Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия Лекц матем каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

100 Көлеміндегі сандарды нөмірлеу.

100 көлеміндегі сендарды нөмірлеуді үйренуде ақыл есі кем балалар келесі білім мен ептілікті алуы керек:

1. 100 дейін тура және кері бағытта бірліктермен және ондықтармен санауды үйрену.

2. Реттік сан есімді қолдана алу.

3. 100 дейін сандардың реттік орнын білу,осы қатардың құрылымын түсіну:әр сан өзінің алдыңғы саннан 1 бірлік жоғары,ал өзінен кейінгі саннан 1 бірлік төмен.

4. Санның ондық құрамын түсіну.Санды разрядты буынға бөлуді және разрядты буыннан сан құрау, разрядты білу (бірлік,ондық,жүздік)

5. Сандарды салыстыра білу,яғни қайсысы көп,қайсысы аз немесе тең.

6. Санның мағыналық орнын түсіну,бірінші жүздіктің сандарын оқу жәнежазуды білу.

100 көлеміндегі сандарды нөмірлеуді оқу ақыл есі кем балалар үшін қиындық қатарын өткізумен байланысты.100 санын оқу кезеңінде ондық санау жүйесінің маңызын түсіну негізі қалыптасады:жай 10-ға дейінгі санау бірлігінен жаңа санау бірлігі – ондық құрылады,ал 10 ондықтан жаңа санау бірлігі- жүздік шығады.Міне осы заңдылықты ақыл есі кем балалар өте қиын меңгереді.

Бұл жерде сүйенетін көрнекілік базасы қажет,бірінші,екінші ондықтың сандарын үнемі салыстыру және 21 ден 99-ға дейін

Оқушылар ондықтың атын есте сақтауға қиналады,олардың ретпен келуін шатастырады,әсіресе тура және кері бағытта санауда қиындық туады.Үлкен қиындықпен «қырық» және «тоқсан» ондық ұғымын есте сақтайды.Көбінесе олар алдында өткен сандардың аналогиясы бойынша анықтайды:«төртон», «тоғызон», ал жаңа ондыққа өтуде: «жиырма тоғыз,жиырма он, жиырма он бір» және т.б. Бұрынғы өткен сандарды оқуда да оқушылар тура және кері санауда қиналады.

Жазбаша нөмірлеуді оқуда оқушылардың көбісі ұзақ уақыт сандағы цифрдың позиционды мағынасын түсінбейді: 35 санының орнына 53 жазады,сандарды оқуда бірінші бірлікті кейін ондықты айтады.Кейбір оқушылар жаңа ондық туралы білімді меңгеріп,ұзақ уақыт бойы 100 санының құрылымдық түсінігін түсінуде қиналады.Кейбір оқушылар ауызша сөйлеуді игеріп,бірақ жазбаша нөмірлеуді меңгере алмайды (ауызша дұрыс санайды,ал 1-ден 100-ге дейін жазу ретін білмейді.)Тағы біреулері керісінше дұрыс жазып,санауда қиналады.

Бұл қиындықтардың себебі,математика сабағының қиындығымен және оқушылардың психикалық ерекшелігімен шартталады және берілген материалды оқытуды ұйымдастырудың жеткіліксіздігінен болады:көрнекі материалды қолданудан бас тарту,олардың түрлілігінің болмауы,тақырыпты оқыту кезеңі қысқа уақытпен шектелуі,келесі тақырыпты түсіндіруде алдыңғы материалды бекітуге арнайы жаттығу сабағының жетіспеушілігі.

Тақырыпты оқытуда қойылатын талаптар:

  1. Бірінші және екінші ондықтың нөмірленуін жақсы меңгеру

  2. Түрлі көрнекілік пособияларын қолдану,дидактикалық материалды қолдану тек жаңа түсініктерді қалыптастыруда ғана емес,сондай-ақ нөмірлеуді бекіту және қайталау сабақтарында да қолданылуы тиіс.Әр оқушыны дидактикалық материалмен жұмыс жасауда белсенді тәжірибелік іс-әрекетке қосу.

