Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 дәріс материалы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
93.8 Кб
Скачать
  • Педагогикалық критериалдық (белгілеу аппараты).

    Көрсетілген топтарды методологиялық білімнің құрамына кіргізудің обьективтік себебін ғалым: жалпылық; фундаментальдық; икемді құрудың бүтіндігі деп көрсетеді. Журавлевтің осы жіктеуі жан-жақты сипат алады, өйткені оны педагогикаға да, сондай-ақ этнопедагогикаға да және педагогикалық білімнің басқа салаларына да қолдануға болады.

    Негізгі әдебиеттер:1, 2, 3, 4, 6, 8.

    Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5.

    Дәріс № 2. Этнопедагогиканың тарихи даму жолы

    Я. А. Коменский «Ана» мектебі. К.Д. Ушинскийдің халықтық принциптерінің ғылыми түрде негізделуі

    Чехтың ұлы педагогы Я.А Коменский отбасы тәрбиесінің тәжірибесіне сүйене отырып өзінің «Ана мектебі» идеясының негізін қалады. Чехтың ұлы педагогы Я.А Коменский отбасы тәрбиесінің тәжірибесіне сүйене отырып өзінің «Ана мектебі» идеясының негізін қалады.

    Ұлы швейцария педагогы Г Песталоции швейцария халық педагогикасының тәжірибесін топшылай отырып өзінің «Аналарға арналған кітап» деген еңбегін жазды. Ол отбасында басталған табиғилық тәрбие өзінің жалғасын мектепте табуы тиіс деді.

    Ұлы орыс педагогы К. Д. Ушинский халықтық педагогиканың тәрбиелік потенциалын жоғары бағалады. «Халықтық бастауға және сол халықтың өзі жасаған тәрбиенің күші зор» деп жазады

    Ол халықтық деп халықтың «менін» сақтауға және оны қоғамдық экономикалық өмірдің барлық салаларында дамытуға жәрдемдесуге ұмтылысын түсінді. Халықсыз халық – заңды іріп-шіруі ғана қалған жансыз дене – К.Д. Ушинский. Осы принципті ұстана отырып, ол халықтық идеясының негізін қалады. Ол халықтық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптарды жақсы біле отырып, мынадай қорытындыға келді: «ата-баба даналығы – ұрпақтар айнасы». Халықтық педагогика егер тәрбие туралы халық түсінігін ескермесе, өзінің бүкіл сан ғасырлық тарихында жинақтаған педагогикалық тәжірибесін зерттемесе бұл міндетті шеше алмаған болар еді. Тәрбиенің халықтық принципі ерте балалық шақта, ана тілін меңгеру үрдісінде жүзеге асады.

    Н.К. Крупская , А.С. Макаренконың педагогикалық ой-пікірлері

    Н.К. Крупская отбасындағы бала сөйлеуінің дамуына ерекше көңіл бөлді, әсіресе бала мен ананың қарым-қатынас процесі кезінде ол мынаған көңіл бөлді: яғни, ананың тілі баланың көңіл күйін, ой-пікірін, ақыл-зердесін дамыту мен өзін айқындауының негізгі құралы».

    А.С. Макаренко өзінің көпжылдық тәжірибесінде мынаны тұжырымдайды: «педагогика адамдардың шапшаң жұмыстарынан, шынайы ұжымның реакциясы мен еңбек әрекетінен туындайды. Яғни отбасындағы еңбекке баулу адамның болашақта дамуына үлкен әсерін тигізеді».

    В.А. Сухомлинский, Г.С. Виноградовтың педагогикалық көзқарасына талдау

    В.А. Сухомлинский де халық даналығының сарқылмас көздерінен нәр ала білуді уағыздады. Оның ойынша «руханилық тамырын» қалыптастырудың қайнар көздерінсіз, халықтық педагогиканың пәрменді құралдарынсыз жеткіншек ұрпақты толыққанды тәрбиелеу мүмкін емес. Ол халықтық педагогика бай тәжірибесіне қарамастан ол белгілі бір дәрежеде зерттелмеді, бұл мәселе бойынша терең зерттеу жұмысы жүргізілмеді деп топшылайды.

    Кеңес заманында халық педагогикасы проблемасына алғашқы болып өз үлесін қосқандардың ішінде Г.С. Виноградовты атап өтуге болады. Ол халық педагогикасын халықтың педагогикалық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, оны «жүйе» дегеннен гөрі, «білім мен дағдылар жиынтығы» деген пікірді құптаған. Виноградовтың пікірі бойынша, халық педагогикасын педагогикалық теория емес, педагогикалық практика, халықтың бала тәрбиелеу тәжірибесі ретінде қарастыру қажет.

    Ы.Алтынсариннің, м. Жұмабевтың, Шоқан Уалихановтың, Абай және Шәкәрімнің этнопедагогикалық ой-пікірлері

    Қазақ даласында білімнің дамуы мен қалыптасуына белгілі қоғам қайраткері, педагогог, этнограф, жазушы және ағартушы Ыбырай Алтынсарин өте үлкен еңбек сіңірді. Ы. Алтынсарин патшалы Ресейдің орыстандыру, шоқындыру және балаларға байлардың мақсаттары үшін білім беруді көздеген саясаттарын батыл айыптады. Орыс-қазақ мектептерін ашу туралы мәселелерді насихаттаумен қатар, Алтынсарин тәрбие жұмысы барысында қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалануды қуаттады. Осы принцип негізінде құрастырылған өзінің «Қазақ хрестоматиясын» (1879ж) жазып, ұсынды.

    М.Жұмабаевтың «Педагогика» атты шығармасы жас ұрпақтың бойына ұлттық сана-сезім қалыптастырудың бірден-бір көзі болды. Ол тұлғаны тәрбиелеудегі басты мақсаттарға назар аударды. Сондықтан да «әрбір тәрбиеші халықтық тәрбиемен танысуы шарт» деген. Сонымен қатар халықтық принцип идеялары Ж.Аймауытовтың, М.Дулатовтың, А. Байтұрсыновтың , Х. Досмұхамедовтың еңбектерінен де көрініс тапты.

    Әдетте, философияны позитивтік мағынада – адамның әлемге, қоғамға, осы әлемдегі алатын орнына деген көзқарас жүйелері ретінде түсіндіреді. Адам дүниетанымды өз іс-әрекетін ретке келтіру және қоршаған ортада қалай бағытталу үшін қолданады. Дүниетаным өзіне бағалау мен қатынасты қосады, бірақ бұл бағалау мен қатынастар субъективті – олар субъектінің даралық ерекшеліктерімен, оның қоғамда алатын орнымен, қызығушылықтарымен анықталады, философияның әртүрлі көзқарастар сияқты өзінің жеке сипаты бар. Философия субъективті және жеке дара. Егер екі адам мінез-құлық ерекшеліктерімен, қоғамдағы алатын орнымен, тәрбиесімен, қызығушылықтарымен, қоғам мен әлемге деген қарым-қатынасымен ерекшеленсе, онда олардың философиялық көзқарастары әртүрлі болады. Сонымен әр философиялық жүйелер әр адамның әлемге деген қарым-қатынасын әртүрлі білдіреді.

    Этнопедагогикалық дүниетанымда қазақ философиясының маңызын қарастыра отырып, біз келесі “дүниетану”, “дүниенісезіну”, “дүниеніқабылдау” түсініктерінің маңызын қарастырамыз. Дүниетанудың әртүрлі формаларында адамның интеллектуалды және эмоционалды тәжірибесі әрқилы көрінеді. Көңіл-күй, сезім деңгейіндегі дүниені танудың эмоционалды психологиялық қырын дүниені сезіну құрайды. Ал, дүниені танудың танымдық интеллектуалдық қырын дүниені түсіну құрайды. Дүниені танудың танымдық интеллектуалдық маңыздылығы этнофилософиялық білімнің этнопедагогикалық мәніне енуге мүмкіндік береді.

    Қысқаша этнологиялық сөздікте мына анықтама берілген: этнофилософия (гректің Ethnos-халық + phileo – махаббат + sophia–даналық) термині жүйелендірілмегенді білдіреді, сол және басқа да халықтың қоғамда және бүкіл дүниедегі әлем, уақыт және кеңістік туралы стихиялы түрде жиналған білімдердің жиынтығы. Бұл білімдер халықтың санасында өзіне тән түсініктерін, айналадағы шындықтың өзгешелігінің нәтижесін көрсетеді. Мазмұны жағынан этнофилософия термині “әлемнің этникалық бейнесі” деген терминге жақын. Сонымен қатар, этнофилософия халықтың түрлі құбылыстарды және дүниеге деген көзқарастың спецификасын оқытатын мәдени антропологияның бағыты дегенді білдіреді. Сонымен, философия көптеген ғасырлар бойы халықтың рухани мәдениетінде болған, әрі кең таралған, халық ауыз әдебиетінен, халықтың әйгілі әрі сүйікті ақын-жырауларының, ерте кездегі мұсылмандарға дейінгі сенімінде көрініс тапқан.

    Қазақ философиясы басқа да философиялық жүйелер сияқты мынадай дүниетанымдық сұрақтарға жауап іздейді: Адам деген кім? Әдем деген не? Өлім деген не? Адам бұл өмірге не үшін келеді? Ол қалай өмір сүру керек? Осындай сұрақтардың жиынтығы философияның пәнін, негізгі түсініктері мен проблемаларын анықтайды. Шындықты философиялық меңгерудің ұлттық спецификасына халықтың тіл ерекшеліктері, халықтың жеке өмірі, оның шаруашылық ерекшеліктері, сонымен қатар тұрмысы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері, адамгершілік нормалары мен мінез-құлық ережелері өз әсерін тигізген.

    А. Қасабеков., Ж. Алтаев сияқты ғалымдар қазақ философиясын әлемдік философия және қазақтың ұлттық мәдениетінің құрамдас бөлігі және қазақ халқының тарихын әдіснамалық жан-жақты зерттеу негізі ретінде анықтайды.

    Ғалымдар қазақ философиясының спецификасын қарастыра отырып, онда қазақ халқының өмірінде көптеген өзіне тән ерекшеліктер бар екені, яғни ең негізгі ерекшелігі оның көшпенді халық екені, оның тұрмыс-салты, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары және де қазақ халқының бүкіл тарихи өмірі көрініс табады.

    Қазақ тарихын зерттеушілер, соның ішінде Ш.Уәлиханов., Ы. Алтынсарин., Ш.Құдайбердиев., М.Дулатов., С. Аспандияров және т.б. қазақ халқының арғы тегі көшпенді өмір үлгісін жүргізген түркі тілдес тайпалар болғанын мойындайды.

    Ш.Уәлихановтың әлеуметтік тұжырымдамасы.

    Ш.Уәлихановты әлеуметтік қатынас саласында білім беруде философиялық принциптерді таратқан ойшылдардың қатарына жатқызамыз. Оның логикасы бойынша құқық адамның басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу процессіндегі мінез-құлық ережелері мен нормаларының жиынтығы. Ол көпшілік мақұлдаған және көпшілікпен ерікті түрде және қарсылықсыз сақталу керек. Егер оның бұзылуы артынан жазаға апарып соқтырса, құқық осы жағдайда ғана қажет болады. Бұл жазаның бағасы мен құқық бұзушының кінәсін тек қана сот анықтайды. Бірақ бұл соттың қандай болуы, қоғам өмірінің ерекшелігіне, әдет, әдеп-ғұрып, мәдениеттің даму деңгейіне байланысты.

