Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қондырғылар - Дәрістер.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2.10.2 Нүктелік пісіру

Нүктелік пісіру жұқа қалыңдықты (5-6 мм) метал жолақтары мен парақтарын контактілік пісірудің ең кең тараған тәсілі. Бұл үрдісте электрод ұстағыштарда  қыстырылған екі электрод арасына пісірілмек бөлшек орналастырылады (2.11 сурет).

Басқыш механизм көмегімен электродтар пісірілмек бөлшектерді тығыз қысады. Электродтарды қысқаннан кейін электродтарға кернеу беріледі және бөлшектер арқылы өтетін ток пісірілу орнын керекті температураға дейін қыздырады. Жеткілікті қысқан кезде осы жерде ажыратылмас пісірілу қосылысы   пайда   болады.   Пісіру   нүктесінің   ортасының     температурасы

 

2.11 сурет - Нүктелік пісірудің негізгі тәсілдерінің қағидалық сұлбалары

 

пісірілген металдың балқу температурасынан бірталай жоғары және оның диаметрі электрод диаметріне жақынырақ болады.

Бір нүктені пісіруге қажетті уақыт пісірілу бөлшектерінің қалыңдығы, материалының физикалық қасиеттері, пісіру құрылғысының қуаты, бөлшектерінің сығылу дәрежесімен анықталады және секундтың мыңдаған бөлігінен (түсті металлдардың жұқа беттерін пісіргенде) бірнеше секунд (жуан болат бөлшектер) аралығында өзгереді.

Нүктелік пісірудің циклі 2.12 суретте көрсетілген. Әдетте пісіру операциясы келесі тізбекте жүргізіледі. Бөлшектер электродтармен ток өткізбей тұрып қысылады. Бөлшектер арқылы ток жіберіледі де, ток импульсі соңында қысым көтеріледі. Ток тоқтатылып, жоғарғы электрод көтеріледі. Қысымды көтеру пісіру орнында бөлшектер тесілуі немесе жеткіліксіз пісірілуі болмауы үшін қажет операция. Екінші ретті тізбектің кернеуін және пісіру тогының күшін басқару ауыстырып-қосқыш көмегімен бірінші ретті ораманың орамдарын өзгерту арқылы жүзеге асырылады. Токтың өту уақыты сол сияқты автоматты түрде басқарылады және ұсталынады.

Нүктелік пісіру машиналары токты жеткізу әдісімен ерекшеленеді. Бірнүктелік екі беттік (қалыпты) пісіру көбірек таралған (2.11 а сурет).

2.12 сурет - Нүктелік пісіру циклы

1-бөлшектерді электродтармен қысу;

2-электродтарды қысылу күйінде ұстау, ток импульсінің соңында қысымды көтеру; 3-қысымды алу;

4- токты қосу; 5- токты ажырату.

Жоғарғы және төменгі электродтар жұмыс беті пісіру орнын шоғырлы қыздыруға жеткілікті токтың тығыздығын қамтамасыз ететін болып  жасалады. Электродтардан қалған ойыстарды кішірейту үшін пісірілмек бұйымның бір жағынан «ізсіз» пісіру тәсілінің бірін қолданады (2.11 а,б,в сурет). Бұл электродтардың біреуінің жұмыс ауданын ұлғайту арқылы (2.11 а сурет), жалпақ электродпен пісіру арқылы (2.11 б сурет) жүзеге асады. Шоғырланған қыздыруды қамтамасыз етуге қажетті ток тығыздығын қалыпты жұмыс беті бар екінші электрод қамтамасыз етеді.

 

Қалыпты бірнүктелі пісіруді жүзеге асыру мүмкіншілігі болмаған жағдайда жанама ток жеткізушісі бар нүктелік пісіру қолданылады. Бұл жағдайда, бір жағынан қалыпты контактілі беті бар электрод ток жеткізеді, ал басқа жағынан ток үлкенірек контактілі беті бар электродпен жеткізіледі (2.11 г сурет). Пісіруден кейін қалатын жергілікті деформация қалдықтарын азайту үшін 2.11 д,е суреттерінде көрсетілген тәсілдер қолданылады.

Жұқа бетті бұйымдарды пісіргенде біржақты көпнүктелік пісіру (2.11 ж сурет) қолданылады. Жұпталған трансформатордан екі жақты ток жеткізушілермен қалыңдығы жуан металл бұйымдардың екі нүктесінде бір мезгілде пісіруді жүргізуге  болады (2.11 з сурет).

