- •1. «Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» пәні бойынша бағдарлама
- •1.1. Оқытушы туралы мәлімет
- •2. Пән туралы мәлімет
- •3. «Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» курсы бойынша жұмыс бағдарламасы
- •4. Негізгі әдебиеттер:
- •4.1 Қосымша әдебиеттер:
- •5. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •6. Пән бойынша дәрістердің конспектісі
- •7. Пән бойынша электронды оқулықтар тізімі:
- •8.Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары
- •Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар Практикалық (семинарлық, студиялық) сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
- •1. Қарастырылатын мәселелер:
- •10. Студенттің өздік жұмысына (сөж) арналған материалдар
- •11. Реферат тақырыптары:
- •12. Баяндамалар, рефераттар, өздік жұмыстарды жазуда қойылатын техникалық талаптар
- •1. Бақылау жұмыстары мен өздік жұмыстарының сыртқы бетін толтыру үлгісі
- •4. «Қорытынды»
- •13. Электронды кітапхана – курс тақырыбы бойынша электрондық оқулықтар, сілтемелер электронды кітапхана сайтында. Ақпараттарды Интернеттен алады.
- •14. Оқытушылармен байланыс орнату құралдары (электронная почта, телеконференции(форум), чат)
- •Студенттер білімін тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары Web-сайтта
- •16. Студенттің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары (бақылау тапсырмалары, тесттік тапсырма, өзін-өзі даярлау сұрақтар тізімі, емтихандық билеттер және т.Б.)
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
«5В012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған
«Қазіргі қазақ тілі морфологиясы»
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
____________________________________________________________________________
Курс – 3
Семестр – 5
Кредит саны – 3
Дәріс – 30 сағат
Семинар – 15 сағат
СОӨЖ – 45 сағат
СӨЖ – 45 сағат
Емтихан – 5-семестрде
Барлығы – 135 сағат
Орал - 2015
«Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» бойынша
курстың бағдарламасы
2015-2016 оқу жылы, 5-семестр, 3 кредит
3-курс студенттері үшін кредиттік оқыту технологиясы бойынша «Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» пәнінен оқу-әдістемелік кешені М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік Кеңесі отырысының Хаттама шешімімен бекітілген (№1 хаттама, 26.09.2014) және пайдалануға рұқсат етілген «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» жұмыс оқу бағдарламасының негізінде құрастырылды.
Құрастырған: ф.ғ.к., БҚМУ доценті Раманова А.А.
Қазақ филологиясы кафедрасының отырысында бекітілді.
« 06 » _қыркүйек_ _2015 ж.__ № _1__ хаттама
1. «Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» пәні бойынша бағдарлама
1.1. Оқытушы туралы мәлімет
Оқытушы: Раманова Айгүл Абибуллақызы – «Қазақ филологиясы» кафедрасының доценті, ф.ғ.к.
Оқытушының мекен-жайы: Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 162, «Қазақ филологиясы» кафедрасы, бас оқу ғимаратының 4-қабаты, 408-кабинет.
Жұмыс телефоны: 51-30-62
Электронды пошта адресі: ramanova2008@mail.ru
2. Пән туралы мәлімет
Пән атауы: Қазіргі қазақ тілі морфологиясы, 3 кредит сағат
Өтетін орны: кесте бойынша қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінде
Сабақ кестесі:
Семестр 15 оқу аптасынан және 2 апта сессиядан тұрады.
Бір аптада 1 кредит-сағат саны болуы тиісті, әр кредит-сағат саны 2 байланыс сағаттан (2 дәріс, 1 семинар) және 4 сағат СОӨЖ, СӨЖ тұрады.
