Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сергей курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
219.14 Кб
Скачать

3 Технологиялық режимдер

    1. Арматураны стендтерде созу

Алдын ала кернеуленген, ұзын өлшемді, ірі және ауыр конструкцияларды стенд технологиясы бойынша өндіреді. Арматураны дайындау тәсіліне байланысты стендтерді пакетті және созылыңқы деп айырады.

Пакетті стендтерде арматура элементтерін дайындау үшін қондырғылар ескерілген. Олар стендтен тыс қалыптау посттарына параллель орналастырылады. Созылыңқы стендтерде арматураны қалыптау сызығында стендтің барлық ұзындығы бойынша жүйелі тартады. Пакетті стендте сымдар пакетін дайындау мен созуды былай орындайды. Беріктігі жоғары сымның бухталарын бухта ұстағыштарға салады және сымның әрбір ұшын тежеу құрылғысы, сым тазалау қондырғысы және тесік диафрагма арқылы өткізеді. Сосын сымның ұштарын толқынды қысқыштың пластинкаларына бекітіп, қысым сынап, болаттармен қысады. Құрастырылған пакетті тізбекті конвейердің кареткасының қармауышына біріктіреді және стендтің қарама – қарсы жағына дейін тартады. Стендтің екінші жағында пакеттің екінші ұшын құрайтын екінші толқынды қысқыш жиналады. Орнататын жерлерге пакеттерді көпірлік кранмен жеткізеді және созу үшін бас және ұш тартқыштарында орнатады.

Созылыңқы стендтерде сым, өзекшелі және жіп арматурасымен өнеркәсіп орындарының алдын ала кернеуленетін конструкцияларын жасайды. Сым ұштарын топтың соңғы қармауышына орналастырады. Ол арбада шығырдың көмегімен соңғы тіректерге дейін жылжиды және оларға бекітіледі. Сымдарды бас қармауышында бекіткен соң оларды кесіп, кернеулейді.

3.2 Қалыптарға дайындау

Қалыптар мен қалыптау жабдығын тазалыққа ұстау оның қызмет мерзімін ұзарту үшін ғана емес, сонымен бірге жасалатын бұйымдардың жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін де қажет. Қалыптаудың әрбір циклінен кейін қалыптарды тазалайды, әр түрлі құралдарды, машиналар мен майлау материалдарын қолдана отырып майлайды.

Қалыптар мен заттабақтарды тазалау үшін болат сымнан жасалған цилиндрлі дөңгелек қылсүрткілер (щетка), түрпілі дөңгелектер мен металл сақиналардан жасалған инерциялық фрезалар жұмыс мүшесі болып қызмет ететін машиналар қолданылады.

Металл сымнан жасалған жұмсақ қылсүрткісі (щетка) бар машиналарды қалыптаудың әрбір циклінен кейін қолданады, ал қатты қылсүрткілі дене және түрпілі дөңгелекті машиналарды 2…3 айда ғана қолданады.

Көбіне заттабақтарды бес сақинада бос ілініп тұрған инерциялық фрезалы машиналармен тазартады. Фрезаны айналдырған кезде сақиналар заттабақтың бетін ұрады және онда қалып қойған цемент ерітіндісінің қабығын ұсақтайды. Тазалау механизмі екі параллель орналасқан біліктерден тұрады. Оларға шахматты тәртіппен инерциялық фрезалардың блоктары орналасқан. Фрезаның айналу жиілігі 300…350 айн/мин құрайды. Заттабақты фрезамен өңдеген соң бөлініп шыққан бөліктерін жұмсақ металл қылсүрткімен сүртеді. Заттабақтар мен қалыптарды екі схема бойынша тазалауға болады: біріншісі – машина олардың астына орналасады; екіншісі – олар машинаның астына орналасады. Кассеталарды тазалау үшін ауаны қысыммен жіберетін құрылғылар қолданады. Кассетаны ауамен тазалау бұйымды кассетада жасау циклінен кейін жүзеге асырылып отырылады. Кассетада бетонның жабысып қалған бөліктерін тазалау үшін жылжымалы өңдеу машинасын қолданады. Машина екі өңдеу бастарымен жабдықталған. Оларға кассетаның жұмыс беттеріне серіппелермен қысылған үш түрпілі тас бекітілген. Бас бағыттаушы бойынша тік жылжиды, ал арба бөлікті бойлай жүреді. Кассетаны айына бір рет тазалайды.

Қалыптарды тазалау үшін химиялық тәсілді қолданады, ал цемент қабығын бұзушы қышқыл қасиетіне негізделген. Реакцияны тездету үшін катализатор ретінде 0,2 % - тік тұз ерітіндісін қолданады. Химиялық тазалауды жылына бір рет қана жүргізу қажет.

Қалыптар үнемі күтуді керек етеді. Пайдаланылмайтын қалыптар бетоннан тазартылып, майланып, сыртқы жақтары боялып, оларға атмосфералық жауын – шашын және т.б. түспеу үшін жабулы орында сақталу керек.