Нүктелік пісіруге арналған машиналар электродтарды педальді, электрлі немесе пневматикалы сығу механизмді болып бөлінеді. Одан басқа, нүктелік пісіру машиналары – стационарлық универсалды, жылжымалы универсалды, стационарлы арнайыландырылған (көпнүктелік) және рельефті пісіру престері болады.

Ірі бұйымдарды нүктелік пісіру, сонымен қатар ыңғайсыз жерлерде пісіру кезінде пісіру қысқыштары және пісіру тапаншалары сияқты жылжымалы пісіру машиналары қолданылады.

Көпнүктелі пісіру машинасы бұйымның бір орнатылуында тізбектеп бірнеше нүктені пісіреді және нүктелік пісіру үрдісінің жоғары өнімділігін қамтамасыз етеді. Көпнүктелік машинаның екі түрі болады. Пісірілу беттеріне бірінші түрлі машиналарда бір мезгілде сол уақытта пісіру тогы өтіп жатқан тек қана екі электрод түсіріледі. Екінші типті машиналарда бұйым бетіне барлық электродтар бір мезгілде түсіріледі, ток тізбекпен жұпталған электродтармен өтіп, металды пісіреді.

Арнайы машиналар көп электродты немесе әдетті, беттері айналатын, бөлшектерді беру және айналдыру механизмдердерімен жабдықталған болады. Көп электродты машиналар электродтарды гидробөлгіш арқылы кезектеп қысып, оларға ток бөлгішпен ток беретін; электродтарды  бір мезгілде қысып, трансформаторлар пісіру тізбегінде ток бөлгішпен тізбектей жалғанған немесе бірнеше трансформаторды бірінші жақтан бір мезгілде не топтап қосылған етіп жасайды. Көп трансформаторлы машиналар өндірісте микропроцессорлармен жабдықталған роботтехникалық қондырғыларда кеңінен қолданылады. Айналу беті бар машиналар құрастыру және пісіру үрдістерін қабаттастырғанда қолданылады.

Нүктелік машиналардың электродтары олардың тұмсығында бекітілетін электрод ұстағыштарға орнатылады. Электрод ұстағыштар латуннан дайындалады. Олардың ішінде салқындату үшін су жүретін құбырлар қарастырылады. Суытатын су ауыстырылатын электродтың ішкі құбырына дейін бара алады, олар суықтай тартылған қызыл мыстан немесе арнайы хромоцинкмыстық қорытпадан турады.

2.10.3 Тігістік пісіру

Тігістік пісіру екі метал беттің екі жағынан айналатын доңғалақтар арасында өтетін ток арқылы жүзеге асады. Тігістік пісіру машиналары екі доңғалақтардан тұрады, олардың біреуі жетектен, ал екіншісі металл қозғалғанда үйкеліс күшінің әсерінен айналады. Жұмыс істеуіне қарай тігістік пісіру нүктелік пісіруге ұқсас (2.13 сурет).

 

 

    2.13 сурет - Тігістік пісіру сұлбасы

     1-пісіру трансформаторы; 2-контактілік роликтер; 3- қысатын құрылма; 4-пісірілетін бөлшектер

Тігістік пісіру кезінде келесі режимдер қолданылады: доңғалақтардың токтың үздіксіз берілісіне байланысты үздіксіз айналуы; токтың үзік беріліс кезінде доңғалақтардың үздіксіз айналысы; токтың үзік берілісі кезінде доңғалақтардың да үзік айналысы (адымдық пісіру).

Бірінші режим екі металлдың қалыңдығы 1,5 мм аспаса қолданылады, өйткені қалың металлдар доңғалақтан шығып, суыған соң ажырауы мүмкін.

Сонымен қатар үздіксіз пісірген кезде металдардың зақымдалуы болуы мүмкін.

 

 

        

Кең таралған пісірудің екінші режимінде пісіру тігістерінің зақымдалуы аз және электр шығыны да аз болады.

Тігістік пісіру қалыңдығы жіңішке ыдыстарды, метал құбырларды және осындай бұйымдарды пісіргенді тиімді.

Тігістік пісіру құрылғылары қондыру түріне байланысты стационарлы және жылжымалы болып бөлінеді, доңғалақтың орналасуына байланысты бойлай және көлденең, жетегіне байланысты серіппелі рычагтық және механикалық басу жетекті, доңғалақтардың орналасуына байланысты бір және екі жақтық орналасу, доңғалақтар санына байланысты  бір, екі және көп доңғалақты болып бөлінеді.