    Ал Абайдың философиясының түйіндісі адам болды. Абай «Адам бол» деген үндеумен назар аударған. Ойшыл өзінің түсінігі бойынша – адамның ең негізгі қабілеттерінің бір айналадағы дүниені және өзін өзгертуге бейімділігі болып табылады. Абай адамды тұтастай жеке тұлға ретінде түсінді. Ол ақыл мен жанды «Мен» деп біріктірді, ақыл мен жан мәңгі бірақ олардың формаларының тіршілігі әртүрлі деп түсіндіреді. Абай діни философияның да мәнін түсіндіреді. Абайдың «Адам бол» философиясының идеясы шын мәнінде көп қырлы және көп өлшемді, осы жерде оның этнопедагогикалық даму мүмкіншілігі кең. Абай философиясының методологиялық негізі танымда. Абай мұнда қазақ жастарына көп назар аударады.

    Шәкәрім философиясының түйіндісі – адам, зат. Шәкәрімнің философиясы – үш ақиқатты тану болды: иман ақиқаты, ғылым ақиқаты, ар-жан ақиқаты.

    Қазақстандағы этнопедагогика ғылымының қазіргі жағдайы және дамуының болашағы

    Педагогика ғылымы саласында халықтық педагогикаға 50-ші жылдардың екінші жартысынан бастап назар аударылып, оның ішінара арнайы зерттеу объектісі бола бастағанын бұрынғы Одақ көлемінде орындалған ғылыми еңбектер айғақтайды. Бұл еңбектерде халықтық педагогика проблемасының зерттелу бағыттарын С.А. Ұзақбаева 5 топтамаға бөліп қарастырады:

    1.Тарихи – этнографиялық аспектіде орындалған халықтың фольклор ескерткіштеріндегі педагогикалық көзқарастарын талдауға арналған зерттеулер (А.Ф. Хинтибидзе, А.Ш. Гашимов, В.Х. Арутюнян, К.К. Қыдыралиев, Г. Ормонов, И. Оршибеков, С.М. Саипбаев, Р.М. Пашаева, И.А. Шоров, М. Сайфуллаева және т.б.). Мұнда авторлар халық ертегілері, мақал-мәтелдер, эпостар арқылы тәрбие беру идеяларын қарастырып, жеткіншек ұрпаққа ақыл-ой, адамгершілік, еңбек тәрбиесін беру қажеттілігін ашып береді.

    2. Халықтың педагогикалық тәжірибесін оның тәрбие дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары негізінде қазіргі педагогикалық міндеттер тұрғысынан талдауға арналған зерттеулер. Бұлар – Ж. Бешімовтың, Б. Қадыровтың, Ж.Д. Доржиеваның, А.Х. Мұхамбаеваның, К. Пирлиевтің, Х. Рахимовтың, С. Темуровтың және т.б. еңбектері. Олардың арасында К.Пирлиев халықтық педагогиканың прогресшіл дәстүрлерін ќазіргі тәрбиенің барлық бөлігінде, мектеп оқушыларының жас мөлшеріне қарай дамытудың барлық кезеңдерде пайдалануға біртұтас көзқарас тұжырымдамасын жасады.

    3. Халықтың тәрбие туралы педагогикалық ой-пікірлері мен идеяларын талдауға арналған зерттеулер (И. Ханбиков, К.Б. Жарықбаев, А. Көбесов және т.б.). Оларда халықтардың педагогикалық ой-пікірлері, қайнар көздері баяндалып, халықтың педагогикасы және ойшылдар мұраларында көрініс тапқан тәрбие туралы негізі идеялар талданып, революцияға дейінгі ағартушылардың педагогикалық көзқарастары мен халықтық тәрбие беру мұраттарының диалектикалық байланысы көрсетіледі.

    4. Халықтық педагогиканы тұтас пайдаланудың, фольклордағы халық дәстүрлерінің жекелеген түрлерін музыкалық шығармашылықта, сәндік-қолданбалы өнерде, ұлттық ойындарда және т.б. қазіргі таңның жекелеген міндеттерін шешуде пайдалану (Ш. Залялиев, И. Киргизов, Р.А. Юлдашева, Т.Т., А.Ш. Хасанов, Н.С. Меликмамбетов, А.М. Муминов, М.Х. Балтабаев, С. Сағындыков, Т. Қышқашбаев, Р. Дюсембінова, Ю. Мандрик, Б. Әлмұхамбетов, Х.Н. Жұмабаев, Ә.О. Қамақов, Г.В. Похолкин, Л.Г. Саненкова. А.Ю. Юцевич, Ғ. Убайдуллаев және т.б.) әдістемелерін жасауға арналған зерттеулер.

    5. Халықтық педагогиканы зерттеудің теориялық, әдіснамалық, тарихнамалық проблемаларына арналған зерттеулер. Бұлар – Г.Н. Волковтың, Ю.А. Рудьтың, Е.Л. Христованың және т.б. еңбектері.

    Өзінің «Чуваш халықтық педагогикасы» және «Этнопедагогика» атты еңбектерінде Г.Н. Волков халықтық педагогика проблемасын неғұрлым толық қарастырып, тәрбие пәніне, педагогикалық негіздеріне, әдістеріне, құралдарына аңықтама береді. Педагогикалық әдебиетте тұңғыш рет «этнопедагогика» терминін қолдана отырып, оған «жеткіншек ұрпакты тәрбиелеу жөніндегі халық бұкарасының тәжірибесі туралы, олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым, тұрмыс педагогикасы туралы, отбасы, ру, тайпа, ұлыс және ұлт педагогикасы туралы ғылым этникалық тарихи жағдайлардың әсерімен қалыптасқан ұлттық сипаттағы ерекшеліктерді зерттейді…» - деген анықтама береді. «Этнопедагогиканың» «халықтық педагогикадан» айырмашылығын көрсетіп, «егер халықтық педагогика тәжірибеге және оның сипатына қатысты болса, этнопедагогика – теориялық ой саласы, ғылым саласы».

    Ал енді қазақтың халық педагогикасын мектеп практикасына ендіру проблемасына келетін болсақ, тарихи деректерге қарағанда, Қазақстан егемендігін алғанға дейін бұл мәселе педагогика ғылымының аясынан қалыс қалып отырған. Бұған таңдануға болмайды, өйткені мұның бәрі сол кездегі кеңестік идеологияның талаптарынан туындаған жайт еді, әйтсе де бұдан зерттеліп отырған проблемаға мүлдем назар аударылмаған екен деген ой тумауы тиіс. Бұл мәселе бойынша бірқатар тәжірибелер жинақталды, өнеге тұтар құнды идеялар, көзқарастар сарапталып, оны дамытуға, жеткіншіктер тәрбиесінде пайдалануға байланысты ұсыныс-нұсқаулар берілді.

    Қазақ халық педагогикасы педагогика ғылымында алғаш рет 70-ші жылдардың басынан бастап зерттеліп (А. Мұхамбаева, И. Оршыбеков) оған назар аударылды. Нәтижесінде түрлі ғылыми-педагогикалық еңбектер (іргелі, қолданбалы зерттеулер, өңдемелер) ғылыми мақалалар, кітаптар мен қолжазбалар, т.б. жарық көрді.

    Іргелі педагогикалық зерттеулерде авторлар (С. Қалиев, Қ. Жарықбаев, Ж. Наурызбай, С. Ұзақбаева, М. Балтабаев, К. Қожахметова, Ш. Құлманова, т.б.) өз көзқарастарын дәлелді негіздеуге талпынады, қарастырылып отырған проблеманы теориялық-әдіснамалық тұрғыда көлемді негіздейді.

    Қолданбалы зерттеулердің көкейкестілігі проблеманың практикадағы қажеттілігімен, маңыздылығымен сипатталады. Олардың басым көпшілігінде халық педагогикасын адамгершілік (И. Оршыбеков, Р. Төлеубекова, т.б.) музыкалык-эстетикалық (С.Ұзақбаева, Р. Дүйсембінова, Т. Қышқашбаев, Ш. Құлманова, т.б.) қасиеттерді қалыптастырудың құралы ретінде қарастырылады.

    Негізгі әдебиеттер:1, 2, 3, 4, 6, 9, 10, 11.

    Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 14,

    Дәріс № 3. Тәрбиенің этникалық ерекшеліктері және оларды анықтаушы факторлары

    Халықтық педагогика- белгілі бір халықтың жас ұрпақты тәрбиелеудегі өзіндік ерекшелігі бар ғасырлар бойы қалыптасқан іс-тәжірибесі. Осы іс-тәжірибені зерттейтін ғылымды этнопедагогика деп атайды. Олай болатын болса этнопедагогика халық тәрбиесін зерттейтін ғылым. Бірақ та қазіргі ғылымда «халық» терминінің орнына «этнос» термині қолданылады. Сондықтан этнопедагогика- этникалық тәрбиені зерттейтін ғылым дегеніміз жөн болады. Сонымен, этнопедагогика ғылымының пәні- этникалық тәрбие болып табылады.

    Құнды әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа жеткізу үрдісін тәрбие деп атаймыз. Адамның кез келген іс-әрекетінің этникалық қайнар бастауы болады, себебі кез келген адам міндетті түрде белгілі бір этностың мүшесі болып табылады, сондықтан да қандай тәрбие түрі болмасын бәрі де этникалық сипатта болады. Этникалық тәрбиенің құрылымы: идеясы, мақсаты, міндеттері, принциптері, мазмұны, әдіс-тәсілдері, нәтижесі, құралдары, халық тәрбиешілері. Идеясы: адамзаттың ең жоғарғы құндылығы ретінде этностың өз өмірін сақтап қалу идеясы. Мақсаты: этнос субъектісін қалыптастыру. Міндеттері: әлемнің этникалық бейнесінің біртұтастығы туралы жалпы көзқарасты қалыптастыру; өз этносының мәдениеті, тарихы, тілі, және географиялық аймағы туралы білім беру; этномәдени құндылықтарды сақтау, дамыту және жеткіншек ұрпаққа мұра ретінде қалдыру дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру; өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіруге деген талпыныстарын дамытуға ынтасын арттыру. Принциптері: ұлттық, ұлтаралық және жалпыадамзаттық диалектикалық бірлік принципі; тәрбиенің үздіксіздік және шексіздік принципі; этноәлеуметтік рольдерді меңгеру принципі; табиғат заңдылықтарына сәйкестілік принципі (жас және жыныс ерекшеліктерін ескеру); мәдениет заңдылықтарына сәйкес принципі. Мазмұны: ақыл-ой, адамгершілік, сұлулық, дене, денсаулық, еңбек тәрбиесі. Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, кеңесу, түсіндіру, сендіру, талап ету, үйрету, көрсету, үлгі көрсету, өтіну, бұйыру, жаттықтыру, бата беру, мадақтау, алғыс айту, қарғау, сөгу, кінәләу және т.б. Құралдары: санамақ, жаңылтпаш, өлен-жырлар, бесік жыры, тақпақ, жұмбақ, ертегі- аңыздар, айтыс, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, саяттар, ырымдар, ұлттық ойындар, жол-жоралғылар. Халық тәрбиешілері: әке-шешесі, атасы мен әжесі, апа- ағалары, ауыл үлкендері, өнер иелері. Нәтижесі: этнос субъектісі (сегіз қырлы бір сырлы, жетілген, кемелденген адам).

