Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия Лекц матем каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

1. Ақыл-ойы кем оқушыларға мәтіндік арифметикалық есептерді шешуді үйретудің маңызы.

VIII типті мектептің математика курсындағы арифметикалық есептердің маңызы зор.

Математика сабағының жартысы арифметикалық есептерді шешуге бөлінеді. Солар арқылы интелектісі бұзылған балаларды түзете – тәрбиелеуге және білім берге болады.

Арифметикалық есептерді шешу – арифметикалық іс-әрекеттерді нақтылауға және өмір жағдайымен байланыстыруға септігін тигізеді.

Есептер математикалық ұғымдар және олардың заңдылықтарын игеруге көмектеседі.

Ақыл-есі кешеуілдеген оқушылар есептерді шешкене ырықты зейіні, бақылағыштық, логикалық ойлау, сөйлеуі, ойлау дағдылары одан әрі дамиды. Сондай –ақ танымдық іс-әрекеттің анализ, синтез, салыстыру және жалпылау сияқты процестері шыңдалады.

Арифметикалық есептерді шешу процесінде оқушылар өз іс-әрекетін жоспарлауды, бақылауды және өзін-өзі игеруді (есепті тексеру, жауапты жобалау, есептерді түрлі жолдармен шешу тәсілдері және т.б) үйренеді. Балаларда есепті шешу жолдарын іздестіруге қызығушылық тәрбиеленеді.

Ақыл-есі кешеуілдеген балаларды өмірге тәрбиелеуге және еңбектік іс-әрекетке дайындауда есептерді шешу көп көмегін тигізді. Сюжетті есептерді шешу арқылы балалар «математика тілінде» терминдерді игереді».

Арифметикалық есептерде мемлекетіміздің экономикада, мәдениеттер және ғылымдағы жетістіктері бейнеленеді. Бұл оқушының ойлау қабілетін, жаңа түсініктермен байытуына ықпалын тигізеді.

Математика сабағында арифметикалық есептерді шешу оқушыларды болашақ мамандығына даярлау, өмірмен байланыстыру жүзеге асады.

Оқушылар арифметикалық есептерді шешуде үйренуде қатты қиналады.

Оқушылардың бақылау жұмыстарын тексере және анализдей келе, олар жіберетін қателерді былай топтастыруға болады.

1. Артық ( қажет емес) сұрақ және әрекетті ойластыру.

2. Қажетті сұрақ пен әрекетті алып тастау.

3. Әрекеттің сұраққа сай болмауы; сұрақ дұрыс қойылғанымен әрекеттің

дұрыс таңдалмауы, крісінше, әрекет дұрыс таңдалса, сұрақ дұрыс емес

құрылған болады.

4. Сандарды және әрекеттерді ойдан шығару.

5. Әрекетті орындау барсында өлшем бірліктерінің атасуларын қате

жазу: а) атаулары мүлдем жазылмайды; б) атаулар қате жазылады, кейде

ол есепте мүлдем болмайды; в) атаулар жеке компоненттер арқылы

жазылады.

6. Амалдарды қате орындау.

7. Есептің жауабын дұрыс құрастырмау. (құрастырылған жауап есеп

сұрақтарына сай келмейді).

2. Көмекші мектеп оқушыларының арифметикалық есептерді шешу ерекшеліктері.

Ақыл-есі кем балалардың есептерді шешуде қиналуының көп түрі олардың ойлау ерекшеліктеріне байланысты болады. Ақыл-есі кем оқушылардың есептерді шешудегі қиындықтарының бірі – олардың есепте бейнеленген заттық – іс-әрекет жағдайларын түсінбеуімен байланысты болады.

Зерттеудің көрсетуінше интелектісі бұзылған балалар есептерді нақты әрекет және заттардың көмегімен құралса ғана шеше алады екен.

Сөзбен құралған есептерді көрнекіліктермен түсіндіру – негізгі қиындық болып табылады. Олар есептің мазмұнын онша түсіне бермейді. Есепті шешу барысында оқушылар математикалық амалдық қайсысын пайдаланатынына назарын аудармайды. Интелектісі бұзылған оқушылар есептің шартын түсінбейді, оны өзгертеді және жеңілдетеді.

Ақыл-есі кем балалардың есептерді шешуінің ерекшеліктерін мұғалімнің білуінің арқасында қиындықтарды шешу, олардан дұрыс өтудің әдіс-тәсідерін аңғаруға болады.

