- •Электртехнологиялық үрдістер және қондырғылар Электртермиялық үрдістер және қондырғылар Оқу құралы
- •1. Электротермиялық үрдістер мен қондырғылар.
- •1 Электротермиялық үрдістер мен қондырғылар,
- •1.1 Электротермиялық қондырғылардың
- •1.2 Электротермиялық қондырғылардағы жылу берілу
- •1.3 Электротермиялық қондырғыларда
- •1.3.1 Отқа төзімді материалдар
- •1.3.2 Жылу оқшаулағыш материалдары
- •1.3.3 Қызуға төзімді материалдар
- •1.3.4 Қыздырғыш элементтер
- •2 Кедергімен қыздыру үрдістері және қондырғылары
- •2.1 Электр тоғының өткізгіш материалдарды қыздыру механизмі
- •2.2 Қыздырғыш электр кедергі пештері
- •2.3 Балқытуға арналған электр кедергі пештері
- •2.4 Сұйық ортада кедергімен қыздыру
- •2.5 Металдарды қыздыруға арналған сұйықтық электр кедергі пештері
- •2.6 Тікелей (контактылы) қыздыру қондырғылары
- •2.4 Сурет - Тікелей қыздыру қондырғысының сұлбасы
- •2.7 Электр кедергі пештерінің электр жабдықтары
- •2.8 Электр кедергі пештерінің қуатын реттеу
- •2.5 Сурет - Тиристорлық қуат реттеу сұлбасы
- •2.6 Сурет - Екі позициялық пеш қуатын реттеу графигі
- •2.9 Электр қождық қайта балқыту және пісіру қондырғылары
- •2.8 Сурет - Электр қождық қондырғының жабдықтары
- •2.10 Контактілік пісіру қондырғылары
- •2.10.1 Электр контактілік пісірудің физикалық
- •2.10.2 Нүктелік пісіру
- •2.10. 4 Контактілік пісіру құрылғыларының электр қондырғылары
- •3 Электр доғалық үрдістер және қондырғылар
- •3.1 Электр доғалық қыздыру
- •3.1.2 Доғаның вольтамперлік сипаттамалары және оны реттеу
- •3.1.3 Айнымалы ток доғасы
- •3.7 Сурет - Әр түрлі әдістердің болат балқытудағы үлесі
- •3.2. Доғалық болат балқыту пештері
- •3.9 Сурет - Болат балқыту пешінің қуат және кернеу графигі
- •3.12 Сурет - Электр доғалық пешінің қысқа желі қосылу сұлбалары
- •3.15 Сурет - Доғалық пештің электрлік және жұмыстық сипаттамалары
- •3.3 Рудатермиялық пештер
- •3.4 Плазмалық үрдістер және қондырғылар
- •3.5 Доғалық вакуумдық пештер
- •3.24 Сурет - Вакуумдық доғалық пештер а) бітеу кристаллизаторлы және б) құйманы суырып алмалы
- •3.6 Электр доғалық пісіру
- •Әдебиеттер тізімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Алматы энергетика және байланыс институты»
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Электртехнологиялық үрдістер және қондырғылар Электртермиялық үрдістер және қондырғылар Оқу құралы
Алматы 2008
А13 Абдрахманов Е.А. Электртехнологиялық үрдістер және қондырғылар: Электртермиялық үрдістер және қондырғылар. Оқу құралы – Алматы: АЭжБИ, 2008. – 77 б.
Оқу құралында электр кедергісімен және доғасымен қыздыру қондырғыларының жұмыс істеу қағидасы, қолданылуы, жіктелуі, құрылымының сипаттамалары, электр жабдықтары, жұмыс режимдері қарастырылған.