    Мәдениет- бұл өзгеше құбылыс. Ол өте күрделі, көп жақты және қоғамдық өмірдің барлық сфераларына қатысады. Мәдениет «әлеуметтік организмнің бүкіл денесіне таралған сияқты». Мәдениет феноменінің көп аспектілігіне қарай оны зерттеуде көп концептуалдық әдістер бар. Бірақ, зерттеп отырған мәселенің ерекшелігіне қарай біз Ю. В. Бромлейдің концепцияға жасаған талдауына жүгінеміз.

    Бүгінгі күнде мәдениет іс-әрекеттік түсіндірмесі мәдениет жайлы әдебиеттерде көшшілікке мәлім. Бұл концепцияның авторы Э. С. Маркорян. Ол мәдениет феноменіне сипаттама бере отырып, «Іс-әрекет әдісі» негізгі категория болып табылады дейді. «Іс-әрекет әдісі» деген ұғым адамзаттың іс-әрекетті қандай да бір процесс «қалай», «қандай жолмен», «қандай әдістер жүйесінің» арқасында жүзеге асады деген сұрақтарға жауап іздейді. Осыған байланысты тікелей сана сферасына жататын мәдениет элементтері өте маңызды, олар қандай да бір функцияларды атқаратын адамзат іс-әрекетінің спецификалық әдістерді білдіреді. Мәдениет сферасының басқа функцияларына – техника, физикалық өмірді қамтамасыз ететін әдістер т. б. жатады. Осыладың арқасында адамдар қоршаған ортаға әсер етеді, қоғамда өмір-сүруге қажетті өніммен қамтамасыз ету үшін оларды өзгертеді.

    Э. С. Маркарьян мәдениеттің жүйеге байланысты үш түрін ашып көрсетеді. Біріншісі – қоғамның биофизикалық ортаға бейімделу әдісін көрсететін табиғи-экологиялық мәдениет. Оның фундаменті болып материалдық өндірістің мәдениеті табылады. Мәдениеттің тағы бір экологиялық сипаттағы екінші түрі қоғамдық-экологиялық деп аталады. Бұл түрі қарастырып отырған қоғамның бейбіт және әскери жолмен байланысқа түсу әдісімен сипатталады. Мәдениеттің үшінші түрі әлеуметтік жүйенің өзін қолдауға бағытталған әлеуметтік реттеушімәдениет деп аталады. Бұл түрінде мәдениет өзінің көп түрлі функцияларын жүзеге асырады. Мәдениеттің осы түрінің арқасында адамзат әрекеті әр деңгейде ынталандырылады және дәлелденеді.

    Осылайша жоғарыда айтылып кеткендей, жүйеге байланысты мәдениеттің табиғи-экологиялық, қоғамдық-экологиялық және әлеуметтік реттеуші түрлері - бұл автономды пайда болғандар емес, бұл «бір-бірімен байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын адамның іс-әрекетінің комплексті әдістері.

    Сонымен, мәдениет – адамды адам ететін біртұтас орта, жай халықтан – халықты, ұлттан ұлт тудыратын орта.

    Мәдениеттің ұлттық (этникалық) қызметі

    Кез-келген адамның іс-әрекеті соған сәйкес мәдениет пен ұйымдастырылып іске асырылады. Бұл адамдардың біріккен тобына да қатысты. Егер ол топты реттейтін нормативтік құндылықтары болмаса, олар іс-әрекетін іске асыра алмайды.

    Автордың барлық этносқа тән бір ортақ мәдениет идеясы этностың өзіндік территориялық қайталанбайтындығымен (мәдениеттің) ерекшеленеді. Осыған байланысты «этникалық мәдениет» деген ұғым туады. Яғни кез-келген этностың басқа этностардан айырмашылығы оның орналасқан территориясына қалыптасқан мәдениет ерекшелігімен байланысты. Сонымен мәдениет ұғымын мынадай кесте арқылы ұсынуға болады.

    Мәдениет

    Материалдық

    Руханилық

    • Заттар, әр уақытқа сай материалдың пайда болуы

    • Еңбек құралдары, тұрғын үй, киім,, тамақ

    • Мәдени өсімдіктер, косметика, парпюмерия

    • Білім, дәстүр, құқық нормалары

    • өнер түрлері

    • халық шығармашылығы

    • діни сенімдер және т.б.

    Ұлттық мәдениет

    Ұлттық мәдениет қоғам мүшелерінің тарихи-әлеуметтік қалыптасуының артықшылығы мен ерекшелігін өзіне жинаған. Ұлттық мәдениетте адамдар өз қоғамының территориясын, халқын, жалпы ұлттық әдеби тілін, ұлттық дәстүрлер мен символдарды таниды. Ұлттық мәдениет автономиялық бөліну мен не этномәдени сипатпен ерекшеленеді. Мысалы: тіл - әр тіл тек бір ұлтқа ғана тән, яғни ол әр ұлтқа ғана тән ерекшелігі.

    Этникалық мәдениет

    Этникалық мәдениет – халық мәдениетінің өзіндік ерекше элементтерінің құрылымы, ол олардың өмір сүру іс-әрекетімен тығыз байланыста болады.

    Бабаковтың айтуынша этникалық мәдениеттің ядросы болып: кәсіби мәдениет, дәстүрлі тұрмыстық мәдениет табылады. Этникалық мәдениет мазмұны оның халықтық педагогикадағы тәрбиелік потенциалдық деңгейі.

    Негізгі әдебиеттер:1, 2, 3, 4, 6, 9, 10, 11.

    Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 14,

    Дәріс № 4. Халық идеялындағы «жетілген тұлға» және оны тәрбиелеудің тәжірибесі

    «Жетілген тұлға» ұғымын анықтау мақсатында әлеуметтік ғылымдар саласындағы «тұлға», «даралық», «жеке адам» ұғымдарын зерттеу тарихына сүйенеміз.

    Тұлға – «адамзаттық таптың жеке бір өкілі, биологиялық тірліктің түрі» оның психологиялық үрдісі биологиялық деңгейде өтеді, тіршілік ету әрекеті болмысты дене арқылы сезінумен қабылдау, есту және көрумен шектелген. Оның негізгі қызметі – жалғастырушы ролін орындау және дәстүрді тарату.

    Тұлғаның басқадан айырмашылығын көрсететін белгілердің жиынтығы, сонымен қоса қабылдау негізінде алынған жобаның жиынтығы оның мәнін даралық ретінде анықтайтын ерекшелігін білдіреді. Cодан болар оның психо-физиологиялық қызметі өзінің адамзат популяциясына қатыстылығын, өзі туралы пікірін, табиғат құбылыстары жайлы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.

    Егер философиялық категория әлеуметтік жүйеге бастапқы екеуінің мазмұнының анықтау қиын болмаса, онда екі негізгі философиялық категориялар тұлға және субъект мазмұнын анықтау әртүрлі пайымдаулары, сан-қырлы ағымы мен бағыты бар тұтас теорияны тудырады.

    Тұлға теориясының даму тарихында оның түсініктік аппаратының талданылуы тұлғаның құрылымы, тұлғаның қозғалмалылығы, тұлғаның іс-әрекеті сияқты түсініктерді ашып көрсетеді.

    Адам тұлғасының көп қырлылығы бәрінен бұрын адамның басқа биологиялық тірліктен негізгі айырмашылығы оның сана-сезімі мен ойлау қабілетінің бар болуымен ерекшеленеді. Санасы мен ойлау қабілеті тұлғаның әлеуметтік бастауын анықтайды. Философиядағы тұлға мәселесі- бұл біріншіден адам әлемде қандай орын алады, және де ол шын мәнісінде ме, бірақ, «...адам кім бола алады, яғни, адам өз өмірінің қожайыны бола ала ма немесе өзін өзі жасап және өз өмірін өзі құра ала ма». Педагогика үшін тұлғаның философиялық және әлеуметтік тұжырымдамасының маңызы өте зор, өйткені тұлға маңыздылығын айқындау үшін соңғы шыққан нүктесіне сәйкес өзі соған қатысты және сонда өз қызметі мен рөлін орындайтын әлеуметтік жүйе болып табылады. А.Н.Леонтьев «жеке адам» және «тұлға» ұғымдарына анықтама бере отырып, сол және басқа тұтастықта бейнеленген олардың қиылысу аясын анықтайды «жеке адам» үшін оны «генотиптің пайда болуымен», «тұлға» үшін әлеуметтік фактормен анықтаған жағдайда осы тұтастықты талдау негізінде бұл түсініктерді бір –бірінен ажыратып көрсетеді. Осыны негізге ала отырып ол мынадай түсінік береді : «Тұлға адамның қоғамдық- тарихи және генетикалық дамуының соңғы өнімі». К.К.Платонов тұлға құрылымын төрт бөліктен тұрады деп пайымдаған:

    - әлеуметтік қамтамасыз етілген ішкі бөлігі (бұл бөліктін ерекше қасиеті тұлға азаматтығының желісіне мінездеме беріп, іс-әрекеттің барлық бағытындағы белсенділіктің көріну себебін айқындайды);

    - жеке қалыптасқан тәжірибе;

    - психикалық процестердің дара ерекшеліктері;

    - тұлғаның биологиялық (генетикалық) қасиеті.

    Сол сияқты Б.Г.Ананьевта тұлғаның бір бірімен өзара әрекетінің негізгі төрт қырын бөліп көрсетеді: «биологиялық ерекшеліктері, дара психикалық процесстердік ерекшеліктері, тұлға тәжірибесі, тұлғаның әлеуметтік сапасы».Сонымен қатар, ол тұлғаның әлеуметтік қырын – тұлға мәнін анықтауда үстемдік етуші ретінде қарастырады. Осыған орай, адам мінез-құлқымен іс-әрекетін салыстыра отырып, іс-әрекеттің барлық түрлерінің өзіне тән мәні болғандықтан, ол мінез-құлыққа рулық сипаттама ретінде қарап, сөні жөн көрді. Сонымен қоса көне қазақ ойшылы Жүсіп Баласағұнидің тұлға туралы тәлімінің маңызы өте зор. Оның тұлға туралы тәлімінің маңыздылығы сонда, ол тұлғаның негізгі төрт құрылымдық компоненттерін бөліп көрсетеді:

    • Парасат (сөзбе -сөз, сана, ақыл, ойлау қабілеті, даналық). Берілген компонент тұлғаның когнитивтік құбыласын тудыра отырып, оның танымдық, интеллектуалдық іс-әрекетімен сай келеді.

    • Қанағат (сөзбе-сөз қанағаттанарлық, алғыс, өзінде бер азға да қанағат тұту, бірақ азға қанағат тұтып қалмай өз мақсатына жетуін керек, ол үшін біреудін ала жібін аттама). Ол тұлғаның рухани-адамгершілік құбыласын тудыра отырып, оның бағыттылық іс-әрекетімен сай келеді.

