Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сергей курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
219.14 Кб
Скачать

1.5 Шикізаттарға сипаттама

Портландцемент. Ауада да және суда да қатая беретін портландцемент клинкері мен гипсті біріктіріп ұнтақтағанда алынатын гидравликалық байланыстырушы заттар портландцемент деп атлады.1,5-3,5 пайыз гипсті оның ұстасу мезгілдерін реттеу үшін қосады.Себебі, гипіссіз ұнтақталған клинкер бірнеше минуттың ішінде қатып үлгереді де құрылыста қолдануын қиындатады.

МемСТ 10178-85 портландцементтің үш түрін өндіруді қамтыған: ҚЖ-қоспасыз, Қ5-қосылған активті минералдық қоспалар мөлшері 5 пайызға дейін, Қ 0-5 пайыздан 20 пайызға дейін /глиежден басқа/ шөкпелі тау жынысынан алынған минералдық қоспалар немесе 20 пайызға дейін домналық және электротермофосфорлық гранулданған шлактар, глиеждер және басқа минералдық қоспалар қосылған портландцементтер.

Ірі толтырғыш-шағыл тас, жергілікті карьерлерден зауытқа мынандай фракциялармен: 5-10, 10-20, 20-40 мм автотранспорт арқылы жеткізіледі. Ауыр бетон үшін ірі толтырғыш ретінде тау жынысты шағылтас пен қиыршық тасты немесе қиыршық тастан алынған өлшемі 5-70 мм болатын шағылтас қолданылады.

Шағылтасты тау жыныстарын, қиыршық тасты, жасанды тастарды 5-120 мм болатын бөлшектерге майдалау арқылы алады. Бетон дайындау үшін әдетте тығыз тау жыныстарын, қиыршық тасты, домна және Мартенов шлактарын майдалау арқылы алынған шағылтастарды қолданады. Оны тас майдалағышта майдалайды. Сонымен қатар шағылтас түйіршігін ғана емес, құм мен шаң ірілігіне сәйкес фракциядағы түйіршіктер алынады. Шағылтас түйіршігінің формасы бірқалыпты емес. Жақсы форма қатарына тэтраэдр немесе куб түріндегілер жатады. Түйіршіктері кедір-бұдырлы бетке ие шағылтас, қиыршық тасқа қарағанда бетондағы цементті таспен жақсы араласады, бірақ шағыл таспен дайындалған бетон араласпасы аз жылжымалы болып келеді.

Ұсақтылығығ аязға төзімділігі, түйіршіктік құрамы бойынша шағыл тастарға қиыршық тастарға қойылатын талаптар қойылады.

Шағылтас беріктілігі тау жыныстарының сығу кезінде суға қаныққан жағдайындағы беріктілік шегіне, шағылтас майдалылығын цилиндрде сығу кезінде анықталатын беріктілігінің маркасы бойынша сипатталады. Шағылтас келесі маркаларға ие: 200, 300, 400, 600, 1000, 1200, 1400. Жоғары сапалы категориядағы, атқыланатын және метаморфты тау жыныстарынан алынатын шағылтас маркасы М800-ден кем болмауы, ал карбонатты жыныстардан алынатын шағылтастың маркасы М600-тен кем болмауы тиіс. Беріктілік маркасы 1400, 1200 және 1000 болатын шағылтас құрамында массасы бойынша әлсіз жыныстар түйіршігі 5%-дан, ал маркасы 800, 600 және 400 болатын шағылтас құрамында массасы бойынша әлсіз жыныстар түйіршігі 10%-дан, ал маркасы 300 және 200 болатын шағылтас құрамында массасы бойынша әлсіз жыныстар түйіршігі 15%-дан аспауы керек. Бастапқы тау жыныстарының беріктігі бойынша қаныққан суда сығу кезіндегі шағылтас маркасы бетон маркасынан 1,5-2 есе жоғары болуы қажет.

1.1 Шығарылатын өнімнің номенклатурасы

Құрама темірбетон бұйымдар классификациясына мына белгілер тән: арматура түрі, бетон түрі, ішкі құрылымы және тағайындалуы.

  1. Арматуралау түріне байланысты темірбетон бұйымдары мынадай түрлерге бөлінеді: алдын ала арматуралау және қарапайым арматуралау.

  2. Бұйым тығыздығына байланысты-өте ауыр, жеңілдетілген, жеңіл және өте жеңіл бетондар болып бөлінеді. Ғимарат каркасының элементтері ретінде-ауыр бетонды, ал ғимараттарды қоршау конструкциялары ретінде-жеңіл бетонды пайдаланады.

  3. Бетон түрі мен оған қолданылатын байланыстырғыш түріне байланысты бұйымдарды мынандай түрге бөледі:

-цементті бетондарды-тығыз толтырғыштарға ауыр, кеуек толтырғыштарға жеңіл бетон.

-автоклавта қатайған жеңіл бетондарды–негізі әк немесе араласқан байланыстырғыштардан тұратын кеуек толтырғыштарда жеңіл немесе тығыз бетон.

-ұялы бетондарды-цементті, әктаста және араласқан байланыстырғышта; арнайы бетондарды-отқа төзімді, химиялық төзімді, декоративті және гидратты.

4. Ішкі құрылымы бойынша бұйымдар бір бетоннан жасалған тегіс немесе қуысты, әртүрлі бетоннан немесе әртүрлі материалдарды қолдану арқылы жасалған бір қабатты, екі қабатты және көп қабатты болуы мүмкін.

Бір түрдегі темрібетон бұйымдары типтік өлшемдерімен ерекшеленеді. Мысалы, қабырғалы блок бұрышты болуы мүмкін. Бір түрдегі темірбетон бұйымдары класс бойынша да бөлінеді.

Тағайындалуы бойынша құрама темірбетон бұйымдары негізгі топтарға бөлінеді: тұрғын үйге арналған, қоғамдық жерлерге арналған, өндірістік ғимараттар үшін, ауыл шаруашылық имараттары мен гидротехникалық құрылыс үшін, сонымен қатар жалпы қолданысқа арналған бұйымдар үшін.

Темірбетон бұйымдары мемлекеттік стандарттарға, жұмыс сызбаларына және ондағы техникалық жағдайларға сәйкес болуы керек. Өндірістік бұйымдары типтік және әртүрлі мақсатта тағайындалатын ғимараттар мен имараттарда пайдалану үшін әмбебап болуы керек. Бұйымдар зауытта дайындаудың жоғары дәрежесіне ие болуы керек. Құрамды және комплексті бұйымдарды тұтынушыға, әдетте, бітірген, жинақталған, толық оралған түрде ұсынады. Қуыстары бар темірбетон бұйымдарын есік немесе терезе блоктарына орнатады. Бұйым сапасы құрылыста қайта өңдеуді қажет етпейтіндей жоғары болуы қажет.

Таблица