Мазмұны
КІРІСПЕ. 5
1 ЭЛЕКТРОТЕРМИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР МЕН ҚОНДЫРҒЫЛАР, 9
ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 9
1.1 Электротермиялық қондырғылардың. 9
қолданылуы және жіктелуі 9
1.2 Электротермиялық қондырғылардағы жылу берілу. 10
1.3 Электротермиялық қондырғыларда. 12
қолданылатын материалдар. 12
1.3.1 Отқа төзімді материалдар. 13
1.3.2 Жылу оқшаулағыш материалдары.. 13
1.3.3 Қызуға төзімді материалдар. 15
1.3.4 Қыздырғыш элементтер. 16
2 КЕДЕРГІМЕН ҚЫЗДЫРУ ҮРДІСТЕРІ 18
ЖӘНЕ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ.. 18
2.1 Электр тоғының өткізгіш материалдарды қыздыру механизмі 18
2.2 Қыздырғыш электр кедергі пештері 19
2.3 Балқытуға арналған электр кедергі пештері 25
2.4 Сұйық ортада кедергімен қыздыру. 26
2.5 Металдарды қыздыруға арналған сұйықтық электр кедергі пештері 27
2.6 Тікелей (контактылы) қыздыру қондырғылары.. 28
2.7 Электр кедергі пештерінің электр жабдықтары.. 29
2.8 Электр кедергі пештерінің қуатын реттеу. 29
2.9 Электрқождық қайта балқыту және пісіру қондырғылары.. 31
2.10 Контактілік пісіру қондырғылары.. 33
2.10.1 Электр контактілік пісірудің физикалық. 33
негіздері және оның түрлері 33
2.10.2 Түйістіріп пісіру. 35
2.10.2 Нүктелік пісіру. 36
2.10.3 Тігістік пісіру. 39
2.10. 4 Контактілік пісіру құрылғыларының электр қондырғылары.. 40
3 ЭЛЕКТРДОҒАЛЫҚ ҮРДІСТЕР ЖӘНЕ ҚОНДЫРҒЫЛАР. 42
3.1 Электрдоғалық қыздыру. 42
3.1.1 Электрдоғалық разряды және оның құрылымы.. 42
3.1.2 Доғаның вольтамперлік сипаттамалары және оны реттеу. 44
3.1.3 Айнымалы ток доғасы.. 46
3.1.4 Электрдоғалық қыздырудың қолданылуы.. 48
3.2. Доғалық болат балқыту пештері 49
3.2.1 Доғалық болат балқыту пешінің құрылымы.. 49
және технологиясы.. 49
3.2.2 Болат балқыту пешінің электр жабдықтары.. 52
және электрмен жабдықтау сұлбасы.. 52
3.2.3 Доғалық пештің электрлік және жұмыстық сипаттамалары.. 54
3.3 Рудатермиялық пештер. 57
3.3.1 Рудатермиялық пештердің қолдануы және жіктелуі 57
3.3.2 Рудатермиялық пештерінің электр. 59
жабдықтарының ерекшеліктері 59
3.4 Плазмалық үрдістер және қондырғылар. 60
3.4.1 Плазмалық қондырғылардың ерекшеліктері, 60
қолданылуы және жіктелуі 60
3.4.2 Плазмотрондардың энергетикалық сипаттамалары.. 62
3.4.3 Плазмалық қондырғылар. 64
3.6 Электрдоғалық пісіру. 69
3.6.1 Электрдоғалық пісірудің қолданылуы және жіктелуі 69
3.6.2 Электрдоғалық пісіру қуат көздері 72
Әдебиеттер тізімі...................................................................................................77
КІРІСПЕ
Электротехнологиялық үрдістер және қондырғылар өндірісте және тұрмыста өте кең қолданылады. «Электротехнология», «электротехнологиялық үрдістер», «электротехнологиялық қондырғылар» терминдері электр энергиясын қолданып жүргізілетін барлық жылу, механикалық және химиялық үрдістерін қамтиды. Кейінгі жылдары өндірісте және тұрмыста электротехнологиялық үрдістерге негізделген қондырғылар басқа энергия түрлерімен жұмыс істейтін жабдықтарды ысырып, күрт өсті. Электротехнологиялық үрдістер өнімнің сапасының жоғарылауын қамтамасыз етеді, басқа жолдармен іске асыруға болмайтын операциялар жүргізуге және басқаша алынбайтын материалдарды шығаруға мүмкіндік береді, еңбектің санитарлық жағдайын жақсартып, қоршаған ортаға зиянды әсер етуді азайтады. Қазіргі кезде электротехнология қолданылмайтын өндіріс салалары жоқтың қасы.