    • Әділет (сөзбе-сөз әділеттілік, ақиқат: адамның әлеммен, табиғатпен, қоғаммен қарым-қатынасының ең жоғарғы деңгейі). Ол тұлғаның әлеуметтік-нормативтік құбыласын тудыра отырып, оны коммуникативті реттеу іс-әрекетімен сәйкестендіреді.

    • Дәулет (сөзбе-сөз молшылық, жетістік, материалды байлықты білдіреді, әрине бұл жерде бірінші және негізгі байлық психикалық физиологиялық денсаулықты білдіреді). Бұл құрылымдық компонент тұлғаның психо-физиологиялық құбыласын тудыра отырып, оның эстетикалық, дене және тәжірибелік іс-әрекетемен сай келеді. Осы тұжырымдама қазақ халық даналығындағы «сегіз қырлы бір сырлы» нақыл сөзімен байланысып төрт құбыланың (психо-физиологиялық, әлеметтік-нормативтік, когнитивті, рухани-адамгершілік) қиылысуы мен ажырамастығын кесімдейтін тұлғаның сегіз қырын көрсетеді. Сонымен, тұлғаның көп қырлылығы оның биологиялық және әлеуметтік бастауының бірлігімен анықталады.

    Этнос субъектісі түсінігі. Этнопедагогика дербес ғылым ретінде этникалық тәрбие және этнос субъектісі деген маңызды ұғымдарды қарастырады. Этнос субъектісін қалыптастыру мақсатты үрдіс болып қаралатындықтан, этникалық тәрбие контекстіндегі беріліп отырған ұғымдардың мәнін мүмкіндігінше толығынан айқындауға болады. Осы үрдістің мақсаттылығына назар аударылу тұтас екі процесстің қатысуымен топшыланады, олар: мақсатты қою іс-әрекеті және мақсатты жүзеге асыру іс-әрекеті. Бұндай жағдайда этникалық тәрбиенін мақсаты- этнос субъектісін қалыптастыру деп түсінімез. Сонымен этникалық тәрюбие контекстіндегі этнос субъектісі берілген үрдістің мақсаты және нәтижі болып табылады. Этнос субъектісі- бұл өзінің табиғатын және ата-баба тарихын жақсы таныған, ұлттық-мәдениетті белсенді қайта құрып, өз этносының әлеуметтік тәжірибесін ана тілін сақтаумен байыту арқылы жас жеткіншекке жеткізуші адам.

    Дәстүр, салттар, ғұрыптардың тәрбиелік ролі

    Дәстүр дегеніміз - әдет-ғұрыптың өмірдегі өсіп жетілген әр түрлі формасы.

    Дәстүр – қоғамдық сананың барлық салаларымен байланыста дамыған, топтасқан қауымның қалыптасқан бірыңғай көзқарасын, әдет-заңын марапаттайтын рәсім.

    Салт-дәстүрлер – ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге дамып келе жатқан тарихи және көне процесс. Ол ұрпақ тәрбиесінен, мәдени тұрмысы мен шаруашылық тіршілігінен көрініс бере отырып, адамның дүниеге келуімен бірге өрбіп, о дүниеге аттаныпкеткенше құндақтайтын, тербететін алтын бесігі іспеттес.

    Философия ғылымдарының докторы, профессор Н. Сәрсенбаев өзінің «Әдет-ғұрып, дәстүр және қоғамдық өмір» атты еңбегінде әдет ғұрып пен дәстүрдің қоғамдық өмірден алатын орнына, атқаратын қызметіне философиялық тұрғыдан талдау жасап: «Дәстүрге әдет-ғұрыптың өткен қоғамнан қалған озық түрлері мен тұрмыстық формалары, ырым-жоралары, рәсімдер жиынтығы кіреді», - дейді.

    Ал жол-жоралар ырымдар - әдет-ғұрыптың бөлшектері, сонан келіп салт пен дәстүр тоғысып, туындайды.

    Ерлі-зайыпты болып өмір сүру – табиғат заңы. Жастарды келешек жұбайлық өмірге тәрбиелеудің қоғамдық-әлеуметтік маңызы зор.

    Сондай-ақ, үйлену тойларында ерлі-зайыптыларға айтылатын ақыл сөздер мен аталы бата тілектерді бейне-таспаға жазып алып, жастар кейін жиі-жиі тыңдап отырса, оларға ой түсіретіні, сабақ болатыны даусыз. Қазақ «дауасы жоқ сөзден без» деп текке айтпаған. Аталы ақыл сөздің мән-мағынасын ұға, бағалай, қадірлей білетін жастар тәрбиелеу - әр ата-ананың парызы. Себебі ақ бата, адал ниет отбасы береке-бірлігінің ұйытқысы болып саналады.

    Той өткізер алдында ескерілетін жайлар: ең алдымен, асаба сайлау.

    Мектепке бару тойы. Мектепке бару тойы, әдетте, отбасында өткізіледі.

    Туған күнді салтанатты жағдайда отбасы мүшелері мен ең жақын достары, туыстары жиналып атап өтеді.

    16 жасқа толған қыздар мен бозбалаларға төлқұжат тапсыру қазір салтанатты жағдайда өткізіліп жүр.

    Кәмелетке толу мерекесі, әдетте жастардың орта мектепті бітіріп, аттестат алуымен тұтас келеді.

    Соңғы жылдары тұрмысымыздан берік орын алған, озық дәстүрлеіміздің қатарына қосылған мереке-қуаныштар – күміс той мен алтын той.

    Зейнеткерлерді құрметті демалысқа шығарып салу – соңғы кезде өмірге енген жақсы дәстүрлердің бірі.

    Қоныс тойы. Жаңа пәтерге көшу - әулеттегі ең қуанышты кезең.

    Негізгі әдебиеттер:1, 2, 3, 4, 6, 9, 10, 11.

    Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 14,

    2 БӨЛІМ. Халық педагогикасындағы тәрбиенің негізгі бағыттары

    Дәріс № 5. Отбасы тәрбиесі халықтық педагогиканың негізі ретінде.

    Отбасы – ең үлкен, мықты тәрбие ошағы. Үздіксіз тәрбиенің басты сатысы – отбасы тәрбиесі. Өйткені бала құрсақта пайда болғаннан бастап ата-ананың жылы жүрегінен, мейірімді жүзінен, аялы алақанынан, ыстық құшағынан балаға дүние есігі ашылып, оның дүниетанымы қалыптасады. Осы отбасында бала еңбек етуге, өмір сүруге үйреніп, мінезінің негізі қаланып, адами қасиеттері мен әдептілігі қалыптасады. Ол біртіндеп өмір тануға кіріседі, кең әлемді санамен және жүрекпен ұға бастайды. Демек, баланың келешекте қандай адам болуы өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі мен ондағы қарым-қатынасқа байланысты болмағы күмәнсіз.

    Осы орайда отбасындағы ата-ананың үлгі өнегесінің, тәлім-тәрбиесінің деңгейі, өмірлік мұрат-мақсаттарының мәні өте зор.

    Осы тұрғыда ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде: «Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі» және де отбасы проблемасын зерттеуші ғалымдар: «Қоғамның маңызды буынының бірі – отбасы» деген.

    Ал отбасы тәрбиесі туралы сөз етсек: «Отбасы тәрбиесі туысқандық қарым-қатынастар мен тұрмыс жайттары балаға үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күш» /Қазақша педагогикалық энциклопедиялық сөздік/

    «Отбасы тәрбиесі – нақты отбасы жағдайында ата-ананың басқа туысқандарының ықпалы арқылы берілетін тәрбие мен білім беру жүйесі» /Л.Д.Столяренко/

    Отбсаы тәрбиесі бала дүниеге келген алғашқы күнінен басталады. Бала – отбасының жеміс берер гүлі, алтын тіреу діңгегі. Сондықтан да отбасы тәрбиесінің көздеген мақсаты – баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету. Ал баланың үйлесімді дамуы дегеніміз – оның ақыл-ой, адамгершілік, рухани және дене дамуының бірлігі. Яғни, жан мен тәннің бірлігін тұлғаның үйлесімді дамуының негізі және адам бақыты деп толығымен айта аламыз.

    Баланың үйлесімді дамуын жүзеге асыру үшін отбасының мынадай маңызды міндеттерін ашып көрсетуге болады:

    • баланы жарқын сезімдерге, нұрлы мұраттарға тәрбиелеу;

    • баланың өсіп жетілуіне қалай да жағдай жасау;

    • балаға әлеуметтік-экономикалық, психологиялық қамқор жасау;

    • отбасындағы тәрбиелік тәжірибені сақтап, болашақ отбасылық өмірге даярлау, үлкендерді құрметтеуге, кішілерге қамқор болуға үйрету;

    • өзін-өзі тануға, өзін-өзі саналы бағалауға, өзіндік өмірлік бағытын қалыптастыруға жағдай жасау;

    Ғалымдардың пайымдауынша отбасы тәрбиесінің міндеттерін шешу үшін келесі принциптерді басшылыққа алып жұмыс істеген жөн:

    • тәрбиені мәденилік принципі жеке тұлғаны өсіріп, жетілдіретін әлеуметтік ортаны есепке алу. Бұл тәрбие мазмұнының өзегі жалпы адами, ұлттық және аймақтық мәдени құндылықтарды қамту қажет, ал балаға деген көзқарас оның құнды нәрсені өзінің мәдени даму қабілетіне қарай таңдай білудегі, өмірде өзінің орнын табудағы және өзін шығармашылықта көрсете білудегі түсініктері ескеріле отырып айқындалуы керек дегенді білдіреді. Сондықтан да тәрбие үрдісі қашанда жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделіп, өзінің ұлттық мәдени құндылықтарын есепке алып жүргізілуі тиіс.

    • тәрбиенің табиғилық принципі адам баласын табиғаттың бір бөлігі ретінде білдіреді. Яғни бала тәрбиесінің табиғатпен үйлесімділікте және оның таза экологиялық табиғи ортада дамуын болжайды. Табиғилық принципіне сәйкес тәрбие бала ағзасының даму заңдылықтарына сәйкес жүзега асады, дене дамуының ерекшеліктерін, баланың денсаулығын ескереді. Табиғилық принципі тәрбиеде балалардың жыныстық еркешеліктерін ескеруді талап етеді. Яғни қыз бала мен ер баланы тәрбиелеудегі ерекшеліктер. Мысалы: қазақ отбасында қызды – болашақ ана деп оған әрдайым ерекше көзқараспен қарап, зекіп ұрыспаған, ауыр жұмыс істетпеген, керісінше, әртүрлі істер түрлерін игеруне жол ашқан. Ал ұл баланы - болашақ әке, азамат деп ұл бала тәрбиесіне әке мен ата, ауылдағы ағайындар мен қарттар жауап берген.

    • балаларды отбасы өміріне араластыру, қарым-қатынастағы ашықтылық пен сенімділік;

    • талап қоюда бірізділік пен жүйелілікті сақтау;

    • балаға лайықты көмек көрсете білу, сұрақтарын жауапсыз қалдырмау және т.б.

    • бала ерте балалық шақтан этноәлеуметтік рольдерді орындауға бейімдеу;

    Осы жоғарыдағы айтылған принциптерді ұстана отырып, отбасы тәрбиесін тиімді әрі нәтижелі болуын қамтамасыз етуге болады.

