мүдделі болып отырмыз. Халықаралық ұйымдармен тиімді қарым-қатынастар орнату үшін олардың тарихи дәстүрлерін оқып-білу біз үшін өте маңызды. Бүгінде Қазақстан Республикасы жан-жақты байланыстар орнатып отырған бірден-бір халықаралық ұйым – бұл Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ). Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған бұл беделді ұйымның «арғы атасы» - Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң 1919 жылы құрылған Ұлттар Лигасы. Міне, алғашқы өркениетті халықаралық ұйым – Ұлттар Лигасының тарихыне, оның өзі өмір сүріп тұрған кезеңдегі халықаралық қатынастардағы қызметі мен рөліне біздің бүгінгі диплом жұмысымыз арналып отыр.
Ұлттар Лигасы әлемдегі саяси күштердің өзгеріп, халықаралық ахуалдың нағыз ушығып тұрған кезеңінде, көптеген халықтардың, олардың мемлекеттіліктерінің тағдырларын шешу қарсаңында дүниеге келді. Бұл ұйымның Жарғылық шарттары бірқатар жетекші державалардың саяси мүдделеріне сай жасақталып, соларға қызмет еткенмен ұйымның қызметі мен миссиясының адамзат өміріне үлкен прогрессивті ықпалы, әсері болды.
Ұлттар Лигасы аталған халықаралық ұйымның құрылуы сөз жоқ сол кезеңдегі адамзат өркениетінің ең үлкен, ең маңызды жетістігі болды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық ахуалмен салыстырғанда Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін адамзат баласы әлі де болса компромиска келуге дайын екендігін көрсетті. Әсересе, осындай құлшынысты жетекші державалар білдірді. Ол кезеңнің лидерлері әлі де болса халықтардың өзіндік еркі арқылы соғыссыз бейбітшілікті орнатуға мүмкін екендігіне сенді. Сол сенімдері арқылы олар Ұлттар Лигасы сияқты маңызды, әрі сол уақытқа қажетті халықаралық ұйымды дер кезінде құра алды. Ұлттар Лигасы 1939 жылғы Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына дейін өз міндеттерін қалыптасқан саяси жағдайдың мүмкіндік беруіне қарай атқаруға тырысты.
Мәселенің зерттелу деңгейі
Дипломдық жұмыс тақырыбына қатысты әдебиеттердің өте тапшы екендігін бірден мойындаған жөн болар. Әдебиеттер мен дерек көздерінің көпшілігі кеңестік кезеңде жарық көрген және орыс тілінде жазылған еңбектер. Қазақ тіліндегі әдебиеттердің болмауы дипломдық жұмысты жазу барысында бірқатар қиыншылықтар туғызды. Әдебиеттердің көпшілігінде біздің мәселеміз жанама түрде айтылып кеткен және ондай еңбектердің барлығы дерлік жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар. Сондай оқулықтардың бірқатары С.М.Мәшімбаевтың [1] Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихының бірінші кезеңіне арналып жазылған оқулығы және осы кезеңге арналған В.К.Фураевтың [2] редакциялауымен жарық көрген оқулық. Бұл оқулықтарда Ұлттар Лигасының Париж бітім конференциясында құрылуы ғана айтылып кетеді.
Аталмыш ұйымның құрылу тарихы, ұйымның мақсаты мен міндеті біршама көлемді берілген оқулық 1989 жылы Е.Ф.Язьковтың [3] редакциялауымен жарық көрген еңбек. Одан басқа Ұлттар Лигасының тарихын ашатын бірден-бір еңбек К.И.Байзакованың жалпы редакциялауымен жарық көрген «История международных отношений в новейшее время 1918-2005 гг.» [4] аталған оқулық. Мұнда Париж бітім конфернциясының міндеттері, қатысушылары, регламенті, Ұлттар Лигасының құрылуы және оның Жарғысы, мандат жүйесі мәселелері қарастырылған.
Тақырыптың тарихнамалық негізгі әдебиеттерінің қатарында Р.М.Илюхиннің «Лига наций. 1919-1934» [5] аталған еңбегін айтуымыз қажет. Бұл еңбек тақырыпқа қатысты біз тапқан басты шығарма. Еңбекте Ұлттар Лигасының құрылуынан 1934 жылға дейінгі даму тарихы қарастырылады. Ұйымның тарихына қатысты көпшілікке мәлім емес жәйттерді осы еңбектен алуға болады.