  3. Математикалық тақырыптарды оқуда нөмірлеуді жүйелі түрде қайталап отыру,өз бетінше жұмыс жасауға түрлі тапсырмалар мен жаттығулар,ауызша санауға вариативті жаттығулар енгізу,оқушылардың шығармашылық және сөйлеу әрекетін белсендіру.

Осы тақырыпты оқуда келесі көрнекі пособиялар мен дидактикалық материалдар қолданылады: 10 таяқшадан буылған 100 таяқша,арифметикалық қорап,абак (сыныптық және жеке),есептер (сыныптық және жеке),метрлік сызғыш,тең 10 шаршыға бөлінген 40 қатар, разряд таблицасы(бірлік,ондық,жүздік разряды),сандық касса және дөңгеленген сан табличкаларын (10,20,30,40 ... 100 )

100 санын оқытудың нөмірлеу жүйелілігі: 10 ға дейін нөмірлеуді қайталау,бүтін ондықты нөмірлеуді оқу,(10,20,30 ), 21 ден 99 ға дейінгі сандарды нөмірлеуді оқыту.(бірінші ауызша кейін жазбаша)

Бүтін ондықты нөмірлеуге оқыту.

Оқушыларды бүтін ондықты нөмірлеумен таныстырғанда мұғалім сабақты жай бірліктен және ондықтың құрылуын қайталаудан бастау қажет.Осы мақсатта оқушыларға 10 таяқша санап оны буу ұсынылады, буылған 10 таяқша – бұл бір ондық.Санау 20 дейін жалғасады.Енді бір ондық таяқшаларын қосу арқылы санаймыз.Бір ондық,екі ондық,үш ондық немесе отыз,төрт ондық немесе қырық, 9 ондық немесе тоқсан,осыған тағы бір ондықты қосу арқылы он ондық немесе жүз.

Бір ондық – бұл 10 бірлік,екі ондық бұл – жиырма бірлік.Осындай жаттығулар басқа да пособияда жүргізіледі.(арифметикалық қорап,санау,тиын және т.б.)

Мұғалім әр кез мынаған көңіл аударады,ондықты санау бірлікті санағандай жүргізіледі.Оқушылар сан есімдегі санның мазмұнына көңіл аударады.Оқушыларға таблица көрсетіп санатқан тиімді болады,жұп-жұбымен: 2-20, 3-30, 4-40. Бірінші қатарда бірлік,екінші қатарда ондық санау.

1 2 3 4 5

10 20 30 40 50

Бүтін ондықты жазбаша оқытуда оқушыларға әрдайым бірінші болып ондық кейін бірлік жазылатынын түсіндіру керек.Мысалы: бірінші ондық 2 кейін соның сол жағына бірлік орнына нольді жазуды үйретеміз.

Бірінші ондықты және бүтін ондықты салыстыруда таблица қолдану тиімді болады.Оқушылар қатар бойынша және баған бойынша сандарды салыстыра білу керек.

Оқушылар толық ондықтар арасындағы сандардың көптігін әлі білмейді.Сондықтан келесі сабақта,толық ондық санағын бекіте отырып,оқушыларды 21-99 сандарының құрылымымен таныстыру керек.

21 – 99 сандарын нөмірлеуді оқыту.

21 – 99 - ға дейінгі сандарды нөмірлеуді оқыту кез-келген ондық және бірліктен тұратын екі таңбалы санмен түсіндіріледі.Мысалы: 2 ондық және 5 таяқша алдық ; 2 ондық см (2 дм ) 5 см.Міне осылай 25 санын шығарымыз.Бұл сандар екі сөзден құралады. Бірінші ондық кейін бірлік айтылады.Кейін оқушылар бұл санды цифр көмегімен жазуды үйренеді.

Жазбаша нөмірлеумен таныстыруды абактың көмегімен жүргізу тиімді.Абакка мұғалім санды салуды сұрайды (мыс 21).Оқушы бұл санды талдайды: ол бір бірліктен және бір ондықтан тұрады.Қалтаға ондық және бірлікке сәйкес цифрлар салынады.Бүтін ондық бейнеленген табличкалар да жақсы көрнекі пособия болып табылады,онда бірлікті білдіретін 0 саны анық,цифр ретінде көрсетіледі.