    Қазақ халқының бала тәрбиелеудегі мұрасына көз жіберсек отбасына байланысты тұнып тұрған қаймағы бұзылмаған дәстүрдің бар екенін көреміз. Ұлттық салттар мен дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың заманға сай ұрпақтарымызды өркендетер өрнектерін халық жоғары бағалайды.

    Тәрбиенің тамыры отбасында бітеді де, бұталары да, гүлдері де, жемісі де содан өсіп өнеді. Мектептің педагогикалық даналығы да отбасындағы осы тәлім тазалығына негізделіп қалыптасады. Сондықтан да мектеп тәрбиесі отбасы тәрбиесімен ұштас деп айтуға болады.

    Отбасы жас ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауы. Ол жеке тұлғаны қалыптастыруға игі ықпалын тигізетін халықтық педагогиканың алуан түрлі формалары мен құралдарын ғана емес, сонымен бірге ұлттық рухани мәдениеттің, мінез-құлық пен әдептіліктің, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың т.б. мұралық қазынлардың, ой мен тілдің, ауыз әдебиеті үлгілерінің тәлім-тәрбиелік мәні бар озық түрлерін кеңінен пайдаланады.

    Осы жерде проф. Қожахметова К.Ж. –ның тәрбиедегі этноәлеуметтік рольдік бағытының маңыздылығын айтып өту өте орынды. Оның маңыздылығы ерте балалық шақтан бастап этноәлеуметтік рольдерді орындауға бейімделу және оны адам өмірінің барлық кезеңінде жалғастыру.

    Тәрбиеге этноәлеуметтік рольдік тұрғыдан келу қазақ этникалық тәрбиесінің, оның ішіндегі отбасы тәрбиесінің негізгі принциптерінің бірі болып табылады. Сондықтан да осы отбасы тәрбиесінде баланың жас және жыныс ерекшеліктеріне қарай этноәлеуметтік ролдерді меңгеру дәрежесі оның үйлесімді дамуының негізгі көрсеткіші болып табылады.

    Өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбек сүйгіш, абзал азамат болып өсуін армандаған халықтың бала тәрбиесіне байланысты: құрсақ ой, шілде күзет, балаға ат қою, шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу, атқа міңгізу, сүндетке отырғызу, тілашар тойлары, үйлену, үй болумен байланысты: құда түсу, есік-төр көрсету, ұрын келу, келін түсіру тойлары, қалың мал алу, жасау беру т.б. салт-дәстүрлер, түрлі кәде - ырымдар қазақ халқында ежелден сақталған. Бәрінің де өзіне жүктелген тәрбиелік мәні болады. Сондықтан да олар дәстүрге айналған.

    Жалпы тәрбие үрдісінде қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері арқылы бала бойында шынайы адамгершілікті , имандылықты, адамдар арасында парасатты мінез-құлық қасиеттерді отбасынан бастап тәрбиелеудің мүмкіншілігі көп.

    Осы жоғарыда айтылған салт-дәстүрлердің барлығы бесік жырынан басталатын түрлі өлең жырлар бала психикасына сәйкес жас ерекшеліктеріне лайықты айтылады. Өйткені біз тәрбиедегі табиғилық принципін ұстана отырып отбасындағы тәрбие процессін баланың жас және жыныс ерекшеліктерін ескере отырып жүргіземіз. Соған байланысты біз белгілі психолог Д.Б. Эльконин адамның жасына байланысты кезеңге бөлінуіне сүйене отырып салт-дәстүрлерді былайша топтастырамыз:

    Салт-дәстүрлердің баланың жас ерекшеліктеріне лайықты түрлерінің құрылымы:

    Нәресте /0-1жас/

    балаға ат қою

    шілдехана

    қырқынан шығару(қыз баланы 40 күннен кейін шығарса, ұл баланы 38 күннен кейін шығара беруге болады)

    бесікке салу

    бесік той

    Ерте балалық кезең /1-3/

    тұсау кесу

    Мектепке дейінгі шақ /4-7/

    атқа мінгізу тойы(ер бала)

    сырға салу (қыз бала)

    сүндет той

    тілашар

    Кіші мектеп жасы /8-12/

    шежіре үйрету

    Жасөспірім

    мүшел той

    Ерте жас кезеңі

    торқалы той

    құда түсу

    есік-төр көрсету

    келін түсіру

    ұрын келу

    ілу той

    жасау беру

    Осы келтіріліп отырылған салт-дәстүрлер отбасында болып жатқан әртүрлі қуаныш-думандармен тығыз байланысты туады. Осы барлық салт-дәстүрлердің мақсаты – орынды тілек, жақсы ырым, жақсылық нышаны саналып, болашақ өмірге белсенділікпен, жауапкершілікпен қарауларын көздеу. Барлық салт-дәстүрлердің негізі әрине – отбасы. Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар отбасындағы тәрбиенің негізгі құралы болып саналады. Расында нәрестенің «шыр» етіп дүниеге келген күнінен бастап, шілдехана тойын жасау, сәбиге азан шақырып ат қою, бесікке салу, тұсауын кесу – осының бәрі өміршең ұлттық тәрбие.

    Қазақ халқында тәрбие толық бір дәуірді қамтиды. Тәрбие баланың әр жасында өзіне тән ерекшелікте өтеді. Олай болатын болса отбасындағы баланың үйлесімді дамуын жүзеге асырушы – озық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың маңыздылығын ерекше.

    Негізгі әдебиеттер:1, 2, 3, 4, 6, 9, 10, 11.

    Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 14,

    Дәріс № 6. Ақыл-ой тәрбиесіне халықтық көзқарас.

    Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алады. Халық табиғат пен қоғам дамунының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Ақылды сатып ала алмайсың», «Ақыл – тозбас киім, білім – сарқылмас бұлақ» деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.

    Халық педагогикасында оқыту мен білім берудің принциптері қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып жатыр. Халық білім мен өмірдің тығыз байланысты болуын талап етті. Халық педагогикасы оқытудың көрнекі болуын ойдан шығарған жоқ. «Көзбен көрген, құлақпен естіген ақиқат емес, тек қана мұқият зерттелген ақиқат».

    Халық педагогикасында тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың анықтамаларының да ғылыми педагогиканың анықтамаларымен сәйкес келетіндігі байқалады. Халық педагогикасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп – шәкірттердің ойлау қабілеттерін, сана-сезімін, оқу және еңбек процесінде дамытуды айтады. Ғылыми педагогикалық анықтамасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп- оқушылардың ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой еңбек мәдениетін дарытудағы тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекетін түсіндіруді айтамыз.

    Ақыл-ой тәрбиесінсіз дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен орынды мінез-құлық, екбек нәтижесі, экономикалық білімдер, дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене күш-қуат ын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру мәселелерін шешу мүмкін емес.

    Қорыта айтқанда, ақыл-ой тәрбиесі – адам зиялылығының негізі. Ақыл-ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл-ой күштері.

    Балаларды білімге, ой-өрісті кеңейту икемділіктерімен дағдыларына тартудың халықтық құралдары

    Халық баланың тілін ширату үшін оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған. Балбөбектің тілі шығып балдырған жасында сөздік қоры молайа басталған кезде кейбір дыбыстарды айта алмай немесе қинала айтады. Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін, қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса, сөйлегенде мүдірмей, өз ойын толық жеткізетін болады. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім алады.

    Жаңылтпаштар тек жас балалардың тілін ширату үшін ғана қолданылмайды, сонымени қатар жаңылтпаш айтысып, тіл ұстартуды үлкендерде салтқа айналдырағн болатын.

    Санамақтарды халық, негізінен, жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауымен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтардың түрлері көп, оның үстіне жаңадан қосыла береді.

    Отбасында санамақтың әрбір түрін балаға жинатып, олармен бірге ойнай отырып, ойын дамыту – ата-ананың борышы. ересек балаларға неғұрлым күрделі санамақтарды айтқызып, ол санамақтардың шешімін мүмкіндігінше, өлең ұйқасымдарымен айтуды талап ету керек. Балалар бақшасында балдырғандарға санамақтардың сан алуан түрлерін үйретіп, оны айтқызу, санамақ шешімдерін дұрыс шешкендердің білімін бағалап, оларды мадақтай білу керек. Кейбір санамақтарды және олардың ұйқасты шешімдерін әнге қосып айтуға болады.

    Нақты бір зат туралы тұспалдап, ұқсатып, бейнелеп айту арқылы баланы ойлату, танымдық, білімдік ұғымдармен түсініктерді ой-қиял елегінен өткізіп, тұжырым жасап, шешімге келуде тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін байқау үшін, халық ертеден-ақ жұмбақтардың алуан түрлерін шығарған.

    Жұмбақтар, көбінесе үйлесімді ұйқасы әсемде, ырғақты өлеңмен құралады. Қара сөзбен жасалған жұмбақтар да бар. «Отқа жанбас, суға батпас» (мұз) айтыс түрінде құрылған, яғни жұмбақ айтыстарын екі ақын шығарып бірі өлеңмен жұмбақ айтса, екіншісі солжұмбақтың шешуін өлеңмен айтады. Авторы белгісіз ел аузында жатталып қалған жұмбақ айтыстарда кездеседі.

    Жұмбақтардың дүниетанымдық, ой-дамытарлық мәнімен қатар, тәрбиелік мәні де ерекше. Өйткені жұмбақ айтысу, жұмбақтарды жаттау кезінде тәрбеленуші өзінің білім дәрежесін байқап, көп білуге талпынады, ынта-жігері артады, жауапкершілікке бейімделіп өнерге талпынушылығы артады.

    Мақалдар – нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой-түйіндері, сөз мәйегі. Мақалдар көбінесе өлеңдік-өрнекпен, сабырлы, салмақты ырғақпен айтылады, қара сөзбен, яғни шешендікпен айтылатын мақалдар да бар. Мақал, негізінен, екі бөлімнен (екі тармақтан) құралады. Бірнеше бөлімде пайымдау (айтатын ойдың түп негізі), екінші бөлімде ой қортындысы айтылады («Еңбек етсең, емерсің» ), тура мағынада(«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»), ауыспалы мағынада («Оқ жақпаған үй -қорамен тең, адам кірмеген үй – моламен тең») қолданылатын мақалдарды көбінесе халық шағарған. Жыраулар мен ақындар, ел басылары мен батырлар, зиялы адамдар шығарған (авторы белгілі) мақалдар мен мәтелдерде өте көп.

    Мәтелдер, негізінен, тұжырым –тұспалы өлеңде сыңар тармақты, қара сөзде нұсқалы сөз ретінде айтылады. «Өлең- сөздің патшасы», «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда», т.б. мәтелдерде тура мағынада «Қадірін білгенге жұмса» деп және ауыспалы мағынада «тікен гүлін қорғайды» деп айтылады.

    Шешендік сөздер – ел құралып, халық қалыптаса бастағаннан бері халықтың өнеге тұтып, өмір тәжірбиесіне пайдаланып келе жатқан, билер мен хандардың, ақындар мен шешендердің ел ағасы болған данышпандардың жастайынан жалындап өскен өткір ойшылдарың аузынан шыққан дуалы, өнегелі, қисынды, қасиетті сөздер.

    Отбасында ата-ана бала тәрбиесіне үлгі етіп шешендік сөздермен мысал келтіріп, баланы әңгімеге тартып, ойын оятып отыруға міндетті, шешендік сөздерді таңдап отбасында оқуды әдетке айналдырып, әдеттен дағды, дағдыдан дәстүрді қалыптастыру ләзім.