Тақырыптың деректік көзі
Тақырыптың деректік көзін Париж бітім конференциясының жұмысы барысында қол қойылған Версаль келісім-шартының мәтіні құрайды. Мұндай құжаттар Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихына арналған хрестоматияларда, практикалық құралдарда көрініс тапқан. Мысалға, М.В.Пономарев және С.Ю.Смирновтың құрастырған Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихына арналған практикалық құралда Версаль келісім-шартының мәтіні берілген. Бұл құжат іс-жүзінде Ұлттар Лигасының Жарғысы болып табылады. Жарғының мазмұнынан ұйымның басты органдарын, олардың мақсаты-міндеттерімен, Ұлттар Лигасына мүше болған мемлекеттерге қойылатын талаптар және міндеттемелермен танысуға болады.
Сонымен бірге Г.Көкебаеваның құрастырған «Халықаралық қатынастар тарихы» (1918-1939 жж.) хрестоматиясы. Еңбекте Ұлттар Лигасының 1925-1938 жылдардағы жарияланған құжаттары, 1938-1939 жылдардағы халықаралық саяси дағдарысқа қатысты материалдар берілген.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері
Диплом жұмысының мақсаты алғашқы халықаралық ұйым болған Ұлттар Лигасының құрылу және даму тарихын қарастыру, оның 1919-1939 жылдар аралығындағы қызметіне баға бере отырып, халықаралық ынтымақтастың дамуына қосқан үлесін айқындау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер қойылды.
- Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы халықаралық ахуалға баға беру;
- Ұлттар Лигасының құрылуындағы Париж бітім конференциясының тарихи маңызын айқындау;
- Ұлттар Лигасының құрылу тарихын қарастыру, ұйымды құруға күш салған державалардың саясатын бағамдау;
- Ұйымның құрылымына және Жарғысына сәйкес қызмет аясына талдау жасау;
- Ұлттар Лигасының 1919-1939 жылдардағы халықаралық қатынастарды реттеудегі рөліне баға беру;
- Ұлттар Лигасының дағдарысына және ыдырауына ықпал еткен факторларды айқындау, оларға талдау жасау.
1.1. ПАРИЖ БІТІМ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҰЛТТАР ЛИГАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
1918 жылы 11 қарашада Франциядағы Компьен орманында Антанта елдерінің талабымен Германия жеңілгендігін мойындап, біиімге қол қойды. Төрт жылға созылған соғыс аяқталды. 1919 жылы 18 қаңтарда соғыстың қорытындысы шығарылып, жеңген елдер мен Германия және оның одақтастары арасында келісімге келу үшін Париж қаласында халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Конференцияға 27 елден делегаттар қатысты. Францияның премьер-министрі Жорж Клемансо, ағылшын премьер-министрі Дэвид Ллойд-Джордж және АҚШ президенті Вудро Вилсьон қатысып, басшылық жасады.