Екі таңбалы сан туралы жалпы түсінік қалыптасқаннан кейін, 21 – 99 сандарының түсінігін және жазылуын оқыту, 1 ден 100 – ге дейінгі бірізділікті оқыту.Мысалы: 2 брусокқа (2 ондық) 1 кубик (1 бірлік) қосу,нәтижесі 21, тағы бір кубик қосылады (1 бірлік) нәтижесі 22 – бұл 2 брусок және 2 кубик. 2 брусок және 9 кубик нәтижесі 29, ал егер тағы бір кубик қосса онда 2 брусок және 10 кубик болады, 10 кубик дегенімізді 1 брусок деп алсақ болады,сонда 3 брусок – 3 ондық,отыз.

Жаңа ондықты құруда үнемі көңіл аударып отыру қажет.Мысалы: 99 санын құрғаннан кейін оған 1 бірлік (кубик) қоссақ 9 ондық және 10 бірлік шығады, 10 бірлікті 1 ондықпен алмастырамыз,сонда 10 ондық шығады немесе жүз.

Жаңа ондықты құруда санға да,көрнекілікке де аса назар аудару керек:

29+1=2 ондық 9 бірлік + 1 бірлік= 2 ондық 10 бірлік=30 ондық

30-1=2 ондық 10 бірлік – 1 бірлік = 2 ондық 9 бірлік = 29

99+1=9 ондық 9 бірлік + 1 бірлік = 9 ондық 10 бірлік = 10 ондық = 100

100-1=10 ондық -1 бірлік = 9 ондық 10 бірлік – 1 бірлік = 9 ондық 9 бірлік = 99

Әр оқушыға бірден жүзге дейін көрнекілікпен және көрнекіліксіз санау беріледі.Тура және кері санау ұсынылады..Сондай-ақ оқушыларға сандық қатарды оқытуда әр сан алдындағы саннан бір бірлікке жоғары,ал өзінен кейінгі саннан бір бірлікке төмен екендігін түсіндіру,олар тек сандық қатарды бірізділікпен анықтап қана қоймай,мынадай тапсырмаларды орындайды:

  1. бір бірлік кем,артық санды ата.

  2. қатарды жетіспейтін санмен толықтыр:

31

34

35

38

3. берілген санның көршісін тап:

50

  1. пособиялардан 100 санына дейінгі санды көрсете алу,оларға бір бірлікті қосу,не алу арқылы не шығатынын түсіну.

Осы кезеңде ондықтарды талдауға үлкен көңіл бөлінеді.Оқушылар санды ондықтан және бірліктен құрауды үйренеді.

Мынадай тапсырмалар беру керек:

  1. 2 буылған палочка және 5 жай палочка.Қандай сан шықты?

  2. Абакта 3 ондықты және 2 бірлікті қою.Қандай санды алдың?

  3. 3 ондық жұмыртқа және 5 жұмыртқа сатып алдық.Қанша жұмыртқа сатып алдық?

  4. Таяқша көмегімен 37 санын құру.Қанша ондық және бірлік бар?

  5. Абакта 86 санын салу.Бұл санда қанша ондық және бірлік бар.

  6. 36 санындағы ондық және бірлікті ата.

  7. Сызғыштан 3 дм және 4 см көрсет.Барлығы қанша см.

100 – ге дейінгі сандарды нөмірлеуді оқуда оқушылар разряд таблицасымен танысады.

Мұғалім жаңа термин «разрядты» енгізеді,ол бірліктің бірінші разрядқа жататынын сондықтан да бірінші орында оң жағында жазылады,ондықтар - екінші разрядқа, сондықтан санда екінші орында оң жағынан,ал жүздік – 3-ші разрядқа,сондықтан да санда 3-ші болып оң жағынан жазылатыны түсіндіріледі.

7-лекция.Көмекші мектепте метрикалық өлшемдер жүйесін оқыту әдістемесі