- •VIII түріндегі арнайы түзету мектебіндегі математика пәнінен оқу бағдарламасы.
- •1. Көмекші мектептегі математика багдарламасының ерекшеліктері, құрамы, компонентері.
- •1. Көмекші мектепке математиканы окытудың ұйымдастыру түрлері. Математика сабақтарының топтастырылуы
- •2.Математика сабақтарының құрам компонентері.
- •3.Көмекші мектепте математика сабақтарының алдына қоятын негізгі талаптары
- •1.Зияты зақымдалған балаларға пропедевтикалық кезеңінің қажеттілігі.
- •2. Иллюстративті құрал:
- •100 Көлеміндегі сандарды нөмірлеу.
- •1.Зияты зақымдалған балалардың дамуына «Өлшемдер» бөлімін оқыту маңызы және міндеттері.
- •2. Ақыл-ойы кем оқушылардың аталган материалды меңгеру киыншылықтары мен ерекшеліктері.
- •3. Көмекші мектепте метрикалық өлшем жүйесін оқыту мазмұны және әдістемесі
- •1. Көмекші мектепте бөлу және кебейту кестесін оқыту міндеттері.
- •2. 1000 Және 1000 000 көлеміндегі сандармен қосу, алу, көбейту, бөлу арифметикалық амалдарды орындау дағдыларын қалыптастыру, реттілігі, әдістемесі.
- •1. Ақыл-ойы кем оқушыларға мәтіндік арифметикалық есептерді шешуді үйретудің маңызы.
- •2. Көмекші мектеп оқушыларының арифметикалық есептерді шешу ерекшеліктері.
- •Жай есептермен танысу.
- •3. «Есеп» деген ұғымды қалыптастырудың алдында өткізетін дайындық жұмысы. «Есеп» деген түсінікпен және оның кұрам компонентерімен таныстыру әдістемесі.
- •4. Қарапайым есептерді шешуге үйрету әдістемесі.
- •1.Көмекші мектепте геометриалық материалды оқыту міндеттері, маңызы, мазмұны. Аталған тақырыптың бағдарламада алатын орны.
- •2.Зияты зақымдалған , балалардың геометрикалық материалды меңгеру ерекшеліктері.
- •3. Қолданатын көрнекі - дидактикалық материал. Өлшеу және сызу жабдықтары.
- •1. Өлшемдерді өлшеуден және олармен арифметикалық әрекеттерді орындаудан шыққан сандарды оқыту міндеттері, маңызы.
- •2. Көмекші мектеп оқушыларының атаулы сандарды меңгеруде кездесетін қиыншылықтары мен
- •Көмекші мектеп оқушыларының атаулы сандарды меңгеруде кездесетін қиыншылықтары мен ерекшіліктері.
- •1. Көмекші мектеп оқушыларына уакыттык өлшемдерді оқытудың маңызы, міндеттері. Акыл-ойы кем балалардың уақыттық түсініктерді меңгеру қиыншылықтары.
- •2. Уакыттық өлшемдерді оқыту әдістемесі. (секунд, минут, сағат, тәулік, апта, ай. Жыл, т.Б. Уақыт бірліктерді окыту әдістеме мысалдары).
- •3. Уақытты өлшеуден шыққан сандарды түрлендіруді үйрету әдістемесі.
- •1. Көмекші мектеп бағдарламасында жәй бөлшектерді оқытудың орналасуы, маңызы.
- •4. Жай бөлшектермен қосу, алу арифметикалық амалдарды орындауды және оларды тұтас санға көбейту, бөлуді үйрету әдістемесі.
- •2) Бөлімдері әр түрлі бөлшектер мен аралас сандарды қосу және алу.
- •2. Ақыл-ойы кем оқушылардың ондық белшектерді меңгеруде кездесетін қиыншылықтары, оның себептері.
- •3. Ондық бөлшектердің құрылуын, жазуын, оқуын үйрету әдістемесі.
- •Ондық бөлшектерді салыстыру, түрлендіру және олармен арифметикалык амалдарды орындауды үйрету әдістемесі.
- •1. Психикалык дамуы тежелген балалардың математикалык материалды меңгеру ерекшеліктері, оның себептері.
- •2. Таным іс-әрекетінің езгешіліктері, жүмыс істеу қабілеттілігінің төмендігі т.Б.
- •3. Психикалық дамуы тежелген оқушылардың санау дағдыларынын, арифметикалық есептерді шығаруының ерекшеліктері.
1. Өлшемдерді өлшеуден және олармен арифметикалық әрекеттерді орындаудан шыққан сандарды оқыту міндеттері, маңызы.
Көлемді өлшеу біріліктерін оқыған кезде өлшеуге және өлшеу қорытындысын түсіндіруге арналған тәжірбиелік жұмыстарды көбірек жүргізуі керек. Мысалы, әрбір оқушыға сызықтық, лентаның, дәптер парағының санын тауып, оның нәтижесін дәптерге жазып қоюды ұсыну керек, сағат бойынша уақытты тауып, сағат тілінің көрсеткіштерін жазып қою, жүктің салмағын анықтау сияқты тапсырмалар беріледі. Бұл кезде бір ғана өлшемді әртүрлі бірліктермен өлшеукерек: бірінші сантиметрмен, содан соң дициметрмен. Өлшеудің нәтижесін бірліктердің реті бойынша дәптерге жазып қою керек. Мысалы: бір ғана кесіндінің ұзындығын былай жазуға болады: 1дм, 10см, 100мм.
