Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия Лекц матем каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

1. Көмекші мектеп оқушыларына уакыттык өлшемдерді оқытудың маңызы, міндеттері. Акыл-ойы кем балалардың уақыттық түсініктерді меңгеру қиыншылықтары.

Арнайы мекеменің ҮІІІтипінде оқитын оқушылар уақыт бірліктернің арақатынасын қиындықпен меңгереді. Олар бір жылда 12ай, 120күн, 1айда 37күн, 1сағатта 100минут бар және сағат минуттан аз, ай жылға қарақанда көп деп есептейді.

Ақыл-есі кем оқушылар оқиғалардың ерекшеліктері және нәтижелері қиындықпен қалыптасады. Олар бізге дейінгі мыңжылдықтар, тіпті 10 жылдықтардағы оқиғалар елестеулері өте төмен. Оларда өткен уақыт қаһармандарын жақын уақыттағы немесе қазіргі деп елестету тенденциялары қалыптасқан. Ақыл-ой бұзылған оқушылар әртүрлі уақыт аралығында болған оқиғалар, құбылыстар мен фактілер арасындаағы байланыс қиындықпен қалыптасады және олар туралы қарапайым-көрнекілік сатыдағы елестетулер ұзақ сақталады. Көмекші мектепте оқитын оқушыларға әсіресе жылдар ара қатынасы, яғни ғасырлар байланысты оқиға болған уақыт көп қиындық туғызады. Мысалы, Ұлы Отан соғысының басталған және аяқталған жылдары мен біздің ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқанымызды біле тұрып, өз беттерінше соғыстың 1941-1945 жылдары және ХХғасырда болғанын нақтылай алмайды.

Уақыт түсініктерін игеру өте қиын, себебі ол ..... былай түсіндіріледі:

  1. Уақытты сезім мүшелерімен қабылдау мүмкін емес: уақыт басқа өлшем бірліктерге қарағанда (ұзындық, салмақ, аудан және т.б) көруге, сезінуге, күшпен өлшеуге болмайды.

  2. Уақытты екі жақты өлшеу, яғни белгілі-бір уақыт аралығындағы болып өткен: аралық (жаяу адам 1сағатта 5км жүріп өтті), қозғалыс жылдамдығы (1с ішінде – 6 рет қанат қақты), сағат тілінің бағыты (1 мен 2 сан аралығында 5мин. өтті) және т.б.

  3. Уақыт бірліктерінен өлшеу арақатынасынан (1с═60мин, 1мин═60с, 1жыл═365(366) тәулік, 1ай══28 (29, 30, 31) күн, 1жыл═12ай, 1тәулік═24сағ және т.б), яғни ондық санау жүйесіне кірген (ұзындық, баға, салмақ т.б) өлшем бірліктерді дұрыс қодану.

  4. Уақыт терминдерінің (сосын, ертерек, қазір, енді, дейін, кейін, тез, баяу, ұзақ және т.б) және олардың қолданылу байланыстарын (яғни, кеше азанда болған нәрсе, ертең кеше) деп қолданылады.

Тақырыпты оқытуда қолданылатын кейбір дидактикалық талаптар

  1. Балалардың уқытша елестетулерін тәжірбиеде, іскерлікте және бақылауда қалыптастыру. Әрбір фактіні, құбылысты, оқиғаны болған уақытпен байланыстыру керек.

  2. Оқушыларда әңгіме, ойын арқалы уақыт байланыстарымен таныстыру (уақыт бірліктерін және олардың байланыстарын оқытуға дейін): тәулік түн және күнге қарағанда көп екенін, тәулік аптадан аз екенін; жылдың айдан көп екенін; сағат минуттан көп екенін және т.б

  3. Оқушыға уақыт бірлігінің ұзақтығын , нақтылығын көрсету және осы уақыт аралығында ол өзінің тәжірбиесі арқылы не істеуге болатындығын анықтау қажет.

  4. Балалар ылғида өздері қатысатын немесе бақылайтын оқиғалар мен құбылыстарды (мысалы, сабақ, күн тәртібі, ұзіліс уақыты және т.б) ұзақтығы туралы елестетулерін дұрыс және ертерек қалыптастыру;

  5. Басқа оқу пәндері мен (қазақ тілі, тарих, дене тәрбиесі, сурет сабақтары, әсіресе қол және кәсіптік еңбек сабағында) сабақтан тыс пәндер туралы елестетулерін қалыптастыру туралы жұмыс жүргізу.

  6. Сабақтың тақырыбымен байланысты уақытша елестетулерін дамыту жұмысын, сабақтың 5-10минутында аптасына (2-3реттен) жүргізу