Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гидроксии и оксоқышқылдар. Олардың биологиялық маңызы..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
100.9 Кб
Скачать

Жоспар:

 

І. Кіріспе

1.1. Гидроксиқышқылдар. Оксоқышқылдар.

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Гидроксиқышқылдар. Олардың түрлері.

2.2. Гидроксиқышқылдардың биологиялық маңызы.

 2.3.Оксоқышқылдар. Бір негізді екі атомды оксиқышқылдар. Биологиялық қасиеті.

2.4. Аминді спирттер. Биологиялық маңызы.

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған  әдебиеттер

Кіріспе

1. Гидроксиқышқылдар

Радикалдың бір сутегі атомы гидроксил тобымен алмасқан карбон қышқылдарының туындылары гидроксиқышқылдар деп аталады. ОН-тобының орналасуына байланысты α–, β–, γ–, δ–, ε– т.б қышқылдарға жіктеледі. Мысалы:

CH3 - CH2 – CH – COOH α - гидроксимай қышқылы

CH3 - CH – CH2 – COOH β - гидроксимай қышқылы

HO - CH2 - CH2 - CH2 – COOH γ - гидроксимай қышқылы

Қыздырғанда гидроксиқышқылдар әр түрлі өнімдер түзеді. Мысалы, α- гидроксиқышқылдан циклды лактидтер пайда болады.

Оксоқышқылдар

Құрамында карбоксил және карбонил топтары бар қосылыстар оксоқышқылдар деп аталады. Гидроксил қышқылы ең қарапайым оксоқышқыл болып табылады: HOOC–CHO. Көптеген оксоқышқылдар организмде Кребс циклына қатысады. Оларға пиро-жүзім CH3–C(ОH)–COOH, қымыздық сірке HOOC–CH2–C(О)–COОH, α–кетоглутар HOOC–C(О)–CH2–CH2–COОH қышқылдары жатады. Организмде майлы қышқылдардың метаболизмі нәтижесінде ацетосірке қышқылы CH3–C(О)–CH2–COOH түзіледі.

2.1. Гидроксиқышқылдар

Гидроксиқышқылдар –екінші функциялы топ гидроксил тобы бар карбон қышқылдары. Карбоксил мен гидроксилдің өзара орналасуына байланысты гидроксиқышқылдарды атауға болады.

Қышқыл ортада лактидтер бастапқы заттар- - оксоқышқылдарға дейін гидролизденеді. β- оксоқышқылдар қыздырғанда суды бөліп , α,β- қанықпаған қышқылдар түзеді.

аминқышқылдарының биологиялық маңызы жоғары, себебі олардан ақуыздар түзілген.

Ақуыздар — көміртегі, сутегі, оттегі және азот, кейде күкірт элементтерінен құралған күрделі органикалық қосылыстар — биополимерлер. Олар әрбір жасуша мен оның цитоплазмасының негізін құрайды, сол себепті өмір текті болып саналады, ақуызсыз тіршілік тоқтайды. Ақуыз ағза үшін ең маңызды органикалық заттар тобына жатады. Әр ақуыздың өзіне ғана тән құрылымдық ерекшеліктері болады, сондықтан да олар нуклеин қышқылдарымен бірлесе отырып, тірі табиғаттың, түрлік әртектілігінің материалдық негізін құрайды. Ақуыз молекуласы табиғатына байланысты бір-бірімен берік ковалентті азот-көміртегі байланысы — пептидтік байланыс (-СО-N11-), арқылы біріккен 50-1500 амин қышқылдарынан түзілген ұзын тізбектен құралады. Осының нәтижесінде полипептидтік тізбек -ақуыздың бастапқы құрылымы пайда болады. Сонымен, ақуыз молекуласы молекулалық массасы 5-150 мың дальтон не одан да көп полипептид болып табылады.Құрылысына қарай ақуыздар қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым ақуыздар тек амин қышқылдарынан құралады, ал күрделі ақуыздар құрамында амин қышқылдарымен қатар нуклеин қышқылдары (нуклепротеиндер), липидтер (липопротеиндер), көмірсулар (гликопротеидтер) болады.

