Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тажирибиелик жумыстар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.29 Mб
Скачать

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми зерттеу техникалық университеті» кеақ

«БЕКІТІЛДІ»

Өнеркәсіптік инженерия институтының

ғылыми-әдістемелік кеңесі «____»________2015ж.

Хаттама №________

Технологиялық машиналардың беріктігі және динамикасы Модульдік білім беру бағдарламасы

«Машинажасаудағы инновациялық технологиялар мен жабдықтар»

«Технологиялық машиналардағы динамика және беріктік»

пәні бойынша тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Алматы 2015

Әдістемелік нұсқауды 2012 жылғы 23-тамызда Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру және модульдік білім беру бағдарламасы бойынша №1080 «Машинажасаудағы инновациялық технологиялар мен жабдықтар» жұмыстық оқу жоспары негізінде құрастырған.

Әдістемелік нұсқау «Мұнай және газ өнеркәсібінің машиналары және жабдықтары» кафедрасының мәжілісінде қаралды

«26» мамыр 2015ж., хаттама № 8

Кафедра меңгерушісі

тех.ғыл.кан., профессор Б.А. Мырзахметов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

Елемесов К.К.

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МАШИНАЛАРДЫҢ БЕРІКТІГІ ЖӘНЕ ДИНАМИКАСЫ

Модульдік білім беру бағдарламасы

«Машинажасаудағы инновациялық технологиялар мен жабдықтар»

«Технологиялық машиналардағы динамика және беріктік»

пәні бойынша тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Алматы 2015

ӘОК 574:331.453 (574) (075)

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Елемесов К.К.

Әдістемелік нұсқау ҚР мемлекеттік стандартына сәйкес, 2012 жылғы 23-тамызда Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру және модульдік білім беру бағдарламасы бойынша №1080 «Технологиялық процестерді автоматтандыру» жұмыстық оқу жоспары негізінде құрастырған.

Әдістемелік нұсқау аталмыш пән бойынша тәжірибелік сабақтарды негізге алып, магистранттардың теоретикалық ой тұжырымдауының қалыптастырылуына, пәннің мәні мен мазмұнын түсіне отырып қорытындылауға үйретеді.

Сурет – . Әдебиеттер тізімі – атау.

Пікір жазған: Елузах М – к.т.н,доцент ҚазҰТУ.

© Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, 2015 ж.

КІРІСПЕ

Пәнді оқытудың мақсаты – есептерді шешуге шығармашылық жағынан қарауға, технологиялық машиналар мен жабдықтардың жетектерінде пайдалану жүктемелерін анықтауға, беріктік пен тозы шарттары бойынша тетіктердің жүктелу қабілеттігі мен орташа ресурсын бағалауға, машиналардың қозғалтқыштары мен құрылым элементтерінде динамикалық жүктемелерді есептеу әдістемесіне қарай қарастырылып отырған құрылымының беріктігі мен жұмысқа қабілеттігі туралы шешімдер жасауға мүмкіндік береді. Берілген курс мамандықтың кәсіби пәндерін оқудың негізі болып келеді, магистранттарды жоғарыда аталған бағыттар бойынша есептік әдістерге бағыттайды.

Курстың мазмұны кәсіпорындар мен ғылыми ұйымдарда механик-инженердің тәжірибелік және зерттеуші құзырлығын анықтайды. Динамикалық есептерді жүргізу бойнша білімдерді меңгеріп, белгілі дағдыларға ие болғаннан кейін, жас маман өнеркәсіптік және ғылыми қызметке тез арада қосла алады, және де өндірісті басқара алады.

Әдістемелік нұсқауларда динамикалық күштерді анықтаудың әдістемесі, есептік формулалар, көмекші кестелер келтірілген. Тәжірибелік сабақтардың құрылымы – бірегей. Тәжірибелік сабақтардың сипатында шешілетін есеп туралы жалпы мәліметтер, мақсаты мен бағыты, орындау реті, берілген жұмыста қолданылатын есептер туралы нұсқаулар бар. тәжірибелік жұмыстарды орындай отырып магистрант берілген жұмысты қорғауға дайын болуы тиіс. Осы арқылы магистранттарды оқу барысында белсендіруге болады.

Ұсынылып отырған методикалық нұсқаулыққа технологиялық машиналардың тетіктерін динамикалық есептеу мәселелерін қарастыратын 7 тәжірибелік есеп кіреді.