Есепті шешуді үйрету барысында қажетті сұрақтарды дұрыс таңдауға көңіл бөлу қажет. Ақыл –есі кем оқушыларға есепті шешуді белгілі бір заңдылықты сақтай отырып, аса шыдамдылықпен үйрету керек.

Арифметикалық есеппен жұмыс істеу әдістемесінде келесідей кезеңдерді бөліп көрсетуге болады.

1. Есеп мазмұнымен жұмыс;

2. Есеп шешуді іздестіру;

3. Есепті шешу;

4. Жауабын құрастыру

5. Есеп шешуін тексеру;

6. Есепті шешумен әрі қарайғы жұмыс.

Жай арифметикалық есептерді шешу методикасы.

Жай арифметикалық есептер деп бір арифметикалық амалдармен шешілетін есептерді айтамыз.

Жай есептер оқушыларды математикаға оқытуда басты рольді ойнайды.Әсіресе жай есептер арифметикалық амалды нақтылауға жәненегізгі мағынасын түсінуге, тақырыпты және математикалық білімдерді саналы түрде меңгеруге мүмкуіндік береді. Мұғалім жай есептер шешу кезінде бірінші оқушыларды есептің құрылымымен таныстырады. Есепті шешудің негізгі тәсілдерімен қаруландырып, мағынасын түсіндіреді.

Жай есептер күрделі есептердің құрылымдықбөлігі болып табылады. Жай есептерді шешу дағдыларын қалыптастыра отырып, мұғалім оқушылардыкүрделіесептерді шешуге дайындайды.

VIIIтиптегі мектепте арифметикалық амалдардың нақты смағынасын анықтайтын есептер шешіледі (1топ). Бұлесептер құнын, қалдықты, көбейтіндіні, теңдей бөлікке бөлуді, мазмұны бойынша бөлуді табуға арналған.

Сонымен қатар арифметикалық амалдардың жаңа мағынасын анықтайтын есептерде шешіледі. Бұл есептер айырма және қатынас түсініктерімен тығыз байланысты (2 топ):

  1. Санның бірнеше бірлікке азаюы және көбеюі.

  2. «Қаншаға көп», «қаншаға аз» деген сандардың айырымдық салыстыру сұрақтары.

  3. Сандардың бірнеше есеге азаюы және көбеюі.

  4. «Қанша есе көп», «қанша есес аз» деген екі таңбалы сандық қатынасты табу және сандардың қысқаша салыстыру сұрақтары.

Арифметикалық амалдардың нәтижесі және компоненттерінің арасындағы байланысты анықтау тапсырмаларына белгісіз қосылғышты, азайғышты, азайтқыштытабуға бағытталған.

VIIIтиптегі мектепте оқу жылының әр жылында оқушылар жай есептердің жаңа түрлерімен танысады. Оларды енгізу математикалық түсініктердің әр түрлі деңгейдегі қиындықтарымен, арифметикалық амалдарды үйренумен түсіндіріледі.

Жай есептердің шешу бірізділігі VIII типтегі мектептің математика программасымен анықталған. Бірақта, есептерді таңдау барысында мұғалім кейбір методикалық талаптарға да басшылық ету қажет.

Сюжеттік тапсырмалар біркелкі және біркелкі емес заттармен құралып, оған жалпы қорытынды сөздер кіреді.

Есептерді шешуге оқыту кезіндегі бірінші біркелкі заттармен сюжеттік тапсырмалар берген дұрыс. Мысалы: «себетте 5 алма, оған тағы 3 алма қөостық. Барлығы себетте қанша алма болды?» Сосын белгілері мен тақырыптары әр түрлі біртекті заттармен сюжеттіәк тапсырмалар енгізіледі: түсі, өлшемі, материалы және т.б.

Мысалы: «Себетте 5 үлкен алма бар, оған тағы 3 кіші алма қостық.

Барлығы себетте қанша алма болды?» Соңында жалпы қорытынды сөздері бар тапсырмалар енгізілді. Мысалы: «Себетте 5 алма бар, оған тағы 3 алмұрт қостық. Себетте барлығы қанша жеміс бар?» Мұндағы есептерді шешу кезінде оқушылар шыққан жауабын, санды түсінуде, аттарын таңдау, амалдарды жазу кезінде біршама қиналады. Мұндай түрдегі тапсырмаларды шешу кезінде есепті шешіп жазғанға дейінгі сандардың аттарын таңдау, мазмұнына талдау жасауға талап етеді.

Жоғарыда айтылғандай, жаңа түрдегі есептердің иллюстрациясы үшін әсіресе, төменгі сыныптарда пәндік пособиялар, заттың белгілері, суреті, трафарет түріндегі заттың суреттері қолданылады.

