Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.3.ДӘРІСТІК КЕШЕН 07.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
198.66 Кб
Скачать

G-041.07.01.06-2007

Дәрістік кешен

01.08.2007ж. №01 тек.

Бет 26 тен 26

Дәрістік кешен Пән: экономикалық теория негіздері

Мамандығы: «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Оқу сағатының/кредиттің көлемі: 90

Курсы және оқу семестрі: 2 курс

1. Тақырып: Кіріспе. Экономикалық теория пәні және әдісі

2. Мақсат: Экономикалық теорияның пайда болу тарихымен таныстыру, экономиканың болашақ үлгісін болжауды үйрету және де экономикалық теория қоғамның жалпы экономикалық ұйымдастыру заңдылықтарын оқытатынын, әртүрлі шаруашылық жүйелердегі іріктеу координациясын оқытатынын және экономикалық теорияның әдістері мен қызметтерін талдауды, экономикалық теорияның жаңа экономикалық ойларда қалыптасуындағы рөлін анықтау, экономикалық жүйенің негізгі не? Қалай? Кім үшін? сұрақтарының мазмұнын игерудегі түсінікті үйрету.

3. Дәрістердің тезистері:

Экономикалық теория басқа ғылымдарға қарағанда «экономикалық адамды» қарастырады. «Экономикалық адамды» іске асыру саласы және мәні экономикалық қызмет және экономика болып табылады. Сондықтан экономикалық теорияның объектісі болып экономика тұтас жүйе ретінде болып табылады. Яғни экономика адамдарды олардың өміріне қажетті заттармен қамтамасыз ететін қоғамдық өмір саласы. Экономикалық теорияның пәні ұзақ мерзімді тарихи дамудың нәтижесі болып табылады. Саяси экономиканы меркантелисттер мемлекеттің сауда балансы ретінде қарастырылды. Меркантелисттер бойынша пайданың негізгі көзі болып сыртқы саудадағы эквиволенттік айырбас болып табылады. Экономикалық теорияның екінші мектебінің өкілдері - физиократтар (грек тілінен аударғанда «табиғат билігі» деген мағынаны білдіреді), Ф. Кенэ, А. Тюрго, В. Мирабо, Л. Дюпон де Немурдың айтуы бойынша экономикалық теорияның пәні бұл ауыл шаруашылығын өндірістің негізгі саласы ретінде қарастыру керек деген. Экономикалық теорияның үшінші мектебі классикалық саяси экономика болып табылады. Бұл мектептің өкілдері А. Смит, Д. Риккардоның айтуы бойынша нарықтық экономиканың қалыптасуындағы адамдардың іс әрекетін қарастыру деді. Барлық тауар өндірушілерді «көрінбейтін қол» арқылы реттеу деген А. Смит. Маркстік саяси экономика (К. Маркс, Ф. Энгельс) қайта өндіру, айырбас, бөлу, және материалдық игіліктерді тұтыну процесіндегі адамдардың арасындағы қалыптасқан өндірістік қатынастар болып табылады. Экономикалық теорияның бұл бағыттың негізі болып еңбек құн теориясы және қосымша құн теорисяы табылады.

Экономикалық теорияның неоклассикалық мектебі XIX ғ. маржинализм (А. Курно, К. Менгер, Е. Бем-Беверк, А. Маршалл, Д. Кларк, И. Шумпетер) ретінде қалыптаса бастады. Маржинализм экономикалық процесстерді зерктеуде шекті пайданы қолданды.

Институционализм XXғ. 20-30 жылдары (Т. Веблен, Дж. Комонс, У. Митчелл, Д. Гэлбрейт) қалыптасты. Олар экономикалық теория пәніне адамдардың іс әрекетін шектейтін заңдар мен нормалар институттарын жатқызды.

Кейнстік жаңа мектеп XXғ. 30-жылдары Д. М. Кейнс негізінде қалыптасты. Ол мемлекет нарықтық экономиканы реттеп отыруы қажет деп макроэкономиканың негізін салды. Монетаризм (М. Фридман) мемлекеттің нарықтық экономиканы реттеуді шектеп, тек ақша массасының қалыпты өсуін қолдаған.

Сонымен экономикалық теорияның пәні өндіріс процесіндегі экономикалық субъектілердің мінез құлқы болып табылады.

Экономикалық теорияны талдауда экономикалық категориялар және түсініктер қолданылады. Экономикалық категория бұл адамдардың санасындағы экономикалық процестер және түсініктерді көрсететін абстрактілі түсінік. Экономикалық процестер және түсініктер негізіндегі экономикалық теория ішкі, негізгі және себепті- нәтижелі экономикалық заңдарды көрсетеді. Позитивті және нормативті экономикалық теорияны көрсетеді. Экономикалық теорияның бірнеше әдістері бар: анализ, синтез, индукция, дедукция, салыстырмалы, гипотеза.

4. Көрнекі материал: лекцияны мультимедиялық тәсілде көрсету.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]