Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.3.ДӘРІСТІК КЕШЕН 07.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
198.66 Кб
Скачать

6. Бақылау сұрақтары:

1. Банк дегеніміз не?

2. Банктік операциялардың қандай түрлерін білесіз?

3. Банк ресурстары қандай құралдар негізінде қалыптасады?

4. ҚР қанша банктік денгейлер бар?

5. ҚР ҰБ негізгі қызметтері қандай?

6. Екінші денгейдегі банктер қандай несие қаржы операцияларын жүргізеді?

7. Несиеге анықтама беріңіз

8. Несиелер мерзім бойынша несиеге беруде қалай классификацияланады?

9. Сипаты бойынша несиеге берудің қандай түрлерін білесіз?

10. Несие жүйесі дегеніміз не?

1. Тақырыбы : Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаты.

2. Мақсаты: Нарықтық экономикаға өту жағдайында әлеуметтік аймақтық саясатының өсуін байқауға болады. Бұл тұрғыдан халықты әлеуметтік қорғау және ҚР аймақтық экономикалық даму жүйесіне жаңа амалдар талап етіледі. Сондықтан бұл тақырып бойынша біздің қоғамның қазіргі нарықтық кезеңінде әлеуметтік және аймақтық саясат пен байланысты барлық мәселелерді мұқият зерттеу мақсаты тұр. Ерекше назар халықтың әлеуметтік қорғаудың нақты принціптерінің қажеттілігі мен мақсатбағыттылығын дәлелдеуге аударылады. Аймақтық саясатты жүзеге асырудың нақты әдістері мен құралдарды, әсіресе ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» (2007 наурыз). Жолдауын орындау саласында қолдану.

3. Дәріс тезистері:

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты- қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын реттеу қызметтерінің бір бағыты. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні әлеуметтік топтардың, қоғам арасындағы қатынастарды қолдау, қоғам мүшелерінің өмір сүру деңгейін көтеруді қамтамасыз ету. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты звеносы тұрғындардың табысын қалыптастыру болып табылады. Қоғам мүшелерінің табыс деңгейі индивидтердің материалдық және рухани өмірінің (демалыс, білім алу, денсаулық сақтау, қажеттіліктерді өтеу) мүмкіндіктерін анықтайтын көрсеткіш болып табылады. Нарықтық шаруашылық жағдайында мемлекеттің әлеуметтік саясаты бір жағынан, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етіп және әлеуметтік қысымды жұмсартса, екінші жағынан, кәсіпкерлік пен белсенділігі жоғары жалдамалы еңбекке кедергі келтірмеу керек.

ҚР нарықтық қатынастарға көшу жағдайында әлеуметтік және аймақтық саясаттың маңызы өсе түседі. Осыған байланысты ҚР тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесінде және аймақтық экономиканы дамытуда жаңа ұстанымдар қажет. Осы жағдайларды жүзеге асыруда «Қазақстан 2030» және ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа Қазақстан жаңа әлемде» Жолдауындағы нақты әдістер үлкен маңызға ие.

4. Көрнекі материал: лекцияны мультимедиялық тәсілде көрсету.

5. Әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Астана, 1997ж.

  2. Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы. 2005ж

  3. Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы- Астана, 2006г.

  4. Назарбаев Н.А.- Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана-28 ақпан 2007ж.

  5. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. «Экономика»-А., 2003ж.

6. Шеденов Ғ.Қ., Сағындыков Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов И.С., Комягин: жалпы экономикалық теория- Оқулық, 2004ж.

7. Мамедов О.Ю. Современная экономика. Ростов н/Дону. 1996.

8.Николаева И.П. Экономическая теория. Учебник.М., 1998.

9. Борисов Е. Основы экономической теории. М., 2000.

10. Видяпин В.И., Добрынин А.И., Журавлева Г.П. и др. Экономическая теория-М., 2007.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]