Бірақта, бақылаулар мен зерттеулер көрсеткендей, егер оқушылар өздері заттармен және олардың суреттерімен жұмыс жасаса, оқушылар тапсырманың заттың жағдайын жақсы түсінеді.

Сондықтан да оқушыларды есептердің жаңа түрімен инструкциялық (Қорапқа 3 қарындаш сал. Қораптан біреуін ал.Қорапта қанша қарындаш қалды?), сахналау (Мұғалім үш оқушыға 2 дәптерден берді. Оқушылар барлығы қанша дәптер алды?) тапсырмаларымен түсіндіріледі., сосын есепті шешуге көшу қажет, суреттен заттың және олардың белгілерін бейнелей отырып, оқушылар өзі санау қажет (Тоғанда 7 үйрек, 3 қаз жүзіп жүр. Барлығы қанша құс жүзіп жүр). Оқушылар тапсырманы құстың трафаретімен , яғни 7 шаршы және 3 дөңгелек салып нақтылайды. Үйректерді шаршы, ал қаздарды дөңгелек белгімен бейнелейді.

Сұрақ толық жазылмайды, белгі көмегімен жазылады: дөңгелек, шаршы және фигуралы жақшалар құнын белгілесе, алсұрау белгісі(?) құнның белгісіздігін көрсетеді.

Жай есептерді шешудегі дайындық жұмыстар.

VIII типтегі мектептің мұғалімдерінің жаңа жұмыс іскерлігі оқушылардың қоршаған шындыққа бейімделуі тәжірибелік іскерліктің кеңеюімен қорытылуы арифметикалық есептерді шешуге дайындықтан басталуы керек деп көрсетеді. Оқушыларды өлшемді шығаруға , арифметикалық есептерді шешуге және санауға , яғни осы өмірлік жағдайға енгізу қажет.

Бұл жағдайларды өмірдің өзі жасайды, оған тек оқушылардың назарын бағыттау қажет.

Бұл жағдайда оқушылардың өзі тәжірибелік есептерді орындауы қажет. Мысалы: (Дайындық кезеңінде) «Себетте бірнеше саңырауқұлақ бар. Мен одан 1 саңырауқұлақ алдым. Себетте саңырауқұлақ аз қалды ма, әлде көпкөп қалды ма? Не үшін олар азқалды?». «Сыныпта балалар көп. Сыныпқа тағы бірнеше оқушы кірді. Балалар көп пе, әлде аз ба? Неліктен?»

Мұғалім көптеген заттың элементтерінің сандық өзгерістерін бақылауды ұйымдастырады, яғни оқушылардың сандық елестетулерін дамытуға және оның белгілі бір терминімен таныстыруға мүмкіндік береді: барлығы, қалғаны, алды, тағы берді, берді, азайды, аз қалды, көп қалды, көбейді.

Осылайшаоқушылардың ойындық және тәжірибелік іс-әрекетін ұйымдастыру керек, сонымен қатар бақылай отырып, оқушылардың өздеріәрбір жағдайға жеке қорытынды жасай алуы қажет: көптеген элементтердің сандары көбейді және азайды және бұл азаю мен көбею ауызша айтылудың қай операциясына сай келеді.

Мұндай жаттығуларды әр түрлі ойыншықтармен ойын түрінде өткізуге болады, оқушыларды қоршаған заттар, оларды қызықтыратын және ісіне жақын ойыншықтарды жатқызамыз.Осы жаттығулар барысында оқушылар сұрақты түсінуге үйренеді: «қанша?», «қанша болды?», «қанша қалды?», және оларға жауап беруге үйренеді.

Дайындық жұмысының бұл этапында арифметикалық амалдармен және бірінші ондық сандарымен танысу кезіндегі жұмыспен сәйкес келуі керек. Мысалы: «Тарелкада 2 алма жатыр (оқушылар мұғалімнің нұсқауымен алманы санап, оған сан табады), мен тағы бір алма қостым (сандық кассадан оқушылар 1 санын табады). Тарелкада қанша алма болды?». Басқа да сұрақтар қоюға болады: «Барлығы тарелкада қанша алма? Ал енді тарелкада қанша алма тұр? (оқушылар алманы санап, оған 3 санын қояды). Алма азайды ма, әлде көбейді ме? 3 алманы қалай алдыңыз? Ол үшін не істедіңіз? Бұны арифметикалық амал түрінде қалай жазамыз? (2+1= 3)».