    Қазақтың халық педагогикасында ақыл ой-тәрбиесі термелер, ертегілер мен аңыз-әңгімелер арқылы да іске асырылады.

    Жырдың үлгі өнеге, өсиет, насихат ретінде айтылатын түрі – терме деп аталынады. термеде жырау өмір тәжірибесінен алынған философиялық ой-шешімдерін айтады: адамгершілік қарым-қатынасты, өмірдің философиялық мәнін түсінуді адамгершілік пен әділетті, әсемдік пен әуезділікті уағыздайды. Терме жыраудың, жыршының өз әуенімен (сарынымен), мақалымен айтылады. Терме айтушы оның әуенін көбінесе домбыраға, гармонға қосып айтады.

    Термеші адамгершілік пен зұлымдылықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, жаман мінез бен жақсы мінезді салыстыра жырлап, тыңдаушыны адамгершілікке, достыққа, бірлікке, еңбекке, өнерпаздыққа тәрбиелейді.

    Алғашы қауымнан бастап, бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні зор. Қазақ ертегілері төрт мыңға жуық және сан алуан. Оларды: хайуанаттар туралы ертегілер, қияли-ғажайып ертегілері, тұрмыс-салтқа байланысты ертегілер, батырлық ертегілер, күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады.

    Халық өз ұрпағының ұлағатты, білгір, батыл, батыр, ойшыл, еңбекқор, өнерпаз болып өсуі үшін оған үлгі-өнеге етіп, аңыз-әңгімелерді бардан құрып, сары алтындай сақтап келеді.

    Аңыз-әңгімелер келер ұрпақтың наным-сенімін, арман-қиялын арттырады. Онда көбінесе өмірде болған нақты оқиғалар алынады да, оған қызық-ғажайып сюжеттер қосылып, тыңдаушыны баурап алатындай әңгіме жүйесі ерекше әсерлі құралады.

    Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 6, 8.16, 17, 19, 20, 21, 22, 26.

    Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 6, 8.

    Дәріс № 7. Еңбек тәрбиесі- халық педагогикасының өзегі.

    Дәстүрлі еңбек тәрбиесі.

    Қазақтың халық педагогикасында еңбек тәрбиесі ерекше орын алады. Тәй-тәй басып, әрекет жолына түсе бастаған бөбектен бастап еңбек тәрбиесі еңбексүйгіштікке (қарекет қылуға), еңбекті құрметтеуге (ата-ананың еңбегін құрметтеп, оны мақтан тұтып, оларға көмек көрсетуді борышым деп санауға), еңбекке дағдыландыруға (үйрету, жаттықтыру, дағдыға айналдыру) үйретеді.

    Еңбек тәрбиесі алғаш, негізінен, баланың еркін әрекетжасап, талпыну, талаптану, ойнау, ойын үстінде үйрену кезінде іске асырылады.Еңбек тәрбиесінің негізгі саласы- баланы кәсіпке үйрету болып табылады: бал бағу, егін салу, сәулет өнеріне үйрету, зергерлік, тоқымашылық, құсбегі болу алуантүрлі ұсталық әсіпке үйрету негіздері.

    Мал бағу - қазақ халқының негізгі бір ұлттық кәсібі болғандықтан, балаға ес біле еңбек етіп, мал бағуды үйретуді халық әрбір ересек адамның борышы деп есептейді.

    Отбасында халық педагогикасының еңбек тәрбиесіне лайықты нұсқалары үздіксіз пайдаланылады: үлкенді сыйлау, ас алдын үлкенге ұсыну - еңбек нәтижесінің ізгілік көрінісі олса, еңбек туралы мақал-мәтелдерді үзбей мысалға келтіріп, игілікті іске басшы болып отыру үлкендердің борышы.

    Қыз баланың үй ішіндегі еңбегі ұшан-теңіз. Әсіресе үй ішін жинай білу, төсек жию, жүк жинау, кілем ұстау, үй жиһаздармен үйді безендіре білудің ұлттық белгілері өте мол. Қыз баланың кесте тігу, ою өрнектеу, киім пішіп, тіге білуіне, кілем тоқуына, т.б. кәсіптік іс-әрекеттеріне ана басшылық жасап отырады.

    Отбасындағы еңбекке тәрбиелеу ісіндегі еңбек бөлінісін, көбінесе, әке басқарады. Ер баланың малшы, егінші, сәулетші болуы мен әулеттік кәсіпті үйренуі, негізінен, әкенің іскерлігі мен жауапкершілігіне байланысты.

    Отбасындағы еңбектәрбиесіне аңыз әңгімелердің ("Аяз би"), ертегілердің ("Ер Төстік"), ұлттық ойындардың ("Жанұя" қуыршақ ойыны), мақал-мәтелдердің ("Еңбек - бәрін жеңбек", "Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей") әсері молү Халық педагогикасының бұл салаларын от басында тиімді пайдалану ізденуге, ізгі іске жауапкершілікпен қарауға байланысты.

    Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 6, 8.16, 17, 19, 20, 21, 22, 26.

    Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 6, 8.

    Дәріс № 8. Халық педагогикасындағы адамгершілік тәрбиесі

    Адамгершілік - адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.

    Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.

    Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашырлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік - ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.

    Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.

    Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеу – басты міндет болып отыр.

    Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда.

    «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы- балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені-ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ..

    Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады.

    Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек.

    Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады.

    Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады.

    Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балабақшада, қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. Халқымыздың тәлім- тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді.

    Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған.

    Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу рухани-адамгершілік тәрбиесінің жемісі.

    Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік- адамның рухани арқауы.

    Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрініс болып табылады.

    Адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. Жасөспірімдерді адамгершілік тәрбиесі арқылы толыққанды жетілген азамат ретінде тәрбиелеу – қоғамымыздың басты мақсаты.

    Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 6, 8.16, 17, 19, 20, 21, 22, 26.

    Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 6, 8.

    Дәріс № 9. Эстетикалық тәрбие халық педагогикасының құрамдас бөлігі.

    Қазақтың зергерлік қолөнері

    Зергерлік өнер – ерте заманнан келе жатқан әрі халыққа көп тараған сәнді және қосалқы өнердің бір түрі. Алтын, күміс, асыл тас және сүйекті пайдаланып, сән-салтанат үшін әшекейлі жиһаз, қыз-келіншектердің сәндік бұйымдары мен қару-жарақ, сауыт-сайман, ер-тұрманды зерлеу өнері болған. Оған тас, сүйек, металл, бояу, былғары сияқты материалдар кең түрде пайдаланылады. Заттарға зергерлік бейне жасау, сондай-ақ бедерлеу, қалыпқа салып қысу, бір затқа бір затты оюластыру, кіріктіру, қақтау, күмістеу, термелеу, өру, бұрау, тоқымалау, әбзелдеу, т.б. әдістері жетерлік.

    Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, каптырма, шашбау, т.б.), ұсталары - батырлардың қару­жарактарын (айбалта, көксүңгі, алдаспан, дулыға, кісө, қорамсақ, садақ, шоқпар), шеберлері - үй іші мүліктөрін (көбөже, жүк аяқ, ағаш төсек, асадал, адалбақан, зерлі аяқ, т. б.), аңшылық жабдықтар (томаға, тұғыр, балдан, оқшантай), музыка аспаптарын (асатаяқ, қобыз, домбы­ра, сыбызғы, дауылпаз, сазсырнай, т.б.) әсем жасай білген. қазақтың зергерлік заттарында жан-жануарлар­ға байланысты мифтік ұғымдағы өрнек турлері (қошқар муйіз, туйе табан, таңдай), көкөріс өрнектер (жапырақ­ша, гул, сабақша), ұласымды өрнек тер (ырғақ, сағақтау , айқас, т.б.), геометриялық өрнектер кездеседі.

    Олардың ішіндегі ең көрнекті де қымбаттысы – сәукеле. Қазақ әйелдерінің көп тұтынатын бұйымы – білезік. Әйелдерге арналған әсем бұйымның бірі – жүзік. қазақ әйелдеріне арналған бұйымның тағы бір түрі – сырға. Қазақ әйелдерінің ең әсем бұйымдарының бірі – алқа. Мойынға тағатын әшекей заттың бірі – бойтұмар. Әйелдер мен еркектер үшін істеліп, көп тұтынатын заттың бірі – түйме (қаптырма). Оймақ көбінесе күміс пен мыстан өрнектеліп, ине тоқтар жері көп шұқырланып бейнеленген.

    Қазақ келіншектерінің ең әдемі, ең көп қолданған әшекей заты – түйреуіш.

    Қазақ ерлері мен әйелдері бірдей тұтынған асыл бұйымның бірі – белбеу. Шалдардың белбеуі – «кісе» деп аталады.

    Еркектердің тағы да бір асыл заты - насыбай шақша. Қазақтың ерекетері мен әйелдеріне ортақ бағалы бұйымның бірі - ер-тұрман. Ұлдар атқа мінер кезде, нағашы жұрты арнайы ер-тұрман істеп, сыйға тартатын болған. Оны ашамай ер деп атайды.

    Қазақтың музыкалық аспаптары

    Қазақтың музыкалық аспаптары халық арасына ертеден кең тараған . Олар - ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра. Қазақтың музыкалық аспаптарының өзіне тән үні (әуендігі мен саздылығы), орындаушылық дәстүрі бар.

    Батыс Қазақстан өңірінің күйлері орындаушылық стиліне қарай "төкпе күйлер" деп аталса, ал Орталық, Шығыс Қазақстан өңіріндегі күйлер "шертпе күйлер" деп аталады. Күй жанрында халықтың өткендегі өмірі, тұрмыс тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, дүниетанудағы көзқарасы, арман-тілегі, туған жерге деген махаббаты, т.б. толғанады. Музыкалық сауаты (нота жазу) болмағандықтан, қазақтың көптеген ән-күйлері жоғалып кеткен. Тек авторлары ұмыт болып, халық жадында сақталып, біздің дәуірімізге там-тұмдап жеткен халық күйлері "Бозінген", "Ақсақ құлан", "Аққу", "Бозайғыр", "Бел асар", "Аңшының зары", т.б.

    Қазақтың музыкалы аспаптары үрмелі (саз, қос, қамыс және мүйіз, сырнайлар, сыбызғы, адырна, ұран, керней), ішекті (жетіген, шертер, екі және үш ішіекті домбыралар, қобыз), шалып ойнайтын (шаңқобыз), соқпалы (даңғыра, дауылпаз, шыңдауыл, дабыл, асатаяқтың бірнеше түрлері) болып бірнеше түрге бөлінеді.

    Қазақтың музыкалы аспаптарының басты түрлері

    Шертер - екі немесе үш ішекті, саусақпен шертіп ойнайтын аспап.

    Қылқобыз - ысқышпен ойнайтын, қос ішекті ескі музыкалы аспап.

    Домбыра - қазақ халқының арасына өте кең тараған қос ішекті, шертіп ойнайтын аспап.

    Сыбызғы - үрлеп ойнайтын ескі музыкалы аспап. Бармақ басатын үш тесігі бар.

    Даңғара - ұрып ойнайтын музыкалы аспап.