Париж конференциясының алдында соғыстан кейінгі халықаралық қатынастағы, әлемдегі өзгерістерді ескере отырып, дүниені қайта құру мәселесі тұрды:
-халықаралық қатынастағы өзгерістерді ескере отырып, жаңа принциптерді қалыптастыру;
-ірі капиталистік елдер арасындағы дүниежүзілік ықпалды реттеу;
-Германия мен Түркияның отарларының тағдырын шешу;
Ірі державалық елдер бұл мәселелелерді Париж конференциясында өз мүдделеріне ыңғайлы шешу үшін күрес жүргізді. АҚШ-тың конференциядағы негізгі мақсаты-дүниежүзілік әлемде өзінің үстемдігін қалыптатыру болды. Бірақ бұған Париж конференциясында Франция мен Англия басшылары қарсылық жасады. АҚШ-тың мұндай саясат жүргізуіне оның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экномикалық дамуы негіз болды. Соғыстан кейін Франция мен Англияның экономикасы күйзеліске ұшырап, АҚШ-тан арытта қалды. Соғыс жылдарында АҚШ соғыс өнеркәсібі 335 млрд доллар таза пайда тапты. 1919 жылы АҚШ дүниежүзінде көмірдің 50 пайызын, автомобильдің 85 пайызын шығарды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ әлемде қаржы саласында толық үстемдікке ие болды. Канада мен Латын Америкасы елдерінде 7 млрд, Еуропа елдерінде 18 мрлд доллар инвенстициясы болды. АҚШ президенті В.Вильсон: «Дүниежүзіне кім көп ақша берсе, сол ел әлемде билік жүргізуі қажет»-деген болатын. Сөйтіп АҚШ дүниежүзілік үстемдік жасау үшін күрес жэүргізді. АҚШ президенті Париж конференциясына 14 пункттен тұратын бағдарламасын әкелді. Бағдарламаның мазмұны мынадай болды:
-Антанта елдерінің арасындағы жасырын келісімдерден бас тарту;
-дүниежүзілік мұхиттарм ен теңіздерде еркін жүзу;
-барлық кедендік кедергілерді жойып, халықаралық ашық есік және ашық қол қағидасын сақтау,
-отар елдердің мәселесін әділетті шешу;
-қару-жарақты қысқарту;
-Германиямен және оынң одақтастарымен әділетті келсімдер жүргізу;
-дүниежүзілік дау-жанжал мәселелерді бейбіт жолмен шешу үшін халықаралық ұйым-Ұлттар Лигасыцн құру,
Конференцияда бұл бағдарламаға Франция мен Англия басшылары қарсы шықты.
Бірақ оның Ұлттар Лигасын құру бағдарламасын қолдап, халықаралық қатынастағы дау-жанжал мәселелерді шешуде айтарлықтай рөл атқаратын ұйым құруға келісті.
Соғыстың қорытындысын баячнды ету үшін жеңген елдер Париж конференциясында Гернмания және оның одақтастарымен келіссөздер жүргізуге кірісті. Париж қаласындағы айналы Версаль сарайында Германия мен жеңген елдер арнасында келіссөздер басталды. Бұл келіссөздер барысында Германияның жер мәселесі қаралды. 1870-1871 жылғы Франция-Пруссия с оғысында Германияға берілген Эльзас пен Лотарингия Францияға қайтарылды. Саар облысы 15 жылға Ұлттар Лигасының қарауына берілді. Поьлшаның батыс жері Померания мен Познань қайтарылды. Данциг қаласы ерікті қала ретінде Ұлттар Лигасына басқаруға берілді. Бельгия Эйпен және Мальмеди аудандарын қайтарып алды. Данияға Шлезвиг қайтарылды. Версаль бітімі бойынша Германия жерінің 8/1 бөлігінен айырылды.
Екіншіден, Рейн өзенінің сол жағалауы түгелдей 15 жылға одақтастар әскерінің бақылауына өтті. Германия Рейн өзені бойынан өз әскерлерін әкетуге кірісті. Германияға 100 мың адамдық әскер ұстау рұқсат етті. Германия өзінің соғыс-теңіз флотынан айырылды.
Үшіншіден, Версаль келісімінде Германияның соғыс шығындарын өтеу мәселесі қаралды. Бұл аталмыш мәселені шешу үшін репарациялық комиссия құрылып, 1921 жылы аталмыш комиссияның шешімімен Германия 226 млрд марка төлеу қажет болды. 1921 жылы мамыр айында Германия 132 млрд марка төлейтін болып келісті. Репарациялық төлемнің 55 пайызын Франция, 22 пайызын Англия, Италия-10, Бельгия-8 пайызын алатын болды.
Төрнтіншіден, Германияның отарлары туралы мәселе қаралды. Африкадағы Германияның отарлары Танганьика, Тогоның батысы және камерунның бір бөлігі Англияға юерілді. Намибия-Британияның доминионы Оңтүстік Африка Одағына өтті. Тогоның шығыс бөлігі, Камерунның көп бөілігі және Руанди, Берунди Францияға берілді. Германияның Тынық мұхиттағы отарлары Жапония мен Англияға өтті. Мариан, Каролин және Маршалл аралдары Жапонияға берілді. Қытайдағы Шаньдун түбегі Жапонияға қайтарылды. Австралия мен Жаңа Зеландияға Жаңа Гвинеяның шығыс бөлігі, архипелаг Самоа берілді.
