- •1 Жобалауға арналған мәліметтер
- •Өнімнің сипаттамасы (номенклатурасы)
- •1.2 Жобалық өнімділік
- •1.3 Жұмыс режимі. Өндірістік бағдарлама
- •1.4 Бұйымды өндіру әдісін таңдау
- •1.5 Бетонды ерітінді араласпа, арматуралық элементтер, материалдар және жартылай өнімдерінің технологиялық сипаттамасы
- •2 Өндірістің технологиялық сипаттамасы
- •2.1 Тізбек жұмысының графикалық схемасы және оның сипаттамасы
- •2.2 Қалыптау жабдығының технологиялық сипаттамасы
- •2.3 Жылу агрегаттарының сипаттамасы
- •4 Өндірістік техногиялық есептеулер
- •4.1 Қалыптау орны (тізбек) саны. Бекітілген өндірістік өнімділік
- •4.2 Қалып арматура дайындау орын саны
- •4.3 Жылу агрегат саны
- •4.4 Бұйымды цехта ұстау орындарының саны
- •4.5 Қажетті қалып саны
- •4.6 Кран мөлшерін есептеу
- •4.7 Өндірістік жабдықтың жинақтама кестесі
- •4.8 Бетонды ерітінді араласпа және материалдардың қажеттілігі
- •4.9 Технологиялық будың шығыны
- •4.10 Өндірістік бригаданың құрамы және квалификациясы
- •5 Құрылыстық технологиялық шешім
- •5.1 Өндірістік ғимараттың типі
- •5.2 Технологиялық жабдықтар мен құрылыстардың орналасу принципі
- •6 Өндірістік процестерді ұйымдастыру
- •6.1 Технологиялық транспортты жабдықтардың жұмысының циклограммасы
- •6.2 Өндірісті техникалық бақылау
- •6.3 Қауіпсіздік техникасы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Күрделі құрылысты индумтриялаудағы айтарлықтай жетістіктер ең алдымен бетон мен темірбетон бұйымдарының кеңінен қолданылуымен тікелей байланысты. Қазіргі кезде, темірбетон бұйымдары мен конструкцияларының толып жатқан номенклатураларын жасап шығаратын көптеген өнеркәсіп орындары бар.
Қазіргі бетон және темірбетон неше түрлі үй және ғимараттарды тұрғызу үшін кеңінен қолданатын материалдар мен бұйымдар. Бетонды құрылыста кеңінен қолданудағы бастапқы негіз, ол байланыстырушыны және толтырғыштарды өндіруге қажет табиғи шикізаттың таусылмас қорының барлығы; байланыстырушы мен толтырушыны жасау үшін өнеркәсіп өндіріс қалдықтарын пайдаланудың экологиялық маңыздылығы; түрлі толтырғыштарды, оның ішінде жасанды кеуекті толтырғыштарды қолдана отырып, бетонның орташа тығыздылығын кең аралықта өзгерту мүмкіншілігі; азаматтық және өнеркәсіптік құрылыстардың, оның ішінде жер астында, суастында және суүстінде пайдаланатыны, ғимараттардың қатаң және түрлі талаптарын қанағаттандыру мүмкіншілігі.
Темірбетон прогондары – ғимараттың көлденең конструктивті элементі. Ол түрлі қабырғаның аражабындарына (есік, терезе) пайдаланады. Прогондар балкілерге, итарқалықтарға немесе басқада конструктивті элементтерге бекітілу арқасында өзінің тұрақтылығын сақтайды. Осы темірбетон бұйымының ең сұранысқа көп түсетін түрі ПРГ және ол өз алдына тікбұрышты қиылысқан прогон болып табылады. Сонымен қатар Z тәріздес, C тәріздес прогондар бар.
1 Жобалауға арналған мәліметтер
Өнімнің сипаттамасы (номенклатурасы)
Прогондар – ғимараттың жабынының көлденең конструктивті элементі немесе арқалық пен итарқаға сүйенетін құрылыс бөлігі. Прогондардың үстіне тақталар мен төсеніштер жатқызылады. Прогондардың негізгі қызметі үлкен көлемді ғимараттар шатырларының сенімді болуын қамтамасыз ету болып табылады. Темірбетонды прогон тікбұрышты (ПРГ) және таврлы (ПР) қиылысқан ұзын арқалықты құрайды. Прогондарды маркасы М250 ауыр бетоннан жасайды, ал ұзындығы 6 метр прогондар үшін М350 ауыр бетонды пайдаланады. Арматуралау үшін А-III (А400) класты болатты қолданады. Арматураладың екі түрлі нұсқасы бар: алдын ала кернеуленген, яғни маркасы АтV алдын ала кернеуленген стерженмен және кеңістік қаңқаларымен арматуралау және кернеуленбеген, яғни болаттан жасалған кеңістік қаңқаларымен арматуралау. Темірбетон прогондарының ПРГ стандартты өлшемдері:
1.1-кесте
Өнімнің техникалық сипаттамасы
Бұйымның түрі (эскизі) және оның аталуы
|
Маркасы
|
Габбаритті өлшемдері, мм |
Салмағы, т
|
Материалдар шығыны |
МемСТ,жұмыс-тық сызба |
|||||
l |
B |
h |
Бетон |
Болат, кг |
||||||
класы |
|
кернеуленбеген |
кернеуленген |
|||||||
Прогон
|
ПРГ 60.2.5 – 4АV |
5980 |
200 |
500 |
1,5 |
В25
|
0,60 |
44,6
|
29,5 |
МемСТ 29992-86, 1.225-2 сериялы |
1.2 Жобалық өнімділік
Темірбетон бұйымдарын өндіру үшін кең таралған технологиялық процесс операцияларға бөлінеді. Шығаратын өнімнің агрегаттық технологиялық тізбегі жылдық номенклатурамен анықталады. Жылдық өнімнің тізбегі мына формуламен анықталады:
Өж = Вр · h · 60 · V/Тқ.ц. (1.1)
Өж = 255 · 16 · 60 · 5· 0,6/15 = 48960 / жылына
мұндағы Вр – бір жылдағы жұмыс күні, сағат;
V – бір уақытта қалыптанатын бұйым көлемі;
h – тәуліктегі жұмыс уақыт саны;
Тқ.ц. – қалыптау циклі, минут.
1.3 Жұмыс режимі. Өндірістік бағдарлама
1.2-кесте
Жоспарлы тоқтау ұзақтылығы және жұмыс тәулігінің есептік саны
Технологиялық тізбек және негізгі технологиялық жабдық |
Жөндеуге жоспарлы тоқтау ұзақтығы |
Бір жылдағы жұмыс тәулігінің есептік саны |
Агрегатты-ағымды және стендті тізбек, касеталы жабдық |
7 |
255 |
1.3-кесте
Өндірістік бағдарлама
Бұйымның аталуы |
Бұйымның өнімділгі |
|||
жылына |
тәулігіне |
ауысымына |
Сағатына |
|
Прогон ПРГ |
48960 |
192 |
96 |
12 |