    Асатаяқ - ұрып ойнайтын музыкалы аспаптың жетілдірілген түрі.

    Қамыс сырнай - қамыстан жасалған, үрлеп ойнайтын аспап.

    Ұран - үрлеп ойнайтын аспаптың ескі түрі.

    Саз сырнай - алты тесікті, үрлеп ойнайтын аспап.

    Көркемдікке, өнерге тәрбиелеу рәсімдері

    "Өнер өрге бастырады" деп халық көркем өнерді жоғары бағалайды да, "Ақын елдің еркесі", "Шебердің қолы ортақ", "Күйші - қиялды, биші - зиялы" деп, өнер адамдарын ардақтайды.

    Қазақ биінің тарихы ертеден басталады, "Жез киік", "Көк серке", "Келінше" билерінің ұлттық мәнерлері және халықтың сәндік өрнектері - ұлттық әсемдікті бейнелейді.

    Халық педагогикасының тәрбиелік қуатты құралы-жыр. Жырдың (өлең, тақпақ, айтыс, дастан, арнау, т.б.) түрлері халық тұрмысына сай шығарылған.

    Тұрмыс-салт жырларының тәрбиелік мәні

    Қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына, салт-санасына байланысты тұрмыс-салт жырларын шығарып, жер өрнектерін өмір өзегіне пайдаланып, сол арқылы жастарды ұлттық әдет-ғұрып, дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеп келеді.

    Тойбастар. Қазақ халқының мәдени өмірінде той тәрбие мектебі ретінде ертеден-ақ қалыптасқан, ұлттық мәдениеттің бір діңгегі болып табылады. Тойдың тағылымдық, тәрбиелік мәні зор. Тойбастар - тойлардыа (шілдехана, қыз ұзату, мүшелтой, мерей той, тілашар тойы, найрыз тойы, т.б.) айтылатын халық жырларындағы дәстүрлік өлең.

    Тойбастар тойы айтушының қабілетіне қарай жаттанды, өлең түрінде, жаңадан шығарылып айтылатын ақындық шығармашылық өнер ретінде де айтылады.

    Тойбастар өлеңіне әуен тауып, әуезді әуенмен айту да, құттықтаушының ақындақ дарыны мен өнерпаздық шеберлігіне байланысты.

    Жар-жар. Қазақхалқының үйлену әдет-ғұрпына байланысты айтылатын тұрмыс-салт жырларының бір түрі.

    Жар-жар өлеңі ескі өмірдің, қазақ қызының әлеуметтік трагедиясын (қайғысы мен мұңын) көрсетсе, қазіргі демократия үстем болған заманда жастардың шаттығын, қуанышын бейнелеп, эстетикалық тәрбиелік рөл атқарады.

    Беташар - қазақ халқының келін түсіру салтанаты кезінде, келінді құрметтеп, оған тәлім бере айтылатын дәстүрлі салт жыры.

    Жаңа түскен жас келіннің моральдық (өнегелік, адамгершілік) (заңы) кодексі іспетті болып табылатын бұл беташар жыры үш бөлімнен тұрады.

    Беташар жыры арқылы халық жас келінді келін боп түскен күннен бастап тәрбиелейді.

    Сыңсу - қазақ халқының қыз ұзату дәстүріндегі рәсімнің бір түрі.

    Неке қияр (неке қию) - қазақ халқының үйлену дәстүрінің міндетті рәсімі. Бұрын не қияр рәсімі діни (шариғат) жолыме жүргізілсе, қазір әрі дін долымен, әрі жаңа замандық құқықтық жолмен ұйымдастырылады.

    Молла бір Алланың атынан үйленушілердің ризашылығын сұрайды. Үйленуші жігіт: "Мен (өз атын атайды) өзім таңдаған (атын атайды) өзіме өмірлікке жар етуге ризамын, татулықты бұзбай, адал жар болып, өнегелі өмір сүруге бейілмін" деп, серт береді. Жар болуға келіскен қыз: "Мен (атын атайды) өзім ұнатқан (атын атайды) өзіме баспе етуге ризамын, әрқашан адал жарлық қызмет етуге бейілмін деп, некелік серт береді.

    Қазіргі жағдайда неке қияр, көбінесе, неке сарайларында, некеқияр бөлімдерінде ұйымдастырылады.

    Жыл қайыру мен күн айыру рәсімдері және дүниетаным

    Ата - бабамыз жыл қайыруды, кү айыруды ұрпақтарына үйретіп, әрбір жылдың, айдың, күннің ерекшеліктерінайқын біліп, айтып отырған. Жыл қайыруда мүшел жылын ерекше атап, мүмкіндігінше мүшел тойы әрбір он үшінші жылы (15-25-37...) аталып өтіледі, мүшел жасы қасиетті жас ретінде тойланып, ол жасқа дейін ерекше, елеулі өзгерістер болғаны айтылады.

    Жыл қайырудағы жыл реттері: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Халық хайуанаттарды "еті адал", "еті арам" деп, екі топқа бөледі. Жыл реттеріндегі 12 жыл атауында бірі арам, бірі адал - 6 жұп атаулары бар. Он екі жыл өткен соң, он үшінші мүшел жылы болып, алғашқы атау қайталанып отырады. Әрбір адамның "Мүшел жылы" - өзінің туған жылы (егер барыс жылында тусаңыз, барыс жылы қайталанған сайын) мүшел тойы аталады.

    Әрбір жылда 12 ай бар: Наурыз, Сәуір, Мамыр, Маусым, Шілде, Тамыз, Қыркүйек, Қазан, Қараша, Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан. Он екі ай төрт маусымға бөлінеді: көктем айлары: Наурыз, Сәуір, Мамыр; жаз айлары: Маусым, Шілде, Тамыз; күз айлары: Қыркүйек, Қазан, Қараша; қыс айлары: Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.

    Наурыз айы - көктем басы, жыл құстары келеді, күн мен түн теңеледі, мал төлдейді, егін салынады, наурыз тойы басталады.

    Наурыз тойын тойлау дәстүрі және тәрбие

    Наурыз - жаңа күн деген сөз. Яғни бұл күн - біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы.

    Ұлыстың ұлы күні түнгі сағат бірді соға бастағанда ел елжірей қуанып, есік ашып, дастархан жайып, бірін-бірі құшақтап, құттықтайды.

    Ұлыстың ұлы күні - жаңа күн болғандықтан, көп жаңалық, қуаныш, игілік осы күннен басталуға тиісті: жас баланың тұсау кесері, баланы атқа мінгізу, жас жұбайлардың шаңырақ көтеруі, жас диқанның қос бастауы, әрбір адамның жас тал отырғызуы, талапкердің игі іс бастауы, т.б. толып жатқан жатқан жаңалықтар осы жаңа күнде, яғни жыл басында көрінеді.

    Өнерпаздық дәстүрлері және тәрбие

    Қыз ұзату, үйлену тойларында айтылатын сыңсу, жар-жар, қоштасыу, т.б. өлеңдерді жастаржатқа біліп, жанынан қосып айтып дағдыланған.

    "Қыз сыны", "Жігіт сұлтан" сияқты сымбат пен өнер жарысында өнерпаздық дәстүрдің ұлттық мәйектері сараланып, мәнді өрнектер, өнер үшін баға беріледі.

    "Алтыбақан" ойыны кезінде жастар жиналып, өнер көрсету жарысын өткізеді, өнерпаздық жарыстан озып шыққандарды қастерлеп, сый-жоралғы беріп, әткеншекте тербетіп құрметтейді.

    Халқымыз өнерпаздық дәстүрін қыз балаларға іс үйрету, өнер үйрету, ер балаларды ерлік пен еңбекке, өнерге баулу әрекетімен жалғастырып, дара дарындарды дамытып отырды.

    Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 6, 8.16, 17, 19, 20, 21, 22, 26.

    Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 6, 8.

    Дәріс № 10. Дене тәрбиесіне халықтық көзқарас

    Дәстүрлі дене шынықтыру тәрбиесі.

    Тұрмыс-салтқа, тарихи-әлеуметтік жағдайға байланысты қазақ халқының дене тәрбиесіне лайықтаған дәстүрлері көп. Атқа отырғызу, күрес, ат жарыс, жаяу жарыс, көкпар, аударыспақ, найзаласу, жамбы ату сияқты шынықтыру дәстүрлерімен қатар, халық өз ұрпағын батырлық және ғашықтық жырлар арқылы ерлікке баулиды, адалдыққа тәрбиелейді.

    Атқа мінгізу рәсімі 3-5 жастағы баланың сүндет (гигиеналық қиым) тойымен ұштастырылып, зор парасатпен салтанатты түрде өткізілген. Үш жасар балаға аранйы ат үйретіліп (көбінесе тай), оған баланы отырғызу үшін арнайы ер-тұрмандарды даярланған (лайықты ер-тұрман кестелі қоржын-тепкішек, т.б.).

    Ат жарыстың бірнеше түрлері бар: тай жарыс, құнан жарыс, дөнен жарыс, ат жарыс, аламан жарыс. Ат жарыста ат айдаушы мен атбгінің атқаратын ісі жауапты. "Ат шаппайды, бап жабады" деп халық бапкердің еңбегін жоғары бағалаған. Атты сынаушы саяткердің атжарыста алатын орны үлкен. Кейбір саяткер аттың қанша шақырым талмай шабатынын дәл тауып айтады. Ат жарыста ат айдаушының да тәжірибесі мол болуға тиісті. Аттың өкпесін тепкілеп, оны қамшылай беру әбестік, әрі үлкен айып.

    Спорттық ойындардың да түрлері өте көп, солардың ішінде көкпар, аударыспақ, алтыбақан, тоғызқұмалақ, ақсерек - көксерек, қашпа доп, қақпа доп сияқты ойындарды атап өтуге болады.

    Көкпар - шынықтыру тәрбиесінің ұлттық мәйегінің бірі. Көкпардың мара көкпар, дода көкпар, т.б. түрлері бар. Мәреден сөреге дейін алдырмай барып, мәреге көкпарды қайтып алып келген жігіт жеңіске жетеді. Ал дода көкпарда кімнің аты күшті, өзі балуан әрі батыр болса, көкпарды додадан үзіп алып шығып, белгілеген мәресіне қарай алып қашады да, діттеген жеріне жеткізеді.

    Аударыспақ - ер азаматтың атқа шауып, күш сынасудағы артықшылығын (күштілігін, ептілігін) кқрсететінхалық ойыны.

    Найзаласу, жамбы ату- ер жігіттің күш қуатын арттырып, ептілігі мен мергендігін қалыптастырады.

    Қыз қуу - жігіттің жігерлігін, батылдығын, атбегілік еңбегі мен өнерін сынайтын дәстүрліік ойын.

    Тоғызқұмалақ - ойлау жүйесін дамытатын ұлттық ойын. Ойын үшін арнайы тақта жасалынады. Тақтада 18 ұя (кіші отау), 2 қазан (үлкен отау) бар. 162 құмалақ дайындалып, әрбір ойыншыға 81-ден бөлінеді, әр ұяға 9-дан келеді. Алғашқы ойынды кім бастайтыны жеребі бойынша шешіледі.

    Алтыбақан - қазақ халқының дене шынықтырып, көңіл көтеруі үшін шығарған ұлттық ойыны.