Аптаға кредит-сағат санының бөліну кестесі
Сабақ |
Өткізу уақыты |
Сабақ |
Өткізу уақыты |
3 байланыс сағаты (2 дәріс, 1 семинар) |
50 минут |
СОӨЖ, СӨЖ |
50+50 минут |
Оқу жоспарынан көшірме
Курс |
Семестр |
Кредит саны |
Дәрістер |
Семинар |
СОӨЖ |
СӨЖ |
Барлығы |
Бақылау түрі |
2 |
4 |
3 |
30 |
15 |
45 |
45 |
135 |
Емтихан |
КІРІСПЕ
«Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» пәні - қазақ тіліндегі сөздердің лексика-грамматикалық топтарын, оның тілдік жүйедегі алатын орнын, қолдану қабілетін, тілдегі грамматикалық мағыналар мен формаларды қарастыратын тіл білімінің саласы. Курста морфологияның басты сұрақтары, яғни сөз таптастыру мәселесі, күрделі сөздер сипаты, сөз таптары қарастырылады. Бұл пән - «Қазіргі қазақ тілі» курсында тереңдетіліп оқытылатын басты пәндердің бірі.
Курс мақсаты: қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалық өзгеруі, сөз және оның формалары, оны қарастырудың жолдары мен тәсілдері, амалдары туралы және сөз атаулының әлденеше рет өзгеріске ұшыраған түрлері мен олардың топтарға бөлінуі, әр топқа енген сөздердің өзіне тән грамматикалық сыр-сипаты жөнінде студенттерге терең теориялық білім беру, тілдік тұлғаларға праткикалық тұрғыда талдау жасауға үйрету.
Курс міндеті:
Болашақ мұғалімдерді қазіргі қазақ тілінің морфологиялық құрылысының теориялық негіздерімен таныстыру.
Практикалық сабақтар мен СОӨЖ, СӨЖ арқылы студенттердің морфологиядан бағдарламалық материалдарды меңгеретіндей шеберліктерін қалыптастыру.
Студенттердің морфологияға қатысты ғылыми еңбектерді ғылыми тұрғыдан зерттеп тану қабілеттерін дамыту.
Курс мазмұны:
Грамматика және оның салалары
Негізгі грамматикалық ұғымдар
Қазіргі қазақ тіліндегі сөз таптары
Зат есім
Көмекші есімдер
Зат есімнің грамматикалық категориялары
Сын есім. Шырай категориясы
Сан есім. Сан есімнің мағыналық топтары
Есімдік. Есімдіктің мағыналық топтары
Етістік. Негізгі және көмекші етістіктер
Аналитикалық форманттар
Салттылық және сабақтылық категориясы
Етіс түрлері
Етістіктің болымды-болымсыз категориясы
Қимылдың өту сипаты
Есімше
Көсемше
Рай категориясы
Шақ категориясы
Етістіктің жақ категориясы
Үстеу
Еліктеу сөздер
Шылау
Одағай
Оқыту әдістемесі:
Курстың ерекшелігі мен студент құрамының біліктілігі мен біліміне сәйкес оқыту әдістері мен әдістемелік құралдарды сабақ үрдісінде тақырыптық негізгі белгілерге байланысты іскерлік пен дағды қалыптастыру бағытында пайдаланылады. Дәрістерде түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, сауалнама, эксперимент, статистикалық т.б. әдістерді қолдансақ, СОӨЖ, СӨЖ барысында эмпирика, байқау, тесті, деңгейлік тапсырмалар, әр түрлі графикалық шартты белгілерге негізделген соны әдістермен қатар ауызша-жазбаша жаттығуларға байланысты түрлі модульдік тәсілдер жүзеге асырылады.
Пререквизиттер: Тіл біліміне кіріспе. Нормативті қазақ тілі. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы.
Постреквизиттер: Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі. Жалпы тіл білімі.
Курс талаптары:
Қазіргі қазақ тілі морфологиясы пәні негізінде студенттердің білім диапазонын кеңейту, оларды қызықты да қажетті мағлұматтармен қаруландыру.
Студенттер тарапынан сабаққа күнделікті дайындалу міндеттеледі. Себебі студент білімі әр сабақ сайын балдық жүйеде бағаланады. Студент сабақта болмаған жағдайда материалды игеріп, кейіннен тапсыруы тиіс.
Берілген тақырыптар бойынша жинақталған білімін сөйлеу мен жазу, тыңдау мен оқу арқылы айқындау.
Қарапайымнан күрделіге қарай көше отырып, өз бетінше үйрену дағдыларын қалыптастыру.
