Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия Лекц матем каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

3. «Есеп» деген ұғымды қалыптастырудың алдында өткізетін дайындық жұмысы. «Есеп» деген түсінікпен және оның кұрам компонентерімен таныстыру әдістемесі.

Есептің мазмұнына, яғни, есепте не берілгеніне көп көңіл бөлген жөн. Есептің мазмұнын игерудің мынадай реттілігі бар:

а) есеп мәтінінде берілген түсініксіз сөздерді түсіндіру.

б) есеп мәтінін мұғалімнің, содан соң оқушылардың дауыстап оқуы.

в) есеп шартын жазу;

г) есепті сұрақтар бойынша қайталау.

д) бір оқушының есеп мәтінін қайталап оқуы.

Ең бірінші түсініксіз сөздерді түсіндіру жұмысы жүреді. Себебі есепті шығару барысында түсініксіз сөз кездессе, балалардың зейіні бірден соған ауып кетеді.

Бастапқыда есеп мәтінін мұғалім оқиды немесе түсіндіріп береді, ал 2-ші сыныптан бастап оқушылар өздері оқыса тіптен жақсы. Есепте дауыстап, мәнерлеп, есептің негізгі сұрағында бала түсінуі үшін дауыстап оқуы қажет.

Есептің шарты және сұрағының арасында үзіліс жасау қажет, егер сұрақ мәтіннің соңында болса.

Оқушыларды есепті мәнерлеп оқуды үйрету өте қажет. Интелектісі бұзылға балаларды есепті дұрыс, мәнерлеп оқуға үйретпесе, олар өз бетінше үренбейтінін есте сақтаған жөн.

Интелектісі бұзылған балалар есеп мәтінін бірден түсінбейді, олар тек сандарға ғана мән береді. Сондықтан есепті түсіндіру барысында тек есту анализаторлары ғана емес, сондай – ақ көру анализаторларын қолдану қажет. 1-2 сыныптарда есепті иллюстрациялауда мұғалімдер көбінесе заттық илюстрациялауға жүгінеді, бұл кезде айналадағы заттарды, оқушылар құралдарын, табиғи материал, ойыншықтарды, содан соң сол заттар бейнелеген трафареттерді қолдануға болады.

Егер 1-ші сыныпта есептер мәтіні суреттер немесе заттармен иллюстрацияланған болса, 1-2 сыныптың аяғында оларды сандар элементімен алмастырылуы қажет. Мысалы, егер есепте тал турлы берілсе, онда талдың суреті таяқшалармен алмастырылады.

Мысалы, талдың суретінің орнына таяқшалар салынады.

Есепте берілгеннің суретін салу арқылы оқушылар заттың - әрекеттің жағдайын, қандай амал қолдану керек екендігін тереңірек түсіне бастайды.

Әрине, әр есепті иллюстрациялаудың онша қажеті жоқ, бірақ ақыл-есі кем оқушылардың ойлаудың ерекшеліктерін ескере отырып, бұл әліске көбінесе жаңа есептерді түсіндіру үшін жүгіну қажет. Сондай –ақ бұл әдісті тек кіші сыныптарда ғана емес, жоғарғы сыныптарда да қолданған жөн. (VIII типті мектеп)

Есептің мазмұнын нақтылау үшін VIII типті мектептің мұғалімдері есеп мазмұнының жазыуының формалары келесідей қылып құрастырылады:

1. Қысқартылған түрі.

Есепті жазудың бұл түрінде мәтінен қажетті сандар мен атаулар жазылады. Бірақ есептің сұрағы толығымен жазылады. Мысалы, құмыраға 1 топ гүл салынған. Топ гүлдің ішінде 7 бақбақ, ал розаның саны бақбаққа қарағанда 5-еуі артық. Топ гүлдің барлық саны қаша қысқартылып жазылуы; бақбақ-7 роза-5 артық. Барлығы қанша гүл бар?

2. Қысқартылған – құрылымдық түрі.

Бұл кезде әр логикалық бөлім жаңа жолдан жазылады. Есеп сұрағы соңында немесе бір бүйірінде жазылады. Есеп мәтіні көрнекі – қабылдау түріне енеді.

Мысалы: Барлығы қанша гүл?

3. Жазудың схемалық түрі.

17 кг

5 кг артық ? Бұл жазудың схемалық түрі.

4. Жазылудың графикалық түрі. Бұл кезде есеп мәтіні сызба, диаграмма түрінде жазылады. Есепті жазудың мұндай түрін көбінесе жылдамдыққа арналған есептерді қолданылады.

Жазылудың берілген түрлерін оқушыларға өздері таңдауға үйрету қажет. Жазылудың түрлерін оқушылар өте баяу игереді. Оны үйрету үшін мұғалім үйретудің келесідей жүйесін сақтауы керек.

1. оқушыларды есеп мәтінімен таныстырып болғаннан кейін, мұғалім тақтаға есеп шартын жазады, оны балалар дәптеріне көшіреді.

2. Есептің шартын түсіндіріп болғанан кейін, мұғалімнің басқаруымен және бүкіл сыныптың белсенді қатысуымен тақтаға бір оқушы есептің шартын жазады. Осы мақсатпен мұғлім оқушыдан есептің шартын сұрайды, оның суретін салуды немесе сызуды талап етеді.

3. Тақтаға шығарылған оқушы өзі бетінше есеп мәтінін оқып, мұғалімнің бақылауымен шартын жазады. Бсқа оқушыларда өз бетімен есеп шартын жазады да, тақтадағы жазбамен салыстырады.

4. Оқушылардың есеп шартын өз бетінше жазуы.

Есептің шартын оқушыларға түсінікті етіп құрау керек.

Оқушылар есептің қысқаша шартын құруды үйрету үшін, балалардан ең бірінші шешпес бұрып, есеп шартын түрлі жолдарме құрдыру керек.

Есеп шартын құрастыру үші дұрыс сұрақ қою қажет. Қайталау кезінде сұрақ формалары ауысады, алдымен мұғалім нақты сұрақ қояды да, содан соң жалпы сұрақтар қояды. Мысалы: «Қорапта 3 қызыл қарындаш бар. Асан тағы 2 жасыл қарындаш салды. Барлығы қанша қарындаш бар?

Есепті сұрақ бойынша қайталау: Бұл есеп не жайлы? Қарындаштардың түстері қандай? Қызыл қарандаштар саны қанша? Санмен көрсетші. Есептің сұрағы қандай? Нені табу керек ?.