    Ақсүйек - бағдарлық сезімді дамыту үшін, денені шынықтыру үшін шығарылған ұлттық ойын. Айлы түнде ойнатылады.

    Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 6, 8.16, 17, 19, 20, 21, 22, 26.

    Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 6, 8.

    3. Бөлім Этнопедагогика бойынша тәрбие жұмысының әдіснамасы

    Дәріс № 11. Мектептегі этнопедагогикалық жұмыстардың мазмұны

    Этнопедагогикалық білімдерді мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінде қолдану қажеттігі.

    Этнопедагогикалық білім беру – болашақ мұғалімдердің адамды сүю дайындығының негізі.

    Қоғамның жаңаруы мен демократияландыру процесінде, республиканың тәуелсіздік алған жағдайларда біздің қоғамның тарихы, оның көптеген әлеуметтік институттар қызметтері, өз уақытында ұмытылған немесе тыйым салынған халықтың рухани өмірінің құбылыстары, өткеннің мәдени-тарихи мұраларының, оның ішінде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеудегі этникалық педагогиканың қайта өрлеуі – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

    Адамның азамат болып қалыптасуында халықтың әлеуметтік мәдениет пен рухани құндылықтары, оның әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері маңызды рөл атқарады. Сондықтан этнопедагогиканың оқытпауы мен қолданбауынсыз тұлғаны толыққанды тәрбиелеу мүмкін емес. Қазіргі кезде әдет-ғұрып пен этнопедагогиканың педагогика ғылымының әдіснамалық-теориялық жағдайларымен бірігуі, қоғамның алдына қойған тәрбиелік мақсаттардың шешілуі өзекті мәселе болып табылады.

    Жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибені, сан ғасырлық мәдени дәстүрлерді есепке ала отырып, білім беру мазмұнының жаңартылуы болашақ мұғалімдерді дайындау процесіне жаңа талаптарды ұсынады. Себебі, оқушыларды этнопедагогика элементтермен тәрбиелеуі, ең алдымен, мұғалімнің оның теориялық және практикалық дайындығының деңгейімен анықталады.

    Қазіргі кезеңнің жағдайларында толыққанды мұғалімнің этнопедагогикалық дайындығында жалпы этнопедагогика орталық орынды алады. Жалпы этнопедагогика жоғары білім беру маңызды оқыту пәні болып саналады. Жалпы этнопедагогика мазмұны бойынша этнопедагогикаға кіріспе ретінде қарастырылады, өйткені оның зертттейтін пәні жалпы негізде, «Этнопедагогика бойынша керекті мәліметтер» (халықтық педагогика, дәстүрлі педагогика, тәрбиелеудің дәстүрлі мәдениеті, халықтық педагогикалық мәдениет, педагогикалық ақыл, тәрбиелеудің дәстүрлі формалары, фольклорлық педагогика және т.б.) болады.

    Этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы болашақ мұғалімдердің ішкі әлемінің, оның рухани тәрбие жағының қалыптасуына бағытталады.

    Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне этнопедагогиканы еңгізу жағдайы

    Мектептегi тәрбие жұмысының бiр саласы – оқушылар ұйымдарында ұлттық тәлiм-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру барысында көптеген жұмыстар атқарылуда. Мектептегi бiлiм жүйесiнiң ұлттық моделiн жасауда Ә.Садуақасовтың “Дәстүр” бағдарламасының (Алматы,1992) педагогикалық маңызын да айтпай кетуге болмайды. Автордың негiзгi ойы қазақ этнопедагогикасы негiзiнде ұлттық мектептiң iргетасын қалау, оқу мен ұлттық тәрбиенi ұштастыра отырып “Ауыл академиясының” негiзiн қалау еді. Жазушы Зейнеп Ахметованың “Кәусар бұлақ” бағдарламасы (1992) халық педагогикасындағы қыз балалар тәрбиесiне арналған.

    1990 жылдары жазылған “Қазақтың салт-дәстүрлерi” (С.Қалиев, М.Ж.Смайылова, М.Оразаев), “Қазақ тәлiм-тәрбие тарихы” (Қ.Жарықбаев, С.Қалиев), “Әдеп әлiппесi” (Ә.Табылдиев) және басқа оқулықтар бiрiншiден, оқушыларға ұлттық тәрбие беруде ұстаз-тәлiмгерлер бiлiмдерiн жетiлдiру және дайындауға; екiншiден мектептегi тәрбие жұмыстарына ұлттық тәлiм-тәрбие құндылықтарын ендiру мен пайдалану iстерiне бағытталған.

    1992 жылы профессор Е.А.Дмитриенко мен Д.Шайменованың “Жұлдыз” атты бағдарламасы жасалды. Бағдарламаның басты мақсаты дағдарысқа ұшыраған Қазақстан пионер ұйымын сақтап қалу және ұйым жұмысын тәуелсiздiк алған Қазақстан мемлекетiнiң ерекшелiктерiне сай құру болды. Қазiргi таңда ұйым – республикалық “Жұлдыз” оқушылар мен балалар ұйымдары одағы деп аталады.

    1995 жылы “Болашақ” оқушылар ұйымының жобасы (C.Қалиев, С.Иманбаева) жасалып, көпшiлiктiң талқысына ұсынылды.

    Қазақстанда мемлекеттiк тiркеуден өткен саяси партиялардың жастар iсi жөнiндегi бөлiмдерiнiң жанынан балалар мен жасөспiрiмдер ұйымдарын құру мәселелерi қарастырылуда. Павлодар, Қарағанды облыстарында “Қазақстан скауттары” атты балалар мен жастардың ұйымдары жұмыс iстеуде.

    Оқушылар ұйымдарының мәртебесiн көтеруде, ондағы ұжым мүшелерiнiң танымдық-шығармашылық қабiлеттерiнiң дамуы мен игiлiктенуiне, балалардың техникалық, интеллектуалдық, өнер қасиеттерiнiң ашылуына мүмкiндiк туғызатын –“Атамекен” арнайы ғылыми-педагогикалық бағдарламасы

    Бағдарлама 1985 жылдан бері қарай алдымен ауыл мектептерінде, бертін келе республика мектептеріндегі оқушылар ұйымындағы тәрбие жұмыстарына енгізіліп келеді. Мектеп практикасына бағдарламаны ендіру – негізінен ұстаз-педагогтардың ақыл-кеңесі мен мектепішілік ұйым орда Кеңесі шешімдері арқылы жүзеге асырылады.

            Осы уақытқа дейін Бағдарламаның 41 Бағыты оқушылардың жас ерекшелiктерiне байланысты мынадай ретпен құрылған болатын:

    1.             Бiрiншi сынып оқушыларына арналған Бағыттар:

    1.1.            Салт-Дәстүр Бағыты

    1.2.            Ана тiлi Бағыты

    2.             Екiншi сынып оқушыларына арналған Бағыттар:

    2.1.            Көкпар Бағыты

    2.2.            Төрт түлiк Бағыты

    2.3.            Бейнелер сыры Бағыты

    3.             Үшiншi сынып оқушыларына арналған Бағыттар:

    3.1.            Қайырымдылық Бағыты

    3.2.            Сәби бағыты

    3.3.            Ас бағыты

    4.             Төртiншi сынып оқушыларына арналған Бағыттар:

    4.1.            Ата-ана Бағыты

    4.2.            Шаһар Бағыты

    4.3.            Зергер бағыты

    5.             Бесiншi сынып оқушыларына арналған Бағыттар:

    5.1.            Шежiре Бағыты

    5.2.            Алыстағы бауырлар Бағыты

    5.3.            Бабалар өсиетi Бағыты

    5.4.            Сөнбес жұлдыздар Бағыты

    6.             Алтыншы сынып оқушыларына арналған Бағыттар:

    6.1.            Заман-ай – Экология Бағыты

    6.2.            Дулыға Бағыты

    6.3.            Наурыз Бағыты

    6.4.            Жiбек жолы Бағыты

    7.             Жетiншi сынып оқушыларына арналған Бағыттар:

    7.1.            Қазақ Елi Бағыты

    7.2.            Жас қыран бағыты

    7.3.            Ою-өрнек Бағыты

    7.4.            Құсбегi Бағыты

    8.             Сегiзiншi сынып оқушыларына арналған Бағыттар:

    8.1.            Достық Бағыты

    8.2.            Домбыра-дастан Бағыты

    8.3.            Тұран күнтiзбегi Бағыты

    8.4.            Толғау Бағыты

    9.             Тоғызыншы сынып оқушыларына арналған Бағыттар:

    9.1.            Жақсылық пен жамандық Бағыты

    9.2.            Шариғат-Құран Бағыты

    9.3.            Ардагер Бағыты

    9.4.            Қыз бен жiгiт Бағыты

    10.         Оныншы сынып оқушыларына арналған Бағыттар:

    10.1.        Тәңiр-нама Бағыты

    10.2.        Атамекен қоғамы һәм медресесi Бағыты

    10.3.        Асыл мұра Бағыты

    10.4.        Қасиет Бағыты

    11.         Он бiрiншi сынып оқушыларына арналған Бағыттар:

    11.1.        Әлем дiндерi тарихнамасы Бағыты

    11.2.        Неопедагогика һәм неопсихология Бағыты

    11.3.        Сауда-Экономика Бағыты

    11.4.        Ғұмыр мен ғалам Бағыты

    11.5.        Зерде Бағыты

    Енді Бағдарлама бағыттарын интеграциялау негізінде оның моделі мынадай жүйе бойынша сипатталды:

    1.   Мәдениеттану Бағыты (Салт-Дәстүр, Шежіре Бағыттары)

    2.    Өркениет тарихнамасы Бағыты (Жібек жолы, Ардагер Бағыттары)

    3.    Сөнбес жұлдыздар Бағыты

    4.    Руханият Бағыты (Асыл мұра, Бейнелер сыры Бағыттары)

    5.    Ұлттық өнер Бағыты (Домбыра-дастан, Зергер Бағыттары)

    6.    Наурыз Бағыты

    7.    Атакәсіп Бағыты (Төрт түлік, Құсбегі Бағыттары)

    8.    Ұлттық ойындар (Көкпар, Жас қыран Бағыттары)

    9.    Бабалар өсиеті Бағыты (Зерде Бағыты)

    10.  Этноэтика Бағыты (Ас, Қыз бен жігіт Бағыттары)

    11.  Жер-Ана Бағыты (Заман-ай, Экология Бағыттары)

    12.  Этностар әлемі Бағыты (Достық, Алыстағы бауырлар Бағыттары)

    13.  Ата-ана Бағыты (Тұран-Түркістан Бағыты)

    14.  Қайырымдылық Бағыты (Сәби Бағыты)

    15.  Этноэкономика Бағыты (Сауда Бағыты)

    16. Этноастрология Бағыты (Тұран күнтізбегі, Қасиет Бағыттары)

    17.  Ұлттық дүниетаным Бағыты (Жақсылық пен жамандық, Ғұмыр мен ғалам Бағыттары)

    18.  Дін тарихы Бағыты (Шариғат-Құран, Тәңір-нама, Әлем діндері Бағыттары)

    19.  Қазақ елі Бағыты (Атамекен қоғамы және медресесі Бағыты)

    20.  ХХІ ғасыр Бағыты

    Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 6, 8.16, 17, 19, 20, 21, 22, 26.

    Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 6, 8.

  • Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]