Бір негізді гидроксиқышқылдар. Сүт қышқылы- ең маңызды гидроксиқышқылдардың бірі.

Сүт қышқылы-ɑ-оксипропион қышқылы, СН3СН(ОН)СООН – бір негізді оксикарбон қышқылы. Сүт қышқылы жануарлар, өсімдіктер, микроорганизмдердегі зат алмасу нәтижесінде түзілетін маңызды аралық өнім. Сүт қышқылы суда, спиртте, глицеринде, эфирде жақсы еритін түссіз кристалдар. Оның тұздары және эфирлері лактаттар деп аталады. Сүт қышқылын дегидраттағанда акрил қышқылына, ал сұйытылған минералды қышқылдармен қыздырғанда құмырсқа қышқылына айналады. Сүт қышқылы жануарлардың бұлшық еттеріндегі гликолиз процесінің соңғы өнімі болып саналады. Бұлшық еттің шаршауы ондағы гликогеннің азайып, сүт қышқылының көбеюіне байланысты. Егер оттек жеткілікті болса, сүт қышқылы СО2 мен Н2О-ға дейін тотығады, нәтижесінде қалған сүт қышқылының гликогенге айналуына керекті энергия бөлінеді. Сүт қышқылы және оның тұздары тоқыма, тері илеу өнеркәсібінде, медицинада, т.б. қолданылады.

Табиғатта сүтегі лактозаның сүт қышқылды ашуының өнімі ретінде кеңінен таралған, жеміс-жидек құрамындағы көмірсуларда кездеседі. Көмірсулардың ішінде целлюлоза көбірек кездеседі.

Целлюлоза да крахмал сияқты табиғи полимер — полисахарид. Оның молекулалық формуласы да крахмалдікі сияқты (С6Н10О6)n.Целлюлозаны клетчатка деп те айтады. Ол — өсімдіктер клеткасы кабықшасының негізгі кұрам бөлігі. Едәуір көп таралған биополимер. Мақта талшығында 98%-ке дейін, ағаш сүрегінде 50%-ке жуық, жасыл жапырақтарда, шөпте (10—25%) болады.Целлюлозаның макромолекуласы циклді 3- глюкозаның қалдықтарынан тұрады, түзу құрылымды . Целлюлозаның макромолекулалары бір бағытта орналасқандықтан, талшық түзеді (зығыр, мақта, кендір, т.б.). Целлюлозаның қарапайым буыны крахмалдікі сияқты — С6Н10О5 — бірақ в-глюкозаның қалдығынан құралған:Крахмал мен целлюлозаның құрамына әр түрлі формалы глюкозаның кіруі олардың қасиеттеріне әсер етеді. Целлюлозаны тек қана күйіс қайыратын жануарлар қорыта алады. Адам және басқа жануарлар ферменттері целлюлозаны қорыта алмайды, сондықтан оны азық ретінде пайдаланбайды.

Целлюлозаның полимерлену дәрежесі — n-нің мәні крахмалдан көп, молекулалық массасы да крахмалдан үлкен (шамамен мақтада ~ 1,7 млн., зығырда ~ 6 млн-ға дейін) болады. Целлюлоза құрылымы тек түзу сызықты болады:

• — С6Н10О5 — С6Н10О5 — С6Н10О5 — С6Н10О5 —

Мақта, зығыр, кендір, т.б. талшықты материалдардың целлюлозадан түзілетіндігі осыған байланысты.

Целлюлозаның қасиеттері.

Целлюлоза ақ немесе сүр түсті талшықты қатты зат. Целлюлоза суда, спиртте, эфирде, ацетонда және т.б. органикалық еріткіштерде ерімейді.Целлюлозаның гидроксил топтары арқылы әр түрлі эфирлерін алуға болады.

Гидроксимай қышқылы майлы қышқылдардың тотығуының аралық өнімі ретінде қант диабетімен науқас адамдардың ағзасында жиналады.

β– гидроксимай қышқылы Кротон қышқылы β–аминомай қышқылы– гидроксиқышқылдар қанықпаған қышқылдарға айналады:

γ–, δ–, ε– т.б. гидроксиқышқылдардан тұйық тізбекті күрделі эфирлер – лактондар түзіледі.