Электротехнологиялық қондырғылар жұмыс істеу қағидасына, қуатына, сипаттамаларына байланысты алуан түрлі. Электротехнологиялық жабдықтардың негізгі түрлері: электр пештері және электр қыздырғыш қондырғылары (кедергілік, индуктивтік, доғалық), электр пісіргіш қондырғылары (контактілік, қождық, доғалық), материалдарды электрофизикалық (электроэррозиялық, ультрадыбыстық, магнит, электрожарылыстық) және электрохимиялық (электролиз, гальванотехника, анодтық электрохимиялық) өңдеу ж.б. қондырғылары.
Электр энергиясының технологиялық үрдістерде қолданылуы орыс ғалымы В.В.Петровтың 1803 ж. электр доғасын әртүрлі материалдарды балқытуға және металдарды олардың тотығынан тотықсыздандырып алуға қолдануынан басталады. Бірақ ол кезде техника даму деңгейінің жеткіліксіздігінен және қуатты электр энергия көздерінің болмауына байланысты бұл жаңалық тек тәжірибелік, зерттеулік жұмыстарда ғана қолданылды. Электротехнологияның қарқынды дамуы тек 20 ғасырда басталды. Жаңа металлургиялық үрдістер пайда болды, электролиз және материалдарды электротермиялық әдіспен өңдеу кең дамыды.
Электротехнологиялық үрдістер мен қондырғыларсыз техникалық прогресс мүмкін емес. Қазіргі прогрессивтік техника жасауға қажетті жоғары сапалы болат, отқатөзімді металдар мен қорытпалар, материалдар, жартылай өткізгіштер - осының бәрі тек электротехнологиялық үрдістерде алынады.
Соңғы жылдары электротехнологиялық үрдістерге негізделген операциялар микроэлектроникада кеңінен қолданылуда. Қазір кең тараған радиотехникалық жабдықтарда, компьютерлерде қолданылатын микросұлбаларды құраудың және дайындаудың жаңа сапалы қағидасы жасалған, электротехнологиялық үрдістер арқасында жартылай өткізгіш кристалдарының микрокөлемінде, диэлектрикалық астар бетінде микросұлба элементтері құрылып және оларды қосу іске асырылады. Осының бәрі плазмалық жабын және қабыршық жағудың, плазмалық және электрондық-иондық өңдеу, лазерлік пісіру, фотолитография т.б. үрдістеріне негізделген.
Контактілік пісіру қолдану нәтижесінде авиация және автомобиль құру өндірістерінде транспорт құралдарын жоғары жылдамдықпен жасап шығаруды қамтамасыз ететін жоғары деңгейлі құрау жұмыстарының механизациясы игерілді.
Электротехнологиялық үрдістердің көпшілігінің энергосыйымдылығы зор, сондықтан олар электр энергиясының ірі тұтынушылары болып табылады. Электротехнологиялық үрдістердің энергия тұтыну қарқынының өсуі жалпы өндірістік энергия қажеттілігінен жоғары және оның 30% -ға дейін шамасын құрайды.
Электр және магнит өрістерінің өңдеу объектісіне (қатты зат, сұйық, газ) әсер ету нәтижесінде көптеген операциялар жүргізуге болады: объектінің температурасын, формасын, құрылымын, құрамын, қасиеттерін т.б. өзгерту. Электр және магнит өрістерінің нәтижелік әсеріне қарай электротехнологиялық қондырғыларды келесі топтарға бөлуге болады.