Демек, өлшеуден алынған сандарды міндетті түрде өлшеулерін атап жазу керек. Егер бір өлшеммен өлшесе онда бір-ақ атау жазылады (3м, 2м, 25см, 10см). Егер екі өлшеумен өлшесе, онда екі атаулы сандар жазылады (1м 30дм). Әр оқушы өз бетімен өлшеп, нәтижесін шығару керек. Өлшеу берілген таңдауға бірінші мұғалім көмектеседі, ал кейіннен оқушы өзі таңдауға тиіс.
Мынадай жаттығуларды орындаған да пайдалы: алдымен оқушыға өлшеуден алған бірнеше санды жазу ұсынылады, мысалы, 3м 25см, 3кг 100г, содан соң 3м 25см-ге сай келетін кесіндіні көрсетуі керек, 3кг 100г болатын затты атауы керек. Бұл оқушыларға өлшем бірліктерін жақсы есте сақтауға көмектеседі.
Ақыл-есі кем оқушылар өлшем бірліктерін шатастырады, мысалы, 30см 5м. Сол үшін мынадай тарсырмаларды орындатқан дұрыс 50... 35см, 100р 25... (нүкте орнына тиісті атауды қой); сандарды аз-көптігіне қарай орналастыр: 3м, 8р, 50км; сандар қатарынан тек өлшеуден алынған сандарды теріп жаз: 2м 55см, 8кг 300г.
2. Көмекші мектеп оқушыларының атаулы сандарды меңгеруде кездесетін қиыншылықтары мен
ерекшіліктері.
Бұл жұмыс түрі ҮІІІ типтегі мектепте оқитын балаларға өте қиын түсіндіріледі. Бұл кезде оқушы бір ғана көлемнің әртүрлі сандық сипатта болатынын түсінбейді, мысалы, сыныптың ұзындығы 7м 7дм 700см. Сандар әртүрлі болғанымен олар екеуі де бір сыныптың ұзындығын білдіреді.
Олар өзгертудеде қиналады: 5р=500к, 200см=2м.
Өзгерту жасағанда оқушылар көбіне мынадай қателіктер жібереді:
Үлкен өлшемді кіші өлшемге ауыстырғанда: 4км 85м=185м (нолді тастап кеткен); 78м 5дм=7805дм (қосымша нол қосқан); 3кг 85г=3085км (атауды дұрыс емес қойған).
Аз мөлшерді көп мөлшермен ауыстырғанда: 28746к=28р 746к (крек разрядты таба алмайды).
Мұндай қиындықтарды жеңу үшін мынадай жаттығулар жасауы
керек: 10см-лік сызықты өлшеп, кейін сол сызықты дм-мен өлшеу. Демек сызықтық ұзындығы 1дм немесе 10см, яғни дм-мен және см-мен өлшеу (1дм 4см).
Сондай-ақ салыстыру арқылы оқушыларға мм-ді см-ге немесе керсінше түрлендіріді үйретеді.
Мұндай тапсырмаларды орындау үшін оқушылар 10, 100, 1000-ға көбейтіп, бөле білуі керек.
Сандарды түрлендіру көп мөлшерді аз мөлшермен ауыстырудан басталады. Мысалы, оқушыға сызықты дм-мен өлшеп, одан 4см сызық бөліп алуды ұсынады да қандай ұзындықтағы кесінді қалғанын сұрайды. Кесіндінің ұзындығы қанша еді? (1дм), Қанша см қиып алдық? (4см). Мынадай жазба беріледі: 1дм - 4см. 1дм-ді 10 см-га түрлендіру керек.
Ары қарай мынадай арнайы жаттығулар жүргізіліді:
2дм = ... см Берілген мысалды үлкен мөлшер аз мөлшерге
1дм = 10см ауыстырылады.
10см х 2 = 10см
2дм = 20см
Берілген кезеңде разрядтарды салыстыруға пайдалы:
100 ед = 1сағ. 100к = 1р.
Берілген санды қанша рубль шығатынын білу үшін тиын санын 100к деп бөліп тастау керек.
Ары қарай тапсырма қиындатыла түседі. Мысалы, 5см 6мм-ді мм-ге айналдыру керек. Мұғалім сұрайды: 65 санында қанша ондық бар? (65саныныда 6 ондық немесе 6см бар. 65мм=6см 5мм). Әсіресе тастан кеткен разрядтарға ерекше назар аудару керек, мыс: 3р 7к.
Көп таңбалы сандар мен өлшеуден алынған сандарды салыстыру керек: 3р 07к және 307.
Мынадай тапсырмалар да пайдалы:
27245 санында қанша бірлік бар?
Тастап кеткен санды жаз: 45ед=... онд. ...бірлік.
Аз мөлшерді көп мөлшермен алмастыр: 475к= ...р ...к.
Жазылмай қалған санды жаз: 10м 45см= ...см
Сандарды салыстыр: (>, <, = қой): 4500м ... 4км 50м
Керек атауды қой: 1 ... = 1000...
