- •Дәрістік кешен Пән: экономикалық теория негіздері
- •3. Дәрістердің тезистері:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс жоспары және тезисі:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс жоспары және тезисі:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3.Дәріс жоспары және тезисі:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс жоспары және тезисі:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс жоспары және тезисі:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс жоспары және тезисі:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс жоспары және тезисі:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс жоспары және тезисі:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс жоспары және тезисі:
- •5. Әдебиеттер:
- •3. Дәріс жоспары және тезисі:
- •5. Әдебиеттер:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •Дәріс жоспары және тезисі:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
3. Дәріс жоспары және тезисі:
Ұлттық экономиканың сыртқы және ішкі қарым қатынастары жалпы қозғалыс заңдарына бағынады. Ұлттық экономика қызметінің оптимальды режимін қолдау, іс- әрекеттерді белгілі- бір органдар арқылы реттейтін негізгі бағыттармен анықталады. Макроэкономикалық дамудың негізгі мақсаты ел ішіндегі және шет елдегі экономикалық құрылымның экономикалық және әлеуметтік нығаюы, оның өзгерістерге бейімделуі болып табыдлады. Макроэкономикалық көрсеткіштер дамыған елдердің экономикалық динамикасын салыстырмалы талдау жасауда стандарттар және жағдайлар ретінде қолданылады. Ұлттық есеп көрсеткіштері болып ЖІӨ, ЖҰӨ, өмір сүру көрсеткіші, таза ұлттық өнім және т.б. табылады. Ұлттық байлық – елдің экономика жағдайын анықтайтын негізгі көрсеткіш болып табылады. Ұлттық байлық құрамына негізгі қорлар жатады. Олар келесідей түрде классификацияланады: ғимараттар, машиналар және құрал жабдықтар, транспорттық жабдықтар, құралдар, өндірістік инвентарь, өндірістік және жұмыс құралдары, тағыда басқа негізгі қорлар.
4. Көрнекі материал: лекцияны мультимедиялық тәсілде көрсету.
5. Әдебиеттер:
Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Астана, 1997ж.
Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы. 2005ж
Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы- Астана, 2006г.
Назарбаев Н.А.- Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана-28 ақпан 2007ж.
Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. «Экономика»-А., 2003ж.
6. Шеденов Ғ.Қ., Сағындыков Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов И.С., Комягин: жалпы экономикалық теория- Оқулық, 2004ж.
7. Мамедов О.Ю. Современная экономика. Ростов н/Дону. 1996.
4.Николаева И.П. Экономическая теория. Учебник.М., 1998.
8. Борисов Е. Основы экономической теории. М., 2000.
9. Видяпин В.И., Добрынин А.И., Журавлева Г.П. и др. Экономическая теория-М., 2007.
6. Бақылау сұрақтары:
1. Ұлттық экономика құрылымын анықтау.
2. Өндірістің интенсивті және экстенсивті даму түрлерінің құрылымын анықтау.
3. Қоғамдық өндіріс дегеніміз не?
4. ЖҰӨ дегеніміз не?
5. ЖІӨ қандай ұғым береді?
6. Номиналды және нақты ЖҰӨ- ге анықтама беріңіз.
7. Макроэкономика қашан қоғамдық экономикалық қатынастар жүйесі ретінде пайда болды?
8. Негізгі өмір сүру көрсеткішін мінездеңіз.
9. ЖҰӨ дефляторы дегеніміз не?
1. Тақырып : Экономикалық тепе- теңдік және экономикалық өсім
2. Мақсат: Жиынтық сұраным және жиынтық ұсынымды және де макроэкономикалық тепе- теңдік түсінігі мен оның түрлерін анықтау. Экономикалық өсудің негізгі аспектілерін және экономикалық өсудің жаһандық тенденцияларын оқу. Қазақстан экономикасының даму бағыттарының артықшылықтарын анықтау.
3. Дәріс жоспары және тезисі:
Нарықтық экономикада барлық өндірілген өнімдер (жиынтық өнімдер) тауар (жиынтық ұсыным) болуы керек, ал барлық табыстар (жиынтық табыс) жұмсалуы (жиынтық сұраныс) керек және де тауармен қамтамасыз етілуі керек (жиынтық тұтыну). Тек осындай жағдайда төлем қабілеттігі бар сұраныс және тауарлық ұсыным көлемі сәйкес болады. Нарықтық экономиканың мұндай жағдайы экономикалық тепе- теңдік болып табылады.
Экономикалық өсім - экономикадағы нақты табыстың өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ немесе ҰТ), сонымен қатар белгілі бір уақытта жан басына шаққандағы өндірлген өнім болып табылады. Экономикалық өсу факторларына: табиғи шикізаттар, еңбек ресурстары, негізгі капитал көлемі, жиынтық шығындар деңгейі, технология, шикізаттарды тиімді пайдалану жатады. Экономикалық өсу экстенсивті деп аталады егер ол қосымша ресурстарды тартуда өзінің еңбек өнімділігін өзгертпесе. Ал интенсивті өсім- өндірістің жаңа технологиясын қолданса да шығындар көлемін өсірмейді. Интенсивті өсім халақтың жағдайын жақсартуға негіз бола алады.
Қазақстан экономикасының дамуының негізгі бағыттарының бірі экономикалық өсу болып табылады, ол тек қана Қазақстандықтардың жағдайын жақсартып қана қоймай сонымен қатар Қазақстанды әлемдік экономикаға тиімді енуге мүмкіншілік береді.
4. Көрнекі материал: лекцияны мультимедиялық тәсілде көрсету.
